Желілік құрылғылар
Желілік құрылғылар
Желілік құрылғылар – компьютерлік желінің жұмысы үшін қажет құрылғылар. Мысалы: маршрутизатор, коммутатор, концентратор, платч-панель және т.б. Әдетте желілік құрылғыларды:
- Активті желілік құрылғылар(АЖҚ)
- Пассивті желілік құрылғылар
деп бөледі.
Активті желілік құрылғылар
Бұл құрылғылардың өзіндік «интеллектуалдық» ерекшеліктері бар. Яғни маршрутизатор, коммутатор(свитч) және т.б. активті желілік құрылғылар болып табылады. Ал, қайталағыш, концентратор АЖҚ емес, себебі олар байланыс қашықтығын арттыру үшін сигналды қайталайды және ешқандай интеллектуалдық қасиеті жоқ. Бірақ басқарылатын свитчтар активті құрылғыларға жатады, себебі оларға «интеллектуалдық» қасиеттер берілуі мүмкін.
Пассивті интеллектуалдық құрылғылар
Пассивті интеллектуалдық құрылғылар дегеніміз – ешқандай «интеллектуалдық» қасиеттер берілмеген құрылғылар. Мысалы, кабель (коаксиальді және виттік жұп(UTP/STP), вилка/розетка (RG58,RJ45, RG11, GG45),қайталағыш, платч-панель, концентратор, коаксиальді кабельдерге арналған кабель және т.б. Сонымен қатар пассивті құрылғыларға монтаждік шкаф және тіректерді, телекоммуникациялық шкафтарды жатқызуға болады. Монтаждік шкафтарды типтік, арнайы және антивандальді деп бөледі. Монтаждің типіне байланысты қабырғаға , еденге арналған түрлері бар.
Компьютерлік желі
Компьютерлік желі(есептегіш желі) – компьютер және/немесе компьютерлік құрылғылар желісі(северлер, маршрутизаторлар және т.б.). Мәліметті тарату үшін әртүрлі физикалық құбылыстар қолданылуы мүмкін, әдетте – электрлік сигналдар, жарық сигналдары немесе электромагниттік шағылу.
Мағынасына қарай компьютерлік желілер келесідей бөлінеді:
- Есептегіш
- Информациялық
- Аралас
Есептегіш желілер пайдаланушының
есептерін шығаруға арналған. Информациялық
желілер пайдаланушыға
Компьютерлік желілер классификациясы
1.Территориалды таралуына байланысты:
- CAN – өнеркәсіптік желі стандарты, бұл желі әртүрлі құрылғыларды біріктіруге негізделген.
- LAN – локальдік желі, бұл желі тұйық болып саналады және оған тек шектеулі пайдаланушылар қосыла алады.
- MAN – бірнеше мекемелер арасындағы қалалық желі.
- WAN – көптеген географиялық аудандардағы локальді желілерді біріктіретін ғаламдық желі.
- PAN – бір пайдаланушының әртүрлі құрылғыларын біріктіретін персональді желі.
2. Функциональдік әрекеттестігінің типіне байланысты:
- клиент-сервер
- аралас желі
- біррангті желі
- көпрангті желі
3. Желілік топология типіне байланысты:
- шина
- сақина
- екілік сақина
- жұлдыз
- ұялық топология
- тор
- ағаш
4. Тарату ортасына байланысты:
- өткізгіштік(телефондық өткізгіш, коаксиальді кабель, виттік жұп, волоконды-оптикалық кабель)
- сымсыз(сәйкес жиілік диапазонында мәліметті радиотолқындар арқылы тарату)
5. Функциональдік тағайындалуына байланысты:
- мәлімет сақтау желісі
- серверлік фермалар
- процесті басқару желісі
- SOHO желісі және үй желісі
6. Тарату жылдамдығына байланысты:
- төмен жылдамдықты(10 Мбит/с-ке дейін)
- орташа жылдамдықты(100Мбит/с-ке дейін)
- жоғары жылдамдықты(100 Мбит/с-ден жоғары)
Мәліметтер тарату
Мәліметтер тарату – электробайланыс
құралдары арқылы байланыс арнасымен
мәліметтерді(цифрлік-биттік ағынды) бір
нүктеден екінші нүктеге немесе бірнеше
нүктелерге физикалық жеткізу, әдетте
есептегіш құралдармен өңдеу үшін. Мұндай
каналдарға мырышты өткізгіштер,волоконды-
Тарататын мәліметтер көзден, мысалы компьютерден немесе клавиатурадан, шығатын цифрлы мәліметтер болуы мүмкін. Бұл биттік ағынға цифрленген аналогты сигнал болуы да мүмкін ,мысалы телефон қоңырауы немесе видеосигнал. Бұл жағдайда импульсті-кодтаушы модуляция немесе көзді кодтаудың кеңейтілген схемалары (аналогты-цифрлы өзгеріс және мәліметтерді қысу) қолданылуы мүмкін. Көзді кодтау және декодтау кодек және кодтау құрылғылары арқылы іске асады.
Тізбектей және параллель тарату
Телекоммукацияда тізбектей тарату дегеніміз – символ түріндегі сигнал элементтерін тарату тізбегі. Цифрлы тізбектей тарату – жиілікпен және оптикалық жолмен бір өткізгіш арқылы биттерді тізбектеп жіберу. Параллель таратумен салыстырғанда тізбектей таратуда сигнал аз өңделеді және қате аз жіберіледі және жолдың бөліктерінде мәлімет тарату жылдамдығы үлкен болуы мүмкін. Бұл механизм алыс қашықтықтарға қолданылуы мүмкін, себебі бақылағыш цифр немесе дәлділік биті оңай жіберіледі.
Телекоммуникацияда параллель тарату деп – бір символдың сигнал элементтерін бір мезгілде таратуды айтады. Ал,цифрлы байланыста параллель тарату деп сигналдың сәйкес элементтерін бір мезгілде екі немесе бірнеше желіге таратуды айтады. Көп электрлік өткізгіштерді қолдана отырып, Бірнеше биттік мәліметтерді бір уақытта жіберуге болады.Бұл тізбектей таратуға қарағанда мәлімет жіберудің жылдамдығын арттырады. Осы әдіс компьютердің ішкң құрылысында қолданылады. Мысалы, ішкі мәлімет шинасында, ал кейде принтердің ішкі құрылысында да қолданылады. Параллель байланыста өткізгіштердің қасиеттері басқа болады және бұл кезде кейбір биттер өз уақытынан бұрын келуі мүмкін,мұның әсерінен мәліметке зиян келеді. Дәлділік биті қателер жіберуді азайтады. Мәлімет таратудың бұзылуының ықтималдылығы жоғары болуынан, электрлік өткізгіштер алыс қашықтыққа мәлімет таратуда сенімді емес.
Электробайланыс принципі
Электробайланыс принципі хабар сигналдарын(дыбыс,оптикалық хабар) бастапқы электр сигналдарына түрлендіруге негізделген. Өз кезегінде бастапқы электр сигналдары таратқыш арқылы екінші ретті элетр сигналдарына түрленеді. Одан кейін екініші ретті сигналдар қабылдағышқа келеді.Қабылдағыш құрылғыда екінші ретті сигналдар дыбыс немесе оптикалық мәлімет түріндегі сигналдарға қайта түрленеді.
Электробайланыс классификациясы
Қазіргі кезде барлық электробайланыс жүйелері дыбыс, видео, мәтін деп классификацияланады.
Ал, тарату ортасына қарай электрлік, оптикалық және радио байланыс болып бөлінеді. Хабардың тағайындалуына байланысты электробайланыс жеке немесе бұқаралық болуы мүмкін. Ал, уақыт белгілеріне байланысты электробайланыс хабарды дәл уақытында таратуға немесе кейін жіберуге тағайындалуы мүмкін.
Элетробайланыста негізгі бастапқы сигналдар телефондық,дыбыстық, факсимелдік, телевизиялық, телеграфтық мәліметтер тарату болып табылады.
Сигнал түрлері
Тарату ортасына қарай байланыс желілері келесідей бөлінеді:
- спутниктік
- әуе
- жер бетіндегі
- су астындағы
- жер асты
Таратқыш пен қабылдағыштың қозғалуына байланысты байланыс түрлерін стационарлы және жылжымалы(мобильді,қозғалмалы объектілі байланыс) деп бөледі.
Сигнал
Таратылатын сигналдың түріне байланысты аналогты және цифрлы байланыс түрлері болады. Аналогты байланыс – бұл үзіліссіз хабарлар тарату (мысалы, дыбыс немесе мәтін). Ал, цифрлы байланыс дегеніміз – мәліметті дискретті формада жіберу(цифрлық түрде). Бірақ, дискретті хабарлар аналогты каналдармен және кері таратылады. Қазіргі кезде цифровизация құбылысы жүріп жатыр.
Аналогты сигнал – уақыт және кеңістік бойынша өзгерісі тарататын хабарды білдіретін физикалық өлшем. Мысалы, кернеудің өзгерісі (немесе токтың, жиіліктің, фазаның) хабарлау роцесін білдіреді. Сигналдың келесі өлшемдері болады: биіктік Н(динамикалық диапазон), кеңдік Ғ (спектр кеңдігі), ұзындық Т(уақыт бойынша сигнал ұзындығы).
Сигнал көлемі V=FHT көбейтіндісімен анықталады. Сигнал жіберу процесі кезінде көлем өлшемінің өзгерісі болуы мүмкін. Ол сигнал түрленуінің келесі жағдайларына байланысты болуы мүмкін:
- Шектеу – тарату кезінде сигналдың бір немесе бірнеше бөліктерін, мәліметтерін сақтамай, жұлып алу. Мысалы, сөйлесу каналын 300-3400 Гц диапазонымен шектеу.
- Трансформация – өзгермейтін көлемді сақтай отырып(пластилиннен жасалған шаршы тірізді), бір немесе бірнеше өлшемдердің басқа бір немесе бірнеше өлшемдердің өзгеруіне байланысты өзгеруі. Мысалы, тарату уақытын кеміту арқылы сигнал спектрін кеңейтуге және динамикалық диапазонын арттыруға немесе екеуін бірге жасауға болады.
- Компандирлеу(компандирование) – екі процесті біріктіреді: компрессия(сығу) және экспандирование(кеңейту). Тарату жағында сигналды сығу жүрсе, қабылдайтын тұста – қалпына келтіру.
Байланыс желісі
Байланыс тізбегі – бір хабар тарату үшін қолданылатын волокондық өткізгіштер. Тізбектер кабельді – кабельдегі тізбек және әуе – тірекке ілінген тізбек болып бөлінеді.
Байланыс тізбегі, қысқа
мағынасында – мәлімет
Желі бір немесе бірнеше байланыс тізбегінен тұрады. Желіде әсер ететін сигнал желілік деп аталады.
Байланыс желісінің екі негізгі түрі бар: атмосферадағы желі және бағытталған тарату желісі.
Байланыс арнасы
Байланыс тораптарын жақсы пайдалану үшін каналжасаушы (каналообразующий) құрылғы арқылы канал арналары пайдаланылады. Кейбір жағдайларда желі, байланыс тізбегі және байланыс арнасы сәйкес келеді(бір желі, бір тізбек, бір арна), ал кейде арна бірнеше желіден/тізбектен тұрады(параллель және тізбектей). Каналдар бір-біріне жинақталуы мүмкін(топтық канал). Бірнеше жеке каналдардан «тұратын» сигнал топтық сигнал деп аталады.
Арналар келесідей болуы мүмкін:
- симплексті – тек бір бағытта мәлімет таратады, мысалы: радиотранстляция, телевидение.
- жартылай плексті – яғни мәліметті екі бағытқа кезекпен таратады, мысалы: рация.
- дуплексті – яғни мәліметті екі бағытқа бір сәтте таратады, мысалы: телефон.
Арналарды бөлу (тығыздау)
Бір желіде бірнеше арна жасау оларды жиілік, уақыт, код, адрес, толқын ұзындықтарымен тығыздау арқылы жүзеге асады:
- жиілік арқылы бөлу (ЖАБ,FDM) – арнаны жиілік бойынша бөлу, әр арнаға тиісті жиілік диапазоны бөлінеді.
- уақыт арқылы бөлу(УАБ,TDM) – арнаны уақыт бойынша бөлу, әрбір арнаға уақыт кванты бөлінеді(таймслот).
- код арқылы бөлу(КАБ,CDMA) – кодтар бойынша арналарды бөлу, топтық сигналға қондыру нақты бір арнаның мәліметін беретін әрбір арнаның коды болады.
- спектр арқылы бөлу(САБ, WDM) – арналарды толқын ұзындығы бойынша бөлу.
Байланыс жүйесі
Жалпы алғанда байланыс жүйесі көздің шектік құрылғысынан(терминалдық құрылғы, терминал, шектік құрылғы), хабарды қабылдағыштан және екі шетіне орналастырылған сигналды түрлендіргіш құрылғыдан тұрады. Сигналды түрлендіргіш құрылғы сигналды бұзылудан сақтауды, арна қалыртастыруды,топтық сигналдың көз жақтағы желімен сәйкестігін қамсыздандырады.
Стандартизация
Байланыста стандарттардың маңызы зор, себебі құрылғылар бір-бірімен жұмыс істей білуі керек. Байланыс стандарттарын жариялайтын әлемде бірнеше ұйымдар бар. Соның ішінде:
- Халықаралық электробайланыс ұйымы (International Telecommunication Union, ITU — БҰҰ-ның агенттіктерінің бірі).
- Электротехника және электроника инжинерлерінің институты (Institute of Electrical and Electronics Engineers, IEEE)
- Интернет жасақтамаларының арнайы комиссиясы (Internet Engineering Task Force, IETF)
Сонымен қатар, көп жағдайларда стандарттар телекоммуникация құрылғыларын жасаушы көшбасшылармен тағайындалады.
Желілік құрылғылар
Маршрутизатор
Маршрутизатор немесе рутер (ағыл. router)-желінің әр түрлі сегменттері арасында желілік деңгейдің пакеттерін жіберу туралы шешім қабылдайтын және желінің топологиясы жайындағы ақпаратқа негізделген желілік құрылғы.Маршрутизатор коммутатор мен желілік көпірге қарағанда өте жоғары деңгейде жұмыс істей алады.
Жұмыс істеу принципі
Әдетте, маршрутизатор ақпаратық пакеттердегі алушының мекен-жайын қолданады және осы ақпаратты беретін жолдың маршрутизациясын кесте бойынша анықтайды. Егер кестеде мекен-жайға арналған маршрут болмаса, онда пакет тасталынады. Пакетті жіберу маршрутын анықтаудың басқа да әдістері бар, мысалы жіберушінің мекен-жайы, пайдаланылған жоғары деңгейлі протоколдар және желілік деңгейдің пакеттерінің тақырыптарында болатын басқа ақпарат қолданылады. Кейде маршрутизаторлар жіберушінің және қабылдаушының мекен-жайының трансляциясын, анықталған ережелер негізінде ақпараттың транзиттік ағынының фильтрациясын жасай алады.
Жаңа заманғы
Маршрутизация кестесі
Маршрутизация кестесінде ақпараттар жиыны болады, және осы ақпараттар негізінде маршрутизатор ары қарайғы пакеттерді жіберу туралы шешім қабылдайды. Кесте кейбір қабылдаушының мекен-жайы, пакеттерді және оның кейбір салмағын-метриканы жіберетін келесі түйіннің мекен-жайы бар маршрутизаторлардан тұрады.Маршрутизация кестесін екі әдіспен құруға болады:
Статикалық маршрутизатор-
кестедегі жазбалар қолдан енгізіледі
және өзгертіледі.Мұндай әдіс желінің
топологиясы өзгертілгенде
Жетединамикалық маршрутизация- кестедегі жазбалар бір немесе бірнеше маршрутизациялардың- RIP, OSPF, IGRP, EIGRP, IS-IS, BGP көмегімен жаңарғанда болады.Мұндай кестенінің түзелу әдісі маршрутизация кестесін автоматты түрде актуальды жағдайда қстауға мүмкіндік береді.Бірақ динамикалық маршрутизация құрылғыға қосымша жүк түсіреді, ал желінің жоғарғы тұрақсыздығы ақпаратты жоғалтуға, желінің әр бөлігінде топология туралы қате ақпараттың шығуына әкеледі.
Қолданылуы
Маршрутизаторлар өзінің домендер
коллизиясына және кең таратылымды
домендерге бөлінуінің, пакеттер фильтрациясының
арқасында желінің жүктелуін
төмендетуге көмектеседі.
Маршрутизатор ретінде қарапайым компьютер қолданылады.
Желілік коммутатор
Желілік коммутатор немесе свич (ағыл. switch — переключатель)- компьютерлік желінің түйіндерін бір немесе бірнеше желі сегменттері шегінде байланыстыруға арналған құрылғы.Трафикті бір қосылып тұрған құралдан қалғандарына тарататын концентратордан айырмашылығы, коммутатор ақпаратты тікелей қабылдаушыға береді. Бұл желінің өнімділігін және қауіпсіздігін жоғарлатады, желінің қалған сегменттерін ақпаратты өңдеуден құтқарады.Коммутатор OSI моделінің каналды деңгейінде жұмыс істейді және сол себепті бір желінің түйіндерін олардың МАС-адресі бойынша біріктіреді. Коммутаторлар көпірлік технологияны қолдану негізінде жасалған.
Жұмыс істеу принципі
Коммутаторда жадында оның портымен МАС-адрестің үйлесімділігі нұсқалатын коммутация кестесі сақталады.Коммутаторды қосқан кезде ол кесте бос әрі ол оқу режимінде жұмыс істейді.Бұл режимде қайсы бір портқа түскен ақпарат қалғандарына таратылады.Осы кезде коммутатор кадрларды тексеруден өткізіп, жіберушінің МАС-адресін анықтап, кестеге енгізеді.Уақыт өте коммутатор өзінің порттарына арнап толық кесте құрады, және осылай трафик локалданады.
Коммутация режимі
Коммутацияның үш түрі бар:
1.Аралық сақтау (Store and Forward).Коммутатор
кадрдағы барлық ақпаратты
2.Орап өтетін (cut-through). Коммутатор
кадрдағы тек адресті
3.Фрагментсіз (fragment-free) немесе гибридті.Бұл режим орап өту режимінің модификациясы болып табылады.
Есте сақтау буфері
Пакеттерді уақытша сақтау үшін және оларды қажетті адресіне жіберу үшін коммутатор буферизацияны қолданады. Буферизация қаьылдау пункті бос болмағандада қолданаылады.Буфер деп коммутатор жіберетін ақпараттар сақталынатын есте сақтау аймағын айтады.Ол пакеттерді сақтау мен жіберудің екі әдісін қолданады:порт бойынша буферизация және жалпы есте сақтауы бар буферизация. Порт бойынша буферизация кезінде пакеттер кіретін жеке порттармен байланысқан кезектерде сақталынады. Жалпы есте сақтауы бар буферизация кезінде барлық пакеттер коммутатордың барлық порттарымен қолданылатын жалпы есте сақтау буферінде сақталынады.
Коммутаторлардың түрлері мен мүмкіндіктері
Коммутаторлар басқарылатын және басқарылмайтын болып бөлінеді.Күрделі коммутаторлар коммутацияны OSI моделінің желілік деңгейінде басқаруға мүмкіндік береді. Оларды басқару Web-интерфейсінің протоколы,SNMP, RMON негізінде жүзеге асады. Көптеген басқарылатын коммутаторлар қосымша функциялар атқаруға мүмкіндік береді.
Әдебиеттер:
Дэвид Хьюкаби, Стив Мак-Квери. «Руководство Cisco по конфигурированию коммутаторов Catalyst = Cisco Field Manual: Catalyst Switch Configuration» — М.: «Вильямс», 2004. — 560Б. — ISBN 5-8459-0700-4.
Брайан Хилл. «Коммутаторлар жайлы негізгі мәліметтер// Полный справочник по Cisco = Cisco: The Complete Reference. — М.: «Вильямс». — С. 1088. — ISBN 0-07-219280-1.
USB
USB (ағыл. Universal Serial Bus ) — есептеуіш техникада
орта және төмен жылдамдықты периферилі
құрылғыларға арналған ақпарат тасымалдайтын
тізбекті интерфейс. USB шинасын халықаралық
коммерциялық емес ұйым USB Implementers Forum (USB-IF) жасайды.
Перифериялық құрылғыларды
USB шинасына қосу үшін төрт
өткізгішті кабель қолданылады.
Коммутациялық панель
Коммутациялық панель (кросс-пане́ль, патч-пане́ль) — структураланған кабельдік жүйенің басты бөлігі.Панельдің беттік жағында орналасқан көптеген байланысы бар құрылғы.Ол пассивті құрылғыларға жатады.Коммутациялық панельдер анықталған немесе жинақталған болуы мүмкін.Оларды қолданудың екі әдісі бар.Бірінші, коммутациялық панель активті желілік құрылғылардың порттары мен жұмыс орындарының порттары арасындағы коммутация нүктесі ретінде қолданылады. Екінші, олар қос-қостан қолданылады, яғни біреуі АЖҚ порттары ретінде, ал біреуі жұмыс орнының порттары ретінде қолданылады.
Коммутациялық панельдер классификациясы
Ажырау құрылымына қарай:
- белгіленген
- мыс, ажыратылулары: RJ12, RJ45, GG45, TERRA, IDC и другие, категорий 3,5,5e,6,6А,7.
- волоконды-оптикалық, ажыратылулары: ST, SC, LC, FC, MT-RJ, MPO және басқалары.
- мультимедиалық, ажыратылулары: BNC, RCA, XLR және басқалар.
- терілген (бір корпуста әртүлі ажыратылуларды қамтуы мүмкін, соның ішінде жоғарыда көрсетілгендер).
Порттардың санына қарай:
- порттардың типтік санына 12, 24, 48, 96 жатады.
Экрандау бойынша:
- экрандалмаған
- экрандалған
Желілік плата
Желілік плата, желілік карта, желілік
адаптер, Ethernet-адаптер-компьютерге желінің
басқа құрылғыларымен араласуға имүмкіндік
беретін перифериялық құрылғы. Қазіргі
кезде ,әсіресе, дербес компьютерлерде
желілік платалар ыңғайлық пен арзан болу
үшін аналық платаға айналдырылған.
Конструкциялық реализациясы бойынша:
- Ішкі-ISA, PCI-ға салынатын жеке платалар.
- Сыртқы, ноутбуктерде қолданылатын USB, PCMCIA арқылы қосылатын.
- Аналық платаға салынғандар.
10-мегабиттік желілік платаларды
локальді желіге қосу үшін
ажыратылулардың 4 түрі қолданылады:
- Виттік жұп үшін 8P8C
- Жұқа коаксиальді кабель үшін BNC-коннектор
- Қалың коаксиальді кабель үшін 15-контактілі AUI ажыратылуы
- Оптикалық ажыратылу (en:10BASE-FL)
Бұл ажыратылулар әртүрлі комбинацияларда болуы мүмкін, кейде үшеуі бірден қолданылуы мүмкін, бірақ кез-келген уақытта олардың тек біреуі істейді. 100-мегабиттік платалрда виттік жұпқа (8P8C, кейде RJ-45 деп те атайды) арналған ажыратылу қолданылады немесе оның орнына оптикалық ажыратылу(SC, ST, MIC) қолданылуы мүмкін. Виттік жұпқа арналған ажыратылу жанынан бір немесе бірнеше светодиодтар орнатылады. Хабардың қосылғаны және таратылғаны жөнінде мәлімет береді.
Желілік адаптерлердің функциялары характеристикалары
Желілік адаптер (Network Interface Card (немесе Controller), NIC) өзінің драйверімен бірге компьютерде ашық жүйелер моделінің екінші каналдық деңгейін жүзеге асырады.Ол екі операция орындайды:кадрды жіберу және қабылдау.Желілік адаптерлер тұтыушы компьютерлеріне және серверлерге арналған болып бөлінеді. Тұтыушы компьютерлерінде жұмыстың басты бөлігін драйвер атқарады, сондықтан адаптер қарапайым және арзан болып келеді.Мұндайдың басты кемшілігі кадрды оперативтік жадтан желіге бергенде орталық процессордың көп жүктелуі.Сондықтан серверлерге арналған адаптерлер жұмыстың көп бөлігін өзі орындайтын жеке процессорлармен жабдықталады.
Желілік адаптерлер классификациясы
Адаптерлердің классификациясына мысал ретінде 3Com фирмасының даму кезеңдерін алуға болады:
Бірінші кезең.Бірінші кезең адаптерлері дискретті логикалық микросхемаларда орындалған, сондықтан олардың шыдамдылығы төмен болған.Олардың буферлі жады тек бір кадрға арналған.
Екінші кезең.Екінші кезең адаптерлерінде шойынның өнімділігін жоғарлататын көп кадрлы буферизация тәсілі қолданылды.Адаптер бір кадрды толығымен қабылдаған соң, бұл кадрды буферден компьютер жадына бере отырып, бір мезгілде желіден басқасын қабылдай алады.Екінші кезеңнің желілік адаптерлерінде олардың төзімділігін жоғарлататын жоғары дәрежелі интеграциясы бар микросхемалар қолданылады.
Үшінші кезең.Үшініші кезең адаптерлерінде кадрларды өңдейтін конвейерлі схемалар пайдаланылды.Бұл схема кадрды оперативтік жадтан қабылдау мен оны желіге беру уақытының сәйкес келуіне негізделген. Олар арнайы интегралды схемаларда орналасады.
Төртінші кезең.Бүгін шығарылатын желілік адаптерлерлі төртінші кезеңге жатқызамыз. Мұндай адаптерлердің серверлі варианттарында міндетті түрде қуатты процессор болады.
Сымсыз байланыс
Сымсыз байланыс (ағыл.Wireless Access Point, WAP) — компьютерлерді бір сымсыз желіге біріктіруге арналған құрылғы.
Кіріспе
Компьютерлерді сымды желіге біріктіру,әдетте, көптеген шығынды талап етеді.Сонымен бірге сымды желілер құрылғылардың кеңістікте орналасуына айтарлықтай шектеу қояды.Ал бұл кемшіліктер сымсыз желіде болмайды.Ақпарат тарату үшін сымсыз желі белгілі стандартқа сай жиіліктегі радиотолқынды қолданады.
Қолданылуы
Әдетте, сымсыз желі мобильді
құрылғылармен стационарлы

- Желілік модель
- Желілік технология
- Желілік технологияға кіріспе
- Желілік технологиялар
- Желілік технологияның болашағы
- Желі операциялық жүйесін орнату
- Желі технологиясының негізін де білгісі келетіні таң қалатын жағдай
- Желиговский, Люциан
- Желирующие вещества, свойства, использование в косметических средствах
- Желіаралық деңгей хаттамалары
- Желіаралық экрандар қажеттілігі және олардың түрлері
- Желі архитектурасы
- Желілік қондырғылар өндіретін компаниялар
- Желілік құрылғы