Зейнетакы активтер

Қазақстан Республикасы үкіметінің 1997 жылдың қыркүйек айының 24-де  № 1372 қаулысымен “жабық акционерлік  қоғамның Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы  қорының құрылуы” туралы шешім қабылданды.

Міне, осымен жинақтаушы зейнетақы жүйесінің құрылуына 7 жыл толып отыр. Осыншама кішкене жыл ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесі құрылып, сапалы даму үстінде. Жеті жылдық өмірде жинақтаушы зейнетақы жүйесінің активтері ішке ұзақты тез басты инвестициялық түбірі бола жаздады. Ол дегеніміз, басқа инвестиционалдық инвесторларға қарағанда, жинақтаушы зейнетақы қазіргі таңда ұзақ инвестиционалды ресурс және сонымен қатар ең ірі инвестициялық потенциал болып табылады.

Алғашқы бес  жылды (1998-2002) ж.з.с. ең түпкі құрылым  периоды десек, шатаспаймыз, Өйткені, ең алғаш басты ірі отандық қаржылық топ зейнетақы нарығында қатысушылары анықталды, толығымен барлық техникалық инфрақұрылымы құрылды, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің нормативті – құқықтық актісі құрылды, мемлекеттік бақылау және тексеру құрамы анықтымасы бекітемін. Сондықтанда осы алғашқы жылдары ең өсімді жылдар болды.

Бірақтан, 2003 жылдан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесі өз-өзі жалғаса алатындай халге  жетіп, қазіргі таңда әлі де жалғасуда. Жинақтаушы зейнетақы қорының көрсеткіштері, яғни, зейнетақы салымының соммасы  және де жаңа клиенттері бойынша тез темппен өсуді жалғастыруда. Ал оның сапалық жағы қиын жағдайда. Қаржы нарығында табыстылықтың төмендеуімен байланысты және де осымен үш жыл бойы теңгені долларға қарағандағы тұрақтандыру т.с.с. болып табылады.

Кейіннен осы жинақтаушы зейнетақы активтерін инвестициялау проблемалары туындады және т.б. Қысқасы, тек қана 2003 жылдан бастап қана жинақтаушы зейнетақы жүйесі аяғына тұра бастады.

Менің зерттеу  жұмысымның тақырыбы зейнетақы активтері  және оларды Қазақстан экономикасына инвестициялау жолдары.

Зерттеу жұмысымның  мақсаты – зейнетақы активтері  қайда және неліктен жұмсалып жатқанын айқындау болып табылады.

Зерттеу жұмысым, кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды  және пайдаланылған әдебиеттерден  тұрады.

1.1. Жинақтаушы  зейнетақы жүйесінің дамуы.

Қаржылық нарықты  облысында жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің стандартты стимулды болу үшін және де тұрақты жүйені болдыру  үшін 2004 жылда жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің 2005-2007 жылдарға арналған даму программасы пайда болды. Бұл  программа 2004 жылдың 24 желтоқсанында №1359 Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысымен бекітілді. Бұл бағдарлама жинақтаушы зейнетақы жүйесінің басты дамуын анықтайды.

2004 жылдан бастап  барлық құқық нарық ең басты  оқығаны, яғни, мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының жекешелендіруін күтуде болды. Барлық қаржылық институттардың қатысуымен, Қазақстан Республикасының үкіметі осы мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорынын жекешелендіру туралы 2004 жылдың 1 кварталында шешім қабылдауы тиіс еді. Өкінішке орай бұл уақытқа дейін үкімет шешімі келген жоқ, бірақ та оның орнына мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының болашақ жекешелендіру сызба нұсқасы пайда болды. Сонымен, 2004 жылдың сәуірінде Григорий Марченко арнайы шешім қабылдады. 2004 жылы ол мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының 25% акциясын Европалық жаңғыру және даму банкіне (1BRD) және халықаралық қаржылық корпарациясына (IFC) сату көзделді. Кейін мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының бақылау акциясының пакетін үлкен және стратегиялық инвесторға сатуын ұйымдастыру керек болды. Ал бір бөлігін Үкімет өз еншісіне қалдыруы тиіс.

Сонымен, 2005 жылдың наурызында Ұлттық банк және Мемлекеттік  жинақтаушы зейнетақы қорының басқаруымен  мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы  қорының жекешелендірілуіне дайындығы  басталды. Бірақта аса мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының жекешелендіруі толығымен әлі анық емес, сонымен қатар оның бақылаушы акция пакетін кіммен қатар оны иемденген және де оны тек стратегиялық маңызы бар инвесторға бұйырады. Осы мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының әрбір жекешелендіруге деген қадамы қиын процедураға ұшырауда. Сондықтан қазір ешкім мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының жекешелендіру уақытын айта алмайды.

Егер Үкімет мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы  қорын сатуды жақын арада көздесе, онда біз 2-3 ай ішінде оны көруге мүмкіндік болады. Ал жыл ортасында сол көп күткен жекешелендіру конкурсы, яғни, мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорының акциясын қайта сатуы болуы мүмкін. Ол да мүмкін, бірақ та оны келесі жылға көшіруі әбден мүмкін.

1.2. Инфрақұрылым

2004 жылдың басында  зейнетақы қызметі нарығында  жаңа қаржылық оқиға пайда  болды. Бұл жаңалық зейнетақы  нарығында қаржылық өнім ассортиментін  ұлғайта отырып, осы зейнетақы  жүйесіне ықпалы болды, немесе  кесірі болды. Бұл әңгіме “Валют Транзит Life” компаниясының өмірді сақтандыруы туралы болып тұр және де бұл компания өте тамаша зейнетақы қызметін ұсынып отыр. Бұл зейнетақы аннуитеті.

Бірақ та бұл  зейнетақы қызметі жинақтаушы зейнетақы  қорының салымшылары ішінде өте  танымал емес. Сонымен, соңғы мәліметтерге сенсек сақтандыру компаниялары, зейнетақы аннуитетпен бірге 2005 жылдың 1 қаңтарында тек 4 салымшы – алымшыларға зейнетақы жинағы аударылды.

1.3. ҚР зейнетақы қорларының қызметі

Зейнетақы қоры – мемлекет ауқымында зейнетақымен қамсыздандыру қаржысын басқаратын дербес қаржы – банк жүйесі. Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, кооперативтердің, жеке еңбек қызметімен айналысушы адамдардың сақтандыру жарнасы, азаматтардың жалақыдан аударылатын міндетті сақтандыру жарналары, әскери қызметшілерге зейнетақы төлеуге, балаларға жәрдемақы төлеуге арналған республикалық бюджет, заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары, қордың коммерциялық қызметінен түскен табыс және басқа түсімдер есебінен құралады.

Зейнетақы жүйесінің  тағы бір ерекшелігі зейнетақының жиналуы тек қана жарна берушінің есебінен ғана емес және де әртүрліинвестициялардан алынатын табысынан да құралады.

Зейнетақылық  төлемдерді бағалы қағаздарға инвестициялауға  зейнетақы активтерін басқару компаниялары жүзеге асырады. Бұл компаниялардың қызметін Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясы реттейді. Қазіргі кезде зейнетақы жарналарын жинақтау және зейнетақыларды іске асыруға заңмен бекітілген тәртіп бойынша 1 мемлекеттік 15 мемлекеттік емес зейнетақы қорларына лицензия берілді.

Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қоры жабық такционерлік қоғам нысанында құрылады. Және де ашық немесе корпоротивті болуы мүмкін. Ашық зейнетақы қорының құрылтайшылары – заңды және жеке тұлғалар бола алады.

Мемлекеттік емес жинақтау зейнетақы қорларының қызметін реттеуші комиссия қорлардың әрбір түріне жарғылық қордың төменгі мөлшерін, лицензия беру, реттеу және бақылау қызметі арқылы зейнетақы жинақтарының мүлтіксіз сақталуын және қайтарылуын қорғайды. Ұлттық зейнетақы агенттерінің талаптарына сәйкес әр қор зейнетақы жарналарынан 1%  және инвестициялық табыстан 10% мөлшерінде шығындарын қамтамасыз етуге комиссиондық алым алуға болады.

Мемлекеттік емес зейнетақы қоры – коммерциялық ұйым, оның қызметі кәсіпорындардың, ұйымдардың және азаматтардың ерікті мақсатты жарналарын жинауға, оларды зейнетақы активтерін басқару комиссиялары арқылы инвестициялау және зейнетақы жүйесінің қатысушыларына зейнетақылық төлемді беруді қамтамасыз етуді жүзеге асыруға бағытталған.

Зейнетақы Қоры [1] – зейнетақы төлеуге арналған мақсатты қор. Зейнетақы қоры қаражаты салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің, жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың міндетті сақтандыру жарналары есебінен құралады. Зейнетақы қоры мынадай арнаулы міндеттерді атқарады:

сақтандыру жарналарын жинайды; қызметкерлер мен басқа да азаматтардың жұмыста  жарақат алып зақымдануы салдарынан немесе кәсіптік сырқатқа ұшырауы салдарынан болған мүгедектік бойынша немесе асыраушысынан  айрылуына байланысты мемлекеттік зейнетақы есептеу үшін олардың денсаулығына зиян келтірілгеніне кінәлі жұмыс берушілер мен азаматтардан ақша өндіріп алады;

қор қаражатын капиталға айналдырады, сондай-ақ, оған ерікті жарна тартады;

салық органдарының қатысуымен қорға  міндетті сақтандыру жарналарының уақытылы және толық түсуін бақылайды;

сақтандыру жарналары бойынша  барлық санаттағы төлемшілердің  мемлекеттік деректер қорын ұйымдастырады;

қор құзыретіне қатысты мәселелер  бойынша үкіметаралық ынтымақтастықты  жолға қояды.

 

Зейнетақы қорының қаражаты:

жұмыс берушілердің сақтандыру жарналарынан;

жеке еңбек қызметімен айналысушы азаматтардың сақтандыру жарналарынан;

әскери қызметшілерге және зейнетақы  төлеу жөнінен оларға теңестірілген  азаматтарға, мемлекеттік зейнетақы  мен жәрдемақы төлеуге, олардың отбасыларына әлеуметтік зейнетақы төлеуге, балаларға, жалғызілікті аналарға жәрдемақы төлеуге, Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккендерге, экологиялық апат аймақтарындағы азаматтарға берілетін жеңілдіктерге, т.б. арналып, елдің республикалық бюджетінен бөлінген қаражаттан;

ерікті жарналардан құралады.

 

“Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” Заңға  сәйкес елде міндетті және ерікті зейнетақы  жарналарын жинау міндеті жүктелген  жинақтаушы Зейнетақы қорылары құрылды. Олар өз кезегінде мемлекеттік жинақтаушы Зейнетақы қорылары мен мемлекттік емес жинақтаушы Зейнетақы қорыларына ажыратылды. 2001 жылы аяғында елімізде 16 жинақтаушы Зейнетақы қоры тіркелді. Олардың қаражаты 182,4 млрд. теңге болды. Сонымен қатар заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың ерікті зейнетақы жарналарын тарту қызметін жүзеге асыруға және қосымша зейнетақы төлеуге құзыретті жабық акционерлік қоғам тұрпатындағы мемлекеттік емес ерікті Зейнетақы қорылары да құрылып, жұмыс істей бастады. [2]

Қор биржасы- бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын  тұрақты рынок. Қор биржасында экономикаға  ұзақ мерзімді инвестиция салу және мемлекеттік  бағдарламаларды қаржыландыру үшін қаражат жұмылдырылады, акционды компаниялардың акциялары, облигациялары, мемлекеттік облигациялар сатып алынады және сатылады. Биржада айналысқа түсетін бағалы қағаздардың бағамы белгіленеді, бұл бағам түсетін кіріспен (дивиденд не пайыз түрінде), несие пайызының деңгейімен айқындалады. Қор биржасындағы операциялар ақша капиталдарын тартуға, оларды өндірістің түрлі салалары арасында қайта бөлуге жәрдемдеседі. Қор биржасы тәжірибесінде бағалы қағаздардың мәміле жасалған сәттегі бағамы мен оның аяқталған кездегі бағамы арасындағы айырмадан табыс алу мақсатындағы операциялар кең қолданылады. [1]

Қазақстан қор  биржасының (немесе KASE) негізі 1993 жылы қаланған. Айналымында акциялар, корпоративтік  облигациялар, Қазақстан Республикасының  мемлекеттік бағалы қағаздары, халықаралық  қаржы ұйымдарының облигациялары  мен шетелдік мемлекеттік бағалы қағаздар, вексельдер, мемлекеттік және корпоративтік бағалы қағаздармен автоматтық және тікелей репо инструменттері, шетел валютасы бар Орталық Азияның ең ірі, әмбебап, ұйымдастырылған қаржы нарығының операторы болып табылады. Жарғылық капиталы — 517 290 582 теңге, меншіктік капиталы — 2 291 845 000 теңге, биржа мүшелері — 83 (2011жыл қыркүйектің 1не сәйкес )[2]

 

Қазақстан қор биржасының (KASE) стратегиялық мақсаты - әлемдік  инвесторларға қауіп-қатері төмен  әр түрлі қаржы инструменттерін  жетілген халықаралық тәжірибеге сәйкес сатып, сапалы қосымша биржа қызметтерін пайдалануға мүмкіндік беретін, жетекші өңірлік қаржы орталығы ретінде қалыптасу.

3. Қор биржасы

Биржаның функциясы мен  мәні

Қор биржасы нарықтың ауыстырылмайтын  қаржылық делдалы болып табылады, өйткені қаржылық кұралдардың негізгі үлес салмағы сонда айналыста болады және ол ресурстардың бір субъектіден екіншісіне қозғалысын реттейді.

«Биржа» терминінің пайда  болуы жайлы екі түрлі түсінік  қалыптасқан. Біріншісі жаңа латынның «bursa», яғни әмиян деген сөзіне негізделеді. Сонымен қатар, француз тілінде «bourse» сөзі де әмиян және студенттік шәкіртақы магынасын береді; неміс тілінде «burse» және итальян тіліндегі «borsa» да сол мағынаны береді.

Екіншісі бельгиялық Брюгге қаласында турған Вандер Бурсе атты голландық көпестің атынан пайда болды делінеді. Ол түрған үйде үш әмиянның суреті бар таңба болған. Оның үйі орналасқан жер сатушылардың жиналуына ыңғайлы алаң болатын, мүнда олар ақшаларын ауыстырып, өздерінің істерін жасайтын, сондықтан көпес мүмкіндігін жібермей өз үйін белгілі бір төлемге алғашқы биржашыларға берген.

Егер заң  тұргысынан карайтын болсақ, биржадағы  операциялар қомакты табыс көзін  әкеледі, бірақ ол өз клиенттеріне ғимараттар мен қызметтер ұсына отырып, тек қана өзін-өзі қаржыландыра алатын, шығынсыз мекеме болып қана отыр. Құқыктық қатынастардың тәуелсіз агенті бола отырып, биржа барлық түсімдерін кызметшілер жалакысына жібереді. Кірістер шығыстардан асып түскен уақытта, сол ақша қаражаттары сауда процесін жүргізуге және оған қызмет көрсетуге, ондағы айырма биржа қызметкерлеріне сыйақы беруге, сауда аландарын кеңейтуге, жаңа құралдарды сатып алуга, жаңа технологияны енгізуге және зерттеуге кетеді.

ҚР «Бағалы  қағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес қор биржасы — акционерлік қоғам формасында бағалы қағаздардың кәсіби қатысушыларымен құрылған және қызметі өзін-өзі қаржыландыру қағидасына негізделген коммерциялық емес ұйым. Қор биржасы ҚР мемлекеттік органдарына тәуелді емес. Оның қызметі ерекше болып саналады және басқа қызметтің түрлеріне сәйкес келмейді. Ол лицензия негізінде әрекет етеді және басқа биржалар қызметін атқара алмайды. Қор биржасы бағалы қағаздармен операциялар жүргізе алатын қосымша құрылымдық бөлімшелерді ашуға құқығы бар, сонымен қатар филиалдар мен өкілдіктерді де аша алады.

Ұйымдастырушылық  тұрғыдан қор биржасы төмендегілермен  айналыса алады:

• бағалы қағаздармен  мәмілелер жүргізуге арнайы кұрылған сауда алаңын өз клиенттеріне ұсыну;

• бағалы қағаздар саудасын ұйымдастыру;

• бағалы қағаздарга баға белгілеу;

• өз мүшелеріне ұйымдастырушылық, ақпараттық кеңес  беруші қызметін көрсету;

• жеке талдаулық  зерттеулерді жүргізу;

• құқықтық қатынастар субъектілері арасында клиринг жүргізу.

Экономикалық  тұрғыда қор биржасы мына функцияларды атқарады:

• баға белгілеуші — биржа экономикалық тұрғыда  негізделген бағаны белгілеуге мүмкіндік  береді;

• бағаны болжау және ақпараттық-талдаулық - биржа мүмкін болатын сұраныс пен ұсыныстың  даму үрдісін анықтау бойынша  ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады;

• тәуекелді  сақтандыру (мерзімді биржа мәмілелеріне ғана тән);

• бағаны тұрақтандырушы функция - биржада бағаның ауытку амплитудасы ескеріле отырып, күн  сайынғы баға тербелісі анықталады. Мұның аясынан тыс әрекет ету  мүмкін емес.

• қор биржасы кез келген занды тұлға ретінде өз клиенттері алдында белгілі бір жауапкершілікте болады. Ол бағалы қағаздар нарығы субъектісінің шеккен зиянының орнын толтыруға және өз функциясын дұрыс орындамаған, заңды бұзған, биржалық сауда ережесін немесе коммерциялык құпияны ашып қойған жағдайда жауапқа тартылуы тиіс.

Қазақстан қор  биржасы: құрылымы және сауданы ұйымдастыруы

Бүгінгі танда  біздің елде Қор биржаларының еуроазиялық  федерациясының (FEAS) мүшесі және Қор  биржаларының халықаралық федерациясының (FJBV) корреспондент мүшесі болып табылатын жалғыз Казақстан қор биржасы (KASE) бар. Биржалық сауданың техникалық ілгерілеуі мен биржа ісінің үнемі жетілуіне қарамастан қор биржасының жұмысын ұйымдастыру өзгеріссіз қалып отыр.

1997 жылдың басында  Казақстанда 3 қор биржасы болған: Орталық Азия кор биржасы, Казақстан қор биржасы, Казақстандық Банкаралық қор биржасы. 1996 жылдың желтоқсанында жарияланған модельді қор биржасын тандау тендерінде Қазақстан қор биржасы мен Қазақстандық Банкаралық қор биржасы жеңіске жеткен болатын, бірақ соңғысы кейінірек өз әрекетін токтатты.

1998 жылдың жазында  Қазақстан қор биржасы листингтік  емес бағалы қағаздармен мәмілені  тікелей баға белгілеу әдісі  арқылы жасау үшін арналган  сауда жүйесін іске асырды. Бұл  республикадағы биржадан тыс нарықгық баға белгілеудің ұйымдастырылуын құру мәселесін шешті.

КР «Бағалы  қағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес, қор биржасының мүшелері тек кана биржада орындары бар және осы  қор биржасының листингіне кіргізілген  бағалы қағаздармен саудаға қатысатын  кәсіби қатысушылар ғана бола алады. Биржа мүшелерінің саны оннан кем емес болуы шарт. Олардьщ арасында КР багалы қағаздар нарығының кәсіби катысушысы мәртебесі бар шетелдік занды тұлғалар да болуы мүмкін. Биржаға мүшелікке қабылдау туралы шешімді Биржалық кеңес шығарады. Қазақстан қор биржасының жай күйі олардың санаттарын, оларға қойылатын талаптарды, қабылдау тәртібін, мүшеліктің тоқтатылуын және уақытша тоқтатылуын, сонымен катар биржа мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайды.

Қор биржасының мүшелері ұйымдар бола алады. Оның ішін-де «С» санатты биржа мүшелерін қоспағанда, ҚР аумағынан тыс жерлерде занды тұлға ретінде тіркелген, каржы нарықтарында кәсіби қызметтерін жүзеге асыру құқығына ие үйымдар да болуы мүмкін.

KASE мүшелері  қаржылық күралдардың түрлеріне қарай келесідей санаттарға бөлінеді:

• «Р» — ресми  тізімге кіргізілген мемлекеттік  емес эмиссиялық бағалы қағаздармен  саудаға қатысу құқығы бар санат;

• «Н» — қор  биржасының сауда жүйесінің «листингтік  емес бағалы қағаздар» секторындағы айналысқа жіберілген мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздармен саудаға жэне жеке менштік ұйымдардың мемлекеттік акция пакеттерімен саудаға қатысу құқығы бар;

• «К» — қор  биржасында айналыстағы мемлекеттік  бағалы қағаздармен саудаға қатысу кұқығы бар;

• «С» — қор биржасында айналыстағы мерзімді мәмілелермен саудаға қатысу кұқығы бар;

• «В» — шетел  валютасымен саудаға қатысу құқығы бар.

Бір ұйым қор  биржасында бірнеше санаттар бойынша  мүшелікке ие бола алады.

Қор биржасының мүшесі оған берілген санатқа сәйкес қаржылық құралдар бойынша саудаға қатысуы; қор биржасындағы оның қызметі үшін жеткілікті және қажетті мәліметтерді алуы; Биржалық кеңеске, валюталық нарық бойынша Биржалық кеңес комитетіне биржа мүшелерінің жалпы жиналысы мен оның акцияларына саудалық, есептеу, ақпараттық және басқа да қызметтердің сұрақтары бойынша ұсыныстарды қарастыруға беруі, сонымен қатар оған берілген мүшелік санатына сәйкес қор биржасы мүшелерінің жалпы жиналысының және оның акциясының жұмысына қатысуы мүмкін.

Сонымен қатар  қор биржасы мүшелерінің белгіленген міндеттері бар:

• әрекет ететін зандылықтардың, жарлыктың, басқа да ішкі қүжаттардың талаптарын орындауға;

• мүшелік салымдар мен биржалық жинақтарды оған берілген мүшелік санатына сәйкес биржада  бекітілген мөлшерде, кұрамда, мерзімде және тәртіпте төлеу;

• өз уақытында  толығымен және ең оңтайлы әдіспен  қор биржасында пайда болатын  міндеттерді каржылық құралдармен  жасалатын мәмілелерді, сонымен  қатар қор биржасының мүшелері мен  оның трейдерлерінің қызметін реттелетін әрекет етуші зандылықтың, жарлықтың, басқа да ішкі құжаттардың талаптарына негізделген басқа да міндеттерді орындау;

• үшінші тұлғаларға биржадағы мүшелік күшіне сәйкес осы тұлғамен алынған және биржаның ішкі қүжаттарына сәйкес коммерциялык, құпия немесе жасырын санатқа  жатқызылатын ақпараттарды бермеу және таратпау;

• құрылтайшылық  құжаттарға толықгырулар мен өзгертулерді енгізген жағдайда олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін жедел  түрде, сонымен қатар толықтырулар мен өзгертулерді енгізгені туралы егер ондай тіркеу әрекет етуші зандылыққа сәйкес талап етілсе, мемлекеттік тіркеуді куәландыратын құжаттарды ұсыну, өкілетті органдарға, оның қызметкерлеріне және үлестес тұлғаларға қатысты қабылданған әрбір дисциплинарлық әрекеттері туралы хабарлау;өзінің трейдерлер қүрамының әрбір өзгеруі туралы мәліметтерді беру және мүндай мәліметтерді уақтылы емес беру немесе бермеу нәтижелеріне толық жауапкершілікте болу;

Қор биржасының мүшелеріне санаттарына сәйкес оның мүшесі болмайтын тұлғаларға өзінің орындарын қолдануға беруге тиым салынады.

Қор биржасының ұйымдық құрылымы

Ревизиялык  комиссия КР «Бағалы кағаздар нарығы туралы» Заңына сәйкес, мемлекеттік  органдардың қызметкерлері, сонымен  қатар бағалы қағаздары қор биржасының листингіне кіргізілген акционерлік  қоғамның лауазымды тұлғалары биржаның басұару органдарына сайлана алмайды. Акционер жиналыста өзі иеленген акциялар санына тәуелсіз басқа акционерлермен тең дауысқа ие.

Биржалык кеңес  акционерлерден, баска да биржа мұшелері, оның лауазымды тұлғаларынан қалыптасады. Одан басқа оның құрамына тұрақты негізде ҚР Кдржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі агенттігінің өкілі дауыс құқығынсыз кіреді.

KASE айналымына  жіберілетін бағалы қағаздар:

• мемлекеттік;

• листинг рәсімінен  өткен мемлекеттік емес жэне биржада сатылатын бағалы қағаздардың ресми тізіміне кіргізілген, соның ішінде ҚР-да айналымға жіберілген және басқа мемлекеттік зандылықгарға сәйкес шығарылған бағалы қағаздар;

• КР-да айналымға  жіберілген баска мемлекеттің мемлекеттік  бағалы қағаздары;

• жоғарыда айтылган бағалы қағаздардың базистік активі болып келетін туынды бағалы кзғаздар.

Қор биржасындағы саудаға листинг рәсімінен өткен  бағалы қағаздар ғана жіберіледі. Казақстан  қор биржасының бағалы қағаздарының листингі туралы жағдайына сәйкес осы рәсімнен өткеннен кейін, биржалық саудаға ҚР заңдарына жэне КР-да айналыска жіберілген басқа мемлекеттің заңдарына сәйкес эмитенттелген мемлекеттік емес бағалы қағаздар жіберіледі.

Листинг рәсімін  Казақстан Республикасы мен КР-да айналысқа жіберілген басқа мемлекеттің зандарына сәйкес эмитенттелген мемлекеттік бағалы қағаздар, сонымен қатар туынды бағалы қағаздар үшін талап етілмейді. Листингтік компанияның мәртебесін алушы заңды тұлгалар мынадай талаптарға сай келуі тиіс:

• құрылтайшылық  құжаттарында бағалы қағазды басқага беруіне деген ұстаушыларга шектеулер немесе қысымшылыктар туралы нормалар болмауы керек.

• занды тұлғаға  қатысты заңнамада белгіленген  жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері  төленген және тіркелген болуы керек;

• баска да талаптар бағалы қағаздар биржасындағы ресми тізімдегі санатта белгіленген шарттармен анықталады.

Эмиссияланған бағалы қағаздарды ресми тізімге  қосуда занды тұлғаның өтініші және қосымша талап етілетін құжаттары  биржаның листингтік комиссиясында  қаралып қабылданады..

Сонымен қатар биржа листингтік компанияның алдында мыналарға міндеттеледі:

• ресми тізімге  енгізілген бағалы қағаздардың саудасын уақтылы жүргізуге қажетті жағдай жасауға;

• бағалы қағаздар бойынша биржалық сауда ережелерімен белгіленген бұқаралық акдарат  құралдарына сауда нәтижесінің көлемі туралы уақтылы ақпарат беруге;

• эмитенттің жасырын  немесе жариялауға берілмейтін ақпаратын  үшінші тұлғаға бермеу немесе жария  етпеуге.

Листингтік  компания Биржалық кеңестің эмиссиялаған бағалы қағаздарын ресми тізімнен алуға, сондай-ақ саудада биржаның кызметін шектеуге және тоқтатуға кұқығы жоқ.

Эмитенттің  қызметі тоқтатылган жағдайда эмиссияланған  бағалы қағаздарды ресми тізімнен шығару туралы өтініш, лис­тинг талаптарындағы сәйкессіздік, сондай-ақ бағалы қагаздарды ресми тізімге қосу туралы өтініште толық ақпараттардың болмауы кезінде делистинг жүргізіледі. Листингтік комиссия бағалы қағаздардың делистингісін 1 жыл ішінде мәміле болмаған жағдайда да жүргізе алады.

Бүгінгі күні Қазақстан  қор биржасында мынадай қаржылық кұралдар айналыста:

• шетел валюталары: АКДІ доллары, Еуропалық одақтың  валютасы (еуро);

• мерзімді өзара  келісім: АҚШ долларына стандартталған жеткізілімсіздік фьючерсі;

• КР Каржы министрлігінің шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары;

• ҚР Ұлттық банкі шығарған бағалы қағаздары;

• жергілікті атқарушы органның облигациялары;

• ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру туралы департаментімен  саудага қойылған мемлекеттік акция  пакеттері;

• екінші деңгейлі коммерциялык, банктердің депозиттік сертификаттары;

• мемлекеттік емес бағалы қағаздар: облигациялар, АҚ-ның жай, атаулы, артықшылықты акциялары.

Қазақстан қор биржасында мемлекеттік және листингтік бағалы кағаздардың саудасы — үздіксіз карсы аукционның электронды әдісімен өткізіледі. Ол көрсетілген қарсы багалардың үздік баға белгілеулеріне сәйкестендірілген анонимді контрпартнермен автоматты келісімге келуге негізделеді.

Листингтік емес бағалы кагаздар кезінде саудаға қатысушылардың өздері мәміленің бекітілуі туралы ақпаратты Орталық депозитарийге немесе тәуелсіз тізілім-ұстаушыға беруде тікелей баға белгілеу әдісін қолданады.

Қазақстан қор биржасы  бағалы қағаздардың сатушысы және сатып  алушысы кызметтерін атқаратын  брокерлермен өзара қызмет жасасады. Саудаға қатысатын брокерлердің сәйкес лицензиясы болуы керек, демек біліктілік, қаржылык және басқада талаптарға сай келуі керек. Осыдан қор биржасы бұл брокерлердің клиенттеріне сенімді қызмет көрсетуіне кепілдік береді. Бұдан басқа жасалып жатқан мәмілелерді аяктау үшін биржаның есептеу органымен және Орталык депозитарийдің өзара арақатынасы қажет.

Өзінің мәні жағынан қор  биржасы — бағалы қағаздардың  көтерме нарығы болып табылады.


Зейнетакы активтер