Ядролық қауіпсіздік

     Кіріспе

     Зерттеудің  өзектілігі. Ядролық    мәселесі – барлық     қазіргі    заманның    ең   күрделі       мәселелерінің бірі болып табылады.   Оның  бәрін    ойластыру    біздің       ұрпаққа   жүктеліп  отыр. Ядролық державалар клубының бақылаусыз кеңею қатері – ХХІ ғасырдағы аса көкейкесті проблемалардың бірі. Егер халықаралық қоғамдастық ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып келуі әбден мүмкін.

     Менің көзқарасымша, таратпау саласындағы  бүгінгі ахуал көңілдегіден көп төмен жатыр. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім (ЯҚТК) өзіне артқан сенімді ақтай алмай отыр. Өйткені, ол асимметриялы болып табылады және ядролық қаруы жоқ елдерге қатысты санкцияларды ғана қарастырады. Ол МАГАТЭ мен БҰҰ-ның мемлекеттердің ядролық нысандарға халықаралық инспекторлардың жіберілуінен ауытқу фактілеріне нақты да түсінікті ықпал ету тетіктеріне ие емес. Ақыр аяғында ЯҚТК өзінің қатысушыларына қол қоюшылар қатарынан ешқандай салдарсыз шығып кетуіне мүмкіндік береді. Осы жағдайлардың барлығы келісімнің тиімділігі мен нақтылығын әлсіретіп отыр.

     Сондықтан, ЯҚТК-нің әмбебап режімін нығайтуға  және бекемдеуге ықпал ете отырып, Қазақстан сонымен бір мезгілде ядролық қаруды таратпаудың жалпыға ортақ горизонтальды және вертикальды жаңа да әмбебап келісімін жасау идеясын алға тартты. Аталған құжат “қосарланған стандарттарды” қолданбауға кепілдік беруі тиіс. Сонымен қатар, тараптардың нақты міндеттемелерін және оның ережелерін бұзғандарға санкция қолдану тетіктерін қарастыруы қажет.

     Сонымен бірге, біз таратпау режімін бекемдеу жолында маңызды кезең бола алатын әскери мақсаттағы тұтандырушы материалдарға тыйым салу жөніндегі келісімді тезірек қабылдау қажеттігіне сенімдіміз.

     Әлемде  бүгінде тұтандырушы материалдар  екі мың тонна төңірегінде артық жинақталғанын қаперге сала кеткеннің артықтығы жоқ. Олар әскер жүйесінде пайдаланылып отырған жоқ, бірақ ядролық жарылғыш құрылғылар дайындауға әбден жарайды.

     Алдын ала кесіп-пішілмеген факторларды сараптау Қазақстанның Ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық оқу орталығын құруға ықтимал ұтымды кандидат бола алатынын айғақтайды. Ықтимал орталық аясында барлық қажетті далалық жаттығулар мен теориялық семинарлар өткізуге болар еді. Аталған орталық Орталық Азияның сарапшылық және ішкі мемлекеттік бақылау, ядролық материалдарды физикалық есепке алу мен қорғау жүйесін жетілдіру саласындағы әлеуетін күшейте түсер еді.

       Ядролық қару – жалпы адамзаттың соры десек, ядролық полигондар –20 ғасырдағы ең ауыр қасіреті болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бүкіл бір аймақтың қоршаған ортасы мен табиғи генофонына, адамдардың геніне әсер етіп, қалыпты мөлшерден әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды радионуклидтер тірі клеткаларға генетикалық өзгерістер туғызды. Бұған дейін жеті атасына шейін қыз алыспай, қан тазалығын сақтап келген елдің топырағында түрінен адам қорқатын құбыжық нәрестелер дүниеге келе бастады. Әлемнің көптеген аймақтарында ересектер ауруы мен балалар өлімінің саны көбейіп, жалпы өмір сүру жасының ұзақтығы қысқарды. Сол кездегі белгілі оқымыстылар мен саясатшылардың, қоғам қайраткерлері мен ғалымдардың пікірлері бойынша экологиялық жағдай күрделі нүктесіне, ең жоғарғы деңгейіне жеткен.    

