Жердегі су қоры

                                  Жердегі с қоры

    Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Олар 1353985 мың км3.Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп су бетіне жайсақ, оныі қалыңдығы шамамен 2,5км болар еді. Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км, ал ең терең максималдық тереңдік 11022 (Мариан шұңғымасы).

    Жердегі судың басым көп бөлігі тұзды су болып табылады. Ол жалпы қордың 97,5 % үлесін құрайды, бірақ тұщы судың көлемі де өте көп. Оның мөлшері 35 млн км2-ге тең.

    Әлемдік мұхит деңгейінің озгермелі жағдайында Жердің су балансы төмендегідей болады. Планетаға түсетін жауын шашын булануымен теңеседі. Екі шамада 577000 км2 жылына жуық. Мұхиттың булануы жауын-шашынның 47000 км3 жылына артық. Құрлықта кері заңдылық байқалады – булану жауын шашыннан 47000 км3 жылына кем. Осы су қзен ағысымен мұхитқа қайтарылады.

      Қазіргі кезде әлемдік су балансы мұхит жағына қарай ығысқан. Соңғысы судың  буланған мөлшеринен жыл сайын 430-550 км3 артық алады Осының нәтижесінде мұхит деңгейі біртіндеп көтеріліп келеді .Қосымша ылғалды 75% мұхиттар мұздыұтың еруі, 18,5 – жерасты қорының пайдалануы, 7% - көлдердің есебін алады. Құрлықтағы жауын-шашынның толық буланбауы жылудың жетіспеуінен емес, экожуйенің реттеушілік рөліне байланысты болатынын атап қту қажет.

                Судың сандық мөлшерінің сарқылуы мен ластануы

     Қазіргі адам әр түрлі су көздерінен алып, тұщы судың табиғи қорының 0,1-0,15%-ын пайдаланады. Судың болмашы молшерінің алынуы сырт көзге судың жетіспеуін туғызбау керек сияқты. Оның үстіне ол сарқылмайтын ресурс ретінде зат алмасуға қатысып, қатадан су көздеріне қайтып келеді. Бұкіл гидросфера аумағында су тасылуы мүмкін емес, бірақ бұл мәселе аймақтық тұргыда болуы мүмкін.

    35 млн км3 тқщы судың шамамен 70%-ы мәнгі мұздықтар мен мәігі қар түрінде болады. Бұл суды адам іс жүзінде пайдаланбайды. Олар «өлі» су қорын түзеді. Сонымен қатар топырақтағы су, атмосфералық су мен тірі ағзалардағы су пайдаланылмайды. Батпақтардың суын пайдалану шектелген.Жердің терең қабатындағы суды игеру қиын. Тутас алғанда адамзат шамамен 3млн км3 суды пайдалана алады. Бұл қоғамдық техникалық мүмкіндіктеріне байланысты.

    Табиғи су көзін пайдаланғада су ресустарының қайта қалпына келу жылдамдығы есепке алу қажет.

   Көл сулары орта шамамен 17 жылда, жерасты сулары тек 1400 жылдан соң қалпына келеді. Жер астының терең қабаттарындағы су қоры тіпті қалпына келмейді. Себебі атмосфера жауын-шашын-құрлық-зат жүйесіндегі зат алмасуға қатыспайды.Қазіргі кезде ең таза болып есептелетін жерасты сулары олардың қорының көп болуына қарамай тез таусылуы мүмкін.

     Техникалық және экалогиялық жағынан ең тиімдісі – жылдам қайта келуі, жеңіл алынуы, територияда салыстырмалы бірқалыпты орналасуы, жоғары дарежеде оздігінен тазаруға қабілетіне байланысты өзен сулары болып табылады. Қазіргі кездегі суды пайдалану негізінен өзен көлдерден алынады.

 

    Қазіргі дүние жүзі бойынша пайдаланылатын судың жалпы мөлшері 4000 км3 жақын.Судың негізгі бөлігі өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда қолданылады.

     Қайтымсыз суды қолдану негізінен суармал егістікке тән. Бұл жерде ол 60-70% және оданда жоңары. Бұл кезде суды пайдаланудың негізгі мақсаты судың максималды булануы мен байланысты және ол судың берілген аймақтың су алмасуынан шығарылуына әкеледі.

