Жергілікті иммунитет. Кілегейлі қабықпен, өкпемен,терімен ассоцияланған лимфоидты тіндер
АҚ «Астана Медицина Университеті»
Кафедра: Жалпы иммунология
СРС
Тақырыбы: Жергілікті иммунитет. Кілегейлі қабықпен, өкпемен,терімен ассоцияланған лимфоидты тіндер.
Пайдаланылған әдебиеттер:
- Жалпы иммунология.. Шортанбаев Ә.Ә.,Кожанова С.В., Алматы 2008ж.
- Иммунитет,аллергия,
кортикостероидтар., Беклемишев Н. Д.,Сатыбалдиева Ж.А., Алматы 1998 ж. - Иммунология., Хаитов Р.М.,Игнатьева Г.А.Сидорович И.Г. Учебник. –М.:Медицина,2000.
- Интернет: www.wikipedia.org
ЖОСПАР:
Кіріспе:
А.Иммунитет.Жергілікті иммунитет.
Негізгі бөлім:
Б.А.М.Безредконың жергілікті иммунитет туралы тұжырымдамалары..
В.Кілегейлі қабықпен ассоцияланған лимфоидты тіндер.,
С.Мукозды ассоцияланған лимфоиды тіндер.
Қорытынды:Фарингит лимфоиды тіндердің қабыну процессі ретінде; Иммунитеттің адам организміндегі рөлі мен маңыздылығы.
Иммунитет (латынша «immunitas» – бір нәрседен құтылу, босау) – қабылдамау, қарсы тұру, ағзаның қорғану қабілеті. Иммунитет – жұқпалы аурулар мен бөгде денеге қарсы тұру. Иммунитеттің негізін салған ғалым – И. И. Мечников. Ағзаны жұқпалы індеттен қорғау тек фагоцитті жасушаларға (лейкоциттер) ғана байланысты емес.Негізгі иммунитет құруға жауаптылар –ол иммунды жүйенің жоғары арнайылықты жасушалары-лимфоциттер.
Ағзаға енген бөгде нәруыздарға қарсы түзілетін ерекше нәруызды зат – «антителаға» да байланысты. Антитела (грекше «anti» – қарсы, орысша «тело» – дене) қанда немесе ұлпада пайда болған бөгде заттарға қарсы ағзада түзілетін ерекше нәруыз. Қан плазмасында қарсы дененің микроорганизмдерді бір-біріне жабыстырып тастау немесе жою (бұзу) қабілеті бар. Қарсы дене – лимфоциттердің қатысуымен түзіледі. Қарсы дененің ерекшелігі: қарсы дене өзінің түзілуіне себепші болған микробтарға немесе уға ғана әсер етеді. Зиянды заттардың молекуласымен химиялық реакцияға түсіп, оларды жояды. Лимфоциттердің басты қызметі – қарсы дене түзу болып табылады. Оларды кейде иммуноглобулиндер деп те атайды. Қарсыденелер лейкоцит жасушаларының кейб³р түрлер³нен түзіледі де, қан плазмасында болады. Олар ағзаға түскен микробтарды жояды.
Әйгілі иммунолог А.М.Безредка ғылымға <<жергілікті иммунитет >>туралы түсінікті енгізді.Оның айтуы бойынша иммунитеттің өзінінің қорғаныш факторы болмай ол организмге бөгде заттарды қабылдамайды деп тұжырымдады.А.М.Безредка ойлады жергілікті иммунитеттің тұрақтылығын организмнің сезімтал клеткалары қамтамасыз етеді.Бұл клеткалар әлсіздікке немесе өлген микроорганиздерге үйренген деп санады.А.М.Безредконың теориялық тұжырымдасы кеңге жайылды,бірақ уақыттың сынағына шыдамай,тек теория жүзінде қалды.
Жергілікті иммунитет -организм тұрақтылығын сақтап тұратын,әсіресе ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді,бөтен биологиялық антигендердің енуінен сақтайды.
