Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясаты

 
 
 
 
 

РЕФЕРАТ 

           Тақырыбы:      Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясаты 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                            Орындаған:

                                              Қабылдаған: 
 
 
 
 
 
 

Мазмұны 
 
 

Жоспары:  

        І.    Кіріспе бөлім.....................................................................................   1

                  1.Жалпы мәліметтер…………………………………………...     2

        ІІ.  Негізгі бөлім......................................................................................   5

    1. Әзірбайжан Республикасы – Ресей Федерациясы................   6
    2. Әзірбайжан Республикасы – Иран Ислам Республикасы....   7
    3. Әзірбайжан Республикасы – НАТО......................................    8

                  4.  Каспий аймағы – Әзірбайжан  Республикасының  сыртқы 

                       саясатының приоритеті ретінде.............................................    9

    1. Таулы Карабах шиеленісі.......................................................   10

         ІІІ. Қорытынды бөлім............................................................................   13 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:...........................................................   14 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

І. Кіріспе

    Әзірбайжанның сыртқы саясаты ұзақ тарихи жолдардан өтті. Ал қазіргі уақытта ол ерекше маңызды мәселелерді шешуде. Бейбітшілікке қол жеткізу және әлемде өз орнын табу мәселелері - Әзірбайжан дипломатиясының дамуындағы қазіргі кезеңінің негізгі мазмұны.

    Тарихтан  бұл мемлекеттің сыртқы саяси  қызметіндегі жеке ұлттық мүдделерге негізделген, тәуелсіз фрагменттерін  кездестіреміз. Бұл – Сефевидтер мемлекетінің орта ғасырдың өзінде Батыспен де, Шығыспен де саяси диалог қалыптастыруға ұмтылған дипломатиясы. Бұл – Ширван және Мәскеу князьдықтары арасындағы арасындағы елшілік миссияларымен  алмасу.  Бұл – қысқа мерзімді болса да 1918-1920 жж Әзірбайжан Демократиялық  Республикасы үкіметінің , қысқа мерзімдік  болса да,  тәуелсіз  сыртқы қатынастары. Жіне де кеңестік биліктің алғашқы  жылдары, бұл кездері әзірбайжандық  дипломатия Генуэз секілді көптеген халықаралық конференцияларға белсенді түрде қатысқан болатын.  Тарих  қанша жарқын болса да , ол - өткен  күннің еншісі. Шындығында тәуелсіз әзірбайжандық  дипломатия ғимараты нөлдік деігейден  басталып бой көтеруде.

    Тәуелсіздік алғаннан бастап ұлттық дипломатияның  алдында мемлекеттің мүддесін сыртқысаяси  әдістермен қорғайтын қуатты жүйе құру міндеті тұрды. Бұл ғимаратты  тұрғызуда өткеннің өнегесі мен  қазіргі заманғы әлемдік тенденциялардың  жаңалығы ескерілуі тиіс.

    Жаңа  дәуірге ене отырып, Әзірбайжан Республикасы көптеген проблемаларға кезікті. Олардың  ең негізгісі – халықаралық оқшаулану  қаупі. Мемлекет көп уақытқа дейін  әлемдік қауымдастықтың оның мүшкіл жағдайын мойындауына қол жеткізе  алмады. Лоббистердің күшеюі, ескі клишелердің  билігі, ақпараттық блокада және жаңа дүниеге келген мемлекеттік қызметтің  әлсіздігі кері әсерін тигізді. Сондықтан  да уақыт СІМ қызметінің түбірімен  жаңалануын, оның құрылымының қайта  құрылуын, жаңа стратегия, жаңа концептуалдық  көзқарасты  қалыптастыру қажеттігін көрсетті.                

1.1 Жалпы мәліметтер 

         Әзірбайжан Республикасы  — Азия мен Еуропа аралығында, Шығыс Кавказда орналасқан мемлекет. Ол солтүстікте Ресеймен Дағыстан Республикасы арқылы, оңтүстікте Иранмен, Батыста Армениямен шектеседі. Ал оның эксклавы Нахичевань Автономиялық Республикасы оңтүстікте Иранмен, шығыста және солтүстікте Армениямен, батыста Түркиямен шектеседі.