      Ағыстың уақытындаәртектілдігін  нетралдау үшін қоймаларына су  қорын жинайды. Бірақ бұл кездеде өзіндік теріс әсері болады. Олар ылғал айналымының бұзылуымен, жерлерді алу, су қоймасының бетінен судың көп булануы және т.б. құбылыстармен байланысты. Олай болса Жердегі тұщы су қорының көп болуына қарамай, адам мен көптеген экожүйе үшін судың жетіспеуі мүмкін. Ол судың жекелеген категорияларының баяу қалпына келуіне, кеңістікке біртекті емес таралуына, уақыт бойынша су қорының динамикалылығына, қайтымсыз пайдалану және тағы басқа құбылыстармен болады. Уақыт өте келе судың жетіспеуін болдырмау жолдарын іздеу қажет.

   Судың ластану мәселесі. Ластануға судың барлық категориялары, мұхит, континенттік, жерасты, әр түрлі дәрежеге ұшырайды.

     Судың әсіресе ауызсудың  халыктың денсаулығын анықтайтын маңызды факторлардың бірі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша су сапасының төмен болуы себепті шамамен 5 млн адам өледі де, әр түрлі дәрежеде уланған немесе ауырған саны 500 млн-нан 1 млр-қа дейін жетеді.

   Барлық сулардың құрамында еріген  заттар болады. Судағы көп кездесетін элементтерге кальций, хлор, калий жатады. .

   Судың химиялық элементтердің  жиынтығы жануарлар мен адам  қанына жақын болады. Бұл өмірдің суда пайда болғандығының дәлелі бола алады.

   Судың тұздылығы әдетте онда еріген химиялық заттардың жалпы мөлшерімен не есе құрғақ қалдықпен анықталады.

   Теңіз суында шамамен 35 г/л  тұз болады. Суда органикалық заттар мен әр түрлі жүзіп жүрген заттар, сонымен қатар патогенді ағзаларда болады.

    Адам суды пайдалану мақсатына байланысты бағалайды: ауызсу, техникалық қажеттіліктер ушин, ауыл шаруашылық қажеттілігі үшін және т.б. Судың сапасын бағалау үшін рұқсат етілген концентрациялар қолданылады.

   Судың бактериялық жағдайы төмендегідей  анықталады: 1) судағы бактериялардың жалпы саны, ол судың 1 мл-де 100-ден аспауы керек; 2) ішек таяқшасы тобы бактериялардың саны арқылы. Ол коли-индекс: судың 1 литіріндегі ішек таяқшасының шамасы  немесе коли-титрмен анықталады: бір ішіек таяқшасы болатын мөлшері анықталады.

  Органолептикалық көрсеткіштерге судың иісі, түсі, дәмі, мөлдірлігі жатады.Су сапасының маңызды көрсеткіші – ондағы оттегінің болуы. Оған гибробионаттардың  тіршілігі мен судың өздігінен тазаруға тәуелді болады.

   Судың оттегімен қамтамасыз етілуі  оттегіні биологиялық көрсеркіші арқылы анықталады (ОБПК). ОБПК дегеніміз – биологиялық процестерге қатысуға қаблетті заттардың ыдырауына жиналатын оттегінің мөлшері. ОБПК –ны анықтау үшін су микроорганизмдеріне қажетті стандартты жағдайлар жасалады. Оттегін пайдалану,әдетте, 5 күнде бір литр суда өлшенеді. Неғұрлым оттегі көп пайдаланса, соғұрлым су органикалық және басқа биодеградациялаушы заттармен ластанған.

    Суларда биологиялық ыдырауға  төзімді заттар көбейіп келеді (мысалы органикалық еріткіштер). Оларды ОПБК көрсте алмайды.  Мұндай заттардың болуын оттегіні  химиялық пайдалану көрсеткіші  арқылы бағалайды. Ол су үлгілерінің  күшті тотықтырғыштармен, мысалы, калий бихроматы мен риакциясы  арқылы анықтайды.

     Әдетте шайынды суларды ОХПК 100 мг/л артпаған жағдайда ғана  су қоймаларына төгуге рұқсат  етеді.

     ОБПК мен ОХПК көрсеткіштерінің  қатынасы судың оздігінен тазару қабілетін қөрсетеді. Егер бұл қатынас бірге тең болса, өздігінен тазару қабілеті ең жоғары болады.

     Суды ластаушы заттар. Сулардың ластануы ең бірінші рет су қоймаларына әр түрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әр түрлі тізбекті реакцияларға түсуы арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері минералдық тыңайттқыштар, улы химикаттар және т. б. Заттар жатады ( азот, фосфор және басқа биогенді элементтер мен олардың қосылыстары, органикалық заттар, пестицидтер, тұрмыстық қалдық, мұнай және мұнай өнім).

     Су жүйелеріне жылулық ластану айтарлықтай зиян келтіреді. Ол ыстық су төгу немесе басқада факторлардың әсерінен температураның өзгеруі нәтижесінде орын алады.

     Қазір бүкіл планетада іс жүзінде  кандайда бір дәрежеде адам  қызмет нәтижесінде ластанбаған  бетті тұщы су көзі жоқ деуге  болады. Солтүстік салаларының тазалығы  туралы түсінік тек алдамшы.  Бұл сулардың аз ластануы олардың  олиготрофтылығынан (тіршілік кедейлігі), өздігінен тазару өабілетінің  әлсіз болуы мен төмен температурамен  теңеседі. Осы уақытқа дейін мұхиттың  шексіз өздігінен тазаруға қабілеті  туралы түсінік қалыптасқан. Қазір бүкіл адамзат мұхиттың дүниежүзілік қоқыс төгетін жер еместігіне көз жетіп отыр.

   Атақты мұхит зерттеушісі Жак  Кусто егер оны уландыру тоқталмаса  оның тіршілігі жойылуы мүмкін  деген қауып айтады. Қазір кең  таралып отырған қауіпті ластаушы  заттарға мұнай мен мұнай өнімдері  жатады. Белгілі мәліметтер бойынша  қазір мұхиттық суына жыл сайын  30-дан 50 млн тоннаға дейін мұнай  төгіледі. Ал оның әр тоннасы  12 км2 суды қабықшасымен жаба алады. 0,05 мл/л мұнай су құрамында болса, су ішуге жарамсыз, ал концентрациясы 0,5 мл/л болғанда көптеген су ортасымен байланысты ағзалар тіршілігін жояды. Иістік құбылыстардың әсерінен балықтар мен т. б ағзаларды миграциялық жолдары өзгереді. Мұнаймен және басқа ластануға, әсіресе планктон сезімтал. Оның жойылуы көптеген басқа ағзалардың тіршілік етуінің мүмкңн болмауына әкеледі.

    Мұнайлы қабықша су бетінің шағылыстыру қабілеті (альбедо) өзгереді. Ол жылу балансының өзгеруіне және ғаламдық жылу мен ылғалды тасымалдау қубылыстарына әкеледі. Мұнайдың айтарлықтай мөлшері жағалауға барып, ол жаңалаулық экажүйелерді жояды. Бузылған экожүйелердің қалпына келүіне өте көп уақыт керек. Мұнайдың бір бөлігі грунтқа сіңе отырып, грунт суларына, одан су айналымы арқылы қайтадан қазба көзіне қайтып келеді. Қиын ыдырайтын мұнай өнімдері мұхит ағыстарына түседі де, үлкен ара қашықтыққа таралады.

   Егіншілік пен айналысатын аудандарда  ауыл шаруашылығы судың негізгі  ластаушысы болып табылды. Су  топырақтық бұзылу өнімдермен, тыңыйтқыштармен,  улы химикаттармен, мал шаруашылық  кешендернен шайылған сулармен  ластанады.

   Мал шаруашылық кешендері кейбір  айматарда негізгі мәселе болып  табылады. Мысалы ФРГ-да мал шаруашылығының  шайынды суларының қалдықтары тұрмыстық сумен салыстырғанда 5 есе көп. 100 мың ірі қара мал басы бар кешен қоршаған ортаны миллион халқы бар қаламен бірдей ластандырады. Мұндайкешендердің негізгі ластануы органикалық заттар мен және азоттың әр түрлі қосылыстарымен, биологиялық агенттермен байланысты.

