Қылмыстардың көптігі және олардың түрлері
1. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨПТІГІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Бір адамның бір (жеке) немесе
бірнеше қылмыс істеуі мүмкін. Жеке
қылмыс деп қылмыстық заңда
Тұлғаның қылмыстық жауапқа тартылуының ескіру мерзімі өтпеген немесе соттылығы жойылмаған не алынып тасталмаған немесе қылмыстық жауапқа тартылу заңға сәйкес тоқтатылмаған екі не одан да көп қылмыс жасауы қылмыстық құқықта қылмыстардың көптігі деп танылады. Қазіргі қылмыстық заңдар бойынша қылмыстардың көптігінің төмендегідей түрлері айқындалып, ажыратылады:
1) қылмыстың бірнеше мәрте жасалуы;
2) қылмыстардың жиынтығы;
3) қылмыстың қайталануы.
Қылмыстардың көптігінің
өзіне тән белгісі — бір
тұлғаның кемінде екі қылмыс, яғни
қылмыстардың дербес құрамдарының белгілері
бар әрекеттер (немесе жиынтықталған
бір әрекет) жасауы. Кейбір жағдайларда
бір адам бірнеше қылмысты істеуі
мүмкін, мұндай жағдайда олардың іс-әрекетін
дұрыс саралау үшін қылмыстардың
көптігінің түсінігін дұрыс анықтау
керек. Қылмыстық жауапқа тартудың
мерзімі ескірмеген немесе сотталғандықтан
арылмаған немесе сотталғандығы
жойылмаған жағдайда бір адамның
екі немесе одан да көп қылмыстарды
істеуін қылмыстар көптігі деп
айтамыз. Қылмыстардың көптігінің өзіндік
белгілері: бір адамның екі немесе
одан да көп әрқайсысы жеке-жеке
құрам болып табылатын қылмысты
істеуі болып табылады. Сондықтан
әкімшілік құқық бұзушылық іс-
Қылмыстық жауаптылықтың ескіру мерзімі өтіп кеткен немесе соттылығы жойылған (алынып тасталған) заң бұзушылықтар да қылмыстың көптігіне жатпайды. Бұл туралы қылмыстың бірнеше мәрте жасалуына қатысты ҚК-тің 11-бабының үшінші бөлігінде анық айтылған2.
Сонымен қатар, қылмыстық-құқықтық салдар жоққа шығарылған әрекеттер де қылмыстардың көптігіне жатпайды. Ол жағдайлар, атап айтқанда мыналар: шын өкінуіне (ҚК-тің 65-бабы), қажетті қорғанудың шегінен асуына (ҚК-тің 66-бабы), жәбірленушімен татуласуына (ҚК-тің 67 бабы) байланысты немесе рақымшылық жасау актісі негізінде (ҚК-тің 76-бабының екінші бөлігі) немесе ҚК-тің Ерекше бөлімінде көрсетілген жағдайларға орай (125, 165, 231, 233, 312 және басқа баптарда кездесетін ескертулер) қылмыс жасаған тұлғаның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы немесе босатылуға тиістілігі3.
Қылмыстардың көптігін жеке қылмыстардан ажырата білген жөн. Егер де жасалған қылмыс қарапайым құрамның белгілерінен тұратын қылмысты қылықтың бір ғана көрінісі болса, әрине, жекелеген қылмыс түрін қылмыстардың көптігінен ажыратып алу, әдетте, қиынға соқпайды.
Алайда, сот тәжірибесінде
сырттай қарағанда жекелеген
қылмыстардың қылмыстың көптігіне
өте ұқсас болып келетін
Жеке қылмыстар мен қылмыстардың көптігін ажырату, тергеу, сот қызметінде аса маңызды роль атқарады. Кейбір жағдайларда оны ажырату белгілі бір тұрғыда қиындық та туғызады. Өйткені, жеке қылмыстардың өзі жай, күрделі құрамға, созылмалы, жалғасқан қылмыстар болып және басқа да түрлерге бөлінеді. Жай (бір) құрамда, бір объектіге, бір әрекет арқылы кінәнің бір нысанымен зиян келтіру арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, 175-баптың 1-бөлігі бөтеннің мүлкін жасырын түрде ұрлау4. Бұл жерде бір объектіге (біреудің меншігіне) бір әрекет (жасырын ұрлау) арқылы бір кінә нысанымен (қасақаналықпен) жәбірленушіге зиян келтіріліп отыр.
Күрделі құрам деп екі
немесе одан да көп іс-әрекеттерден
құралатын, оның әрқайсысының бірінен-бірін
бөліп қарағанда жай түрдегі
қылмыс құрамына жататын, бірақ ішкі
бірлігі бойынша бір қылмысты
құрайтын қылмыстардың жиынтығын айтамыз.
Мысалы, қарақшылықтың құрамын алайық.
Мұнда бөтен біреудің мүлкіне
иелік ету жәбірленушінің өмірі
мен денсаулығына қауіпті күш
жұмсау арқылы жүзеге асырылады (179-бап).
Бұл жағдайда және әр түрлі қылмыстық
әрекеттер (жәбірленушінің) өмірі мен
денсаулығына қауіпті күш көрсету
және мүлікті иемдену немесе иемденуге
оқталу) бір күрделі қылмыс құрамын
қарақшылықты құрайды, бірақ осы
әрекет ішкі бірлігіне байланысты бір
қылмыс құрамын құрап тұр. Жеке, күрделі
құрамның бір түрі — балама әрекетті
қылмыс болып табылады. Оның ерекшелігі
сол қылмыстық заңда
Созылмалы қылмыс деп кінәлінің өзіне қылмыстық заң жазамен қорқытып жүктеген міндеттемелерін ұзақ мерзімге орындамай әрекет немесе әрекетсіздік арқылы белгілі бір қылмыс құрамын үзіліссіз, белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асыруы болып табылады.
Айталық П. өзінің ұлын асырауға қажетті, сот шешімі арқылы белгіленген қаржыны төлеуден бір жарым жыл бойы қасақана бас тартты. Бұл уақыт аралығында ол өзінің жүмыс орнын сегіз рет өзгертіп, бір қаладан екінші қалаға көшумен болды. Қылмысты қылығының осыншама уақытқа созылғанына қарамастан, П-ның ісі қылмыстың көптігіне жатпайды, ол созылмалы жалғыз ғана қылмыс болып табылады.
Мұндай созылмалы қылмыстардың қатарына бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (372-бап), балаларын немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын бағуға арналған қаражатты төлеуден әдейі бұлтару (136-бап), қаруды, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау және өткізу (251-бап); қашқындық (ҚК-тің 373-бабы), несиелі берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚК-тің 195-бабы), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (ҚК-тің 213-бабы), қылмыс туралы хабарламау (364-бап) және басқалары жатады. Мұндай жағдайларда қылмысты әрекет кінәлінің кінәсін өзі мойындап келген уақытына немесе оның өкімет органы арқылы ұсталуына байланысты жағдайларда ғана үзіледі. Оған дейін істеген іс-әрекет бір (жеке) созылмалы қылмыс ретінде қарастырылады.
Жалғасқан қылмыс деп ортақ мақсатқа жетуге бағытталған ұқсас (бірдей) қылмысты әрекеттерден құралатын, жиынтығында бір қылмыс болып табылатын қылмыстарды айтамыз.
ҚК-тің 11-бабының бірінші бөлігіне сәйкес — жалғаспалы қылмыс ортақ ниетпен және мақсатпен қамтылып, тұтас алғанда, бірдей қылмыстық әрекеттер қатарынан тұрады. Әдетте, жалғаспалы қылмыстар әрекеттерден туындайды, бірақ әрекетсіздіктен де тұруы мүмкін (ҚК-тің 315-бабындағы — қызметтегі әрекетсіздік). Барлығын тұтас алғанда жалғаспалы қылмысты құраушы әрекеттердің әрқайсысы жеке алғанда дербес қылмыс болуы да болмауы да мүмкін (әкімшілік немесе тәртіптік жауаптылықпен байланысты немесе тіпті ешқандай заң жауаптылығына байланыссыз). Алайда, кез келген жағдайда да, мұндай әрекеттердің әрқайсысы заң тұрғысынан өз алдына жеке сараланбауы тиіс, себебі, ол жалғаспалы қылмыс болып табылатын тұтас әрекеттің бір кезеңі ғана6.
Мысал ретінде жалғаспалы ұрлықты алуға болады. Егер де кінәлі деп табылған адам қоймадағы азық-түлікті белгілі бір уақыт аралығында азғантай мөлшерде алып шығып ұрлап отырса, оның әрекеттерінде қылмыстың көптігі болмайды. Бұл орайда, қылмыскердің әр кезде ұрлап шығарған мүлкінің мөлшерінің маңызы жоқ. Әр жолғы ұрланған мүлік мөлшері әртүрлі болып келтірілген залал бір жолы айтарлықтай келесі бір жолы елеусіз болғандықтан қоғамдық қауіптілікке жатпайтын және ҚК-тің 9-бабының екінші бөлігіне сәйкес қылмыс болып табылмайтын күнде де бұл ұрлықтың — жалғаспалы деп танылғаны орынды.
Ұрлықпен бірге тұтынушыларды алдау (ҚК-тің 223-бабы), ұрып-соғу (ҚК-тің 106-бабы), азаптау (ҚК-тің 107-бабы) және басқа да қылмыстар жалғаспалы қылмыстар қатарында жиі ұшырасады7.
Жоғарыда сөз болған жеке қылмыстардан қылмыстардың көптігін ажырата білу керек. Сондықтан да ең алдымен қылмыстардың көптігіне дұрыс анықтама берген жөн. Қылмыстық құқықта қылмыстардың көптігі деп адамның екі немесе одан да көп қылмысты кінәлі түрде істеуін айтамыз.
2. ҚЫЛМЫСТЫҢ БІРНЕШЕ МӘРТЕ ЖАСАЛУЫ
Қылмыстардың бірнеше рет жасалуы дегеннің мағынасына тереңірек үңілер болсақ, ол — бір тұлғаның екі немесе одан да көп қылмыстар жасауы. Бұл әрекеттері үшін тұлғаның сотталған-сотталмағандығы ескерілмейді.
Іс-әрекеттің құрылымына
қарай қылмыстық құқық
Қылмыстық кодекстің белгілі бір бабында немесе Ерекше бөлім бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті істеу қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады. (11-бап, 1-бөлігі). Сол сияқты Кодекстің Ерекше бөлімінің түрлі баптарында көзделген екі немесе одан да көп қылмыс жасау осы Кодексте арнайы көрсетілген жағдайларда ғана бірнеше рет жасалған деп танылуы мүмкін (11-бап, 2-бөлігі)8.
Осы заңның мазмұнына сәйкес
қылмысты бірнеше мәрте жасады деп
тану үшін бірінші және одан кейінгі
қылмыстарды істеуде уақыты жөнінен
үзіліс болуы және қылмыстық жауапқа
тартудың ескіруі болмаса, егер сотталған
болса, сотталғандықтан арылмаса немесе
сотталғандығы жойылмауы
Қылмыстық құқық теориясында бірнеше мәрте жасалған қылмыс жалпы және арнаулы болып екі түрге бөлінеді.
Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың жалпы қайталануы деп істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігінің мәні мен дәрежесіне қарамастан кез келген басқа бір қылмысты қайталап жасаушылықты айтамыз. Қылмыстың жалпы қайталануы қылмысты саралауға әсер етпейді, бірақ жаңа тағайындалғанда жазаны ауырлататын мән-жай ретінде есепке алынуы мүмкін (54 баптың 1-бөлігі, “а” тармағы).
Бірнеше мәрте жасалған қылмыстың арнаулы қайталануы деп адамның ұқсас немесе бір тектес қылмысты іс-әрекетті тағы да жасауы болып табылады9.
Бұл жердегі сөз болып отырған ұқсас қылмысқа бір қылмыстың құрамына жататын қылмыстың қайталанып істелуі жатады (Мысалы, бұрын адам өлтірген адамның адам өлтіруі 96-бап, 2-бөлігі, “н” тармақшасы, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді бірнеше рет жасаса 103-бап, 2-бөлігі, “к” тармағы).
Бір тектес қылмыстар деп
объективтік, субъективтік белгілері
ұқсас, кінәнің бір түрлі нысаны
орын алатын, бір немесе бірнеше
ұқсас объектіге қылмысты қол
сұғатын қылмыстарды айтамыз (мысалы,
ұрлық, тонау, қарақшылық және т. б.). Қылмыстық
кодекстің 175-бабында бөтеннің мүлкін
ұрлауға, бірнеше рет жасауға
түсінік берілгенде бір тектес қылмыстар
құрамы еске алынған. Бірнеше мәрте
жасалған қылмыс деп тану үшін кінәлі
адам бұрынғы қылмысы үшін сотталуы
немесе сол іс-әрекеті үшін ол әлі
де қылмыстық жауапқа тартылмауы
қажет. Бірнеше мәрте қылмыс жасады
деп тану үшін оны қылмыстық жауапқа
тартудың мерзімі ескерілмеуі, сондай-ақ
оның сотталғандығы жойылмауы немесе
одан арылмауы қажет. Бұл мәселеге Республика
Жоғарғы Сотының Пленумы
Бұрынғы істеген қылмысы
біткен немесе бітпегеніне, кінәлінің
сол қылмыс үшін орындаушы ретінде
немесе қылмысқа қатысушы ретінде қатысуына
қарамастан тағы да істеген қылмысы,
іс-әрекеті бірнеше мәрте
Үнемі (ұдайы) жасаған қылмыстар
да бірнеше мәрте жасалған қылмысқа
жатады. Үнемі қылмыс жасау кейбір
қылмыс құрамдарының қажетті белгісі
болуы мүмкін. Мысалы, 107-бапта көрсетілген
азаптау. Мұнда ұдайы ұрып-соғу немесе
өзге де күш қолдану әрекеттері жолымен
тән зардабын немесе психикалық зардап
шеккізу азаптау деп
Қылмыстардың әлденеше рет жасалуы оны Кодексте неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын мән-жай ретінде көзделген жағдайларда адамның жасаған қылмысы осы Кодекстің Ерекше бөлімінің қылмыстарды бірнеше мәрте жасағаны үшін жазалауды көздейтін бабының тиісті бөлігі бойынша айқындалады (11-бап, 5-бөлігі).
3. ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ЖИЫНТЫҒЫ
Егер адам Қылмыстық кодекстің
әр түрлі баптарында, ал жеке реттерде
баптардың бөлігінде
Қылмыстың жиынтығы болу үшін
адам істеген іс-әрекеттің біреуі
үшін де сотталмаған немесе заңмен
белгіленген негіздер бойынша қылмыстық
жауаптылықтан босатылмаған болуы
керек, осыған байланысты Қылмыстық
кодекстің 65, 66, 67, 68, 69, 73, 76-баптарында көрсетілген
шын өкінуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босап, қажетті қорғану
шегінен асқан кезде қылмыстық
жауаптылықтан босату; жәбірленушімен
татуласуына байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату; жағдайдың
өзгеруіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату; ескіру мерзімі
өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан
босату; айыптау үкімінің ескіру мерзімі
бойынша жазаны өтеуден босату, айыптау
үкімінің ескіру мерзімі бойынша
жазаны өтеуден босату, рахымшылық
немесе кешірім жасау актісі негізінде
қылмыстық жауаптылықпен
Егер мұндай мәселелер болса, онда ондай іс-әрекетте қылмыстың жиынтығы болмайды. Заң әдебиетінде қылмыстың жиынтығы идеалдық және нақты (реалды) болып екі түрге бөлінеді.
Қылмыстың идеалдық жиынтығы
деп кінәлінің бір іс-
Егер кінәлі адам бір әрекет арқылы бір мезгілде қылмыс істеуге оқталумен бірге екінші бір біткен қылмыстың құрамын орындаса бұл да қылмыстың идеалдық жиынтығы болады.
Мысалы У. төртінші қабаттағы пәтерінде тұрып жолда өтіп бара жатқан өзінің жек көретін танысы С-ны ауыр жаралау мақсатымен төртінші қабаттан С-ға қаратып жұдырықтай тас лақтырады. Тас С-ға тимей Ж деген әйелге тиіп, оған ауыр дене жарақатын түсіреді. Осы мысалдан У-дың бір әрекетінен екі қылмыс жасағанын көріп отырмыз. Оның біріншісі С-ға ауыр дене жарақатын салуға оқталу, екіншісі Т-ға абайсызда ауыр дене жарақатын түсіру. Қылмыстың нақты жиынтығы деп адамның әр түрлі іс-әрекеті арқылы қылмыстық заңның әр түрлі бабына (баптың бөлімдеріне, баптың тармақшаларына) жататын қылмыс жасауын айтамыз. Қылмыстың жиынтығын идеалдық және нақты деп бөлудің теориялық та, практикалық та маңызы зор. Қылмыстың нақты жиынтығының зияндылығы идеалдық жиынтыққа қарағанда қомақты болады, сол үшін де оған қатаңырақ жаза мөлшері белгіленеді. Онын үстіне Қылмыстық кодекстің 54-бабының 1-бөлігінің “а” тармағына сәйкес қылмыстың нақты жиынтығында бұрын бір қылмыс істеген адамның жаңадан қылмыс істеуі, қылмыстардың қайталануы, жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады.
Қылмыстың жиынтығын нормалар
бәсекелестігінен ажырата білу қажет.
Нормалар бәсекелесі Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінің бірнеше баптарын
бірдей қамтитын бір қылмыс арқылы
көрініс табады. Нормалар бәсекелесінде
сот Қылмыстық кодекстің
Жалпы және арнаулы нормалар бәсекелесі болғанда арнаулы норма қолданылады.
Егер арнаулы нормалар өзара бәсекеге түссе, онда жазаны жеңілдететін мән-жайларды көрсететін қылмыстық құқылық нормаға артықшылық беріледі.
Егер бір қылмысты іс-әрекет екінші бір қылмыстың міндетті белгісі ретінде көрінсе, қылмыстың жиынтығы болмайды. Мысалы: қызмет өкілеттігін пайдаланып қиянат жасау жеке қылмыс (307бап), ол сонымен бірге бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың тәсілі ретінде көрінуі де мүмкін (176-баптың 2-бөлігі, “в” тармағы), соңғы жағдайда барлық іс-әрекет бір қылмыс болып табылады да, қосымша 307-баппен саралануға жатпайды.
4. ҚЫЛМЫСТЫҢ ҚАЙТАЛАНУЫ
Бұрын қасақана жасаған қылмысы үшін сотталғандығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады (13-бап, 1-бөлігі).
Қылмыстың қайталануын білу үшін бұрын міндетті түрде сотталғандығы, бұрынғы істеген қылмысы үшін жазаны толық немесе ішінара өтеуі, соңғы қасақана қылмысты істегенде сотталғандық атағының болуы шарт. Яғни, қылмыстың қайталануы, көптік қылмыстардың ішіндегі ең қауіпті түрінің бірі. Қасақана қылмыс істеп, сол үшін сотталып, одан тиісті қорытынды шығармай, тағы да қасақана қылмыс істеудің өзі мұндай адамдардың мемлекет, қоғам, жеке азаматтардың мүддесіне қауіптірек екендігін көрсетеді. Осыған орай Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1993 жылғы 24 маусымдағы "Жаза тағайындағанда соттардың заңды дұрыс қолдануы туралы" № 3 қаулысына сәйкес соттардың назары бұрын сотталған, бірақ түзелгісі келмейтін адамдарға заңда көрсетілген жазалаудың қатаң шараларының қолданылуы керектігіне аударылды. Қылмыстың қайталануы соттың мұндай адамдарға қатаңырақ жаза тағайындауына негіз береді және бұрын сотталғандығы бар адамдарға заң бойынша жазаны өтеу түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуге тағайындалады.
Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың қайталануы фактілі және ресми болып бөлінеді.
Адамның бірінші істеген қылмысы үшін сотталғандық атағының бар-жоғына қарамастан тағы да жаңа қылмыс істеуі фактілі қылмыстық, қайталау деп саналады12.
Сотталғандық атағы жойылмаған немесе одан арылмаған адамның жаңа қылмыс істеуі ресми қылмыстық, қайталау болып табылады.
Ресми қылмыстық қайталау
деген атақтың болуы кінәлі адамның
іс-әрекетін саралауға, оған жаза тағайындағанда
немесе бас бостандығынан айыру
жазасына сотталғанда жаза өтеу колониясының
түрін белгілеуге, сондай-ақ шартты
жазаны, жазадан шартты түрде мерзімінен
бұрын босату және жазаны неғұрлым
жеңілірек жазамен ауыстыруды, қолдану,
қолданбау мәселесінде
Ресми қайталану жалпы, арнаулы, жай, күрделі, пенитенциарлық, қауіпті, оса қауіпті болып бірнеше түрге бөлінеді.
Жалпы қайталану деп сотталғандығы бар адамның кез келген жаңа қылмыс істеуін айтамыз. Мысалы ұрлық жасап сотталып, жазасын өтеп келген адамның бұзақылық жасауы.
Жалпы қайталанудың қылмысты саралау үшін әсері жоқ, ол тек жазаны даралағанда және тағайындағанда ғана есепке алынады.
Арнаулы қайталану деп
сотталғандығы бар адамның
Қылмыстық, кодекстің Ерекше бөлімінің кейбір баптары бойынша істелген қылмыс құрамының күшейтілген түрінің болуы немесе болмауы соңғы қылмысты істеуден бұрын соған ұқсас қылмыс үшін сотталғандығының болуы немесе болмауына байланысты болады. Мысалы, бұрын қасақана кісі өлтірген адамның тағы да қасақана кісі өлтіруі (96-бап, 2-бөлігі, "н" тармағы) және т.б13.
Жай қайталану деп бір рет қана сотталғандығы бар адамның жаңа қылмыс істеуін айтамыз.
Ал, күрделі (көптік) қайталануға екі немесе одан да көп сотталғандығы бар адамның жаңадан қылмыс істеуі жатады.
Пенитенциарлық қайталану деп бұрын қылмыс істегені үшін бас бостандығынан айыру жазасына сотталып, адамның жазаны өтеп болған соң немесе соны өтеу барысында тағы да қылмыс істеп, бас бостандығынан айыру жазасына сотталуы айтылады.
Қайталанулар жайлы Кодекстің 13-бабында былай дейді: "...2. Қылмысты қайталаудың ішіндегі ең ауыр түрі қауіпті және аса қауіпті қайталану болып табылады.
3. Қылмыстың қайталануы:
а) егер адам бұрын қасақана
жасаған қылмысы үшін екі рет
бас бостандығынан айыруға
б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол ауыр қылмыс жасаған жағдайда қауіпті деп танылады.
Қылмыстардың қайталануы:
а) егер адам бұрын ауыр қылмыс
немесе ауырлығы орташа қасақана қылмыс
жасағаны үшін кемінде үш рет бас
бостандығынан айыруға
б) егер адам бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін екі рет бас бостандығынан айыруға сотталса немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, осы адам жасаған ауыр қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған жағдайда;
в) егер адам бұрын ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған болса, ол аса ауыр қылмыс жасаған жағдайда аса қауіпті деп танылады.
4. Он сегіз жасқа толмаған
адамның жасаған қылмысы үшін
5. Қылмыстардың қайталануы
осы Кодексте көзделген
1 Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001. 58 бет.
2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 11-бабы.
3 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 125, 165, 231, 233, 312 - баптары.
4 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 176-бабының 1-бөлігі..
5 Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2000, 120-бет.
6 Бұғыбаева Қ. Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы, 2003. 86-бет.
7 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 106, 107, 223-баптары.
8 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, 11-бабы, 2-бөлігі.
9 Бұғыбаева Қ. Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы, 2003. 90-бет.
10 Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001. 58 бет.
11 Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001. 68 бет.
12 Алауханов Е. Қылмыстық құқық, ерекше бөлім. Алматы «Жеті - Жарғы», 2001. 77 бет.
13 Бұғыбаева Қ. Қылмыстық құқық, жалпы бөлім. Алматы, 2003. 111-бет.

- Қылмыстардың көптігінің ажыратылуы
- Қылмыстардың қатысуы барысында қылмыстарды саралау
- қылмыс тәсілдері
- Қылмыс туралы түсінік
- Қылмыс түсінігі
- Қылмыс түсінігі,белгілері және түрлері
- Қылмыстық, азаматтық істерге қатысты құқықтық және құқықтық көмек туралы «Конвенция
- қылмыс құрамы
- Қылмыс құрамы
- Қылмыс құрамы қылмысты саралаудың заңи негіздемесі
- Қылмыс құрамының қылмысты саралаудағы маңызы
- қылмыс субъектісі
- Қылмыс субъектісінің түсінігі және белгілері
- Қылмыстарды жіктеу және оның мәні туралы қазақша