Осыдан бірнеше жыл бұрын жергілікті иммунитеттің факторы болып антидене деп саналды .Антидене барлық сыртқы секреция бездерінде:жас,сілекей,орталық құлақтың сұйықтығы мен сүтте кездеседі.Жергілікті иммунитет организдмді ауру тудыратын микробтардың енуінен сақтайды және залалсыздандырады.Адам мен жануарларда автономды қызмет атқарады.
Иммунитетті иммундық жүйелер құрайды.
Иммундық жүйе адам ағзасында негізінен қорғаныштық қызмет атқарады. Иммундық жүйеде орталық және шеткі мүшелер болады. Орталық мүшелеріне – сүйек кемігінде болатын кемік майы және айырша без (тимус) жатады
Иммундық жүйенің шеткі мүшелеріне – бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, аппендикс өскіні (соқыр ішек) және лимфоидты жиынтықтар т. б. жатады. Жұтқыншақтың кілегейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада таңдай, жұтқыншақ және тіл бездері орналасқан. Бұл бадамша бездер ағзаға тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады.
Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам ағзасында 460-қа жуық лимфа түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады да, әрі биологиялық, әрі механикалық сүзгінің қызметін атқарады. Лимфа түйіндері қызғылт-сұр түсті.Мөлшері 3-30мм;сопақша немесе домалақ пішінді;адамда 500-ден l000- ға дейін лимфа түйіндері бар.Лимфа түйінінде:қыртысты және майлы аймақтарын ажыратады. Екі аймақтың арасында паракортикалды қатпар жатыр.В-лимфоциттер қыртысасты аймақта жинақталса,ал паракортикалды аймақта негізінен Т-жасушалар орналасқан.Түйіннің милы аймағында лимфоциттердің екі класы (В-лимфоциттер басым)мен макрофагтар кездеседі.
Лимфа түйіндерінің жасушалық құрамында В-лимфоциттері көбірек кездеседі. Ал жалпы барлық жасушалар санының ішінде 65% Т-лимфоциттер,28%В-лимфоциттер үлесіне тиеді.
Көкбауыр – құрсақ қуысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9–11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10–14 см, ені 6–10 см, қалыңдығы 3–4 см, салмағы 150–200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі, әрі уақытша сақталады.Гемопоэзге қатысады;гемоглобинді билирубинге айналдырып,темірдің қанайналымға қайта әкеледі;айналымдағы қан көлемін реттейді және т.б. Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттер жиналады.
Бадамша без-жоғарғы тыныс жолдарын инфекциядан қорғап,ауыз қуысындағы микробтың ценоздық дамуына қатысады.Сонымен қоса адам денесіндегі лимфоидты тіндерін қосымша лимфоциттермен қамтамасыз етеді.
Аппендикс.Оның лимфоидты тіндерінде антигендерге жауап қайтаратын бласты жасушалар мен лимфоциттер (В- және Т-лимфоциттер арақатынасы 1:14-1:20)жиынтығы кездеседіАппендикулярлы өсінді ішек микрофлорасының бір қалыпты жағдайын реттейді.
Орталық мүшелерге сүйек кемігі мен тимус кіреді.
Сүйек кемігі-иммундық жүйенің қанайналым мен орталық мүшелерінің қызметтерін біріктіретін мүше,ол көп қабілетті бағаналы жасушалардың,яғни барлық қан жасушаларының көзі болып табылады.
Көп қабатты бағаналы
жасушалардан пайда болатын жасушалар:эритроидтық
,одан эритроциттер түзіледі;миелоидтық,одан
нейтрофилдер,моноциттер,
Тимус(айырша без)-филогенетикалы ежелгі лимфоидтық мүше,онда лимфоидтық жүйенің түзілуі мен қызметінің реттелуі және де жасушалық иммунитеттің дамуы жүреді.Алдыңғы көкірекаралықтың жоғарғы бөлігінде,төстің астында,жүрек үстінде орналасқан.