    Судың жылулық ластануын атап  өтпеуге болмайды. Жылыған сулардың  негізгі көзі жылу және атомдық  электр станциялары болып табылады. ОС және басқа да объектілерде  суды салқындатқыш ретінде қолданылады. Жылу электр станцияларындар әрбір миллион киловатт энергияны алу 1,5-2 км2 суды жылыту арқылы жүреді. АЛ атом электр станцияларында жылынға судың көлемі алынатын энергия білігіне шаққанда 2-3 есе көп.Жылытылған сулар арнайы салқындатқыштарда салқындатылып, қайтадан ондірістік процестерде пайдалануы керек. Бірақ жылу сулардың айтарлықтай мөлшері су қоймаларына төгіліп, олардың жылулық ластануын туғызады.

      Сулардың негізгі ластануы көбінесе  олардың су объектілерінен тыс  су жинағыш бассейндерде,айналымының  бұзылуы нәтижесінде орын алады.  Мұндай құбылыстар табиғи экожүйелердің  қайта құрылуы немесе бұзылуына  байланысты.

    Суды пайдалануға оны қалдықтар мен қоқыстардан, соның ішінде улы және радиоактивті элементтерден құтылу үшін қолдану жатады. Мұндай қалдықтар суға контейнелерде тасталса да, олар мәңгілік емес, уақыт қте келе бұзылады да, ішіндегі заттар суға түседі.

   Орманды тасымалдауға пайдаланатын  өзендер, әсіресе солтүстік, ағызу  кезінде бататын ағаштың ыдырау  өнімдеріменластанады. Көптеген осындай  мақсатта пайдаланатын өзендерде  бірнеше қабат ағаштар болады. Олар фенолдар, лигниндер және т.б. органикалық заттардыі көзі болып табылады.

     Айтарлықтай теріс экологиялық  нәтижелер су қоймаларына байланысты  болады. Олар да биодеградацияға  ұшырайтын немесе нашар ұшырайтын  заттардың қоймасы болып табылады. Көптеген су қоймаларының түбінде  ауыр металдар, радиоактивті элементтер  шоғырланған. Олар әдетте метан  мен басқа да шіру өнімдерінің  түзілу көзі болып табылады. Мұндай  су қоймалары суының деңгейінің  төмендеуі ауаның және шекаралас  жатқан територияның да ластануына  әкеледі.

   Мұнан да ауқымды мәселелер  су қоймасын жою кезінде туындауы  мүмкін. Себебі әрбір, тіпті ең ірі су қоймасының өзі ерте ме кеш пе өзінің резервуары немесе гидроэнергия ретіндегі маңызын жояды.

            Ормандардың экологиялық маңызы

Ормандардың экалогиялық қызметін бағалауда олардың қоршаған ортаға әсерінің екі түрін атап көрсетуге болады: биогиохимиялық және механикалы немесе физикалық. Биогиохимиялық қызмет әр түрлі физиялогиялық процестердің жүзеге асуы арқылы жүзеге көрінеді. Механикалық қызметі биомасса, оның көлемі арқылы, сонымен қатар алып жатқан ауданы және негізінен бірлестіктің іші мен одан тыс территорияда арнайы экоклиматты түзу, ауадығы заттарды тұндыру қызметі арқылы көрінеді.

        Бірінші қызметі органикалық заттың түзілу жылдамдығына (өнімділік) байланысты. Ұзақ өмір сүретін ағашты өсімдіктер көп мөлшердегі биомассаны түзуге қабілеттілігіне байланысты, ортаға әсер ететін фактор болып табылады.

      Ормандардың көміртегіне қатысты қызметі. Атмосферадағы көміртегінің артық мөлшерін шығару арқылы парниктік эффект мәселесін шешуде адамдар орман экожүйелерінен үміттенеді. 1 т (абсолюттік құрғақ салмақ) өсімдік өнімі түзілуі үшін 1,5-1,8 т көмірқышқыл газы сіңіріліп, 1.1-1,3 т оттегінің бөлініп шығатыны белгілі. Өнімділігі орташа орманға есептесек, 1 га орман жылына 6-7 т көмірқышқыл газын сіңіріп, 5-6 т оттегін бөліп шығарады.

