Ядролық жарылыстың қоршаған ортаға , тірі организмдерге әсері
I. Кіріспе
II Негізгі бөлім
2.1 Қазақстанның ең апатты полигоны
2.2 Ядролық жарылыс және түрлері
2.3 Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары
2.4 Ядролық жарылыстың қоршаған ортаға , тірі организмдерге әсері
III. Қорытынды
IV. Қолданылған әдебиеттер тізімі
Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық қару өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды. Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын біледі, олардың жарылыс салдары туралы да естіген болатын. Алайда, ракеталық-ядролық соғысынан көтерілетін экологиялық проблемаларды, шығындардың мөлшерін, жалпы қирау көрінісін нақтылы мәнінде көз алдына елестете алатын тұлғалардың саны шамалы болса керек. Айтарлық, жалпы қырып жоятын қарудың қолданылуы аса шығындарды халық қалың орналасқан аймақтарда келтіреді, ядролық жарылыстардың адамдарға психологиялық жағынан ететін әсерін де есептен шығаруға болмайды. Оның үстіне, қаза тапқандардың, жарақат алғандардың жалпы зардап шеккендердің саны сау қалған адамдардың санынан, мысалы жеке бір қаланы алсақ, молырақ болуы мүмкін. Жарылыс салдарының біраз уақытқа созылатын әсері де жоқ емес.
Өткен ғасырдың екінші жартысының бет-әлпетін айқындаушы елеулі факторлардың бірі болған ядролық жарылыстар, апаттар мен бүліністер миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан жер бетіндегі биологиялық тепе-теңдікті бұзды.Сөйтіп, өткен ғасыр тіршілік ортасының бүкіл ғалам бойынша аса қиын кезеңі болды, көптеген биологиялық түрлер оған бейімделіп үлгере алмай жойылып кетті.Сыртқы жағдайдың өзгерісіне қабілетті екеніне қарамастан адам да биологиялық түр ретінде жердің басқа мекендеушілерімен қатар табиғатқа өзі жасаған тәжірибесімен өзі азап шегуде. Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады. Адамзаттың ғаламдық экологиялық проблемаларының ішіндегі адамның және қоғамның өміріне тікелей байланысты және өзінің күйрету көлемі жағынан ең қорқыныштысы – ол ядролық проблема.Адамның өмір ортасы радиоактивтік қалдықтарды, пайдаланылған ядролық отындарды көмуге де байланысты және бағынышты.
Қазақстанда ядролық қарусыз
әлем үшін күрес «Невада-Семей» халықаралық
ядролық қаруға қарсы қозғалыстың
қызметімен байланысты.2013 жылы бұл
қозғалыстың құрылғанына 24 жыл толады,
Қазақстан Республикасы Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ
полигонын жабу туралы» жарлығына
22 жыл толады.Қазақстан
Қазіргі заманның өзінде де өткен ғасырда болған ядролық жарылыстың зардаптары айқын көрінуде.Бүлінген табиғат, кең дала, халық денсаулығы, ұлт денсаулығы деген сұрақтар әлі де кетпек емес. Көп адамды өлтіріп, адамның еңбегімен жасалған заттар мен қоршаған ортаға көп шығын келтіретін қарулар «жаппай қырып-жоятын қару» деп аталады. Қарулардың бұл түрі қазіргі ұрпақпен қоса, адамның болашақ ұрпағына да қауіп-қатер тудырады. Өйткені бұл зиянды салдар көп уақытқа дейін сақталып қалады.
Соғыс адамзат тарихының айтарлықтай бөлімін құрайды. Расында адамзат Жер бетіне келгеннен бастап пайда табу үшін басқаларға үстемдік ету жайлы ойланып келеді. Бірде-бір адам басқа біреудің оған үстемдік етуін қабылдамайтын болғандықтан, адамдар арасында соғыс пен қақтығыс басталды. Бастапқыда садақ, балта мен найза сынды алғашқы қарулар пайдаланылатын. Бірақ уақыт өте келе адамның өміріндегі дамулардың (жетістіктерінің) арқасында бұл суық қарулар танк пен зеңбірекке айналды. Сөйтіп соғыс әдісі өзгерді. Адам қарапайым түрде еңбек етіп, дұшпанына көп шығын келтіре алатын болды. Дамыған, жаңа технологиялардың пайда болуының арқасында қару шығару да кеңейіп, жаппай қырып-жоятын қару сынды қару-жарақтар ортаға келді. Ядролық бомбалар, химиялық және микробиологиялық қарулар осы топқа жатады.
