Құқықтық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік
1.5 Құқықтық бұзушылықтың басқа түрлері үшін жауапкершілік
Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің кейбір ерекшеліктері ақшалай міндеттемені орындамағаны үшін жауапкершілікпен сипатталады. Бұл жауапкершілік борышқор ақша сомасы проценттік құқыққа сыйымсыз пайдаланған кезде туындайды. Басқаберудің ақшалай қаражатын құқыққа сыйымсыз пайдалану үшін әр түрлі себептер болуы мүмкін: борышқордың ақша сомасын қайтару мерзімі келген кезді өткізіп жіберу; ақша қаражатын басқа біреудің есебінен пайдалану немесе сақтау. Процент мөлшері несие берушінің тұрғылықты жеріндегі ақшалай міндеттемені орындалатын күнгі банкілік проценттің есеп ставкасымен беріледі. Сот тәртібінде қарызды өндіру кезінде сот несие берушінің талабын қанағаттандыра отырып, талап қойған күнгі немесе шешім шыққан күнгі процент мөлшерін қолдану мүмкін. Бұл ереже егер заңмен немесе шартпен проценттің басқа мөлшері белгіленбеген кезде қолданылады.
Азаматтық кодекстің 353-бабында ақшалай қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін жауапкершілік көзделген.
- Ақша міндеттемесін орындамау нәтижесінде, біреудің ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны немесе оларды төлеу мерзімін өткізіп жібергені, не оларды негізгі алғаны немесе басқа адамның есебіне сақтағаны үшін осы құжаттардың сомасында проценттер төленуі тиіс. Проценттердің мөлшері ақша міндеттемесін немесе оның тиісті бөлігін орындаған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгіленген банкілік проценттің орташа есептеу ставкасы негізінде есептеліп шығарылады. Борышты сот тәртібімен өндіріп алу кезінде сот талап арыз берген немесе шешім шығарылған не ісжүзінде төленген күнгі банкілік процентті орташа есептеу ставкасын негізгі ала отырып, несие берушінің талабын қанағаттандыра алады. Егер заң құжаттарында немесе шартта проценттің өзге мөлшері белгіленбесе осы ережелер қолданылады.
- Бөтен қаржыны пайдаланғаны үшін проценттер егер заң құжаттарында немесе шартта проценттерді есептеудің неғұрлым қысқа мерзімге белгіленбесе, бұл қаржы несие берушіге төленген күнге дейін өндіріліп алады.
- Егер несие берушінің ақшалай қаражатын заңсыз пайдаланудан оған келтірілген залал осы баптың бірінші тармағының негізінде оған тиесілі проценттердің сомасынан асып кетсе, ол борыштардан осы соманы асып түскен бөліктегі залалды талап етуге құқылы.
- Өткен жылғы проценттерді борыштың негізгі сомасына қосу заңдармен көзделген реттерді қоспағанда, процентті проценттерге есептеуге жол берілмейді.
Жалпы ережеге сүйене отырып Азаматтық Кодекстің 365-бабы борышқордың мерзімі өткізіп алғандығы үшін жауапкершілікті белгілейді:
- Міндеттеменің орындалу мерзімін өткізіп алған борышқор несие берушінің алдында мерзімді өткізіп алу арқылы келтірілген залал үшін және мерзімін өткізіп алу кезінде туындаған кездейсоқтықтан орындай алмауының салалары үшін жауап береді.
- Егер борышқордың мерзімді өткізіп алуы салдарынан міндеттемені орындау несие берушіге керексіз болып қалса, ол міндеттемені орындауды қабылдаудан бас тартып, залалды өтеуді талап ете алады.
- Несие берушінің мерзімді өткізіп алуы себепті міндеттеме әзірше орындалмайтын болса, борышқор мерзімді өткізіп алушы болып саналмайды. Мысалы, арендаға алушы арендаға алынған мүлікті уақтылы қайтармаса, онда ол арендаға алынған мүліктің жойылуына кінәсінің болмауына қарамастан, арендаға берушінің алдында арендаға алынған мүліктің кездейсоқ жойылуына және оған келтірілген барлық шығын үшін жауап береді.