     Ормандардағы көмірқышқыл газының орасан көп мөлшерінің концентрациясы ағаштар биомассасының үлкен болуына байланысты. Жер шарының өсімдіктерінде жиналған көміртегінің бүкіл массасының  92%-ы орман экожүйелерінде жиналған.Құрлықтың басқа жүйелерінде көміртегінің тек шамамен 7%-ы ал мұхиттың өсімдік ағзаларында – 1%-дан кемі шоғырланған. Көміртегінің көп мөлшері ормандардың өлі органикалық затында (детрит), топырақ гумусында және орман батпақтарының торфтық қабатында сақталған. Сондықтан, көміртегіні байланыстыру процестерін жылдамдату үшін ормандардың ауданын кеңейту мен өнімділігін арттыру шаралары қолға алынуы қажет.

       Өкінішке орай қазір жер шарында ормандардың ауданы мен биомассасының кемуі адамзатты толғандырып отыр. Бұл олардың тек көміртектік функциясын ғана емес, басқа да көптеген функцияларының орындалуына әсер етеді.

       Ормандардың ауа тазартудағы қызметі. Атмосферадағы көміртегі балансына әсер етумен қатар, ормандар ауадағы басқа да бөгде заттарды жоюға қабілетті. Ауаны ластаушы заттардан тазарту оларды сіңіру арқылы да  (бірінші ретті), физикалық тұндыру (екінші ретті) арқылы да жүзеге асырылады.

       Өсімдіктердің бірінші ретті қызметі ластаушы заттарды, соның ішінде улы заттарды (күкіртті ангидрид (SO2)) денесінде жинауы арқылы көрінеді. Улы заттар кейін топыраққа түскен жапырақтармен немесе басқа жолмен ағзадан шығарылады. Мәліметтер бойынша 1 кг жапырақ маусымда 50-70 г күкіртті газ, 40-50 г хлор және 15-20 мг қорғасынды сіңіре алады. Азоттың қос оксиді және аммоний тұздары түріндегі қосылыстары аз мөлшерде сіңіріледі де, тамырдан тыс үстеме қоректендіру (жапырақ арқылы) факторы болып табылады. Бірақ бұл заттардың артық мөлшері, басқа да ластаушы заттар тәрізді өсімдіктердің тұрақтылығын төмендетіп, оларды уландырады.

      Екінші ретті қызметімен негізінен ауадағы бөлшектерді тұндыру байланысты. Бұл процесс құрғақ күйде де (ауырдың күшінің әсерінен), ылғалды атмосфералық жауын-шашында немесе су буында еріген күйде де жүруі мүмкін. Орман алабында орманды емес жермен салыстырғанда ауаны тазарту интенсивтілігі 20-30 есе жоғары болады. Ауа жоғары дәрежеде шаңданған кезде, 1 га орман жылына 50-60 т шаңды сіңіріп, тұнбаға түсіре алады. Танап қорғайтын орман белдеуі ауаны топырақтың желэрозиясының өнімдерінен тазартуында осы эффект қолданылады.

     Орман шуды кемітеді, дыбыстың таралу қашықтығын төмендетеді. Өсімдіктердің ластаушыларды нейтралдауы мен олардың өсімдіктердің тіршілік қызметіне зиянды әсер етуі қатар жүреді.

    Ормандардың климаттық және метеорологиялық қызметі. Ормандар метеорологиялық факторларға да әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға әсер ете отырып, өзіне тән ерекше ортасын түзеді. Метеорологиялық көрсеткіштердің өзгеруі орманнан тыс жерлерге де таралады. Осы қасиетіне байланысты ормандарды топырақты, егіс танабын, жолдарды, тұрғылықты жерлерді қорғауды пайдаланылады.

   Орман мен ашық жерлерді ауаның температурасы мен ылғалдығы арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Тек жазда ашық ауа райы кезінде ғана ормандарда 2-5○С төмен болуы мүмкін. Орташа алғанда жазда орманда 1-2○С ғана салқын. Қыста орманда едәуір жылы болады.

    Ормандар күн радиациясына көп әсер етеді. Ашық жердегі күн радияциясын 100% деп алсақ, онда орманның жарық сүйгіш өсімдіктер (қарағай, қайың, және т.б.) белдеуіне 10-15%, ал көлеңке сүйгіш ағаш түрлерінен тұратын (шырша, самырсын) орман белдеуіне тек 3-5% ғана жарық түседі.

