1991 – 2001 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының көрінісі

Қазақстан республикасының Білім және

Ғылым министрлігі

 

әЛ-фАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

    

“Саясаттану ” кафедрасы

 

 

ЖОБА

Тақырыбы: 1991 – 2001 жылдардағы Қазақстан Республикасының

әлеуметтік - экономикалық дамуының көрінісі

 

 

 

 

Орындаған: Медетбек Айбек

            Абсалямов Нұрдос

                       Жұмаханов Исламбек

             Ғылыми жетекшісі:    Басыгариева Ж.А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы - 2012

 

Мазмұны:

 

Кіріспе.........................................................................................................3

І – тарау. Қазақстан Республикасының 1991-2001 жылдардағы экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен  қайшылықтар....................................................9

1.1. Қазақстан Республикасындағы  нарықтық қатынастардың дамуының    негізгі кезеңдері және  оны   қалыптастырудағы   қиыншылықтар  мен   қайшылықтар...............................................................................9

1.2. Экономикалық реформалар және  олардың нәтежиелері......................

ІІ–тарау. Қазақстан Республикасының  әлеуметтік саласындағы даму жане басты  мәселелердің шешілуі..........48

2.1. Халықтың тұрмыс жағдайын, әл-ауқатын  көтерудегі проблемалар және  олардың шешілуі....................................................................

Қорытынды....................................................................................69

Пайдаланған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі.......................73

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеудің  тақырыбының өзектілігі: 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң Еуразия құрлығының жүрек тұсындағы ел атанған ұлан – ғайыр өлкеде жаңа мемлекеттің дүниеге келгенін паш етті. Санаулы жылдарда әлемнің әр тарапындағы алуан мемлекеттерден келіп түскен ежелден азаттық аңсаған халықтың тәуелсіздігін таныған қуаншты хабарлар әлемдік ақпаратта дүниенің төрт бұрышына тарап жатқан еді. Енді міне сол қуанышты сәттерден бері қеарай,бүгінгі күні азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы -  ел тәуелсіздігіне 16 жыл толып отыр.

Кеңес Одағы ыдыраған тұста әлемдік  бәсекеге мүлде қабілетсіз, тек ішкі рынокқа ғана негізделген шаруашылығы  бар ебедейсіз экономикалық жүйе біржола тұраланып, көпшілігі кедейшілік қыспағына түскен қазақстандықтардың болашаққа деген сенімі молайды. Кезінде қазақ халқы үлкен  даңғыл жол басындағы тәй-тәй  басқан сәби секілді күй кешті. Біршама  уақыттан соң жағдай мүлдем өзгерді. Еліміз президенті Н.Ә. Назарбайев бұл  жайында былай деген болатын : «Бұл тарихтың жаһандық сындары және жаңа экономика модельдерін іздеудің күрделі кезеңдері болды. Кідіріссіз де қысқа мезгілде міндетті: тәуелсіз мемлекет құру, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға, тоталитаризмнен  демократияға көшуді жүзеге асыру қажеттігі  туындады . ... Ал бүгін өткен жылдарды еске түсіріп және біздің күш- жігеріміз  бен жетістіктермізге қарап нық  сеніммен былай деуге болады: «Біз стратегиялық тұрғыдан дұрыс жолды  таңдадық. Құқықтық және әлеуметтік саяси  реформалар кейде қаншалықты қиын жүргеніне  қарамай, жақсы нәтижелерге жеткізді. Ел экономикасы мен демократиялық  процесстер серпінді дами отырып, республикамыз  орынды түрде өңір лидер саналды  және барынша бәсекеге қабілетті  экономикасы бар алдыңғы қатарлы  мемлекеттердің қатарынан лайықты  орын алуға ұмтылуда». 

Дүниежүзі елдері танып, экономикалық даму қарқыны жағынан алғашқы  орындарда тұрғандығын мойындап отырған тәуелсіз Қазақстан мемлекеті  тарихын қайта  ой елегінен өткізу әрбір халық үшін терең мәнге  және маңызға ие. Ол тек қана ертеде өткен қатал да қарама – қайшылыққа толы өмірді еске түсіру және оны қайта  қалпына келтіру үшін ғана емес, сонымен бірге егемендік идеясы орын алған бүгінгі таңда қазіргі  заман процестерін жете түсінуге мүмкіндік береді; Отанымыздың тарихын  зерттеу алдымен өзіміздің қауым  жастарының жалпы ізгі ұрпақтарының жаңа саяси тарихи ахуалды саяси  мәдениетін, дербес ел мүддесіне сай  көзқарастар жүйесін қалыптастыру үшін өте қажет екендігін өмір шындығы дәлелдеп отыр. Сондай –  ақ елімізбен терезесі тең іргелес  және шалғай орналасқан дүние жүзі мемелкеттері отанымыздық кешегі мен  бүгінгі өмірін білуге ерекше ден  қойып отырған шақта, республикамыздың кейбір ғылым, қоғамдық ой жүйесінің жеке қайраткерлері мен жазушылары қазақ тарихының кешегі оқиғаларын әдейі бұрмалауы аяғынан енді тұрып келе жатқан жас мемлекетіміздің әлеуметтік – экономикасының әрі қарай қарқынды дамуына әсерін тигізіп отырғандығы  қазіргі заманғы тарихи дамуымызды бұрмалаудан, не көмескі білуден екендігі сөзсіз.

Бір жүйеге келтірілмей, шашырай зерттелінген мәселелердің бірі – тәуелсіз Қазақстанның дамуының алғашқы белесі 10 жыл ішіндегі әлеуметтік  - экономикалық дамуы  болып табылады. Қазіргі таңдағы  даму сатысында экономикалық өсуді  қамтамасыз ету және осының негізінде  халқының әл – ауқаттық деңгейін көтеруді негізгі мақсаты етіп қойып, бұл  үшін елдің экономикалық мүмкіншіліктерін өрістетуге және әлемдік шаруашылық пен жалпы аймақтық нарықтарға енуін  түзетуге қажетті макроэкономикалық  жағдайлар мен алғышарттарды  өзекті мәселе етіп қалыптастырған Қазақстан  Республикасының КСРО ыдырап егемендік  алғаннан кейінгі 10 жыл ішіндегі әлеуметтік – экономикалық тарихын зерттеп, оған баға беру өзекті мәселелердің бірі екендігі даусыз.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Бір орталыққа бағынған, тоталитарлық жүйеге негізделген Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдыраған тұста Қазақстан Республикасының туелсіздік туы астында жаңа, өзіне мүлдем таныс емес жүйе құру жолында алғашқы он жыл көлемінде жүргізген әлеуметтік – экономикалық саясатын зерттеп, қол жеткізген табыстары мен жіберген кемшіліктерін зерделеп, обьективті түрде баға беру дипломдық жұмысымыздың басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жету мынадай міндеттерді орындауды жүктейді:

  • Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық жаңа жүйесін таңдау жолын зерттеу және оның типтік сипатын анықтау; құрылымдық экономикалық реформаның негізіне анықтама беру;
  • КСРО ыдыраған тұста және мемлекеттілікті қалыптастыру кезеңіндегі (1991-1993жж) Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық ақуалға анализ жасау;
  • 1993-1997жж экономикалық реформаның барысын зерттеп, нәтижесіне баға беру; Инфляцияны тоқтату саясатына сипатама жасау;
  • 1998-2002 жж. экономикалық реформаға анализ жасау; Банк жүйесіндегі, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығындағы өзгерістерді анықтау;
  • Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік жағдайындағы қиындықтар мен күрделі мәселелерді шешудегі іс – шараларға сараптама жасау, азаматтарының жақсы тұрмысын қамтамасыз ететін қоғам орнатудағы үкімет саясатын зерттеу;
  • Қазақстандықтардың әл – ауқатын көтеру, тұрғын үй, азық – түлікпен қамтамасыз ету,медециналық көмек көрсету сияқты әлеуметтік проблемаларды шешу жолына анализ жасау;
  • Зейнетақы реформасының  еаекшеліктері мен жүргізілу барысн зеріттеу.

Тақырыптың  тарихнамасы: Жоғарыда баяндағанымыздай Қазақстанның 1991-2001жж аралығындағы әлеуметтік – экономикалық дамуы шашырай, жүйесіз зерттелген мәселелердің бірі болып табылады. Десек те, тақырыпқа қалам тартқан біршама авторлардың еңбектері жарық көріп үлгерген. Жалпы оларды мынадай екі топқа бөліп қарастырауға болады:

Бірінші топта, көрсетілген он жыл ішінде үкіметтің жоғарғы қызмет орындарында еңбек етіп, болған жайларды өз көзімен көріп қана қоймай, нақты іс – шараларды жүзеге асырудың басында болған саяси қайраткерлердің еңбектері. Мұндай еңбектердің ішінде еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың біздің тақырыбымызға тікелей қатысты «Әділеттің ақ жолы», «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы», «Ғасырлар тоғысында», «Қазақстан 2030», «Тәуелсіздік белестері», «В потоке истории», «Сындарлы он жыл»  деп аталатын шығармаларын ерекше атап өткен жөн.

Сондай – ақ әр түрлі кезеңдрде  үкіметті басқарған Ә.М.Қажыгелдиннің, Қ.Тоқаевтың, Н.Балғынбаевтың, Қ.Тоқаевтың, И.Тасмағанбетовтың еңбектері мен  баспасөз беттерінде жарияланған баяндамаларында  құнды материалдар беріледі.

Екінші  топқа, тақырыпта қарастырылуы тиіс мәселелерді жеке – жеке бөліп зерттеген арнайы мамандар – эконмистердің, әлеуметттанушылардың және тарихшылардың еңбектерін жатқызуға болады. Олардың қатарында Б.Исабеков, К.Тұрысов, Э.Түркебаев, Т.Бондорь, Ч.Мусиннің, Б.Р.Амангельдиевтің, С.Байтіленовтың, Ә.Әбдікәрімұлының, Ұ.Рысбайұлының, Г.К.Габдулинаның, Ю.К. Шокмановтың, А.Касеновтың, А.Алібаевтың,А.Морозовтың, В.А.Ермековтың, М.Х.Абусейтованың, Д.А.Муркиннің және  т.б авторлардың зерттеулері тақырыптың мәнін ашуда сындарлы мағлұматтар береді.

Сонымен бірге осы топқа А. Ашімбаевтың  жетекшілігіндегі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы  стратегиялық зеріттеу институты қызметкерлерінің зеріттеу жұмыстарын да жатқызуға болады.

    Зерттеу жұмысының құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімінен тұрады. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мәселенің зерттелу деңгейі, деректік материалдар көзі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, хронологиялық шегі, методологиялық негізі айқындалған.

«Тәуелсіз Қазақстанда жүргізілген  экономикалық         реформалар және олардың елдің экономикалық дамуына әсері» -деп аталатын бірінші  тарауында Қазақстан Республикасындағы  макроэкономикалық реформалар процессі эволюциясының ел экономикасына ықпалы, көрсетілген уақыт аралығындағы республика өнеркәсібінің дамуы мен ауыл шаруашылығындағы ахуал зеріттеледі. Дипломдық жұмыстың екінші тарауында Егемеді Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанннан кейінгі он жылдығында әлеументтік дамуында туындаған мәселелер мен олардың шешілуі, әлументтік салада жүргізілген саясат пен олардың нәтежиелері баяндалады.

Қорытындысында, он жыл көлемінде  республика үкіметінің жүзеге асырған  әлеументтік-экономикалық іс-шараларының  нәтежиелеріне тұжырым жасалады

 

І – тарау. Қазақстан  Республикасының 1991-2001 жылдардағы экономикалық саясатты қалыптастырудағы қиыншылықтар мен қайшылықтар

1.1. Қазақстан Республикасындағы  нарықтық қатынастардың дамуының    негізгі кезеңдері  және  оны   қалыптастыудағы қиыншылықтар мен  қайшылықтар.

 

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін  нарықгық экономикаға көшу жолына түсті. Осы бағытта 1992 жылы қаңтарда мемлекеттік меншікті оның иелігінен алып жекешелендіруге кірісті.

Қазақстанда нарықтық экономикаға  көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді.

Нарықтақ экономиканың Бірінші кезені шағын жекешелендіруден басталдық Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың катарында ұжымдық меншікке берілгендердің саны 470-тен астам болды.

    Екінші кезең "Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған ,Ұлттық бағдарламасы" негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын жэне орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңеетік сауда жүйесін өзгерту басталды, Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар "Жекешелендіру туралы" Жарлықтан басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатында жүзеге асырылды.

Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен  айналысатын жаңа мемлекеттік басқару  органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т.б. Сондай-ақ нарықты экономикаға   тән инфрақұрылымның   кейбір   түрлері биржалар,   коммерциялық   банктер,   сауда  үйлері, жеке меншіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді.

Алайда, нарықтық экономикаға  көшуде бірсыпыра қателіктерге жол  берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы саяси, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болу керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. "Жапондық", "Немістік" тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған "есеңгіретіп емдеу" деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді.Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда кажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жеке меншікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы калыптаспай тұрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты (инфляция).Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай калды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмады. Бесіншіден, Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын катаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапкерсіздік қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, экономиканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дұрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.

Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың  жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды  белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа  да энергия көздерінің бағасы әлемдік  бағаға дейін жоғарылату керек деген  ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде  әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғарғы  таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы  бағаның шарықтап өсу кесірінен  төмен түсіп кетті.

1999 жылдан кейін бірінші кезекке  мемлекетгік мүлікті басқаруды  жетілдіру мәселелері шықты   мемлекеттік меншікті басқару  және онымен айналысу мәселелері  бойынша мемлекеттік органдар  арасындағы өкілеттіктерді бөлуге  жаңа көзқарас қолданыла бастады.  Республикалық мемлекеттік және  коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды  оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды. Мұнай-газ секторында — бұл "ҚазМұнайГаз", энергетикада— "КЕГОК", телекоммуникацияда — "Қазақтелеком", темір жолда — "Қазақстан темір жолы".

Бірақ жекешелеңдіру барысында  да кемшіліктер орын алды. Мемлекеттік  меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңінде де (1991-92 жж. және 1993-95 жж.) мүліктің көпшілік бөлігінің талан-таражға түсуіне жол берілді. Бұл халық шаруашылығы үшін берекесіздік тудырып, экономиканың терең дағдарысқа ұшырауының басты себебінің біріне айналды. Сондай-ақ, елдің экспортқа өнім шығаратын кәсіпорындары ескі әдетіне басып, өздерінің тауарларын эшелон-эшелонмен сыртқа жөнелте беруді ғана білді. Соның салдарынан республикадан 250 млрд. сомның өнімі сыртқа, негізінен алғанда Ресей Федерациясы мен ТМД елдеріне су тегін кеткен болып шықты.

Сондықтан, бұл  жағдай үкімет пен барлық экономикалық институттарды, Статистика мен Қолдау Комитетін қатыстыра отырып, терең  талдау жасауды талап етті. Осымен байланысты 1994 жылдың қаңтарыңда Президент  экономикалық реформаны жүргізуді  жандандыру жөніндегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы  шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994-1995 жылдарға арналған бағдарламасы жасалды. Бағдарламада энергетикалық  тәуелсіздікті қамтамасыз ету мәселесі қойылды, өндірістің құлдырауы тоқтатылып, экономиканы тұрақтандыру, инфляцияны тоқтату қажет екені айтылды. 1993 ж. 15 қарашада мемлекеттің өз ақшасы теңге енгізілді. Сөйтіп, біз экономикалық тәуелсіздіктің аса маңызды нышаны -ұлттық валютамыз теңгеге ие болдық. Бұл бізге 1994 жылы-ақ гиперинфляцияны бәсеңдетуге мүмкіндік берді.

Өзінің бүкіл кемшіліктеріне қарамастан іс жүзінде аяқталған  жекешелендіру процесі нақты  бәсекелестік үшін базалық жағдайларды  құруға жеткізді. Қазіргі кезде республика өнеркәсіп өнімінің 85 процентке  жуық көлемі жекеменшік секторда өндіріледі.

Нарықтық реформаға көшудегі жіберілген тағы бір қате — ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына  сенбеуі.Олардың білетіні Батыстың дамыған, қалыптасқан нарықтық экономикасы  еді. Оған қоса ТМД елдерінде экономикалық дағдарыс капиталистік қоғамға тән  классикалық артық өндіру дағдарысы  емес, жетіспеушілік дағдарысы болатын. Екіншіден, ол елдерде ертеден тауар  өндірісі, тауарлық қатынастар толық  қалыптасқан. Ал бізде бұлар болған жоқ. Үшіншідең, ТМД елдерінде социалистік  экономикадан нарықтық экономикаға  көшу тез қарқын алды. Сондықтан  шетел экономистерінің кеңесі тиісті нәтижесін бермей, аяқсыз қалды.

Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996-1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама кабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды. Алайда, бағдарламада көзделген жекешелендіруді аяқтау, бірыңғай холдингтік, шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау, ауыл шаруашылығында қосымша 30 мыңға жуық шаруа қожалықтары мен фермерлік шаруашылықтарды құру айтарлықтай нәтижелер берген жоқ.

Қоғам айқын мақсаттар  мен оларға қол жеткізу жолдары  баяндалған стратегиялық бағдарламалық  құжатқа мұқтаж болатын. Олар "Қазақстан - 2030" ел дамуының Стратегиясында тұжырымдалды.

1997 жылдың қазан айында Президент  Н.Ә.Назарбаев республика халқына  "Қазақстан — 2030" деген атпен  жолдау қабылдап, онда еліміздегі  дағдарыстан шығудың және жүріп  жатқан реформаларды аяқтаудың,  сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің  қатарына қосылудың,   немесе   "Қазақстан барысын" қалыптастырудың  жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада   еліміздің   саяси,   әлеуметтік-экономикалық  дамуының жақын арадағы және  стратегиялық ұзақ мерзімдегі  даму жолдары мен мүмкіндіктері  жан-жақты көрсетілді Онда елдің ішкі және сыртқы   саясатындағы мүмкіндіктерді   барынша пайдалана отырып,   мемлекеттің дамуындағы ұзақ мерзімді жеті басымдықты іске асыру көзделген.

Олар: 1) ұлттық қауіпсіздікті сақтау; 2) ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту; 3) нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу; 4) Қазақстан  азаматтарының денсаулығы, білімі мен  әл-ауқатын көтеру; 5) энергетика ресурстарын  жете пайдалану; 6) инфрақұрылым, көлік  және байланысты дамыту: 7) демократиялық  кәсіби мемлекетті құру. Тек осы  аса маңызды шараларды іске асырғанда  ғана Қазақстан халқының өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы  мүмкін екендігіне сенім білдірілді.

"Қазақстан — 2030" бағдарламасының  талаптарына орай соңғы жылдары  еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін  нығайту, әлемдік стандарттарға  сай түзілген заңнамалық-құқықтық  базаны жетілдіру жөнінде орасан  зор жұмыстар жүргізілді. Атап  айтқанда, биліктің, сот және қүқық  қорғау органдарын қоса алғанда,  оның барлық тармақтарының құрылымы  мен қызметінің қағидаттары едәуір  жетілдірілді. Сондай-ақ демократия мен азаматтық қоғам институттары даму жолына түсті.

