Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

   Кафедра: «Бухгалтерлік есеп»

 

                      

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі

 

 

     

                                                                   Тексерген: Мыңбаева Д.

                                                                   Орындаған: Қабидоллаева К.

                                                                   Топ: ЕжА-242

                            

 

 

                                 

 

Алматы 2013 ж

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

 

бет

   

КІРІСПЕ

3

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны,  теориялық негіздері

5

2 Міндеттемелердің жіктелуі

10

3 Салық және міндетті зейнетақы қоры

4 Банктік несие

5 Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша қысқа мерзімді міндеттемелер есебі

12

18

22

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

26

27

 
 



 

 

 

 

 

        КІРІСПЕ

 

Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын өз атынан тәуелсіз бола отырып, экономикалық және заңдық міндеттемесіне жауапты болуы қажет. Осыдан халық шаруашылық жүргізуші субьектілерінің қаржылық қабілеттілігі тұрақты болуы үлкен маңызы зор. Сол себепті қаржылық жағдай мен ақша қаражаттарының дұрыс және тиімді пайдалануы туралы сараптамасы ең бірінші кезекте болып отыр. Ең біріншіден сараптаманың қорытындысының қолданушыларына: жеке меншікменшік иелері, несие берушілер мен инвесторға, сонымен қатар жабдықтаушылар мен менеджерлерге және салық қызметіне маңызы зор. Кез келген кәсіпорын үзіліссіз ырғақты жұмыс істеп тұру үшін оны уақытылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен қамтамасыз ету жөнінде келісім шарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржада сатып алады.

Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.

Елімізде 1997 жылы 1 қаңтардан  бастап 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін  қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары басшылыққа алынып келді, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын қабылдадық. 2004 жылы бухгалтерлік есеп  методология департаменті қаржылық есеп беру ұлтық стандарты жасақталынды. Қаржылық есеп бере екі бөліммнен түрады. Бірінші бөлім жеке кәсіпкерлер және орташа кәсіпорындарға арналған, екінші бөлімі Қазақстан территориясындағы үлкен кәсіпорындарға және шетелдік  серіптестік ұйымдарға арналған. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қаржылық шаруашылық қызметке ие Қазақстандағы кәсіпорындар қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарына көшті.

Кәсіпорын қаржылық –  шаруашылық қызметті жүргізу кезінде  қызқа мерзімді міндеттемелері пайда  болады. Себебі, бюджетпен, банктік  ұйымдармен есеп айырысу, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу, жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу сияқты міндеттемелері туындайды.

Қысқа мерзімді міндеттемелерге 12 айдың ішінде өтелуі тиіс кредиторлық  берешектер жатады.

Ағымдағы міндеттемелерді  ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қыскқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.

Экономиканың қай саласындағы  болмасын шаруашылық субъектілер мен  еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды  ұқыпты жасауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өндірісті ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтап, оған зиян келтірмеуге мүдделі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны,      теориялық негіздері

 

Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы – мердігерлердің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегң үшін, сондай - ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндетемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай – ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің міндеттемелер деп аталынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.

 Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышкер) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартыну (бас тарту) ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.

Міндеттеме өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражаттар) ағынына әкеп соғады. Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді. Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзіне асырылады:

  • ақшалай қаражатпен төлеу;
  • активтерді табыстау;
  • қызмет ұсыну;
  • міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;
  • міндеттемені капиталға аудару;

Міндеттеме ағымдық (қысқа мерзімді кредиттік берешек ол операциялық кезеңдерде немесе есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеледі.

 Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қысқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.

Кәсіпорын өз өндірісінің  тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық –  техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске  қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды  жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім шартқа отырады.

Өнім жеткізушілермен  есеп айырысу есебі арнайы нысандағы  журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот – фактурасы немесе төлем талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Келіп түскен шот –  фактураларды алдымен «Келіп түскен жүктер есеп журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне қарай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журнал бойынша сондай – ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдықтау бөлімінің тауарлы – көлікті ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне қарай жазып отырады. «Ескерту» бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тарту немесе ішінара акцептелген сомасы немесе басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот – фактурасы ғана жазылады.

Есеп журналы бойынша  тіркеу номерін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үшін кезең бойынша жүреді.

Бірінші кезеңде журналға акцептелген шот – фактура және басқа да есеп айырысу құжаттары келіп түскен кездегі жазулар жазылады. Бұл ретте тіркеу нөмірі мен төлем тапсырмаларының нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот – фактурадағы акцептің сомасы жазылады.

Екінші кезеңде журналда қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы – көліктік құжаттары, материалдар қабылдау туралы актілері) негізінде жазылады. Журналда осы құжаттардың номерлері келіп түскен құнділіқтардың есептік немесе келісім шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны және тауарлы материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекелеген шоттар шегінде төлем талап – тапсырмаларына сәйкес алынған нақты құны бойынша көрсетіледі.

Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс. Егер жүктерді қабылдау кезіндегі жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бұзылуы анықталады. Осы кезде келісім – шарт бойынша талап сомасы 1% мөлшерінде өтеледі.

Сондай – ақ журналда жұмыстар мен қызметтер берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша операциялар  да көрсетіледі. Жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін берілген шот – фактура мәліметтері  журналға жазылған кезде, оның не үшін берілгені көрсетіледі.

Үшінші кезеңде журналда шот – фактурасының төленгені  көрсетіледі. Төлем туралы белгілер банктегі есеп айырысу және басқа  да шоттар бойынша үзінділері (көшірмелері) бойынша расталады. Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептелінеді және төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.

Жабдықтаушыламен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында талданған қалдықтар  көрсетіледі. Талдама есептің құрылымы негізінен жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі  қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуын жедел бақылау үшін мына төмендегі топтардан қалыптасады, атап айтсақ: төлеу мерзімі келмеген есеп айырысулар жөніндегі жабдықтаушылардың құжаттарынан; фактураланбай қалған жабдықтардан; мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша жабдықтаушылардан.

Талдамалық деректер вексельдер бойынша берешектерді анықтама түрінде көрсетеді: төлем мерзімі  келмеген, төлем мерзімі өткен  вексельдер бойынша, жолдағы материалдар.

Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі. Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері.

Жалақы екі түрге  бөлінеді:

       негізгі;

       қосымша.

Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі жалақының құрамына кіретіндер:

А) жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді  бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша  есептелген жалақы;

Б) қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме;

В) жұмыс жағдайының өзгеруіне  байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет;

Г) кесімді ақыалушыларға  үдемелі ьағалаулар бойынша қосымша  ақы;

Д) ақшалай және натуралды  сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;

Е) мерзімнен тыс уақыттағы  жұмыс үшін қосымша ақы;

Ж) түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;

И) жұмысшының кінәсі жоқ  тұрып қалуға төлемдер.

Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған  уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелетін жалақы.

Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:

А) балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзіліс уақытына төлем;

Б) жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;

В) мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған  жұмыс уақытына төлем;

Г) негізгі және қосымша  демалыстар уақытына төлем;

Д) пайдаланылмаған демалыс  үшін өтемақы;

Е) шыққанда берілетін  жәрдемақы.

Қызметкерлер жалақыдан  басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары  есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық  жөніндегі жәрдемақыны алады.

Негізгі және қосымша  жалақылар жалақы қорын құрады. Жалақы қорының құрамына жалақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.

Кәсіпорынның жоспарымен белгіленген, жалақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп  аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиіс жалақының сомасы кәсіпорындағы жалақының есептік қоры деп аталады.

Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің 2 нысаны бар:

1 – нысаны – мерзімдік;

2 – нысаны – кесімді.

Мерзімдік нысан кезінде  еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген  уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргіледі. Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:

Жұмысшы өнім шығарудың  артуына тікелей әсер ете алмайды;

Кесімді бағалауға қажетті  шығарылымның көрсеткіштері толық  емес;

Жұмыс уақытын пайдалануға  қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі;

Жұмысшыларды дұрыс  тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келуі;

Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін.

Мерзімді еңбекақы жай  және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.

Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкердің тарифтік ставкасымен  немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің үш түрлі  әдіс қолданылады:

А) сағаттық;

Б) күндік ақы;

В) айлық ақы.

Мерзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі.

Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге  ғана қолданылады. Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар:

  1. Тікелей кесімді жүйе;
  2. Кесімді – сыйақылық жүйе;
  3. Ілгерішіл – кесімді жүйе;
  4. Жанама – кесімді жүйе;
  5. Аккордық жүйе.

Тікелей кесімді төлемде  жалақының мөлшері тек шығарылған бұйымның саны мен өнім бірлігі үшін белгіленген бағалауға тәуелді  болады.

Кесімді – сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткезгені үшін сыйақы есептейді.

Ілгерішіл – кесімді  төлемде өндірілген өнімді белгіленген  нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлем көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару көтермеленген бағалаулар бойынша төленеді.

Жанама – кесімді  жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек  өнімділігін өсіруге ынталандыру  үшін қолданылады. Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрсететін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама – кесімді бағалаулар төленеді.

Аккордтық жүйеде орындалатын  жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі. Бұл құрылыс саласында жиі қолданылады.

 

     2 Міндеттемелердің жіктелуі

 

     Қаржылық есеп берудің негізгі элементінің бірі-шаруашылық субьектіде қолданылатын міндеттемелер  ретінде арнайы бақылау мен аудитте жиі кездесетін жағдайларды  қарастырамыз.Бақылау-талдау қызметінің басқа аймақтары мен аспектілерінде қолданылатын арнайы бақылау мен аудитке келсек,ол осы кітаптың кейінгі бөлімдерінде қарастырылатын жекелеген нәтижелерді,жаңа іздестіру зерттеулерін  талап етеді.

Міндеттемелер-бұл ұйымның  осы есепті уақытында бар нақты  берешегі оны өтеу үшін қарсы жақтың наразылығын қанағаттандыруда ресурсың жылыстауы түріндегі  экономикалық пайданың  кемуіне алып келеді.

Міндеттемелер-өткен  мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың  нәтижелері болып табылады және қысқа  мерзімді(ағымдағы)және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Міндеттемелер егер ұйымның  қалыпты операциялық  циклы кезінде төлеу балансынан кейін 12 ай ішінде жүргізіледі деп болжанса,ағымдағы мерзімді деп жіктелуі тиіс.Барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді деп жіктеледі.Шаруашылық субьекті есептеушінің  қабылданған есеп саясаты мен қолданылатын нысанына қарай әртүрлі талдамалық  есеп-карточкалары ,ведомостар журнал және т.б.регистрін қолдана алады.Жан-жақты ойластырылған жіне жақсы қойылған талдамалық есеп тексерушіге  кәсіпорын міндеттемелері үшін ішкі бақылау жүйесі жағдайына дұрыс баға беруге көмектеседі.Ағымдағы міндеттемелерге банктің қысқа мерзімді қарыздары,шаруашылық  субьектінің кредиторлық берешегі жатады.Банктің қысқа  мерзімді  қарыздары бір жылдан аса уақытқа қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес беріледі,мысалы,жөнелтілген тауарлардың  нақтылы құжат айналымы уақытына тең,бірақ 30 күннен аспайды.Қысқа мерзімді кредиттерді  алу және  өтеумен байланысты  есепшоттық-кредиттік операциялар 3010-3020«Қысқа мерзімді қарыздар»және 4010-4020«Ұзақ мерзімді қарыздар»шоттарында есепке алынады

Яғни бұл белгілі  бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы.

Міндеттемелер кәсіпорында  жасалынған әр түрлі келісімдердің нәтижесінде туындайды және алынған тауарлы-материалдық құндылықтар немесе пайдаланылған қызметтер үшін келешекте жасалынатын төлемдердің заңды негізі болып табылады.

   Міндеттемелер төмендегі үш белгісі бойынша анықталады:

- кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;

- міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;

- міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.

  

 Міндеттемелер өтелу мерзіміне байланысты екі түрге бөлінеді:

- Ұзақ мерзімді міндеттемелер

- Ағымдағы міндеттемелер

  Қысқа мерзімді міндеттемелер есепті кезең (бір жыл) ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылады деп күтілетін ағымдағы міндеттемелер болып табылады.

Оларға мыналар жатады:

- Қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;

- Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;

- Кредиторлық борыштар:

төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;

сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар;

салық міндеттемелері;

төленуге тиісті дивидендтер;

негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктері арасындағы борыштар;

акционерлік қоғамның лауазымды  тұлғаларына борыштары;

өзге де кредиторлық  борыштар;

- Төленуге тиісті есептелінген шығыстар;

- Алдағы кезең табыстары;

- Күтпеген жағдайлар бойынша есептелінген төлемдер.

Қысқа мерзімді міндеттемелерге  келесілер кіреді:

- қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;

- ұзақ мерзімді несиенің ағымдағы бөлігі;

- кредиторлық қарыздар:

Төленуг етиісті шоттар мен вексельдер;

- сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден алынған аванстар;

- салық бойынша қарыздар;

- төленуге дивидендтер;

- негізгі шаруашылық серіктестік пен оның еншілес серіктестері арасындағы қарыз;

- акционерлік қоғамның қызметкер тұлғаларының қарызы;

- басқа да кредиторлық қарыздар.

- төленуге тиісті есептелген шығындар;

- алдағы кезең табыстары;

- көрілмейтін жағдайлар бойынша есептелген төлемдер.

Шаруашылық жүргізуші  субьект есеп саясатына сәйкес,әртүрлі  аналитакалық есеп регистрлері-карточкалар,ведомостар,журналдар  және т.б.қолдануына болады.Нақты қарастырылған аналитикалық есеп кәсіпорынның ағымдағы міндеттемелерге жүргізілетін ішкі бақылау жүйесін дұрыс бағалау тексерушілерге көмектеседі.

Қысқа  мерзімді заемдардың алынуы және қайтарылуына байланысты операциялар 3010-3020 «Қысқа мерзімді заемдар» шоттарында  жүреді.Бұлар пассивтік шоттар болып табылады және олардың қалдығы есеп беру кезеңінің қайтарылмаған қарызын көрсетеді.Субьект несиені алған жағдайда дебеттелетін шоттар:1040,1050,1070, ал кредиттелетін шоттар 3010-3020.Неиенің қайтарылу жағдайында аталған 3010-3020 шоттар дебеттеліп,1040,1050,1070 шоттары кредиттеледі.Қысқа мерзімді займдардың аналитикалық есебі займдарды берген банктердің түрлері бойынша жүргізіледі

 

        3 Салық және міндетті зейнетақы қоры

 

Салық міндеттемесі мемлекет алдындағы әрбір салық төлеушінің міндеттемесі болып табылады және ол салық заңына сәйкес жүргізіледі.

Салық кодексі республикалық  және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа  да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден – бір заңды құжаты болып табылады.

Салық кодексі салықтардың  толық тізімін, оларды есептеу тәртібін, салық салу объектілерін, салықтың негізгі түрлері бойынша төлеушілерін анықтайды. Салықтар, алымдар мен басқа да міндетті төлемдер деп Кодексте белгіленген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасының бюджет жүйесіне төлеушілерден аударылған (бөлінген) құжаттарды айтамыз.

Салықтарды, алымдарды  және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату  құқығы Қазақстан Республикасы заң  органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл кезде: салық салынатын объектісі  және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.

Салық базасы деп –  құқықтық, физикалық базасын айтады және салық салу объектісіне басқа  да сипаттамасы бойынша салық  салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және басқа да төлеулердің мөлшері анықталады.

Салық мөлшерлемесі –  салық базасының өлшем бірлігіне  есептелген салық деңгейі болып  табылады. Салық мөлшерлемесі пайыздық немесе абсолюттік сомасы бойынша салық базасының өлшем бірлігіне қарап белгіленеді.

Салық кезеңі – бұл  уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін  салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық басқа да міндетті төлемдерде есептелінеді.

Қазақстан Республикасындағы  салық заңы – мүліктің кірістелген  және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен  төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.

Қазақстан Республикасында  әрекет етіп тұрған салықтар мен басқа  да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің  сызбасы төменде көрсетілген.

Корпоративтік табыс  салығының салық салынатын негізгі объектісі салық салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің арасындағы айырмасы арқылы анықталады:

 

Салық салынатын = Жылдық табыс – Шегерімдер

 табыс жиынтығы

 

Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және де басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына жататын ақшалай немесе басқа қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түріндегі шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді.

Кәсіпкерлік қызметтен  түсетін кірістерге: өнімді сатқаннан  түсетін кірістер; ғимараттарды, қондырғыларды  сату кезінде құнының өсуінен, сондай – ақ амортизациялауға жатпайтын  активтерден инфляцияға, олардың  құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; рояльти; мемлекеттен және басқа да заңды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе оның қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түсетін кірістер және тағы басқалары жатады.

Төлем көздерінен ұсталатын  салықтар. Төлем көздерінен ұсталатын  салықтар 15% мөлшерлемесі бойынша төлем  көзінен ұсталатын табыстардың қатарына:

  • дивиденттер;
  • депозиттер бойынша марапаттаулар (жеке тұлғалардың банкке және ұйымдарға салған салымдары бойынша төленетін депозиттері және ҚР ҰБ лицензиясын алып банктің кейбір операцияларын жүзеге асырғаны үшін төленетін депозиттері кірмейді);
  • ұтыс;
  • заңды тұлғалардың төлейтін марапаттау сомасы (банк – резидент, зейнетақы жинақтау қоры, төлейтін марапаттау сомасы кірмейді);
  • бағалы қағаздарды шығарғаны үшін төленетін марапаттау сомасы.

Егер де ұтыстардан, марапаттаудан  табыс салығы ұсталса және оларды растайтын құжаттары болса, онда олар корпоративтік табыс салығының зачетына жатқызылады.

Резидент емес заңды тұлғалардың  таза табысынан 15% мөлшерлемесінде  салық ұсталынады. Олардың таза табысы салық салынатын табыс пен  корпоративтік салық сомасының айырмасынан шығады.

Төлем көзінен алатын табысына салынатын  салықтар. Төлем көзінде салынатын  салық төлеушінің табысына алынады, олардың қатарына:

- еңбеккерлердің табысы. Төлем  көзінде табыс салынатын, еңбеккерлердің  табысына жұмыс берушілердің ақшалай немесе заттай нысанында есептеген жалақысы жатады, оған әрекет етіп тұрған салық заңында қарастырылған, салық шегерімін азайтатын самасы, материалдық олжасы, әлеуметтік және материалдық олжасы, әлеуметтік және материалдық игілік тағы басқа табыстары кіреді.

Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі