Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе......................................................................................................................3

І. Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері..............................................4

    1. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі.

Есі дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты.............6

    1. Жасқа толу .....................................................................................................9

ІІ. Қылмыстың арнаулы субъектісі.................................................................11

ІІІ.Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық .........................13

Қорытынды..........................................................................................................14

Қолданылған әдебиеттер  тізімі........................................................................18

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қылмыс жасаған кезде  қылмыстық заңда көзделген белгілі  бір жасқа толған және есі дұрыс  жеке адам қылмыстық заң бойынша қылмыс субъектісі бола алады.

Қылмыс субъектісінің  белгілері жайлы Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің 14-бабының  бірінші бөлігінде былай делінген: “Есі дұрыс,  осы кодексте белгіленген  жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық  жауапқа тартылуға тиіс”.

Қылмыс субъектісі –  ол қылмыс жасаған есі дұрыс және 16 жасқа толған адам. Кейбір ауыр қылмыстар  үшін (кісі өлтіру, зорлау, адам ұрлау,  кісі тонау, қорқытып алу т.б.) қылмыстық  жауапқа адам 14 жастан тартылады. Қылмыстық  жауапкершілікке тарту көзделген қауіпті әрекет жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауру, психикасының уақытша бұзылуы,  кемақылдылығы салдарынан өзінің іс әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Бұларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Алкогольді ішімдікті, есірткі заттарды немесе  басқа да есеңгурететін заттарды пайдалану салдарынан мас күйінде жасаған қылмыс үшін адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.

ҚК-тің 14-бабының екінші бөлігінде қылмыстық заңның аса  маңызды қағидаларының бірі –  азаматтардың заң алдында тең  екендігі заң жүзінде бекімін  тапқан: “Қылмыс жасаған адамдар  шығу тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез-келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей”. Бұл қағида сонымен қатар, конституциялық та болып табылады, себебі, ол Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабына негізделген.

Тек жеке адам ғана қылмыс субъектісі  бола алады. ҚК-тің 14-бабының  бірінші бөлігінде айтылған жеке адамдар – Қазақстан Республикасының  азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетел азаматтары. Бұл ҚК-тің 6 және 7-баптарының мазмұнынан туындайды.

Қылмыс субъектісі ретінде  тек жеке тұлғаларды тану – заңды  тұлғалар, яғни мекемелер,  кәсіпорындар, ұйымдар, партиялар, қоғамдық бірлестіктер қылмыс субъектісі бола алмайды дегенді білдіреді. Осыларды айта келе, Қылмыс субъектісі дегеніміз қылмыс жасаған және бойында қылмыстық заңда көзделген белгілері бар жеке тұлға.

І. Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері

 

Қылмыс субъектісі –  қылмыс құрамының бір элементі, онсыз  қылмыстық жауаптылық болмайды және болуы мүмкін емес.

Қылмыстың субъектісі болып  қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған  және заңға сәйкес сол үшін қылмыстық  жауаптылықты көтеруге қабілетті адам танылады. Қылмыстық кодекстің 4,6,7 –  баптарының талаптарына сай Қазақстан Республикасының Қылмыстық  кодексінің күші Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағындағы  азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ шетелдіктерге қолданылады. Бұдан туатын қорытынды, қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін қылмыстық жауаптылыққа тек қана тірі адам – азамат тартылады. Ал заттар, жануарлар дүниесі, табиғат күштері келтірілген зиян үшін олар қылмыстық жауапқа тартылмайды, яғни бұл аталғандар қылмыс субъектісі болып танылмайды. Егер адам жануарларды немее табиғи күштерді пайдалану арқылы қасақана немесе абайсыздықпен басқаға зиян келтірсе, онда қылмыстық  жауаптылыққа сол адамның өзі тартылады. Мысал, қабаған итке адамды қасақана әдейілеп қаптырса, онда сол адам жөнінде қасақана дене жарақатын келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық мәселесі қарастырылады, ал мұндай жағдайда ит қылмыс субъектісі емес, қылмысты істеудің құралы болып табылады1.

Сондай-ақ заңды тұлғалар – мекеме, ұйым, кәсіпорын және басқа  да заңды ұйымдар қылмыстың суъектісі  болып танылмайды.

Қайсы бір кәсіпорын, мекеме, ұйымда еңбек қорғау ережелерінің  елеулі бұзылуы үшін қылмыстық жауаптылыққа мекеме, ұйым, кәсіпорын емес, сол еңбек қорғау ережелерін кінәлі түрде бұзған лауазымды адам, егер соның салдарынан адамдар қайғылы жағдайға ұшыраса жауаптылыққа тартылады.

Қылмыс субъектісінің  қажетті белгілерінің бірі – қылмыс жасаған адамның есінің дұрыстығы.

Есі дұрыстық – қылмыстық  заңда көзделген қоғамға қауіпті  әрекетті жасаған кезде адамның  өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі  сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғынып, оған ие болу қабілеті.

Есі дұрыстық – адамды қылмыстық жауапқа тартудың және оны жазалаудың қажетті шарты  болып табылады.

Қылмыстық заңның нормалары, әр кезде де, төңірегіндегі жағдайды дұрыс пайымдап, өз әрекетінің маңызын  түсіне алатын, оған ие болу қабілеті бар, психикасы қалыптан ауытқымаған адамдарға бағытталады. Мұндай қабілеті жоқ адамдар психикасы бұзылғандықтан өз әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипатын және қоғамға қауіптілігін ұғына алмайды, әрекетіне ие бола алмайды, сондықтан да олар есі дұрыс емес деп танылады және қылмыстық жауапқа тартылмайды (16 б).

Қылмыс субъектісінің  есі дұрыстығымен қатар және бір  міндетті белгісі – қылмыс жасаған  кезде адамның заңды белгіленген  жасқа  толуы.

Өз іс-әрекетін дұрыс  бағалау, жасаған әрекетінің әлеуметтік маңыздылығын ұғыну, әрекетіне ие болу қабілеті белгілі бір жаста пайда болады. Ол кезде адам есейеді, адамгершілігі дамиды, рухани өседі, кәмелетке жетпегендер де (14 жасқа толмағандар да) мұндай қасиеттер болмайды. Сондықтан олар қылмыс субъектісі деп танылмайды.

Адамның есінің дұрыстығы  және қылмыстық заңда белгіленген  жасқа толуы қылмыс субъектісінің  жалпы заңдылық белгілері болып  табылады, олар қылмыстардың барлық құрамдары  үшін міндетті, бұлардың ең болмағанда біреуінің болмауы, әрекетте қылмыс құрамының жоқ екендігін көрсетеді.

Қылмыскердің қосымша  белгілерін, соның ішінде жеке басының, еңбек және тұрмыс жағдайын  ескеру айыптының бұрын қылмыс жасаған  –жасамағандығын, ерекше бұзық немесе баукеспе екенін білуге, кейде қылмыстық жауапкершіліктен босатуға, үкімнің орындалуын кейінге қалдыруға, жазадан шартты түрде мерзімнен бұрын босатуға себеп болатындығын да естен шығармау керек. Заңдылық нормаларда басқа да белгілер көрсетіледі. Олар -  қылмысты қайталап жасау, әлденеше рет жасау, үнемі жасау, ерекше қауіпті рецедивист, арнаулы субъект тағы басқалар.

“Қылмыс субъектісі”  және “қылмыскердің жеке басы”  ұғымдары бірдей емес. Қылмыскердің жеке басы – қылмыс субъектісіне қарағанда  кең түсінік береді. Қылмыскердің жеке басы дегеніміз – қылмыскерді  жалпы адам ретінде сипаттайтын барлық әлеуметтік қасиеттердің, байланыстардың және қатынастардың жиынтығы, оның әлеуметтік  (саяси, еңбек, тұрмыстық, отбасылық т.б) байланыстары; өнегелік саяси қасиеттері (дүниетанымы, сенімі, құштарлығы); психикалық қасиеттері мен ерекшеліктері (интеллекті, еріктік қасиеттері, сезімдік ерекшеліктері, қызбалығы); демографиялық және дене жаратылыс ерекшеліктері (жынысы, жасы, денсаулық ахуалы); өмірбаяны, өмір тәжірибесі, білімі, қоғам алдында сіңірген еңбегі және кінәсі2.

Қылмыскердің жеке басына қатысты барлық қасиеттердің ішінен қылмыс субъектісі ұғымы өзіне қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілердің  ең аз ғана жиынтығын қамтиды (есі  дұрыстық, қылмыстық жауапқа тартылу  жасына толу); бұл белгілердің қылмыстық құрамы болмайды.

Қылмыскердің жеке басының  ерекшеліктері жаза тағайындағанда, оны жеке даралағанда (ҚК-тің  52,53,54 -баптары), шартты түрде соттау туралы (ҚК-тің 63-бабы), қылмыстық жауаптылықтан  және жазадан босату туралы (ҚК-тің 65,66,67,68,69 баптары), жазадан мерзімнен бұрын шартты түрде босату немесе жазаны өтелмеген бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру туралы (КҚ-тің 70,71-баптары) мәселелерді шешуде және басқа жағдайларда маңызды болып табылады.

    1. Есі дұрыстық және есі дұрыс еместіктің түсінігі. Есі дұрыстық – қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты.

 

Жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірген не зиян келтіру қаупін төндірген, қылмыстық заңда тиым салынған әрекетті жасаған адам қылмыстық  жауапқа тартылып, жазалануы үшін оның есі дұрыс болуы керек3.

Жоғарыда аталып кеткендей, есі  дұрыстық дегеніміз – адамның  қоғамға қауіпті әрекет жасаған  кездегі өз әрекетінің іс жүзіндегі  сипатын,  қоғамға қауіптілігін ұғына  алатын, оған ие бола алатын қабілеті. Есі дұрыс емес адамдар қылмыстың  субъектісі болып табылмайды.  Сол себепті олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Мұндай адамдарға істеген іс-әрекеттері үшін  қылмыстық жаза болып табылмайтын медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін (ҚК 89-95 баптар). Есі  дұрыстықтың белгісіне тоқталып өтсек, ол адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетін  істеген уақытта өзінің іс-әрекетінің мәнін сезіп, ұғынуы және оны басқаруға қабілетінің болуы қылмыстық құқықтағы кінә туралы түсінікпен тығыз байланысты. Яғни, қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген кезде  оны істеушіге әйтеуір кінәнің бір түрі қасақаналық немесе абайсыздық болуы тиіс. Өйткені, кінә қылмыстық жауаптылықтың басты, негізгі алғышарты болып табылады, өз әрекетінің мәнін түсінбейтін және өзін-өзі басқаруға қабілеті жоқ адамдарда кінә да болмайды, сол себепті олар қылмыстық жауапқа тартылмайды. Кылмыстық Кодекстің іс-бабында есі дұрыс еместіктің түсінігі берілген. Онда:

1.Осы Кодексте көзделген қоғамдық  қауіпті әрекетті жасаған кезде  есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы психикалық ауруы, психикасының уақытша бұзылуы, кемақылдылығы немесе психикасының өзге де дертке ұшырауы салдарынан  өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс емес.

2.Есі дұрыс емес деп танылған  адамға  сот осы Кодексте көзделген  медициналық сипаттағы мәжбүрлеу  шараларын қолдануы мүмкін, - делінген4.

Есі дұрыс еместіктің ұғымын ашып көрсеткенде қылмыстық құқық  ғылымы екі белгіні: медициналық (биологиялық) және заңдылық (психологиялық) белгіні қолданады. Заңдылық белгі бойынша сот қоғамға қауіпті іс әрекетті істеген адамның өзінің іс-әрекетіне есеп бере алатынын және оны істегенде өзін басқара  алатынын анықтайды.

Медициналық (биологиялық) белгі бойынша қоғамға қауіпті әрекетті істеген адамның аурулық жағдайына байланысты болған қабілетсіздігінің себебі анықталады. Адамның кез-келген аурулық жағдайы оны есі дұрыс емес деп тануға негіз болмайды, сол аурулардың ішіндегі адамға өзінің іс-әрекетін нақты дұрыс бағалауға бөгет жасайтын аурулар ғана оны есі дұрыс емес деп тануға негіз болады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сондықтан медициналық белгі міндетті түрде заңдылық белгімен қабаттасуы қажет. Тек осы екі белгі бірдей болған жағдайда ғана адам есі дұрыс  емес деп танылуы мүмкін. Медицнналық белгінің түсінігі сот-психиатрих ғылымы белгілеген жалпы ережелеріне негізделген. Қылмыстық құқық есі дұрыс еместіктің түсінігін осы ережелерді басшылыққа ала отырып, өз ерекшеліктеріне сәйкес түсіндіреді. Медициналық белгілерге қылмыстық заңда төрт түрлі ауру жатқызылған:

1.Созылмалы психикалық ауру. Бұл  ауруға жазылмайтын немесе жазылуы  өте қиын, аурулық жағдайы өрістей  беретін аурулар жатады. Бұған:  шизофрения, желікпе, депрессиялық  есалаңдық, ми мерезінің салдарынан  үдемелі сал аурына шалдығу, кәрілікке байланысты дамыған есалаңдық және басқалары.

2.Психикасының уақытша бұзылуы.  Бұған жататындар: алкогольдік есалаңдық,  патологиялық маскүнемдік, белая  горячка т.б. аурулары. Бұл аурулар  тез пайда  болады, емделген  жағдайда артынан жазылып кетуі де мүмкін.

3.Кемақылдық. Бұл адамның ақыл-ой  қабілетінің төмендеуінен туындайтын  аурулар. Мұндай аурулар тұрақты  туа біткен ауыр нерв ауруының (делбе, энцефалит, мидың зақымдануы) әсерінен пайда болады. Кемақылдылықтың  үш түрі бар: дебильдік (жеңіл түрі), имбецильдік (орташа түрі).

4.Психикасының өзге де дертке  ұшырауы. 

Бұл сырқаттағы күйге жататындар психикалық аурулардың қатарына жатпайтын, бірақ  адам психикасының  бұзылуына әсер ететін әр түрлі  аурулар жатады. Бұған әр түрлі жұқпалы аурудың әсерінен адамның сандырақ  күйге түсуі, ауыр жарақаттан пайда болған ми ісігі немесе нашақорлық аштығынан болған жарақаттар жатады.

Психикалық аурудың, тіптен созылмалы  психикалық аурудың болуының өзі  қылмыстық заңда көзделген әрекетті жасаған адамның есі дұрыс еместігі туралы мәселені шешпейді. Психикалық аурудың қарқыны әр түрлі болады, кейде ол адамды өз іс-әрекетінің мазмұнын ұғына алмайтын және оған ие бола алмайтын жағдайға дейін  жеткізеді. Сондықтанда медициналық критерий есі дұрыс еместіктің заңдық (психикалық) критерийімен толықтырылады. Медициналық критерий (аталған белгілердің біреуі болған жағдайда) заңдық критерийлермен үйлескенде ғана есі дұрыс еместік болады. Критерийлердің біреуінің (медициналық немесе заңдық) болмауы адамды есі дұрыс емес деп тануды болдырмайды5.

Заңдық (психологиялық) белгі адамның  өзінің істеген әрекетіне есеп бере алмауынан (интеллектуалдық кезеңнен) немесе өзінің әрекетін басқара алмауынан (еріктілік кезеңнен) тұрады.

Интеллектуалдық кезеңнің мазмұнына  адамның өзінің істеген іс-әрекетінің шын мәніндегі жағдайын түсінбейтінін, оның қоғамға қауіпті мәнін яғн, қоғам, басқалар үшін өз мінез-құлқының зияндылығын сезбейтінін көрсетеді.  Ақыл-ойдың бұзылуы еріктің бұзчылуына себепкер болып, адамның өзінің іс-әрекетін басқара алмайды. Кейде адам өзінің әрекетінің  мәнін түсінгенмен, аурулық жағдайына байланысты өзін басқара алмайтын кезеңдер де болады. Мысалы, наркотикалық аштық жағдайындағы адам, өзіне жедел жәрдем көрсетуші медицина қызметкеріне шабуыл жасап, одан наркотикалық зәрі бар нәрсені тартып алуды өз мінез-құлқының  қылмыс екенін сезеді. Бірақ та наркотикалық тәуелділікке байланысты еріктілік жағдайының терең бұзылуы салдарынан өзін-өзі ұстауға, басқаруға қабілеті болмайды. Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін сот-психиатриялық сарапшының қорытындысы қажет. Есі дұрыс емес деп танығанда медициналық белгінің нышандарының кем дегенде біреуін және заңдылық белгінің нышандарының интеллектуалдық еріктілік белгілерінің  екуінде немесе ауырлық жағдайдың кейбіреулері үшін тек қана еріктілік белгісін анықтау қажет. Осы екі белгі қабат болғанда ғана есі дұрыс еместіктің мәселесі шешіледі. Белгіленген тәртіппенесі дұрыс емес деп танылған адамдар субъектісі болып табылмайды, бұл оның іс-әрекетінде қылмыс құрамының жоқ екендігін білдіреді. Қылмыстық  кодекстің 17-бабының 2-бөлімінде есі дұрыс күйінде қылмыс істеген, бірақ сот үкімшығарғанға дейін өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп беру немесе өзінің әрекетін басқару мүмкіндігінен айырылып қалған, есі ауысу дертінен ауырып қалған адамды жазаға тарпау туралы айтылған. Есі ауысқан адам сот процесінің мәнін, жазаның мақсаттары мен мазмұнын дұрыс түсінбейді. Мұндайда сот-психиатриялық сараптың қорытындысына сәйкес, есі асысуы уақытша деп танылса, іс өндірістен тоқтатылады да, ондай адамға  соттың тағайынгдауы бойынша медицналық сипаттағы еріксіз емдеу шаралары қолданылуы мүмкін. Ал уақытша есі ауысу дертінен айыққаннан кейін жазалануы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 18-бабында мас күйінде істелген қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған. Осы бапқа сәйкес қылмысты мас күйінде істеген адам (спирттік ішімдікті, есірткі немесе басқа да есеңгірететін заттарды пайдаланудың нәтижесінде) қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды. Демек, мұндай адам қоғамға қауіпті іс-әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылады6.

 

1.2.Жасқа толу 

Адамды қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі оның белгілі жасқа толуы болып  танылады. Өте жас балалар қылмыстың  субъектісі бола алмайды.  Өйткені, олар өздерінің тым жастығына  сәйкес жеткілікті жағдайда өздерінің  қоғамға істеген зиянды іс-әрекетіне жауап бере алмайды және өздерінің қылықтарын басқара алмайды. Сондықтан қылмыстық заң өзі арнайы көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға тиым салады. Кез-келген жеке тұлға есі дұрыс болса да, егер заңда көрсетілген жасқа толмаса қылмыс субъектісі бола алмайды.

ҚК-тің 14-бабының бірінші бөлігінде  “есі дұрыс, осы Кодексте белгіленген  жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық  жауапқа тартылуға тиіс” делінген7.

ҚК-тың 15-бабының бірінші бөлігінде жасқа толған қылмыс жасаған кезде он алты жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылуға жатады.

Заңда анық көрсетілген кейбір қылмыстар  үшін ғана қылмыстық жауаптылық он төрт жастан бастап көзделген.

ҚК-тің 15-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған кезде он төрт жасқа толған адам мына қылмыстар үшін қылмыстық жауапқа тартылады: адам өлтіру (ҚК-тың 96-бабы), денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (ҚК-тың 1013-бабы) ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (ҚК-тің 104-бабының екінші бөлігі), зорлау (ҚК-тің 171-бабы), адамды ұрлау (ҚК-тің 125 бабы), ұрлық (ҚК-тің 175-бабы), тонау (ҚК-тің 178-бабы 181-бабы) ауырлататын мән-жайларда автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатының (ҚК-тің 185-бабының екінші, үшінші, төртінші бөліктер) ауырлататын мән-жайларда бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру, терроризм, адамды кепілге алу (ҚК-тің 234-бабы), терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау (ҚК-тің 242-бабы), қаруды, оқ дәріні, жарылғыш заттар мен қару құралдарын ұрлау не қорқытып алу (257-б), тағылық (258-б), есірткі заттарды немесе жүйкеге  әсер ететін заттарды ұрлау не қорқытып алу (260-б), ауырлататын мән-жайларда өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау (275-б, 2-б), көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру (ҚК-тің 299-б).

Қылмыстардың бұл көрсетілген  тізімі толық болып табылады және кең түсініктеме беруге жатпайды. Осы көрсетілген қылмыстардың қоғамға  қауіптілігін 14 жасқа толған әрбір  адам сезеді, өз әрекетіне есеп береді, сол себепті де заң шығарушы көрсетілген қылмыстар үшін жауаптылықты 14 жасқа толған уақыттан бастап белгілеп отыр.

Қылмыстық заң қылмыстық жауапқа 16 жастан, ал кейбір заңда арнаулы  көрсетілген қылмыстардың түрі үшін 14 жастан тартылатын белгілегенмен, кейбір әрекеттің мәнінің ерекшелігіне және субъектінің ерекше белгілеріне қарай, қайсыбір қылмыстардың субъектісі болып, жасы кәмелетке толған адамдар  ғана тартылады. Мысалы, кәмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тарту 131-бап, әскери қылмыстарда қылмыстың субъектісі болып тек 18-ге толған адамдар ғана танылады. Қылмыс істеген, кәмелетке толғандардың жасы, туған жылы, айы-күні дәлме-дәл  анықталуы қажет. Адамның белгілі бір жасқа (14,16,18,25) толуы дәл туған күнімен емес, кейінгі тәуліктен бастап есептелінеді. Кәмелетке толмағандардың жасы сот медициналық сарапшының қорытындысы бойынша анықталғанда, оның туған күні болып сол аталған жылдың соңғы айының соңғы күні (31 желтоқсан) танылады8.

Кәмелетке толмағандар жөніндегі  істерді қарағанда соттар айыпкердің кім екендігін,  оның тәрбие және өмір сүру шарттарын, қылмыстық ниетін, істеген қылмысының себебі мен жағдайын  толық есепкеала отырып, оларға тәрбиелік сипаттағы шараларды қолдануды немесе жаза тағайындау мәселесін шешуі қажет.

Кәмелетке толмағанның психикалық жағынан  артта қалуы жөніндегі деректер болған жағдайда оның психикалық даму деңгейін, өз іс-әрекетінің мәнін толық ұғына алған-алмағандығын, оған қаншалықты ие бола алғандығын анықтау қажет. Ол үшін, қажет болған жағдайда, балалар мен жас өспірімдер психологиясы саласындағы мамандар (психолог, педгог) сараптама жүргізуге тиіс немесе бұл мәселелерді сарапшы-психиатрдың шешуі қажет.

Қылмыстық кодекстің 15-бабының үшінші бөлігіне сәйкес егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан  артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде толық түсіне алмаса, не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес.

Қылмыстық заң қылмыс субъектісінің  жасы кәмелетке толмауына байланысты қылмыстық жауаптылық пен жазаның  әр түрлі кодексінде кәмелетке толмағандардың жауаптылығы туралы мәселелер. Жалпы бөлімде, “Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы” деп аталатын 4 бөлімде қарастырылған.

 

 

ІІ. Қылмыстың арнаулы  субъектісі

 

Есі дұрыстық және заңда белгіленген  жасқа толу, бұл айтылған екі белгі кейбір қылмыс құрамдары үшін жеткіліксіз, ондай  құрамдарға субъект болу үшін осы көрсетілген белгілердің үстіне басқа да қосымша белгілер болуы қажет.

Қылмыстың арнауы субъектісі дегеніміз  субъектінің жалпы белгімен (есі  дұрыстық, белгілі бір жасқа толу) бірге қылмыстық кодекстің ерекше  бөліміндегі тиісті нормаларда көрсетілген қосымша – арнаулы белгілері бар адамдарды айтамыз. Қолданылып жүрген қылмыстық заңда қылмыстың арнаулы субъектісі туралы жалпы ұғым берілмеген. Қылмыстың арнаулы субъектісін сипаттайтын белгілер Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің тиісті қылмыстық-құқылық нормаларының диспозицияларында көрсетілген.

Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің  нормаларында арнаулы субъектілердің белгілерін көрсеткен.  ҚР ҚК-нің  Ерекше бөлімінде  мұндай екі түрлі тараудың аты көрсетілген. 13-тарау мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстар және 16-тарау әскери қылмыскер. Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың ерекшелігі сол, мұндай қылмыстарды тек қана мемлекеттік органның лауазым иесі немесе қызметшісі болып тағайындалған адамдар ғана қызмет бабын пайдалану арқылы істей алады. Санатқа жатпайтын адамдар қызмет бабындағы қылмыстардың  объективтік жағының белгілерін орындауы мүмкін емес.  Әскери қылмыстардың субъектісі болып тек қана әскери қызметшілер, әскери қызмет атқаруға міндеттілер ғана саналады. Кейде арнаулы субъектінің белгісі Қылмыстық  кодекстің Ерекше бөлімінің нақты нормаларында көрсетілгенімен, ондай белгіні заңды грамматикалық, логикалық, жүйелі түсіндірудің негізінде  анықтауға болады. Кейбір нормалар бойынша қылмыстың арнаулы субъектісін анықтау үшін заң шығарушы белгілі бір мемлекеттік жүйе қызметкерлеріне тән сипаттаманы береді. Мысалы, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөілімінің 15-тарауы бойынша сот  төрелігіне және жазалардың орындалу тәртібіне  қарсы  қылмыстардың бірнеше  нормалары әділ соттылыққа  қоса осы органның лауазымды адамдарының анықтаушы, тергеуші, прокурор, судья – істейтін қылмыстары туралы көрсетіп, олардың қылмыстық жауаптылығын белгілеген.

Жалпы Ереже бойнша Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы бойынша қылмыстың субъектісі  болып Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар (6,7-б.) танылады. Арнаулы субъектілі қылмыстарды қылмысқа бірге қатысып істегенде оның орындаушысы тек қана арнаулы субъект, ал басқа қатысушылары жай субъект болады. Арнаулы субъект мынадай белгілері бойынша топтастырылады.

1.Мемлекеттік құқылық жағдайы  бойынша:  ҚР азаматы, шетелдіктер  және азаматтыға жоқ адам (165-б)

2.Демографиялық белгілері бойынша

Кінәлінің жынысына  қарай еркек (120,121-бап), әйел (121-бап), жас мөлшері (131, 132 - баптар)

3.Отбасылық туыстық қатынастары  бойынша: 

Ата-аналар (ҚК 136-бап), жұбайлар (140-бап), қамқоршы (139-бап), денсаулық жағдайы  – ВИЧ, ЖҚТБ, соз ауруларымен ауыратын адамдар (116, 115-баптар)

4.Әскери міндетке қатысы жөніндегі  міндеті: міндетті әскери қызметке  шақырушылық (326-бап), әскери қызметкерлер  және әскери қызмет атқаруға  міндеттілер (366-393 - баптар).

5.Қызмет  жағдайы жөніндегі адамдар  (307, 308, 309, 310, 311, 312, 313, 314, 315, 316 - баптар).

6.Арнаулы мемлекеттік жүйелерде  лауазымдық жағдайына байланысты  қызмет атқарғандар – прокурор, судьялар (339,365 бап).

7.Кәсіби міндетіне қарай: дәрігер  (144-бап), медицина қызметкерлері  (ҚК 114 бап).

8.Атқарған қызметінің немесе  жұмысының мәніне қарай қызмет  не жұмыс бабын өзіне сеніп   тапсырған мемлекеттік құпияны  жариялау (172-бап), теміржол, су, кеме  және әуе көлігі қызметкерлері  (295-бап), сайлау комиссиясының мүшесі (147 -бап), сауда қызметкерлері (223-бап)

9.Азаматтық мемлекет алдындағы   борышының мәніне қарай: куә,  мәжбүрлеуші, сарапшы (352-бап)

10.Адамның жәбірленуші жөніндегі  ерекше жағдайларына байланысты  жәбірленушіге  қамқорлық жасауға  міндетті адам (119-бап), жәбірленушінің  сол адамға материалдық немесе басқа тәуелді болуы (102-бап, ІІ бөлігі).

11.Адамның бұрынғы істеген қоғамға  жат әрекетін рнемесе әрекетсіздігін  сипаттайтын белгілері бойынша  96-бап, ІІ бөлігі, “н” тармағы), бұрын сотталған адам (117-бап, 3-бөлігі).

 

 

ІІІ.Мас күйінде жасалған қылмыстар үшін жауаптылық

 

Профессор Е.Қайыржанов: “Әуелі маскүнемдіктің қоғамдық өмір негізі - өндіріске тигізетін  зияны көп” – дейді9. Еңбек тәртібінің бұзылуы, шығарылатын өнімнің саны мен сапасының төмендеуі, өндірістегі түрлі жарақат, еңбек адамының жұмыстағы өлімі немесе мүгедекке ұшырауы, тағы басқа жағдайлар маскүнемдікке байланысты екенін нақтылы, толық көрсеткен.

1958 жылғы шыққан заңға дейінгі  заңда (1934 жылғы) мас күйінде  жасалған қылмыстардың жауапкершілігі  әртүрлі болып келеді. Мысалы, 1934 жылғы заңда мас күйінде жасалған қылмыстар үшін есі дұрыс еместікті пайдаланбайтын, маскүнемдіктің қандай түрі болады, соған жауапкершілікке тартылаатындығы  айтылған. 1937 жылғы заңның 10-бабында өзін-өзі мастық жағдайға  келтіріп, уақытша өзі ісіне есеп бере алмай қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін жаза тағайындалуы керекделінген. 1958 жылғы заңның негізі де соған сәйкес. Біздің  республикамыздың Қылмыстық Кодексінде (12-бабында) қылмысты мас күйінде жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды делінген.

Көрнекті психиатр-ғалымдар маскүнемдік  адамның екі жағдайын аңғаруға болады дейді. Ішпеген соң уақытында  өте сабырлы, ал мас күйінде аянышты, әжуалы, сиықсыз болып көрінеді. Дегенмен, заңда мас күйінде қылмыстық  іс-әрекет жасағаны үшін жауапқа тартылуы, жаза тағайындалуы қажет екенін көрсетеді.

Әрине, мас күйінде жасаған іс-әрекетіне  кінәлінің саналы түрде есеп бере алмайтыны, келетін зардапқа толығымен  жауап беру қабілетінің жетпейтіндігі  белгілі болғанымен өз қылығына, жасаған  әрекетіне есеп бере алады, әрекетін басқара алады. Қылмыстық құқықта маскүнемдік физиологиялық және патологиялық болып екіге бөлінеді.

Физиологиялық  (жабайы маскүнемдік)- уақытша жүйке жүйелерінде өзгешеліктердің  болуы. Кей кезде сана-сезімі азайып, болып жатқан жағдайға толық жауап беруге қабілеті жеткіліксіз болуы. Дегенмен, жүйке жүйесінің әлсірегенін, қабілетінің жеткіліксіз болғанын, болып жатқан жағдайда анықтауға шамасының келмегенін, ішімдіктің салдарынан есінің уақытша кіресілі-шығасылы ауруы болмаса, кемақылдылық ауруы бар деуге болмайды. Мұндайда адам өзінің айналасындағы көріністерде не болып жатқанын, жалпы жағдайды болжай алатындай, өз қылығына жауап бере алатындай сана сезімде болады деп ойлау керек. Көбінесе адам мас күйінде де өзінің ісіне есеп беріп және өзін-өзі ұстай алатындай   күйде де болады. Қандай мөлшерде ішсе де есінен айырылмайтын жағдайда болуы мүмкін. Ал көп жағдайда оның яғни мас адамның  санасында елестеушілік (галюцинация), сандырақтау сияқты қасиеттерді аңғара алмаймыз.

Елесті ауру (белая горячка), көз алдына елестеушілік (алькогольный галлюциноз), сандырақтау (корсаковский психоз) ауруларымен  ауру мезгілінде жасаған іс-әрекеттер болса, қылмыстың жауапкершіліктен босатылып, ем қолданылады.

Физиологиялық мас болудан патологиялық мас болуды ажыратып алу қажет. Патологиялық мас болу дегеніміз – психиканың қатты, аз уақытта бұзылуы. Патологиялық мас болғанда сананың дертті өзгерісі салдарынан кенеттен сандырақ, елес пайда болады, адам бағдардан айырылады, шындықтағы байланысты  жоғалтады, себепсіз үрейленеді, ашу пайда болады. Дүлей әрекеттерді кенеттен, қатыгездікпен жасайды және талқандап бүлдіруге бейім болады. Патологиялық мас болу алдын-ала соған итермелейтін факторлар (қажу, үрейлену, мазасыздан т.б) болғанда туындайды және ол алкогольді қанша қабылдағанға байланысты емес10.

Қылмыстық заңда көзделген қылмысты патологиялық мас жағдайында жасаған  адам есі дұрыс емес деп танылады. Патологиялық мас болу жағдайында адам, өзінің психикасының уақытша ұзылуы себепті, өз әрекетінің іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғыну және оған ие болу қабілетінен айырылады, яғни бұлжағдайда Қылмыстық кодекстің 16-бабында көрсетілген есі дұрыс еместіктің медициналық және заңдық белгілері болады. Мұндай адамдарға медициналық сипаттағы мәжбүрлей шаралары қолданылуы  мүмкін.

Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері