Желіаралық деңгей хаттамалары
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті
Тақырыбы: Желіаралық деңгей хаттамалары (IP-IPX)
ТЕКСЕРГЕН: Таберхан Роман
ОРЫНДАҒАН: Оразова Арайлым
АЖ-43қ
Астана, 2012ж
Желіаралық деңгей хаттамалары (IP-IPX)
Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.
Компьютерлік желілер құрылымы бойынша жергілікті, аймақты және аумақты болып бөлінеді.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.
Компьютерлік желі
жұмыс істеу принципіне, аппараттық және
программалық қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ)
және аумақты (АКЖ) компьютерлі
1. Жергілікті желі.
Жергілікті желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте т.с.с) компьютерлерді біріктіреді.
Жергілікті желі құрудағы себеп — өндірістік процестерді автоматтандыру, әр түрлі құжаттарды жедел өңдеу.
Егер жалпы желіге
бір-бірінен айтарлықтай қашықтықтағы
компьютерлер немесе жергілікті желілер
біріктірсе, онда мұндай құрылымды таратылған немесе ай
Бір немесе бірнеше желілерді бір – бірімен өзара байланыстыру желіаралық байланыс немесеауқымды желі деп аталады. Ауқымды желі қала, аймақ, ел, бүкіл Жер шарын қамтуы мүмкін.
2. ЖКЖ – нің физикалық негізі
Жергілікті желінің физикалық негізі
Компьютерді жергілікті желіге қосу үшін қажет: желі адаптері (желі картасы), ол кейде кеңейтілген еркін слотқа қойылады немесе аналық тақшамен (материнская плата) бірге болады және арнайы кабелді желіге қосатын орын (разъем) болуы шарт
Шиналық топология – мұнда жұмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осындай тәсілмен магистральға басқа да желілік құрылғылар қосыла береді.
Желінің жұмыс жасау процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс станциясы қабылдайды
Жұлдыз тәрізді топология – мұнда ортақтандырылған коммутациялық түйін-желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізудіжүзеге асырады. Бұл топологияның артықшылығы – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысқа әсер етпейді.
Сақиналық топология – мұнда байланысу арналары тұйықталған сақина бойында орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жұмыс станцияларын аралап шығады да, оны керекті компьютер қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл топологияның кемшілігі – кез келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы байланысты бұзады.
ЖКЖ — де ақпаратты тасымалдау үшін төмендегідей физикалық орта қолданылады, ыңғайлы болу үшін байланыс түрлерінің салыстырмалы түрде көрсетілген сипаттамасына көңіл бөлейік
Интернет сөзі әдетте, желінің физикалық деңгейін білдіреді, яғни бұл сөзбен компьютерлерден, кабельдерден және де мәліметтерді тасымалдайтын басқа құрылғылардан тұратын аппараттық жабдықтамалар жиынын атайды.
3. Желілік программалық қамсыздандыру.
- Желідегі компьютерлер жұмысын программа басқарады, ондағы барлық компьютерлердің бір – біріне жіберетін және қабылдайтын ақпараттарды араласпай, тиянақты жеткізілу үшін, олар бір тіл мен – ортақ ереже мен байланыс жасау қажет. Осындай ортақ ереже желілік хаттамадеп аталады. Windows 2000 Professional операциялық жүйесі тұтынушыға әр түрлі қызмет көрсететін бір пайдаланушыға арналған жұмыс станцияларын серверлермен байланыстыруға есептелген.
- Желімен жұмыс жасағанда компьютер екі рол атқаруы мүмкін:
- Егер компьютер ақпарат алу үшін және сервиспен басқа желідегі компьютермен байланысса, онда бұндай компьютер жұмыс станциясы деп аталады.
- Егер компьютер басқа желідегі компьютерге ақпарат және сервис берсе, онда ол сервер деп аталады.
Серверлер әр түрлі қызмет көрсетеді:
- Файлды сақтау және беру ( файлды сервер);
- Баспадан шығару (баспа сервері);
- Факс мәліметтерін беру және алу (факс – сервер);
- Электронды поштаны алу, сақтау және беру (пошта сервері);
- Сайттарды орналастыру (web — сервер);
Серверлер көрсеткен жұмысты қызмет деп атайды. Бір серверде бірден бірнеше қызмет атқарылуы мүмкін.
Сервер белгілі бір қызмет атқару үшін ОЖ –гі сервер құрамындағы программаны қосу қажет.
Сервер қызметіне қатынау үшін жұмыс станциясынан клиент деп аталатын программаны қосу қажет.
Сервері бар, қызмет көрсететін, және клиент компьютерлері бар жергілікті желі «клиент – сервер» технологиясында құрылған желі деп аталады. Желідегі әрбір компьютермен осы функцияларды атқаруға болады, бұндай компьютерлер тең қызмет атқарады. Бұндай компьютерлерді бір ранголы деп атайды.
4. Windows XP ОЖ – ң желісі.
Компьютер желіге қосылғаннан кейін бірнеше рет іске қосылғанда операциялық жүйе DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) серверін іздейді. Мұндай типтегі серверлер компьютерлерге желіде бірін – бірі оңай табу үшін адрес меншіктейді. Егер желіде DHCP сервері болмаса, онда операциялық жүйе автоматты түрде қосылғаннан кейін басқа компьютерлерді анықтай алатын режимге ауысады.
Сервер – ортақ пайдалануға арналған барлық ресурстарды қамтитын компьютер. Ортақ ресурстарды пайдалану үшін сервер қосулы болуы қажет. Желідегі жұмыстың көп бөлігін сервер атқарады.
Стандартты ОЖ файлды қатынау және баспа қызметіне кіреді.
Файлды қызмет. Файлды қызметтің міндеті басқа ДК –ге файлды оқуға, өзгертуге немесе құруға мүмкіншілік жасау. Кейде көптеген компьютерлер бір файлмен жұмыс істегенде олар бір — біріне кедергі жасауы мүмкін, сондықтан оларға тек оқуға мүмкіншілік беру қажет. Ал ол үшін файлды қызмет қатынау құқығын шектеу механизмін қолданады.
Windows XP – де клиент қатынау үшін шексіз каталогты (папканы) қолдануға болады. Әрбір каталогтың файлды қызметтің конфигурациясы анықтайтын аты болады және оны ресурс деп атайды.
Әр ресурс үшін қатынау режимі анықталуы мүмкін:
- тек оқу – ақпаратты оқу, бірақ өзгертуге болмайды.
- толық еркін қатынау – ақпаратты оқуға, өзгертуге болады.
- пароль арқылы қатынау – белгілі ресурспен жұмыс істеу үшін пароль білу қажет.
Баспа қызметі. Кейде барлық компьютерге принтер қою мүмкін емес. Осы жағдайда бір компьютерге принтер қойылады да басқа компьютерлерге баспадан шығу үшін қызмет атқарады. Бұндай жағдайды біз әсіресе компьютер сыныптарында қолданып жүрміз.
5. Ауқымды компьютерлік желі.
Ауқымды желінің жергілікті желіден айырмашылығы жергілікті желімен қоса өте алыс (жер шарының кез келген нүктесінде) орналасқан компьютермен жұмыс істеуге болады.
Ауқымды компьютерлік желі логикалық үш компонеттен тұрады:
- Қолданушылардың жұмыс орны (жәй компьютерлер);
- Серверлер, әр түрлі қызмет атқаратын (күшті компьютерлер);
- Мәліметтерді беру желілері.
Ауқымды компьютерлік желі әр түрлі хаттамалармен жұмыс істей алады.
Қазіргі уақытта ТСР/ІР хаттамасымен жұмыс істейтін, ауқымды желі – Интернет (Internet) баршаға белгілі.
Енді оның тарихына қысқаша тоқталайық.
DARPA атты американ мекемесі 1966 жылы телекоммуникациялық желілердің жобасын ұсынды. Онда компьютерлерді бір-бірімен өте үлкен қашықтықтар арқылы біріктіріп, орналастырылды. Жүздеген мамандардың жұмыстарының нәтижесінде 1969 жылы алғашқы аймақтық ARPANet компьютерлік желісі пайда болды. Ол әскери мақсатта пайдаланылды және онда қашықтықта орналасқан компьютерлерге түрлі программаларды жіберу, электрондық хабарламаларды жіберу және жүйеге ену құқықтарын қолданушы жүзеге асыра алады.
Ал, 70-жылдары ARPANet принципі басқа аймақтарда орналасқан компьютерлік желіліер енгізілді. Бұның жалғасы, яғни 80 – жылдары
Интернеттің пайда болуына әкеліп соқты. Онда жұмыстың жалпы протоколдары қамтамасыз етілді.
Бүкіләлемдік желінің даму тарихын 4 кезеңге бөлеміз:
І кезең (1969-1983 жж.) Бұл кезеңде ARPAInternet желісі пайда болды. Ол әскери және ғылыми салаларға пайдаланылды. Бірақ оның деренктерді жіберу каналының дамуы өте әлсіз болды. Сондықтан жоғары бағалы компьютерлермен жұмыс жасау қиындық келтірді.
ІІ кезең (1983-1989 жж.) Мұнда ARPANet 185 компьютердің орталығына айналды. Ол орталықтар АҚШ-да, Англияда және Норвегияда орналасқан. Желілір бойынша деректерді жіберу телефондық каналдар немесе байланысты спутниктік каналдары арқылы жүзеге асты. Сонымен, бұл кезеңде жұмыс протоколдары жетілдірілді.
ІІІ кезең (1989-1994 жж.) Бұл кезең WWW қызметінің пайда болуымен байланысты. Деректерді жіберу мен қарым-қатынас басқа кезеңдермен салыстырғанда анағұрлым ықшамдала бастады. Ал 1986 жылы бүкіләлемдік компьютерлік желі Интернеттің пайда болуы деп жарияланды.
Аталған жаңалыққа байланысты 1991 жылы ARPANet біртұтас желі ретінде қолданылмайтын болмайды. 90 жылдардың орта шенінде видеоконференция пайда болды. Ақпараттарды дыбыс арқылы жеткізуде оның мүмкіндігін пайдалануға болады. Бұл кезең WWW интерактивтік қызметі арқылы қарым-қатынастар тиімді болды және Интернетке қосылған қолданушылар саны тез өсті.
ІV кезең (1994-1996 жж) Бұл кезең қолданушылар арасындағы қарым-қатынас тәсілін арттырумен сипатталады. Мұнда көпөлшемді интерактивтік модель VRML пайда болды.
Үшінші және төртінші кезеңдер аралығында Ресейде Интернет желісі қолданыла бастады. Ресейде 1990 жылы «Совам Телепорт» компаниясы электрондық хабарларды жеткізу (off line) мүмкіндігімен шектелген бүкіләлемдік желіге ену кезең басталды. Ал 1994 жылы хабарларды өңдеу, жіберу және қабылдап алу процестерін қамтамасыз ететін on line режимі пайда болды.
Интернет желісін сипаттау үшін оны телефон жүйесімен салыстыру қалыптасқан. Жалғыз телефон компаниясы болмайтыны сияқты Интернет компаниясы да тек біреу емес. Дүниежүзілік немесе мемлекеттік телефон жүйесінің иесі кім? Ешкім де емес. Әрине, оның бөліктерін біреулер иеленеді, бірақ жүйеге толық ешкім ие емес, бұл жүйе өзара келісімарқылы ортақ пайдалануға арналаған.
Дүниежүзіндегі ірі телефон компаниялары бірігіп, «телефон жүйесі» қалай пайдаланатыны жөнінде келісіп отырады, яғни әр елдің кодын, төлейтін ақшасын, мұхитаралық кабел құнын — кімдер, қалай бөлісіп көтеретінін және де әр елдің телефон жүйесінің қосылу техникалық мәселелерін бірігіп анықтап отырады. Интернет желісі де дәл осы телефон жүйесі тәрізді басқарылады.
Интернетті пайдаланудың нақты себептері өте көп. Мысалы: сіздің Бурабайға барып дем алғыңыз келіп отыр, сол жердегі аквалагпен жүзуге ыңғайлы орын туралы білгіңіз келеді дейік. Олай болса, «scuba» (акваланг) жаңалықтар тобын қарап шығу керек, мүмкін сонда демалған біреу мәлімет берген болар, әйтпесе сұрағыңызды сонда енгізіп күтіңіз. Біреу сізге жауап беріп қалар (үлкен ықтималдықпен жауап алатыныңызға сенгіміз келеді). Интернеттің бар мүмкіндігін, онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.
1990 жылдан бері
интернет өз көлемін жыл сайын
екі есе арттырып отыр. Қазіргі
кезде желлер коммерциялық
Интернет жүйесі аппараттық және бағдарламалық жабдықтамалардың көмегімен электрондық пошта жұмысын ұйымдастырып, электрондық хабарландырулар, жарнамалар беру, телеконференциялар өткізу тәрізді әр түрлі ақпараттық қызмет түрлерін көрсетеді.
Интернеттен басқада ауқымды желілер бар:
- Fidonet — эксперименталь желі, қолданушы – энтузиасттар құрған;
- Үлкен компаниялардың корпаративті желісі, мысалға SCN (Siemens Corporate Network).
- Аумақтық (кампусты) жергілікті желі – Global Ethernet. Аумақтық (кампусты) жергілікті желі Интернетті шлюз арқылы байланысады.Әр түрлі желілерді түйістіруді шлюз деп атайды. Шлюздер бір желіден қабылданған деректер форматын басқа желідегі деректер форматына түрлендіреді.
Корпаративті желі иелері, Интернетке байланыстың кең мүмкіндігін қолдану мақсатында қосылады. Бұл жағдайда корпаративті желіге рұқсат етілмеген сырттан қосылудан қорғау мәселесі туындайды. Осындайда шлюздік компьютер желі әкімдігі рұқсат берген ақпаратты ғана өткізуді қамтамасыз ететін бранмауэр рөлін атқарады.
Интернет торабының жұмысы ТСР/ІР – Transmіssіon Control Protocol/Іnternet Protocol (мәліметтерді тапсыруды басқаратын хаттама/ Интернет хаттамасы) коммуникациялық хаттамаларды пайдалануға негізделген.
Берілген хаттама кейбір локальдық тораптарда мәліметтерді беру мақсатында қолданылады. ТСР/ІР хаттамалары қосымша деңгей мен мәліметтер арнасы деңгейінің арасындағы барлық аралық хаттамаларды қосады. Жалпы саны оннан асады. Олардың ішіндегі ең негізгілері:
Транспорттық хаттамалар: ТСР — Transmіssіon Control Protocol/Іnternet Protocol (мәліметтерді тапсыруды басқаратын хаттама) және басқа – компьютерлер арасындағы мәліметтерді беруді басқарады.
Маршруттық хаттамалар: ІР — Іnternet Protocol (Интернет хаттамасы) және басқа – мәліметтердің дұрыс беруін қадағалайды, мәліметтердің адрестерін өңдейді.
Тораптық адресті қолдану хаттамасы: DNS – Domaіn Name System (Аттардың доменді жүйесі) және басқа компьютердің бірегей адресін анықтауын қамтамасыз етеді.
Қолданбалы сервис хаттамасы: ҒТР – Fіle Transfer Protocol (файлдарды тапсыру хаттамасы), НТТР – Hyper Text Transfer Protocol (гипертекстті тапсыру хаттамасы), TELNET және басқа — әртүрлі қызметке қол жету үшін қолданылады: компьютерлер арасында файлдарды беру, WWW-ға қамсыз ету.
Шлюздік хаттамалар: EGP – Exterіor Gateway Protocol (ішкі шлюздік хаттама) және басқа – торап арқылы маршрут пен тораптың жағдайы туралы ақпаратты тасымалдауға көмектеседі; сондай-ақ локальды тораптарға мәліметтерді өңдейді.
Почталық хаттамалар: РОР – Post Offіce Protocol (почтаны қабылдау хаттамасы), SMPT – Sіmple Maіl Protocol Transfer (почтаны тапсыру хаттамасы) – почталық хабарларды тапсыру үшін қолданылады.
ТСР/ІР хаттамасының инсталляциясы
ТСР/ІР хаттамасы Іnternet жүйесіне қосылған компьютерде өзімен бірге тілі бар. ТСР/ІР (тапсыру басқармасының хаттамасы/ Іnternet хаттамасы) бастапқы кезде АҚШ қорғаныс министрлігіне арнап жасалған.
Іnternet ТСР/ІР хаттамасымен
жұмыс ісиегендіктен, ол міндетті түрде
сіздің компьютеріңізде
- Баптау менюінен Басқару панель командасын таңдаңыз.
- Торап пиктограммасына апарыңыз.
- Егер торапта келесі компоненттер қойылған тізімінде ТСР/ІР элементі бейнеленсе, онда бұл хаттама инсталляцияланған. Бірақ егер берілген элемент жоқ болса, Қосу кнопкасын басыңыз.
- Диалогтік терезеде пайда болғанға дейін хаттама элементінде 2 рет басыңыз.
- Таңдау терезесінде ашылған дайындаушылар алаңында: Тораптық хаттамада Mіcrosoft элементін белгілеңіз, ал Тораптық хаттама алаңында – ТСР/ІР элементі және ОК кнопкасын басыңыз.
- CD – ROM жинаушыға 98 инсталляцияланған компакт – дискісін қойыңыз немесе қатты дискідегі инсталляцияланған файлға жол көрсетіңіз және керекті файлдарды көшіру үшін Одан әрі кнопкасын басыңыз.
- ТСР/ІР хаттамасының инсталляция процесін аяқтаған соң, операциялық жүйені толтырыңыз.
ТСР/ІР хаттамасын инсталляциялауды аяқтаған соң, оны міндетті түрде конфигурациялау қажет. Ол үшін келесі істерді орындаңыз:
- Жұмыс жолындағы жүйелік қоршау пиктограммасына апарып басқару тетігінің оң жақ кнопкасын басыңыз, және ашылған менюден Қасиеттер командасын таңдаңыз.
- Ашылған терезенің тізімінің алаңында ТСР/ІР элементін (немесе ТСР/ІР элементі аланып тасталған қатынау контроллері) белгілеңіз және Қасиеттер кнопкасын басыңыз.
- ОК кнопкасын басыңыз. Пайда болған терезеде конфигурация DNS қосымша бетін ашыңыз.
- DNS – ты қосу опциясын орнатыңыз және компьютердің атын алаңға енгізіңіз.
- Сосын провайдер көрсеткен DNS — сервердің адресін, DNS — серверін қараудың реттілігі алаңына қойыңыз және Қосу кнопкасын басыңыз.
- ОК кнопкасы арқылы ашық терезелерді жабыңыз.
Gopher
Gopher — тек текст түрінде ғана мәліметтер ұсынатын болғандықтан, қазіргі күнде практикада дамымаған шамалы ескірген гипертекстік хаттама. Gopher – сервердегі ақпарат іздеу Keronіca программалар көмегі арқылы жүзеге асырылады. Алғаш Gopher – серверлер Минессот штатының университетінде жарыққа шығарылған болатын, және қазірдің өзінде онда академиялық бағыттаушының негіз ақпараты сақтаулы.
ҒТР
ҒТР (Fіle Transfer Protocol) – бұл файлды тапсыру хаттамасы. Ол интернет арқылы файлдарды жіберілуі үшін қолданылады. Осы керекті файлдарды үзбей алып тұрудағы серверлер хаттамасы ҒТР – серверлері деп аталады. Файлдармен орналасқан әрбір серверді бос жерлеріндегі дискінің бөлігін интернет арқылы қолайлы.
Жалпы жағдайда ақпаратқа түскен сауалды қажетіне жаратушының теңестіруін яғни кіруге болатынын бекітуді ҒТР ескертеді. Егер мұндай қажет болмаса онда файлға кіруге болатынын анонимді (anonymous) кіру арқылы ұйымдастырылады. Файлдар көлеміне қатыспаушылығына кедергі жасап және жұмыстың жоғарғы жылдамдығы нәтижесінде – тек университеттерде Gopher – серверлер тәрізді ҒТР – серверлер өз ролін сақтап қалды. АҚШ Конгресінің кітапханасында ҒТР – файлдар каталогы бар, және оған тәулік бойы кіруге болатыны қамтамасыздандырылған. Сонымен қатар коммерциялық фирмалар ҒТР – серверлерді өз программаларын қамтамасыз етуінің таралуына пайдаланады.
Telnet
Telnet — өзге компьютерде келтірілген терминалды сіздің компьютерге айналдыруға мүмкіндік беретін хаттама.
Өз клавиатураңызбен сіз енгізген барлық әмірлер мен мәліметтер келтірілген компьютерге өңдеуге және орындалуға жеткізіледі. Қазіргі уақытта көбіне ақпараттық жүйе алдымен тек Telnet арқылы қолайлы болатын, енді WWW арқылы да қолайлы.
Интернеттен ақпарат іздеуге қысқа да, толық түсінік берсем:
Алдымен Mіcrosoft Іnternet Explorer терезесіне кіріп, ізделінетін адрес атын беру керек. Түсінікті болу үшін мынандай мысал келтірдім.
Мысалы: Адрес: http:www.rambler.ru-ды теріп, Enter-ді басу керек. Сосын осы адресті іздеп, бар болса экранда іздеген адрес бойынша ақпарат шығады. Одан мына ақпаратты алуға болады:
Мұнда, Рамблер: магазин, компьютер, адамдар т.б.
Сервистер: почта, карта телефон торабы т.б.
Бүгін (Сегодня): жаңалық, ауа райы т.б. сөздер болады. Магазин сөзіне басқару тетігін апарып бассаңыз мына кесте шығады:
Сок томатный. Самая продвинутая “Малютка”! т.б.
(2766). Авто.мото. Автомобильдер, Автомобильдік пресса және кітап т.б.
Сусын, азық-түлік т.б. бар.
|
Рейтинг уақыты:Мыс-ы: 22.04.200214:00
Аудиожазбалар, билет кассасы, видиожазбалар
Офистік мебельдер, кеңсетовары. |
DocuPrіnt.ru: Ақпараттық-жабдықтау қорлар компаниясы Xerox: Xerox-те қайта өңдеу, каталог моделі. Қолданушылар үшін: HotLіne, байқаулар, сыйлықтар.
Нақтылы>>>. |
Енді: “Музыка, кино, театр” бөлімінде жұмыс жасасақ, онда:
Аудиожазбалар(38), Билет кассасы(16), Видиожазбалар(28), және де:
сыйлықтар бар. “Сыйлықтар”-ға басқару тетігін бассаңыз мына сөз шығады:
“Сыйлықтар” бөлімінде:
Сувенирлер(36), әшекей(19), гүлдер(39).
Гүлдерге басқару тетігін бассаңыз “Send Flowers.ru” шығады. Осыған басқару тетігін бассаңыз “ AWF – Send Flowers.ru ” сөзі шығады. Бұл халықаралық гүл алу торабы. “Осы жерде мына гүлдер сатылады, оны Ресейдің 500 қаласының тұрғындары тұтынады”-деген мәлімет тұрады. Осы жерден гүл алуыңызға болады. Ол үшін Сувентрге сосын Гүлдерге басқару тетігін бассасыз. Сонда гүлдер торабы шығады. Осы жерден өзіңізге ұнаған гүлді аласыз.
Оны сол кезде принтердан шығарып немесе дискетке көшіріп алуыңызға болады. Дискетке көшіру үшін керекті гүлдің үстіне басқару тетігін апарып сол жағын басасыз. “Сохранит объект как” немесе “Сохранит рисунок как” деген сөздер шығады. Сол сөздердің біреуіне басқару тетігін бассаңыз дискетке көшіріледі.
Адрес – www.rambler.ru-дан алған ақпарат төмендегідей:
Интернет торабына қосылған кез-келген пайдаланушы әртүрлі сервисдерге қатынай алады: World Wіde Web, HTP, электрондық почтаға, телеконференцияға және т.б. Кез-келген сервисді пайдалану үшін клиент программасын енгізу керек. Мысалы, Web-бет программасын көру үшін- Іnternet Explorer программасын, ал почтамен, жаңалықтармен жұмыс істеу үшін – Outlook Express программасын енгізу керек. Әртүрлі типтегі компьютерлер тораптағы ақпараттармен кедергісіз алмасып отыру үшін міндетті түрде біркелкі тәртіппен стандарт таңдап алынуы қажет. Бұл хаттама деп аталады. Интернеттегі тораппен жұмыс істеу үшін барлық компьютербіркелкі TCP/ІP хаттамасын қолданады.
Интернет торабына қосылған кез-келген компьютердің ІP-адресі болады. Осы арқылы оны басқа компьютерлер таба алады. ІP-адресі нүктелермен белгіленген 0-ден 255-ке дейінгі үш мәнді төрт саннан тұрады. ІP-адресін тез еске сақтау үшін оның символдық немесе домендық атауын көрсету керек. Домендық атауы әдетте компьютердің атынан тұрады. ІP-адресіне домендық атау құру үшін және тораптың ІP-адресі арқылы физикалық жағдайын ажырату үшін клиент программасының сұрауымен арнайы DNS сервері қолданылады.
Интернетке жедел түрде қатынау арналарын көптеген провайдер деп аталатын әртүрлі фирмалар орната алады. Интернет тораптарын пайдалану үшін міндетті түрде провайдерлердің біреуімен келісімге отыру керек. Қызметі үшін ақшаны төлегеннен кейін барып, сіз ақпаратқа қосылуға қажетті барлық ақпараттарды ала аласыз.
Интернетке қатынау әдетте провайдерлердің шеттетілген қатынау серверлерінің телефон арналары арқылы орнатылады. Компьютер телефон желісімен байланыс орнату үшін модемдер қолданылады. Интернетке қосылу үшін модемнің көмегімен провайдердің шеттетілген қатынауының серверіне звондау керек. Идентификацияға табысты өткеннен кейін сіз Интернеттің түгелдей сервисдеріне қатынай аласыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИНТТЕР
- “Іnternet для пользователя” Александр Колесников. Киев, 2000.
- Под редакцией Резникова Ф. А. “Осваиваем работу в сети интернет быстро и легко”. “Лушие книги”, 2000.
- Джой Крейнаж, Джой Хебрейкен. Энциклопедия Интернет. Москва, 1999.
- Іnternet: сотни полезных рецепт. Йорге Штеффен. Киев, 1996.
- HTML-с самого начала. Брент Хесл, Ларри Бодник. Киев, 1997.
- «Интернеттен именбе» Егемен Қазақстан — 20 наурыз 2005 жыл
- «Информатикалық қоғам» — Ана тілі 15 ақпан 2001 жыл
- «Информатика негіздері. ИНТЕРНЕТ»–Қ. Аганина, Е. Бертай 2003жыл
- 3.Есенбаева С.Қ., Искаков М.Б. “Дербес компьютермен жұмыс істеу негіздері”. Оқу құралы. – Қарағанды ҚарМТУ, 1998
- 4.Фигурнов В.Э. ІВМ РС для пользователя. 7-изд. Москва 1998.ИНФРА.М.

- Желіаралық экрандар қажеттілігі және олардың түрлері
- Желі архитектурасы
- Желілік қондырғылар өндіретін компаниялар
- Желілік құрылғы
- Желілік құрылғылар
- Желілік модель
- Желілік технология
- Железы внутренней секреции
- Железы внутренней секреции
- Железы внутренней секреции. Гормоны надпочечников
- Железы внутренней секреции (эндокринные железы)
- Жел және оның түрлері
- Желиговский, Люциан
- Желирующие вещества, свойства, использование в косметических средствах