Жергілікті желідегі байланыс тізбегінің түрдері

МАЗМҰНЫ

Жергілікті желідегі байланыс тізбегінің түрдері                                                  3 

  
  1. Өрілген жұп  сымдар негізіндегі кабельдер                                                 5
 
  1. Коаксиалды  кабель                                                                                      11
 
  1. Оптоталшықты  кабель                                                                                13
 
  1. Кабельсіз байланыс арналары                                                                    15
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     ЖЕРГІЛІКТІ  ЖЕЛІДЕГІ БАЙЛАНЫС ТІЗБЕГІНІҢ ТҮРЛЕРІ

      Бұл дәрісте жергілікті желіде қолданылатын байланыс тізбегінің түрлері, ерекшеліктері, жұмыс істеу принциптері, артықшылықтары мен кемшіліктері, қолдану ережелері  жайында айтылады.

      Негізгі тіркестер: тарату ортасы, таралу кідірісі, сигналдың бәсеңдеуі, өткізу жолағы, коаксиалды кабель, өрілген жұп сымдар, оптоталшықты кабель, радиоарна.

      Мазмұны

  • Өрілген жұп сымдар негізіндегі кабельдер
  • Коаксиалды кабельдер
  • Оптоталшықты кабельдер
  • Кабельсіз байланыс арналары

     Компьютерлер  арасында ақпарат алмасу жүргізілетін байланыс тізбектерін (немесе байланыс арналарын) – ақпаратты тарату ортасы деп атайды. Қазіргі кезде сымсыз желілердің кең ауқымды қолданылуына қарамастан, көптеген компьютерлік желілерде (әсіресе жергілікті) сымды немесе кабельді байланыс арналары пайдаланылуда.

     Жергілікті  желілердегі ақпарат көбінесе тізбектелген кодтар түрінде таратылады, яғни бит  соңынан бит болып. Параллельді  кодты пайдаланған уақыттағыға  қарағанда, мұндай тарату баяу және қиынырақ. Дегенмен, жылдам параллельді тарату кезінде (бір уақытта бірнеше кабель арқылы) біріктіруші кабельдер саны, параллельді кодтар разрядының санына тең болып көбейетінін ескеру қажет (мысалы, 8 разрядты код кезінде 8 есе). Бұл өте маңызды нәрсе. Желі абоненттерінің ара қашықтығы алыс болған жағдайда кабельдің құны компьютер құнына тең немесе қымбат болуы мүмкін. Оның үстіне 8,16 немесе 32 кабельдің орнына 1 кабель төсеу оңайырақ. Сонымен қатар кабельдің зақымдалған жерін анықтау мен жөндеу арзанға төседі.

     Ақпаратты өте алыс қашықтыққа тарату барлық кабель түрлері үшін күрделі жіберуші және қабылдаушы аппаратты қажет  етеді, себебі бұл уақытта жіберуші тарапынан күшті сигнал тудырып, қабылдаушы тарапында әлсіз сигнал детектрлеу керек. Ақпаратты тізбектеп  тарату кезінде бұл процесс үшін жалғыз жіберуші және жалғыз қабылдаушы аппарат жеткілікті. Ал параллельді  тарату кезінде қажет болатын  жібергіш пен қабылдағыш саны, қолданылатын параллельді код разрядтылығына пропорционалды өседі. Осыған байланысты, аз қашықтықты желі құру барысында  да, ақпаратты тізбектеп тарату қолданылады. 

     Сонымен қатар параллельді тарату кезінде  жеке кабельдердің ұзындықтарының бір  біріне тең болуы өте маңызды. Себебі әр түрлі ұзындықты кабельдер  арқылы тарату нәтижесінде қабылдаушы жақта сигналдар арасында уақыттық ауытқу пайда болады, ал ол өз кезегінде  желінің жұмысқа қабілеттілігін жоюы мүмкін. Мысалы, тарату жылдамдығы 100 Мбит/с және бит ұзындығы 10 нс кезінде уақыттық ауытқудың шамасы 5-10 нс аспауы қажет.

     2-4 кабель арқылы ақпаратты параллельді тарату кейбір жоғары жылдамдықты жергілікті желілерде пайдаланылады, ал жоғары жылдамдықты тарату, өткізу жолағы өте аз арзан кабельдерді қолдануға мүмкіндік береді. Бірақ бұл жағдайда кабель ұзындығы 100 метрден аспауы керек. Мысал ретінде FAST Ethernet желісіндегі 100 BASE-T4 сегментін келтіруге болады.

     Өнеркәсіпте кабельдердің көптеген түрлері шығарылады, мысалы, жалғыз Belden кабельдік компаниясының өзі кабельдің 2000-нан астам түрін ұсынуда. Дегенмен барлық кабельдерді үлкен 3 топқа бөлуге болады:

  • экрандалған (shielded twisted pair, STP) және экрандалмаған (unshielded twisted pair, UTP) болып бөлінетін өрілген жұп сымдар (twisted pair) негізінде жасалған электрлік (мыстық) кабельдер;
  • электрлік (мыстық) коаксиалды кабельдер (coaxial cabel);
  • оптоталшықты кабельдер (fiber optic).

     Кабельдің әрбір типінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар, сондықтан  таңдау жасағанда желінің және қолданатын топологияның ерекшеліктеріне назар  аударған жөн.

     Кабельдердің  мынадай негізгі параметрлерін  көрсетуге болады:

  • Кабельдің өткізу жолағы (кабель өткізетін сигналдардың жиілік диапазоны) және кабельдегі сигналдардың бәсеңдеуі. Бұл екі параметр бір бірімен тығыз байланысты, себебі сигнал жиілігінің артуымен сигналдың бәсеңдеуі де артады. Сондықтан берілген сигнал жиілігінде ыңғайлы бәсеңдеуге ие кабельді таңдаған жөн. Болмаса бәсеңдеуі ыңғайлы болатын сигнал жиілігін таңдаған жөн. Бәсеңдеу децибелмен өлшенеді және кабель ұзындығына пропорционал.
  • Кабельдің бөгеуден қорғаныстылығы  және оның таратылатын ақпарат құпиялылығын сақтауы. Бұл екі өзара байланысты параметрлер кабельдің қоршаған ортамен қалай әрекеттесетінін, яғни қалай ол сыртқы бөгеуілдерге жауап қайтаратынын және кабель арқылы таралған ақпаратты оқу қаншалықты жеңіл екенін көрсетеді.
  • Кабель арқылы сигналды таратудың жылдамдығы немесе кері параметр - кабельдің 1 метр ұзындығына келетін сигнал кідірісі. Бұл параметр желі ұзындығын таңдағанда маңызға ие. Негізгі сигналды таратудың жылдамдығының шамасы-жарықтың вакуумда таралу жылдамдығының 0,6 ÷ 0,8-не тең. Кідіріс шамасы  - 4÷5 нс/м.
  • Электрлік кабельдер үшін толқындық кедергі шамасы өте маңызды. Толқындық кедергі өткізгіштің пішініне және өзара орналасуына, кабельдің дайындалу технологиясына және диэлектригінің материалына тәуелді болады. Толқындық кедергінің кең тараған мәндері – 50 Ом-нан 150 Ом-ға дейін.

   Қазіргі уақытта кабельдерге келесі стандарттар  ықпал етеді:

  • EIA/TIA 568 (Commercial Building Telecommunications  Cabling Standard) –американдық;
  • ISO/IEC IS 11801 (Generic cabling of customer premises) – халықаралық;
  • CENELEC EN 50173 (Generic Cabling Systems) – еуропалық.

     Көрсетілген стандарттар жалпы бірдей кабельдік  жүйелерді сипаттайды, бірақ терминологиясымен  және параметрлік нормаларымен ерекшеленеді. Бұл курста EIA/TIA 568 стандартының терминологиясына жүгіну ұсынылады. 

  1. Өрілген жұп сымдар негізіндегі  кабельдер

     Өрілген жұп сымдар арзан және қазіргі кезде ең танымал кабельдерде пайдаланылады. Өрілген жұп сымдар негізіндегі кабель жұмсақ және орнатқанға ыңғайлы болып келеді. Сымдарды орау кабельдің индуктивтік әсерін минимизациялауға және өтпелі процесстердің әсерін азайтуға мүмкіндік береді.