     2001 жылы 29 тамызда «21ғасыр ядролық  қарудан тазарған дүниені қалайды»  атты халықаралық конференцияда  1992 жылы Қазақстан тәуелсіз мемлекет  ретінде жер бетіндегі стратегиялық  қару-жарақ шартына – Лиссабон  хаттамасына қол қойып, ядролық  қаруды таратпау жөніндегі өз  міндеттемесін қуаттады. 1993 жылы  біздің еліміз ТМД мемлекеттерінің  арасында бірінші болып ядролық  қаруды таратпау жөніндегі келісім-шартқа  қол қойып, ал 1994 жылдың желтоқсанында  әлемнің ядролық державалары  Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік  беретін Меморандумға қол қойды.  Сөйтіп, 1994 жылы еліміз аумағынан  бүкіл ядролық қаруды әкету  аяқталса, келесі жылы бұрынғы  Семей ядролық полигонында соңғы  ядролық заряд жойылды. 1996 жылы  Қазақстан ядролық сынақтарға  толық тыйым салу жөніндегі  Шартқа қол қойды. Ал 1997 жылы  БҰҰ – ның Бас Ассамблеясы  Қазақстанның ядролық сынақтардан  зардап шеккен өңірлеріне көмек  көрсету жөнінде қарар қабылдап, 2000 жылы Семей полигонында ядролық  сынақтар жүргізетін ең соңғы  штольня жойылды. 

     Материаны фундаментальды  зерттеу барысында  ядролық қару    дүниеге   келді.   Оны  ең  алғаш  рет 1939 жылы  атом    ядросын   Курчатов    Игорь   Васильевич   ашқан  болатын. 

     Әлем   ХХ  ғасырдың   екі  ғаламат    оқиғасының – ядролық    қаруды   игеру    мен  космостық   кеңістікке     шығу    секілді    тарихи     оқиғалардың  куәсі.   Ол  ұлы    державалар     үшін    қуаныш    болса,   халқы    үшін   қасірет    еді. Кейінгі     жарты   ғасыр    бойы    әлем  өміріне     қауіп     төндіріп     келе    жатқан    ядролық     қарудың      көзін    құрту    барлық      халықтардың    арманы    болып  отыр.   Жойқын     қаруды   1945   жылы      бірінші     болып     сынаған    да,   сонан   соң    жауына     қарсы     жұмсаған    да    АҚШ   еді.   Бірақ  атом    бомбасына      АҚШ-тың    монополиясы   көпке     созылмады.          КСРО-ның    да    қол    жетіп,     екі    мемлекет    арасында   жанталаса     қарулану      жолында   егес-бәсеке   басталып      жүре   берді.  Осы   мақсатта     атқарылмаған    іс    қалмады.   Ең   алдымен,  сынақ   полигонын    дамытуға     мән    берілді. 

              Ядролық  қару    қайтадан    адамдарды    қырып-жойып,     табиғатты  талқандаудың     құралына    қандай    жағдайда   да  айналмауға   тиіс. Ядролық   қару   сынағын    тоқтау  – бұл  ядролық    қаруға    ие   мемлекеттердің   ең  асқақ  ізгілікті  миссиясы.

     Зерттеудің  объектісі: ядролық    мәселесі – барлық     қазіргі    заманның    ең   күрделі       мәселелерінің бірі болып табылады.

     Зерттеудің  мақсаты: қазіргі өркениеттегі, әлемдік проблеммалардың бірі ядро мәселесін қарастыру және оның шешу жолдары.

     Зерттеудің  міндеттері:

  • Халықаралық қатынастар мәселесіндегі ядролық қауіпсіздік мәселесін карастыру;
  • Ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық келісімдерін талқылау;
  • Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі ұйымдардың рөлін қарастыру;
  • Қазіргі өркениеттегі ядролық қаруға ие мемлекеттердің саясаттын анықтау;
  • АҚШ-тың, Францияның, Ұлыбританияның ядролық саясатын қарастыру;
  • Үндістан, Пәкістан, РФ-ның ядролық саясаты;
  • Қазақстанның ядролық саясатындағы алатын орнын анықтау;
  • Қазіргі өркениеттегі ядролық мәселесін қарастыру;
  • Иранның, Солтүстік Кореяның ядролық бағдарламасын анықтап көрсету;
  • Ядролық мәселені шешудегі тиімді жолдарын анықтау.

     Зерттелу  деңгейі: жұмысты зерттеу барысында келесідей материалдар қолданылды. Олардың ішінде А. Жұмахановтың «Қазіргі ядролық жағдай» еңбегінде қазіргі өркениеттегі ядролық мәселе туралы мағлұматтар көп көлемде және толығымен қарастырылады. Дж. Кененның  «Ядролық қаруды таратпау» еңбегінің көмегімен курстық жұмысты толығымен аштым.