Азаматтық
айналымда несие берушінің
1. Егер несие беруші борышқор ұсынған тиісті дәрежедегі орындауды қабылдаудан бас тартса, немесе заңдарда не шартта көзделген, не іскерлік айналым дәстүрлерінің немесе аяқталғанға дейін борышқор өзміндетін атқара алмаған міндетінің мәнінен туындайтын әрекеттерді жасамаған болса ол мерзімді өткізіп алған болып есептеледі.
Борышқордың міндеттемені орындамағанын тиісті түрде растаудан бас тартқан жағдайдада несие беруші мерзімді өткізіп алған болып есептеледі.
- Егер несие беруші мерзімді өткізіп алу не өзі, не заңдар бойынша немесе несие берушінің тапсыруымен міндеттеменің орындалуын қабылдап алу жүктелген адамдар жауап бермейтін жағдайларға байланысты болғанын дәлелдеп бермесе, несие берушінің мерзімді өткізіп алуы борышқорға мерзімді өткізіп алудан келтірілген залалдың орнын толықтыруға құқық береді.
Мерзімді өткізіп алған несие берушіге мерзімді өткізіп алған кезде міндеттемені орындаудың кездейсоқ мүмкін болмай қалуының қолайсыз салдары жүктеледі.
- Ақшалай міндеттеме бойынша борышқор несие берушінің мерзімзі өткізіп алғаннна кейінгі уақытына процент төлеуге міндетті емес. Мысалы, егер ол тасмалдаушының жүкті тиісті адреске жеткізу кезінде жүкті іс-әрекетін жасамаған болса, одан жүк қабылдаушы мерзімді өткізген болып есептеледі. Несие берушінің мерзімді өткізіп алуына байланысты борышқор шығынға ұшырауы мүмкін. Мысалы, несие берушінің мүлікті қабылдаудан бастартуына байланысты мүлікті ұстау шығындары.
II-тарау.
Азаматтық-құқықтық
Азаматтық
құқық бұзушылық құрамын
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің жалпы негіздеріне жататындар:
- тұлғаның құқыққа қайшы қылығы (іс-әрекет не әрекетсіздік)
- жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;
- құқық бұзушының құқыққа қайшы іс - әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;
- құқықбұзушының кінәсі.
Нақты тұлғаға азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің жүктеу үшін жалпы ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы – азаматтық - құқық бұзушылықтың құрамы болып табыладын. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса, жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақта, кейбір жағдайларда заң азаматтық - құқықтағы құқық бұзушылық құрамынынң бар болуы мүліктік жауапкершілікке тарту үшін жалпы талаппен санаспайды; мысалы: жоғары қауіптілік көзін иеленуші заңды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз жауап береді. (АҚ-тің -931 бабы). Енді азаматтық-құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әрқайсысына тоқтала кетейік.
2.1. Құқыққа қарсы мінез
Құқыққа қарсылық құқылық бұзушының өзінің іс-әрекетінің құқыққа қарсыек ендігін білген немесе білмегендігіне қарамастан құқық нормасын бұзуы танылады. Басқа сөзбен айтсақ, азаматтық айналымға сәйкес келмейтін мінез жатады.
Азаматтық
заңдылық нормаларымен азаматтық айналымға
қатысушыларға әртүрлі талаптар
белгіленген. Азаматтық заңдылық негіздерінде
сәйкес тараптық құқыққа қарсы мінез
ретінде жеке тұлғаға немесе азаматтық
мүлкіне немесе заңды тұлғаға
келтірілетін залал саналады. Сонымен
қатар борышқордың міндеттемені
орындауға байланысты талаптарға жауап
бермеу құқыққа қарсы мінез болып
табылады. Азаматтық заңдылыққа сәйкес
міндеттемені орындауға байланысты
талаптар тек қана заңмен шектелмейді,
сонымен қатар борышқордың
Азаматтық
заңдылыққа сәйкес міндеттемені орындауға
байланысты талаптар тек қана заңмен
шектелмейді, сонымен бірге іскерлік
айналымдағы басқа нормативті актілерден
немесе міндеттеменің пайда болуымен
туындайтын негіздерде құрылады. Сондықтан
борышқордың құқыққа қарсы
Құқыққа
қарсы мінез құқыққа қарсы
іс-әрекет немесе құқыққа қарсы әрекетсіздік
түрінде де болуы мүмкін. Егер заңмен
немесе нормативті құқықтың актімен
тиым салынған немесе заңға немесе
басқа нормативті актіге, шартқа бір
жақты мәмілеге немесе міндеттеме талабының
негізіне қайшы келетін борышқордың
іс-әрекеті құқыққа қарсы
Азаматтық
заңдылық негізіне сәйкес бір тараптың
басқа бір тараптың есебіне мүлкін
негізсіз сақтауға тікелей тиым салынады.
Алайда осы ережеде негізсіз сақтау
құқыққа қарсы болып табылады.
Егер
тиісті жағдайларда тарапқа
2.2. Себепті байланыс
Азаматтық
Кодекс талаптарында көзделгендей өтелуге
тек қана борышқордың құқыққа
қарсы мінезімен келтірілген
шығындар жатады. Бұл
борышқордың құқыққа қарсы
Осындай
жағдайларда себепті байланыстың
дамыған ғылыми-теорияларын
Жоғарыда көрсетілген мысалдар дәрігердің сілтемесінен істелген мейірбике әрекеті салдар туғызады және сонымен қатар нәрестенің көру қабілетін жоғалтуға себеп болады. Егер қаралып жатқан іске тереңірек үңілсек, онда дәрігердің себепті әрекеті бөлім басқарушысының бұйрығынан туындайды. Сондықтан жауапкершілік туралы мәселені шешу кезінде болған оқиға жағдайларынан алысқа кету дұрыс емес. Тікелей себептің пайда болуымен шектелу қажет, яғни зиянның туындауына жақын қатынастар есепке алынады.
Тараптың құқыққа қарсы мінезі зиянның себебі болып тек қана ол осы зиянмен тікелей байланысқан болса ғана пайда болады. Тараптың құқыққа қарсы мінезі мен зиянының арасындағы жанама себепті байланыс болып, ол нақты оқиғаның шегінен ауытқып және юридистикалық себеп байланыстың маңызына ие бола алмайды. Сонымен қатар іс-әрекеттің жасалуына басқа факторлардың әсері тиюі мүмкін.
Алайда
бұл факторлардың қайсысы болсын
юридистикалық жауапкершілік
мағынасына ие бола алмайды және
сондықтан тараптың құқыққа
қарсы мінезі мен зиянының арасындағы
жанама себепті байланыс
болып табылмайды. Ал басқалары - юридистикалық
жауапкершілікке әсер етеді
және сондықтан тараптың құқыққа
қарсы мінезі мен болған нәтиженің
арасындағы байланысты көрсетеді
жасөспірімдердің келтірген
зияны үшін бермейді
және әрекет қабілетсіз
деп таниды. Ал ата-аналар
құқыққа сыйымсыз мінезі үшін жауап
береді (тиісті қадағалау жасамағаны
немесе тәрбиелемегені) және болған
зиянының арасында юридистикалық
жауапкершілікке тартуға
Сондықтан тараптың құқыққа қарсы мінезімен және зиян арасында азаматтық – құқықтық жауапкершілік маңызы бар жағдайлар болмаса тікелей себепті байланыс орын алады. Егер құқыққа қарсы мінез және зиян арасында жауапкершілік туралы сұрақты шешуде азаматтық заңды маңызы бар жағдайлар болса, онда жанама себепті байланысты көрсетеді. Жоғарғыдағы мысалға сәйкес жасөспірімнің әрекет қабілетінің жоқ болуымен байланысты 13 жасар жасөспірімді азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартудың маңызы жоқ.
Сондықтан бұл мысалдар - шофер құқыққа қарсы мінезі мен жол ережесінің бұзылуы тікелей себепті байланысты көрсетеді.
Күнделікті өмірде бірнеше тараптық іс-әрекеті (әрекетсіздігі) нәтижесінде зиянның пайда болуы жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда тікелей нәтижемен байланысқан барлық құқыққа қарсы әрекеттері егер оларды жеке ерекшеліктеріне байланысты себеп ретінде қарастыру керек. Тікелей және жанама себепті байланысты шектеу қажеттігі тек қана теориялық шарттардан шығып қана қоймай, сонымен бірге тәжірибенің өзімен тұжырымдалады. Бұл теория тәжірибеде оңай қолданылады. Ол сот тәжірибесімен кездейсоқ туындаған жоқ.
Әдебиеттерде
сонымен қатар себепті
Басқа теорияларда кінәсі және себепті байланыс жабық сипатта болады. Мүмкіндік және шындық теориясына қатысты, бір фактілерге құқыққа қарсы нәтижеге мүмкіндік туғызса, ал екіншілері - осы мүмкіндіктерді әрқашан да құқыққа қарсы нәтижемен себепті байланыста болады. Құқыққа қарсы нәтижеге мүмкіндік туғызушы фактілер көрсетілген нәтижеге қарағанда юридистикалық маңызы болуы немесе болмауы мүмкін. Егер тараптың іс-әрекетінен нақты мүмкіндіктің себепті байланысты болса, онда жауапкершілікке тартуға жеткілікті. Ал егер тараптың іс-әрекетінде құқыққа қарсы нәтиженің абстрактілі мүмкіндігі болса, онда себепті байланыстың юридистикалық маңызының аз болуына айланысты жауапкершілікке тартуға болмайды. Нақты мүмкіндік ретінде жағдайлардың объективті қайталануын шындыққа айналдырушы мүмкіндік танылады. Абстьрактілі мүмкіндікте берілген жағдайлар объективті қайталанбайды. Егер объективті қайталанатын жағдайларда сәйкес мүмкіндік шындыққа айналса, онда осындай мүмкіндік туғызушы құқыққа қарсы нәтижені көре білуі тиіс. Және керсінше егер мүмкіндік объективті жағдайлардың қайталанбауынан керісінше егер мүмкіндік объективті жағдайлардың қайталанбауынан шындыққа айналса, онда осындай жағдайлардың объективті қайталанбайтындығы себепті мүмкіндік туғызушы құқыққа қарсы нәтижені көре алмайды. Бұл сондықтан теорияның себепті байланысының юридистикалық маңызды кінә секілді жауапкершіліктің субъективті жағдайларына тәуелді.
Осындай
кемшілік себепті байланыстың қажетті
және кездейсоқтық теорияларында бар.
Бұл теорияның авторларының пікірінше
жауапкершілік болуы үшін құқыққа
қарсы мінез және нәтиже арасында
қажетті себепті байланыс болуы
тиіс. Кездейсоқ себепті байланыс
нәтиженің туындауымен
байланысты жауапкершілікке тартуға
негіз бола алмайды. Осы тоериядан
себепті байланыстың
2.3. Кінә
Азаматтық
құқықтық жауапкершілік шаралары тек-қана
талапкердің мүліктік қанағаттандыруына
бағытталып қоймай, сонымен бірге
азаматтық құқық бұзушылықтың
алдын алуға арналған. Азаматтық-құқықтық
жауапкершілік белгілі бір
превентивтік қызметін атқарады.
Сондықтан азаматтық айналымның
қатысушылары жауапкершілікке тартылмас
үшін өзінің
іс-әрекетімен басқа тараптың
заңмен қорғалатын құқығын бұзбауға
тырысады. Алайда жауапкершілікке тартудың
артылуы қатардағы
азаматтық айналымға
Құқыққа қарсы мінез және себепті байланысқа қарағанда азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің субъективті шарты болып табылады. Осы тараптың құқыққа қарсы мінездегі психикиялық қатынасын анықтайды. Кінәнің осы түсінігі теңдей заңды тұлғаларға және азаматтарға қолданылады. Заңды тұлғалардың кінәсі көрінбеуі мүмкін, өйткені оның қызметін міндеттемеге байланысты қызметкерлері атқарады. Мысалы, жұмыс күшінің немесе құралдың жетіспеуіне орай өнімді жеткізуде мерзімді өткізіп жіберсе, осы кемшіліктерді жоюға тиісті шаралар қолданбағаны үшін үшін коммерциялық ұйымның жетекшісі кінәлі іс-әрекетінен көрініс табуы мүмкін. Мысалы, қызметкердің өнімді дайындаудағы кемшіліктері.
Сонымен қатар әдебиеттерде берілген сұраққа басқа да тұжырымдар айтылады. Заңды тұлғаның кінәсі оның жеке қызметкерлерінің кінәсімен емес, сонымен бірге бүкіл ұжымның бүтіндей кінәсін көрсетеді.
Кінә қасақаналық және абайсыздық түрімен ажыратылады. Өз кезегінде абайсыздық ауыр және жеңіл түрінде кездеседі. Азаматтық – құқықтық жауапкершіліктің субъективті шарты ретінде кінә адамның санасында болатын психикалық процестермен байланысқан. Алайда қоғамның өзіндік дамуына орай жауапкершілік туралы сұрақты шешу кезінде құқық бұзылғандағы адамның санасында болатын психикалық процестерді зерттей аламыз. Осы ішкі процестер туралы тек қана адамның мінезіндегі сыртқы көріністерін талқылай аламыз.
Егер тарап өзінің іс-әрекеті арқылы құқық бұзушылыққы саналы түрде жол берсе, онда кінәнің қасақаналық түрі орын алады. Азаматтық айналымдағы пайда болатын кәдімгі құбылыстар ретінде азаматтық құқықта кінәнің қасақаналық түрі жиі кездеседі. Сонымен қатар әдеттегі жағдайларды басқа тараптардың заңмен қорғалатын құқықтарын қасақана бұзады. Мысалы, тәжірибеде жеткізіп беруші сатып алушының өнімді ұстағаны үшін тиісті адреске өнімді жіберуді тоқтатады. Себебі міндеттеменің қасақана бұзушылық сферасын шектейді. Кінәнің абайсыздық түрімен жасаған азаматтық құқық бұзушылық жиі кездеседі. Бұндай жағдайларда адамның іс-әрекетінде көрінбеу істердің элементтері болмайды. Ол саналы құқық бұзушылыққа бағытталмаған, алайда адамның іс-әрекетінде мұқияттылық және байқаушылық болмайды. Қажетті байқаушылықтың және мұқияттылықтың болмауы абайсыздықтың екі түріне де тән. Кінәнің екі формасының арасында белгілі ерекшеліктер болады. Осы ерекшеліктер заңдылықта және жоғары сот органдарының түсініктерінде де жауабын таппайды. Сот тәжірибесі белгілегендей адамның адамның денсаулығына келтірілген залал үшін абайсыздықтың қайсы түрі болмасын нақтылы жағдайларды анықтауды қажет етеді.
Осы екеуін ажырату үшін одан да тереңірек бағдарлау қажет. Бұл бағдарлар ғылым дамуымен жетілген. Абайсыздықтың менмендік түрінде тараптың іс-әрекетіне байқаушылық және мұқияттылық болмайды, алайда құқық бұзушылықтан арылуға жеткіліксіз. Мысалы, азамат светофор жасыл жанған кезде өтсе, онда абайсыздықтың қарапайым түрі, ал трамвай жолында ұйықтап жатқан азамат мұқияттылық және байқаушылық элементтері болғанымен, абайсыздықтың менмендік түріне жол береді.
Жалпы ережеге сәйкес азаматтық заңдылыққа кінә жауапкершілікті шарасы ретінде емес, шарты болып саналады. Егер кінә болған жағдайда құқық бұзушы азамат кінәнің формасына қарамастан келтірілген зиянды толық көлемде өтейді. Алайда заңмен немесе шартпен кінә формасы көзделсе, онда азаматтық-жауапкершілік мөлшерінде әсер етуі мүмкін. Бұл жалпы ережеден ауытқиды, бірақ қылмыстық құқықтағыдай кінәні төрт түрге бөлу қажеті жоқ. Көп ретте жоғарыда көрсетілгендей кінәнің үш мүшелігі кінәнің ауапкершілік мөлшерінде әсер ететін болса жеткілікті. Азаматтық құқықта аралас кінә кездеседі. Аралас кінә төмендегі белгілермен сипатталады:
а) зиян тек қана несие берушінің мүліктік сферасында жинақталады.
б) зиян бүтіндей бірлікті құрап, борышқордың кінәлі әрекетін және несие берушінің кінәлі әрекетін анықтауға мүмкін болмайды.
Аралас
кінә түрінде борышқордың зиянды
әрекеті қанша, ал несие
берушінің кінәсінің қанша екендігін
анықтау мүмкін болмаған кезде,
осылардың арасындағы зиянды
анықтау кезінде тек бір белгі
ретінде борышқордың және
несие берушінің кінәсімен
а) зиян несие берушінің мүліктік сферасына пайда болады.
б) зиян екі немесе одан да көп тараптардың құқыққа қарсы әрекетімен келтіріледі.
в) тараптардың қайсысының әрекетіне зиян келтіру мөлшерін анықтау болмайды.
г) бірлесіп зиян келтірушілер несие берушінің алдында солидарлы жауапкершілікте болады.
Кінәнің болмауынан міндеттемені бұзған тарап дәлелдейді.
Қылмыстық құқыққа қарағанда азамматтық құқықта құқық бұзушының кінәлі презумпциясын көрсетеді. Соңғы өзінің кінәсіздігін дәлелдегенше кінәлі деп танылады. Егер азаматтық айналымға қатысушылардың біреуі құқыққа қарсы әрекетімен азамматтық айналымды бұзатын болса, әрекет салдарынан зиянның болғанын зиян келген тарап қана біледі. Сондықтан осы тарапқа зиянның болуы және құқыққа қарсы әрекетімен азаматтық айналымды бұзатын болса, әрекет салдарынан зиянның болғанын зиян келген тарап қана біледі. Сондықтан осы тарапқа зиянның болуы және құқыққа қарсы әрекетімен құқық бұзушының арасындағы себепті байланысты себепті байланысты дәлелдеу фактілері жүктеледі.
Алайда
талапкер құқық бұзушының
міндеттемені орындауда қандай
шаралар қолданғанын және
оның санасында қандай психикалық
процестер қалыптасқанын,
Азаматтық айналымдағы қатардағы субъеатілермен бірге өзінің кәсіпкерлік қызметін тәуекелге бел буып жүргізетін тауар-ақша қатынасындағы кәсіпкерлер де қатыса алады.

- Құқықтық қатынас
- Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері
- құқықтық мемлдекет
- құқықтық мемлекет
- Құқықтық мемлекет
- Құқықтық мемлекет
- Құқықтық мемлекет
- Құқық негіздері
- Құқық норма жиынтығы
- Құқық нормасы
- Құқық пәні
- Құқықтану мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы
- Құқық туралы негізгі түсініктер
- Құқықтық білімді жетілдіру