      Әдетте кабельде екі (2.1-сурет) немесе төрт өрілген жұп сымдар болады.

 

     2.1-сурет. Өрілген жұп сымды кабель

     Экрандалмаған өрілген жұп сымдар сыртқы электромагниттік бөгеуілдерден, сонымен қатар, өнеркәсіптік мақсаттағы рұқсатсыз тыңдаулардан әлсіз қорғанушылығымен сипатталады. Желі арқылы таралатын ақпаратты ұрлау кабельмен байланысу әдісімен, сонымен қатар кабель сәулелендіретін электромагниттік өрісті радиоаулау әдісімен де мүмкін. Оның үстіне кабель ұзындығының артуымен бөгеуілдердің әсері мен сәулеленудің шамасы да артады. Бұл кемшіліктерді жою үшін кабельдерді экрандау қолданылады.

     Кабельдің сәулеленуін азайту үшін, сыртқы электромагниттік бөгеуілдерден қорғану үшін экрандалған өрілген жұп сымдарда STP өрілген жұп сымның әрбірі металл экран орамаға орнатылады. Әрине, экрандалған өрілген жұп сымдар экрандалмағанға қарағанда қымбатырақ. Оны пайдалану арнайы экрандалған ағытпаларды қажет етеді.

     Экрандалмаған өрілген жұп сымдардың негізгі  артықшылықтары - кабель соңындағы ағытпалардың қарапайым құрастырылуы және кабель ақауларының жеңіл жөнделуі. Қалған барлық сипаттары басқа кабельдермен салыстырғанда нашар. Мысалы, берілген тарату жылдамдығында олардағы сигналдың бәсеңдеуі коаксиалды кабельдердегіге қарағанда көбірек. Қазіргі уақытта өрілген жұп сымдар 1000 Мбит/с жылдамдыққа дейінгі ақпараттарды тарату үшін қолданылады. Дегенмен мұндай жылдамдықта пайда болатын техникалық ақаулар өте күрделі.

     EIA/TIA 568 стандарты бойынша, экрандалмаған өрілген жұп сымдар негізіндегі кабельдердің 5 негізгі және 2 қосымша санаты бар:

  • 1 санатты кабель – бұл қарапайым телефон кабелі (сымдар жұбы өрілмеген).
  • 2 санатты кабель – бұл 1 МГц жиілікке дейінгі жолақта мәліметтер таратуға арналған өрілген жұп сымдар негізіндегі кабель. Қазіргі уақытта ол аз пайдаланылады.
  • 3 санатты кабель – бұл өткізу жолағы 16 МГц жиілікке дейінгі, өрілген жұп сымдардан тұратын мәліметтер таратуға арналған кабель. Кабель барлық параметрлері бойынша тестілеуден өтеді және оның толқындық кедергісі 100 Ом. Бұл, стандарт бойынша, жергілікті желіде қолдануға арналған кабельдің ең қарапайым типі.
  • 4 санатты кабель – 20 МГц жиілікке дейінгі жолақта мәлімет тарататын кабель. 3 санатты кабельден айырмашылығы көп емес, сондықтан аз қолданылады. 4 санатты кабель барлық параметрлері бойынша тестілеуден өтеді және толқындық кедергісі 1000 Ом. Кабель IEEE 802.5 стандартты желілерде жұмыс істеу үшін шығарылған.
  • 5 санатты кабель – 100 МГц жиілікке дейінгі жолақта мәлімет таратуға арналған, қазіргі таңдағы ең жетілген кабель. 1 метр ұзындығына, 27 өрімнен келетін, өрілген жұп сымдардан тұрады. Бұл кабель де барлық параметрлері бойынша тестілеуден өтеді және толқындық кедергісі 100 Ом. Мұны Ғast Ethernet және TPFDDI типті заманауи жоғары жылдамдықты желілерде қолдануға ұсынылады.
  • 6 санатты кабель – 200 (немесе 250) МГц жиілікке дейінгі жолақта мәлімет таратуға арналған болашақтың кабелі.
  • 7 санатты кабель – 600 МГц жиілікке дейінгі жолақта мәлімет таратуға арналған жоғары санатты кабель.