     Зерттеудің  әдістемелік негізі: әдістемелік негізіндеН.Ә. Назарбаевті   Ядролық  сынақтарға жан-жақты  түгел  қамтитын  тиым  салу  туралы шарт атты статиясы еске алынды бұл статяда жаңжақты ядролық мәселені қарастырып халықаралық жағдайдадеңгейін көрсеткен. Н.Ә. НазарбаевХХІ  ғасыр – ядролық  қатерден   құтылатын   ғасыр атты еңбегі қолданылды. Бұл еңбекте  ХХІ ғасырдағы ядролық мәселе қамтылған.  А. Қайырбек Ядролық от – жалынның   өтінде: Атом   полигонына   шолу атты еңбегіде кеңнен қамтылды.Қ. Тоқаев   Семей   кешегі   күннің   жарасы,  Семей – ертеңге  жүктелген  аманат атты еңбегіндебіздің ұлы дипломатымыз ядролық мәселенің зияны зардабы туралы қамтыған.  Рахматуллин  Ұ.  Ядролық сынақ – ұрпақ  қасіреті атты статиясында болашақтағы ұрпаққа зияндығы туралы мәлімдеген.

     Жұмыстың  құрылымы.үш тараудан, кіріспеден, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.    
 
 
 

     
  1. Халықаралық қатынастар мәселесіндегі  ядролық сұрақ
    1. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық келісімдер

     Ядролық державалар клубының бақылаусыз кеңею  қатері – ХХІ ғасырдағы аса  көкейкесті проблемалардың бірі. Егер халықаралық қоғамдастық ядролық қаруға ие мемлекеттер ауқымының кеңеюіне қарсы саяси күш-жігер таныта алмайтын болса, оның салдарлары үлкен ауыртпалықтарға алып келуі әбден мүмкін.

     Таратпау  саласындағы бүгінгі ахуал көңілдегіден көп төмен жатыр. Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім (ЯҚТК) өзіне артқан сенімді ақтай алмай отыр. Өйткені, ол асимметриялы болып табылады және ядролық қаруы жоқ елдерге қатысты санкцияларды ғана қарастырады. Ол МАГАТЭ мен БҰҰ-ның мемлекеттердің ядролық нысандарға халықаралық инспекторлардың жіберілуінен ауытқу фактілеріне нақты да түсінікті ықпал ету тетіктеріне ие емес. Ақыр аяғында ЯҚТК өзінің қатысушыларына қол қоюшылар қатарынан ешқандай салдарсыз шығып кетуіне мүмкіндік береді. Осы жағдайлардың барлығы келісімнің тиімділігі мен нақтылығын әлсіретіп отыр.

     Сондықтан, ЯҚТК-нің әмбебап режімін нығайтуға  және бекемдеуге ықпал ете отырып, Қазақстан сонымен бір мезгілде ядролық қаруды таратпаудың жалпыға ортақ горизонтальды және вертикальды жаңа да әмбебап келісімін жасау идеясын алға тартты. Аталған құжат “қосарланған стандарттарды” қолданбауға кепілдік беруі тиіс. Сонымен қатар, тараптардың нақты міндеттемелерін және оның ережелерін бұзғандарға санкция қолдану тетіктерін қарастыруы қажет.

     Сонымен бірге, біз таратпау режімін бекемдеу жолында маңызды кезең бола алатын әскери мақсаттағы тұтандырушы материалдарға тыйым салу жөніндегі келісімді тезірек қабылдау қажеттігіне сенімдіміз.

     Әлемде  бүгінде тұтандырушы материалдар  екі мың тонна төңірегінде артық жинақталғанын қаперге сала кеткеннің артықтығы жоқ. Олар әскер жүйесінде пайдаланылып отырған жоқ, бірақ ядролық жарылғыш құрылғылар дайындауға әбден жарайды. Лаңкестер өздерінің қолдарына тіпті қарабайыр ядролық арсенал тиген жағдайда салмақты мемлекетаралық жанжалдарға арандатуды жүзеге асыра алатынын сезіне алып отырмыз ба?

     Алдын ала кесіп-пішілмеген факторларды сараптау Қазақстанның Ядролық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық оқу орталығын құруға ықтимал ұтымды кандидат бола алатынын айғақтайды. Ықтимал орталық аясында барлық қажетті далалық жаттығулар мен теориялық семинарлар өткізуге болар еді. Аталған орталық Орталық Азияның сарапшылық және ішкі мемлекеттік бақылау, ядролық материалдарды физикалық есепке алу мен қорғау жүйесін жетілдіру саласындағы әлеуетін күшейте түсер еді.[1, 32б.]

     Ядролық сынақтардың барлық қасіретін мойнымен көтерген Қазақстан халқы үшін оларға толық тыйым салу мәселесі аса  көкейкесті болып табылады. Өйткені, Семей полигонында 40 жылда 450 сынақ жасалса, одан 1,5 миллион адам зардап шекті. Сондықтан мен 1991 жылдың 29 тамызында еш қобалжымастан Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлық шығардым. Арада уақыт өте келе дәл осы күннің Қазақстан бастамасымен Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні болып жариялануында терең нышандық мән бар.

     Қазақстан бейбітшілік сүйгіш сырты саяси  бағыт ұстана отырып, МАГАТЭ-мен, Ядролық  материалдармен қамтамасыз ету тобымен, Краков бастамасымен, Цангер комитетімен және Ядролық терроризм актілерімен күрес жөніндегі жаһандық бастамашылармен табысты ынтымақтасып келеді. Қазақстан ядролық материалдардың ықтимал сыртқа шығуын толық болдырмау мақсатында ОМУ-ды таратпау жөніндегі ұлттық комиссия құрды. Оның құзыретіне ядролық циклге қатысты барлық мәселелер кіреді.

     Қазақстан Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым  салу (ЯСЖТС) туралы дайындық комиссиясымен  жергілікті жерлерде халықаралық мониторинг және әдіс-тәсілдер жүйесін инспекциялауды дамыту мәселелері бойынша өзара іс-қимылға үлкен маңыз береді. Осы ынтымақтастық шеңберінде 2008 жылы Семей өңірі аумағында интеграцияланған далалық эксперимент өткізілді.

     Біз кейбір айтарлықтай ықпалды елдердің күні бүгінге дейін ЯСЖТС-ға қол қоюдан және ратификациялаудан қашқақтап отырғанына өкініштіміз. Мұндай жағдай ресми ядролық мемлекеттерге ядролық қаруды сынақтан өткізуді жалғастыруға, ал соның табалдырығында тұрған елдерге өздерінің зымырандық-ядролық бағдарламалары бойынша жұмыстарды ешбір жазасыз жүргізуге мүмкіндік беріп отыр.[2, 56б.]

     Осындай жағдайда ресми ядролық мемлекеттерге ерекше жауапкершілік жүктеледі. Олар қарапайым шындықты түсінулері тиіс, әрі ядролық қаруды модернизациялау, әрі сонымен бір мезгілде, дамушы мемлекеттерді жаппай қырып-жоятын қару жасау бағдарламасынан бас тартуға сендіру қиын. Осы тұрғыдан алғанда, әлемдік державалардың ядролық сынақтар өткізуге өз еріктерімен мораторий жариялауды сақтаулары – өте маңызды фактор, бірақ оның ұзақ мерзімді перспективада жеткіліксіз екені анық.

     Әлемнің қырықтан аса мемлекет басшысы мен  кемеңгер саясаткерлері бас қосқан келелі жиында алғашқылардың бірі болып  сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев  Қазақстанның ядролық қарудан қаншалықты зардап шеккендігін, ендігі жерде сол  зардапты ешкімнің шекпеуін қалайтындығын  айтты. Қазақстан жер бетіндегі  қауіпсіздік пен бейбітшіліктің жақтаушысы екендігін жеткізді. Және оның сақталуы мен жүзеге асуы үшін мынадай белгілердің қабылдануы керектігін ортаға салды, ұсыныс тастады. Ол біріншіден, Қазақстан өз аумағында  ядролық отынның халықаралық  банкін орналастыруға дайын. Екіншіден, тұрақсыздықтың негізгі ошағы болып  отырған Таяу Шығысты ядролық  қарусыз аймаққа айналдырып, оны  ретке келтіретін халықаралық келісімнің құқықтық негізін нығайту. Үшіншіден, аса жойқын қуат көздерін әскери мақсатта, қару-жарақ жасауға пайдалануды  біржолата тыю қажет десе, төртіншіден, ядролық сынақ атаулыны біржола  доғару, ең бастысы, тоқсан ауыз сөздің тоқ етері – жер бетіндегі  сынақтарға және жаппай қырып-жоятын қуаты бар қару-жарақтар шығаруға біржола тыйым салынуы керек деп кесіп айтты. Сонымен қатар, Назарбаев «Жалпыға ортақ ядролық қарусыз әлем декларациясын» қабылдауды ұсынды. Мұндай байсалды байлам мен байыпты пікірді саммитке қатысушылардың бәрі дерлік қызу қолдады. Сол күні-ақ, Қазақстан Президентінің бастамасын қолдаған, оған оң баға берген әлем саясаткерлерінің пікірі ғаламтор арқылы дүниенің төрт бұрышына тарап кетті.  
Бұған қоса сапар барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа «Шығыс-Батыс» институты тағайындаған Бейбітшілік және алдын алу дипломатиясы сыйлығы тапсырылды. Аталмыш сыйлық АҚШ-тың ең беделді наградаларының бірі. Осы уақытқа дейін ол мемлекеттік басқару, қауіпсіз әлем құру саласындағы ерекше жетістіктері үшін АҚШ-тың бұрынғы Президенті Дж. Буш (үлкені), Чехия Президенті В. Гавел, Германия канцлері Г. Кольға берілсе, Қазақстан Президентіне Орталық Азияда тұрақтылық орнатуда аса маңызды рөлге ие болуы және жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісіне айрықша үлес қосқандығы үшін көрсетілген құрмет болса, Қазақстанның әлемді қырып-жоятын қарудан бас тартуға шақыруы оның бейбітсүйгіштігінің дәлелі ретінде дүниежүзін тағы бір мәрте тәнті етті.

     Әлем   ғасырдың   екі  ғаламат    оқиғасының – ядролық    қаруды   игеру    мен  космостық   кеңістікке     шығу    секілді    тарихи     оқиғалардың  куәсі.   Ол  ұлы    державалар     үшін    қуаныш    болса,   халқы    үшін   қасірет    еді.

     Кейінгі     жарты   ғасыр    бойы    әлем  өміріне     қауіп     төндіріп     келе    жатқан    ядролық     қарудың      көзін    құрту    барлық      халықтардың    арманы    болып  отыр.   Жойқын     қаруды   1945   жылы      бірінші     болып     сынаған    да,   сонан   соң    жауына     қарсы     жұмсаған    да    АҚШ   еді.   Бірақ  атом    бомбасына      АҚШ-тың    монополиясы   көпке     созылмады.          КСРО-ның    да    қол    жетіп,     екі    мемлекет    арасында   жанталаса     қарулану      жолында   егес-бәсеке   басталып      жүре   берді.  Осы   мақсатта     атқарылмаған    іс    қалмады.   Ең   алдымен,  сынақ   полигонын    дамытуға     мән    берілді.  Оған    қоса,   осы   саладағы    жұмыстар      тек   құпия    түрде     жүргізілді.  Бұрынғы     Кеңес     Одағының    ядролық     жиынтығына  700 000     тұрғыны    бар   10   жабық    ядролық     қала    қараған    екен.  Ол  салада    1  млн.   астам    жұмысшылар      қызмет    атқарған.  

     Деректерге   сүйенсек,   әлемде    2044    ядролық      жарылыс    өткізіліпті,   оның    513-і   атмосферада.   Соның     52,7  проценті  АҚШ-та,   35  проценті    бұрынғы    КСРО-да,  8,8   проценті     Францияда,  2 проценті   Ұлыбританияда    және   1,6   проценті     Қытайдың   Қазақстанмен    шектес     Лобнор    полигонында    болған. 1975    жылы    жердің    астында    ядролық  қаруға  сынау     жасалып, 1960жылдан    бастап    уран    алу    жұмыстары    жүргізілген.    Жарылыстан      кейін  жердің     бетінде    ойдым-ойдымдар      пайда   болған.

     Ядролық    қаруды     сынау    зардаптарын  анықтау    мақсатымен      кезінде     құрылған      ғылыми   экспедиция      1957    жылы-ақ     Семей      облысының    Абай    ауданы     тұрғындары   мен малдарында     радиацияның       үлкен    сәуле        ауруы      патологиясы   барын      анықтаған    еді.  Радиациялық сәуленің     жалпы      дозасы      400     рентгеннен      кем     емес    болды.  Мысалы,    Семейдегі    ядролық      сынақтар     салдарынан       соңғы     жылдары әр  жүз    адамға     шаққанда   жүйке-психикалық      ауруға    шалдыққан      адамдардың     саны   960-1624-ке,  ақыл-ойы кем адамдар   3105-тен 4612-ге,    невроз     және  жүйке   тамыр     дерті   бар адамдар    3692-ге   көбейген.   Ал  сары    ауру,  іш  ауру     сияқты     дерттер     халықты    әбден    меңдеген.   Бұрын    өкпе    ауруын       тұқым    қуатын    ауру     деп    келсек,   енді    қазақтар   дауасыз    рак,   лейкоз,    паралич,   анемия,   жазылмайтын    тері   ауруларынң  алуан    түрлеріне     душар    болып    отыр.   Ұрпаққа    жалғасатын      мұндай   дертке    дәрі    де,   дәрігер    де   дәрменсіз.   Өйткені      олардың    бұрын-соңды     адамзат     баласында    кездеспеген   ауру-сырқаулардың    «жаңа»     түрлеріне   тап   болып   отырғандықтан     жасырын емес.  Қазір республиканың     қай   тұсында     болса да,   түрлі    аурулар    жұқпалы аурулармен    ауыратын     адамдар     мың   адамға    шаққанда     қазір   7,7    адамнан     келеді.    Бұл көрсеткіш    2000  жылға   қарай өсіп,    10,6 - 11,0  адамға     жетеді.   Жыл сайын    20 мыңға     жуық    сәби    шала  туып,    5  мың    сәби    іштей     мүгедек     болып     жарық     дүниеге    келіп   жатыр.   Міне,   осының    бәрі     жеріміздегі      алапат   ядролық     жаралыстар      әсері     деп    білеміз[3, с.59].