         Негізгі заңы – 1995 жылы 12 қарашада қабылданған Конституция. Мемлекет басшысы – президент. Заң шығарушы жоғарғы органы – тұрақты парламент (Милли меджлис, 125 депуттатан тұрады). Атқарушы өкіметтің жоғары органы – Министрлер Кабинеті, оны премьер-министр басқарады. Әзербайжан солтүстігінде Ресеймен, солтүстік-батысында Грузиямен, оңтүстік-батысында Армения және Түркиямен, оңтүстігінде Иранмен, шығысында Каспий теңізі арқылы Қазақстанмен шектеседі. Аумағы 86,6 мың км2, халқы 8,6 миллион адам. Астанасы – Баку (Бақы) қаласы.

         Әзірбайжан мемлекеті әкімшілік жағынан 59 ауданға бөлінеді, сонымен қатар құрамына Нахичевань автономиялық республикасы енеді. Нахичевань автономиялық республикасының елдің негізгі аумағымен ортақ шекарасы жоқ, ол Армения мен Иран аралығында орналасқан. Кеңес дәуірінде елдің құрамында болған Таулы Карабах автономиялық облысы бірнеше жылға созылған ұлт араздығы негізінде (халқының 87%-ы армяндар болатын) ресми түрде таратылды. Қазіргі кезде Таулы Карабахтың басшылары өз аумағын тәуелсіз республика деп есептейді. 2010 жылы Әзірбайжан аумағында 9,0 миллион адам тұрды, қала халқының үлесі 52%-ды құрады.

         Халықтың орташа тығыздығы 99 адам, әсіресе табиғат жағдайлары қолайлы Ленкорань ойпаты мен Апшерон түбегінде халық тығыз қоныстанған. Биік таулы аудандар мен Кура жазығының шөлейтті бөліктерінде халықтың орналасу тығыздығы төмен. Мемлекеттік тілі – әзірбайжан тілі.

         Әзірбайжан — көпұлтты ел, бірақ соңғы онжылдықта орын алған ұлт араздығы салдарынан жергілікті емес ұлт өкілдері ел аумағынан қоныс аударуға мәжбүр болған. Сонымен қатар Таулы Карабах мәселесіне байланысты Армениямен жанжал шиеленіскен жылдары көптеген әзірбайжандар тарихи отанына қайтты. Сол себепті қазіргі кезде ел халқының ұлттық құрамында әзірбайжандар үлесі артып отыр. Олар халықтың 82%-ын, орыстар 6%-ын, армяндар 5%-дан астамын құрайды. Елде Кавказ халықтары (лезгин, талыш, грузин, авар) мен түрік, күрд, татар, украин тәрізді ұлттардың өкілдері де тұрады. Негізінен, әзірбайжан (мемлекеттік тіл), орыс және түрік тілдері басым таралған. Дінге сенушілер арасында мұсылмандар басым, сондай-ақ христиан дінінің православие тармағының өкілдері де біршама.

         Әзірбайжанның жер бедерінің үштен екісін Үлкен және Кіші Кавказ таулары, Қарабақ жанартаулық таулы үстірті және Талыш таулары алып жатыр. Ең биік жері – Базардюзю (4466 м). Климаты қоңыржай белдеумен (Кура-Аракс ойпатында) субтропикалық белдеуді (Ленкоран ойпаты) құрайды. Қаңтар айының орташа температурасы ойпатты аудандарда 0°С-тан 3°С-қа дейін, шілденің орташа температурасы 25 – 27°С. Жауын-шашынның орташа мөлшері тау етектерінде 200 мм, тау-беткейлерінде 1400 мм, ал Ленкоран ойпатында 1700 мм-ге жетеді. Ірі өзендері Кура және Аракс. Ең үлкен көлдері – Гаджикабул және Беюкшор. Ойпатта шөл, шөлейт және құрғақ дала өсімдіктері өседі, таулы жерлерде жалпақ жапырақты орман басым.

         Әзірбайжан индустриалды және ауыл шаруашылығы көп салалы ел. Жері мұнай мен табиғи газға бай. Сапасы жоғары темір кендері, алюминий шикізаты, хром, молибден, кобальт, алтын, күкірт колчеданы және әр түрлі құрылыс материалдары, полиметалл кендері мен емдік минерал су көздері бар. Мұнай-газ, машина жасау және металл өңдеу, химия және мұнай химиясы өнеркәсіптері елеулі маңыз атқарады. Әзербайжанда жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары әр түрлі маталар, тігін және былғары бұйымдарын, аяқ киімдер шығарады. Ауыл шаруашылығында мақта, темекі, бау-бақша өнімдері және мал шаруашылықтарының маңызы зор. Тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары түрлі шарап пен коньяк, консерві, ұн, темекі, балық өнімдерін шығарады.