     EIA/TIA 568 стандарты бойынша, 3,4,5 санатты кабельдердің толық толқындық кедергісі, жиілік диапазоны 1 МГц-тен максималды жиілігіне дейінгі аралықта 100 ±15% Омды құрауы қажет. Талап қатты емес, толқындық кедергінің шамасы 85÷115 Омның арасында бола алады. Осы жерде айта кеткен жөн, стандарт бойынша экрандалған өрілген жұп сымдардың STP толқындық кедергісі 150±15% Ом аралығында болуы керек. Кабель мен құрылғының кедергілері сәйкес келмеген жағдайда оларда сәйкестендіру үшін келістіруші трансформаторлар қолданылады (Balun). Сонымен қатар толқындық кедергісі 100 Ом болатын экрандалған өрілген жұп сымдар бар, бірақ ол аз қолданылады.

     Стандарт  бойынша белгіленетін, екінші маңызды  параметр бұл – кабель арқылы таралатын, әр түрлі жиілікте, сигналдың максималды бәсеңдеуі. 2.1 кестеде 3,4 және 5 санатты кабельдердің 1000 фут қашықтыққа (яғни 305 метр), қоршаған орта температурасы 20º кезінде, бәсеңдеу шамасының максималды мәндері көрсетілген.

2.1 - кесте. Кабельдердегі максималды бәсеңдеу

Жиілік, МГц Максималды  бәсеңдеу, дБ
3 санат 4 санат 5 санат
0,064 2,8 2,3 2,2
0,256 4,0 3,4 3,2
0,512 5,6 4,6 4,5
0,772 6,8 5,7 5,5
1,0 7,8 6,5 6,3
4,0 17 13 13
8,0 26 19 18
10,0 30 22 20
16,0 40 27 25
20,0 — 31 28
25,0 — — 32
31,25 — — 36
62,5 — — 52
100 — — 67
 

     Кестеден  көріп отырғанымыздай максималды жиілік кезінде, барлық кабельдер үшін, бәсеңдеу шамасының мәні өте жоғары. 10, 100 есе бәсеңдейді, яғни сигнал қабылдағышқа қойылар талап та жоғары.

     Стандарт  бойынша анықталатын тағы бір  параметр, бұл кабельдің жақын  шетіндегі айқас көздеудің шамасы (NEXT-Near End Cross Talk). Ол кабельдегі әр түрлі сымдардың бір-біріне әсерін сипаттайды. Бұл параметрдің негізі 2.2 – суретте көрсетілген. Кабельдегі өрілген жұп сымдардың бірі арқылы таралатын сигнал (үстінгісі), кабельдің басқа (төменгі) өрілген жұп сымына индуктивті бөгеуілді көздейді. Желідегі екі өрілген жұп сымдар әдетте ақпаратты қарама-қарсы бағытта таратады. Алыс шеттегі айқас көздеу (FEXT-Far End Cross Talk) мұндай маңызға ие емес.

2.2 - кесте. Айқас көздеудің NEXT рұқсат етілген деңгейлері

Жиілік, МГц Жақын шеттегі айқас көздеу, дБ
3 санат 4 санат 5 санат
0,150 - 54 -68 -74
0,772 -43 -58 -64
1,0 -41 -56 -62
4,0 -32 -47 -53
8,0 -28 -42 -48
10,0 -26 -41 -47
16,0 -23 -38 -44
20,0 — -36 -42
25,0 — — -41
31,25 — — -40
62,5 — — -35
100,0 — — -32
 

     2.2 кестеде 3,4 және 5 санатты кабельдер  үшін сигналдың әр түрлі жиілік кезіндегі, жақын шеттегі айқас көздеудің рұқсат етілген мәндері көрсетілген. Әрине, сапалы кабельдерге айқас көздеудің шамасы аз.

     

     2.2-сурет. Өрілген жұп сымды кабельдердегі айқас бөгеуілдер

     Сонымен қатар стандарт 4,5 санатты кабельдердегі өрілген жұп сымдардың жұмыс сыйымдылығының максималды шамасын анықтайды. Оның шамасы, сигнал жиілігі 1 кГц және қоршаған орта температурасы 20ºС болғанда, 305 метр ұзындыққа 17 кФ-тан аспауы қажет.

