Жол бойындағы қызмет көрсету
| БИЗНЕС-ЖОСПАР «ЖОЛ БОЙЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ МЕКЕНІН ҰЙЫМДАСТЫРУ» |
МАЗМҰНЫ
Түйіндеме
Жоба тұжырымдамасы
Қызылорда облысынан өтетін Самара-Шымкент
трассасында жол бойындағы
Самара-Шымкент
трассасынын бойымен өтетін жүк автокөліктерінің
жүргізушілері және жеңіл автокөліктер
мен маршруттық автобустардың жүргізушілері
мен жолаушылары мақсатты топ болып табылады.
Казіргі таңда Батыс Еуропа мен Батыс
Қытайды байланыстыратын трассаны салу
жобасы жүзеге асырылып жатқаны ескеріліп,
жол бойындағы қызмет көрсету пунктінің
әлеуетті клиенттерінің саны көбейеді
деп жоспарлануда.
Жобаның ең төменгі
экономикалық тиімділігін қолдану
жол бойындағы қызмет көрсету мекенінінің
жоспарланып отырған түсім ақшасы 2015 жылда
26 млн. теңге сомасын құрайды деп жоспарлануда.
Жол бойындағы
қызмет көрсету мекенінің алаңы қажетті
инфрақұрылыммен: электр және су құбырларымен,
ұялы телефон байланысымен қамтамасыз
етіледі.
Жобаны іске қосу дайындығы
2012 жылдың қазан айынан 2013 жылға
дейінгі уақытты алады.
Жоба бойынша
жалпы инвестициялық шығыстар келесі
кестеде көрсетілген, мың.теңге:
| Шығыстар |
|
| Өндіріске дейінгі шығыстар | 5.890 |
| Негізгі капиталға инвестициялар | 30.350 |
| Айналым капиталы | 5.560 |
| Жиынтығы | 41.800 |
Жобаны қаржыландыру
кәсіпорынның жеке қаражатына және қарыз
капитал есебінен жоспарлануда, мың.теңге.
| Қаржыландыру көздері |
|
Кезең | Үлес |
| Меншік қаражаты | 1.350 | 10.2012 | 20,3% |
| 7.150 | 01.2013 | ||
| Барлық меншік қаражаты | 8.500 | ||
| Ұзақмерзімді несие | 33.300 | 01.2013 | 79,7% |
| Барлық ұзақмерзімді несие | 33.300 | ||
| Жиынтығы | 41.800 | 100% |
Келесі неселендіру шарттары қабылданады:
| Несие валютасы | теңге |
| Пайыздық мөлшерлеме | жылдығы 14% |
| Несие мерзімі | 6 жыл |
| Негізгі қарыз және пайыз төлемдері | айсайын |
| Негізгі қарыз төлемдерінің жеңілдік кезеңдері | 6 ай |
Кәсіпорын қызметі тиімділігінің 5 жылғы көрсеткіштері
| Меншік капиталының тиімділігі | 99% |
| Таза капитал тиімділігі | 18 % |
2015 ж. теңгерім есебінің коэффициенттері
| Міндеттемелерді меншіктік капиталымен жабу коэффициенті | 14,97% |
| Міндеттемелерді таза капиталмен жабу коэффициенті | 46,82% |
| Ағымдағы өтімділік | 1.032% |
Толық салынған капиталдың
таза дисконтталған табысы 10% есептегенде
39. 000 мың.теңгені құрайды.
| ПІН | 63% |
| Инвестицияларға жаңартылған ПІН | 22,3% |
| 0% қалыпты өтелімділік | 3,92 жыл |
| 14% кездегі динамикалық өтелімділік | 4,25 жыл |
Экономикалық тұрғыдағы жоба:
- 11 жаңа жұмыс орны ашылады;
- Қызылорда облысының және жол бойындағы қызмет көрсету мекені орналасқан аудан бюджеттеріне қосымша табыс түсімі;
- Экономиканың бір-біріне байланысты салаларының дамуына (көлік, сауда, құрылыс және т.б.) мүмкіндік туғызады
Жобаның әлеуметтік әсерін төмендегідей көрсетуге болады
- Жүргізушілер мен жолаушылар қажеттіліктерін қанағаттандыратын жағдай туады: демалыс ұйымдастыру, тамақтану және қызметтің басқа да түрлері
Кіріспе
Үкіметтің даму бағдарламасының басым бағыттарының бірі құрылыс және автокөлік жолдарын күрделі жөндеуден өткізу болып табылады. Қазіргі таңда құрылысы жүзеге асырылып жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жаңа халықаралық тасымалдау дәлізі түрлі қосымша салалардың дамуына ықпал етеді.
