Қытайдың саяси жүйесі
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
а) Ежелгі дәуірдегі Қытайдың саяси жүйесі
ә) Орта ғасырдағы саяси жүйе
б) Жаңа дәуірдегі Қытай
в) Республиканың жариялануы
ІІІ. Қорытынды
Төрт көсем мен төрт ұран
Б.э.д. ІІІ мыңжылдықтағы Қытайдың ежелгі тұрғындары Хуанхэ өзенінің орта жəне төменгі ағыс тұстарын, Бохай шығанағының жанындағы жазықтықты, жəне Қытайдың басқа аумақтарының кең жазықтарын мекендеген. Бұл аумақтарда өмір сүрген тайпалар түрліше аталған: солтүстікте — «ли», шығыста — «и», батыста — «цзян» немесе «жун», оңтүстікте— «мань». Ежелгі халықтар тайпаларға біріккен рулық қауым-дармен өмір сүрген жəне ортақ шаруашылықты жүргізген. Б.э.д. ІІІ мың-жылдықтың соңында өндірістік күштердің одан əрі дамуы, жеке меншіктің пайда болуы жəне қоғамның таптарға бөлінуі рулық құрылымның ыдырауына жəне оның орнына мемлекеттің пайда болуына алып келді. Шамамен б.э.д. 1600 ж. шығыс «и» тайпалары Солтүстік Қытайдың үлкен
аумағын жаулап алып, өз қарсыластарын жеңді де, Шан (инь) мемлекетін құрды. Ежелгі Қытайдың мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдері:
1 кезең — Шан «Инь» кезеңі (б.э.д. ХҮІІІ-ХІ ғ.ғ.) - құлиеленушілік қоғам-ның қалыптасуы жүзеге асады. Бұл кезеңде, сонымен қатар, екі кезең көрініс табады: а) ерте Шан (б.э.д. ХҮІІІ — ХҮ ғ.ғ.) — таптардың пайда болуының бастапқы кезеңдері ғана тəн; ə) кейінгі Шан (б.э.д. ХІҮ— ХІ ғ.ғ.)- таптық қоғам толығымен қалыптасып бітеді. 2 кезең — Чжау кезеңі (б.э.д. ХІ — ІІІғ.ғ.) — иерархиялық əлеуметтік жүйе пайда болады; 3 кезең — Цинь кезеңі (б.э.д. 221-201 ж.ж.) жəне Хань кезеңі (б.э.д. ІІІ ғ.— б.э. ІІІ ғ.) — жаңа, феодалдық қатынастардың негізі пайда болады.
Қоғамдық құрылым. Кейінгі Шан кезінде халықтың жалпы санынан артық-шылықты топ бөлініп шығады, оның құрамына билеуші — ван жəне оның туыстары, билеушіге жақын адамдар абыздар, шенеуніктер жəне бағынышты тайпалардың ақсүйектері кірген. Чжоулық Қытайда бірнеше разряд —əлеуметтік ранглер пайда болды. Ранг тұрғын үй мен жердің мөлшерін, құлдардың саны мен жалақының мөлшерін анықтаған. Цинь кезеңінде Шан янның жүргізген өзгертулері негізінде ақсүйектіліктің ранглері туралы жаңа ереже енгізілді,оған сəйкес ранглер ақсүйектік тегіне емес, билеуші алдын-дағы жетістіктері үшін берілген. Барлығы 20 ранг енгізілді, ал б.э.д. ІІІ ғасыр-дан бастап оларды сатып алуға рұқсат етілген. Сонымен, жаңа ақсүйектер пайда болды: мүліктік, əскери, қызметтік жəне саудагерлік. Ең төменгі сатыда құлдар болған. Құлдықтың қайнар көздері түрліше болған: əскери қамау, қарыздық құлдық, сый ретінде алу, қылмыскерлер, шығынға ұщыра-ған шаруалар. Қоғамның үстем тобы мен құлдардың арасында жер өңдеумен айналысатын еркін қауым мүшелері болған.
Мемлекеттік құрылым. Құлиеленушілік Қытайда оның тарихының барлық кезеңінде басқарудың монархиялық нысаны болған. Билеуші — ванның қолында билік толығымен болған. Патша билігі құдайдың билігіне теңестірілетін Монархия мұрагерлік сипатта болған. Ежелгі Қытайда басқарудың сарайлық жүйесі болған, яғни, нақты анықталған құзіреті бар тұрақты түрде қызмет ететін мемлекеттік мекемелер болған жоқ, олардың орнына арнайы тапсырмаларды орындайтын тұлғалар, күңдер болған.
Шан дəуірінде патшаға жақын тұлғалардың арасында 20 жуық ресми титул-дар болған, олар функциялары бойынша үш топқа бөлінген: біріншісі — азаматтық лауазымды тұлғалар, екіншісі — əскери лауазымды тұлғалар, үшіншісі — əртүрлі кеңесшілер, бал ашушылар мен көріпкелдер. Чжоу кезеңінде ванның ең жақын көмекшісі болып сян табылған, ол барлық шенеуніктерге басшылық жасап, билеушінің əртүрлі тапсырмаларын орындаған. Сонымен қатар, үш гундер — патшаның басты кеңесшілері лауазымы болған. Цинь дəуірінде императордың жақын көмекшілері болып екі бірінші кеңесшілер —екі ченсина табылады, олар аппарат жұмысын басқарады, тайвэй — империяның қарулы күштерін басқарады жəне юйши дафу — барлық мемлекеттік аппаратты басқарады. Ченсяна, тэйвей жəне юйши дафу аса лауазымды тұлғалар болатын жəне «үш гун» атауын иеленді.
Жергілікті басқару. Шан жəне Чжоу дəуірінде Қытай өз көсем — билеу-шілері — чжухоулары бар көптеген иеліктердің жиынтығынан құралған болатын. Чжухоулар ванның жоғарғы 31билігіне бағынған. Цинь дəуірінде Шан Янның əкімшілік реформасына сəйкес патшалықтың аумағы 41 цездке бөлінді, олар валостар мен тиналарға бөлінді, ал алар, өз кезегінде, өз басқару органдары бар 10 қауымдастықтан құралды. Қауымның тұрғындары фулаоны (ақсақал) сайлаған, ал олардың арасынан староста — личжен сайланған.
Əскер. Шан патшалығында тұрақты əскер болған жоқ. Қажет болған жағ-дайда чжухоулар 3000, 5000, 6000 əскерлерден құралған отрядтарды ұсынған. Жиналған əскер əскербасы — қолбасшыға берілетін жəне жорыққа шығатын. Əскер екі бөлікке бөлінетін: жаяу əскер жəне арбалы əскер. Сонымен қатар, халық мал мен арбаларды беретін. Əскердің үш түрі болған: жаяу əскер, атты əскер жəне қарулы арбакештер. Цинь империясында əскер бестіктер мен ондықтарға бөлінген. Жоғарғы қолбасшы болып импера-тордың өзі даболған.
Сот жүйесі. Сот функцияларын тармақтарға бөлінген мемлекеттік аппарат-тың көптеген өкілдері жүзеге асырған. Мемлекеттегі жоғарғы судья болып ван табылған. Жергілікті жерлерде сот істерін қараумен болыстықтың бастығы айналысқан.
Б.э.д. Ү— ІІ ғ.ғ.— да бірқатар жинақтар жасалған, олардың ішінде ең əйгілі 6 тараудан құралған «Заң кітабы» (Фацзин). Мұнда Қытайдағы қолданыс-тағы қылмыстық іс жүргізушілік заңнама көрініс тапқан. Шан мемлекетінде меншік құқығының обьектілері ретінде мал, құлдар, еңбек құралдары, құнды асыл бұйымдар жəне басқа да мүлік танылған. Тек б.э.д. І мыңжыл-дықтың екінші жартысында ғана жерге деген меншік құқығы пайда болады. Қытайлық заңнамаға мына шарт түрлері тəн болған: сату-сатып алу, заем, кепіл, несие беру, жерді жалдау.Шан кезеңінің отбасы құқығында матриархаттың элементтері болған, туыстар арасындағы некеге рұқсат берілетін, алайда, Чжоу мемлекетінде патриархатты отбасы орнығып, көп əйел алуға рұқсат етіледі. Мұрагерлік құқықта əке мүлкін бірінші əйелдің үлкен ұлы иемденетін тəртіп орныққан. Ұлы болмаған жағдайда мұра-герлікті күйеуінің басқа туыстары иеленетін. Қылмыстық заңнамада мемлекеттік қылмыстарға ерекше мəн берілген, олар үшін мынадай жазалау жүйесі қолданылған: таңба салу, мұрынды кесу, аяқты шабу, еркектердің жыныс мүшесін кесіп тастау жəне өлім жазасы. Ежелгі Қытайдағы сот əкімшіліктен ажыратылмайтын. Алдын-ала тергеу мен сот талқысын бір тұлға жүргізе беретін.
Қытайдағы ортағасырлық кезеңнің басы 220 жылы Хань империясының ішкі тұрақсыздықтың, ең алдымен “сары белбеулілердің” көтерілісінің нəтижесінде құлауымен сиаптталды. “Күшті үйлер” деп аталған бірнеше ақсүйек тектерінің арасындағы күрес өрши түсті. Бұл күрестің нəтижесінде Цинь жаңа династиясының (265-420 ж.ж.) негізін қалаған Сыма тегі алға шықты, бұл кезде Қытай қайта бірікті. 280 жылы император Сыма Янь жаңа жарлық қабылдады, оның негізінде əрбір жер иеленуші (16 мен 60 жас аралығындағы) 120 му (6,6 га) жер алатын, оның 215-і мемлекетке кетсе, 3\5 бөлігі жер иеленушіге қалатын. Салық төлеуші халық жылына 20 күн мем-лекет үшін тегін жұмыс істейтін. ІІІ — ғасырдың соңында Қытайға ғұндар, кейін юн, цян, жужан, тобог жəне тибет тайпалары басып кірді. ІV-VІ ға-сырларда Солтүстік Қытай нағыз соғыс алаңы болды. Жаулап алушылардың арасынан Солтүстік Вэйдің тоби династиясы бөлініп шықты, олар V ғасыр-дың соңында өз патшалығын орнатты. 477-485 ж.ж. императордың жарлы-ғының нəтижесінде үлестіру жүйесі қайтадан енгізілді. Ол ауыл шаруашылы-
ғының көтеруге жəне Оңтүстік Қытайдағы халықтың қайтып келуіне біршама əсер етті. VІ ғасырдың екінші жартысында Солтүстік жəне Оңтүстік Қытайдың бірігуіне қажеттік туындады. Себебі, VІ ғасырдың ортасында (551 ж.) Қытайдың солтүстік шекараларына қауіп төндірген аса күшті көшпенді мемлекет Түрік қағанаты құрылды. Бірігу əскери жолмен жүзеге асты. Қолбасшы Янь Цзюнь император жəне Суй (581-618 ж.ж.) династиясының негізін қалаушы ретінде жарияланды. Бұл династияның тұсында мемлекеттік биліктің орталықтандырылуы күшейе түсті. Императордың билігі шексіз болды, ол үлкен бюрократтық аппаратты басқарды. Императордың жанында жоғарғы шенеуніктерден құралған үш палата жұмыс істеді. Одан кейін алты ведомство (шендер, қаржылық, рəсімдік, əскери, сот жəне жазалау, қоғамдық жұмыс ведомстволары) болды. Алайда, шаруа көтерілістері мен Когуремен (сол кезде Корей түбегіндегі мемлекеттердің бірі) ұтымсыз соғыс Суй династиясының құлауына жəне Тан династиясының (618-907 ж.ж.) негізін қалаушы император Ли Юаньның билікке келуіне алып келді. 624 жылы шаруалар үшін жеңілдіктер орнықтырған декрет қабылданды, оған сəйкес шаруаларға бау-бақша жерін өмір бойғы иелену құқығы берілді. Тан мемлекетіндегі жоғарғы жəне шексіз билік императорға тиесілі болды. Оның көмекшілері болып екі цзайсян табылды. Мемлекетті басқару үш палата арқылы жүзеге асырылатын: атқарушы, заң шығарушы (империя жарлық-тарын даярлау), салтанаттарды ұйымдастыру; одан кейін суй ведомство-ларына ұқсас алты ведомство тұрды. Шенеуніктер тоғыз рангіге бөлінді жəне олардың жалақылары да тоғыз деңгейде болды. Шаруалар “жақсы халық” жəне “жаман халық” болып бөлінді. Бірінші топты еркін шаруалар, екінші топты құлдар, малайлар, бөтен жерді жалға алушылар құрады. 907-960 жылдары өтпелі кезең орнады, бұл кез “бес династия жəне он патшалық” кезеңі деп аталды. 960 жылы əскер император ретінде генерал Чжао Куаниняны жариялады, ол Сун династиясының (960-1271 ж.ж.) негізін қалады. Бұл династияның басқаруы кезінде мемлекеттік құрылым өзгермеді. Қытайдың солтүстік-батыс шекараларында тангуттар мемлекеті — Батыс Ся мемлекеті (982-1227 ж.ж.) құрылды, бұл мемлекет Қытайдың шекраларына үнемі шабуыл жасап отырды. 1234 жылы Солтүстік Қытайды монғолдар жаулап алды, ал жарты ғасырдан соң Оңтүстік Қытай да бағындырылды. Монғол ханы Құбылай жаңа Юань династиясының (1271-1368 ж.ж.) негізін қалады. Өз астанасы ретінде ол Пекинді таңдады. Ол қытайдың əкімшілік жүйесін өздеріне негізге алғанымен, монғолдар қытайларды биліктен аластатты. Осы жəне басқа да шаралар шаруалардың көтерілісіне алып келді. 1368 жылы шаруа қолын бастаушы Чжу Юаньчжанның əскері Пекинге басып кірді. Ол император болып, Мин династиясының негізін қалады. 1644 жылы Қытайды маньчжурлар жаулап алды, Мин династиясы құлады. Маньчжурлардың басшысы Абахай Цин династиясының (1644-1911 ж.ж.) негізін қалады, ал оның ұлы жаңа династияның алғашқы “богдыханы” болды (император титулы). Қытайдың құқығы өзгешеліктерге толы болды. Мұнда Конфуцийдың ілімдері негізге алынды, ол бойынша балаларының ата-анасына, əйелінің күйеуіне, жауынгердің басшысына, шаруаның князьға, халықтың императорға қатаң түрде бағынуы уағыздалатын. VІІ ғ. император Ли Ши-Минның бұйрығымен қылмыстық құқық жинағын —“Қылмыстық құқықтағы қылмыстардың тізімін” жасау басталды. Қылмыстардың тізімі ауқымды болды жəне олардың басым көпшілігі өлім жазасымен жазаланатын, себебі, конфуций ілімі бойынша қылмыскерге қатысты дене жазаларын қолдануға тыйым салынатын болған. Əкесін өлтір-ген бала, басшысын өлтірген жауынгер, сюзеренін өлтірген вассал қандай да болсын жағдайға қарамастан өлім жазасына тартылатын.
ХVІІІ ғасырдың соңында — ХІХ ғасырдың басында Қытай Цин династиясының басшылығында құлдырау кезеңін бастан кешіріп жатты. Осы кезеңде Англия жəне Франция сияқты мемлекеттердің Қытайды өзінің жартылай колониясына айналдыруға ұмтылысы өрши түсті. Осының нəтижесінде, 1850 жылғы маусымда Тайпиндік көтеріліс ретінде танылған шаруалар соғысы басталды. 1853 жылғы наурыз айында көтеріліске шыққандар Тайпин мемлекетінің астанасы болған Нанкин қаласын басып алды. Тайпин мемлекетінің басшылары “Аспан династиясының жер жүйесі” атты мемлекет пен қоғамның реформасы бойынша бағдарламалық құжатты жариялады. Елде теңдестірілген жер иелену жарияланды. Тяньванның (“аспан князі”) басшылығымен “Ұлы жақсылықтардың аспан патшалығы” құрылды. Басқа басшылар əртүрлі мəселелерге қатысты бюрократиялық аппараттары бар ван атағына ие болды. Село əкімшілігін уездік басқарманың басшылығымен уездік бастықтар басқарды, одан жоғары үкіметпен тағайын-далатын округ бастықтары басқаратын округ басқармалары болды. 1864 жылғы шілдеде Нанкинді Цин əскері құлатты. Тайпин көтерілісін басудағы қиындықтар, Англия жəне Франциямен соғыстың нəтижелері Цин империя-сының үстемдік құрушы таптарын реформа (ең алдымен, əскери) жасауға итермеледі. “Теңіздің ар жағындағы істерді меңгерудің” ғалымдары пайда болды. 1862 жылы реформалардың негізін салушы ғалымдардың бірі императорға мемлекетті күшейтуге қатысты саясатты ұстануға меморандум ұсынды. Осыдан соң зауыттардың арсеналдардың құрылысы басталды, шетелдік капиталдың ағымы күшейе түсті. Алайда, “мемлекетті күшейту саясаты” Қытайды 1894-1895 жылдардағы жапон-қытай соғысындағы жеңілістен құтқара алмады. Шетелдік державалар Қытайға қатысты əсер ету салаларын күшейте түсті (1897 жылы Гонконг Ұлыбританияға 100 жылға жалға берілді). Осының барлығы халық арасында кең көңіл толмаушылыққа жəне реформаға деген жаңа қозғалыстарға əкеліп соқты. Қозғалыс өз көзқарастарын Ұжымдық меморандумда көрсетіп өтті, мұнда мемлекетті басқару жүйесін өзгерту, əскерді қайта құру, конституциялық монархияны орната отырып, парламентті құру ұсынылды. Бұл құжат үшінші талпыныс-тан соң ғана алдыңғы қатарлы күштерді басқарған жас император Гуансюйдің қолына тиді. Реформаторлар мемлекеттік басқаруға тартылды: “реформалық жүз күнде” өнеркəсіптік дамуды күшейтуге, университеттер ашуға жəне т.б.бағытталған бірқатар прогрессивтік жарлықтар қабылданды. Алайда, реформатарларға билікті сақтап қалу үшін саяси күштер жетіспеді. 1893 жылғы күзде император Цыси (Қытайды 1861 жылдан бастап басқарған) төңкеріс жасады, Гуансюйді билігінен айырып, оның атынан жарлықтар шығарды, бұл жарлықтар бойынша ол регентша болып, мем-лекетті басқару құқығын иеленді. Консерватитвік құрылым сақталып қалды, елде басылып-жаншылып отырған бірқатар көтерілістер бас көтерді. 1905 жылы Сунь Ятсен “Қытайдың жандану одағын” ішінара қайта құрды. Сол кезде ол өзінің “Үш халықтық қағида” атты бағдарламасын ұсынды. Ол бағдарламаның мақсаты Цин империясын жою, демократиялық реформа жүргізіп, демократиялық халықтық үкімет құру болған. 1905-1908 ж.ж. ел ішінде қайтадан көтерілістер басталды. Цин үкіметі 1906 жылы консти-туцияны даярлауға кірісті, бірақ ол император билігінің сақталуын көздеді. Жағдай күннен-күнге шиелене берді, ақырында, 1911 жылы қазанда Уган қаласындағы қарулы көтеріліс революциялық күштердің жеңуімен аяқталды. Синьхай революциясы басталды (Синь Хай — ескіқытай күнтізбесі бойынша 1911 жылы). 1911 жылғы қазан айының соңында көптеген провинцияларда Цинь патшалығының билігі жойылды. 1911 жылғы желтоқ-санда Нанкин қаласында Уақытша үкімет құрылды, мемлекет басшысы болып Юань Ши Кай тағайындалды.
1902-1904 жылдары Қытайдың бірқатар провинцияларында шаруалар мен қолөнершілердің жаппай көтеріліске шығуы орын алды. Басында Сунь Ятсен тұрған “Қытайды қайта өрлету одағының” басшылығымен революциялық ұйымдар құрылды. 1905 жылы революциялық топтар Қытайдың революциялық біріккен одағына (Чжунго Гэмин Тунмэнхуэй) бірікті, оның президенті болып Сунь Ятсен сайланды. 1911 жылғы 10 қазанда Учан (Уган) қаласында солдаттар көтеріліске шықты, Синьхай революциясы басталды. 1911 жылғы 25 желтоқсанда Сунь Ятсен Қытайдың президенті болып сайланды. Монархия контрреволюциялық күштермен келісудің нəтижесінде жойылды. Президент болып контрреволюцияның таңдаған өкілі Юань Шикай сайланды. 1912 жылғы 10 наурызда Ұлттық жиналыс (заңшығарушы орган) Қытайды президент басқаратын республика ретінде жариялаған уақытша конституцияны қабылдады. Заңшығарушы билікті парламент жүзеге асырды, оның құрамында екі палата болды: сенат пен өкілдер палатасы. Парламентке сайлау екісатылы сипатты иеленді. 21 жасқа толған, мүліктік ценз бен тұрақтылық цензіне (бір жерде кем дегенде 2 жыл тұрақты өмір сүрген) тұлғалар ғана сайлаушылар болып табылды. Либералдық буржуазия мен Юань Шикайдың одағы революцияның аяқталуын қалады. Қытайлық революциялық бірлескен одақта (тунмэнхуй) либералдар жеңіске жетті. Олар партияның таратылуын жəне оның ұсақ буржуазиялық партиялармен бірігуін талап етті. Бұған жауап ретінде Сунь Ятсен жаңа партия — Гоминьданды (Ұлттық партия) ұйымдастырды. Гоминьдандықтар 1913 жылы көтеріліске шықты, бұл көтерілісті Юань Шикай басып тастап, партияның қызметіне тыйым салды. Содан соң Юань Шикай конституцияға өзгертулер енгізіп, президенттің өкілеттіктер мерзімін 10 жылға,дейін ұзартты. Осылай, монар-хияны қалпына келтіруге əрекеттер жасалды, Юань Шикайдың богдыхан (маньчжурлық,Цин династиясы императорларының титулы) ретінде жарияланатыны хабарланды. Алайда, 1916 жылы Юань Шикай қайтыс болып, президент ретінде республиканы сақтап қалған,бұрынғы вице-президент Ли Юаньхун сайланды.,Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытайда күшейген ұлттық буржуазия мен қытай нарығындағы шетелдік монополистердің арасындағы қайшылықтар өрши түсті. Халықтың белсенділгі ұлт-азаттық бағытқа бет бұрды. 1919 жылғы 4 мамырда Пекинде студенттердің демон-страциясы өтті. 1919 жылғы маусымда студенттік толқулар “4 мамырдағы қозғалыс” атты революциялық қозғалысқа ұласты, оған жұмысшылар мен ұлттық буржуазия қосылды. 1921 жылы Қытайдың Коммунистік партиясы құрылды. 1924 жылы коммунистер Гоминьданға қосылды. Халықтың белсенділігінің артуы Гоминьданның оң қанатының контрреволюциялық бағытты ұстануына түрткі болды. Контрреволюцияның басында Гоминьданның Орталық атқару комитетінің төрағасы, ұлттық-революциялық əскердің қолбасшысы генерал Чан Кайши тұрды. Бірінші азаматтық соғыс басталды (1924-1927 жылдар), бұл соғыс революциялық күштердің жеңілуімен аяқталды. Гоминьдан ірі буржуазия мен помещиктердің пар-тиясына айналды. Гоминьданның съезді биліктің жоғарғы органы ретінде жарияланды, ал оны шақырудың арасындағы үзілістерде жоғарғы орган болып Гоминьданның Орталық атқару комитеті табылды, үкімет оған бағынатын болды (Кеңестік Ресейдегі мемлекеттік органдардың құрылымына ұқсас болды). 1927 жылғы тамызда екінші азаматтық соғыс басталды. Осы кезде Қытайдың солтүстік-шығысына жапон əскерлері енді. Жапондықтарға төтеп бере алмаған Гоминьдон Шығыс Қытайдың жартысынан айырылды. Коммунистер соғыстың барысында революциялық базаларды (революциялық күштердің бақылауындағы аумақтар) құрды. Революциялық күштерді біріктіру мақсатында 1930 жылғы 7 қарашада Қытайдың барлық революциялық базаларының делегаттары — жұмысшы жəне шаруа депутаттардың І съезді ашылды. Съезд жер туралы, еңбек туралы заңдардыбекітті, уақытша конституцияның жобасын қабылдады жəне Қытайдың революциялық орталық үкіметін сайлады, оның басында Қытайдың Коммунистік партиясының басшысы Мао Цзедун (1893-1976) тұрды. 1921-1932 жылғы сəуірде революциялық үкімет Жапонияға соғыс жариялады жəне Гоминьданға азаматтық соғысты тоқтатып, Жапониямен бірлесіп соғысуды ұсынды. Алайда, Гоминьдан соғысты тоқтатудан бас тартты, сөйтіп, соғыс тек 1937 жылы аяқталды. Жапондықтардан азат етілген аймақтардың барлығында билік органдары “үш үштік” қағидасы бойынша құрылды: орындардың үштен бір бөлігінің бірін коммунистер, екіншісін ұсақ буржуазия, үшіншісін орта буржуазия мен революциялық помещиктер иеленді. 1944 жылғы қарашада Чан Кайши коммунистерді əскери-саяси басшылықтан қуу арқылы үкіметте тазалау жүргізді, сөйтіп, жаңа азаматтық соғыстың басталуына негіз болды. 1945 жылғы күзде Кеңес Əскері Маньчжуриядағы Жапондық Квантун əскерін (1 миллион солдаттан құралған) жеңді. Осыны пайдаланып, Қытайдың Коммунистік партиясы 8 жəне4 ұлттық-революциялық (азаттық) əскерін жіберді. 1945 жылдың соңында Қытайдың Коммунистік партиясы 150 миллион халқы бар Солтүстік Қытайға билік жүргізіп отырды. Гоминьдандық үкімет ұлт-азаттық əскерге қарсы тұрды, сөйтіп, үшінші революциялық азаматтық соғыстың (1946-1949 жылдары) басталуына жағдай туды. 1949 жылғы қаңтарда Чан Кайши Коммунистік партияның басшылығын бейбіт келіссөздер жүргізуге шақырды, бұлардың нəтижесінде екі жақтың арасында бейбіт келісім орнады. 1949 жылғы 21 қыркүйекте Халқытық саяси кеңесушілік конференциясының бірінші сессиясы ашылды, оның жұмысына барлық демократиялық партиялар мен қозғалыстардың делегаттары қатысты. Сессия Конференцияға біртұтас фронт ұйымы ретінде мəртебе беріп, ҚХР (Қытай халық республикасы) Орталық халықтық үкіметін ұйымдастыру туралы заңды, жəне Жалпы бағдарламаны (ҚХР уақытша конституциясы) қабылдады. Конференция Мао Цзедун басшылық еткен Орталық халықтық үкіметті сайлады. 1949 жылғы 1қазанда Қытай халықтық республикасының құрылғаны туралы жарияланды. Жалпы бағдарламада ҚХР-дің басында коммунистік партия құрған жұмысшылар мен шаруалар одағына негізделген халық диктатурасының мемлекеті ретінде жарияланды. Мемлекеттік биліктің жоғарғы органы болып Орталық халықтық үкіметтік кеңес (ОХҮК) табылды. Бұл орган келесі органдарды құрады: Мемлекеттік əкімшілік кеңес (жоғарғы атқарушы орган), ұлттық-революциялық əскери кеңес, Жоғарғы халықтық сот жəне Жоғарғы халықтық прокуратура. ОХҮК-мен біріге отырып олар ҚХР-дің орталық халықтық үкіметтін құрады. Оның төрағасы болып Мао Цзедун табылды, сонымен қатар ол ОХҮК-нің, Халықтық-революциялық əскери кеңестің жəне Коммунистік партияның атқарушы комитетінің төрағасы болды. 1953-1954 жылдары ел тарихындағы халықтық өкілдер жиналысына алғашқы жалпы сайлаулар өтті. 15 қыркүйекте Пекинде Халық өкілдерінің жалпықытайлық жиналысының (ХӨЖЖ) бірінші сессиясында ҚХР-дің Конституциясы қабылданды. Оған сəйкес, биліктің жоғарғы органы болып ХӨЖЖ, ал оның сессияларының арасындағы үзілістерде ХӨЖЖ-нің Тұрақты комитеті табылды. 1958 жылғы мамырда коммунистік партия социализмді уақытынан бұрын құру бағытын ұстанды, бұл “Үлкен адым” деген атқа ие болды жəне өмірдің барлық салаларына тарады. Бұл бағыт жағдайдың сыртқы жəне ішкі саяси шиелінісіне алып келді. 60-жылдардың басында Мао Цзедун “Үлкен адымға” тексеру жасады. Партия идеялық жағынын “Үлкен адымды” жақтаушылырға (яғни, Мао Цзедунды жақтаушыларға) жəне оның қарсыластарына бөлінді. Мао Цзедун жəне оның жақтаушылары “Мəдени революция” атты іс-қимылдарды жүзеге асырып, партиялық жəне мемлекеттік органдарда тазалаулар жүргізді. 1975 жылы “Мəдени революцияның” саясатын заңды түрде бекіткен конституция қабылданды. Биліктің өкілдік органдарының кейбір құқықтары шектелді. Алайда, Мао Цзедунның өлімі (1976 жыл) мемлекеттік құрылымның демократизациялануына жəне 1978 жылы жаңа конституцияны (1954 жылғы конституцияның кейбір ережелерін қалпына келтірген) қабылдауға алып келді. Елде құқық шығарушылық,қызмет белсендене түсті, бірқатар кодекстер қабылданды.1982 жылы экономикадағы реформаларды бекіткен конституция қабылданды. Бұл реформалар Ден Сяо-Пиннің басшылығымен 1978 жылы басталған болатын (экономиканың жан-жақтылығы, меншіктің бірнеше түрі бекітілді, алайда, билік басында коммунистік партия қалып қойды). Осылай, мемлекеттің саяси құрылымын өзгертусіз экономиканы басқарудың нарықтық əдістері үшін үлкен бостандықтар туындады.
Реформалардың нəтижесінде ҚХР дамыған мемлекетке айналды. Жақында (1998 жылдың аяғында ) ҚХР-да реформалардың 20 жылдығы тойланды.
Қытай халық республикасы құрылғаннан
бері, міне, 60 жылдан асып, Қытайдың төртінші
көсемі биліктен кетіп (өте қысқа мерзім
аралығында билікте болған екеуді қоспағанда),
бесіншісі үзеңгіге аяқ салу алдында тұр. «Елу
жылда ел жаңа, жүз жылда қазан жаңа» деп
қазақ атамыз айтқандай, сол 60 жылда расында
да, Қытай елі мүлде жаңарып, түлеп келеді.
Елі дамып, экономикалық қуаты жағынан
әлемнің алдыңғы қатарына ұмтылуымен
қатар, бұрын «жартылай отар, жартылай
феодалдық» қоғамда батыстың езгісі мен
қорлығын, сондай-ақ Мао замандағы итшілеген
қиын өмірді көрген қарапайым да кішіпейіл
аға ұрпақ келмеске кетіп, енді кеуделеріне
нан пісетін, өздерінен басқаны менсінбейтін
қытай ұлтшылдары өсіп келеді.
Билік – қашан да халықтың ішкі жане сыртқы
бет-бейнесінің көрінісі. 60 жылда Қытай
елін билеген көсемдерінің өмірі мен жүрген
жолына үңіліп көрсек, Қытай елінің бет-бейнесінің
өзгерумен қатар, халқының да пиғыл-мақсаты
өзгеріп келе жатқанын байқаймыз. Қазір,
шынын айтар болсақ, Қытайда қытай ұлтшылдығы
асқынып келеді. «Билік – халықтың туындысы»
десек те, халық ел бастаған көсемдеріне
қарап бой түзеп, көсемінің саясатына
үн қосатыны айтпаса да белгілі. Олай болса,
қытай көсемдеріне үңіліп көрейік.
Мао Цзедун Қытай халық республикасы құрылғанын жариялап тұр. 1 қазан 1949 жыл.
Мао Цзэдун (1893-1976) Хунан өлкесінің Шаушан
ауылында біршама бай шаруа отбасында
дүниеге келген. Хунан педагогикалық мектебін
бітірген.Ол 1911 жылғы қытай демократиялық-ұлттық
төңкерісіне қатысты. Кейін бірте-бірте
коммунизм идеясын қабылдап, Қытай коммунистік
партиясына кірді. Ол сол жылдары Францияға
барып, оқу орайынан бас тарта тұрып, Қытайдағы
қарапайым шаруалардың өмірін зерттеп,
өзін Қытай төңкерісіне, коммунизм ісіне
арнады.
Ол марксизм-ленинизм идеясын беріліп
үйреніп, өзін нағыз интернационал көшбасшы
етіп шыңдап шығарды. Кейін қытай коммунистік
партиясы Қытай Халық Республикасын құрғаннан
кейін де коммунизм ісіне адал болып, ұлттар
теңдігін дәріптеп, «ұлттық бөлшектенуге
қарсы тұру, зор қытай ұлтшылдығына қарсы
тұру» деген ұранды бүкіл елге дәріптеді.
Осы ұранды өздеріне құбыла қылған қытайлар
азшылық ұлттар жерінде, өтірік болса
да, бетегеден биік, жусаннан аласа болды.
Қытайдың азшылық ұлттар қоныстанған
өлкелерге жіберген басшылары «аз ұлттардың
салт- дәстүріне, тіліне, дініне құрмет
ету» бағытын ұстанды. (Алайда бұл жерде
осындай сырттай ізгі саясат ұстанғандай
бола отырып, «жергілікті ұлтшылдарға
қарсы тұру» деген ұранмен азшылық ұлттардың
азаттық аңсаған игі жақсыларын қырып
тастағанын ақтай алмаймыз). Қалай десек
те, 1976 жылы Мао өлгенге дейін қарапайым
қытай халқы бас көтеріп, аз ұлттарға тіс-тырнағын
ашық батыра алмады. Тіпті азшылық ұлттар
тұрған өңірде баяғыдай жергілікті ұлт
өз үстемдігін сақтап қалды.
Дэн Сяопин (1904-1997) Сычуан өлкесінде бай
шаруа отбасында дүниеге келді. 1920 жылы
Францияға оқуға кетіп, екі жылдан кейін
осында құрылған Қытай коммунистік жастар
одағына мүше болады.
1926 жылы саяси қызметі үшін Франциядан
қуылып, Мәскеуге келіп, Сунь Ятсен атындағы
университетте оқыды. Дың Шяупиң сонау
жастық шағынан коммунизм идеясына беріле
сенді. Ол да төраға Маомен бірге марксизм-ленинизм
идеясын беріле үйреніп, өзін нағыз интернационал
санады. Қытайда қызыл үкіметі құрылғаннан
кейін де ол саяси күрестен экономикалық
ілгерілеуді артық санады. Ол саяси күрес
барысында «бай – кедей», «қытай – басқа
ұлт» болып бөлінгенді құп көрмеді. Ол
ұлт, табына қарамай социализм ісіне үлес
қосқан кез-келген адамды бауырына тартуға
тырысты. Оның «ақ мысық, қара мысық, тышқан
алса – бәрі де жақсы мысық» деген әйгілі
сөзі ұлтшыл қытай емес, интернационал
болғанын дәлелдейді. Мао өлгесін ел билеген
(1978-1993) Дың Шяупиң есі шыққан Қытай еліне
советтік догмалық қателіктен ірге бөліп,
бағыт-бағдар сілтеп, «Жуңгоша (қытайша)
ерекшелікке ие социализм құру» идеясын
іске асыру арқылы Қытайды дамудың даңғыл
жолына салды. 1978 жылдан кейінгі Дың Шяупиң
жасаған оң бұрылыстан кейін есін жиған
Қытайдың қарапайым халқы сол Мао заманындағы
маубастықтан сәл де болса, етек-жеңін
жинаса да, азшылық ұлттарға қарата тіс-тырнағын
ашық батыратын саясат жүргізе қоймады.
Өйткені ол кездегі қытай билігіндегілердің
негізі Дың Шяупиң сияқты «интернационал»
болатын. Дың Шяупиң тұсында да Мао заманындағы
«ұлттық бөлшектенуге қарсы тұру, зор
қытай ұлтшылдығына қарсы тұру» деген
үлкен ұрандар еш өзгеріссіз ілініп тұрды...
Полицей Цзян Цзэминьнің суреті алдынан өтіп бара жатыр. Бейжің, 7 шілде 2011 жыл.
Цзян Цзэминь 1926 жылы Жиянсу өлкесінің Янчжу
қаласында дүниеге келді. Шаңхай Көлік
университетінің электрқозғалтқыштар
факультетін бітірген инженер. 1955-56 жылдары
Мәскеу қаласындағы Сталин атындағы машина
жасау зауытында мамандығын жетілдірді.
Жастайынан комсомол болып, кейін комунистік
партияның қызметіне белсене араласқан
Жяң Зымин сол кездегі төраға Мао идеясын
өзіне бағыт тұтып, Совет одағында «интернационалшыл»
идеясын шыңдап қайтты. Алайда «коммунистік
интернационализм» дегенді көбіне сөз
жүзінде пайдаланып, іс жүзінде «сабан
астынан су жүгіртіп», өз ұлтына басым
бағыт берді.
Жяң Зымин биліккте болған жылдары (1993-2002)
Қытай елі етек-жеңін жиып қана қоймай,
айқұлақтана бастаған болатын. Ішкі Қытайдан
ағылған миллиондаған жұмыссыз қытайлар
азшылық ұлттар қоныстанған өңірлерге
келе бастады. Қытай билігі де осы кезде
«қол ішке илігеді» дегендей, қытай кәсіпкерлеріне
экономикалық жақтан үздіксіз көмек беріп,
азшылық ұлттар жеріне мысықтабандап
кіре бастады. Алайда аз ұлт өңіріне келген
ақпа қытайлардың заңдық құқы жеткілікті
қорғалмады. Олар жергілікті жерде кемсітуге
ұшырап, үнемі кедергілерге тап болып
отырды. Десе де сол өңіріндегі халықтың
әрекет ету кеңістігі тарыла бастады.
Қытайға қарсы идея мен пиғылдар дер кезінде
ауыздықталып, асып бара жатқандары түрмеге
тоғытылды. Мао, Дың Шяупиң тұсындағы «ұлттық
бөлшектенуге қарсы тұру, зор қытай ұлтшылдығына
қарсы тұру» деген ұранға да өзгеріс енгізіп
«жергілікті ұлтшылдыққа, қытай ұлтшылдығына
қарсы тұру» деген үлкен ұрандар әр жерде
желбіреп тұрды.
Ху Цзиньтао Қытай компартиясының 90 жылдық мерекесінде сөйлеп тұр. Бейжің, 1 шілде 2011 жыл.
Ху Цзиньтао 1942 Аньхуэй өлкесі Чжиши қаласында
туылды. Пекиндегі Цинхуа университетін
бітірген. Ол Қытайдың өзінен ғана оқып,
совет интернационализмін көрмеген, қызметке
араласқан кезінде Дың Шяупиңның жаңа
реформасы заманына тура келген «комунистік
интернационал» деген идеяға бой алдырмаған, таза
қытайлық идеямен өсіп жетілген қытайшыл
көсем болды. Ол өз мақсаттарын Жяң Зымин
сыяқты майдалап, жасырын жүргізбей, ашық,
Қытайды зор санау саясатын жүргізе бастады.
Алдымен Жяң Зымин тұсындағы ақпа қытайлардың
заңдық мәртебесін жоғарылатып, олардың
құқығын қатаң қорғады. Сондай-ақ, жергілікті
халықтың билігін мүлде әлсіретіп, экономикалық
жақтан маңызды саналатын салалардың
бәрін қытай азаматтарының қолына беріп,
Қытай елінің нақты иесі кім екенін басқа
ұлттарға ашық танытты. «Мемлекет қажеті
үшін» деген сылтаумен аз ұлттардың жерлерін
ашықтан-ашық тартып алып, жергілікті
шаруаларды жерсіз қалдырды. Жергілікті
жерлердегі азшылық ұлттардың өз тіліндегі
мектептерді тегіс жауып немесе аралас
мектептерге айналдырып, аз ұлттарға бұрын
болып көрмеген дәрежедегі қысым жасалды.
Мұның ақыры аз ұлттардың қытай билігіне
қарсы жаппай халық наразылығына алып
келді. Алайда ереуілдегі халықпен тепе-тең
тұрып талдау жасап, келісімге келгеннің
орнына Ху Жинтау билігі қарулы басып-жаншу
саясатын қолданды. Бұл Қытайдың Шыңжаң
өлкесі және Тибет өлкесінде жоғары шекке
жетті. Енді Жяң Зымин тұсындағы «жергілікті
ұлтшылдыққа, зор қытай ұлтшылдығына қарсы
тұру» ұраны алынып тасталып «заңсыз діни
қимылдарға қарсы тұру», «жергілікті ұлтшылдыққа
қарсы тұру» деген ұран көтеріп, зор қытайшылдыққа
дем берді.
Қорытып айтқанда, Қытайды билеген жарты
ғасырдан астам уақытта төрт көсем ауысып,
Қытай халқы төрт рет сілкініп, төрт рет
түледі. Әр рет сілкінген сайын Күңзы айтқандай,
«кішіпейілдігі, мүләйімдігі, ізеттілігі»
жоғалған Қытай жаңа ұрпақтары қалыптасып,
аталары сияқты «жылымық саясат» ұстанғысы
келмейтін дәрежеге жетті. Олар да кеудесін
ұрғылап, елдік иесі кім екенін танытқысы
келеді. Және де өздері басып алған азшылық
ұлттар жерінде ғана кеудесін барабан
етіп қоймай, ұлттық саясаты әлсіз, советтің
шекпенінен шыққан Орта Азия елдерінде
де мұрындарын шүйіріп, кеудесін кердең
ұстайды. Орайы келсе ықтырып, бұқтырып
алғысы келеді.
Енді келесі жылы базар (нарық) шаруашылығы
мен «ұлы қытай» елінде өскен, Маркс пен
Лениннің «ұлттар теңдігіне» пысқырып
та қарамайтын, комунистік интернационализм
иісі мұрнына да бармайтын, нағыз қытай
ұлтшылы Ши Жиньпиң Қытай көсемі болуға
алақанын ысқылап дайын отыр. Енді сол
ысқылаған қытай алақанында сол елдегі
азшылық ұлттар бордай үгіліп, қытайдың
шексіз теңізіне еріп жоқ болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Булгакова Д. А. Истаев А. Ж. «Мемлекет жəне құқықтың жалпы тарихы» Оқу-əдістемелік құрал.
Алматы 2004
- http://kokjal.kazjur.kz/
Астана қаласы Білім және Ғылым минмстрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Реферат
Қытайдың саяси жүйесінің қалыптасуы
Орындаған: Егінбай Б. Ш-31 тобы
Тексерген: Қайыркен Т.
Астана- 2012

- Қытайдың саяси ой пікірлері
- Қытайдың сыртқы саясатындағы КХДР және Корея Республикасы
- Қытайдың ТМД елдерімен ынтымақтасуы
- Қытай империясының батыс провинциясы және Құлжа қаласы
- Қытай Коммунистік Партиясының жүйесі
- Қытай қазақтарының тұрмыс-салты
- Қытай қаржы нарығы
- қырыққабат өсіру
- Қысқа мерзімді міндеттемелер есебі
- Қысқаша тұйықталу себептері
- Қытай ақша жүйесі
- Қытай аудитінің даму тарихы
- Қытайдағы 1 ел 2 саясат
- Қытайдағы ұлттық революцияның басы