     Өрілген жұп сымдарды біріктіру үшін ағытпалар  пайдаланылады, олар телефондарда қолданылатын ағытпаларға (RJ-11) ұқсас, бірақ өлшемі үлкен.

     Көбіне  өрілген жұп сымдар мәліметтерді бір бағытта таратуға пайдаланылады (нүкте-нүкте), яғни жұлдызша немесе сақина типті топологияларда, шина топологиясында әдетте коаксиалды кабель қолданылады.

     Кабельдер 2 типті сыртқы қабықшамен шығарылады:

  • Поливинилхлоридті (ПВХ, PVC) қабықшадағы кабель арзан және жайлы жұмыс істеу шарттарында пайдалануға арналған.
  • Телефонды қабықшадағы кабель қымбат және қатал шарттарда пайдалануға арналған.

     ПВХ қабықшадағы кабель сонымен қатар  non-plenum деп, ал телефонды қабықшадағы plenum деп аталады.

     Желінің жұмысқа қабілеттілігіне әсер етуі мүмкін кабельдің параметрі ол сигналдың  кабельде таралу жылдамдылығы немесе басқаша, бірлік ұзындыққа есептегендегі сигналдың кабельде таралуының кідірісі.

     Кейде кабель өндірушілер кідіріс шамасын  бірлік ұзындыққа көрсетсе, кейде  сигналдың таралу жылдамдығының  жарық жылдамдығына (NVP-Nominal Velocity of Propagation) қатынасы ретінде көрсетеді. Бұл екі шама қарапайым формула арқылы байланысады:

      =1/(3** NVP),

мұндағы - кідірістің, кабельдің бірлік ұзындығына есептегендегі, шамасы (наносекундпен).

      2.3 - кестеде танымал AT&T и Belden компаниялары өндіретін кабельдің кейбір типтерінің NVP және кідіріс шамалары клтірілген.

2.3 - кесте. Кейбір кабельдердің уақыттық сипаттамалары

Фирма Марка Санат Қабықша NVP Кідіріс
AT&T 1010 3 non-plenum 0,67 4,98
AT&T 1041 4 non-plenum 0,70 4,76
AT&T 1061 5 non-plenum 0,70 4,76
AT&T 2010 3 plenum 0,70 4,76
AT&T 2041 4 plenum 0,75 4,44
AT&T 2061 5 plenum 0,75 4,44
Belden 1229A 3 non-plenum 0,69 4,83
Belden 1455A 4 non-plenum 0,72 4,63
Belden 1583A 5 non-plenum 0,72 4,63
Belden 1245A2 3 plenum 0,69 4,83
Belden 1457A 4 plenum 0,75 4,44
Belden 1585A 5 plenum 0,75 4,44

     Экрандалған өрілген жұп сымдар негізіндегі  кабельдің мысалы ретінде 1 типті STP IBM кабелін көрсетуге болады, оның ішінде 22 типті AWG экрандалған өрілген жұп сымдар бар. Әрбір жұптың толқындық кедергісі 150 Ом. Бұл кабель үшін, экрандалмаған өрілген жұп сымдардың ағытпаларынан ерекшеленетін, арнайы ағытпалар пайдаланылады (мысалы, DB9). RJ-45 ағытпаларының экрандалған түрлері де бар. 

  1. Коаксиалды  кабель

     Коаксиалды  кабель - диэлектрик қабат (ішкі изоляция) арқылы өзара бөлінген және де ортақ сыртқы қабаттың ішінде орналасқан орталық мыс өткізгіш пен метал экраннан тұратын электрлік кабель болып табылады (2.3 - сурет).

 
         2.3 – сурет.  Коаксиалды кабель

     Коаксиалды  кабель жақын уақытқа дейін оның бөгеуілге қарсы жақсы қорғанысына байланысты кең таралған болып келді. Бірақ коаксиалды кабельді монтаждау мен жөндеу өрілген жұп сымдармен салыстырғанда аса қиындау, ал бағасы қымбат ( 1,5-3 есе ) және де кабельдің шеттеріндегі ағытпаны орналастыру да қиынға соғады.  Қазіргі таңда оны өрілген жұп сымдарға қарағанда  аз қолданады. EIA/TIA-568 стандарты коаксиалды кабельдің бір ғана Ethernet желісінде қолданылатын түрін қамтиды.

     Коаксиалды  кабель негізі шина топологиясында қолданылады. Бұл жағдайда ішкі сигналдардың шағылысуын болдырмау үшін кабель шеттеріне  міндетті түрде терминатор орналастыру  керек және де терминаторлардың біреуі (тек қана біреуі)  жерлестірілген  (заземлен) болуы қажет. Жерлестірілмесе  металл қабат желіні ішкі электромагнитты  толқындардан қорғамайды және де берілетін  ақпараттың шағылысуын төмендетпейді. Дегенмен, жерлестіру кезінде екі  немесе бірнеше нүктеде желі құрылғыларымен қатар желіге қосылған компьютерлер де істен шығуы мүмкін. Терминаторлар кабельмен сәйкес болуы керек. Яғни олардың кедергісі кабельдің толқындық кедергісіне тең болуы қажет. Мысалы, 50 Омдық кабельге тек қана 50 Омдық терминаторлар сейкес келеді.

     Коаксиалды  кабельдер жұлдызша топологиясында аз қолданылады. Бұл жағдайда бос  шеттерге терминаторлар қою қажет  емес. Сондықтан сәйкестендіру мәселесі оңай шешіледі.

     Локальді  желілерде көбінесе 50 Омдық (RG-58, RG-11, RG-8) және 93 Омдық (RG-62) кабельдер қолданылады. Телевизияда кең таралған 75 Омдық  кабельдер локальді желіде қолданылмайды. Коаксиалды кабельдің маркалары  аз. Олар ыңғайлы болып саналмайды. Fast Ethernet желісінде коаксиалды кабельдерді  қолдану қарастырылмағаны сәйкестік  емес. Бірақ көп жағдайда классикалық  шина топологиясы өте ыңғайлы  болады. Себебі, ол қосымша құрылғы - концентраторларды қажет етпейді.

     Коаксиальді кабельдің негізгі екі түрі бар:

  • жіңішке (thin) кабель, диаметрі 0,5 см.
  • қалың (thick) кабель, диаметрі 1 см. Коаксиальді кабельдің классикалық түрі.

     Жіңішке кабель қалың кабельмен салыстырғанда  аз қашықтықтарға қолданылады, себебі онда сигналдың бәсеңдеуі күштірек. Дегенмен жіңішке кабельмен жұмыс  істеу оңайға соғады: кез-келген компьютерге  жалғауға болады, бөлменің қабырғасына  орналастыру да оңай. Жіңішке кабельге қосылу қосымша құрылғыларды қажет  етпейді. Ал қалың кабельге қосылу үшін арнайы құрылғылар қолдану керек. Жіңішке  кабель екі есе арзан, сондықтан  ол көп қолданылады.

     Коаксиалды  кабельдің маңызды параметрлерінің  бірі оның сыртқы қабаты болып табылады. Бұл жағдайда non-plenum (PVC) және де plenum кабельдері қолданылады.

     Сигналдың таралу кідірісі коаксиалді кабельде жіңішке үшін – 5 нс/м, ал қалың үшін – 4,5 нс/м.

     Екі экранды коаксиалды кабельдер де бар. Бір экран екіншісінің ішінде орналасқан және қосымша изоляция қабатымен  ажыратылған. Ондай кабельдер жақсы  қорғалған және олар жай кабельдерден қымбат.

     Қазіргі таңда коаксиалды кабель ескірген болып  табылады. Көп жағдайда оны өрілген  жұп сымдар немесе оптоталшықты кабель ауыстыра алады.

  1. Оптоталшықты кабель

     Оптоталшықты ( талшықты-оптикалық) кабель –бұл, электрлі және мыс кабельдермен салыстырғанда мүлдем басқа типті кабель. Ақпарат электрлік сигнал арқылы емес, жарық сигналы арқылы беріледі. Оның негізгі элементі – жарық алыс қашықтыққа жүретін мөлдір шыныталшық.

 
         2.4 - сурет. Оптоталшықты кабельдің құрылымы

     Оптоталшықты  кабель құрылымы өте қарапайым және де коаксиалды кабельдің құрылымына (2.4 - сурет) өте ұқсас. Тек орталық  мыс өткізгіш сымның орнына жіңішке  шыныталшық (диаметрі шамамен  1 – 10 мкм) , ал ішкі оқшаулағыштың орнына шыны немесе пластикалық, жарықты сыртқа шығарып жібермейтін, қаптама қолданылады. Бұл жерде жарықтың ішкі толықтай шағылысуы туралы сөз болып тұр. Жарық әртүрлі сыну коэффициентерімен  екі шекарадан шағылысады (орталық  талшықпен салыстырғанда, шыны қабатта  коэффициент төмен). Металл орама  қажет емес, себебі электромагнитті  толқындардан сақтаудың қажеті жоқ. Кей кезде қоршаған ортаның әсерінен сақтау үшін қолданылуы мүмкін.

     Оптоталшықты  кабель бөгеуілден қорғалу және де берілген ақпараттың құпиялығын сақтау қасиеттеріне ие. Кабельдегі ақпаратты жасырын оқу мүмкін емес, өйткені ондай жағдайда кабельдің тұтастылығы жойылады. Бұндай кабельдің теориялық түрдегі өткізу жолағы 1012 Гц дейін болады, электрлік кабельдердікінен жоғары. Оптоталшықты кабельдің бағасы әркез төмендеуде және де қазіргі таңда жіңішке коаксиалды кабельдің бағасымен тең.

     Оптоталшықты  кабельдің кейбір кемшіліктері де бар.

     Солардың  ең бастысы – монтаждаудың қиындығы (ағытпаларды орналастырғанда микронды дәлділік қажет). Оптоталшықты кабельді қолданғанда жарық сигналын электрлі сигналға және керісінше айналдыратын арнайы оптикалық қабылдағыш пен таратқыш қажет болады. Сондықтан да желі жалпы алғанда қымбат болады.

     Оптоталшықты  кабельдер сигналдардың тармақталуына жол береді (ол үшін арнайы тармақтағыштар (couplers) қолданылады ), бірақ оларды тек қана бір бағытта қолданады. Кез-келген тармақталу жарық сигналын әлсіретеді, егер көптеген тармақталу болса, онда жарық сигналы соңына дейін жетпей қалуы мүмкін.

     Кабельді  ораған кезде радиус кем дегенде 10 – 20 см болуы керек, егер одан аз болса  орталық талшық сынып кетуі мүмкін.

     Оптоталшықты  кабель тек қана жұлдызша және сақина топологиялы желілерде қолданылады. Сәйкестендіру мен жерлестіру бұл жағдайда қажет емес. Болашақта бұл кабель электрлік кабельдерді ығыстырады. Мыс қоры жер шарында аз, ал шыны жасап шығаруға қолданылатын шикізат әлі де жеткілікті.

     Оптоталшықты кабельдің екі түрі бар:

  • көпмодалы немесе мультимодалы кабель, арзандау, бірақ сапасы төмен;
  • бірмодалы кабель, қымбат, бірақ біріншімен салыстырғанда көрсеткіштері жақсы.

     2.5 – сурет. Бірмодалы кабельде жарықтың таралуы

     Бірмодалы кабельде барлық сәулелер бір жолмен жүріп өтеді, сондықтан олар қабылдағышқа бірдей уақытта жетеді және сигналдың  формасы қатты өзгермейді (2.5 - сурет). Бірмодалы кабельдің орталық талшығының диаметрі шамамен 1,3 мкм және де ол толқын ұзындығы дәл сондай жарық тасымалдайды (1,3 мкм). Дисперсия мен сигналдың жоғалуы бұл кезде мәнберерліктей емес, сондықтан көпмодалы кабельға қарағанда сигналды алыс қашықтыққа тасымалдауға мүмкіндік береді. Бірмодалы кабель үшін лазерлі қабылдап-таратқыштар қолданылады. Бұл аппараттар әзірге қымбат және ұзаққа шыдамайды. Сигналдың бәсеңдеуі бірмодалы кабельде 5 дБ/км-ге тең және 1 дБ/км-ге дейін төмендеуі мүмкін.

Жергілікті желідегі байланыс тізбегінің түрдері