Құқық туралы негізгі түсініктер
Кіріспе
Құқық
– күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі қызметі
– қоғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті
сақтау, қорғау. Құқық – жалпыға бірдей
міндетті мемлекет қамтамасыз ететін
нормалардың жиынтығы. Ал құқықтық норма
дегеніміз құқықтың бір ғана ереже қағидасы.
Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық
норма осы үйдің бір кірпіш, торшасы.
Құқықтық норма – мемелекет тарапынан
қамтамасыз еткен, қоғамдық қатынастарға
араласып түсушілердің құқықтары мен
міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін
үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде
реттей алатын жалпыға бірдей міндетті
ереже, норма,
Құқық норма – заңға сәйкес келетін мінез,
жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін
білдіреді. Осыдан құқық норма жария айқындық,
нақтылық мәнге ие болады. Оның шешімін
табуға мүмкіндік береді.
Құқық туралы негізгі түсініктер
Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен
қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің
- біріншісі – құқықтың обьективтік түсінігі, қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
- екіншісі – құқықтың субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Норма дегеніміз - бір қатынасты реттеп, басқаратын ереже. Нормалардың коғамда калыптаскан екі түрі бар: әлеуметтік нормалар мен техникалық нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп, баскарып отыратын негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің, мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі болғандықтан коғамды баскарудың, қатынастардың құралына айналды.
Бұл нормалардың негізгі түрлері:
Құқық нормасы.
Моральдық нормалар: жақсы-
- Саяси нормалар
- Эстетикалық нормалар
- Қоғамдык ұйым, ұжымдардың
ереже қағидалары - Әдет-ғұрып нормалары
- Салт-дәстүр нормалары
- Діни, имандылық, инабаттылық нормалары
Техникалық нормалар - адамдардың табиғатпен,техникамен дұрыс қатынас, байланыс жүргізу ережелері. Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс уақытында техникалық нормалардың манызы өте зор. Табиғатпен байланысты қоғамның барлык салаларында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін мәселелердің ең күрделісі.
Қоғамның тарихи объективтік даму процесінде құқықтың маңызы туралы екі пікір бар: біріншісі, Қоғамның дамуын басқаратын, реттеп отыратын факторлардың бірі - құқық. Онсыз қоғам дағдарысқа ұшырайды. Бүл пікірді заңды көзқарас дейді. Екіншісі, бірінші пікірге қарсы пікір. Қоғамның дамуында құқықтың ешқандай рөлі, маңызы жоқ деп түсіндіреді. Бұл пікірді заңды нигилизм дейді. Нигилизм қоғамда қабылданған, бүкіл адамға пайдалы нормаларды, жағымды мұраларды жоққа шығарып мойындамау деген түсінік.
Сонымен, құқық дегеніміз мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардын) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұныныц негізгі элемепттері:
қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау,орындау;
қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
коғамды дағдарысқа
мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара-қатынасын реттеті, басқару;
- халыкаралык қатынастарды
реттеп, басқару.
Құқықтың екі түрлі
түсінігі болады; біріншісі - құқықтың
обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік
дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы;
екіншісі - құқықтың субьективтік түсінігі
обьективтік қалыптасқан қатынастарды
реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді
уақытында қабылдап бекіту.
Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау.
Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер аркылы қогамдық қатынастардын байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.Құқыктың қорғау функциясы - нормативтік актілердің коғамдағы карым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.
Жоғарыда айтылғандай, құқық
- жалпыға бірдей міндетті, мемлекет
камтамасыз ететін, коғамдық қатынастарды
реттейтін нормалардың
Құқықтық нормалардың белгілері:
1. Норма мемлекеттік органнын
қабылдаған, бекіткен актісі, оның заңды күші
бар. Мұндай нормалар қоғамдағы тәртіптің үлгісіне
2. Нормада субъектілердің құқығы мен міндеттері, орындалу жолдары толық әрі нақты көрсетіледі. Егер көрсетілмесе, субъектілер өз еркімен іс-әрекет етуге, тек заңға нұқсан келтірмеулері керек.
Норма ерікті түрде
Құқықтық нормалардың
5. Құқықтық норма
Сонымен, құқықтық
норма - қоғамдағы қатынас
Құқықтық нормалардың элементтері бірігіп, оның құрылымын қалыптастырады. Құрылымы жөнінде құқықтық нормалар екіге бөлінеді: негізгі заңды нормалар және тәртіп ережелерінің нормалары.
Негізгі заңды нормаларда элементтердің мазмұны норманың кіріспесінде немесе бірінші бабында толық көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының Салық кодексінде нормалардың элементтері 1-ші бабында толық көрсетілген.
Тәртіп ережелерінің нормаларында элементтер нормативтік кесімдердің баптарында, бөлімдерінде көрсетіледі.
Құқықтық норманың элементтері: диспозиция, гипотеза, санкция.
Диспозиция - қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен
Жалпылама түрі: нормада
Толық айқын түрі:
Сілтеу түрі: мазмұны туралы басқа бір нормаға сілтеу жасалады.
Гипотеза - диспозиция қашан басталады, аякталады, нормативтік кесім қалай орындалуы керек, осы жағдайларды көрсетеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзуы керек (ҚР Қылмыстық кодекстін 7-бабы). Гипотезаның жалпылама күрделі, альтернативтік түрлері бар.
Санкция - құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Санкцияда мемлекет кандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтындығын көрсетеді. Санкцияпың турлері: абсолютmi анық, баламалы, салыстырмалы.
Құқықтық нормалар бірнеше түрге бөлінеді:
1. Қоғамның әр
Құқықтың әр саласына
Атқаратын жұмысына қарай
Мазмұнына қарай
5. Мамандандырылған құқықтық нормалар - қоғамның мамандық салаларының карым-қатынасын реттеп, басқаратын нормалар. Мысалы, азаматтық, кылмыстык,
зангерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, инженерлер бағытындағы нормалар және т.б.
Құқықтьқ нысаны - мемлекеттік биліктің нормаға, заңға айналу түрлері, олар:
Құқықтық әдет-ғұрып. Бұл
Құқықтық прецедент - соттың және әкімшілік органның
нақты бір істі - мәселені карап, реттеп,
шешім қабылдаған кесімдері
Нормативтік шарттар
Референдумда қабылданған
5. Нормативтік-құкықтық кесім
мемлекеттік органның
Заңдык, күшіне қарай нормативтік кесімдер екі түрге бөлінеді: заңдар және заңға тәуелді актілер. Бұл нормалар мемлекеттік көлемде, қоғамды басқаратын ең жоғарғы мемлекеттік органның бекіткен құжаттары (президент, парламент, үкімет т.б.).
Мазмұнына карай нормативтік актілер қоғамның әр саласына сәйкес бөлінеді: азаматтық, мемлекеттік, әкімшілік, қаржы, еңбек, отбасы, кылмыстық т.б. Сонымен катар, нормативтік кесімдер бірнеше саланы біріктіріп реттеп, басқарып отырады. Мысалы, шаруашылық, сауда, әскери, сауда, теңіздік, табиғат т.б.жүйедегі актілер.
Көлеміне қарай нормативтік кесімдер үш түрге бөлінеді: жалпы қоғамдық, шектеулі, төтенше актілер.
Кесімдер қабылдаған субьектісіне қарай үшке бөлінеді: Парламенттің актілері, атқарушы органның актілері, сот билігінің актілері.
Заң - мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы органының шығарған, қабылдаған ең жоғары күші бар нормативтік кесім. Барлық заңдар және заңға тәуелді нормативтік кесімдердің Конституцияға сәйкес болуын Заңның үстемдігі дейді. Заңның белгі нышандары:
Мемлекеттің ең жоғарғы басқарушы органы немесе референдумда қабылданған, бекіткен кесімі.
Ең күрделі мәселелер туралы қабылданған кесім.
Заңның өзіне тән арнаулы процедурасы бар, ол төрт кезеңнен тұрады: заң жобасын жасап, ұсыну; жобаны талқылау; заңды қабылдау, бекіту; заңды жариялау.