     Орманда ауа мен топырақтың жоғары қабатында ылғалдылық жоғары болады. Орман астындағы топырақтың терең қабаттары болса, шөптесін өсімдіктер бірлестігімен салыстырғанда құрғақ.

    Орман өзінен алыс жатқан жерлерге де әсер етеді. Орман белдеуінің шекаралас жатқан территорияларға әсер ету дәрежесі ағаштардың биіктігіне, тығыздығына байланысты.

    Адамдар ерте кездердің өзінде өзен суының және құдықтағы су деңгейінің ормандардың болуына тәуелді екенін байқаған.Әсіресе, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ормандар мен су мәселесіне көп көңіл бөліне бастады. Орман грунт суларымен қоректендіреді. Олар беттік су ағысының көп мөлшерін жер астына өткізеді. Грунт сулары өзендерді қоректендіре отырып, олардағы су деңгейінің қыс пен жазда жоғары болуын қамтамасыз етеді. Көктемде және жаздың жауын кезінде өзендерге су ормансыз жерлерден беттік ағыс бойынша келеді. Бұл судың топырақ эрозиясының өнімдері мен басқа да агенттермен ластануына әкеледі. Ормандардың грунт суларын арттырып, беттік ағысты кемітуінің негізгі себебі, ондағы топырақтың су өткізгіштігінің жақсы болуына (жабын қабатымен, тамырлармен қопсытылған) және оның бетіне ылғалдың біртекті түсуіне байланысты.

    Ормандар күшті эклжүйе ретінде өздігінен тазару мен техногенездің бұзушы күштеріне қарсы тұру қабілетінің жоғары болуымен сипатталады.

    Орман экожүйелер ластанған суларды тазарту үшін де қолданады. Ені 30 м орман белдеуі арқылы өткен суда аммоний тұздарының мөлшері 5 есе аз, SO2 – 6 еседен астам, фосфор менкалий 10 есе кеміген.

    Орман экожүйеллері судың бактериалдық және физикалық қасиеттеріне қолайлы әсер етеді. Егіс танабынан алынған жауын суының коли-индексі (1 л судағы ішек таяқшасының саны) 18-ге тең, ал 45 метрлік орман белдеуі арқылы өткенде 9-ға дейін кеміген. Судың мөлдірлігі 5 есе артқан.

   Орман кесілгенде. Оның с у  қорғау және басқа да қаситтері  жойылады. Екінші реттік су сукцессиясы  нәтижесінде орман қалпына келсе,  бұл қасиет те қалпына келеді.

    Өсімдіктердің тікелей су қоймасындағы  суды тазартудағы маңызы зор.  Америкада осы мақсатта гиацинттердің  бір түрі қолданылады.Бізде шахталар  мен шайынды суларды тазалауда  қамыс, рогоза пайданылады.

   Антропогендік қысым жағдайында ормандардың тұрақтылығын сақтау мәселесі. Ормандардың қоршаған ортаны тазарту функциясы, олардың зақымдануы мен тұрақтылығының төмендеуімен, жойылуымен байланысты. Ормандардың зақымдануының жалпы зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғау іс-шаралары төмендегідей:

