Зейнетақы қорларының құқықтары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- Зейнетақы қорларының мәні, құқықтары мен міндеттері
- Ұлар Үміт ЖЗҚ АҚ қызметін жүзеге асыруын талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстандық
зейнетақы қорларының жүйесінің
негізінде Чилидегі зейнетақы қорларының
жүйесі жатқандығын баса айта кетуге
болады. Өйткені бұл жөніндегі
Чилидегі 20 жылдық тәжірибе біршама
ден қоюға тұрарлықтай. Чили мемлекетінде
зейнетақы активтерін зейнетақы
қорлары басқарады, олар зейнетақы
қорларының салымшыларына зейнетақымен
қамтамасыз етудің түрлі схемаларын
ұсынады. Ондағы халықтың зейнетақы
жинақтары ЖҰӨ-нің 55%-ын құрайды. Зейнетақы
қорларының инвестицияларының есебінен
елдің тұрғын үй қорының 60% тұрғызылған.
Бұл зейнетақы жүйесінің
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуындағы маңызды рольді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі таңда тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Қазірдің өзінде-ақ зейнетақы қорларын реформалау оң нәтижеге беріп отырғанын нық айтуымызға болады.
Халықты зейнетақымен
қамтамасыз ету мәселесі әр кезде
әр елде өте маңызды болған. Бұл
жүйенің дамуы елдің
- Зейнетақы қорларының мәні, құқықтары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі екі жүйеден құралады: ортақ (Мемлекеттік зейнетақы төлеу жөніндегі орталықтан зейнетақымен қамсыздандыру) және жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамсызданудыру). ҚР қазіргі зейнетақы жүйесі 1997 жылдан, ҚР Үкіметі елдегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау жүйесі 1997 жылдан, ҚР Үкәметі елдегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасын мақұлдап, «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР заңы қабылданған кезден бастап есептеледі. Осы жаңалықты енгізудің негізі ортақ жүйеден біртіндеп бас тарта отырып, жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негіздерін құруда жатыр.
Ортақ зейнетақымен
Жинақтаушы зейнетақы қоры дегеніміз:
- 1998 жылға дейін еңбек өтілі 6 айдан аспайтын азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің жалғыз көзі.
- Зейнетақы жинақтарыңызды инфляциядан қорғай отырып, көбейтуге көмектесетін жалғыз қаржы институты.
- Ай сайын аударып отыратын жай ғана 10% емес
- Ай сайынғы жарналарыңыз және зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижесінде алған инвестициялық кірістеріңіз.
Жинақтау мерзімі неғұрлым ұзақ болған сайын, жалпы жинақтар сомасындағы инвестициялық кірісіңіздің үлесі де соғұрлым үлкен болады.
Қазақстан Республикасының “Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заңы бойынша үш субьектi жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң толыққанды мүшесi болады. Олар жинақтаушы зейнетақы қорлары, зейнетақы активтерiн басқарушы компания, банк-кастодиан. Олардың қызметiн реттеп, қажеттi нормативтi құқықтық актiлер шығарып қадағалайтын үш мемлекеттiк орган бар. Олар мыналар:
- Ұлттық банк (ҰБ);
- Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия (БҚҰК) Бұл мемлекетік орган Ұлттық Банктің департамент ретінде қосылып, енді Бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі депортаменті;
- Жинақтаушы зейнетақы қорларының iс-әрекетiн реттейтiн комитет (ЖЗҚIРК) бұлда Ұлттық Банк департаменті болып қосылып, енді Жинақтаушы зейнетақы қорларының іс-әрекеттің реттеу департаменті.
Ұлттық банк банк-кастодиандардың қызметiн бақылап, оларға лицензия беру және одан айыру iстерiмен айналысады.