Қазақстан геосаяси кеңістікте әлемдік қоғамдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде лайықты орын алды. Қалыпасқан әріптестік саяси және экономикалық қатынастар мемлекетімізді барлық дүние жүзі елдерімен байланыстыруға мүмкіндік берді. Қазақстан жетекші халықаралық ұйымдарда, соның ішінде, БҰҰ-да белсенді жұмыс жүргізіп, антиядролық қозғалысқа, жаппай қарусыздануға, бітімгершілік және терроризмге қарсы күрес ісіне лайықты үлесін қосып келеді. "Қазақстан - 2030"   стратегиясында  көрсетілгендей, әсіресе, соңғы жылдары республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалып отыр. Тек 2000-2002 жылдары жалпы ішкі өнімнің жиынтық өсімі 35,5 пайызды құрады. Сауатты макроэкономикалық саясат еліміздің халықаралық беделін едәуір көтеруге жағдай жасады. Қазақстан бұл жылдары ТМД елдерінің арасында жан басына шаққанда шетелдік инвестициялар тарту жөнінен іс-шаралар бастады. Шетелдік инвесторларды, соның ішінде әлемдегі аса ірі компанияларды да тарту мынадай бірқатар маңызды міндетгерді шешіп берді:

Ауқымды инвестицияларды тарту жөніндегі, олардың көлемі 1993 жылдан 2003 жылға дейінгі кезенде 25,8 миллиард долларды кұрады, жан басына шаққанда Қазақстан ТМД-да 1-ші орынды алады.

Әлемдік деңгейдегі менеджмент қызметі құлдырау жағдайында болған аса ірі кәсіпорындарды қысқа мерзімде қайта өркендетуге мүмкіндік берді.

Әлемдік рынокқа шығу және әлемдік шаруашьшық байланысқа белсенді кіріту қамтамасыз етілді. (Н.Назарбаев. Жаңа кезең - жаңа экономика. — Егемен Қазақстан, желтоқсан 2004).

Осының нәтижесінде республика экономикасының барлық дерлік салаларында, әсіресе, ауыл шаруашылығында, сауда мен қызмет көрсету саласында жеке меншік секторы басым бола түсті. Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін ұлғайту болып табылады. Мысалы, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мың заңды тұлғаның 192,7 мындайы жеке меншік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98%-і, өндеу саласында бұл үлес — 98%-ті; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5%-ті құрайды.

Көптеген экономикалық процестердің нақты қатысушысы жеке меншік иесі болып отыр. Оның мүмкін болатын барлық әлеуметтік формалар мен нарықтық қатынас салаларына кеңінен қатысуы айрықша нарықтық мінез-құлық қалыптастырды. Әсіресе шағын кәсіпкерліктің дамуын атап көрсетуге тұрарлық.

"Казақстан — 2030" бағдарламасын жүзеге асыру барысында тәуелсіз еліміздің басты табыстары мен жетістіктері мемлекеттің қауіпсіздігін нығайту және экономикалық өрлеу болды. Бұл барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуіне, әл-ауқатының артуына кең өріс ашты.

Сонымен, қорыта келгенде, жер жүзіндегі қазіргі 182 елдің 15 мемлекеті нарықгың қарқынды даму жолын игерген, 156 ел — нарықтық даму жолына түскен (соның бірі - Казақстан), тек 11 ел ғана - нарықтық қатынасқа әлі кірмеген. Әлемдік экономиканың заңдары мен талаптарына сай біз де елімізде нарықтық (кәсіпкерлік) қоғам құрып жатырмыз. Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің ішінде нарықгық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға қол жеткіздік. Біз ойдағыдай жұмыс істеп жатқан нарық экономикасын құрдық. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған нарықтық экономика бар.

 

 

1.2. Экономикалық реформалар және олардың нәтежиелері

Қазақстан Республикасында экономикалық реформалар КСРО – дағы экономиканы  либералды реформалау шеңберінде ХХ ғ. 80- ші жылдарының соңында (1988 ж) басталды. Алайда олар КСРО – ның құлауына байланысты 1991 жылы үзіліп қалды.

Менің ойымша, шаруашылық  қызметтерін  либералдандыру, еңбек ұжымдарына жалға  беру арқылы кәсіпорындарды мемлекетсіздендіру, басқару жүйесін және жалпы одақтық  бағдарлама шеңберінде материалдық  – техникалық жағынан қамтамасыз етуді орталықтандыру сол кезеңнің өзінде республикаралық шаруашылық байланыстарды бұзуды, КСРО халықшаруашылығының  коперативтік салаларындағы әр түрлі  өндірістік технологиялық байланыстар  арасындағы келісімдік – құқықтық қатынастарды бұзды.

Жалпы одақтық реформалар өндірістің құлдырауына, өндірістік – техникалық мақсаттағы өнімдер мен тұтыну тауарларының дефецитінің ушығуына, инфляцияның  өсуіне және ақша – кредиттік жүйенің  дағдарысына алып келді де, бұл  жағдай барлық одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның да эконмикасында  көрініс тапты.

КСРО мемлекеттік ститистикалық  комитетінің мәліметіне қарағанда, 1990 жыл 1989 жылмен салыстырғанда бүкіл  ел бойынша жалпы қоғамдық табыс  екі пайызды (ұлттық табыс 3,6 пайызды) өнеркәсіптік өндіріс – 1,1 пайыз, ауылшаруашылық өнімі – 2,8 пайыз (44,40-б.) төмендеген. Қазақстанда да жағдай сондай болды, оның ішінде ұлттық табыс 1990 жылы 1989 жылмен салыстырғанда 0,9 пайызға кеміді.

 

 

 

1-кесте

1989-1991 жж Қазақстан республикасындағы  әлеуметтік экономикалық негізгі  көрсеткіштерінің индексі ( алдыңғы  жылдармен салыстырғанда пайыздық  түрде)

 

 

1989

1990

1991

Өндірілген ұлттық кіріс

99,9

99,1

89,7

Өнеркәсіп өнімдері

102,5

99,2

99,1

Ауыл шаруашылық өнімдері

92,7

106,8

77,4

Капиталдың салынуы

104,0

97,0

105,0


Деректер: автордың өзі [29,12-б.] негізінде құрастырған

 

1991 жылы Қазақстан экономикасы  КСРО – ның экономикасымен  үйлесімді дамыды, яғни құлдырау  жалғаса түсті. 

Егеменді Қазақстан Республикасындағы  эконмикалық қайта – құрулар 1992 жылдан басталды. Олар кезең –  кезеңімен жүргізілді.

Реформалардың алғашқы кезеңі – 1992-1993 жж қамтыды, яғни Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланған уаықттан бастап өз валютасын  енгізгенге дейінгі аралықта. Осы  жылдардағы елдің экономикасы Ресей  федерациясындағы экономикалық және саяси  өзгерістерге толық тәуелді болды. Реформалар өзінің жартылайлығымен, шешімдер мен әрекеттердің қарама – қайшылылығымен, ақша – кредиттік және бюджеттік  саясаттың жүйесіздімен сипатталынды. [19,17-б.]

Бұл кезеңдегі Қазақстанның экономикалық дамуының өзгешілігі 1990 – 1991 жж құрылымдық дағдарыстан жүйелі әлеуметтік –  экономикалық дағдарысқа өтуінен болып  табылады. Осы жағдайды бірқатар авторлар тарнформациялық деп әділ атаған еді. (44, 46-б.) Ол өзінің бұрын соңды  болмаған дәрежедегі тереңдігімен және қамту көлемінің кеңдігімен ерекшеленді.