         Машина жасау саласының мамандану сипаты, ең алдымен, отын-энергетика кешенінің; дамуымен анықталады. Елдің машина жасау кәсіпорындарында кеңес дәуірінен бері мұнай мен газ өндірісіне қажетті құрал-жабдықтар (ең алдымен, бұрғылау қондырғылары) жасалады. Кезінде қарқынды дамыған прибор жасау, электр құралдары мен радиотехника өндірісі қазіргі кезде терең дағдарысты басынан кешіруде.

         Көлік жүйесінде теміржолдардың үлесі жоғары. Елдегі теміржолдың жалпы ұзындығы — 1800 км, ал 1000 км2 аумаққа шаққандағы тығыздығы 24,5 км-ді құрайды. Әзірбайжан аумағы арқылы Ресейді Иранмен жалғастыратын халықаралық теміржол өтеді. Жүк айналымы жөнінен 2-орынды теңіз келігі алады. Баку — Түрікменбашы (бұрынғы Красноводск) аралығындағы паром арқылы Орта Азия мемлекеттерімен қарым-қатынас жүзеге асырылады. Жүк пен жолаушы тасымалында тасжолдардың да үлесі айтарлықтай. Елде 1000 км2 аумаққа шаққандағы тасжолдардың тығыздығы 264 км, бұл көрсеткіш бойынша Әзірбайжан ТМД елдері арасында Грузия мен Молдовадан кейінгі 3-орынды алады. Құбыр көлігінің де маңызы артып келеді.

         Әзірбайжан Республикасының сыртқы экономикалық, байланыстарында ұзақ жылдар бойы Ресей жетекші орын алып келген болатын. 1995 жылдан бері Иранның үлесі күрт артты. Түрікменстан және Украинамен сыртқы сауда көлемі де ұлғаюда. Әзірбайжан импортында азық-түлік өнімдері (65%) басты орын алады, ал экспортында энергетикалық шикізат басым. Жалпы алғанда, импорт көлемі (1007 млн АҚШ доллары) экспорттан (606 миллион АҚШ доллары) асып түседі. Қазакстан мен Әзірбайжанның сыртқы саудасының жалпы көлемі 303 миллион АҚШ долларын құрады. Қазақстанда Әзірбайжан Республикасымен бірлескен 34 кәсіпорын жұмыс істейді.

                                                                                                                                                                                                          

ІІ. Негізгі бөлім  

    Әзірбайжан  Республикасы өз дамуында әлемдік өркениет құндылықтары – демократия, бас  бостандығы және заң үстемдігіне  негізделеді. Осыдан келіп Сыртқы саяси  концепция шығады:

  • барлық мемлекеттермен тең құқықты, өзара ұтымды қатынас орнату;
  • Әзірбайжанның көпжақты дипломатияға белсенді қатысуын қамтамасыз ету:  
      • Ашықтық
      • Транссеріктестік
      • Достық көршілік
      • Бұрынғы стереотиптерден бас тарту

    Енді  Әзірбайжанның халықаралық құрылымдарға қатысуын  сипаттайтын картаны  көз алдымызға елестетіп көрейік.

  • БҰҰ мен  ЕҚЫҰ-мен қатар оның ішінен
  • Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы,
  • Солтүстік Атлантикалық Серіктестік Кеңесі,
  • Ислам Конференциясы Ұйымы,
  • Қаратеңіз Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы,
  • Орта Шығыс елдерінің Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымын табамыз.

    Егер  біз  Эйлердің шеңберлер теориясын  қолданар болсақ,  Әзірбайжан барлық шеңберлердің қиылысу алқабында  тұрған жалғыз элемент екендігіне көз  жеткіземіз. Бұндағы мақсат географиялық жағдай, әлеуметтік-саяси бағыт, тарихи-мәдени дәстүр тарапынан Әзірбайжанның  трансаймақтық ерекшелігін көрсету.

    Әзірбайжанның сыртқы саясатындағы приоритеттерді анықтағанда  елдің тағдырына тікелей әсер ететін  геосаяси факторды атап өту  керек. Географиялық орналасуы , табиғи байлықтардың шоғырлануы маңыздылығымен қатар, шекаралас мемлкеттердің  алатын орны ерекше, яғни Ресей, Түркия, Иран және Грузиямен жан-жақты ынтымақтастық қатынастарды дамыту.  

2.1. Әзірбайжан Республикасы  – Ресей Федерациясы 

    Екі ел қарым-қатынасының кейбір аспектілері:

  • Ресей Әзірбайжанда Габалинск РЛС-ін арендалауда. Ол – Ресейлік баллистикалық ракета жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, КСРО кезінде кеңестік ракетаға қарсы қорғаныс жүйесінің маңызды элементі ретінде салынды. Мемлекет тәуелсіздік алғаннан кейін РЛС Әзірбайжан иелігіне өткен болатын. 10 жылдық аренда туралы келісімге 2002 жылы қол жеткізілді. Жылдық аренда төлемі – 7 млн. АҚШ доллары.
  • Әзірбайжан ресейлік компаниялардың ТКР территориясында қаражат бөлу арқылы бизнес жүргізгеніне қарсылық көрсетуде.
  • Әзірбайжан ГУАМ (Грузия, Украина, Әзірбайжан, Молдавия) блогына кіреді. Ал ол Мәскеуде ашық антиресейлк есептелінеді.
  • Ресей АҚШ ұсынып отырған Каспий мұнайын Батысқа Ресей территориясын айналып өтетін жолдар арқылы экспорттау жобасын экономикалықтан гөрі, саяси деп есептеп, оған қарсы шығуда. Баку-Тбилиси-Джейхан құбырынан кейін, Қазақстан мұнайын Әзірбайжан территориясы арқылы Батысқа экспорттайтын Ақтау-Баку маршруты жобасы келесі кезекте тұр. Бұл жобаның жүзеге асуы ресейлік экономикаға үлкен зардабын тигізеді.
  • Иран ядролық дағдарысының әрі қарай шиеленісіне байланысты АҚШ та , Иран да мүмкін күш көрсетуге қарсы тұруға дайындалып  жатыр. Әзірбайжандық БАҚ айтуынша, АҚШ Әзірбайжанды Иранға соққы беру үшін өз территориясын беруге көндіруде.  Әзірбайжан шындығында АҚШ үшін негізгі плацдармға айналуы мүмкін. Бұл Ресей көңілінен тіптен шықпайды. 

     - бұл - оңтүстік территория маңында  тұрақсыздықтың жаңа ошағы қалыптасады  деген сөз;

     - Ресейдің Кавказдағы ықпалының толық күйреуін білдіреді.

  • Әзірбайжанның шешендік сепаратистермен транзиттік ел, тылдық база  ретінде пайдаланылуы Ресейдің наразылығын тудырып отыр.
 

2.2. Әзірбайжан Республикасы – Иран Ислам Республикасы 

    Оңтүстіктегі  көрші – Иран Ислам Республикасымен  жағдайды реттеу әрқашан да Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттарының бірі болды. Екі ел арасындағы әр түрлә кезеңдердегі келіспеушіліктерге қарамастан екі жақ та сәйкесінше әрекеттермен өзара ынтымақтастықты жоғары деңгейде қолдап отырды.

    Иран  жағы Әзірбайжан тәуелсіздігін 1991 жылдың 25 қарашасында мойындады. Дипломатиялық  қатынастар 1992 жылдың 12 наурызында орнаған  болатын. 1992 жылы Әзірбайжанда билік  басына Ұлттық майдан қозғалысының келуіне  байланысты әзірбайжан-иран қатынасында  жаңа кезең басталды. Бұл кезең (1992-1993) екі жақ арасындағы күрделі кезең  есептелді. 1993 жылы Әзірбайжанда билік  басына Гейдар Алиевтің келуімен Иранмен  көршілік және серіктестік саясаты  басталды, күрделі қатынастар реттеліп,дамуға көшті

    Армения агрессиясына қарсы шыққан Иранның  Әзірбайжанмен тығыз қарым-қатынасы, АҚШ компанияларының елдегі қызметі, Каспий теңізінің статусын анықтау  мәселелері мемлекеттердің қарым-қатынастарында түсінбеушіліктер туғызды. 