Қазақстан халқының тығыздығының
төмен болуына және көршілес тұрған мекендердің
ара қашықтығының алыс болуына байланысты,
жол бойындағы қызмет көрсету мекені н
ұйымдастыру жүргізушілер мен жолаушылардың
дем алуына, тамақтануына, тасымалдау
құралдарын жөндеуге қосымша мүмкіндік
туғызады.
Бизнестің осы түрі Батыс Еуропа елдерінде кең таралған және, әдетте,қасында жанар-жағар май құятын станциялары да бар. Сондықтан осындай мекендерді халықаралық маңызы бар трассада ұйымдастыру өте өзекті беталыс болып табылады.
Осы жобаны жүзеге асыру автокөлік иелеріне жанама қызмет көрсету мүмкіндігімен қатар қосымша табыс көздерін алып келетін жанар-жағар май құятын станцияларды ұсынады.
Жол бойындағы қызмет көрсету мекенін дұрыс орналастыру оның тиімділігінің кепілі болады.
1. Жоба тұжырымдамасы
Жоба тұжырымдамасы Қызылорда облысынан өтетін М32 Самара-Шымкент трассасында жол бойында қызмет көрсету мекенін ұйымдастыруды қарастырады.
Трасса Ресей
Федерациясының территориясындағы ірі
қала Самара қаласы және Орал, Ақтөбе,
Қызылорда, Шымкент (Қазақстан территориясындағы)
қалалары арқылы өтеді. М32 жол бойында
орналасқан және қызметтік инфрақұрылыммен
қамтылған ауылдық елді мекендер бір-бірінен
қашық орналасқан. «Батыс Еуропа – Батыс
Қытай» халықаралық тасымалдау дәлізін
іске қосқаннан кейін, осы трассадағы
автокөлік қозғалысының көбеюі түрлі
қызметтерге сұраныс тудырады.
Қызылорда облысы
арқылы өтетін жол бойындағы қызмет
көрсету мекенінің тасымалдау дәлізінің
учаскесі құлысының аяқталуы Қазақстан
территориясы бойынша 2012 жылдың желтоқсан
айына қарастырылған, ал жайластыру және
жерлерді қалпына келтіру жұмыстары 2013
ж. қарастырылған. Магистраль толығымен
жүк және жолаушы көліктеріне ашылғаннан
кейін, жол бойындағы қызмет көрсету мекенінің
дайындық жұмыстары 2012 ж. аяғында және
аяқталу жұмыстары 2013 жылға жоспарланған.
Жол бойындағы
қызмет көрсету мекені келесі қызмет
түрлерін көрсетеді: бірорынды және екіорынды
қонақжай нөмірлері, кафе, дүкен, жеңіл
көліктер мен жүк автокөліктері автотұрағы
және дөңгелек жөндеу шеберханасы.
Ауылдық елді
мекендерге жақын орналасатын болады,
ыңғайлы, коммуникация жүргізу және жұмысшылармен
қамтамасыз ету мақсатында, маршруттық
автобус жолаушылары клиенттер ретінде
тартылады.
Жол бойындағы
қызмет көрсету мекені жақын орналасқан
жанар-жағармай құю станциясын ұсынады.
Мақсаттық топ
Самара-Шымкент трассасынын бойымен өтетін
жүк автокөліктері жүргізушілері және
жеңіл автокөліктер мен маршруттық автобустардың
жүргізушілері мен жолаушылары болып
табылады.
Осы бизнес-жоспар
іс-әрекетке басшылықтың соңғы нұсқасы
емес, бизнес-идеяның әлеуетті мүмкіншілігінің
дамуын көрсетеді. Сондықтан осы жоспарды
жүзеге асыру кезінде сату бағдарламасында
ұсынылған қызмет түрлері өзгеруі мүмкін.
2. Өнім сипаттамасы
Жол бойындағы
қызмет көрсету мекені келесі қызмет
түрлерін көрсетеді: бірорынды және екіорынды
қонақүй нөмірлері, кафе, дүкен, жеңіл
көліктер мен жүк автокөліктер автотұрағы
және дөңгелек жөндеу шеберханасы.
Жолаушыларға:
- 6 екіорынды нөмір
- 4 бірорынды нөмір
- 3 екіорынды люкс-нөмір (душ, дәретхана қарастырылған) ұсынылады.
Стандартты
нөмірлерде сантехникалық тораптар қарастырылмауына
байланысты, қонақүй жанында кір жуатын
орын және ақылы душ ұйымдастырылады,
оны қонақүй тұрғындары ғана емес, жолаушылар
да пайдалана алады.
Автокөлікті
орналастыруда күзеті бар автотұрақ
да қарастырылған, 12 жүк автокөлігіне
және 15 жеңіл көлікке арналған қоршаулы
тұрақ және бейнебақылау қарастырылған.
Кафе қызметшілері
тек қонақжай тұрғындарын ғана емес, өтіп
бара жатқан жолаушыларға да қызмет көрсетеді.
Кафе ішіндегі
дүкен азық-түлік, сусындар және халық
тұтынатын тауарлармен
Сонымен қатар, жүк және жеңіл автокөлік шиналарын жөндеу шеберханасы ұйымдастырылатын болады.
3. Сату бағдарламасы
Жобаның ең төменгі экономикалық тиімділігі негізінде есептелген
Бағдарлама табиғи түрде төмендегідей болады:
1-кесте: Жобаның жылдар бойынша табиғи түрдегі сату бағдарламасы
|
Жыл
Атауы |
2013 ж. | 2014 ж. | 2015-2022 жж. |
| Екіорынды нөмірр | 192 | 1104 | 1.194 |
| Бірорынды нөмір | 128 | 736 | 796 |
| Екіорынды люкс нөмір | 96 | 552 | 597 |
| Кафе | |||
| Тұрғындарды тамақтандыру (адам) | 704 | 4.048 | 4.378 |
| Жолаушыларды тамақтандыру (адам) | 2.100 | 8.400 | 8.400 |
| Автотұрақ | |||
| Жеңіл автокөлік | 480 | 2.760 | 2.985 |
| Жүк автокөлігі | 384 | 2.208 | 2.388 |
| Қосымша қызметтер | |||
| Душ (адам) | 800 | 4.600 | 4.975 |
| Кір жуу машинасы (кг.) | 320 | 1.840 | 1.990 |
| Сервистік қызметтер | |||
| Дөңгелек жөндеу (Жеңіл автокөлік) | 180 | 960 | 960 |
| Дөңгелек жөндеу (Жүк автокөлігі) | 90 | 600 | 600 |
| Дүкен | |||
| Дүкеннен түскен түсімдер (өзіндік құны) (адам) | 1.275 | 7.347 | 8.129 |
Сату бағдарламасының
ақшалай түрі келесі кестеде көрсетілген
2- кесте: Жобаның жылдар бойынша жоспарланған түсімі, мың. теңге
|
Жыл
Атауы |
2013 ж. | 2014 ж. | 2015-2022 жж. |
| Тұру | 2.244 | 12.240 | 13.158 |
| Екіорынды нөмір | 1.056 | 5.760 | 6.192 |
| Бірорынды нөмір | 528 | 2.880 | 3.096 |
| Екіорынды люкс нөмір | 660 | 3.600 | 3.870 |
| Кафе | 1.170 | 5.316 | 5.494 |
| Тұрғындарды тамақтандыру (адам) | 435 | 2.376 | 2.554 |
| Жолаушыларды тамақтандыру (адам) | 735 | 2.940 | 2.940 |
| Автотұрақ | 257 | 1.404 | 1.509 |
| Жеңіл автокөлік | 99 | 540 | 580 |
| Жүк автокөлік | 158 | 864 | 929 |
| Қосымша қызметтер | 462 | 2.520 | 2.709 |
| Душ | 330 | 1.800 | 1.935 |
| Кір жуу машинасы (кг.) | 132 | 720 | 774 |
| Сервистік қызметтер | 180 | 1.080 | 1.080 |
| Дөңгелек жөндеу (Жеңіл автокөлік) | 90 | 480 | 480 |
| Дөңгелек жөндеу (Жүк автокөлік) | 90 | 600 | 600 |
| Дүкен | 382 | 2.204 | 2.438 |
| Дүкеннен түсімдер (өзіндік құны) | 382 | 2.204 | 2.438 |
| Барлығы | 4.695 | 24.764 | 26.388 |
Кестеде көрсетілген түсім кафе және дүкеннен түскен таза түсім сатып алуға, өндіруге жұмсалған шығыстарды шегеіп тастағандағы түсім.
Қонақжай қызметтерін және оны іске қосу жүйелі түрде жүргізіледі.
Түсімдерді есептеу барысында жол бойындағы қызмет көрсету мекенінің келесі құны есепке алынды:
3- кесте: Жол бойындағы қызмет көрсету мекенінің жоспарланған бағалары
| Қызметтер атауы | Құны |
| Екіорынды нөмір | 4.000 теңге/сөткесіне |
| Бірорынды нөмір | 3.000 теңге/сөткесіне |
| Екіорынды люкс нөмір | 5.000 теңге/сөткесіне |
| Кафе | |
| Ертеңгі ас | 300 теңге |
| Түскі ас | 500 теңге |
| Кешкі ас | 500 теңге |
| Автотұрақ | |
| Жеңіл автокөлік | 150 теңге/ бір түнге |
| Жүк автокөлігі | 300 теңге/бір түнге |
| Қосымша қызметтер | |
| Душ | 300 теңге/адам |
| Кір жуу машинасы (кг.) | 300 теңге/кг |
| Сервистік қызметтер | |
| Дөңгелек жөндеу (Жеңіл автокөлік) | 500 теңге/ дөңгелек |
| Дөңгелек жөндеу (Жүк автокөлігі) | 1.000 теңге/ дөңгелек |
Сату бағдарламасының
есебіне инфляция есепке алынған
жоқ, өйткені инфляцияға байланысты
баға өсуі өндіріс шығыстарына барабар
әсер етеді.
Сату бағдарламасында айлар бойынша жобаның бірінші 2 жылы және 2013 жылдан 2022 жж.1- қосымшада көрсетілген.
4. Техникалық жоспарлау
4.1 Орналасқан жері
Ауылдық елді
мекендерге жақын жерде орналасатын болады,
ыңғайлы, коммуникация жүргізу және жұмысшылармен
қамтамасыз ету мақсатында, маршруттық
автобус жолаушылары клиенттер ретінде
тартылады. Жол бойындағы қызмет көрсету
мекені жанар-жағармай құю станциясына
жақын орналасады.
Шамамен орналасқан
жері 2- қосымшада көрсетілген.
Жол бойындағы
қызмет көрсету орны жер телімінің алаңы
2000 ш.м. құрайды.
Жол бойындағы қызмет көрсету мекенінің құрылысына алынатын жер телімі сатып алуға немесе ұзақ мерзімді пайдалануға жалға алынады.
4.2 Ғимарат және құрылыс
Жол бойындағы қызмет
көрсету мекенінің құрылымына келесі
нысандар кіреді:
- Қонақүй
- 13 нөмірлі жатын бөлмелер
- 2 бөлек душ және дәретхана
- кір жуатын орын
- кафе, ас мәзірінің ішінде ертеңгі, түскі, кешкі ас қарастырылған.
- азық-түлік дүкені, сусындар және халық тұтынатын тауарлармен қамтамасыз ету. Автокөлікті орналастыруда күзеті бар автотұрақ ұйымдастырылған, 12 жүк автокөлігі мен 15 жеңіл көлікке арналған қоршалған тұрақ және бейнебақылау қарастырылған.
- Дөңгелек жөндеу шеберханасы
Шамамен жол
бойындағы қызмет көрсету мекеніндегі
ғимарат пен құрылыстың шамамен орналасқан
жері 3-қосымшада
көрсетілген.
Қонақжай, кафе және дүкеннің жоспар сызбасы 4-қосымшада көрсетілген
4.3 Жабдық және құрал-саймандар
Жол бойындағы қызмет көрсету орны аумағында ғимарат пен жабдықтау құрылысына дейін алдын-ала дайындық жұмыстары мен құрылыс орнын тазартады.
4.4 Коммуникациялық инфрақұрылым
Электрмен жабдықтау
Жол бойындағы
қызмет көрсету пунктінің территориясын
электрлік қуатпен орталық электр жүйесінен
электрмен жабдықтау қамтамасыз етіледі.
Сумен жабдықтау
Жол бойындағы қызмет көрсету орнының аумағы су құбырымен қамтамасыз етіліп,
тұтыну орындарына
су сорғыш арқылы жеткізілетін болады.
Байланыс
Жол бойындағы
қызмет көрсету орнын байланыспен қамтамасыз
ету үшін, ұялы байланыс Beeline және Kcell қызмет
операторлары аумағында болуы қажет.
Жол бойындағы қызмет көрсету орнының құрылысына, жабдықталуына және коммуникациялық инфрақұрылымына қарастырылған шығыстар 5- қосымшада көрсетілген.
5. Ұйымдастыру, қызметкерлерді басқару
5.1 Ұйымдастыру құрылымы
Кәсіопорынның ұйымдастыру құрылымы келесі негізгі ұйымдастыру бірліктерінен құралады:
- Үйлестіруші, оның қызметіне қонақтарды қарсы алу, қонақжай нөмірлеріне орналастыру, қонақжайдың қосымша қызметтеріне сұраныс қабылдау (душ, кір жуу және т.б.), қызмет көрсететін қызметкерлердің жұмысын қадағалау.
- Есепші, кәсіпорынның бухгалтерлік және салық есебін жүргізеді.
- Аспазшы
- Күзетші, оның қызметіне автотұрақ күзеті, жол бойындағы қызмет көрсету орнының аумағы, қысқы кезеңде жылу жүйесінің жұмыс жасауын қалыптастыру.
- Қызметші әйел: қонақжай мен бөлмені жинастыру, аумақты жинастыру.
- Сатушы
- Дөңгелек жөндеу шеберханасының жұмысшысы.
5.2 Қызметкерлерге жұмсалатын шығыстарды есептеу
Штаттық кесте жобасы
4- кестеде
көрсетілген.
4- кесте: Қажетті қызметкерлер және жалақы, мың. тнг.
| Атауы | Саны, адам | Жалақы | Жыл б/ша барлығы |
| Әкімшілік | |||
| Үйлестіруші | 2 | 60 | 1.440 |
| Есепші | 1 | 60 | 720 |
| Қызмет көрсету қызметкерлері | |||
| Аспазшы | 2 | 45 | 1.080 |
| Күзетші | 2 | 40 | 960 |
| Сатушы | 1 | 40 | 480 |
| Қызметші әйел | 2 | 35 | 840 |
| Дөңгелек жөндеу шеберханасының жұмысшысы | 1 | 40 | 480 |
| Барлығы | 11 | 6.000 |
Жол бойындағы қызмет көрсету орнының цехы өз жұмысын жеке кәсіпкер шеңберінде атқаратындығы жобада қарастырылған. Осыған сәйкес, жеке кәсіпкердің жалақысы есепке алынбайды.
Жол бойындағы қызмет көрсету пунктінің қызметкерлері жақын орналасқан елді ауылдардан қабылданатын болады.
6. Жобаны жүзеге асыру
6.1. Жүзеге асыру жоспары
Осы жобаны 2012 жылдың
қазан айынан 2013 жылдың қыркүйек айына
дейінгі мерзім ішінде жүзеге асыру жоспарланып
отыр. Одан әрі жобаның жүзеге асырылуы
туралы күнтізбелік жоспары көрсетілген.
5 - кесте: Жобаның жүзеге асырылуы туралы күнтізбелік жоспар
|
ай Іс-шаралар |
2012жг. | 2013жг. | |||||||||||
| 10 | 11 | 12 | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |
| ТЭН дайындау | |||||||||||||
| жобалық-сметалық құжаттар дайындау | |||||||||||||
| ТЭН қарастыру және қаржыландыру мәселесін шешу | |||||||||||||
| Несие алу | |||||||||||||
| Жерді сатып алу | |||||||||||||
| Құрылыс-монтаж жұмыстары | |||||||||||||
| Жабдықтау сатып алу, монтаж | |||||||||||||
| Жарнама | |||||||||||||
| Қызметкерлерді іздеу | |||||||||||||
| Жұмыс басы | |||||||||||||

- Жолдаулар
- Жолдық қатарлар
- Жол жүрiсi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесi
- Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің мәселелері және оны шешу жолдары
- Жол қозғалысын ұйымдастыру негіздері
- Жол транспорттық
- Жоңғар хандығы
- Жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың кәсіби іс-әрекеті
- Жоғары оқу орындарының имиджі мәселесі
- Жозеф де Местр
- Жозеф Луи Лагранж
- Жолаушылар тасымалдуы
- Жолаушылар тасымалы
- Жолаушылар тасымалы