  1. Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрид пен оның туындыларымен ластануы болады. Сонымен қатар азот тотықтары, фтор, хлор фотохимиялық смог өнімдері де айтарлықтай зиянды әсер етеді.
  2. Улы заттар өсімдіктерге де құрңақ тұнбалар түрінде, не қышқыл жауын-шашынға айналғанда әсер етеді. Ең алдымен ассимиляциялаушы аппарат зақымданады. Сонымен қатар токсиканттар, әсіресе қышқыл жауын түрінде өсімдіктердің әр түрлі бөліктерінен биогендік және басқа да заттардың сілтенуі, топырақтың қышқылдануы, тамыр жүйесінің улнуы мен бұзылуы арқылы әсер етеді. Жер асты мүшелеріне минералдар мне қосылыстардан токсинаттардың әсерінен бөліп шығатын алюминий күшті уландырғыштық әсер етеді.
  3. Улы заттардың өсімдіктері әсері баяу улану немесе кую түрінде болуы мүмкін. Олардың жойылу да баяу немесе бірден болуы мүмкін.
  4. Улануға және жойылуға көбінесе қылқанжапырақты ормандар ұшырайды. Бұл құбылыстың себебі – ұзақ өмір сүретін қылқанның улануы. Сондықтан қылқанжапрақты ағаштардың зақымдануының бірінші белгілеріне қылқанның өмір сүру уақытының кемуі мен ағаш қылқандары санының кемуі жатады. Тұрақты түрлерге көгілдір шырша жатады. Сондықтан бұл ағашты қалаларда жиі өсіреді.
  5. Жалпақжапырақты ағаштардан улы заттардың әсерінен емен, бук және басқа қатты сүректі ағаштар тез зақымдалады. Жұмсақ, жапырақты ағаштар (қайың) тұрақтырақ. Сондыұтан қалаларда, өндіріс орындарының айналасында олар қылқанжапырақты ормандарды ауыстырады. Өте күшті ластанған жерлерде жапырақты ағаштарды жағдай талғамайтын шөптесін өсімдіктер алмастырады.
  6. Улы заттарға қыналардың сезімталдығы жоғары. Оларды ластанудың индикаторы ретінде пайдаланады. Токсиканттар мен көптеген мәдени дақылдар тез зақымданады (қызанақ, қияр)
  7. Ластанған атмосферада ағашты және көптеген көпжылдық өсімдіктердің өмірі сүру жасы қысқарады. Бұл ағзалардың созылмалы улануына және жасқа байланысты токсиканттарға деген сезімталдық артыруна да байланысты.
  8. Адам үшін   жасалған ластаушы заттардың рұқсат етілген концентрация (РЕК) кортеген өсімдіктерге колдануға болмайды. Себебі , өсімдік ағсаның сезімталдығы жоғары
  9. Атмосфераның ластануының орманда биологиялық іс-шаралар қолданылады. Оларға: өсімдіктердің анағұрлым тұрақты түрлері мен формаларын (экотиптер) анықтау мен пайдалану, топырақтың құнарлығын артыру (тынайтқыштар,суару),фитоценоздарды жылдам жаңарту, жаңа қолтұқымдарды шығару және т.б. жатады.

 

    1. Ормандарға рекреациялық қысымның әсері

 

«Рекреация» ұғымы үйден тыс жерде адамдардың денсаулығы мен еңбекке жарамдылығы  қалпына келтіруді сипаттайды. Рекакциялық  обьект ретінде ормандар мен ормандық ландшафттар кеңінен қолданды.

     Қала тұрғынына табиғат аясында  күшін қалпына келтіру үшін  қала не тығыз коныстанған  басқа да жермен салырғанда 4-5 есе аз уақыт қажет екен.

    Қала халқының санының артуы  мен стрестік құбылыстардың артуы  әсерінен адамдар табиғатқа жақын  болуға тырысады. Осыған байланысты  рекреакциялық мақсатта қолданылатын  ормандардың көлемі де, оларға  жасалған қысымда артып отыр. Орман өсіру ғылымының жеке  бөлімі – рекреакциялық орман  шаруашылығы қалыптасқан. Оның міндеті - жекелеген экожүйелердің рекреакциялық бағасын анықтау, қысымды реттеу іс-шараларын жасау, экожүйелер мен шаруашылыққа зиянын төмендету.

     Реакциялық ормандарға жасалатын  зақымданушыларды кеміту үшін  арнаулы іс-шаралар жүргізіледі.

  1. қысымды реттеу. Орманға келетін адамдарды белгілі бір саны арқылы жүзеге асырылады;
  2. қысымның теріс әсерлерін кеміту. Жолдарды жасау, автокөлік туратын жер, демалатын орындарды белгілеу;
  3. демалушылар арасында тәрбиеліе және түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

 

       6.5.  Су тапшылығы  мәселесін   шешу    

Су  қорының  сандық сарқылуының алдын алуға  бағытталған іс-шаралар:

1) Суды аз пайдаланатын технологияларды қолдану;

2) Өндірістік жағдайда суды бірінше рет пайдалануға өту (тұйық немесе қайтымды циклдер)

3) Өндірістік процестерге ауызсуға арналып берілетін суды пайдаланбау.Бұл ең алдымен сапасы жоғары жерасты суларына  қатысты;

4) Ауызсу, тамақ дайындау және санитарлық-тұрмыстық мақсатта пайдаланылатын суды бөлек беру. Суды қайта пайдалану;

5) Судың ысырап болмауын және  суды өлшеп беруді қамтамасыз ететін су  таратушы қондырғыларды пайдалану ;

6) Тұтынушыларға жеткізу кезінде және әкетуде   судың ысырап болмауына жол бермеу;

7) Суға экономикалық тұрғыдан дәлелденген бағаны тағайындау . Ол суды үнемдеуге және қайтадан пайдалануға әкелетіндей болуы қажет. Іс жүзіндегі бағаны қою суды үнемдеуді 1,5-2 есе атртырады.

8) Су қоймаларын жасау және оның бетінен булануды кеміту. Мұндай шығынды болдырмаудың негізгі жолы –су қоймаларының ауданың жағалауларда көтеру мен тауз жерлерін бөліп тастау. Ірі су қоймаларын өзендерде салу тиімсіз;

9) Қайтымсыз шығын болатын суды кеміту;

10) Суармалы егіншілікте суды тиімді пайдалануда жетілдірілген технологиялар мен жана суару әдістерін қолданудын мүмкіндіктері зор.

 

 

7.4.   ПЕСТИЦИДТЕР  ЖӘНЕ ОЛАРДЫ  ҚОЛДАНУДЫҢ                                   

               ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ 

 

Пестицидтердің  түрлері. Адам үшін қажетсіз ағзаларды  жоюға не саның кемітуде қолданылатын заттарды пестицидтер ( лат.пестис-жүқпалы,қажетсіз, цедус-өлтіру) деп атайды. Бұл заттардың  барлығы ксенобиотиктер,яғни тірі ағзалар  мен тұтас алғандағы биосфера үшін богде заттар болып табылады.                                                                          

    Пестицидтерге   мына препораттар жатады; өсімдіктерді  жою үшін қолданылатын –гербицидтер,бунақ  денелерді-инсектицидтер,саңрауқұлақтарды-фунгицидтер,кенелерге  қарсы-акарицидтер,балдырларға қарсы-альгицидтер  және т.б.

  Пестицидтерге  сонымен қатар, ағзалардың физиологиялық  функцияларын фзгертетін немесе  оның жекеленген мүшелеріне әсер  ететін заттар да жатады.Дефолианттар- өсімдікткрдін жапырағын түсіретін,дефлоранттар  –өсімдіктердің гүлдердін жою  үшін, репеллент –жануарларды қорқыту  үшін ,аттрактанттар-жануарларды өзіне  тарту үшін, фумиганттар-дезинфекция  мақсатында ауыл шаруашылық танаптарын  немесе ғимараттарды түтіндету  үшін қолданылады.

    Пестицидтердің  топтары.Соңғы жылдары улылық  дәрежесі жоғары, бірақ тіршілік  периоды қысқа пестицидтерге  сұраныс артуда.Пестицидтерге мысал,  кеңінен танымал препарат ДДТ  (дихлордифенилтрихлорэтан) ,дильдрин,линдан,альдрин  және т.б.жатады.  Аталған препараттардың  зиянды экалогиялық эффектісі-улылығы  төмен болғанмен өмір сүру  уақытының ұзақ болуы. ДДТ қоршаған  ортада ондаған жыл сақталады  (жартылай ыдырау кезеңі шамамен  20 жыл).  

   Пестицидтердің  өздерінің өмір сүру уақыттының  ұзақтығылымен қатар,ағзаларға олардың  ыдырау өнімдерінің де әсерін  есепке алу қажет. Мұндай пестицидтерге  құрамында ауыр металдар болатын(қорғасын,мышьяк, сынап) препараттар жатады. Олардың  органикалық мысылы сынапорганикалық (гранозан, меркуран) немесе бейорганикалық, мысалы мышьякты( натрий арсенаты, калий арсенаты )  табиғаты болуы  мүмкін.Аталған пестицидтердің Б.Небел  бірінші буынның пестицидтеріне  жатқызады.Олар тұрақты болуымен (сынапорганикалық -10 жылға дейін)  сипатталады. Олардың ыдырау өнімдері (ауыр металдар) өте жоғары тұрақтылықпен  сипатталады.Бұл заттар топырақта,қоректік  тізбекткрде, олай болса азық  түлікте жиналуға қабілетті.      

Жердегі су қоры