    2001-2003 жж әзірбайжан-иран қатынасында  нақты бір қиындықтардың тууына  қарамастан, екі жақтың жоғарғы  деңгейдегі сәйкесінше әрекеттердің  арқасында жағдай реттелді. Қандай  жағдай тумасын Президент Г.Алиев  Иранмен әрқашан  достық және  тату көршілік  саясатын ұстанды. 

    2005 жылдың қаңтарында Әзірбайжан  президенті Ильхам Алиев Иранға  ресми сапар жасады. Сапар барысында  шекара, қаржы, мәдениет, гидроэнергетика салаларында бірқатар шарттарға қол қойылды. Иран мен Әзірбайжан арасындағы келісімдердің жалпы саны жетпістен астам.

    Армян-әзірбайжан Таулы Карабах шиеленісі мәселесі бойынша Иран Ислам Республикасы  ең басынан  Армения агрессиясына қарсы шықты және бүгінгі күнге  дейін дұрыс және принципиалды позиция  ұстануда.  

2.3. Әзірбайжан Республикасы  – НАТО 

    Әзірбайжан  мен  НАТО арасындағы қарым-қатынас 1992 жылы Әзірбайжанның Солтүстік Атлантикалық Серіктестік Кеңесіне мүше болып қабылдануынан басталды.  1993 жылы ақпанда Әзірбайжан делегациясы еуропалық қауіпсіздік мәселесі бойынша НАТО ұйымдастырған Брюссель конференциясына қатысты, бұнда Әзірбайжандағы қоғамдық-саяси жағдай, Арменияның агрессиясы туралы ақпарат берілді. Солтүстік Атлантикалық Одақ пен Әзірбайжан арасындағы жоғары деңгейдегі ынтымақтастық 1994 жылдан басталды. Өзінің 4.05.94ж Брюссельге сапарында Президент Гейдар Алиев НАТО-ның бұрынғы кеңес Одағы мемлекеттерімен ынтымақтастықты қарастыратын «Бейбітшілік үшін серіктестік» келісіміне қол қойды. Сонымен қатар Әзірбайжан Республикасы 1997 жылы НАТО құрған Еуроатлантикалық Серіктестік Кеңесі құрылымына мүше болды. Солтүстік Атлантикалық Серіктестік Кеңесінен айырмашылығы бұл ұйым құрылымы «Бейбітшілік үшін серіктестік» шеңберіндегі  консультациялар мен талқылаулардан нақты әрекеттерге көшуді қарастырады.Әзірбайжан мен НАТО арасындағы әскери саладағы қарым-қатынас 1997 жылдан бері кең қарқын алды. Сол жылдың өзінде Әзірбайжан осы ұйымның Жоспарлау және Анализ Үрдісі бағдарламасына қосылды. Әзірбайжан НАТО-ның беделді құрылымы болып табылатын Парламенттік Ассамблеямен тығыз қарым-қатынаста. 1999 жылы мамырда НАТО Парламенттік Ассамблеясының Польшадаға сессиясында Әзірбайжанға бақылаушы статусы берілген болатын.

    НАТО   Шығысқа жылжуын тездеді. Ресей  және Иранның Кавказ мемлекеттеріне қысымы күшейген сайын, бұл ұйымның  Каспий аймағына жақындауы соншалықты тездетіледі. НАТО әрқашан да оның мүшелерінің  инвестициялары мен экономикалық мүдделері  бар жерлерде жүреді. Батысты ығыстырып  шығару Ресейдің де, Иранның да қолынан  келмей отыр. Ал прикаспийлік зонаны, Кавказды  әскери әрекеттер театрына айналдыру  оларға тиімсіз: бұл жердегі ықпалынан  айырылып қалуы мүмкін 

2.4. Каспий аймағы  – 

Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясатының приоритеті ретінде

    Каспий  мәселесі – посткеңестік кеңістіктегі ең маңызды геосаяси проблемалардың бірі. Мұнайдың стратегиялық маңызды  ошақтары орналасқан, балықтың кең  көлемді қоры бар Каспий бассейнінде  әлемнің ірі мемлекеттерінің  мүдделері қиылысқан.  Осы бір  ұшталған күрестің орталығында тұрған  Әзірбайжан секілді прикаспийлік жас  тәуелсіз мемлекеттермен қатар негізгі  фигуралар болып АҚШ, Түркия, Иран, араб елдері және олардың одақтастарын айтуға болады. Каспий мәселесі жалпы  шиеленісті мәселе есептелгенмен , Әзірбайжан Каспийдің мұнайы мен газын өз саясатының приоритеті санап, мұнай  факторын ел дипломатиясында белсенді қолданады. Егер Каспий теңізі алғашында  ел қасіреті болса, енді ол ел мәселелерін  шешуі қажет. Сондықтан да Г.А.Алиевтің мұнай дипломатиясына ерекше көңіл  бөлінеді.

    Мұнайлық  дипломатияның стратегиялық мақсаты  – бейбітшілікті кепілдендіру мен  экономикалық өркендеу секілді аймақтың негізгі мәселелерін шешу екендігі белгілі. Каспий аймағының елдері үшін мұнай мәселесіне араласу соғыстық «фаталдық алғышарты» есептеледі. Олар логикалық дамуы қатң конфронтацияға ұласатын үлкен мұнай ойынына  ырықсыз тартылады.

    Әзірбайжанның мұнай дипломатиясы президент Г.А.Алиев  айтқандай «Әзірбайжанның нығаюына көмек беретін» мұнай құбырлары  факторына негізделген. Бұл жоспарда приоритетті болып Баку-Тбилиси-Джейхан маршруты есептеледі. Ол туралы келісімге 20 қараша 1999 жылы ЕҚЫҰ Стамбул саммитінде қол қойылды. Баку-Тбилиси-Джейхан жобасы – осы жүзжылдықтың ең ірісі. Оның жүзеге асуы аймақ елдерінің энергоресурстарға тапшылығын жойып, энергетикалық тәуелсіздігіне, сонымен қатар Каспий бассейніндегі бейбітшілік пен тұрақтылықты дамытуға ықпал етеді. Каспий «мұнайдолларлары» Әзірбайжан экономикасының  анық  даму жолына  түсірді. 

    2.5. Таулы Карабах шиеленісі 

    Әзірбайжанның сыртқы істер ведомствосының интеллектуалды және физикалық күшінің көп бөлігі, әрине, армян-әзірбайжан шиеленісін реттеу жолын іздестіруге бағытталған.

    Бұрынғы Кеңес Одағы құрамындағы бірқатар республикалар мен Югославия  территориясындағы  қанды соғыстар қатары секілді армян-әзірбайжан қарулы шиеленісі дипломатиялық әдістердің әлсіздігі және халықаралық ұйымдардың шешімдерінің орындалмауы, қадағаланбауы  қандай қиратушы салдарларға әкелетіндігін  дәлелдеп берді.

    КСРО-ның  ыдырауының анық екендігін сезген Кремль бұл процеске алдын-ала дайындалған  еді. Кеңестік функционерлер әрбір  бұрынғы кеңестік республика мемлекеттік  құндылықтағы өз үлестерін талап  ететіндігін білді. Соның ішінде Каспий ресурстары да бар.

    Одақ  ыдырағаннан кейін Мәскеу бұл  республикаларға ықпалы жойылатындығын сезіп, «Таулы Карабах статусы» аталатын «бөліп ал да билей бер» принципіне негізделген бағдарлама жасап шығарды.

    Әскери  күшінің көмегімен Әзірбайжаннан  Таулы Карабахты тартып алып, оны  Арменияға берді. Алайда 1988-1989жж ешкім  бұл каспийлік байлық пен транзиттік мүмкіндіктер себебінен екендігін  ешкім сезген де жоқ.  Азербайжан секілді өзге де прикаспийлік кеңестік мемлекеттер тәуелсіздік алғаннан кейін, бұл аймақта Ресейдің «тарихи бәсекелестері» - Батыс, ең алдымен АҚШ-тың қызығушылығы артатыны айдан анық еді. 

    Мәскеудің ұтымды жасаған Карабах картасының мақсаты –Каспий мұнайының Еуропаға Армения, Түркия, Нахичевань арқылы тасымалдау маршрутының   транспорттық варианттарын қоршау болатын. Карабах мәселесі Азербайжанның  да, Арменияның да саяси және экономикалық тұрақсыздығын тудырып, солтүстік (Ресей) және оңтүстік (Иран) көршілеріне тәуелділігін арттырады.