     Таяуда  әлемдік саясат алаңында халықаралық  мәнісі аса маңызды және ғаламдық өркениеттің дамуына тигізер  әсері айтарлықтай ерекше бір  оқиға орын алды. АҚШ-тың бас қаласы Вашингтонда болып өткен Ядролық  қауіпсіздік жөніндегі жаһандық саммит дүйім жұртшылықты дүр  сілкіндірді. 47 елдің басшыларының бастары түйіскен осынау ауқымды  жиын бүкіл адамзат атаулыны алаңдатып  отырған ядролық қару-жарақтарды таратпау, оларды түбегейлі жою мәселесін  жан-жақты талқылады, сөйтіп бұл  бағытта бірлесе күш біріктіре  отырып ядролық қарусыз әлем құруға нақты қадам жасады.

     Осыдан 65 жыл бұрын өткен Ялта конференциясынан кейінгі  көпшіліктің ортақ мүддесі  тұрғысынан қабылданған осынау ерен шешімнің, сайып келгенде, бүгінгі  және келерұрпақтың жарқын болашаққа  деген сенімін нығайта түсері анық.

      
 
 
 
 

     
    1. Халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі  ұйымдардың рөлі

     Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдар 2010 жылы 29 тамыз күніне орай өткізілген халықаралық конференцияның негізгі  мақсаты – жалпы ядролық сынақтарды тоқтатудың және ядролық қаруды жоюдың саяси жағдайларымен бірге, Семей  аумағының әлеуметтік-экономикалық және экологиялық мәселелерін қарастыру  болды. Конференцияға Парламент  пен Үкімет, халықаралық ұйымдардың, академиялық топтардың және азаматтық  қауымдастықтың өкілдері қатысты. Бұл  конференцияның Қазақстан төрінде  өтуінің маңызы зор, өйткені Қазақстан  Республикасы Президентінің ұйтқы  болуымен әлемнің ірі елдері ядролық  қарудан бас тартқан болатын.

     Осыған  байланысты Қазақстан Барак Обама  мен Дмитрий Медведевтің стратегиялық қару-жарақтар саласында жаңа келісім-шарт бекіту жөніндегі күш-жігерлеріне айрықша үміт артады. Біз БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунның уағдаластықтар заңды сипатқа ие болып, оларды сенімділендіру мүмкіндігі қарастырылуы тиіс деген тілегін қолдаймыз.

     Сонымен бірге мен стратегиялық ядролық қару-жарақтарды қысқарту саласында қол жеткізілген және күтілген табыстар өзімізді-өзіміз тыныштандыруға, оның үстіне еш себепсіз эйфорияға апармауы тиіс деп есептеймін. Атап айтқанда, Жер шарының түрлі өңірлерінің аумақтарында тактикалық ядролық қару-жарақтардың айтарлықтай қорлары шоғырландырылғанын ұмыта алмаймыз. Таяу болашақта тактикалық ядролық қару-жарақтарды қысқарту мен жою мәселелерін жаһандық күн тәртібіне енгізу саналы қадам болар еді деп ойлаймын.

     Менің пайымдауымша, Тынық мұхиттың Латынамерикалық  бөлігі, Оңтүстік-Шығыс Азия тәрізді  ядролық қару-жарақтан ада өңірлік  аймақтардың тәжірибесін зерделейтін  уақыт келді. Мұның сенімсіз көрінуі  мүмкін – ядролық қарусыз аймақтарға ресми ядролық мемлекеттер тарапынан мойындауды және тиісті қарарлар қабылдауды жылдап күтуге тура келеді. Осының бәрі жаһандық державалардың олардың ядролық қарусыз әлемге шынайы ұмтылысы туралы жасаған талай-талай мәлімдемелері аясында орын алып отыр. Сондықтан мен қауіпсіздік кепілі ретінде де, сол сияқты қатысушы мемлекеттерге тиісті преференциялар ретінде де қарастырылатын ядролық қарусыз аймақтардың халықаралық-құқықтық мәртебесі туралы мәселені шұғыл түрде талқылауды ұсынамын.

     Ойымды  түйіндей келе бүкіл халықаралық  қоғамдастықтың, оның ішінде Ядролық  қауіпсіздік жөніндегі сәуір  саммитіне қатысушылардың назарын бірнеше принципті жәйттерге тағы да аудара түсу қажет деп есептеймін.

     Бірінші. Ядролық қарусыз әлем – қысқа  тарихи мерзімде қол жеткізу мүмкін емес аса ауқымды мақсат. Дегенмен, бұл қаруды таратпау, ядролық қарусыздану және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелерінде бүгін атқарылуға тиіс істерді ертеңге қалдыруға сылтау бола алмайды.

     Екінші. Ядролық қарусыз әлемнің болашағы көптеген жағдайда бүгінде қалыптасып жатқан халықаралық тәртіптің қандай болатындығына байланысты. Демократия түрлі тараптардың пікірлерін есепке алу құралы ретінде халықаралық қарым-қатынастар саласына тараған жағдайда ғана шынайы көпполярлылықтың мүмкін болатынына сенімдімін. Тек осындай жағдайда ғана шағын және орташа мемлекеттер ядролық қарудан қауіпсіздіктің басты кепілін көруді қойып, семсерлерді соқаға айналдырып, қайта соғатын болады.

     Үшінші. Ядролық қарусыз әлем идеалдарына  қарай шынайы қадам жасау бірінші  кезекте ресми ядролық державаларға байланысты. “Қосарлы стандарттар” қолдануға жол бермей, қаруды таратпау мен қарусыздану мәселелерінде солардың өздері басқа мемлекеттер үшін үлгі болуға тиіс.

     Төртінші. Ядролық технологиялары бар-жоғына қарамастан, бүкіл елдер мен халықтардың күш-жігерлерін біріктіргенде ғана ядролық қарусыз әлем шындыққа айнала алады. Бәлкім, болашақта барлық мемлекеттердің әр қадам сайын ядролық қарусыз әлем идеалына қарай аяқ басуға деген шешімін бейнелейтін Ядролық қарусыз әлемнің жалпыға ортақ декларациясын қабылдау туралы мәселені бүгіннен бастап талқылаудың да өзіндік мәні болуы мүмкін.

     Бесінші. Әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқан Қазақстан  қаруды таратпау, қарусыздану және атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану мәселелерінде халықаралық қоғамдастыққа сенімді әріптес болған, болып отыр және бола да береді. Біздің бұл мәселелердегі саясатымыз теңдестірілген, дәйекті және жауапкершілікті күйінде қала бермек.[4, с.78]

     “Адамзат  дау-жанжалдары тарихында ешқашанда  осынша көпшілік осынша азшылыққа міндетті болған емес”, деген екен 70 жыл бұрын  Уинстон Черчилль. Бақытқа қарай, әлем бүгінде ядролық дау-жанжалдардың аренасы болып табылмайды. Бірақ ол елеулі қарама-қайшылықтар аренасына айналып отыр. Және осы қарама-қайшылықтардың шешімі шешімдер қабылдайтын аз ғана адамдардың, әрқайсысы бөлшектелінген атомның біздің бәрімізді де бөлшектеп жібермеуі үшін белгілі бір жауапкершіліктер арқалаған мемлекеттер басшыларының қолында тұр. Шара барысында Келісім Ұйымы Дайындық комиссиясының атқарушы хатшысы Тибор Тот еліміздің Мемлекеттік хатшысы, әрі Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевпен кездесті. Конференцияның қатысушыларына БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун арнайы жолдау жіберген екен. Аталған Жолдауды БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілі және Орталық Азиядағы превден- тивті дипломатия жөніндегі БҰҰ аймақтық орталығының басшысы Мирослав Енча оқыды. Үндеуде «Қазақстан бізге ядролық қарудан азат әлем құруға қол жеткізуге болатынын және дүниежүзі жетекшілері мен азаматтық қоғамның сенімді бастамасы саясатты өзгерту әрі қару-жарақ қорын қысқарту жолдарын  көрсетті»,– делінген.Сонымен қатар Үндеуде бұл прогреске қол жеткізу оңайға соқпайтындығы, алайда оған қол жеткізу үшін БҰҰ барлық қатысушы елдер тарапынан ең жоғары деңгейде үздіксіз күш-жігер мен белсенді назар аудару талап етілетіндігібаса айтылды. Осы ретте ҚР Сыртқы істер министрі – Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың алқалы жиынға қатысушыларға Үндеуін оқып берді. Онда «Қазақстан қуаты жағынан әлемде төртінші болып табылатын ядролық әлеуеттен өз еркімен бас тартты. Бұл – әлем тарихы бетінде ядролық сынақ полигонын жабу туралы халықтың еркін білдіруіне сәйкес бірінші рет жүзеге асырылған шара. Қазақстандықтар өз үлгісін паш етіп бүкіл әлемге қауіпсіз болашаққа апаратын жолды көрсетті», – делінген. Сондай-ақ Елбасы Үндеуінде қазақ жерінде 40 жыл бойы орын алған 490 ядролық жарылыстан 1,5 млн. астам адам зардап шеккенін, еліміздің ұлан-ғайыр аймағына орасан зор нұқсан келтірілгендігін де атап өткен. Алқалы жиын қорытындысында конференцияға қатысушылардың халықаралық қауымдастыққа арнаған үндеуі және Семей аумағын оңалту бағдарламасы мен іс-әрекет жоспары қабылданды.[5, c.125]

