Зейнетақы

             Жоспар        

 

І. Кіріспе 

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Жасына байланысты зейнетақының түсінігі.

2.2. Жасына байланысты зейнетақының түрлері.

2.3.Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде      тағайындау жағдайлары.

2.4. Еңбек зейнетақыларының түсінігі.

2.5. Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері.

2.6. Зейнетақыны төлеуді тоқтата тұру.

2.7. Зейнетақыны ұстап қалу.

2.8. Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             Кіріспе

 

     Зейнетақы–  азаматтарға белгілі бір жасқа  толғанда, мүгедектігіне байланысты, асыраушысынан айрылғанда, арнаулы  қызмет атқарған жылдары үшін, заңнамада көзделген басқа да  реттерде берілетін тұрақты ақшалай  төлемақы. Зейнетақы жинақтаушы зейнетақы қорлары есебінен төленеді. Қазақстан Республикасында зейнетақы тағайындау және төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясы негізінде және Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы” заңымен, басқа да заң актілерімен айқындалады.

   Қазақстан 1998 жылы 1 қаңтардан бастап зейнетақымен қамсыздандырудың бұрынғы ынтымақтық жүйесінен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшті. Бұл орайда ынтымақтық жүйе де сақталды. Ынтымақтық жүйе бұрынғы зейнеткерлерді зейнетақымен қамсыздандырады және келешекте ынтымақтық жүйеде жұмыс стажын толық өткерген, бірақ жинақтаушы жүйеде зейнетақы алуға жеткілікті ақша жинауға мүмкіндігі болмаған адамдарды зейнетақымен қамсыздандырады.Жинақтаушы зейнетақы жүйесінде әрбір азамат өз табысынан зейнетақы жарнасын (еңбекақы түрінде төленуге тиіс табысының 10%-ын) аударып, өз зейнетақысын жеке өзі дербес жинайды. Сөйтіп, зейнетке шыққан кезде жинақталған ақша салымшыларға олардың жеке зейнетақы шоттарынан төленеді. Сонымен бірге аталған заңға сәйкес жұмыс істеушілер мен жұмыс берушілердің мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына аударатын ерікті жарналарынан құралатын қосымша зейнетақы төлеу тәжірибесі де қалыптаса бастады.

   Зейнетақымен қамсыздандыру кез келген ел үкіметінің басты назарындағы әлеуметтік мәселелер қатарына жатады. Қазақстан Республикасында да азаматтардың қартайғанда әлеуметтік қамсыздандыруға құқықтары Конституцияда бекітілген.

     Қазақстан  қоғамдық қатынастар  өзгерістерге ұшырап жатқан қиын жағдайларда әлеуметтік қамсыздандыру моделін таңдауды жүзеге асырды.  Әлеуметтік кепілдік берудің патерналистік схемасын адам дамуының қажеттіліктеріне, саяси реформалар мен экономиканы ұйымдастырудың жаңа нарықтық қағидаттарына қарай қайта өзгерту қажеттігі туындады. Таңдау әлеуметтік қамсыздандыруды ұйымдастыру және халықаралық институттардың ұсынымдарын есепке ала отырып жасалды.

   Чили тәжірибесіне негізделген қазақстандық модель сипаты бойынша түрлі заманауи модельдердің белгілерін қамтиды. Мемлекеттің белсенді қатысуы мен жұмыспен қамту мәселелеріне ерекше көңіл бөлу скандинавиялық (Швеция, Дания, Норвегия) модельге үйлеседі. Сақтандырудың болуы және тікелей мемлекеттің, жұмыс берушілер мен қыз­меткерлердің арасында әлеуметтік қамсыздандыру жауапкершілігінің теңдей бөлінуі  консервативтік-корпоративтік (Германия, Франция, Италия) және либералды (АҚШ, Канада, Ұлыбритания) модельдерге сәйкес келеді.

                         

                  Жасына байланысты зейнетақының түсінігі.

 

   Жасына байланысты зейнетақылар КСРО-да 20-жылдың соңында енгізілді. Дәл осы уақыттан бастап белгілі бір жасқа толу тоқыма өнеркәсібінің жұмысшылары үшін, ал содан кейін халық шаруашылық барлық жұмысшылары мен қызметкерлері үшін  зейнетақылық қамсыздандырудың дербес негізіне айналды. 

   Жасына байланысты зейнетақы ретінде азаматтардың белгілі бір жасқа толған кезде және онда қажетті еңбек стажы болған жағдайда алатын зейнетақыны атайды. Еңбек зейнетақысын алуға құқық беретін жас және еңбек стажының ұзақтығы заңдарда анықталған. Зейнетақылық жасқа толу азаматқа жұмыс берушімен еңбек қатынастарын тоқтату құқығын береді, ал мемлекетте мұндай азаматты өмір сүру құралы жасына байланысты зейнетақымен қамтамасыз ету қажеттігі туындайды. Сонымен, жасына байланысты еңбек зейнетақысына екі  белгі тән: зейнетақылық жасқа толу және белгілі бір ұзақтықтағы еңбек стажының болуы. Бұл ретте еңбек зейнетақысын тағайындағаннан кейін көптеген зейнеткерлердің өзінің еңбекке қабілетін сақтап, еңбек қызметін әрі қарай жалғастыруына рұқсат беріледі. Яғни, оларға одан кейінгі бүкіл өміріне төленетін зейнетақы тағайындалады: олар жұмыс істеп жүрген кезге де, жұмыс істей алмайтын кезге де.  Бұдан шығатын қорытынды,   бұл зейнетақыны тағайындау адамның еңбекке қабілеттігіне тәуелді болмайды, мысалы, мүгедектігі бойынша зейнетақы азаматтың еңбекке қабілеттігімен тығыз байланысты. Еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақының жасына байланысты зейнетақыдан айырмашылығы мынада: жасына байланысты зейнетақыны алу құқығын иелену үшін белгілі бір жасқа толу және белгілі бір еңбек стажының болуы қажет, ал еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы қандай да бір жасқа толумен байланысты емес. Яғни, жасына байланысты еңбек зейнетақысы- бұл зейнетақылық жасқа толған және белгілі бір ұзақтықтағы еңбек стажына ие тұлғалар үшін өмір бойы ай сайын төленетін ақшалай төлем.  

    

              Жасына байланысты зейнетақының түрлері.

 

  Eңбек   жағдайларына, еңбек стажының ұзақтығына және бірқатар өзге де жағдайларға қарай жасына байланысты зейнетақылар өз ішінде түрлерге бөлінеді.  Мұндай түрлерге мыналар жатады: жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақы: жеңілдетілген негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақы;арнайы заңды негіздерге негізделген жасына байланысты зейнетақы;   Жалпы негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақыны тағайындау үшін, жоғарыда атап өткеніміздей, белгілі бір жасқа толу және белгілі бір  ұзақтықтағы еңбек стажының болуы қажет.  Жеңілдетілген негіздер бойынша жасына байланысты зейнетақы еңбек стажының жалпы ұзақтығы болған жағдайда немесе жасқа да, еңбек стажының ұзақтығына да талаптар бір мезетте төмендетілген жағдайда зейнетке заңда көзделгеннен ертерек шығуға мүмкіндік береді. Жеңілдетілген зейнетақылық қамсыздандыру құқығын бес және одан да көп балаларды туған және оларға 8 жасқа толғанға дейін күтім жасаған көпбалалы аналар иеленеді. Бұл ретте аталған құқық тек туған балаларға теңестіріледі. Ал өгей ұлдар мен өгей қыздар туған балаларға теңестірілмейді. Жасына байланысты зейнетақыларды тағайындау үшін арнайы заңды  негіздер азаматтардың кейбір санаттарына, мысалы Чернобль апатынан, Семей полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға бағытталған.

 

Орталықтан жасына байланысты зейнетақыларды толық көлемде  тағайындау жағдайлары.

  

  Орталықтан жасына байланысты зейнетақылар толық көлемде келесідей жасқа толған кезде және келесідей жағдайлар болған жағдайда тағайындалады:1) 1998ж 1 қаңтардан бастап- еркектерге 61 жасқа толғанда, кемінде 25 ж еңбек стажы болғанда; әйелдерге 56 ж толғанда кемінде 20ж еңбек стажы болғанда;2) 1998ж 1 шілдеден бастап- еркектерге 61,5 толғанда кемінде 25 ж еңбек стажы болғанда; әйелдерге 56,5 жасқа толғанда, кемінде

20 ж еңбек стажы болғанды; 3) 1999 ж 1 шілдеден бастап-еркектерге 62ж толғанда, кемінде 25 ж еңбек  стажы болғанда; әйелдерге 57 жасқа  толғанда, кемінде 20 жыл еңбек  стажы болғанда; 4) 2000 ж 1 шілдеден  бастап-еркектерге 62,5 жасқа толғанда, кемінде 25 жыл стажы болғанда; әйелдерге 57,5 жасқа толғанда, кемінде  20 жыл еңбек стажы болғанда; 5) 2001 ж 1 шілдеден бастап- еркектерге 63 ж толғанда, кемінде 25 ж еңбек  стажы болғанда; әйелдерге 58 ж  толғанда, кемінде 20 жыл еңбек  стажы болғанда.

      Толық емес  көлемдегі жасына байланысты  зейнетақы төлемдері жоғарыда  аталған азаматтардың 1997 ж 1 қаңтарда  нақты еңбек стажының болуына  қарай Орталықтан толық көлемінде  зейнетақы төлемдерін алу құқығы  болмаған жағдайда тағайындалады.  Байқап отырғанымыздай, әлеуметтік  қорғау құқығы еркектер мен  әйелдер үшін зейнетақы жасы  мен еңбек стажының болуын  түрліше көздеген. Бұл  айырмашылық  5 жылды құрайды. Орталықтан төленетін  зейнетақы төлемдерінің мөлшерін  есептеу. Орталықтан төлненетін  зейнетақы төлемдерін толық көлемінде  есептеу орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі.  Орталықтан төленетін зенетақы  төлемдерінің мөлшерін есептеу  жұмыста болған үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген 3 жыл жұмыс  үшін орташа айлық табыс негізге  алына отырып, 1995 ж 1 қаңтардан  бастап жүзеге асырылады.

     1998 ж 1 қаңтардан  басталған кезең үшін орташа  айлық табыстың мөлшері жинақтаушы  зейнетақы қорларына міндетті  зейнетақы журналары жүзеге асырылған  табысқа сәйкес халықты әлеуметтік  қорғау саласындағы орталық атқарушы  орган анықтайтын тәртіппен белгіленеді. 1998 ж 1 қаңтарға дейін қажетті  еңбек стажынан тыс жұмыс істеген  әрбір толық жыл үшін зейнетақы  төлемдерінің мөлшері 1 процентке  өсіріледі, бірақ ол зейнетақыны  есептеу үшін ескерілетін табыстың 75 процентінен аспауға тиіс.  Ұлы  Отан соғысының қатысушылыры  мен мүгедектің, әскери қызметшілердің, ҚР ішкі істер органдарының, бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитеті қызметкерлерінің және зейнетақы 1998 ж 1 қаңтарына дейін ҚР Үкіметі бекіткен өндірістердің, жұмыстардың, кәсіптердің, лауазымдардың және көрсеткіштердің №1 тізімі бойынша және жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша жеңілдікті шарттарда тағайындалған адамдардың зейнетақы төлемдері мөлшерін қоспағанда, 1998 ж 1 қаңтарға дейін тағайындалған зейнетағы төлемдерінің ең  жоғары мөлшері тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген еселенген айлық есептік көрсеткіштің 75 процентінен аса алмайды.Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеу үшін табысты анықтау. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табысқа еңбекке ақы төлеудің барлық түрлері және тізбесін ҚР Үкіметі белгілейтін өзге де табыстар енгізіледі. Зейнетақы төлемдерін есептеу үшін 3 жылғы жұмыс ішіндегі табыс қатарынан 36 күнтізбелік айдағы жұмыс ішіндегі табыстың жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады. Орталықтан төленетін зейнетақы төлемдерін есептеуге арналған табыс тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін он бес еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.

   

                            Еңбек зейнетақыларының түсінігі.

    

      Зейнетақы – бұл мемлекеттің сыйы не қайырымдылық шарасы емес. Кеңестік Одақтан бізге мұраға қалған толыққанды зейнетақылық қамсыздандыру әлі күнге дейін әрекет ететіндіктен, адамдар өзінің еңбек қызметінің бүкіл ғұмырында өздерінің еңбек зейнетақыларын табады деп тұжырымдау дұрыс болар. Және зейнетақы мынадай қағидаға жауап беруі тиіс: адам еңбекке жарамды жасында қалай жұмыс істесе, кәрілігінде де зейнетақымен солай қамсыздандырылады. Қазіргі кезде зейнетақылық қамсыздандыру жүйесі дәл осы қағидаға жауап беретін болады. Бұлай болмайтын болған күннің өзінде де, о баста осылайша ойластырылған болатын. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінде зейнеткерлердің қатарында ең көп бөлігін жасына байланысты еңбек зейнетақысын алу құқығына ие тұлғалар әрқашан құраған. Барлық елдерде зейнеткерлердің бұл санаты зейнеткерлердің жалпы санының 80 % - ын құрайды. Еңбек зейнетақысының мөлшері толық еңбек стажы болған жағдайда орташа Республикалық жалақының  60 % - ын құрауы тиіс (еркектер үшін 25 жыл еңбек стажы, ал әйелдер үшін – 20 жыл еңбек стажы). Зейнетақының дәл осындай мөлшері зейнеткерлер үшін жақсы өмірді қамтамасыз ете алады. Зейнетақыларды тағайындау, олардың мөлшерін қайта есептеу және төлеу тәртібі. Зейнетақыларды тағайындауды, олардың мөлшерін қайта есептеуді және төлеуді зейнеткерлердің тұрғылықты жерлеріндегі әлеуметтік қамтамасыздандыру органдары жүзеге асырады. Зейнеткер тұрғылықты жер ауыстырған жағдайда оның жаңа тұрғылықты жері бойынша зейнетақы төлемдерін төлеу зейнетақылық істің және тіркеу туралы құжаттардың негізінде жүргізіледі. Зейнетақыларды тағайындау үшін қажет құжаттардың тізімі, зейнетақыны тағайындауға, оның мөлшерін қайта есептеуге, зейнетақының бір түрінен екіншісіне ауысуға қатысты жолдану тәртібі, зейнетақы құжаттарын толтыру заңдарды белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Зейнеткерлердің қалауы бойынша зейнетақы зейнеткерлердің есеп шотына ауыстырылуы мүмкін немесе заңдарда белгіленген тәртіпте берілетін сенімхат бойынша төленуі мүмкін. Зейнеткерлердің зейнетақы алатын жері жыл сайын расталатын болса, мерзімі бір жылдан асатын сенімхат бойынша зейнетақы төлеу сенімхаттың әрекет ететін бүкіл мерзімінде жүзеге асырылады.

      

                 Зейнетақыларды тағайындау мерзімдері.  

 

    Арыз бен қажетті құжаттарды зейнетақы төлемдерін тағайындаушы органға бір мезгілде берген күн Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып есептелінеді. Еңбек зейнетақысы зейнетақының көрсетілген түріне өтініш берген күнен бастап, бірақ ол осы зейнетақыны алуға құқық туындағаннан соң ғана тағайындалады. Арыз бен қажетті құжаттарды поштамен жіберген жағдайда Орталықтан зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініш берген күн болып бұларды поштадан жіберген күн есептеледі. Еңбек зейнетақыларын тағайындау мерзімдері. Еңбек зейнетақылары келесі мерзімдерге тағайындалады: 1.Жасына байланысты еңбек зейнетақысы – өмір бойына; 2.Мүгедектігіне байланысты еңбек зейнетақысы – мүгедек деп тану мерзіміне; 3. Асыраушысынан айырылуына байланысты еңбек зейнетақысы – бұл зейнетақыны алушы еңбекке жарамсыз болған бүкіл кезеңге.

     

                          Зейнетақыны төлеуді тоқтата тұру.

 

           Зейнетақыларды төлеу келесі жағдайларда тоқтатыла тұрады: 1) Егер зейнеткер зейнетақыны қатарынан алты ай алмаса – зейнетақыны алмаған бүкіл кезеңге аталған мерзім өткен айдан кейінгі айдың 1 – күнінен бастап; 2) Егер мүгедек белгіленген мерзімде қайта куәландырудан өтуге келмесе – зейнетақыны төлеу тоқтатылады, ал бұл тұлғаны қайтадан мүгедек деп таныған жағдайда зейнетақы тоқтатылған күннен бастап, бірақ 1 айдан аспайтын мерзімге төленеді.Қайта куәландырудан өту мерзімдерін себепті жағдайлармен өткізіп алған жағдайда, зейнетақыны төлеу қайта куәландырудан өту күнінен бастап, бірақ 3 жылдан аспайтын мерзімге төленеді. Егер мүгедекке зейнетақы төлеу еңбекке қабілетінің қалпына келуіне немесе қайта куәландыруға себепсіз жағдайлармен келмеуіне байланысты тоқтатылса, онда кейін бұл тұлғаны мүгедек деп таныған жағдайда, зейнетақыны төлеуді тоқтатқан күннен 5 жыл уақыт аспаса, зейнетақы төлеу мүгедекті белгілеген күннен бастап қалпына келтіріледі. Егер 5 жыл уақыт асып кетсе, онда зейнетақы жалпы негіздер бойынша тағайындалады.

                     

                               

 

                          Зейнетақыны ұстап қалу.

     

   Зейнетақыдан ұстап қалу тек заңдарда көзделген жағдайларда ғана орын алуы мүмкін. Зейнетақы тағайындау кезіндегі қателіктер салдарынан артық төленген сомаларды зейнетақы төлемдерін алушының өтініші негізінде ұстап қалатын жағдайлардан, сондай – ақ сотталғандардан, бас бостандығынан айырылғандардың табысынан ұстап қалатын жағдайлардан басқа, зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жасалуы мүмкін. Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиіс сомадан жасалады. Бұл ретте зейнетақыдан ұстап қалудың шектері белгіленген. Зейнетақыдан төленуге тиісті соманың 50 проценттен астамын ұстап қалуға болмайды. Зейнетақыдан ұстап қалу мыналарға бағытталуы мүмкін: отбасы мүшелерін бағуға (алименттер), кәсіпорынның немесе ұйымның мүлкін ұрлағаннан келтірілген зияндарды өтеуге, артық алынған жалақыны қайтаруға және т.б. Басқаша зейнетақыдан ұстап қалуға жол берілмейді.

            

                         Еңбек зейнетақысын төлеуді тоқтату.

    

   Еңбек зейнетақысын төлеу келесі жағдайларда тоқтатылады: 1) Зейнеткер қайтыс болған жағдайда, сонымен қатар белгіленген тәртіп бойынша оны қайтыс болды немесе хабар - ошарсыз кетті деп жариялаған жағдайда – зейнеткер қайтыс болған немесе оны қайтыс болды, не хабар – ошарсыз кетті деп жариялау туралы шешім күшіне енген айдан кейінгі айдын 1 – күнінен бастап; 2)Зейнеткер өзіне тағайындалған еңбек зейнетақысын алу құқығын жоғалтқан жағдайда, аталған зейнетақыны алу үшін ұсынылған мәліметтердің шынайылығын жоққа шығарған мән – жайлар немесе құжаттар табылған жайдайда – мән – жайлар немесе құжаттар табылған айдан кейінгі айдын 1 – күнінен бастап; ,3)Тұлғаны мүгедек деп танудың мерзімі өткен жағдайда; 4) Асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы алушы тұлғаның еңбекке қабілетті болуы – еңбекке қабілеттілік туындаған айдан кейінгі айдың 1 – күнінен бастап; 5)Қайтыс болған асыраушы тұлғаның 8 жасқа толмаған балаларына, аға- інілеріне, апа-қарындастарына немесе немерелеріне күтім жасауына байланысты асыраушысынан айырылуы жөніндегі зейнетақы алуға құқылы тұлғалардың жұмысқа орналасуы; 6) Қайтыс болған асыраушының балалары 18 жасқа толған соң, оқитындары – 23-жасқа толған соң – кәмелеттік жасқа немесе 23 жасқа толған айдан кейінгі айдың 1 – күнінен бастап.    

 

 

 

 

 

                                       

 

 

                                  Қорытынды

 

    Қазақстандағы қазіргі зейнетақы жүйесі Үкімет елімізде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін реформалау тұжырымдамасын мақұлдаған және «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң қабылданған кезден, яғни 1997 жылдан бастау алады.

   Қазақстан Республикасының Президенті Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан жеделдетілген экономикалық, әлеуметтік және саяси модернизация жолында» атты жолдауында «Қазақстан тез дамушы елдер қатарына кіру керек, өзінің азаматтарына өмір сүрудің жоғары стандарттарын қалыптастыру қажет» екендігін алға қойды, сонымен қатар «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Казақстан Республикасының халқына Жолдауында: «...іргелік зейнетақының мөлшері ұлғайтылсын және таяудағы жылдары оның тұрмыстық ең төменгі қажеттіліктің 40% деңгейінде сақталуы қамтамасыз етілсін. Осылайша, біз алғаш рет Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз етуін халықаралық стандарттармен сәйкестендіреміз» деп атап өтті. Бұл елбасының ең біріншіден халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру,зейнеткерлерді тұрақты зейнетақымен қамтамасыз ету, Қазақстанның зейнетақы жүйесін алдыңғы қатарлы елдер жүйесімен сәйкестендіруге бағытталған.

   Жолдауда көрсетілгендей зейнетақы мөлшерін ұлғайту арқылы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру көзделген. Ол үшін қазіргі таңда елдегі жинақтық зейнетақы жүйесін дамыту арқылы бұл мақсаттарға қол жеткізуге болады.     Қазақстанда нарықтық реформалардың нәтижелілігіне қарамастан, халықтың зейнетақылық қамтамасыз етілуі қазіргі талаптарға сай емес. Қазақстан үшін зейнетақылық қамтамасыздандыру реформасы 1998 жылдан басталады. Зейнетақы реформасы капитал рыногын жекешелендіру және дамытудан тұратын үш бірдей экономикалық даму стратегиясының ажырамас бөлігі ретінде жоспарланған болатын. Экономикалық дамуды ескеретін қаржылық тұрақты, дербестендірілген зейнетақы жарналар арқылы еңбек үлесімен өлшенетін әділ жүйе құру қайта құрудың басты мақсаты болып табылды.

Қазақстандағы зейнетақы  жүйесінің аз уақытта өмір сүруіне  қарамастан экономикадағы динамикалық  дамып келе жатқан сегментіне жатады. Қазіргі уақытта зейнетақы қорында 436 млрд теңге жинақтары шоғырланған, ол ЖІӨ-нің 9% құрайды. Халық сенімін  күшейту, салымшылырды тарту және зейнетақы  активтерінің өсуі жинақтаушы зейнетақы  жүйесінің динамикалық дамуының негізгі факторы болып табылады.

  Айта кету керек, зейнетақы реформасының негізгі принциптері жалпы алғанда дұрыс анықталған. Реформа бастапқы сатыда оң нәтижелер әкелді: зейнетақыны кешіктірмей беру және зейнетақыылық қамтамасыз етуде жағдайдың тұрақтануы. Бірінші рет зейнетақы жарналары екі негізгі функцияларды атқара бастады – салымшылардың нақты зейнетақысын көбейту және мемлекеттің экономикасын инвестициялау. Нақты зейнетақы жарналарының көлемін халықтың мемлекеттің экономикасын дамытуға салымдары ретінде есепке алу керек, себебі жинақтық жүйенің зейнетақы жарналары мемлекеттік бюджетке түспейді, ол капитал нарығының дамуына бағытталады.

   Зейнетақы реформасын жүргізуде көптеген нәтижелермен бірге, әдістемелік қателіктер жіберілді, соның салдарынан нарықтық жағдайға қазіргі зейнеткерлердің зейнетақылық қамтамасыз етілуі толығымен бейімделмеді және мемлекеттік бюджеттен автономдық ала алмады.

   Зейнетақы реформасының бастапқы концепциясы тежеуленді. Бірінші және басты қателік – 1998 жылы бірынғай әлеуметтік салықты еңгізу болып табылады, себебі ол да қосылған құн салығы мен табысқа салық қатарына түсіп кетті. Бүгінгі күні осы институттың радикалды трансформациясы қажеттілігінде проблема туындап тұр. 1998-2006 жылдарда зейнетақылық қамтасыз етуде басты кемшілік ол максималды зейнетақы проблемасы болып табылады. Ол зейнетақы көлемі бойынша жоғары емес және азаматтардың еңбегін толық есепке алмайды.

   Қазіргі таңда мемлекетте үлкен құрылтайшылар иленген жинақтық зейнетақы қорлары қызмет көрсетуде. Мұндай қорлардың нәтижелілігі құрылтайшылардың жағдайларына тәуелді. Сондықтан, қосымша зейнетақылық қаматамасыз етілуге үлкен кәсіпорындар, қаржы-өнеркәсіп топтар мен банктердің жұмыскерлерінің ғана мүмкіндігі бар.Зейнетақы реформасының маңыздылығы, зейнетақының тұтынушы қабілеттілігі төмендеді. Мемлекеттік емес зейнетақылық қамтамасыз етуде қатысу, сақтандырушы жарналарды төлеу төмендеді, себебі көптеген салымшыларға болашақ зейнетақы көлемі мен оның беру тәртібі толығымен анық емес. Актуалды әдіспен есептелген ерікті зейнетақы жарналарында, тарифтерде негізделіп құрылатын жинақтық зейнетақы қорлары – болашақтың міндеті болып саналады. Зейнетақылық қамтамасыз етудің реформасы ешқандай жағдайда зейнеткерлердің материалдық қорғану деңгейін тежелемеуі қажет.

  Қазақстан Республикасының зейнетақылық қамтамасыз ету реформасының сегіз жылдық тәжірибесі көрсеткендей, мемелекттік емес зейнетақылық қамтамасыз етуде түбегейлі өзгерістер болу қажет. Зейнетақылық қамтамасыз етуде институционализациялау, құрылымдау, зейнетақыны сақтандыру, зейнетақылық үрдістерді еңгізу, қорлардың міндеттерін актуалды бағалау, табыс алу үшін активтерді инвестициялау бойынша қажетті шараларды іске асырмайынша, зейнетақы реформасының қандай да болмасын нәтижелері тұрақсыз, уақытша сипатқа ие болады. Сондықтан халыққа жеткілікті зейнетақыны қамтамасыз ететін жаңа механизмдерді ұсыну қажеттілігі туындап отыр, яғни қазақстандық зейнетақылық қамтамасыз етуді модернизациялау қажет .

   Әлеуметтік бағытталған мемлекетте экономика халықтың өмір сүру деңгейін көтеруіне, сыртқы ортаны қорғауға, материалдық, әлеуметтік қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталуы керек.Әлеуметтік сфераның дамуы экономиканың қызмет етуіне әсер етеді. Осыған орай тұрақты экономикалық дамуына жету үшін Қазақстанға әлеуметтік сфераға инвестиция қажет. Әлеуметтік салаға салынған инвестициялар экономикалық тиімді болып, шығындар көлемі, қаржыландыру көлемі және табыс алу қатынасын оптималды болатынын болжамдайды. Экономикасы әлеуметтік бағытталған дамыған мемлекетті ынталандыру шетел инвестициялардың ағымын көбейтіп, халықаралық қоғамда оның рейтингісін көтереді. Жоғарыда айтылғанға сай бұл кезеңде сауатты мемлекеттік инвестициялық саясат қажет. Оның негізгі міндеттері экономика субъектілерінің арақатынасын реттейтін ережелерді әзірлеу мен қолдау шараларын жүргізу болып табылады. Экономиканың тиімділігі қоғамның әлеуметтік -экономикалық күтімі мен өндірістік, қаржылық инвестициялық ресурстары келістірілетін экономикалық саясат жүргізуіне байланысты .

   Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінде тиімді инвестициялау мәселелерін зерттеу тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету соңына дейін аяқталмаған болатын. Қаржылық институттармен экологиялық және әлеуметтік факторларды ескере отырып, инвестициялау процесінің белсенділігі төмен болғандықтан, республикадағы тұрақты экономикалық дамумен қамтамасыз ету төмен болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                         Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1. www.google.kz

2. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы.

3.www.bing.kz

4.“Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006

 

 


Зейнетақы