    Бұл жағдай Батыстың Каспий аймағына жолын  жауып, бұнда және Закавказьеде Ресейдің ролін арттыруы тиіс. Ұзаққа созылған шиеленісте Әзірбайжан Ресейдің вассалы  болып қалуға тиіс. АҚШ-тың және де өзге Батыс елдерінің бұл аймаққа  өткелінің жабылуын Иран өте қалады және қалайды да. Таулы Карабах  секілді «үлкен сыйға» еш қиындықсыз ие болған Армения (сонымен қатар  кезекті деп айтуға болады, 20-30 жж кеңестік билік оған бірқатар әзірбайжан территорияларын беріп қойған еді) Ресейдің алдында өтеусіз қарыздар болып қалды.

    Қорытынды: Ресей Арменияны осы аймақтағы  жандармына айналдырды, Әзірбайжан территориясын  оккупациялауға көмек берді және қазіргі күнге дейін таулы  карабах шиеленісінің шешім «кілтін» өз қолында ұстауда.

    Осы мақсатпен ол 1994 жылдан бастап Бакудың  мұнай жоспарларын тежеу әдісі  ретінде нәтижесіз талқылаулар  жүргізіп,  Каспий теңізінің құқықтық статусын анықтау проблемасын тұйыққа  тіреуді жалғастарып келе жатыр. Уақыт өте  мүдделер қақтығысы  теңіз статусы мен құбыр желісі маршрутына қатысты  қатаң конфронтацияға ұласты.

    Әзірбайжан  халқы жерлерін жоғалтуға көнбейді. Мұнай контрактілері, Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырының әзірбайжандық бөлігінің іске қосылуы, экономиканың дамуы, тұрғындардың әл-ауқатының жақсаруы, ұлттық армияға деген күтім, демократиялық реформалар, азаматтық қоғамның құрылуы – бұның барлығы жас Әзірбайжан мемлекетінің мемлекеттік егемендігінің бекуіне, оның әлемдегі позитивті имиджінің өсуіне ықпал жасады.

    Әзірбайжан  армиясы Қарулы Күштердің Бас  қолбасшысы Президенттің бірінші бұйрығымен-ақ  ұлы мақсаттарды орындауға дайын: армяндық агрессорлар басып алған  әзірбайжандық жерлерді қайтару  және Әзірбайжанның территориялық  тұтастығын қалпына келтіру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІІ. Қорытынды 

    Әзірбайжан  Республикасының  ішкі де, сыртқы да саясатын анықтайтын ұлттық мүддені  сипаттайтын ұлттық приоритеттер:

     

  • Территориялық тұтастық, жерлерді оккупациядан босату;
  • Мемлекеттік сувернитет;
  • Сыртқы саясаттың тіуелсіз курсын қалыптастыру, жүзеге асыру;
  • Мұнай мен газ қорын оптималды пайдалану;
    • Геосаяси орналасуды (көліктік дәліз) тиімді пайдалана отырып, экономикалық бағдарламаларды жқзеге асыру;
    • Ұлттық мәдениет және тіл;
    • Ұлттық экономика, инфрақұрылымды дамытып, ұлттық экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізу;
    • Таулы Карабах мбойынша Армениямен шиеленісті әділ шешу;
    • ТМД елдерімен қатынасты жақсарту;
    • Дамудың еуропалық моделін дамыту (демократиялық институттарды бекіту);
    • Адам құқықтары институтын жетілдіру;
    • Каспий аймағындағы геосаяси жағдайды қалыптастыратын алды,ғы қатарлы державалармен тұрақты саясат жүргізу;
    • әзірбайжандық диаспорамен байланысты күшейту;
    • Мәдени өркендеу;
 

    Ұлттық  мүдделер әлемдік қауымдастық мүддесімен сәйкес келгенде геосаяси стратегияның ретті қалыптасуы жүзеге асады.  

    Әзірбайжан  – адамзаттың глобальді мүдделері  түйіскен мемлкет болып табылады. Сондықтан да аймақтың дамуына кедергі  жасайтын геосаяси күштер Оңтүстік Кавказда non-grata тұлғасына айналады.  
 

Пайдаланылған әднбиеттер 
 

    1. В.Алесин. СНГ: Реалии и перспективы сногостороннего  сотрудничества. Астана-2004

 

          2. Всемирная история. 3 т. М-1957, 

          3. Страны мира. Москва-2007,  

           4. http//www.google.ru       

           5.  http//www.yandex.ru       

    1. Қазақша-орысша дипломатиялық сөздік-анықтамалық. Астана-2006
 
    1. C.Ожегов. Словарь русского языка. Москва-2007
Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясаты