Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге
асыру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу
мен қадағалау
агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 27 қазандағы
№ 225 Қаулысы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық кесімдерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы қаулы етеді:
1. Қоса берілген Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Агенттік Басқармасының»Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 26 қарашадағы № 408 қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3991 тіркелген).
3. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4. ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.05. № 80 Қаулысымен алып тасталды
5. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдарға және зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорларына:
1) 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін Ереженің 38-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келтірсін.
2) 2008 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде өз қызметін Ереженің 39-тармағымен көзделген талаптарға сәйкес келтірсін.
6. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (Тоқобаев Н.Т.):
1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігіне, «Активтерді басқарушылар қауымдастығы» қауымдастық нысанындағы Заңды тұлғалар бірлестігіне, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті көрсететін бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларына жіберсін.
7. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.
8.
Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік
Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға
жүктелсін.
| Төраға | А. Дунаев |
Бекітілді
Қазақстан Республикасы
Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігі Басқармасының
2006 жылғы 27 қазандағы
№
225 қаулысымен
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі
қызметті
жүзеге асыру ережесі
1-тарау.
Жалпы
ережелер
1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына және 55-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 10-тармақшасына, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру тәртібін белгілейді.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ашық валюталық позиция - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның жеке шет мемлекет (шет мемлекеттер топтары) валютасына қойылатын (талаптарды) міндеттемелерді зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасына қойылатын міндеттемелеріне (талаптарына) қарағанда күшейтуі;
2) әртараптандыру - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін Қазақстан Республикасы заңнамасында рұқсат берілген әр түрлі қаржы құралдарына орналастыру;
3) баға тәуекелі - қаржы құралдарының нарықтық құнына әсер ететін, қаржы нарығындағы талаптар өзгерген жағдайда туындайтын қаржы құралдары құнының өзгеруі салдарынан болатын шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі;
4) бэк-офис - негiзгi функциясы қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелерді орындау, фронт-офистен алынған бастапқы құжаттар негiзiнде қосалқы есепте жасалған операцияларды тiркеу, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржы құралдары мен ақшасын есепке алу болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлiмшесi;
5) бэк-тестинг - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша тарихи деректерді пайдалана және есептелген нәтижелерді көрсетілген операцияларды жасаудың ағымдағы (нақты) нәтижелерімен салыстыра отырып тәуекелдерді өлшеу рәсімдерінің тиімділігін тексеру әдістері;
6) валюталық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры өз қызметін жүзеге асырған кезде шетел валюталары бағамдарының өзгеруімен байланысты шығыстардың (шығындардың) пайда болу тәуекелі. Шығыстардың (шығындардың) қауіптілігі құндылық түріндегі валюталар бойынша позицияларды қайта бағалаудан туындайды;
7) гэп - сыйақы мөлшерлемелерінің өзгерiсiне ұшыраған немесе белгiлi бiр мерзiм iшiнде өтеуге жататын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының активтерi мен мiндеттемелерiнiң көлемiн салыстыру негiзiнде пайыз тәуекелiн және өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелiн өлшеу әдiстерi;
8) елдiң (трансферт) тәуекелi - шет мемлекеттiң немесе шет мемлекет резидентiнiң зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының алдындағы мiндеттемелері бойынша төлем қабiлетсiздiгi немесе жауап беру ниетiнiң болмауы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
9) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның валюталық нетто-позициясы - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның барлық шетел валюталары бойынша ұзақ позициясының жиынтық сомасының және барлық шетел валюталары бойынша қысқа позицияның жиынтық сомасының арасындағы айырмашылық;
10) инвестициялық декларация - активтері инвестициялық басқаруда болатын жинақтаушы зейнетақы қорының директорлар кеңесі бекіткен және Қазақстан Республикасының барлық аумағында он бес мыңнан кем емес данамен таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған инвестициялау объектілерінің тізбесін, мақсатын, стратегияларын, шарттарын және зейнетақы активтеріне қатысты инвестициялық қызметтің шектеулерін, хеджирлеу және әртараптандыру талаптарын белгілейтін құжат;
11) қор биржасы - Қазақстан Республикасының аумағында қызмет жасайтын қор биржасы;
12) қор тәуекелі - акциялардың нарықтық құнына әсер ететін қаржы нарығының талаптары өзгерген жағдайда туындайтын акциялар құнының өзгеруі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелі;
13) кредиттік тәуекел - бағалы қағаз (облигациялар, мемлекеттік міндеттемелер және басқалар) шығару талаптарымен белгіленген мерзімде негізгі борышты және (немесе) кредиторға (инвесторға) тиесілі сыйақыны заемшының (эмитенттің) төлемеуі салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Сондай-ақ кредиттік тәуекелге серіктестің своптар, опциондар бойынша және бағалы қағаздар бойынша есеп айырысуларды реттеу кезеңінде міндеттемелерді орындамауына байланысты туындайтын залал тәуекелі кіреді;
14) құқықтық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзуы не зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қоры тәжiрибесiнiң олардың iшкi құжаттарына сәйкес келмеуi, ал Қазақстан Республикасы резидент еместерiне қатысты басқа мемлекеттердің заңнамасының талаптарын бұзуы салдарынан болған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi;
15) қысқа валюталық позиция - жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позициясы, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты талаптарды) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;
16) нарықтық тәуекел - қаржы нарығының қолайсыз қозғалыстарымен байланысты шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Нарықтық тәуекелдің макроэкономикалық табиғаты бар, яғни қаржы жүйесінің макроэкономикалық көрсеткіштері нарықтық тәуекелдің көздері болып табылады. Нарықтық тәуекел проценттік, валюталық және қор тәуекелдерінің сомасы ретінде сипатталады;
17) операциялық тәуекел - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының ішкі бақылау ұйымына қойылатын талаптарды бұзуы (сақтамауы) салдарынан шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi. Операция тәуекелiне сондай-ақ операция (компьютер) жүйелеріндегі елеулі іркілістердің туындауына байланысты тәуекелдер, белгіленген лимиттердің асып кетуі, бағалы қағаздармен немесе бэк-офис жұмысы барысында операторлардың қателерімен операциялар жасаған кездегі алаяқтық жатады;
18) өтiмдiлiктi жоғалту тәуекелi - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының өз мiндеттемелерiн орындамауы не уақтылы орындамауына байланысты тәуекел. Бағалы қағаздардың активтер ретіндегі өтімділігінің тәуекелі олардың төмен шығыстарымен және қолайлы бағалары бойынша тез сатылу қабілеттілігімен айқындалады;
19) principal protected notes – негізгі борыштың сомасын толық қайтару бойынша эмитенттің кепілі белгіленген борыштық бағалы қағаздар;
20) проценттiк тәуекел - сыйақы мөлшерлемелерінің қолайсыз өзгеруi салдарынан туындаған шығыстардың (шығындардың) туындау тәуекелi, оның iшiнде:
орналастырған активтер (белгiленген сыйақы мөлшерлемелері кезiнде) өтеу мерзiмдерiнiң сәйкес келмеуімен байланысты жалпы проценттік тәуекел;
өзге тең жағдайларда ұқсас баға сипаты бар құралдардың бiрқатары бойынша алынатын және төленетiн сыйақыны есептеу және түзетудiң түрлi әдiстерiн қолдануға байланысты ерекше проценттік тәуекел;
21) «stop-loss» - лимиттерді белгілеу саясаты, қаржы құралдарымен жасалатын операциялар бойынша залалдың шекті түрде жол берілетін деңгейі;
22) стресс-тестинг - зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық жай-күйіне төтенше, бірақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының қызметіне әсер етуі мүмкін ықтимал оқиғалардың әлуетті әсер етуін өлшеу әдістері;
23) тәуекелдердi басқару жүйесi - бұл процеске төрт негiзгi элемент кiредi: тәуекелдi бағалау, тәуекелдi өлшеу, тәуекелдi бақылау және тәуекел мониторингi;
24) уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
25) ұзақ валюталық позиция - бұл жеке шет мемлекетінің (шет мемлекеттер топтарының) валютасындағы ашық валюталық позиция, оларға қойылатын талаптарды (активтердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелерін) зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның сол шетел валютасындағы міндеттемелеріне (міндеттемелердің жиынтық сомасы мен шартты міндеттемелеріне) қарағанда күшейтуі;
26) фронт-офис - негiзгi функциясы қаржы құралдарымен мәмiлелер жасасу болып табылатын зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымның немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорының бөлiмшесi;
27) халықаралық қаржы ұйымы – халықаралық шарт (келісім) не жарғы негізінде құрылған және жұмыс істеп тұрған, халықаралық мәртебесі бар ұйым;
28) хеджирлеу - жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық портфеліндегі хеджирлеу объектісінің әділ құны өзгеруінің ішінара немесе толық өтемі үшін хеджирлеудің бір немесе бірнеше құралдарын немесе бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес олармен байланысты ақша түсімдерін пайдалану;
29) хеджирлеу құралдары - қаржы құралдары, оның ішінде осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген хеджирлеу операцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын туынды қаржы құралдары.
3.
Осы ережелер мақсатында Standard & Poor's агенттігінің
рейтингтік бағасынан өзге уәкілетті
орган Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің
рейтингтік бағаларын таниды(бұдан әрі
– басқа рейтинг агенттіктері).
2-тарау.
Инвестициялардың
объектілері
4. Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі - Ұйым) және/немесе зейнетақы активтерін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - Қор) әрбір жеке қордың инвестициялық басқарудағы зейнетақы активтерін осы Ереженің 1-қосымшасында көрсетілген қаржы құралдарына орналастырады.
1-қосымшада көрсетілген қаржы құралдарына зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялардың мөлшерін инвестициялық декларация белгілейді.
4-1. «Кері Репо» операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялардың жалпы мөлшері ашылған әр жеке жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен 2009 жылғы 1 сәуірден бастап жиырма пайызынан кем еместі құрайды.
Ұйым (Қор) зейнетақы активтері құрамына кіретін ақшаны «Кері Репо» операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, ашылған әр жеке жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінен жиырма пайызынан кем емеске жеткенге дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына инвестициялайды.
4-2.
«Кері Репо» операцияларының мәні болып
табылатын Қазақстан Республикасының
мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда,
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
бағалы қағаздарына зейнетақы активтері
есебінен инвестициялардың жалпы мөлшері
2009 жылғы 1 қазаннан бастап әр жеке жинақтаушы
зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің
жалпы мөлшерінен отыз пайыздан кем еместі
құрайды.
3-тарау.
Инвестициялау
шарттары және тәртібі
5. Зейнетақы активтері және меншікті активтер есебінен жасалатын мәмілелерді Ұйым (Қор) инвестициялық шешімдерді қабылдауға уәкілетті алқалы орган қабылдаған инвестициялық шешім негізінде жасайды.
Ұйымның (Қордың) мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін бастапқы ұйымдаспаған рынокта (оларды орналастыру кезінде) Ұйым (Қор) дербес жасайды.
6. Зейнетақы активтері мен меншікті активтері есебінен жасалатын ұйымның (Қордың) мемлекеттік бағалы қағаздармен және мемлекеттік емес бағалы қағаздармен мәмілелерін Ұйым (Қор) қайталама рынокта тек бағалы қағаздардың ұйымдасқан рыногында жасайды, мына жағдайларды қоспағанда:
1) Ұйымның (Қордың) инвестициялық портфеліндегі эмитентті акциялардағы облигацияларды айырбастау;
2) басымдығы бар сатып алуға құқықты жүзеге асыру;
3) осы Ереженің 27-тармағының талаптарын ескере отырып, хеджирлеу құралдарымен мәмілелерді жасау;
4) Ұйым (Қор) «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 27-бабына сәйкес эмитенттің инвестициялық портфеліндегі бар акциялары үшін төлем талап етуіне болады.
5) сауда-саттық ұйымдастырушысы листинг болмаған кездегі тартқан бағалы қағаздарды сату.
6-1. Ұйымға (Қорға) бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығындағы мәмілелерді және осы Ереженің 6-тармағының 1), 2), 4), 5) тармақшаларында көзделген жағдайларды қоспағанда, зейнетақы және меншікті активтері есебінен аффилиирленген тұлғалармен, Ұйымның (Қордың) ірі акционерлері иеленетін акциялардың сенімгерлік басқарушыларымен және Ұйымның (Қордың) ірі акционерлері иеленетін акциялардың сенімгерлік басқарушыларының аффилиирленген тұлғаларымен қаржы құралдарын сатып алу және/немесе иелігінен шығару бойынша мәмілелерді жасасуға тыйым салынады.
7. Қордың зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті, сондай-ақ клиенттер шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда Қор тек онда басқаруда болған зейнетақы активтеріне қатысты брокерлік, дилерлік қызмет көрсетеді.
7-1. Ұйымда инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда ұйым тек қызмет көрсететін жинақтаушы қордың меншікті активтеріне қатысты ғана инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асырады.
Ұйымда клиенттер шоттарын жүргізу құқығы жоқ брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыру үшін берілген лицензиясы болған жағдайда Ұйым тек онда басқаруда болған жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы және меншікті активтеріне, сондай-ақ Ұйымның меншікті активтеріне қатысты ғана брокерлік және (немесе) дилерлік қызмет көрсетеді.
8. Зейнетақы және меншікті активтерінің қатысуымен ұйымдасқан бағалы қағаздар рыногында жасалған мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып алу-сату мәмілелері ашық сауда-саттық әдісімен жасалуы тиіс. Зейнетақы активтерінің қатысуымен жасалатын «кері репо» мәмілелері отыз күннен аспайтын мерзімге жасалуы мүмкін. Ұйым (Қор) зейнетақы және меншікті активтерін қатыстырумен жасайтын «кері репо» операцияларының мәні болып Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары табылады.
9. Ұйымның (Қордың) бір эмитентінің екінші деңгейдегі банктердің біріндегі салымдарға салған мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздарының инвестиция мөлшері Ұйым (Қор) үшін белгіленген пруденциалдық нормативтердегі белгіленген нормативтерге сәйкес келуі тиіс.
Ұйым (Қор) осы бағалы қағаздармен сауда-саттықты сауда-саттық ұйымдастырушы бастапқы рынокта (оларды орналастыру кезінде) уақытша тоқтатқан жағдайда сауда-саттықты ұйымдастырушының ресми тізіміне енгізілген мемлекеттік емес бағалы қағаздарды сатып ала алмайды.
10. Қордың зейнетақы активтерін екінші деңгейдегі банкте салымға орналастыру мерзімі отыз алты айдан аспайды. Осы мерзім өткенге дейін салым сомасы және ол бойынша сыйақы сомасы Қордың инвестициялық шотына есептелуі тиіс. Салымның мерзімін ұзарту қордың инвестициялық шотына салымның және салымның бастапқы мерзімі бойынша осы салым жөніндегі сыйақы сомасы аударылғаннан кейін ғана мүмкін болады.
11. Зейнетақы активтерін инвестициялауға арналған жинақтаушы зейнетақы қорының ақша қалдығының ең көп мөлшері жинақтаушы зейнетақы қорының жиынтық ақшасын қосқанда: кастодиан банктегі инвестициялық шоттарындағы; осы жинақтаушы зейнетақы қорының шетелдік кастодиан банктердегі кастодиан банктің корреспонденттік шоттарындағы; халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің қатысушылары - шетелдік ұйымдардағы кастодиан банктің шоттарындағы жинақтаушы зейнетақы қорының әрқайсысы бойынша жеке зейнетақы активтерінің мөлшерінің үш процентінен аспауы керек.
Кастодиан банктегі жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шоттарына, осы жинақтаушы зейнетақы қорының шетелдік кастодиан банктеріндегі кастодиан банктің корреспонденттік шоттарына және халықаралық депозитарлық-есеп айырысу жүйелерінің қатысушылары - шетелдік ұйымдардағы кастодиан банктің шоттарына түсетін зейнетақы активтерін Ұйым (Қор) ұлттық валютаға қатысты он жұмыс күні ішінде, шетел валютасына қатысты отыз күнтізбелік күн ішінде ағымдағы аударымдардың шегергенде толық көлемде инвестициялайды.
Ұйым (Қор) зейнетақы активтерін инвестициялау мақсатында Standard & Poor's агенттігінің халықаралық шәкілі бойынша "АА-"ден төмен емес рейтингі немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейіндегі рейтингі бар резидент банкке жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық шотындағы ақша қалдықтарын отыз күнтізбелік күннен астам емес мерзімге орналастырады.
12. Ұйым (Қор) зейнетақы активтері инвестициялық басқаруға қабылданған жинақтаушы зейнетақы қорының салымшыларының мүдделері үшін ғана әрекет жасайды.
Ұйым (Қор) бірдей ұлттық бірегейлендіру номері бар бағалы қағаздарды Ұйымның (Қордың) инвестициялық басқаруындағы меншікті активтері есебінен және/немесе зейнетақы активтері есебінен сатып алу (сату) туралы бір күнде инвестициялық шешім қабылдай алмайды.
13. Егер қандай да болмасын жағдайдың нәтижесінде Қордың зейнетақы активтері есебінен сатып алынған қаржы құралдары портфелінің құрылымы осы Ереженің 9-тармағында белгіленген жағдайларға сәйкес келмегенде, Ұйым (Қор) мұндай сәйкессіздікті тереңдететін инвестициялық қызметті дереу тоқтатады және бір күннің ішінде уәкілетті органға осы сәйкессіздік фактісі және себептерін оны жою жөніндегі іс-шаралар жоспарының қосымшасын қоса ұсыну арқылы хабарлайды.
13-1. Эмитент борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерін шығарылымның талаптарында көзделген мерзімде орындамаған жағдайда, Ұйым (Қор) осындай міндеттемелерді орындау мерзімі аяқталған күннен бастап зейнетақы және (немесе) меншікті активтер есебінен осы бағалы қағаздарды сатып алу бойынша, оның ішінде «кері репо» операциясын жасау жолымен инвестициялық шешім қабылдауға құқығы жоқ.
14. Борыштық бағалы қағаздармен сауда-саттық ұйымдастырушысы (рейтингтік бағаның ең төменгі деңгейі жоқ) листинг өткізілмеген жағдайда не борыштық бағалы қағаздың ең төменгі деңгейден төмен кредиттік рейтингі төмендеген жағдайда Ұйым (Қор) мұндай бағалы қағаздарды жоғарыда аталған оқиға басталған күннен бастап бір жыл ішінде сатады. Оны сату мүмкін болмаған жағдайда Ұйым (Қор) уәкілетті органға осындай бағалы қағаздарды өтеу мерзіміне дейін ұстау туралы ақпарат жібереді.
15.
Акцияларды немесе пайларды сауда-саттық
ұйымдастырушысы (рейтингтік бағаның
ең төменгі деңгейі жоқ эмитенті) листинг
өткізілмеген жағдайда, сондай-ақ акционерлік
қоғамның басқа ұйымдық құрылымдық нысанына
қайта ұйымдастыру жағдайында, не акциялардың
немесе пайлардың эмитентінің кредиттік
рейтингі ең төменгі деңгейден де төмендеген
жағдайда Ұйым (Қор) осындай акциялар мен
пайларды жоғары аталған оқиға басталған
күннен бастап бір жыл ішінде сатады. Осы
акцияларды және пайларды сату мүмкін
болмаған жағдайда Ұйым (Қор) Қаржылық
есептіліктің халықаралық стандартына
сәйкес құнсыздану белгілері бар бағалы
қағаз ретінде таниды.
4-тарау.
Инвестициялық шешімді қабылдау тәртібі
16. Ұйым (Қор) зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметін мыналарды (оның ішінде):

- Зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдіктері
- Зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдіктері
- Зейнетақы жинақтары сақталу кепілдіктері
- Зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының пайда болу және даму тарихы: отандық және шетелдік тәжірибе
- Зейнетақы қорларының құқықтары
- Зейнетақы нарығы
- Зейнтақы жүйесі
- Зейін туралы жалпы ұғым
- Зейін туралы жалпы ұғым
- Зейін туралы ұғым
- Зейнетакы активтер
- Зейнетакы жоспары
- Зейнетақы
- Зейнетақы активтері