Қылмыс түсінігі,белгілері және түрлері

Қазтұтынуодағы

Қарағанды экономикалық университеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:"Қылмыс түсінігі,белгілері және түрлері"

 

 

 

 

 

 

Орындаған: Э-11 тобының студенті Смаилова А.Е

                                Тексерген:оқытушы ,магистр Әділбекова Қ.Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарағанды  2009

 

1. Құқықтық қылмыстың негізгі  ұгымдары

Қылмыстық құқық қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын, қылмыс ұғымын, қылмыстық жауапкершіліктің негізін, қылмыстың түрлері мсн белгілерін, жазаны, қылмыстык жауапкершілік пен жазадан бостудың негіздерін анықтайтын заңды нормалардың жиынтығы.

Мемлекеттің жеке және занды тұлғалардың мүдделерін қылмыстық кол сұғудан қорғау барысында туатын қоғамдык катынастар қылмыстық құкықтың пәні болып табылады.

Қылмыстық құқықтың субъектісіне қылмыс жасаған  жеке тұлғалар мен мемлекеттің кұзыретті органдары (тергеу, прокуратура, сот т.б.) жатады. Аталған субъектілердің өзара кұкықтары мен міндеттері осы қатынастың мазмұнын кұрайды. Мемлекеттің құзыретті, кұқык қорғау органдары қылмыс жасаушы-ларды жауапқа тартуға құқығы бар әрі міндетті. Сол сияқты қылмыс жасаған субъектіде заң алдында жауап беруге міндетті. Сонымен бірге жауапқа тартылған қылмыс жасаушының құқықтары бұзылмай, заң бойынша сақталуы кажет.

Қылмыстық құқыктың жүйесі жалпы және ерекше сияқты екі бөлімнен тұрады. Жалпы бөлімде ерекше бөлімнің баптарын дұрыс түсініп, қолданудың жалпы ережелері мен институттары, тұлғаның кылмыстық жауапкершілігі туралы мәселелер, қылмыстық заңнаманың міндеті, қылмыстық жауапкершіліктің негіздері, қылмыстық заңның әрекеттік шегі, қылмыстың, жазаның жалпы ұғымы, жаза тағайындау, жаза мен қылмыстық жауапкершіліктен босату тәртібі жайындағы мәселелер көрсетіледі. Ерекше бөлімде қылмыс және оның белгілері деп саналатын әрекеттерді көрсететін нормалардың жиынтығы шоғырланған.

Қылмыстық құқықтың міндеттері: адам мен азаматтың құкықтарын, бостандыктары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардын құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдык тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Казақстан Республикасының конституциялык құрылысы мен аумактық тұтастығын, коғам мен мемлекеттің, заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың кауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық жауаптылык негіздері белгіленеді, жеке адам, коғам немесе мемлекет үшін қауіпті кандай әрекеттер қылмыс болып табылатыны айкындалады, оларлы жасағаны үшін жазалар мен өзге де қыл-мыстық-кұқыктық ықпал ету шаралары белгіленеді.                                                                                   Сонымен, қылмыстық заңнамалардың төмендегідей 3 міндетін атап көрсетуге болады: 1) корғау; 2) алдын-алу (профилактика); 3) тәрбиелік.

Қорғау — қылмыстық-кұкықтық шараларды колдана отырып қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау міндеті. Ол үшін қылмыстық заң кылмыстық әрекеттердің шеңберін, түрін және оған қолданылатын жазанын мөлшерін анықтайды.

Алдын-алу (профилактика) міндеті кылмыстың алдын алу, оны болдырмаудың жолдарын карастыру немесе қылмыс жасаған тұлғаның кайта қылмыс жасамауынын алдын алу. Бұл мақсаттар әр түрлі қылмыстық-құқықтық шаралар қолдану арқылы іске асырылады.

Тәрбиелік міндетті қылмыстық құқықтың барлық институттары мсн нормалары атқарады (жаза, кажетгі қорғаныс, мәжбүрлі қажеттілік т.б.)

Қылмыстық  құқықтың қағидаттары деп мемлекеттің қылмыстық құкық саласындағы саясатының, қылмыспен күресудің іс жүзіндегі құралдарынын мазмұнының негізіне койылған тіректі мұраттар мен бастамаларды айтамыз.Сондай қағидаттардың бірі заңдылық қағидаты. Оның мәні қылмыстық әрекет пен жаза тек қана қылмыстық заңмен анықталуы керек. Әрекет не әрекетсіздік коғамға қаншама кауіпті болса да, егер оларда қылмыстың кұрамы болмаса тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке жасанды түрде тартуға болмайды. Азаматтардың заң және сот алдында теңдігі қағидаты, Қазакстан Республикасы Қылмыстық, кодексінің 14-бабында көрсе-тілгендей, қылмыс жасаған адамдар шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына, тұрғылықты жеріне немесе өзге де кез келген мән-жайларға қарамастан заң алдында бірдей. Тек қылмыстық әрекеті не әрекетсіздігі үшін кінәлі болған тұлғаны ғана қылмыстық жауапка тарту қағидаты. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталған коғамдық кауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдык кауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Қасақана немесе абай-сызда әрекет жасаған адам ғана кылмысқа кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінін тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады.

Келесі  қағидат есі дұрыс, Қылмыстық кодексте көрсетілген жасқа толған жеке адам ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Есі дұрыс емес, жасы Қылмыстық кодексте белгіленген жасқа толмаған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды.

Негізгі қағидаттардың бірі әділеттілік қағидаты.Оның мәні соттар жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілігін, сотталушының жеке басының, оның қылмыс жасағанға дейінгі және қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлығы ерекшеліктерін, қылмысты ауырлататын және жеңілдететін жағдайларды, отбасы жағдайларын ескере отырып жаза тағайындаулары кажет.

Қылмыстық құқықтың тағы бір қағидаты ол ізгіліктік қағидат. Ізгілік адамды адам, кісі, тұлға ретінде тану, оның ар-ожданын, намысын, қадір-касиетін, бақытқа, жақсылыққа, өркениетке ұмтылуын сыйлау, мойындау. Сондықтан, жаза тағайындау барысында ізгілік кағидатына сүйене отырып жасалған қылмысқа тиісті жазадан жұмсақтау жаза тағайындау.                                                                                                        Қылмыстық құкықтың деректік көздеріне әр түрлі қылмыстық заңнамалар жатады. Солардың ішінде ерекше орын алатын қылмыстық заң. Қылмыстық заң жасалған кылмыс үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін, мемлекеттік билікгің жоғарғы органдарының нормативті актісі. Қылмыстық заңнама мемлекеттік биліктің құзыретті органдары кабылдайтын қылмыстық- құкықтық актілердің жиынтығы. Қазақстан Республикасы Конституциясынын 61-бабына сәйкес біздің елімізде зандарды кабыл-дау Қазакстан Республикасы Парламентінің құзыретінде. Қылмыстық заң қылмыстық құкықтын, негізгі дерек көздерінің бірі. Сондыктан басқа да қылмыстық-құқықтық нормативтік актілер тек осы қылмыстық заңга сәйкес келу керек. Қазакстан Республикасында қылмыстық заңның ең маңыздысы 1997 жылы 16 шілдеде қабылдан-ған Қылмыстық кодекс.

 

2. Қылмыстық-құқықтық қатынастар

Қылмыстық іс-кимылдардың, қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату, дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шараларын колдану барысында қалыптасады. Қылмыстык кодекстің 9-бабында көрсетілгендей,Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.Қылмыстың төмендегідей 4 белгісі бар:қоғамдық қауіптілігі, кұкыққа карама-қайшылығы, кінәлілігі, қылмыстық жауаптылығы)

Кінә. Адам соларға қатысты өз кінәсі анықталган қоғамдык кауіпті әрекеті (іс-әрекет немесе әрекетсіздігі) және пайда болған қоғамдық қауіпті зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс. Объективті айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыкқа жол берілмейді. Қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана кылмысқа кінәлі деп танылады. Абайсызда жасалған әрекет Қылмыстык кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында арнайы көзделген жағдайда ғана қылмыс деп танылады.

Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған әрекет қасақана жасалған қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін үғынып, онын қоғамдық кауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.

Егер  адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) коғамға қауіпті екенін үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де, бүған саналы түрде жол берсе не бұған немқұрайды караса, кыл-мыс жанама ниетпеи жасалған деп танылады.

Менмендікпен  немесе немқұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалган қылмыс деп танылады. Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) коғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған қылмыс деп танылады.

Егер  адам қажетті ұқыптылық пен сақтық болғанда ол зардаптарды болжап білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекстінің (әрекетсіздігінің) қоғамдык қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, қылмыс немқұрайлықпен жасалған қылмыс деп танылады.

Қылмыс секілді қоғамдык қауіпті әрекеттің объективті және субъективті белгілерінің қылмыстық заңмен бекітілген жиынтығын қылмыстық кұқыкта қылмыстың құрамы дейді. Кылмыстың кұрамы — белгілі бір қылмыстык іс-қимылдың тек типтік белгілерін бекітетін нормативті санат. Егер қылмыс жасау, қылмыстық жауаптылыктың нақты негізі болса, қылмыс құрамы оның заңдық негізі болады. Сондыктан бұл екі жағдайлар өзара тығыз байланыста, бір тұтастықты құрайды. Заң ғылымдары қылмыс құрамының міндетті 4 бөлшегін көрсетеді: қылмыстың объектісі, қылмыстың объективті жағы, қылмыстың субъектісі, қылмыстың субъективті жағы. Бұлар өзара байланысты. Егер жасалған қылмыста қылмыс құрамының аталған бөлшектерінің біреуі болмаса, онда қылмыс кұрамы болмайды және қылмыс жасаған тұлғаны қылмыстық жауаптылыкқа тартуға болмайды.

Қылмыстық кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай қылмыс онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыстарға және ерекше ауыр қылмыстарға бөлінеді.

Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудаң аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмысдеп танылады.

Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте көзделген  ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін Қылмыстық кодексте он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы көзделген касақана жасалған әрекет аса ауыр қылмыс деп танылады.

Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бір бабында немесе бабының бөлігінде көзделген екі немесе одан да көп әрекетті жасау — қылмыстардың бірнеше рет жасалуы деп танылады.

Осы Кодекстің  түрлі баптарында немесе баптарының бөліктерінде көзделген, адам солардың бірде-біреуі үшін сотталмаған немесе заңмен белгіленген негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған екі немесе одан да көп әрекеттерді жасау қылмыстардың жиынтығы деп танылады.

Бұрын қасақана жасаған кылмысы үшін соттылығы бар адамның қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады.

Қылмыс  бір ғана адам емес бірнеше тұлғалардың ұйымдасуымен де жасалуы мүмкін. Екі немесе одан да көп адамның қасақана кылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады. Ұйымдастырушы, айдап салушы немесс көмектесуші орындаушымен бірге қылмысқа қатысушылар деп танылады.

Қылмысты  тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есінің дұрыс еместігіне немесе осы Кодексте көздслген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекетті абайсызда жасаған адамдарды пайдала-ну жолымен қылмыс жасаған адам орындаушы деп танылады.

Кылмыс  жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылык, еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады.

Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.

Кеңестерімсң, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды немесе кылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың ізін не қылмыстық жолмен табылған заттар-ды жасыруға күні бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады.

2.1. Қылмысты болдырмайтын мән-жайлар. Кейбір жағдайларда қылмыс жасалған кезде, сол кылмыстың құрамы, оның қоғамдық қауіптілігі сияқты белгісі бола отырса да іс-кимыл қылмыс болып табылмайтын мән-жайлар болады. Ондай мән-жайларға: 1) қажетті корғану; 2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру; 3) аса қажеттілік; 4) жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру; 5) орынды тәуекел ету; 6) күштеп немесе психикалык мәжбүрлеу; 7) бұйрықты немесе өкімді орындау.

Қажетті қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни корғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және басқа да құкықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін коғамдық қауіпті кол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті корғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.

Барлық адамдардың кәсіби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажетті қорғануға кұкығы бар. Бұл құкық адамға қоғамға қауіпті кол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекетгік органдардың көмегіне жүгіну мүмкіндігіне карамастан тиесілі болып табылады.

Нәтижесінде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтірілетін, қол сұғушылықтың сипаты мен коғамдық кауіптілігі дәрежесіне қорғанудың көрінеу сай келмеуі кажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек касақана зиян келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Адам  өміріне кол сұғушыға не каруды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен ұштасқан өзге де кол сұғушылыкка тойтарыс беру кезінде адамға зиян келтіру кажетті қорғаныс шегінен шығу болып табылмайды.

Қол сұгушылық  жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру. Кылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін кажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды.

Қолсұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтірілген зиян жағдай мәжбүр етпейтін анық шектен тыс зиян қажетсіз келтірілген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесіне және ұстаудың мән-жайына көрінеу сай келмеуі ұстау шараларын асыра сілтеу деп танылады. Бұлайша асыра сілтеу қасақана зиян келтірілген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкілеттігі бар адамдармен бірге жәбірленушілер мен басқа азаматтардың да құқығы бар.

Аса қажеттілік. Қылмыстык, кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, коғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, кылмыс болып табылмайды.

Кұкық қорғау мүдделеріне алды алынғанға тең немесе одан гөрі елеулі зиян келтірілген, төнген қатердің сипаты мен дәрежесіне және қатер жойылған жағдайға көрінеу сәйкес келмейтін зиян келтіру аса кажеттілік шегінен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек касақана зиян келтірілген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.

Жедел-іздестіру  шараларын жүзеге асыру. Уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерінің не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша жедел-іздестіру шараларын орындауы кезінде заңға сәйкес жасаған әрекетімен осы Кодекспен корғалатын мүдделерге келтірген зияны, егер бұл әрекет бір топ адам, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құкық қорғау мүдделеріне келтірілген зиян аталған қылмыстармен келтірілетін зиянға карағанда онша мәнді болмаса және егер оларды болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сиякты қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, қылмыс болып табылмайды. Бұл көрсетілген ереже адамның өміріне немесе денсаулығына қатер, экологиялык, апат, қоғамдық касірет немесе өзге де ауыр зардаптар қатерін төндіретін әрекет жасаған адамдарға колданылмайды.

Орынды тәуекел ету. Қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте Қылмыстык кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды. Егер аталған мақсатка тәуекелмен байланыссыз Іс-әрекетпен (әрекетсіздікпен) қол жеткізілмейтін болса және тәуекелге жол берген адам Кылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтірілуін болғызбау үшін жеткілікті шаралар колданса, тәуекел орынды деп танылады. Егер тәуекел ету адамдардын өміріне немесе денсаулығына кері неу қатер төндіруге, экологиялық апат-ка, коғамдык күйзеліске немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды.

Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу. Егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудін нәтижесінде Кьлмыстык кодекспен қорғалатын мұдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды. Психикалык мәжбүрлеудін нәтижесінде, сондай-ақ күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде Қылмыстық кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіргені үшін соның салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне басшылық жасау мүмкіндігін сақтаған қылмыстык жауаптылык туралы мәселе Кылмыстык кодекстін 34-бабында көрсетілгсн аса қажеттілік деген мән-жайдың ережелері ескеріле отырып шешіледі.

Бұйрықты немесе өкімді орындау. Өзі үшін міңдетті бұйрыкты немесс өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамнын Қылмыстык кодекспен корғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтірілгені үшін заңсыз бүйрык немесе өкім берген адам кылмыстық жауапқа тартылады. Көрінеу зансыз бұйрыкты немесе екімді орындағаны үшін қасакана кылмыс жасаған адам жалпы негіздерде қылмыстық жауапқа тартылады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау кылмыстық жауаптылықка ұшыратпайды.

3. Қылмыстық-кұқықтық жауапкершілік

Қойылған  міндетгерді орындау үшін Қьшмыстық  кодекс кылмыстық жауапка тартудын негізін және жеке адам, коғам, мемлекет өміріне кандай қауіпті іс-кимыл кылмыс болып табылатындығын, жасалған кылмыска қандай жаза,  қылмыстық- құқықтық шаралар қолданылатынын белгілейді. Қылмыспен күресу барысында мемлекет әр түрлі әдістер мен шаралар қолданады. Сондай әдістердін бірі - жаза,

Жаза  — өзіндік ерекшеліктері мен аддына койған максаттары бар, мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық кодекстің 38-бабына сәйкес жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекетгік мәжбүрлеу шарасы. Жаза кылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға колданылады және ол адамды кұкыктары мен бостандыктарынан Қылмыстык, кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады.

Жазаның мақсаты әлеуметгік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамнын да, басқа адамдардын да жаңа қылмыстар жасауынан сактандыру мақсатында қолданылады. Жаза тән азабын шектіруді немесе адамньщ қадір-касиетін корлауды мақсат етпейді.

Қылмыстық жаза тек қана мемлекеттің атынан соттьң үкімімен тағайындалады. Жаза тағайндау туралы күшіне енген соттың үкімі барлық мемлекетті және мемлекетгік емес үйымдарға, мекемелерге, бірлестіктерге міндетті және Қазақстан Республикасы аумағында міндетті түрде орындалуға жатады. Сот үкімімен тағайындалған жаза жекелік сипатта болады, яғни баска адамдарға катысы жоқ  тек қылмыс жасаған тұлғаға ғана тиісті. Жазаны орындау мемлекеттің күшімен, ықпалымен іске асырылады. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс секілді құқық бұзушылыққа ғана қолданылады.

Жазаның міндетті түрдегі касиеті жазалау, жаза беру болып табылады. Жазалау, жаза беру дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, күштеу сипаты, сотталған тұлғаға заң шеңберінде белгілі бір құқықтар мен міндеттерді аткарудан айыру және оның кұкықтарын шектеу. Жаза міндетті түрде қылмыскерге белгілі бір тән, жан, материалды зияндар шектіреді. Жазаның жазалау бөлшектері оның қорқыту сияқты касиетін білдіреді. Сондықтан жазалау жазаның ауырлық дәрежесін, сипатын көрсетеді.

Жасалған  қылмыстың ауырлығы мен коғамдык қауіптіліге байланысты мынандай жазаның негізгі түрлері колданылады: 1) айыппұл салу; 2) белгілі бір лауазымды аткару немесе белгілі бір қызметпен айналысу кұкығынан айыру; 3) қоғамдық жұмыс-тарға тарту; 4) түзеу жұмыстары; 5) әскери кызмет бойынша шектеу; 6) бас бостандығын шектеу; 7) камау; 8) тәртіптік әскери белімде ұстау; 9) бас бостандығынан айыру; 10) өлім жазасы колдаңылуы мүмкін.

Сонымен бірге  сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мындалай косымша жазалар: 1) арнаулы, әскери немесе кұрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік марапаттауларынан айыру; 2) мүлкін тәркілеу колданылуы мүмкін.


Айыппұл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір кызметпен айналысу кұқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негізгіде, қосымшада түрлері ретінде қолданылуы мүмкін.

Жаза  тағайындау қылмыстық құқықтың жалпықұқықтық және ерекше салалық кағидаттарын білдіретін белгілі қағидаттарға негізделеді. Ондай кағидаттарға: зандылық,ізгілік,әділеттілік,жазаның тағайындалуының негізділігі,жазаның даралығы, қылмыстық куғын-сүргінді үнемдеу жатады.

Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында белгіленген шекте және Кылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің ережелері ескеріле отырып, әділ жаза тағайындалады. Қылмыс жасаған адамға оның түзелуі және жаңа қылмыстардың алдын алу үшін кажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс. Егер жасалған қылмыс үшін көзделген жазаның онша катаң емес түрі жазаның мақсатына жетуді қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшін көзделгендері арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады. Жасалған қылмыс үшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза Қылмыстық кодекстің 58-бабында көрсетілгендей қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау және 60-бабындағы қылмыстардың жиынтығы бойынша немесе үкімдердің жиынтығы бойынша та-ғайындалуы мүмкін. Жасалған қылмыс үшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда көзделгеннен катаңдығы төменірек жаза тағайындау үшін негіз Қылмыстық кодекстің 55-бабында белгіленеді.

Жаза  тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-кұлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі.

Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату. Қылмыстық жауаптылық деп кылмыс жасаған тұлғаға қолданылатын қылмыстық-кұкықтық шаралардың барлығын айтамыз. Негіз болған жағдайда, қылмыс жасаған тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін. Қылмыстық жауаптылықтан, іс-кимылда белгілі бір қылмыстың құрамы болған кезде босатылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауаптылықтан босатудың 5 негізі қарастырылған:

 1) шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (65-бап); Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. ҚР ҚК-нің 65-бабында көрсетілгендей, бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол кылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен құқық қорғау органдарына келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдес-се, немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

Жеке  адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмысты қоспағанда, қылмыс жасаған адам, егер ол ұйымдаскан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмыстарды болғызбауға, ашуға немесе тергеуге, ұйымдасқан топ немесе қылмысты сыбайластық (қылмысты ұйым) жасаған қылмысқа басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін.

2) қажетті  корғану шегінен асқан кезде  қылмыстық жауаптылыктан босату (66-бап); Қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті корғану шегінен асқан адамды сот істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Ауыр емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен немесе оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес орташа ауыр қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатуға жатады. Орташа ауыр қылмыс жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырса, кылмыстык, жауаптылыктан босатылуы мүмкін.

3) жәбірленушімен  татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (67-бап);

4) жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату (68-бап); Қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер істі сот қараған кезде жағдайдын өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет коғамға кауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін. Бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлкына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол коғамға кауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін.

5) ескіру мерзімінің өтуіне байланысты кылмыстық жауаптылықтан босату (69-бап).Егер қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өтсе, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады: 1) кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл; 2) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін бес жыл; 3) ауыр қылмыс жасағаннан кейін он жыл; 4) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасаған күннен бастап және сот үкімі занды күшіне енген кезге дейін есептеледі. Егер қылмыс жасаған адам тергеуден немесе соттан жалтарса, ескіру мерзімінің өтуі тоқтатылады. Бұл ретте ескіру мерзімінің өтуі адамның ұсталған немесе оның айыбын мойындап келген кезінен бастап жаңартылады.Бұл орайда,егер қылмыс жсаған уақытттан бері жиырма бес жыл өтсе және ескіру тоқтатылмаса, адам қылмыстық, жауапқа тартылмауы керек.

Егер  ауыр қылмыс жасаған адам ауыр қылмыс жасағаннан кейін он жыл немесе аса ауыр кылмыс жасағаннан кейін он бес жыл өткенге дейін жаңадан қасақана қылмыс жасаса, ескіру мерзімі тоқтатылады. Мұндай реттерде ескіру мерзімі жана қылмыс жасаған күннен кайта басталады. Ескіру мерзімі өткенге дейін адам тағы да қылмыс жасаған өзге реттерде әрбір қылмыс бойынша ескіру мерзімі дербес өтеді.

Қылмыс түсінігі,белгілері және түрлері