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Қазақстанның ең апатты полигоны
Қазақстан полигондары. Республика жерінде соғыс полигондары болған аумақтар 30 млн гектардан асады. Мұндағы соғыс техникасының қалдықтары, ракета сынықтары, бақылау объектілері ешбір көмусіз шашылып жатыр. Олар негізінен - Семей, Нарын(Капустин Яр), Азғыр, Тайсойған, Байқоңыр ғарыш айлағы, Сарышаған сынақ полигондары.
Шығыс Қазақстанның 19 млн гектар жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Осы жерлерде 1949-1989 жылдары aралығында атмосферада - 27, жер бетінде - 183, қалғандары жер астында ядролық сынақтар болды.
Ядролық қарудан тек атом бомбаларын сынаумен шектелмей, полигондарда соғыс ракеталарын, т.б. техникалары да сынақтан өтіп отырды. Батыс Қазақстан аумағында 1966-1979 жылдары 24 рет ядролық қару сыналған. Соның ішінде Азғыр полигоны ғана 6,1 мың гектар жерді алып жатыр. Мұндай сынақтар 1968-1970 жылдары Үстіртте де жасалған. Сол сияқты ірі полигондар қатарына Атырау облысының Тайсойған, Балқаш көлі маңындағы Сарышаған, Ташкент-4 сынақ алаңдары мен Байқоңыр ғарыш айлағы да жатады. Осы аймақтарда радиоактивті заттардың (кадмий, стронций, қорғасын) шекті мөлшері бірнеше есеге көбейіп кеткен.
Полигондардың ішінде Семей өңірі ең көп зардап шеккен аймақ. Мұнда атом қаруын сынаудың ғылыми орталығы орналасқан. Ол - Курчатов қаласы. Бұрынғы Семей облысының Абай, Бесқарағай, Жаңасемей, Абыралы аудандарының аумақтары атом сынақтарының ордасы аталып, ең көп зардап шеккен экологиялық апатты аймаққа айналды.
Полигондарға пайдаланылған жерлердің ауа, су, топырақ, тіпті өсімдіктер жабыны радионуклеидтермен ластанып, ауа және жер асты сулары арқылы мыңдаған километр жерге тарайтыны белгілі. Қазірдің өзінде Қазақстанда 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұр. Қатерлі ісік, қан аурулары, сәулелік ауру, жүйке ауруларымен ауырғандар санының көрсеткіші бұл аймақта республика бойынша ең жоғары.Тұңғыш атомдық жарылыстың радиоактивті өнімдері аймақтың барлық елді мекендерін жауып қалды. Көрші қонған әскери объектіде не болып жатқаны туралы титімдей түсінігі жоқ жақындағы ауылдардың тұрғындары радиациялық сәуленің сұмдық дозасын алды. Халыққа сынақ туралы ескертілмеген де еді. Ядролық жарылыстар туралы халыққа 1953 жылдан бастап қана ескертіле бастады. Онда адамдар мен малды радиоактивті заттардың таралу аймағынан уақытша көшіру, оларды қарабайыр қорғаныш объектілеріне, орларға немесе кепелерге жасыру көзделді. Алайда жарылыстан кейін адамдар радиациядан былғанған жерлердегі өз үйлеріне оралып отырды.
Жарылыс толқыны көптеген
үйлер терезесінің шынысын
ССП «радиациялық» тарихы
Семей сынақ полигонын құру туралы шешім КСРО МК және СОКП ОК Қаулысының шешімімен қабылданды. 1947ж. 21 тамызда Таулы сейсмикалық станса құрылды (905 нысан), ол 1948 жылы КСРО Қарулы күштер министрлігінің Оқу полигоны, кейіннен №2 (ГОС-ЦНИИП 2) Мемлекеттік орталық ғылыми-зерттеу сынақ полигоны болып ауыстырылды. 1948ж. 1 маусымда полигонның алғашқы бөлімшелері (52605 әскери бөлімі) шоғырлану аумағына қайта орналасуын бастады. Полигондағы сынақтарға дайындалу бойынша жұмыстар 1949 жылдың шілдесінде аяқталды.
1949 жылы 29 тамызда сағат таңғы 7.00-де ойдағыдай сыналған кеңестік алғашқы ядролық бомба, 12.08.53ж. алғашқы термоядролық құрылғы, 29.11.55ж. сутекті бомба әлемдік ауқымдағы саяси және ғылыми-техникалық жаңалық болды. Бірқатар маңызды деген сынақтарды да айта кеткен жөн, олар: 1951 жылғы 18 қазандағы ұшақтан тасталған атом бомбасының сынағы; 1965 жылғы 15 қаңтардағы Шаған және Ащысу өзендерінің тоғысқан жерлерінде жасанды су қоймасын жасау мақсатындағы ұңғымада жасалған алғашқы өндірістік жарылыс. Барлығы 1949 жылдар мен 1989 жылдар арасындағы кезеңде полигонда 456 ядролық сынақ жасалды (616 ядролық жарылыс). Сынақтардың көбі 60-шы жылдардың басында жасалды, себебі атмосфералық жарылыстан жерасты жарылыстарына ауысу кезеңі болатын. Семей сынақ полигонындағы ядролық қаруды сынау кезеңін 2-ге бөлуге болады: 1-ші кезең – 1949-1962жж. аралығындағы атмосферада өткізілген ядролық жарылыстар; 2 кезең – 1961-1989жж. аралығында өткізілген жерасты (штольнялар мен ұңғымаларда) ядролық жарылыстары. Ядролық жарылыстан басқа полигонда жарылғыш химиялық заттектерді қолдана отырып 175 жарылыс жасалды.
Полигонда келесі сынақ түрлері жасалды:
- атмосфераның жербеткі
қабатында ядролық зарядтар
- ядролық жарылыстың
әсер етуші факторларын
- ядролық зарядтар мен
оқ-дәрі қорларына, іріауқымды
сынақтарды әрлеушілер мен
- ядролық зарядтар мен
оқ-дәрі қорларына,
- бейбіт мақсаттағы жерасты
ядролық жарылыстары. Жерасты
ядролық жарылыстарын жасанды
су қоймаларын, каналдарын құруға,
пайдалы жер қабаттарын іздеу
барысында жер қыртысын
Жерасты және ауадағы (атмосфералық) ядролық жарылыстар «Тәжірибе даласы» сынақ алаңында өткізілді. Штольнядағы сынақтар «Дегелең» таулы массивінің алаңында, ұңғымалардағы сынақтар «Балапан» «Сары-Өзен» алаңдарында өткізілді. «Ақтан-Берлі» алаңында толық емес тізбекті реакциямен сынақтар жасалса, «Телкем» алаңында өндірістік жарылыстар технологиясы жасалды. Полигон қызметінің аяқ кезінде «Новая» алаңы- ұңғымаларда жарылыстар өткізуге қосымша сынақ алаңына құру бойынша жұмыстар жасалды, бірақ ол жерде ядроылқ сынақтар жаслаған жоқ.
Қоршаған ортаға радиоактивті ластану тұрғысынан негізгі әсер еткен, жерүсті және ауадағы ядролық жарылыстар, ал экскавациялық (топырақ лақтырумен ұңғымалардағы таяз тереңдіктегі жарылыстар) жарылыстар аз дәрежеде әсер етті. Ұңғымалар мен штольняларда апаттық жағдайларды есептемегенде, қоршаған ортанының ластануы орын алған жоқ.
Курчатов В. (1903-1960) Харитон Ю.Б.(1904-1996) Сахаров А. Д. (1921-1989)
Реакторлық сынақтар. 1958
жылдан бастап КСРО Министрлер Кеңесі
ядролық зымырандық қозғалтқыш (ЯЗҚ)
және ядролық энергоқозғалтқыштық
қондырғылар (ЯЭҚҚ) құру бойынша ғылыми-зерттеу
жұмыстарын жүргізу туралы бірқатар
қаулылар қабылдады. ЯЗҚ мен ЯЭҚҚ
және олардың полигондағы жеке желілерін
сынау үшін 1961 жылы жылу нейтрондарындағы
импульсты графитті реактор (ИГР) іске
қосылды. Басқа сынақтарды өткізу үшін
1962-1970 жылдары «Байкал-1» реакторлық
кешені құрылды. 1975-1988 жылдары «Байкал-1»
стенділік кешенінде ИРГИТ
1996-2000 жылдар аралығында
«АҚШ Қорғаныс министрлігі мен
Ғылым және ядролық
Жердің радиоактивті элементтерімен ластануы.
Радиоактивті қалдықтар мен аз мөлшердегі радиация екеуі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз түрде сақтау бүкіл жер жүзі бойынша әлі күнге дейін шешімі табылмай келе жатқан мәселелерінің бірі. Елімізде дүниежүзілік стандартқа сай келетін радиоактивті қалдықтарды сақтайтын бірде-бір орындар жоқ. Бәрімізге белгілі Қазақстан уранды көп өндіретін мемлекеттердің бірі. Сонымен қатар уран өңдейтін кен-химия өнеркәсібінде кең орын алған. Семей полигонында қаншама радиоактивті элементтердің қалдықтары бар. Еліміздің экология және биоресурстар министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда қазақ жерінде 101 радиоактивті қалдықтарды сақтайтын дүниежүзілік стандартқа сай келмейтін орын бар екені белгілі, онда осы күнде 255 миллион тонна радиоактивті қалдықтар сақталған. Олардың жалпы радиоактивтік күні 57,6 мың км. Сонымен қатар түрлі жағдайларда пайдаланып келе жатқан 100 мың тонна радиоактивті заттар өндіретін орын бар. Семей полигонының териториясында 5,8 млн тоннаға жететін радиоактивті заттарды сақтайтын орын бар, сондай радиоактивті қосылыстар жер астында 6,5 млн тонна қалдық сақталынады. Олардың жойқын күші 11,8 мың км. Ол төменгі дозадағы радиоактивті заттардың қалдықтары. Олар ашық жерлерде сақталған. Қазақстан территориясында сақталатын радиоактивті қалдықтардың бәрінде радиациялық сәулеленудің азда болса мөлшері бар. Радиоактивті үйінділер төбе-төбе болып үйіліп кез-келген далаларда жатады. Олар қысы-жазы жауған жауын-шашын суларымен шайылып басқа аймақтарға таралып жататыны сөзсіз. Қазақ даласында ерсілі-қарсылы соққан желдер де радиоактивті элементтер бар қалдықтарды ұшырып әкетіп жататыны да сөзсіз. Иесіз, қараусыз жатқан радиоактивті элементтердің қалдықтары қаншама десеңізші. Олар жер саулығына көп қауіп төндіреді. Оны есептеп шығу мүмкін емес. Қазақстан территориясында радиоактивті қалдықтардың картасы жасалынып, ол 22 том болып жарыққа шығуы мүмкін. Қазақстанда радиоактивті қалдықтарды сақтайтын қосымша түрде, бірнеше қоймалар жасалынуы жоспарланып отыр. Олар іске аса ма, жоқ болмаса қағаз түрінде қала ма, ол жағын болжап айту қиын.
Жыл өткен сайын адамдардың радиоактивті сәулеленумен зақымдануы көбейе түсуде. Өйткені жыл сайын атом электр станциялары салынып, олар іске қосылып жатыр. Сондай-ақ сыналып, атом бомбалары жарылып жатады. Олардан қаншама радиоактивті сәулелер бөлініп шығып, адамзат баласына зиян келтіреді. Сондықтан да адамзат баласын радиациядан қорғау мәселесі осы кездегі кезек күттірмейтін мәселелерінің біріне айналып отыр. Адамдарды радиациядан қорғау үшін киімдерді тігуді қажет етеді. Олардың құрамында қорғасын болады. Ол гамма сәулесін тұтып қалады, адам денелеріне сәулені дарытпайды.
Космостан келетін космостық сәулелерден практика жүзінде адамзат баласының қорғануға ешқандай мүмкіндігі жоқ. Ол 1000 км атмосфералық қабаттан лезде өтіп кетеді де жер шарына түгелдей таралады. Космонавтар космос сәулесінен қорғау оңай шаруа емес. Адамзат баласы Жер бетінде пайда болған кезден бастар, табиғи радиоактивті заттардан қажетті дозасын алып отырған, әсіресе, радиоактивті сәулені жерден алады. Қалған бөлігі космос сәулесімен келеді. Жылына адам 200 мР радиация қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарына тұратын халықтар әр мөлшерде радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50-ден 1000 мР/радиация қабылдайды.Бұл денсаулыққа қаншама зиян келтіреді.
2.2 Ядролық жарылыс
Ядролық жарылыс — ядролық соққы арқылы орындалатын міндеттер мен объектінің сипатына байланысты ядролық жарылыс әуеде, жер үстінде, жер астында, су үстінде және су астында жүргізілуі мүмкін. Осыған сәйкес жер үсті әуе, биіктікті, су үсті, су асты және жер асты жарылыстары болып бөлінеді. Ядролық жарылыс кезінде байқалатын құбьлыстар көп жағдайда жарылыс түріне байланысты болады. Ядролық жарылыстың әрбір түрінің басты ерекшеліктерінің бірі — жергілікті жердің радиоактивтік зақымдалу дәрежесі. Мыс., әуедегі жарылыс кезінде жарылыс эпицентрі ауданындағы жергілікті жерге радиоактивтік зақымдану қаупі төнеді. Ал жер үсті және жер асты жарылысы ядролық жарылыс ауданындағы жергілікті жердің және сондай-ақ радиоактивті бұлттың өту жолындагы жердің едәуір бөлігін зақымдайды. Ядролық жарылыстың белгілі бір немесе басқа түрінің қолданылуы онын зақымдауының ерекшелігіне, зақымдалатын объектінін сипатына және оны зақымдаудың талап етілетін дәрежесіне, сонымен бірге жергілікті жерді радиоактивті зақымдаудың қажетті шамасына және рауалы ауқымына қарай анықталады
Ядролық қару – жарылғыш әрекетті жаппай жою қаруы.Оның негізі – уран мен плутонидің кейбір изотоптарының ауыр ядроларының тізбекті ядролық бөліну реакциялары кезінде немесе сутегі изотоптарының жеңіл ядроларының термоядролық синтез реакциялары кезінде бөлініп шығатын ішкі ядролық энергияның пайдаланылуы. Ядролық жарыстың нәтижесінде әдеттегі оқ – дәрінің жарылысэнергиясынан едәуір асып түсетін орасан зор энергия бөлініп шығады. «Ядролық қарудың» нысанаға жеткізу құралдары : ракеталар, авиация, артелерия болуы мүмкін.
Ядролық жарылыстың жою факторлары мыналар: соққы толқын; жарық сәулелену; өткір радиация; радиоактивтік зақымдау; электромагниттік импульс;
а) Соққы толқын –негізгі жою факторы. Ғимараттар мен құрылыстардың қирап-бүлінуінің , сондай –ақ адамдардың жаппай қырылуының көпшілігі осы соққы толқыннан болады.
ә) Жарық сәлелену – бірнеше секунд бойына әрекет ететін, көрінетін ультракүлгін және инфрақызыл сәулелену. Ол ядролық жарылыстың қызған өнімі мен қызған ауада түзеледі.
Жақыр сәулелену кезіндегі тері қабатының зақымдануының ауырлығына қарай 4 дәрежеге бөлінеді: терінің қызаруы, ісініп ауыруы; қолдырау; тері мен талшықтардың жансыздануы; терінің буылтықтануы .
б) Өткір радиация - ядорлық жарылыс кезінде шығатын гамма – сәулелер мен нетрондардың ағыны . Бұл зақымдаушы фактордың барлық тіршілік иелеріне соның ішінде адамға да әсері – организмнің құрамындағы атомдар мен моликулаларды иондайды, осының салдарынан кейбір органдардың тіршілік функциялары бұзылады, сүйек кемігі зақымдалып, сәуле ауруы өрбиді.
в) Электрмагниттік импульс – ядролық жарыстардан аса күшті электр магнит өрістері пайда болады. Бұл өрістерді қысқа мерзімде ғана болатындықтан электрмагниттік импульс деп атайды, ол жер үстіндегі және төменгі ауадағы ядролық жарыстар кезінде неғұрлым толық білінеді.
Электрмангиттік импульс ең алдымен өнеркәсіпте және басқа объектілерде болатын электрондық және электротехникалық аппаратураға әсер етеді. Электрмагниттік импульстер әсіресе байланыс желілерімен дабылдама құралдарына көп әсер етеді. Aтом ядросы протондар мен нейтрондардан (жалпы аты-нуклон) құралған. Кейбір ауыр элементтердің (мысалы, уран, плутоний) ядролары бөлінген кезде, ал жеңіл түрлері (сутегі изотоптары) қосылып аурырақ (гелий) элементтерді құрағанда ядролық реакциялар барысында едәуір энергия босайды екен. Бөліну реакцияларында атом ядросы сыртқы нейтрондардың әсерінен екі немесе одан көп бөлшектерге ыдырайды. Егер 1 кг I уранның барлық ядролары ыдыраса босалған энергияның шамасы тротилдың 20000 тоннасының жарылуынан шығатын энергиясына тең болады. Салыстару үшін, тротилдың (тринитротолуол деген жарылғыш химиялық зат) 1 кг мөлшері жарылғанда кәдімгі жер қыртысында екі метрдей диаметрлық шұнқыр пайда болады. Ядролық бомбалардың қуатын тротил эквивалентімен өлшейді. Бөліну реакцияларына негізделген бомбалардың қуаты тротил баламасымен есептелгенде ондаған тоннадан бастап шамада 500000 тоннаға дейін жететіндей жасауға болады.
Қосылу реакцияларының өз ерекшелігі бар: бұл жағдайда нейтрондың қатысымен емес, жеңіл ядролар өздері электростатикалық керіс тебу күштерін жеңіп қосылуға тиіс (синтез реакциясы).Уранның бөліну реакциясымен салыстырғанда дейтерий және тритий, немесе дейтерий мен литий қоспаларының синтез реакциясында босану энергиясы төрт есе көп болады. Алайда, синтез реакциясы жүру үшін жоғары температуралар қажет, сондықтан оны термоядролық реакция деп атайды. Термоядролық бомбаларда температураны көтергіш ретінде 235-уран немесе 239-плутонийдің ядро бөліну реакциялары жарылыс қалпында пайдалынады; олар негізгі қоспаны қыздырады. Және жарылыс заттардың қабықшасының құрамына 238-уран кіргізіледі. Онда алдымен бөліну реакция жүріп, температура көтеріледі; онан соң синтез реакциялары іске қосылады - бұл жерде көптеген нейтрондар пайда болып, қабықшада бөліну реакция жүруіне себеп болады. Жырылыстың осы үш сатысы бәріне лезде өте шығады (микросекунд үлестерінің шамасында). Термоядролық жарылыстың қуатын 50 Мт-ға дейін көтеруге болады (елу миллион тонна).
Биіктегі ядролық жарылыс – ракеталар мен ұшақтарды жер бетіндегі объектілер үшін қауіпсіз биіктікте жою мақсаты мен жасалатын жарылыстар (10-км астам) жою факторлары: соққы толқын,жарық сәулелену,өткір радиация,және электрмагнитті импульс.
Әуедегі ядролық жарылыс – 10км-ге дейінгі биіктікте жасалатын жарылыс; онда жарқылды аумақ жерге (суға ) тимейді. Олар төмендегі және жоғарыдағы болып бөлінеді.
Жою факторлары: Соққы толқын, жарық сәулелену, төменгі жарылыстағы өткір радиация мен электрмагнитті импульс.
Жер (су) бетіндегі ядролық жарылыс – жер (су) бетінде жасалатын жарылыс. Жою факторлары: Соққы толқын, жарық сәулелену, өткір радиация, төңіректің күшті радиациялық зақымдануы және электрмагнитті импульс.
Жер (су) астындағы ядролық жарылыс – Жер (су) астында жасалған және ядролық жарылғыш зат өнімімен араласқан орасан көп топырақ (су) көтерілуіне сипатталады. Жер (су ) асты жарылысының негізгі зақымдану факторы болып, сейсмикалық жарылғыш толқындары болып табылады. Жерде шұңқыр пайда болуы мен және төңіректің күшті радиациялық зақымдануымен ерекшеленеді. Жарық сәулелену мен өткір радиация болмайды.
Атом бомбасы (Атомная бомба) — авиациялық ядролық бомбаның алғашқы атауы. Оның әрекеті жарылғыш тізбекті ядролық бөлінуі реакциясына негізделген. Термоядролық синтез реакциясына негізделген сутек бомбаның пайда болуымен жалпы "ядролық бомба" деген термин орнықты.Ядролық қарудың өзінен, оны жеткізетін құралдардан (зымыран, торпедо, ұшақ, артиллериялық атыс), сондай-ақ қарудың нысанаға дәл тиюін қамтамасыз ететін әр түрлі басқару құралдарынан тұрады. Ол – ядролық және термоядролық болып бөлінеді.
Ядролық қару жаппай қырып-жою құралы ретінде қысқа мерзім ішінде әкімшілік орталықтарды, өнеркәсіп және әскери нысандарды, әскерлер тобын, флот күштерін талқандау, қоршаған ортаны радиоактивтік ластандыру, жаппай бүлдіру, суға батыру, т.б. мақсаттар үшін қолданылады. Ядролық қару адамдарға күшті моральдық және психологиялық әсер етеді. Оның қуаттылығы тротилдік эквивалентпен бағаланады. Қазіргі заманғы бұл қарудың қуаты ондаған тротилден бірнеше ондаған млн. тротилге дейін жетеді. Арнайы әдебиеттерде ядролық қарудың қуаты килотоннамен (кт) және мегатоннамен (мт) де көрсетіледі. Бұл қаруды қарулы күштердің барлық түрлері қолдана алады. Ядролық қару қуаттылығы бойынша стратегиялық, оперативті-тактикалық және тактикалық болып бөлінеді. Ядролық қару жарылған кезде: екпінді толқын, жарықтық сәулелену, өтпелі радиация, радиоактивті зақымдану мен электр-магниттік импульс сияқты зақымданушы факторлар пайда болады.
Өтпелі радиация (ядролық жарылыс кезіндегі гамма-сәулелену мен нейтрондар ағыны-әсері 10 – 15 с-қа созылады) сәуле ауруының пайда болуына әкеп соғады. 100 кт тротилдік эквивалентті ядролық жарық жер үстінде жарылған кезде жасырынатын жерден тыс орналасқан адамдар 1 км радиуста өлімге ұшырап, 1,7 км-де ауыр дәрежедегі, 1,9 км-де орташа, 2 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды. Қоршаған орта мен онда орналасқан нысандардың радиоактивті зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан және радиоактивтік заттардың түсуінен пайда болады.
Электр-магниттік импульс (ядролық жарылыстар кезінде пайда болатын қысқа мерзімдік электр және магниттік өрістер) антенналарға, сымдарға, кабельдік тармақтар мен байланыс құралдарына әсер етіп, істен шығарады. Ядролық қарудың жасалуы 20-ғасырдағы ядролық физиканың дамуымен байланысты болды. 20-ғасырдың 40-жылдарының бас кезінде АҚШ ғалымдарының тобы ядролық
2.3 Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары
Жарылыстың қырып-жою факторлары мыналар:
- ядролық бомбаның, жарылғыш
заттардың, сүйық отынның,
- жарылыстардан жарықшақтардың,
сынықтардың пайда болуы әрі
оның үлкен аймақты қамтып, үлкен
зардап әкелуі. Жарылыстардан қирау,
обьектілердің жойылуы,
Соның ішінде Қазақстан үшін
ғана емес, бүкіл жер жаһан, адамзат
баласы үшін айтулы қадам 1991 жылдың 29-тамызында
жасалды. Яғни, дәл сол күні 1991
жылғы тамыздың 29-ында ҚР Президенті
Н. Назарбаевтың Жарлығымен әлемдегі аса
ірі ядролық сынақ
Сол жылдан бастап қазақ жерін ғана емес, дүниені дүр сілкіндірген ядролық сынақтар тоқтатыла бастады. Ендігіде қазақ даласы қорқынышты жерасты дүмпулерінен тітіркенбейтін болды. Осыншама зұлмат үшін басты кінәлі саналған кеңестің әскерилері де жөніне кетті. Полигон жабылды. Жабылғанымен де, қазақ ұлтына Абайдай, Шәкәрімдей ұлыларды сыйлаған дарқан дала бұрынғысынша қауіптілігінен әлі арылып біткен жоқ. Тек сол қауіптің әлпеті ғана өзгерген. Оның үстіне Семей полигоны әлемдегі ең ашық-шашық полигон есебінде қалып отырғаны да жасырын емес. 40 жыл бойы жарылыстан көз ашпаған қазақ даласының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып жатқан зардаптары жан түршігерлік. Егер ғалымдардың нақты деректеріне сүйенсек, Семей өңірінде полигон жұмыс істеген жылдары жасалған ядролық жарылыстардың жиынтық қуаты 1945 жылы американдықтардың Жапонияның Хиросима қаласына тастаған бомбасының қуатынан 2,5 мың есе күшті екен.

- Ядролық клуб
- Ядролық қару
- Ядролық қарудан бас тартудағы Қазақстанның бастамалары
- Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары
- Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары
- Ядролық қарудың зақымдаушы факторлары
- Ядролық қарусыздану және жаппай қырып жою қаруларын таратпау мәселелері
- Ядовитые растения
- Ядовитые растения
- Ядовитые Растения
- Ядохимикаты
- Ядохимикаты
- Ядро. ДНК. РНК
- Ядролық жарылыстар