4. Заңды ешкім
5. Заң - барлық нормативтік актілердің негізі, діңгегі. Қоғамда заңның үстемдігі қалыптасу керек.
Заңның үш түрі қалыптасқан: Конституциялык заңдар, жай заңдар, төтенше заңдар, Қазақстан- республикасында ұлттық құқық тек қана нормативтік кесімдер аркылы калыптасады. Құқықтың нәр алатын бастауы Қазақстан Республикасының Конституциясы. Конституцияның ен жоғары заңдық күші бар және республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады.
Заңның күші төрт "өлшемде" жүзеге асырылады: мерзімде, кеңістікте, тәнінде, тұлғаларға байланысты.
Заңның қолданылуы екі бағытта жүзеге асырылады:
1. Заң колма-қол, басылған күннен бастап күшіне енеді. Тек сол күннен бастап пайда болған құқықтық қатынастарға қолданылады.
2. Егер заңда
Заң шығарған орган,
әдетте заңмен бірге заңды
Заңның кеңістіктегі күшінің шет мемлекеттің аумағымен және егемендігімен байланысты. Мысалы, Қазақстанның аумағы оның жергілікті әкімшіліктерінің аумағынан, ішкі сулардан, теңіздерден, оның жоғарғы ауа кеңістігінен тұрады.
Заңға тәуелді нормативтік
кесімдер - бұлар заңға қайшы келмеуі
керек және заңды орындау үшін
өмірге келеді. Заңның уакытында әрі дұрыс,
орындалуын камтамасыз етеді. Занға сәйкес
жергілікті ерекшеліктерді, жағдайды
ескере отырып кесім қабылданады. Мазмұнына
1. Жалпылама заңға тәуелді нормативтік кесімдер - мемлекеттің барлық аумағында күші бар экономикалық, әлеуметтік т. б. салалардағы қатынастарды реттеп, басқаратын нормалар. (Елбасының жарлықтары, үкіметтің қаулылары).
Жергілікті заңға тәуелді нормативтік кесімдер -жергілікті басқарушы аппараттардың қабылдаған кұжаттары. Бұл кесімдер Президенттің жарлығын, үкіметтің қаулысын орындау негізінде қабылданып және өздерінің құзырында әлеуметтік, экономикалық, мәдениеттік т. б. мәселелерді шешу үшін негізгі бағыттарды белгілейді, шешімдер бекітеді.
Мекемелік нормативтік кесімдер
- бұйрықтар, нұсқаулар аркылы өз
Бірлестіктердің, одақтардың, ұйымдардың т. б. ұжымдардын заңға тәуелді нормативтік кесімдері.
Com билігінің актілері. Сот жүйесінің көп жылғы тәжірибесіне сүйене отырып, қорытынды ұсыныстар жасалады. Оның маңызы өте зор. Нормативтік кесімдердің кемшіліктерін, қателіктерін толықтырады, жетіспейтін жерлерін жетілдіреді.
Жоғарғы сот мемлекеттің көп жылғы тәжрибесіне сүйене отырып жаңа нормативтік кесім жасайды және оны сот жүйесі қолдануға міндетті. Сөйтіп сот саласының жұмысын жақсартуға тиісті мүмкіншілік жасайды.
Қоғамның диалектикалық процесіне сәйкес құқықтың актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір-біріне қайшы келуі молаяды. Сондықтан мемлекет қабылдаған барлық нормативтік кесімдерді жүйе-жүйеге, сала-салаға бөліп реттеп отырады. Оның үш түрі бар: кодификация (мазмұны өзгерген кодекстер, жарғылар, жарнамалар, әскери зандар, салық заны т.б.), инкорпорация (мазмұнын өзгертпей сала-салаға, алфавит, шықкан уақытына сәйкес жүйеге келтіру), консолидация (бір саладағы кесімдерді мазмұнын өзгертпей жүйелеу).
Құқық шығармашылығы - мемлекеттің
жұмысының ең күрделі, өте
Норма шығармашылықтың кезеңдері:
1. Норманың жобасы туралы
2. Тиісті ресми мемлекеттік орган қаулы қабылдап, жасауға тапсырма береді.
3. Жобаны талқылау.
4. Жобаны парламентте талқылау.
5. Нормативтік кесімді қабылдау, бекіту.
6. Норманы жариялау.
Ел Президенті өз өкілеттігіне
жататын мәселелер бойынша
Қазақстан Республикасының
министрліктері, Мемлекеттік
Құқық - қолдану, жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықты жузеге асырудыц ерекше тәсілдері бар:
- құқықты сактау (мәні: тыйым салынған әрекетті жасаудан бас Тарту);
- құқықты орындау (
- құқықты пайдалану (мәні: түлға өзіне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалана ма, жоқ па өз еркі);
- құқықты қолдану (
Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады:
· істің нақтылы мән жайларын анықтау;
· істің заңды негізін анықтау;
· құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау;
· шешімді жүзеге асыру.
Қоғамдық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін, және де баска себептермен бір-бірімен қатынаста (саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т. б.) болады. Бұл байланыс-қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі.
Осылардың ішіндегі құқықтық қатынастар - құқыққа байланысты, құқықнегізіндегі қатынастар болып табылады. Бұл үшін бір-бірімен байланысты үш негіз болуы керек:
1) құқық нормасы; 2) субъективтік құқықтар мен міндеттер; 3) заңға негізделген айғақ болуы керек. Мысалы, студент қыз бен жігіт достасып жүреді. Екеуінің арасындағы қарым-қатынас моральдық нормалардың, әдет-ғұрыптың негізінде жүріп жатады. Ал, екеуі заңды некеге тұрғаннан кейін, қарым-қатынастары құқықтық қатынастарға, мемлекеттік органға барып тіркелуі, заңға негізделген айғаққа айналады.
Құқықтық қатынастардың құрамы төрт элементтен тұрады. субъект, объект, субьективтік құқық, заңды міндеттер.
1. Құқықтық қатынастардың субъектісі - жеке адам және заңды тұлғалар. Қазақстан Республикасының азаматтары, баска елдердің азаматтары сондай-ак азаматтығы жоқ адамдар (апатридтер) жеке тұлғалар болып үғынылады. Қатынастың субьектісі болу үшін олардың құқықтық қабілеттілігі және әрекеттілігі қалыптасуы керек.
Құқықтық қабілет - құқыққа, бостандықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті. Мұндай қабілеттілік адам туғаннан пайда болып, ол өлгенде барып жойылады.
Әрекеттілік - адамның өз
әрекетімен құқығын пайдалана алу
және оны жүзеге асыру, өзі үшін міндеттер
тудырып, оларды орындау қабілеті.
Заңды тұлғалар: мемлекет, мемлекеттік аппарат -мекемелер, лауазымды тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар заңды түрде құрылып, бекітілсе, тіркелсе толық түрде құқықтык және әрекет қабілеттілігі бар деп саналады.
2. Кұқықтық қатынастың
3. Субьективтік құқық -
құқықтық катынастардағы субьектілердің екі
4. Заңды міндеттер. Субъективт
Заңға негізделген айғақтар - құқықтық қатынастардың пайда болуымен, өзгеруімен немесе тоқтауымен құқық нормалары арқылы байланыста болатын тіршілік жағдайлары. Олардың түрлері: оқиғалар және әрекеттер.
Оқиғалар - адамдардың ерік-ыктиярынсыз пайда болады. Мысалы, адам өлімі мұрагерлік құқықты тудырады, ал пенсия жасына жету, зейнетақы алуға мүмкіндік береді.
Әрекеттер - адамдардың ерік-ықтиярымен пайда болатын заңға негізделген айғактар. Олар құқыкқа сай (заңды әрекет) және кұқыққа карсы әрекеттер (заңсыз әрекет) болып бөлінеді.
Заңды әрекет - бұл заңның талаптарына сәйкес келетін, субьектілердің құқықтары және міндеттерімен қабысатын мінез-құлық. Заңды әрекет үш топқа бөлінуі мүмкін: жекелеген әрекет; заңды қылык; заңда көрсетілген нәтиже тудыратын, әлеуметтік мәні бар заңды әрекет.
Заңсыз әрекет - бұл қылық заң талаптарын бұзады, субьективтік құқықтарға нұқсан келтіреді, адамдарға жүктелген міндеттерге сәйкес келмейді.
Жоғарыда айтылғандай, қоғамдык мүдде мен максатты дамыту, нығайту үшін мемлекет пен кұкық көп жұмыс атқарады. Халықтың басым көпшілігі қоғамдағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті сақтауға, нығайтуға көп үлес қосады. Өкінішке орай, сол қоғамдық мүдде-мақсаттарды қорғайтын толып жатқан нормативтік кесімдерді дұрыс орындамай, кұқықтық тәртіпті бұзатындар да жеткілікті. Сондықтан олармен мемлекет ылғи да қатаң күрес жүргізіп отырады.
Құқық бұзушылық - құқыққа қарсы, қоғамға қайшы тұлғаға зиянды, қауіпті, кінәлі, жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік.
· Құқық бұзудың өзіне тән ерекшеліктері:
· нормативтік актілерді дүрыс орындамау;
· қоғамға, тұлғаға қауіпті, кінәлі іс-әрекет;
· қоғамдық тәртіпке, мақсатқа зиян келтіру.
Құқықты бұзудың объективтік және субъективтік жақтары болады. Объективтік жағы - нормативтік кесімге келетін карсы - іс-әрекет және оның зияны; теріс қылык пен зияннын арасьшдағы байланыс.
Субъективтік жағы - теріс қылық жасаған адамның есінің дұрыстығы, оған қоса әрекет қабілеттігі болуы.
Құқықты бұзушылықтың мазмұны төрт бөлімнен тұрады:
Құқықты бұзудың объектісі - құқық арқылы реттелетін, қорғалатын қоғамдық қатынастардың түрлері;
Құқық бұзудың субъектісі - жеке немесе занды тұлғалар;
Объективтік жағы - теріс қылық және онын зияны;
Субъективтік
жағы - теріс қылык жасаған субъектінің
кінәсінің (қасақана және абайсыздықтан)
Құқық бұзушылық теріс қылық жыне қылмыс болып бөлінеді.
Теріс қылық құқықтық саласына сәйкес бірнеше түрге бөлінеді: әкімшілік теріс қылық, азаматтық теріс қылық, тәртіптілік теріс қылык.
Қылмыс - өте зиянды, кауіпті құқық бұзушылық. Сондықтан оған карсы өте қатаң жауапкершіліктің түрлері қолданылады.
Құқық бұзып, кінәлі болған субъектіге мемлекет өзінің мәжбүрлеу шараларын қолданады. Ол бойынша кінәлі субъектінің жеке өз басы мүліктік шектеуге ұшырайды немесе ұйымдық сипаттағы қысым мен шектеуге түседі, Заң бойынша жауаптылықтың екі түрі болады: айып төлеу және құқықты бұзуды түзеу. Айып төлеу әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық жасағанда Қолданылады. Құқықты бұзуды түзеу - жауаптылығы бұзылған құқықтық норманы еріксіз қалпына келтіруге мәжбүр ету.
Заң алдындағы жауаптылық тек құқық бұзушылық болғаң жағдайда ғана туындайды. Жауапка тартылушы тұлға мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы тек қана кұқық бұзушылыктың бар екендігі анықталғанда және ол заңға сәйкес келсе ғана мойын ұсынуға кұқылы. Жауапқа тартылушы адам өзін заңсыз түрде жауапқа тартудан қорғауды талап етуге кұқылы. Егер лауазымды тұлғалар жауапқа тартудың ІІроцессуалдық ережелерін бұзса немесе оған нұқсан келтірсе, олар жауапқа тартылуға тиісті.

- Құқықтық білімді жетілдіру
- Құқықтық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік
- Құқықтық қатынас
- Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
- құқықтық мемлдекет
- құқықтық мемлекет
- Құқықтық мемлекет
- Құқық , мемлекеттік органдар
- Құқық негіздері
- Құқық негіздері
- Құқық норма жиынтығы
- Құқық нормасы
- Құқық пәні
- Құқықтану мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы