TCP/IP протоколдар жиынында
ақпарат тасымалының екі негізгі
типі бар: мәліметті байтпен
тасымалдау және датаграммалар
(мәліметтер массиві) тасымалдау.
Мәліметті байтпен тасымалдауына
негізделген протокол ақпаратты
байттардың тізбегі түрінде тасымалдайды.
Басқа сөзбен айтқанда, протокол
мәліметті жеткізу немесе алуына
және тасымал саны мен ақпарат
көлеміне байланыссыз мәліметті
байттардың бірыңғай тізбектей
орналасқан байт ағыны ретінде
қарастырады. Сонымен қатар, қосымша
мәліметті байтпен тасымалдауын
қолданған кезде протокол ақпаратты
алушыға тура сол ретпен тасымалдауын
қамтамасыз етеді. Ақпаратты тасымалдауын
басқару протоколы мәліметті
байтпен тасымалдау протоколы.
Мәліметті байтпен
тасымалдау протоколына қарағанда
мәліметтер массивін тасымалын
(датаграммалар) қолданатын протоколда
ақпарат жеке дара блоктар
түрінде беріледі. Протокол бірнеше
массивтерді бір алушыға жолдаған
кезде мәліметтің орналасу реті
өзгеруі мүмкін. Ал мәліметті
қабылдайтын қосымша оның бастапқы
орналасу ретін талап етсе, онда
мәлімет толығымен қабылданып
болғаннан кейін қосымшада рет
ретімен орналастырылады. Тұтынушылар
датаграммалар протоколымен желіаралық
протокол мәліметтер массивтері
ақпаратты жеткізу үшін қолданылады.
Байланысты виртуальды
түрде орнату (қосу). Байланысты виртуальды
қосу екі байланыс нүктесін
қосатын байланыс қосылуы. Мысалы,
сіз Нью-Йорктан Лос-Анджелеске
қоңырау шалсаңыз, байланыс қосу
түрі виртуальды болады. Іс жүзінде
телефон компаниясы абонентпен
байланысты орнату үшін бірнеше
қалада орналасқан коммутаторларды
қолданады. Басқа сөзбен айтқанда
екі телефонды қосатын жеке
бір сым, байланыс желісі жоқ.
Бағдарламалар көп
жағдайда «нүкте-нүкте» типті
және виртуальды қосуды талап
етеді. Мысалы, корпоратив торабынан
тыс орналасқан бас компьютерде
орналасқан файлды белгілі бір
локальды жүйеге тасымалдау үшін
виртуальды қосуды қолдану керек.
Ал, егер қажет файлды
жеке массивтер тізбегі түрінде
бөлініп-бөлініп байтпен берілетін
болса, онда мәліметтер массивтер
(мен байттары) ретсіз, яғни бастапқы
ретті сақтамай берілу мүмкін.
TCP/IP мәліметті тасымалдауын басқару
протоколдары жиыны көлемінде
желі бойынша байланысты виртуальды
қосу арқылы қамтамасыз етеді.
Ал тұтынушылар датаграммалар
протоколы мен желіаралық протокол
виртуальды қосуымен қамтамасыз
етпейді.
Маршрутизация фрагменттері.
Ethernet типті желілік технологиялары
мәліметті тасымалдаудың максимал
өлшемін (MTU) анықтайды. MTU байланыс
желісінде тасымалдауға келетін
мәліметтер пакетінің максимал
өлшемін анықтайды.
Қосымша тасымалдайтын
мәліметтер пакеті негізгі байланыс
желісінің MTU өлшемінен асып кетсе,
бағдарлама мәліметтер пакетін
автоматты түрде бірнеше кішігірім
пакеттерге бөліп тасымалдайды.
Фрагментацияға қатысы бар ІР
бастамасының «Идентификация», «Флаг»,
«Фрагменттер ығысуы» сияқты
жолдары модификацияланып, пакет
фрагмент екендігін және кері
жинақтау ретін анықтайтынын
білдіреді.
Мәліметті қабылдайтын
компьютер фрагменттелген ІР-пакеттерді
қабылдаған кезде қайта жинақтау
таймері қосылады. Мәліметтердің
барлық фрагменттері берілген
таймер уақыты аяқталғанға дейін
қабылданып үлгірмесе, онда қабылдаушы
компьютер қабылданып үлгірмеген
мәлімет фрагменттерін жарамсыз
деп ескермейді. Фрагментация мен
қайтадан жинақтау желілік пен
арналар деңгейлері арасында
орынды болғандықтан бұл процесс
компьютер қолданушысы үшін түсінікті
болу тиіс. Желілік протоколдар
мәліметтер фрагментациясы мен
қайтадан жинақтауын автоматты
түрде жүргізгендіктен тұтынушы
белгілі бір арнайы іс әрекетті
орындау қажеттілігі туындамайды.
IP-маршрутизация. IP - бұл
Internet желісінің мәліметтер тасымалдау
жүйесі. Датаграммаларды жеткізу
– қосымшаның мәліметі мен
протокол ақпараты Internet желісі бойынша
тасымалдау әдісі. IP-датаграммаларын
жеткізудегі негізгі ұғымы ретінде
маршрутизацияның IP-кестесі қолданылады.
Маршрутизацияның IP-кестесі байланыс
желісіндегі ақпаратты жеткізу
орнының мекенжайы туралы мәліметтерді
сақтайды. Басқа сөзбен айтқанда,
маршрутизация кестесін «қарастыратын»
желінің бағдарламасы алдын ала
белгіленген орнына жеткізудің
ең қолайлы әдісін тағайындайды.
Маршрутизация протоколдары кестеге
енгізілетін жазбаларды іріктеп
отырады. Бірақ маршрутизация
протоколдары TCP/IP протоколдар жиынының
нақты бөлігі болып табылмайды.
Маршрутизация кестесі
– көршілес байланыс желілердегі
мекенжайлар тізімі. Бас компьютер
пакетті қабылдаған кезде, IР-модулі
ақпарат алушының мекенжайын
тексеріп маршрутизация кестесін
қарап шығады. Ақпарат жеткізудің
мекенжайы белгілі болған кезде
мәліметтер пакеті сол желіге
жіберіледі,ал мекенжайы белгісіз
болған жағдайда мәліметтер пакеті
алушының жолында орналасқан
басқа ортаға жіберіледі. Маршрутизация
кестесі міне осындай «тура
емес» маршруттар бойынша ақпаратты
қамтиды.
Траспорттық деңгей. Осыған
дейін ІР жүйе деңгейі мәліметтерді
бас компьютерлер арасында тасымалданатыны
көрсетілді. Енді мәліметтің қосымшалар
арасында транспорттық деңгейде
тасымалдауын қарастырамыз.
Көп жағдайда транспорттау
протоколы атқаратын қызметі
ІР-модулінің қойылатын талаптарына
ұқсас болады. IP- датаграммалар мен
IР – бас жолы концептуалдық
тұрғыдан мазмұны траспорттау
протоколына қатысты болады. TCP/IP
екі траспорттау протоколынан тұратыны
мәлім: мәліметтерді тасымалдауын басқару
(ТСР) протоколы және тұтынушылар датаграммалар
протоколы. ТСР – бұл мәліметтерді байт
ағыны түрінде тасымалдап, қабылдайтын
логикалық қосылуы бар протокол. Желідегі
байланыс виртуальды түрде жүзеге асырылады.
IР – датаграммаларды мәліметтерді тасымалдап,
қабылдау үшін қолданатын логикалыққосылуысыз,
сенімділігі төмен протокол.
TCP/IP терминологиясында «порт»
термині «IР – адресі» терминімен
мағыналас болса да, TCP/IP жүйесінде
«порт» ұғымы бас компьютерімен
байланыстырылмай, протоколмен бірдей
етіп қарастырылады. IP-датаграммаларында
мәліметті жіберуші мен алушының
IP-адрестері қалай сақталатын
болса, транспорттау протоколдарында
мәлімет жіберуші мен алуышының
порттарының номерлері де солай
сақталады. Қысқаша айтқанда, байланыс
желі бағдарламалары Internet протоколының
портын белгілі бір қосымша
мен функциямен байланыстырады.
Логикалық түрде қосылмаған
сенімділіг төмен ІР протоколы
мәліметтерді портта қалдырып, мәліметті
жіберуші мен алушы арасында
байланысты орнатпайды. Ал логикалық
түрде қосылған ТСР протоклы,
керісінше, байланыс кезінде мәліметті
жіберуші мен алуыш арасында
қосуды орнатады. Сонымен қатар,
ТСР протоколы бір порт үшін
бірнеше қосуды орната алады.
Байланыс торабы Ethernet
немесе IBM Token Ring сияқты бір немесе
бірнеше желі технологияларын
қолданатын бір немесе өзара
байланысқан компьютерлерден тұратыны
белгілі. Әр түрлі протоколдары
бар компьютерлер байланыс торабы
бойынша ақпаратты тасымалдау
үшін компьютерлерде желілік
операциондық жүйе деп аталатын
арнайы бағдарлама болу керек.
Дербес компьютерлердің тұтынуышысының
бағдарламалары мен ақпарат ағыны
жұмысын реттеп басқаратын Microsoft
Windows 95 операциондық жүйе сияқты
желілік операциондық жүйе де
байланыс торабындағы аппараттық
жабдықтарының әр түрлі блоктарының,
бағдарламалардың жұмысын басқарады.
Қазрігі кезде Microsoft компаниясының
Windows NT Server және Novell компаниясының NetWare
операциондық жүйелері кең таралған.
Желілік операциондық жүйелер
клиент/сервер желілік моделі
принципі негізінде жұмыс істейді.
Клиент/сервер моделі байланыс
торабының қосымшасын екі жаққа
бөледі: клиент пен сервердің
жағы. Желі байланысының клиенттік
жағы сервер тарапынан ақпарат
немесе қызметкөрсету түріне
сұраныс жібереді. Желілік операциондық
жүйе байланыс торабының серверінде
жүзеге асырылады. Екінші жағынан,
компьютер-клиенттер Windows 3.1, Macintosh, OS/2,
Windows 95, Windows NT Workstation және Unix әр түрлі
версиялары сияқты әр түрлі
операциялық жүйелермен жұмыс
істей алады. Клиенттің операциондық
жүйесі байланыс торабын қолддана
алу үшін компьютер-клиенттің
желілік интерфейсінің платасы
байланыс торабында жұмыс істей
алу үшін арнайы драйверлерді орнату керек.
Бұл драйверлер принтер драйверлері (Microsoft
Word сияқты қосымша бағдарламалардан ақпаратты
қағазға басып шығару туралы ақпарат принтерге
жіберіледі) сияқты жқмыс істейді.
Желілік драйверінің
бағдарламасы сіздің бағдарламаларыңызға
желі бойынша ақпаратты қабылдауға
мүмікіндік береді.
Желілік операциондық
жүйе желі серверінің жұмысын
басқарады. Желілік операциондық
жүйелерде клиент пен сервер
арасында мәліметтерді тасымалдау
үшін бір немесе бірнеше желілік
протоколдар қолданылады. Мысалы,
Windows NT Server операциондық жүйеде ақпаратты
тасымалдау үшін TCP/IP немесе IPX/SPX протоколдары
қолданылуы мүмкін. IPX/SPX - NetWare компаниясының
желілік протоколы. IPX - Internetwork Packet Exchange
(желі ішінде ақпарат пакеттерімен
алмасу) акронимі, ал SPX - Sequenced Packet Exchange
(желі ішінде ақпарат пакеттерімен
тізбектей түрде алмасу) акронимі.
TCP/IP протоколдар жиыны сияқты IPX/SPX
протоколы екі жүйе арасында
желі байланысының координациясын
жүргізудің ережелер жиынтығын
анықтайды.
3.6 Ұсынылатын әдісті бағдарламамен
қамтамасыз ету
Желілік протоколды
таңдау. Протоколдар бағдарламалардың
өзра байланысын анықтайтын ереже
екендігі белгілі. Желілік протоколдар
бір немесе әр түрлі компьютерлерде
жұмыс істейтін екі бағдарлама
арасындағы ақпарат ағынын басқарады
(мысалы, Web-браузер мен сервер
арасындағы байланыс). ТСР/ІР протоколының
ережелер жиынтығы сіздің корпоративтік
торабыңыз тасымалданатын барлық
ақпаратты және Internet арқылы жүретін
мәліметтерді басқарады.
ТСР/ІР протоколының
ережелер жинағы – қатені тексерудің
әр түрлі форматтары мен әр
түрлі опцияларын қолдана отырып,
олардың әрқайсысы желі арқылы
мәліметтер тарататын, көптеген
протоколдар жиынтығы. Корпоративті
торапта қолданылатын бағдарламаға
байланысты ТСР/ІР жиынтығының
ішіндегі бірнеше протоколдардың
бірі желі арқылы ақпаратты
жіберуді қамтамасыз ету мүмкін.
Протокол жиыны – бір-бірін
толықтыратын және бірге қызмет
атқаратын протоколдар жиынтығы.
ТСР/ІР жиынына мәліметтерді таратуды
басқару протоколы және желіаралық
протокол, сонымен қоса интранет
арқылы ақпаратты тарату үшін
бірге жұмыс істейтін басқа
да протоколдар жатады.
Желілік деңгей және
транспорттық деңгей терминдері
ISO/OSI желілік модельдері ауқымында
сипатталатын функционалдаудың
белгілі бір типін білдіреді.
ISO/OSI моделі деңгейлерді
желіні нақты, функционалды модульдер
түрінде ұйымдастыру үшін қолданады.
Құрастырушылар бұл деңгейлер
модельдерінің сипаттамаларын нақты
желі жасау үшін пайдаланады.
Көпдеңгейлі желіде әр модуль
(немесе деңгей) нақты функционалдық
мүмкіндіктерді немесе аралас
деңгейлерге қызметтерді қамтамасыз
етеді. Сонымен қатар, әр деңгей
өзінен жоғары деңгейді одан
төмен тұрған деңгей процестеріннің
жүзеге асырылуының мәліметтерінен
шектейді. Басқа сөзбен айтқанда,
әр деңгей желінің тек келесі
деңгейімен ғана байланысты болады.
Протоколдар пакетін
анықтау ISO/OSI желілік моделі желіні
деңгейлерге бөледі, ал олардың
әрқайсысы белгілі бір қызмет
атқарады. Әр деңгей үшін ISO/OSI моделі
деңгейдің функционалды мүмкіндіктерін
анықтайтын протоколдарды тағайындайды.
Мысалы, Internet бойынша мәліметтерді
таратуды басқаратын желілік
деңгей бас компьютерлер арасында
мәліметтерді таратуды басқаратын
желілік деңгей бас компьютерлер
арасында мәліметтерді тасымалдайтын
желіаралық протоколдарға ие.
ISO/OSI желіні модульдердің
немесе деңгейлердің вертикаль
пакеттері түрінде көрсетеді.
Модель жоқ дегенде кемінде
бір протоколды байланыстыратындықтан,
ол протоколдарды бір жерге
жинақтайды деп айтуға болады.
Протоколдар пакеті термині вертикаль
бойынша реттелген деңгейлер
мен бір бірінің үстіне орналастырылған
протоколдар түрінде көрсетілетін
байланыс желісі концепциясынан
шығады.
Жоғарыда айтылғандай,
TCP/IP/1Р протоколдар жиынтығы ақпаратты
желі бойынша тасымалдайды. TCP/IP бірге
жұмыс істейтін протоколдар жиынтығы
болып табылатындықтан, сіз өз
мәліметтеріңізді бір деңгейден
екінші деңгейге және бір протоколдан
екінші протоколға өтіп жатқан
сенімді түрде бейнелеуге болады.
Сіздің мәліметтеріңіз протоколдар
пакеті арқылы тасымалдануына
байланысты олар қолданбалы деңгейден
физикалық деңгейге және әрі
қарай желі бойымен тасымалданады.
Мәліметтер физикалық адресатқа
жеткен кезде, олар протоколдар
пакеті арқылы адресат қосымшасына
келеді.
TCP/IP протоколдар пакеті.
ISO/OSI стандартты моделі байланыс
торабының құрылымдық жеті функционалдық
деңгейлерін анықайды. Бірақ ISO/OSI
стандарты моделі желі құрылымының
міндетті сипаттамасы емес, нұсқаулығы
ретінде қарастырылады. Мысалы, TCP/IP
желілік құрылымда сәйкес желі
деңгейлерін жүзеге асыру үшін
ISO/OSI жиынының бес протоколы ғана
қолданылады. 3.9-суретте TCP/IP протоколдар
жиынының желілік моделі көрсетілген.
Бағдары бар сызықтар әр түрлі
желілік бағдарламалар мен аппараттық
модульдер арасында мүмкін болатын
ақпарат алмасу бағыттарын көрсетеді.
Мысалы, транспорттау деңгейімен
байланысты орнату үшін бағдарлама
қосымшалары тұтынушылар датаграммалары
(ІР) протоколымен мәліметті тасымалдауын
басқару протоколының (ТСР) модулімен
байланысады.
Сурет 3.9 - ISO/OSI моделі
мен протколдар пакеті
Байланыс торабының
деңгейімен байланысты орнату
үшін бағдарлама қосымшалары
операциондық жүйенің бағдарламалар
модульдерімен қатынасты орнатады:
мәліметтерді басқар протоколы
(ТСР) мен желіаралық протоколы
(ІР). Бірақ мәліметтер қолданбалы
деңгейінен желілік деңгейге
дейін қандай маршрутпен тасымалдануына
байланыссыз аппараттық жабдықтар
желісіне жету үшін IP-модулі арқылы
өту керек. Одан кейін мәліметтер
протоколдар пакеті бойынша тасымалдануы
қарастырылады. Ол үшін мәліметтер
төменгі физикалық деңгейден
бастап жоғары орналасқан қолданбалы
деңгейлерінен өтеді. TCP/IP желідегі
физикалық деңгей ISO/OSI моделіне ұқсас
болып, желі мәліметтерін тасымалдайтын
ақпарат тасымалдау құралдарын
қамтиды. Бұл тасымалдау құралдары
– коаксил кабель немесе жұптап
оралған сымның бір типі [26].
3.10-сурет бойынша арналық
(немесе байланысты орнату деңгейі)
деңгей аппараттық интерфейс
пен протоколдардың екі модулінен
тұрады: адресті (мекенжайды) анықтау
протоколы (ARP) мен кері мекенжайды
анықтау протоколы (RARP). Аталған
протоколдар туралы мәлімет төменде
толығырақ берілетін болады. Арналық
деңгей берілген екі протоколды
мекенжайды анықтау үшін қолданылады.
Арналық деңгей физикалық және
желілік деңгейлері арасында
орналасады. Бұл деңгей өз атауына
сәйкес физикалық деңгей мен
желілік деңгейлерді өзара байланыстырады.
Сурет 3.10 - TCP/IP жиынының
өзара байланысқан
протоколдарымен желілік
моделі
Нақтырақ айтатын болсақ,
TCP/IP протокодар жиынындағы арналық
деңгей желілік деңгейден IP-модулінен
мәліметті жіберіп те, қабылдай
да алады. Нақты функцияның
орындалуынан басқа көпдеңгейлік
желідегі әр деңгей өзінен
жоғары орналасқан деңгейлерден
нақты орындау механизмін жасырады.
Осылайша, арналық деңгейдің тағы
бір функционалдық атқаратын
мақсаты ретінде желінің физикалық
деңгейде жүзеге асырылуын желілік
деңгейлерден жасыру болып табылады.
TCP/IP протоколдар жиынының
басқа да деңгейлерін түсіну
үшін бірнеше терминдермен танысу
керек. Бұл терминдер TCP/IP екі
транспорттау протоколдары арасындағы
айырмашылықты анықтайды: тұтынушылар
датаграммалар протоколы (IP) мен
мәліметті тасымалдауын басқару
протоколы (ТСР). Сонымен қатар,
берілген терминдер желі қосуларына,
мәліметтерді өңдеуге қатысы
бар протокол сипаттамалары мен
протокол сенімділігін сипаттайды.
Құрасытырылатын корпоративті
торабының типін (Ethernet немесе Token
Ring) анықтап алғаннан кейін интранет
TCP/IP протоколын қолдану қажеттілігін
анықтап алғаны жөн болады. Егер
корпоративті торап орнастырылатын
мекемеде NetWare байланыс желісі бар
болатын болса, онда TCP/IP желісінен
бас тартып, локальды яғни жергілікті
компьютерді желінің NetWare бағдарламасы
ұсынатын мүмкіндіктерін қолдануға
болады.
Бірақ, шынайы корпоративтік
торапта Internet технологиясы қолданылады
және әр желі компьютеріне (іс
жүзінде байланыс желі интерфейсінің
әр платасына) Internet (IP) протоколының
адресі беріліп, берілген байланыс
желісінде TCP/IP протоколы қолданылу
тиіс.
Көптеген компьютерлік
желілер клиенттерге әр түрлі
желі протоколдары арқылы серверлермен
байланысты орнатуға мүмкіндік
береді. Мысалы, корпоративті торапты
TCP/IP протоколын қолдайтын сервер
негізінде орнатып, сол компьютерде
NetWare файлдық серверді де орнатуға
болады. Қазіргі кезде IPX ті IP ортада
трансляциясын жүргізетін әр
түрлі бағдарламалар интранетті
NetWare локальдық желі негізінде
құрастыруға мүмкіндік береді. Төменде
жүйеде жұмыс істейтін локальды
компьютерлік желі негізінде
корпоративті торапты орнату
қарастырылады.
IPX/SPX протоколдары – Novell
компаниясы ұсынған NetWare операциондық
жүйесінің бір бөлігі. NetWare – файлдар
мен принтерді желінің барлық
компьютерлері үшін бірге қолдануға
мүмкіндік беретін желілік операциондық
жүйе. NetWare операциондық жүйесі арқылы
Ethernet немесе Token Ring типті байланыс
желісінде компьютерлерді клиент/сервер
моделі негізінде қосуға мүмкіндік
береді. NetWare операциондық жүйеде
жұмыс істеу арқылы мекеме
қызметкерлері өзара файлдар,
құжаттарын алмастырып, қолдана
алатын файлдық серверді құрастыра
алады. NetWare серверінің бағадарламалары
Unix, DOS, Macintosh және Windows типті барлық
негізгі компьютерлік платформаларына
негізделген. Сонымен қатар NetWare
сервері IPX/SPX протоколдарына негізделген
мәліметтер пакетін қабылдап, тасымалдау
қасиетіне ие болады.
Компьютер – клиент
байланыс желісіне кіруге рұқсат
алу үшін компьютерде жүйесінің
NetWare бағдарламасын орнату керек.
Бұдан кейін клиенттер принтер
қоры мен файлдарды бірігіп
қолданып, сервердің көмегімен әр
түрлі бағдарламаларды орындай
алады. Unix, DOS, Macintosh операциондық жүйелері
үшін клиент тарапынан жүйесінің
бағдарламасымен қамтамасыз етіледі.
NetWare локальдық желі негізіндегі
интранетті қарастырайық. Интранет
жүйесін құрастыру үшін алдын
ала орнатылған NetWare сервері негізінде
Novell компаниясы ұсынған Intranet Ware бағдарламасын
орнатып, іске қосуға болады. Intranet
Ware бағдарламасын қолдану кезінде
байланыс желісінің әр клиентіне, яғни
әр компьютеріне IP-адресін беру міндетті
емес. Керісінше, IP-адресі тек қана NetWare
Web-серверіне беріледі. Intranet Ware бағдарламасын
алу арқылы IPX ті IP клиент жағында трансляциялайтын
қосымша бағдарламаны алуға болады. Клиенттің
бағдарламасы Web-браузері генерациялайтын
TCP/IP протоколын IPX протоколына ауыстырады.
Жоғарыда аталғандай,
NetWare жүйесін, ең алдымен, файлдар
сервері мен басып шығару станциясы
ретінде қарастыру керек. Бұл
сервердің жұмыс істеу жылдамдығы
мен қолданбалылығы жағынан орташа
болып келеді. Корпоративті торап
серверден қызмет көрсетуді үнемі
талап ететін клиент/сервер моделі
негізінде құрастырылған. NetWare жүйесін
таңдау арқылы компания қызметкерлері
қолдана алатын қосымша бағдарламалардың
түрлерін шектеуге болады. Ал
егер де мекемеде NetWare байланыс
желісі бар болатын болса, онда
берілген NetWare жүйесінің сервері
негізінде корпоративті торапты
құрастыру мүмкіндігі туындайды.
Бірақ, белгілі бір уақыт өткен
соң оны TCP/IP протоколы негізінде
жұмыс істейтін арнайы Web-серверге
алмастыруға тура келеді.
LAN желісіндегі TCP/IP протоколдарының
орындалуы. Internet технологиясының заман
талабына сай және болашақ
технологияларының талаптарына
жауап беретін пайдалы корпоративтік
торабын құрастыру үшін әр
клиент-компьютерде TCP/IP протоколының
орындалуын қамтамасыз ету қажет.
Протокол мәліметтерді байланыс
желісі бойынша тасымалдау ережелерінің
жиыны екендігі белгілі. Енді
Windows клиенттері үшін TCP/IP протоколдарын
қарастырайық. Байланыс желісіндегі
жеке компьютерлерде орындалатын
бағдарламалар өзара мәліметтер
пакеттерімен алмастырылады. Белгілі
бір мәлімет Windows операциондық
жүйеде жұмыс істейтін бір
компьютерден екінші компьютерге
берілу үшін бас компьютерлер
желілік операциондық жүйесінің
сәйкес протоколын қолдана отырып
мәліметтер пакетімен алмасуы
тиіс. Internet қосымшасын (мысалы, Web-браузерін)
қолдану үшін Windows операциондық жүйеде
жұмыс істейтін арнайы бағдарламаны
қолдану керек. Windows 98, Windows NT және OS/2
Warp операциондық жүйелері TCP/IP протоколының
бағдарламалары жиынтығын қамтиды.
Windows 3.1 операциондық жүйесі үшін
TCP/IP протоколының бағдарламаларын
орнату қажет.
Сервердің аппараттық
платформасын таңдау. Unix жүйесінде
жұмыс істейтін интранет серверінің
есептеу эффективтілігі Intel енігізгенде
жұмыс істейтін компьютермен
салыстырғанда қымбатқа түседі.
Unix операционды жүйе негізінде
жұмыс істейтін компьютерлер PC компьютерге
қарағанда қымбаттырақ тұрады. Бұл
Intel процессоры негізінде жасалған
компьютер компоненттері Unix ортасында
жұмыс істейтін компьютерлерге
қарағанда арнайы тапсырыспен
жасалмайтынына байланысты болады.
Сонда Pentium процессоры негізінде
мыңнан астам компьютер-клиенттерді
басқаратын алдыңғы қатарлы компьютерді
шамамен 390000 теңгеге алуға болады.
Unix жүйесін қолдайтын
интранет серверінің эксплуатациялық
шығындары Intel негізінде жұмыс
істейтін компьютердің эксплуатациялық
шығындарына қарағанда жоғары
болады. Unix жүйесін қолдайтын компьютердің
эксплуатациясы Intel негізіндегі компьютерге
қарағанда көп ресурстарды талап
етеді. Ал аппараттық бөлімін
модернизациялау, яғни жаңарту
жұмыстарын жүргізу Unix негізіндегі
компьютерлерімен салыстырғанда
Intel-компьютерлері үшін арзан
болады. Ал Unix жүйесін қолдайтын
компьютер үшін сервер ретінде
Macintosh таңдаған кезде аппараттық
бөлімді жаңарту одан сайын
қымбаттайды.
Intel-негізіндегі серверді
таңдау барысында Pentium процессоры
негізіндегі келесі сипаттамаларға
ие болатын компьютерді таңдау
қажет: оперативті есте сақтау
жады бөлігі 512 Мб (идеал жағдайда
1024 Мб), жалпы диск 200 Гб пен Pentium
IV микропроцессорының тактілі жұмыс
істеу жиілігі 3,0 ГГц.
Pentium класының компьютерін
таңдаған кезде серверді экономикалық
тұрғыдан тиімді болатын қолданбалы
бағдарламалармен қамтамасыз ету
мүмкіндігі туындайды. Эксперттердің
көпшілігі Pentium класының компьютерлері
Unix негізіндегі жұмыс станцияларына
қарағанда нарықтың басым бөлігін
иеленеді деп айтуда. Бұл Pentium
процессоры негізінде жұмыс істейтін
компьютерлерге арналған инртранет
қосымша бағдарламалар санының
артуына ықпалын тигізеді.
WEB-серверін бағдарламамен
қамтамасыз ету. Интранет клиент/сервер
моделіне негізделген. Корпоративтік
тораптың жұмысы сәтті болу
үшін браузер тапсырыстарын өңдейтін
сревердің бағдарламамен қамтамасыздандырылуы
жоғары болу тиіс.
Корпоративтік торап
үшін Web-серверді таңдау Internet желісіне
Web серверін таңдауымен бірдей, бірақ
Internet серверлері күн сайын өңдеуден
өткізетін сұраныстар саны жоғары
болғандықтан қауіпсіздік мәселесі
бірінші орында болады. Екінші
жағынан, интранет желісінің көптеген
серверлерінің трафигі бастапқы
уақытта Internet серверлерімен салыстырғанда
мұндай тығыз болмайды. Сонда,
ең алдымен, қолдану мен қызмет
көрсетуде қарапайым болып келетін
серверлерді, одан кейін, корпоративтік
торабының жүктемесі артуына
байланысты қымбатты мен жоғары
өнімді серверлерге ауыстыруға
болады. Көп жағдайда, корпоративітк
торабының өнімділігі бағдарламамен
қамтамасыз ету деңгейі емес
компьютер-серверінің өнімділігіне
тәуелді болады.
Мекеменің жеке серверлерге
ие болғысы келетін бөлімшелер
саны артқан кезде жүзеге асыру
жоспары қажет болады. Қазіргі
кезде бұл мәселе оңай шешіледі:
көптеген компаниялар ақысыз
түрде ұсынылатын Web-сервердің жұмысын
алдын ала тексеріп көру қызметін
ұсынады.
Ең таңдамалы және
көне Unix-компьютерлеріне бағытталған
Web-серверлердің бірі – суперкомпьютерлерге
(NCSA) арналған бағдарламалық қосымшалардың
Ұлттық орталығының HTTP Web-сервері.
Internet желісінің кең ауқымда таралуы
да берілген сервердің Unix жүйеге
бағытталған тұтынушылар арасында
әйгілі болуына және берілген
Web-серверді ақысыз түрде алу
мүмкіндігіне байланысты.
NCSA өзінің Web-серверін үнемі
жетілдіріп отырды. Бұл Web-сервер
CGI–ны қолдап, функционалдық мүмкіндіктерді
арттыратын Server Side Includes (SSI) бағдарламамен
қамтамасыздандырылады.
Берілген серверлерді
Windows NT және Unix операциондық жүйеде
жұмыс істейтін компьютерлер
негізінде құрылған жағдайда
ұтымды қолдануға болады. Бұл
сервер Microsoft компаниясының Internet желісін
басқарғандықтан ірі мекеме үшін
қолайлы болып келеді. Қазіргі
кезде Microsoft бұлсерверді ақысыз
түрде ұсынуда. Сонымен қатар,
Microsoft компаниясы берілген серверді
Windows NT бағдарламасымен қамтамасыз
етеді. Server IIS сервері орнатуда оңай
болып, корпоративті торапқа қосымша
тұтынушыларды қосу мүмкіндігі
бар болады. Сонымен қатар, IIS құрамына
FTP сервері де кіреді.
Windows 98 басқаруымен жұмыс
істейтін бірнеше жоғары эффективті
серверлер бар. Егер корпоративті
торапты Windows 98 операциондық жүйе
негізінде құрастыру қолайлы
болса, онда O'Reilly компаниясының Website
бағдарламаларын қарастырғаны жөн
болады. Шағын офис үшін Windows 98 операциондық
жүйеде жұмыс істейтін компьютерлер
негізінде корпоративтік торапты
құрастыруға болады.
Website for Windows 98 жүйесінен басқа
Netscape компниясы Windows 98 операциондық
жүйе үшін Fast Track версиясын да
ұсынады. Windows NT Workstation немесе Windows NT Server
сияқты жоғары эффективті операциондық
жүйеге көп қаржы жұмсамай-ақ
Fast Track көмегімен мекеменің әр
түрлі бөлімшелері арасындағы
ақпарат алмасуын орнатуға болады.
WEB–браузерлер. Корпоративті
тораптың толыққанды жұмыс істеуін
қамтамасыз ететін соңғы құраушысы
- Web-браузерлер. Web-браузерлер ішінде
Netscape компаниясының Navigator браузерлері
кең таралған. Сондықтан Microsoft компаниясы
Internet бағдарламалар тобы үшін
жетілдірілген браузерді ойлап
таубын алдыңғы қатарлы мәселе
ретінде қарастырады.
Бірнеше жылдан кейін
браузерлер операциондық жүйенің
бір бөлігі болып кетеді. Unix операциондық
жүйесімен байланысты нарықтың
бір сегментін Netscape компаниясы иелену
мүмкін. Microsoft операциондық жүйесі Unix платформасына
қатысы болмайды. Сонда сіздің байланыс
торабыңыз Unix, Macintosh және Windows платформасының
тұтынушыларын қамтитын болса және оларды
бір браузерге қосу қажет болса, онда Netscape
компаниясының Navigator браузерін қолдану
керек.
3.7 Корпоративті тораптың
жобасы мен құрылысын жасау
Интранетті жобалау
мен басқару. Корпоративті торапты
басқару мен енгізу жоспарын
дайындау кезінде мекемедегі
өндіріс процестерін қайтадан
реорганизациядан өткізу қажет
болады. Мұндай өзгерістер жобалау
мен басқару жұмыстарын қатаң
түрде жүргізуін талап етеді.
Негізінен, мекеме қызметкерлері
жұмысты оңайлататын жаңа өзгерістерді
қолдайды. Бірақ, бастапқы кезде
интранет салыстырмалы түрде
қосымша іс-әрекеттерді орындауын
талап етуіне байланысты мекеме
қызметкерлері үшін қолайсыз
болу мүмкін. Корпоративті торапты
енгізу арқылы қызметкерлерге
интранет артықшылықтарын түсіндіре
отырып, байланыс торабы дұрыс
жұмыс істеу үшін келесі негізгі
тұжырымдарды игеру керек:
корпоратив тораптың сәтті
түрде құрастыруына алдын ала
жүргізілген жоспарлау, қойылған мақсат,
өзгерістерді басқару мен ұжымның
ұйымшылдық дәрежесі әсер етеді;