 

2-кесте

Қазақста Республикасының 1992-1994 жылдардағы негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштер динамикасы (1991жылмен салыстырғанда  пайызбен)

 

Көрсеткіштер

1992

1993

1994

Жалпы Ішкі Өнім (ЖІӨ)

-5,3

-14,0

-24,8

Өнеркәсіп өнімдерінің жалпы көлемі

-14.0

-27,0

-47,0

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдері (барлық категориядағы шаруашылықтар)

29,0

20,0

-5,0

Негізгі капиталға салынған капитал (қаржыландырудың барлық қорларына)

-47,0

68,0

-73,0

Тұтыну бағаларының индексі

-16,1

284

5615

Бөлшектік тауарайналым (өткізудің  барлық каналдары)

-33,0

-44,0

-72,0

Экспорт

-65,0

-67,0

-67,0

Импорт

-66,0

-72,0

-74,0


Деректер: (45, 11,18,22,25,33,45,63,64-беттер)

Энерготасымалдаушылардың бағасы нақты белгіленіп қойылған уаықтта, 1992 жылдың қаңтарында басталған бағаларды  либеризациялау процессі 1994 жылдың соңына дейін созылды да, бұл жағдай эконмиканың  барлық салаларында, әсіресе сыртқы экономикалық қатынастарда реформаларды жүзеге асыруға кедергі болды.

Бағаның еркін қалыптасуына мүмкіндік  бермей сыртқы сауданы либерализациялау республикадан сыртқа аса маңызды  шикізат түрлерін, көбіне республикалық  тұтынуға зиянын тигізе отырып, шығаруына  жағдай жасады. Себебі әлемдік бағалар  ішкі белгіленген бағадан 2-3 есеге  жоғары еді. Нәтижесінде барлық бұрынғы  мемлекеттік – серіктер Қазақстандық «стратегиялық» тауарлардың жолына ішкі барьерлер (квоталар, лицензиялар, кедендік тарифтер) қоя бастады. Оған қарамастан шетке ондай тауарларды шығару өсе берді, ал валюталық түсімдер шетелдік банклерде қалып қойды.

Қазақстанда, экспорттық шектеу көбіне тарифтік емес сипатта жүрді. Елдің  сыртқы сауда саясатында іс жүзінде  импорттық пошлиналар болмады. Орталықтық – экспорттық жүйеден рынокқа  өту кезеңінде экспорттық  - импорттық  және төлемдік операцияларды дұрыс  бақылау жалға қойылмай отырған  уақытта, аса қажетті іс – шара болып табылатын – лицензиялау  және квоталау жүйелі қолданылды.

Бұл кезеңде сыртқы сауда операциялары гиперинфляция және республикаралық  қамысздандыру саласы бойынша есеп айрылысу жүйесі жұмыс істемей тұрған уақыт жағдайында жүргізілді. Бартерлік  операциялар кеңінен қолданылды, мұнда көбіне олар эквиваленттік  емес айырбас сипатында болды.

Басқа түрлі өнімдердің (қызмет) бағасы еркін болып тұрған және рубльдің бағасы үнемі төмендеп отырған жағдайға энерготасымалдаушылардың  бағасын  либериалдандыру мәселесінің шешілмеуі, электр энегергиясын, мұнайды өндіретін  және өңдейтін кәсіпорындардың рентабельділігін қамтамасыз ету мақсатында осы өнімдердің бағасын үнемі өсіріп отыру (жылына 3-4 рет) қажеттілігін туындатты. Бұл  өз кезеңінде тұтынушылардың өз тауарлары  мен қызмет түрлерінің бағаларын  көтеруге алып келді.

Ең соңында, энерготасымалдаушылардың баға өсімінің, жаңа шыңы туындады да, ол спираль тәрізді баға реакциясын соңынан ертті. Мұнда «бағаларды теңестіру» процессі үздіксіз жүрді  де, ол Қазақстан экономикасын бұрын  болып көрмеген инфляция қарқынына  душар етті. Бұл жағдайды төмендегі  кестеден байқау қиын емес.

    3-кесте

1991-1997 жылдар аралығындағы  баға динамикасы (алдыңғы жылдармен  салыстырғанда пайызбен)

1991 – 2001 жылдардағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік - экономикалық дамуының көрінісі