Иммундық мүшелер ағзаның ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді. Иммундық мүшелерде түзілген лимфоцит жасушаларының ағза үшін маңызы өте зор. Лимфоцит жасушаларын атқаратын қызметіне байланысты 2 топқа бөледі. Олардың біріншісі Т-лимфоциттер, екіншісі – В-лимфоциттер деп аталады. Лимфоциттердің бұл екі тобы да негізінен кемік майында түзіледі. Т-лимфоциттер айырша безде, В-лимфоциттер лимфа ұлпаларында толық жетіліп, лимфа арқылы таралады. Олар ағзада иммунитеттің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Қыс-көктем мезгілінде адамның иммунитеті азайып, ағза әлсіреп, түрлі ауруларға төтеп бере алмайды. Ал көптеген жұқпалардың белсенділігі керісінше арта түседі. Осындай «қыс-көктемдік» жұқпаларға менигококк жұқпасын жатқызуға болады.
Жыл сайын менингококк жұқпасы біздің облымста да тіркеліп отырады. 2009 жылы барлығы 11 жағдай тіркелген, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 жағдайға азайған. Соның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында - 9 жағдай (2008 ж- 14 жағдай).
Менингококк
жұқпасы – антропонозды аурушаңдық, яғни,
жұқпаның көзі менингококкты жұқтырған
адам болып табылады. Қалаларда адамдар
тығыздығы жоғары болғандықтан аурушаңдыққа
қала тұрғындары жиі ұшырайды. Менингококк
жұқпасы әсіресе жас балалар және иммунитеті
төмен адамдар үшін аса қауіпті.
Жұқпаның қоздырғышы - кофе дәнінің пішініне
ұқсас Neisseria meningitidis қозғалмайтын бактериясы.
Қоздырғыш қоршаған ортаның әсеріне әлсіз
келеді: ағзадан тыс құрғақ жерде, 22 градустан
төмен және 55 градустан жоғары температурада
5 минуттан кейін өліп қалады.
Қоздырғыш жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде сілекей тамшылары арқылы таралады. Ол белгілі бір жағдайда көбейіп, қоршаған ортаға мұрын мен жұтқыншақ сілекейі арқылы бөлінеді. Жергілікті иммунитет азайғанда минингококк сілемейлі қабыққа еніп, қабыну мен назофарингитке әкеп соқтырады.
Менингококктасымалдаушы – жұқпаның ең көп кездесетін түрі, еш белгісіз өтеді. Мұндай диагноз менингококктың мұрын мен жұтқыншақ сілемейінен бөлінуі тек бактериологиялық жолмен анықталғанда ғана қойылады.
Жіті
назофарингит - әдетте ауру жіті түрде
өтеді, сырқаттанғандарды жөтел, тамақтың
ашып ауруы, сілемейлі – іріңді сұйықтық
бөлініп, мұрыннның бітелуі мазалайды.
Адамның басы ауырып, дене қызуы көтеріледі.
Кейбір жағдайларда жақ асты бездер ұлғаяды.
Ауру 1-3 күнге созылады. Көп жағдайда ауру
толық жазылып кетеді.
Пневмония- менингококкты пневмония сирек
кездеседі. Ауруға пневмонияның барлық
белгілері жатады (дене қызуының көтерілуі,
кеуде қуысының ауруы). Әдетте, ауыр түрде
өтеді.
Менингококкцемия – назофарингиттен кейін немесе сау адамда да болуы мүмкін. Ауру қалтыраудан, дене қызуының 40-41 градус С көтерілуінен, бас ауруынан, жиі құсудан, бұлшықет, арқа мен аяқ-қолдың ауырсынуынан басталады. Ауырып бастағаннан кейін 5-15 сағат ішінде денеде бөртпелер пайда болады. Бөртпелер жамбас бөлігіне, аяққа, қолтыққа, жоғары қабаққа шығып, бір-бірімен бірігіп кетеді. Қанталаған бөртпелердің көлемі әр түрлі және бұрыс жұлдызшалар тәрізді болып келеді. Қанда бактерияның мөлшері неғұрлым көп болса, бөртпелер соғұрлым көп және ірі болады. Ірі бөртпелер некроз, яғни, терінің жансызданып, өлі еттенуіне әкеледі. Буындар зақымданады. Менингоккоцемия дертінің ауыр түрі қайғылы аяқталуы мүмкін.
Менингококковый
менингит – назофарингиттің клиникалық
көріністерінен кейін пайда болады. Ауру
дене қызуының күрт көтерілуінен, бастың
шыдатпай ауыруынан, тамақ ішпесе де, жүрек
айнымаса да адам құса береді. Ауыр түрі
орын алған кезде науқас бір қырынан, басын
шалқайтып жатып, аяқтарын тізе тұсынан
бүгіп алады.
Менингоэнцефалит – ауру адамда психологиялық
бұзулықтар байқалып, ұйқысы келеді. Шала
сал немесе толығымен сал болып қалады.
Аурудың генерализді түріне шалдыққан
науқасты жұқпалы аурулар ауруханасының
арнайы бөлімшесіне жатқызады. Назофарингитке
шалдыққан адамдар аурудың белгілері
нақты көрінген жағдайда немесе эпидемиологиялық
көрсеткіштері бойынша ауруханаға жатқызылады
(көп балалы отбасынын шыққандар, жатаханада,
балалар үйінде, басқа да жабық мекемелерде
тұратындар).
Менигококк
жұқпасы тіркелген мектепке дейінгі балалар
үйінде, соның ішінде жабық мекемелерде,
мектептерде, интернаттарда соңғы науқасты
ауруханаға жатқызғаннан кейін 10 күн ішінде
жаңадан балаларды қабылдауға тыйым салынады,
сонымен қатар балаларды және оларға қызмет
көрсететін адамдарды бір топтан екіншіге
аударуға болмайды. Ауру адаммен қатынасқа
түскендер отоларингологке барып, 10 күн
бойы дәрігердің қарауында болу керек.
Анықталған менингококк тасымалдаушы
балалар үйінен және жасөспірімдерге
арналған мекемеден алып шығарылады. Емдеуден
кейін және бір реттік бактериологиялық
зертеу кезінде теріс нәтиже көрсетілсе,
адамға қайта ұжымға баруға рұқсат беріледі.
Ошақта қорытынды дезинфекциялау жүргізілмейді. Ғимаратты жиі желдетіп, ылғалды шүберекпен сүртіп, жатын, оқу орындары мен ойын бөлмелерінде мүмкіндігінше адамдар санын азайту керек.
Иммунитетті
қалыптастыру мақсатында менигококк жұқпасына
қарсы вакцина шығарылып, қолданылуда.
Егу эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша
жүргізіледі.
Мұрын мен жұтқыншақта жіті немес созылмалы
қабыну белгілері бар адамдарға лор-дәрігерге
қаралу қажет.
Дәрігерлік тәжірибе болмаса, аталмыш ауруды басқа суық тиюлермен шатастырып алу қиын емес, сондықтан кез-келген белгісі біліне бастаса өздігінен емделмей, дер кезінде дәрігерге қаралу қажет.
Лимфоидты тіндер сонымен қоса кілегейлі қабықпен,өкпемен,терімен тығыз байланысты.
Лимфоидты
тін-кілегейлі қабақтың астында орналасқан.Бұған
аппендикс,лимфоидты сақина,ішектін лимфоидты
фолликулалары,аденоидтар сүйек кемігі
,тимус,көкбауыр және т.б.жатады.Ішекте
лимфоидты тінінің жиналуы –пейер табақшасы.
Лимфоидты тін(анат.lymha лат. – таза су,ылғал+грек.-eides
ұқсас) — лимфоциттер мен макрофагтардың
комплексы,клеткалық ретикулярлық стромада
орналасқан, функциялық паренхималық
лимфоидты ағзаны құрайды..
Бұл лимфоидты тін кілегейлі қабаққа микроорганизмдердің енуіне кедергі(барьерлік) жасайды.Ішекте жиналатын лимфоидтың және миндалдың кызметі:
- Тану қызметі-миндалиннің балалардағы жалпы көлемі өте үлкен(200см2).Бұл көлемде әрқашан антигендер мен иммундық жүйе қарым-қатынас жасайды.Дәл осы жерден бөгде агенттер туралы мағлұматтар орталық иммундық жүйеге жеткізіледі:тимус пен сүйек кемігі.
- Қорғау қызметі-кілегейлі қабақта миндалин,ішекті пейер табақшасы,аппендикста орналасқан.Т-лимфоциттер мен В-лимфоциттер,лизоцим және т.б. заттар қорғаныш қызметімен қамтамасыз етеді.
Иоффи пен Куртис (Yoffey, Courtice, 1970) лимфоиды тін мен қанайналым жүйесін бір системаға кіргізді.
Лимфоидтық жүйенің функциональдық клеткаларын лимфоцит,макрофаг,антигенге қарсы клеткалар мен кейбір жағдайда эпителий клеткасы құрайды.Бұл клеткалар диффуздық түзілісте немесе ерекше мүшелерде кездеседі.
Лимфоиды мүше біріншілікті(орталық) немесе екіншілікті мүшеге жатады.Біріншілікті лимфоиды тін-бұл қызыл сүйек кемігі және тимус.Комлекстің функциональдық қызметі-қанайналым(миелопоэз) және иммундық жүйенің арнайы клеткасын түзейді(лимфопоэз).Мүшелер мен тіндерде лимфоидтық түзілу байқалады,бұл лимфопоэзда жүзеге асады(тимус,лимфатикалық сақина,ішектің лимфоидық тіні) және <<аралас>> түзілу,бұл жерде лимфа мен бірге миелопоэз көрсетілед(cүйек кемігі,көкбауыр).Біріншілікті лимфоидты мүше лимфоциттердің даму орны болып табылады.Бұл жерде лимфоциттер бағаналы клеткалардан дифференцияланады.көбейеді және функционалдық клеткалар пісіп жетіледі.Құстарда В-клетканың түзілуі фибрициттік қалташада жүреді(сумка),содан кейін барып лимфоциттер лимфоидтық тінді орнатады,яғни бұл жерде иммундық жауап жүзеге асады.Сүйек кемігінің бағаналы жасушалары біріншілікті лимфоидтық мүшеде дифференцияланады ,иммунокомпонентті Т- және В-лимфоцит,содан кейін барып екіншілікті лимфоидты мүшені орналастырады.
Лимфоидты тін кілегейлі ассоцияланған,қорғаныштық қызметі IgA негізделген немесе қысқаша түрде немесе басқашаMALT ( mucosal-associated lymphoid tissue ). Лимфатиалық сақинаорганизге түскен бөтен заттарды фильтрлеп,керек жағдайларда оларға жауап та қайтарады. Көкбауыр қаннаң цитологиялық құрамын бақылайды,ал лимфоидтық тін кілегейлі қабықта мүшеде диффузды жайылған,өзімен инфекцияға қарсы барьерлік қызмет көрсетеді,қорғананыштық қызметі IgA секрециясына байланысты.Біріншілікті және екіншілікті лимфоидты мүшелердің және басқа тіндердіңм бірігіп жұмыс жасауы рецикулацияланған лимфоциттердің көмегімен жүзеге асады.
Антигенге қарсы иммундық жауап ,ағзаға кілегейлі қабақ арқылы түскен,яғни басталады лецкоциттерді қайта өндеу арқылы,ең бастысы пейер табақшасында жүзеге асады.
Әртүрлі лимфоидтық ағза әртүрлі организмдік жүйелерді қорғайды:көкбауыр антигенге жауап береді, циркулациялық қанда,лимфотикалық сақина антигенге жауап береді,лимфатикалық қантамыр арқылы келіп түскен;лимфоидты тіннің кілегейлі қабаты кілегейлі қабатты сақтайды.
Кілегейлі қабақтың мукозды эпителии қабаты эпителилі клеткамен тығыз байланыста,ол ішектің пейер табақшасында орналасқан,аппендикстің лимфоиды фолликулалары,жоғарғы тыныс жолдарының және брохтың лимфоиды фолликулалары,зәр шығару мүшесі,яғни бұл лимфоидты жиналу мукозды ассоцияланған тін атауын алды.Лимфоиды тіндерде, ассоцияланған кілегейлі қабықпен ,антиген ағзаға кілегейлі қабақ арқылы кіргенде организмдегі арнайы иммунитет жауап береді. Мукозды ассоцияланған лимфоиды тінде активтелген В-лимфоциттердің дифференцировкасы клетканың плазмасында жүзеге асады.
Иммундық жүйенің перифериялық ағзасы мукозды –ассоцияланған лимфоиды тінде келесілер жүзеге асады:
- Антигенді тану;
- Т және В лимфоциттердің антигенге тіуелді пролиферациясы мен дифференцировкасы;
- Т және В лимфоциттердің активтелуі;
- Цитокиндердің өндірілуі;
- Арнайы антиденелердің өндірілуі-иммуноглобулиндер;
Осы кілегейлі қабақтың ауруы ретінде Фарингитті айтуға болады.
Фарингит-кілегейлі қабақтағы жұтқыншақтың қабынуы,кейбір жағдайда лимфоиды тіннің зақымдануы;
Фарингиттің және сау тамақтың фотосы
Фарингиттің себептері:
Ең
басты себептерінің бірі бұл тамаққа ең
алдымен салқын ауаның тыныс алғанда кіруі,кейбір
жағдайда химиялық элементтермен ластанған
ауа,сонымен қоса темекі шегу мен арақ-шараптарды
қолданудан да пайда болады.Бұнымен қоса
кәдімгі инфекциялар бірге жүреді<<стрептокок,стафилакок,
Фарингиттің белгілері:
Жедел және созылмалы түрде болуы мүмкін.Жедел түрі кілегейлі қабыққа сыртқы орта факторының теріс әсер еткенде дамиды,бұл қайтымдылығымен ерекшеленеді.Созылмалы түрі жедел фарингиттің емдемеу салдарынан болады немесе тамақтың кілегейлі қабақтының тітіркенуі(мысалы темекі шегу және де кәсібіндегі тигізетін зиянды заттар салдары).
Жедел түрінде фарингит тамақтың ауруымен,құрғақ жөтел мен ірің мен жастың бөлінділері негізгі белгілері болып келеді.Егер фарингит аурудың жалпы аурудың белгілерімен байқалса ,мысалы түшкіру,бас ауру,температураның көтерілуі.Фарингиттің жеке өзі салқын ауамен дем алғанда,болмаса салқын немесе өте ыстық тағам жегенде,газбен шаңға тітіркену байқалады.Бұдан басқа құрғақ жөтел мазалауы мүмкін.Егер тамақты қарайтын болсақ ол жерден жұтқыншақтың кілегейлі қабатының қабынуын,қызару байқауға болады.
Созылмалы фарингитте жеделге қарағанда белгілері айқын емес.Бұл фазада жеделдегідей белгілері бірдей.Бірақ құрғақ жөтел мазалап,тамақта құрғақтылық сезіледі.
Фарингитті емдеу жолдары:
Фарингитті
емдеу кезінде ең алдымен ауруды асқындыратын
факторларды жою керек.Егер бұл инфекциялық
фактор болса дәрілер қабылдау керек,яғни
сол арқылы (бактерияға қарсы,саңырауқұлаққа
қарсы,вирусқа қарсы дәрілер қабылдау
керек) организмнен шығарылады .Тағы да
симптомдық дәрілер бар(дәріні ментолмен
бірге жұту,антисептиктер,
ҚОРЫТЫНДЫ:
Жалпы алғанда иммунитет ад ам ағзасы үшін маңызды процесс болып табылады.Ағзаны қорғап,қорғаныштық қызметпен қамтамасыз етеді.Иммунитеттің өзі иммундық жүйелермен байланысқан.Лимфоиды тіндер ағзаның ішкі ортасын сақтап тұрады,басқа бөтен денелерге жауап та қайтара алады.

- Жергілікті компьютерлік желілер
- Жергілікті қаржынын мәні мен маңызы
- Жергілікті мемлекеттік баскару
- Жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін жетілдірудің өзектілігі
- Жергілікті өзин өзі басқару
- Жергілікті өзін-өзі басқару
- Жергілікті өзін-өзі басқару
- Жергілікті бюджет кірістерін қалыптастыратын салықты
- Жергілікті бюджеттердің кірістері мен шығыстары
- Жергілікті бюджетті қалыптастырудағы жергілікті билік органдарының рөлі
- Жергілікті желі
- Жергілікті желі
- Жергілікті желі
- Жергілікті желідегі байланыс тізбегінің түрдері