ЖЗҚIРК ЖЗҚ-ң iс-әрекеттерiнiң заңға сәйкестiлiгiн және салымшылармен арақатынасын бақылау, қажеттi нормативтi құқықтық актiлер жасаумен айналысады. Жоғарыдағы айтылған қадағалаушы мемлекеттiк органдар, бұл негiзгi қызметiнен басқа да iстермен айналысады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының құқықтары төмендегідей болып бөлінеді:
- зейнетақы жарналарын жинауды жүзеге асыруға;
- өзінің қызметі үшін комиссиялық сыйақылар алуға;
а) уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілетін лицензия негізінде зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті және бағалы қағаздар рыногындағы өзге де қызмет түрлерін дербес жүзеге асыруға;
ә) зейнетақымен қамсыздандыруға байланысты мәселелер бойынша сот органдарында салымшының жазбаша өтініші бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен оның мүдделерін білдіруге;
б)зейнетақы шартының ережелеріне сәйкес өзгеде де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының мынадай міндеттері қарастырылған:
- алушыларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен зейнетақы төлеуге;
- жинақталған зейнетақы қаражаттары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асыруға;
- салымшы мен алушыға кемінде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрау салуы бойынша оның жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпарат беруге;
- алушының жинақталған зейнетақы қаражатының жай-күйі туралы ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ҚР-сының зейнетақы заңдары мен зейнетақы шартының ережелерін бұзғаны үшін жауап беруге;
- салымшының (алушының) жинақталған зейнетақы қаражатын бір жинақтаушы зейнетақы қорының екіншісіне немесе сақтандыру ұйымына осы Заңда және ҚР-сының өзгеде нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген тәртіппен аударуға;
- жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы болмаған жағдайда зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйыммен зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға шарттар жасасуға;
- бұқаралық ақпарат құралдарында уәкілетті органмен келісім бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген тәртіппен қаржылық есептілікті және уәкілетті орган белгілеген тәртіппен өзге де есептілік пен өз қызметі туралы ақпаратты жариялауға міндетті. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы қорларына жарналар бойынша табысқа кепілдік немесе уәде қамтылған ақпаратты, сондай-ақ ҚР-сының заңдарымен жариялауға тыйым салынған өзге де мәліметтерді жариялауға жол бермейді;
- жинақтаушы зейнетақы қорымен зейнетақы шартын жасасқан азаматтарға тең жағдайларды қамтамасыз етуге;
- салымшымен міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
- салымшымен еріктік кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасуға;
- әрбір жеке адамның тұратын жеріне қарамастан олармен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасасу кепілдігін қамтамасыз етуге міндетті.
Салымшы:
- өз жинақтаушы зейнетақы қорын таңдауға
- көп дегенде жылына екі рет зейнетақы қорын ауыстыруға
- зейнетақы қорының қызметі туралы бүкіл ақпаратты білуге құқылы
Зейнетақы қорын таңдау кезінде ешкім де қысым көрсете алмайды.
Жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік реттеу
Жинақтаушы
зейнетақы қорлары Қазақстан
Республикасының заңдарын бұзған жағдайда
уәкілетті орган мынадай ықпал
ету шараларын қолдануға
- анықталған кемшіліктерді белгіленген мерзімде жою туралы орындалуы міндетті жазбаша ұйғарым беруге;
- жинақтаушы зейнетақы қорларының басшы қызметкерлерін қызметтен алу туралы акционерлер алдына мәселе қоюға;
- Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен айыппұлдар салуға және өндіріп алуға;
- лицензияны тоқтата тұруға, не қайтарып алуға.
Уәкілетті орган жинақтаушы зейнеақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндегі қызметке лицензиясының қолданылуын мынадай негіздердің:
1)
лицензия берілгенде негізге
алынған ақпараттың дұрыс
2) лицензия берілген кезден бастап жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін бастауды бір жылдан астам кідірту;
3)Жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт бойынша міндеттемелерді үнемі (күнтізбелік он екі ай ішінде қатарынан үш және оданда көп рет) орындамауы немесе тиісінше орындамауы;
4) Жинақтаушы зейнетақы қорының лицензиар белгілеген нормативтерді және орындалуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді үнемі бұзуы;
5) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін,жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы ережесіне және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерін бұзуы, не уәкілетті органның жазбаша нұсқамаларын орындамауы;
6)есептілік пен мәліметтерді
табыс етпеу немесе көбінеу
дұрыс емес есептілікпен
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту және бұрын тартылған салымшылар бойынша зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорының инвестициялық қызметті жүзеге асыру құқығын сақтай отырып, жаңа салымшылар тартуына тыйым салуға әкеп соқтырады.
Уәкілетті органның жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы жарналарын тарту жөніндеге қызметке лицензиясының қолданылуын тоқтата тұру туралы қабылдаған шешімін жинақтаушы зейнетақы қоры екі баспасөз басылымында мемлекеттік тілде және орыс тілінде хабарландыру жариялау арқылы салушылар мен алушылардың назарына жеткізеді.
Лицензияның қолданылуын тоқтата тұру себептерін жинақтаушы зейнетақы қорының белгіленген мерзімде жойылмауы оны уәкілетті органның қайтарып алуына негіз болып табылады.
Уәкілетті
орган өздеріне қатысты ықпал
ету шараларын қолданған
Жинақтаушы зейнетақы қорын қайта құру уәкілетті органның рұқсатымен акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша біріктіру, бөліп шығару, жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік түрден ашық түрге өзгерту нысанында жүзеге асырылады.Рұқсат беру талаптары мен тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорының қайта құруды жүргізуге рұқсат алу туралы өтінішіне мынадай құжаттар қоса тіркеледі:
1)
жинақтаушы зейнетақы қоры
2)
жинақтаушы зейнетақы қорын
3)
қайта құру нәтижелерінің
Ұлттық комиссияның зейнетақы жүйесін тікелей реттеу қызметтеріне келісімдер жатады:
1) зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялардың қызмет істеуіне лицензия беру;
2) кастодиандық қызметті іске асыру үшін екінші деңгейдегі банктерге лицензия беру;
3) зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялар мен банк-кастодиандардың қызметін қадағалау;
4) зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялар мен банк-кастодиандардың қызметтерін реттейтін нормативтік базаны құру;
ЖЗҚ-лары үшін тағы бір инвестициялық маңызды мәселе мемлекеттік бағалы қағаздарды эммиссиялау көлемінің өсу және олардың айналым мерзімінің өсуі болып табылады, өйткені барлық жинақтаушы зейнетақы қорлары барлық мемлекеттік бағалы қағаздарға міндетті лимит бойынша салым жасаулары қажет. Үкімет 2007 жылғы мемлекеттік бағалы қағаздарды эмиссиялау көлемі былтырғы жылдан төмен болмауына барлық күшін салуды міндетке алды.
Әрине зейнетақы рыногының дамуына ұлттық кампаниялар мен ірі масштабтағы өндірістік кәсіпорындардың акциялары қаржы рыногына шыға алған жағдайда айтарлықтай тиімді әсерін тигізетін еді. Бірақ инвестициялық проблеманы глобалды масштабта қарастырсақ акция рыногы зейнетақы рыногына сәйкес дамымай отыр. 2006 жылдың аяғында Қазақстанда 2,8 мың акционерлік қоғам тіркелген. Бірақ Қазақстандық қор биржасына тек 76 акционерлік қоғам ғана, яғни жалпы акционерлік қоғамдардың санынан 3% жіберілген. Қор рыногының болмауы ол рынокта акциялардың болмауына байланысты.
Сонымен қатар МЖЗҚ-ның капиталындағы қалған акциялардың пакетін сақтау керек болатын, МЖЗҚ акцияларын бөлудің схемасы жекешелендіруден кейін, келесідей түрде болатын болған: Қазақстан Республикасы үкіметі (25% +1 акция), стратегиялық инвестор (50%+ 1 акция), ІВRDжәне IFC (25% + 2 акция).
2006 жылдың күзінде МЖЗҚ халықаралық стандарттардың серияларына ISO 9001/2002/12 берілген қордың менеджмент сапасының жүйесі сай келетіндігі туралы сертификат алды. Бұл сертификацияның негізгі мақсаты қор қызметін халықаралық стандарттағы максималды жақындату болып табылады, бірақ МЖЗҚ-ның кейбір басшыларының сөзіне қарағанда қандай сертификацияны енгізу жекешелендіру кезінде оның акцияларының бағасының көрсетілуіне әсер етуі мүмкін, яғни МЖЗҚ-ын жекешелендіруге дайындықтардың жүруі байқалынады /26.115б/
Келесі болатын шаралар IBRD, Қазақстан Республикасы үкіметі және ұлттық банктің арасындағы мимориандумға қол қоюы, сонымен қатар қосымша эмиссия жүргізуге рұқсат алуы және IBRD акциясының 10% сатып алуға рұқсат алуы болып отыр. Егер МЖЗҚ ағымдары жылда сату туралы шешім қабылданса, онда шешімнің өзі (үкіметтің қаулысы) екі-үш айдың ішінде нарыққа шығуы мүмкін, ал жылдың ортасында МЖЗҚ акцияларын сату бойынша байқау өтілуі мүмкін.
2.
Ұлар Үміт ЖЗҚ
АҚ қызметін жүзеге
асыруын талдау
"Ұлар
Үміт" қоры №1 мемлекеттік
"Ұлар Үміт" қоры ірі институционалдық
инвестор болып табылады. Қордың
зейнетақы активінің 3/1 бөлігі
А листингті корпоративті
1997
жылы ҚР Үкіметінің "ҚР зейнетақымен
қамтамасыз ету жүйесін қайта
құру тұжырымдамасын бекіту
2003 жылдың 6 тамызында акционерлер елдің 2 ірі қорын: ЖЗҚ "Ұлар" және ЖЗҚ "Үміт" – ті қосу туралы стартегиялық шешім қабылданды; ЖЗҚ "Ұлар Үміт" ЖАҚ деп өзгертті.
Бұл қорды біріктірудегі мақсат қуатты қаржы және әлеуметтік институтты құру. Қазіргі заман талабына сай жоғарғы кәсіби тұрғыда зейнетақы қызметін көрсетуге ықпал ету болды.
2007 жылы 12 майда жаңа жарғының қабылдануына байланысты ЖАҚ ЖЗҚ "Ұлар Үміт", АҚ ЖЗҚ "Ұлар Үміт" болып өзгертілді.
Республикадағы зейнетақылық қызмет нарығындағы қордың алдына қойған мақсаты - өз позициясын сақтау және нығайту; сондай-ақ бірінші кезекте, салымшылар сеніміне ие болу. Бұл қор үшін аса маңызды дәйек.
2004 жылдың мәліметі бойынша қор салымшыларының саны 811636 мыңнан астам адамды құрады, ал зейнетақылық активі 46350 млрд теңгеден аса соманы құрады.
2008 жылы "Ұлар Үміт" ЖЗҚ-ның салымшыларының зейнетақы қоры 100 млрд теңгеге өсті, ал зейнетақылық активі 129 млрд теңгеге немесе 1 млрд АҚШ $ жетті.
Қор жұмысының жүйелене түсуінің екінші себебі – бұл қор қыызметкерлерінің белсенді әрі сапалы жұмысы. Үшіншіден қордың стратегиялық саясатына акционерлер тарапынан көрсетілетін қолдау үлкен маңызға ие. Қызмет ету барысында қор акционерлері болып саналатын ірі кәсіпорындары "Казкомбанк" АҚ, "Қазақтелеком" АҚ, "компания Внешинвест" ЖШС, "Алаутрансгаз" АҚ, "Терминал" ЖШС ЖЗҚ арасындағы ең үлкен жарғылық капиталды жасақтады.
Қор
ең алдымен салымшылардың шынайы
нақты ақпаратқа, қызмет корсетудің
шұғыл түріне, ең басты зейнетақылық
жинақтың сақталуына деген сұраныстарын
толықтай қанағаттандыруға бағытталған.
Қор ішкі регламент жүйесін айқын
сақтайды. "Ұлар Үміт" жинақтаушы
зейнетақы қоры АҚ-ның даму бағдарламасында
басты назар іс жүзіндегі салымшыларды
сақтауға және қордың зейнетақылық қызмет
нарығындағы үлесінің ұлғаюына аударылған.
Бүгінгі таңда "Ұлар Үміт" АҚ-ның
инвестициялық портфелі зейнетақылық
активтерді қайтарылмау қаупінен, еліміздегі
экономикалық жағдайлардың өзгеруінен
қорғайтын жоғары шарамен сипатталады. "
4-сурет.
ҰларҮміт АҚ-ның инвестициялық портфель
құрылымы.
"Ұлар
Үміт" өз салымшыларына көрсетілетін
қызметтің үздік талаптарын
Төлем жасаушыдан келген белгілі кезеңдегі төлемдік тапсырыстар тізімі;
Кезең ішінде қордың қате аударылған сомаларды қайтаруы:
Қорға жіберілген, бірақ зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық арқылы өтпеген төлемдік тапсырыстар тізімі.
Қор салымшылары үшін келесі қызметтер көрсетіледі:
- зейнетақымен қамтамасыз ету туралы шарт жасасу;
- жинақтаушы зейнетақы жүйесі сұрақтары бойынша кеңес беру;
- интернет жүйесіне қосылған кез-келген компьютер немесе ұялы телефон арқылы зейнетақы есебінің жағдайы туралы on-line режимінде ақпарат алу;
- несие рәсімдеу үшін салымшының жеке зейнетақы шотының жағдайы туралы анықтама беру;
- салымшыларға жеке зейнетақы шотының жағдайы туралы электрондық почтальон арқылы хабарлау;
5-сурет.
"Ұлар Үміт" жинақтаушы зейнетақы
қоры АҚ-ның зейнетақылық активтерінің
өсу қарқыны, млн. тг
6-сурет.
"ҰларҮміт" жинақтаушы қоры АҚ-ның
салымшылары санының өсімі.
Біз, «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі - «Қор») 2010 жылғы 31 қаңтардағы жай-күйі бойынша бухгалтерлік баланстан және көрсетілген датада аяқталатын жыл үшін пайда мен шығындар туралы есептен, капиталдағы өзгертулер туралы есептен, және ақшалай қаражат қозғалысынан және капиталдағы өзгертулер туралы тиісті есептерден және есеп саясатының негізгі ережелерінің қысқаша мазмұнынан және басқа түсініктеме беруші ескертпелерден тұратын Қордың беріліп отырған қаржылық есептілігіне аудит жүргіздік. «Ұлар Үміт» Жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2009 жылғы 31 қаңтардағы жай-күйі бойынша қаржылық есептілігіне басқа аудитор аудит жүргізілген және 2010 жылғы 18 наурыздағы ол өз есебінде көрсетілген қаржылық есеп беру бойынша сөзсіз оң қорытынды білдірген.
Көрсетілген қаржылық есеп берудің Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес дайындалуына және шынайы ұсынылуына Қор басшылығы жауап береді. Аталған жауапкершілік алақол әрекеттердің немесе қателердің салдарынан орын алатын ерекше бұрмалаушылықтарға жол бермейтін, қаржылық есептілікті дайындауға және оны шынайы ұсынуға қажетті ішкі бақылау жүйесін әзірлеуден, енгізуден және қолдаудан; керекті есеп саясатын таңдаудан және оны қолданысқа енгізуден; тікелей жағдайларға қатысты қолданылатын негізделген бағамдарды пайдаланудан тұрады.
39
Қаржылық есеп берудің
Егер
осы құнсыздану 2010 жылғы 31 қаңтардағы
жағдай бойынша бейнеленген болса, онда
өтеуге дейін ұсталатын инвестиция және
таза зейнетақы активтер 1,954,926 мың теңгеге
төмендейді, таза зейнетақы активтеріндегі
өзгертулер туралы есепте бейнеленген,
өтеуге дейін ұсталатын инвестициялар
бойынша құнсызданудан болған шығын 1,954,926
мың теңгеге ұлғайды, ал таза зейнетақы
активтеріндегі өзгерту 1,954,926 мың теңгеге
төмендеді.
Кесте 7 - «Ұлар Үміт» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ2010 жылғы 31 қаңтарда аяқталатын жыл үшін пайда және шығындар туралы есеп
| Ескертпе | 2010 жыл
мың теңге |
2009 жыл
мың теңге | |
| Комиссиялық кіріс | 4 | 2,767,970 | 3,095,222 |
| Пайыздық кіріс | 5 | 417,496 | 270,403 |
| Шетел валюталарымен болған операциялар бойынша таза шығын | 2,691 |
(14) | |
| Сатуға арналған қолда бар активтермен болған инвестициядан таза іске асырылған пайда (шығын) | 5 |
(1,809) | |
| Басқа кірістер (шығыстар) | 7,943 | (533) | |
| 3,196,105 | 3,363,269 | ||
| Операциялық шығыстар | 6 | 1,688,981) | (1,348,094) |
| Салық салуға дейінгі пайда | 1,507,124 | 2,015,175 | |
| Табыс салығы бойынша шығыстар | 7 | (350,183) | (578,915) |
| Таза пайда | 1,156,941 | 1,436,260 |

- Зейнетақы нарығы
- Зейнтақы жүйесі
- Зейский государственный природный заповедник
- «Зелена картка» - система міжнародних договорів автомобільного страхування
- Зеленая карта
- Зелёная китайская стена
- «Зеленая» революция
- Зейнетақы
- Зейнетақы активтері
- Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы
- Зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдіктері
- Зейнетақы жинақтарының сақталу кепілдіктері
- Зейнетақы жинақтары сақталу кепілдіктері
- Зейнетақы қорлары мен сақтандыру ұйымдарының пайда болу және даму тарихы: отандық және шетелдік тәжірибе