     Мәртебелі жиынның мұндай нәтижелерге қол  жеткізуіне Қазақстанның басшысы Нұрсұлтан  Назарбаевтың үлесінің мол болғандығы жөнінде бірінші кезекте айту парыз. Осы ретте, Ақ үйдің кеңесшісі  Майк Макфолдың АҚШ Президенті Обаманың Қазақстан басшысын іш тартып, ядролық  қауіпсіздік мәселелерінде «оған  теңелуге ұмтылуға лайық көшбасшылардың бірі» және Вашингтондағы саммит «оның қатысуынсыз өтпес те еді» деп сипаттады, деген мәлімдемесі  көп жайды аңғартарыанық. Сонымен  бірге, осы жаһандық саммит қарсаңында Семей ядролық полигонында болып, сынақ аймағындағы күйіп кеткен даланы, болған қасіреттің құжаттарын өз көзімен көріп қайтқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Пан  Ги Мун мырзаның «Қазақстан ядролық  қарусыздануда ерекше артықшылығын аңғартуда. 1991 жылы Президент Н.Назарбаевтың Семейдегі ядролық полигонды  жауып, ядролық қарудан бас тартуы үлкен ерлік. Бұл қадам көрегендік, нағыз тәуелсіздікті жариялау. Мен  барлық мемлекет басшыларын, оның ішінде ядролық державалардың басшыларын, Рухтану үшін олар Қазақстанның үлгісін  байқау керек», - деп ағынан жарылуы  тегін емес. Пан Ги Мун тіпті  Нұрсұлтан Назарбаевты бүкіләлемдік ядролық атом қаруына қарсы күрестегі  қозғалыстың басшысы болуға шақырды. Сондай-ақ, жаһандық саммит күндері  Вашингтонда «Біз әлемдегі төртінші ядролық арсеналымыздан құтылдық. Сондықтан  біздің үлгімізді ұстануға шақырамыз, қауіпсіз әлем үшін бұдан басқа балама жоқ», - деген Назарбаевтың сөздерінің арнайы плакаттарда ілініп қойылғаны  Қазақстанға көрсетілген үлкен  құрмет екендігін де атап өткен жөн.[6, c.12].

     Жалпы, Елбасының жаһандық саммитте баяндама жасаған алғашқы бесбасшының  бірі болуын және оның осында сөйлеген сөзінің халықаралық қауымдастық  тарапынан барынша қолдау табуын, сондай-ақ 2010-шы жылғы екінші сәуірде  «Известия» газетінде жарияланған  Назарбаевтың «Алып әлем және ядролық  қауіпсіздік» мақаласының әлемнің  әккі саясаткерлері мен сарапшыларының, түрлі халықаралық ұйымдардың, журналистердің ерекше қызығушылығын туғызуын елімізге берілген үлкен баға деп қабылдауға әбден болады.

     Ең  бастысы, «Алып әлем және ядролық  қауіпсіздік» атты мақалада көтерілген Елбасының бастамаларының бәрі дерлік Вашингтон саммитінде қызу талқыланғанын  әрі оның қорытынды құжаттарында көрініс тапқаны дер едім. Мәселен, Нұрсұлтан Әбішұлының Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге (ЯҚТК) қатысты  мақалада айтылған пікірлері төңірегінде  саммиткеқатысушылар өз ойларымен  бөлісе отырып, Елбасының: «ЯҚТК өзіне  артқан үміттерді ақтамады, өйткені  міндеттерді тек ядролық қарусыз  мемлекеттерге жүктеу қарастырылған. МАГАТЭ мен БҰҰ тарапынан кей  мемлекеттердің халықаралық тексерушілерді өздерінің ядролық нысандарына  жіберуден жалтару фактілеріне  көңіл бөлудің анық және ұғынықты жүйесі де жоқ. Тіпті ЯҚТК өз мүшелерінің  қол қоюшылар қатарынан у-шусыз  шығуына жол береді» деген  тұжырымымен толық келісетіндіктерін  білдірді. Өзгеше болуы мүмкін де емес. Себебі, қалыптасқан жағдай қарсы  көңіл-күйлерге, әлемнің кейбір аймақтарында «ЯҚТК-ның әділетсіздігі» сезімінежел  береді. Бәрінен бұрын, бұл жаппай қырып салу қаруын иеленуге ұмтылған мемлекеттерге де сылтау болуына, сөйтіп қарусыздану үдерісінің алға жылжуының  барынша құлдырауына әкеліп соғады[7,  231б].

Ядролық қауіпсіздік