Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары

                                                  МАЗМҰНЫ                                            Беттер

 

 

  Кіріспе.........................................................................................................5                                                                                                         

 

Ι. Агроөнеркәсіп өндірісін  басқарудың теориялық-әдістемелік 

   негіздері

  1.1 Нарық жағдайында агроөнеркәсіптік  құрылымдарды 

басқарудың теориялық  негіздері..............................................................8                  1.2 Өндірісті басқарудың мәні,мақсаттары және әдістері.....................18

  1.3 Агроқұрылымдарды  басқарудың шетелдік тәжірибесі, оны 

Қазақстанда пайдалану мүмкіндіктері.......................................................30

 

ΙΙ.  Агроөнеркәсіп кешенін  басқару нысаны ретінде талдау.

    1. Агроөнеркәсіп кешенді басқару жүесін бағалау..............................39
    2. ОҚО-ы агроөнеркәсіп өндірісінің жағдайы және оның

басқарылуы...................................................................................................48

    1. ОҚО-да өнімдік ішкі кешендерде азық-тулік өндірісінің

дамуын талдау. ..........................................................................................59

  ΙΙΙ. Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды  жетілдіру бағыттары.

3.1 ОҚО-да өсімдік май өнімдерін  өндірудің шикізаттық 

базасын дамыту келешегі............................................................................68

3.2 ОҚО-да  агроөнеркәсіптік өндірісін  кластерлік жүйе

негізінде басқару..........................................................................................75

КОРЫТЫНДЫ...........................................................................................89

Пайдаланылған әдебиеттер......................................................................93

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Кез келген әлеуметті-экономикалық жүйедегі экономиканың жағдайы қоғамда  қалыптасқан меншік пен шаруашалық  формаларымен, өндіргіш күштері мен  өндірістік қатынастарының қол жеткізілген деңгейімен ғылыми техникалық прогреспен , басқа елдермен экономикалық байланыстарының ғаламдану дәрежесімен, мемлекеттің геосаясаттық  орналасуымен және басқа факторларымен анықталады.Бірақ бұл мүмкіндіктерді іске асыру көп тұрғыда осы ел қаншалықты өндірісті жүргізудің алдыңғы қатарлы әдістерін сақтау мен көбейтуді үйренгеніне, өркениеттену тарихымен жинақталған және қолданыстан өткен басқару құралдарын тиімді пайдалану тетіктерін игеруге байланысты.

Зерттеу жұмысының  өзектілігі.Мемлекетіміздің Президенті Н.А.Назарбаев «Қазақстан 2030» Стратегиясында, 2008 жылғы наурыздағы Халқына Жолдауында халықтың алаухатын жақсарту, экономиканың бәсекелік қабілетін көтерудің міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асырудың бірден-бір  бағыты экономиканың қызмет атқарушы барлық құрылымдарында басқаруды жетілдіру деп айқындады.

Осы тұргыда экономика  саларын,оның ішінде халыққа қажетті  азық-түлік өндіруші агроөнеркәсіп  өндірісін басқару жүйесін жетілдіру  өзекті мәселе болып тұр.

Экономиканы әртараптандыру жинақталған тәжірибені сараптауды, экономиканы басқарудың жаңа формаларын, әдістері мен қағидаларын игеруде өркениетті үрдістерді және серпілмелі адымдарды іріктеуді талап етеді.Бірінші қатарға тиімділіктің экономикалық нарықтық критериялары шығарылып, басқарудың икемділігіне талаптар қойылады.Экономиканы басқару мәселелерін зерделеуші ғалымдар, практиктер бұл күрделі, көпқырлы мәселе екенін және мұнда экономикалық, техникалық , ұйымдық, әлеуметтік сауалдар қиылысатынын бір ауыздан, мақұлдайды.Осы себептерге байланысты басқару мәселелерін зерттеуде жүйелі және кешендік тәсілдерді қолдану қажеттігі пайымдалады.

Жалпы әлемдік экономикада  басқарудың құрылымдық, технологиялық  және экономикалық тетіктерін жетілдірудің жаңа кезеңін қажет етуші қоғамның тұрақты дамуына қол жеткізу мақсаттары мен міндеттері қойылып келеді.Мұның барлығы менеджменттің ұлттық нұсқасын қалыптастыруда басқарудың барлық деңгейінде тиімді тәсілдерді пайдалану талап етеді.

Әлеуметті-экономикалық дамудың қазіргі кезеңінде кәсіпорындар мен ұйымдардың алдарында тұрған мәселелерді талдау, олардың табыстылығы көп тұрғыда макро-, микро-,  және  медоэкономика деңгейлерінде терең ойланып ұйымдастырылғын басқару мен анықталатынын көрсетеді.

Ұйымдастырудың сыртқы ортасындағы өзгерістердің тез  түрленуі, сыртқы және ішкі нарықтардағы бәсекелік күрестің шиеленісуі стратегиялық басқару жүйесін әзірлеу мен өңдеудің өзектілігін айқындай түсуде.Бұл міндеттерді шешуді шаруашылық жүргізуші тұлғалардың басқару тәжірибесіне, оларды кейін міндетті түрде жақсы құрылымдастырылған және нысандандырылған жүйесіне байланыстырылатын стратегиялық басқарудың жекелеген элементтерін ендіру жолымен дәйекті іске асыру қажет. Ауылшаруашылық өндірісінің құлдырауын, айналым құралдарына деген тапшылықты, шаруашылықтардың залалдылықтарын  және ауылшаруашылық өндірісінің қаржылық ысырабы 75 млрд.теңгеден асуын бастан кешірген республиканың агроөнеркәсіптік секторы әлеуметті-экономикалық дағдарыстың төменгі нүктесінен өтіп, соңғы 10 жылдарда аграрлық сферасында оң өзгерістер орын алып келеді.Елдің ішкі жалпы өнімінің көлеміндегі ауыл шаруашылық өндірісінің үлесі 2004ж- 8,9 %-ды құраса, 2007жылы 9,2ға жетті.Саланың жалпы өнімі орташа 13,7% көбейіп қаржылық нәтижелері оң сипатталуда (2007ж-5,7 млрд. тенге).

Дипломдық жұмыстағы зерттелу тақырыбының мақсаты мен міндеттері агроөнеркәсіп кешенінде қалыптасқан басқару жағдайын жүйелі талдап ОҚО-ы агроөнеркәсіп кешенін басқаруды жетілдіру жолдарын қарастыру.

Агроөнеркәсіп саласындағы  келешек экономикалық жаңғыртулар  аграрлық бизнесті басқарудың тиімді құрылымын қалыптастырумен, агротехнологиялар деңгейлерін көтерумен, басқарудың маркетингтік стратегиясына көшумен, ішкі нарықта импортты ауыстырумен, жақын және алыс шет елдеріне экспортты белсендірумен байланысты. Аграрлық секторды тұрақты дамыту жағдайында АӨК- нің барлық деңгейлерінде, оның ішінде аймақтық, облыстық деңгейлерінде басқару жүйесінің тиімділігін көтерудің маңыздылығы зор болып тұр.Осы себепті ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілердің АӨК-нің басқа салаларында орын алып жатқан экономикалық үрдістерге әсер етуді, экономикалық оқшауланған тауар өндірушілерінің кооперациялану мен интеграциялану негізінде агроөнеркәсіптік  құрылымдардың табысын түпкілікті өнімді өткізу нәтижелерімен байланыстыруды қамтамасыз етуді мүмкін ететін аграрлық өндірісті басқару жүйесін әзірлеу қажеттілігі туындайды. Мемлекеттің агроөнеркәсіптік өндірісін дамыту бойынша  соңғы жылдардағы іс-шаралары өндіріс өнімінің бәсекелік қабілетін және оның тиімділігін арттыруға бағытталған. Аграрлық секторында қалыптасқан жағдайларды талдау мен бағалауға жаңа жүйелік тәсілдерді қолдану, елдің азық-түліктік жеткіліктілігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарының еңбек пен өмір жағдайларын жақсарту үшін тауар өндірушілерінің күштерін жұмылдыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу өзекті болып тұр.Сондықтан да АӨК-де орын алып жатқан интеграциялық үрдістерге ұштастыра отырып, АӨК-дегі басқару мәселелерін кешенді зерттеу мәселелері менің дипломдық  жұмысымның тақырыбын анықтады.

            

 

 

 

 

  Ι. Агроөнеркәсіп  өндірісін басқарудың теориялық-әдістемелік негіздері.

 

   1.1 Нарық  жағдайында агроөнеркәсіптік құрылымдарды  басқарудың теориялық негіздері.

   Өндірісті басқару мемлекеттік саясатпен және экономиканы дамыту мәселелерін  шешумен тікелей байланысты. Ол халықтың әл-ауқаттылығын көтеруге, еңбек өнімділігін арттыруға, халықты арзан бағадағы азық-түлікпен қамтамасыз етуге және елдің азық-түліктік  тәуелсіздігін сақтауға бағытталады.Бұл міндеттердіжүзеге асыру қоғамдық өндіріс деңгейімен тұтыну және қорлану  қорларының мөлшері секілді бірқатар негізгі факторлармен анықталады.

Басқару үрдісінің кез-келген қоғамға тән екені белгілі, бірақ  оны тек экономикалық мәселелерді  өндіріс тиімділігінің өсуін  қамтамасыз ететін саясаттың экономикалық дәлелденген бағыттарын белгілеу  арқылы шешкенде ғана табысты деп айтуға болады.

Басқару бұл қоғамның экономикалық заңдарын ұйымдастыратын, өзгертетін және жүзеге асыратын топ, мұнда ұйымдық  экономикалық қатынастардың түрлері, халық шаруашылығы салаларының  даму пропорциялары және оның аймақтық апектілері анықталады, кәсіпорындар мен мекемелер іс-әрекетінің жұмыс істеу әдістері мен түрлері өңделеді.

Басқару әділ де шынайы экономикалық заңдарға сүйеніп қана қоймай, олардың  негізінде қалыптасатын барлық өндіріске  қатысушы субьектілер мүдделерінің бірыңғай жүйесін де негізге алады.

Өндірісті басқару жүйесі мынадай  нақты бөліктерден құралады: басқару  механизмі, басқару құрылымы, басқару  үрдісі және басқару жүйесін дамыту механизмі.

Басқару механизміне басқару жүйесінің  басты, іргелі бөліктері – жалпы  ережелері, мақсаттары , әдістері және қызметтері жатады.

Басқару құрылымы басқарушы органдар жүйесін, басқарушы мамандарды және басқаруда қолданылатын техникалық құралдырды қамтиды.

Басқару үрдісі –барлық басқарушы  топтардың таңдап алынған басқару  әдістерінің жүйесі арқылы басқару мақсаттарына қол жеткізуге басғытталған іс-әрекеті болып табылады.Басқару үрдісінің басты құрамдас бөліктерін шешім қабылдау және шешімдерді жүзеген асыру үрдісі құрайды.

Басқару жұмысшылардың еңбектену  іс-әрекетін көрсететіндіктен, шығындар, оларды жабу көздері, нәтижелер және тиімділік секілді экономикалық сипаттарға ие болады.

Басқару жүйесін жетілдіру механизміне  басқару нысанын дамыту нәтижесінде  басқаруға өзгерістер енгізуді ұйымдастыру  жатады.

Міне басқару жүйесінің жалпы  сипаттамасы осындай.

Басқару жүйесін құру белгілі бір  мөлшерде шығын қажет етеді.Алайда, істі дұрыс ұйымдастырғанда тиімді басқарудың өндірістік тиімділігінің  өсуі бұл шығындарды жабуға толық  мүмкіндік береді.

Басқару тиімділігі оның басқару үрдісіндегі  жараушылық рөлін айқындай түседі. Өндірістік ұйымдар неғұрлым ірі болған сайын, оларды басқару мәселесінің маңыздылығы да соғұрлым артады. Себебі, ортақ іс-әрекеттерден алынатын тиімділікмөлшері басқару деңгейіне тәуелді болады.

Елімізде және шетелдерде өзара  ұқсас жақтары көп басқарудың әртүрлі теориялары мен мектептері баршылық. Олардың арасында ең көп тарағандары- классикалық мектеп, адамдық қатынастар теориясы, эмпирикалық (прагматикалық) теория, менеджмент теориясы.

Менеджмент және тиімді басқару  саласындағы ең алғашқы зерттеулер классикалық мектеп тарапынан жүргізілді (1920-1950). Алғашқы менеджерлерді өндіріс тиімділігі мәселесі (техникалық әдіс) қатты толғандырды. Жұмыс орындарының дизайнын жасай және әртүрл мәлмілелерге кететін уақыт шығынын зерттей отырып, олар өздерінің іс-әрекетін жұмысшыларды жете зерттеуге бағытталады.

Дункан Джектің еңбегінде ғылыми басқару қозғалысының жетекшісі  Тейлордың  (1856-1915) менеджментті  ғылым ретінде қарауға күрделі  қадам басып, адам тиімділігінен  гөрі ұйым іс-әрекетінің тиімділігіне барынша көңіл бөліп, ғылыми басқару мектебінің дамуына бастама болғандығы туралы қарастырылды.

Ғылыми басқару тұжырымдамасының жасалуы нәтижесінде менеджмент ғылыми зерттеулердің тәуелсіз саласына айналды.Ф.Тейлор «Фабриканы басқару» (1903) және «Ғылыми менеджмент қағидалары» (1914) атты еңбектерінде жұмысшы қозғалысын хронометраж, стандарттау  тәсілдері және еңбек құралдары көмегімен зерттеуге негізделген еңбекті ғылыми ұйымдастырудың бірқатар әдістерін  жасап шығарды.

Ол ұсынған басқарудың басты  қағидалары мынаған негізделді: егер мен ғылыми негізде адамдарды таңдап, ғылыми негізде оларды дайындай білсем және оларға кейбір ынталандыруларды ұсынып, адам мен жұмысты біріктіре алсам, онда мен жеке жұмысшы күшінің қосқан үлесінен де артық жалпы өнімділікке қол жеткізе аламын.Ф.Тейлор «ғылыми басқару» мектебінің негізін салушы ретінде еңбекті мөлшерлеудің әдістемелік нездерін жасап, жұмысшы операцияларын стандарттады, жұмысшылар еңбегін іріктеудің, орналастырудың және ынталандырудың ғылыми тәсілдерін қолданысқа енгізді .

Басқару туралы ғылымның пайда болуы  Ф.және Л.Джилберттердің есімдерімен  де тығыз байланысты. Олар еңбек  қозғалысы салаларында зерттеулер жүргізді, хронометраждық әдістемелерді  дамытып жетілдірді және  жұмыс  орнын ұйымдастырудың ғылыми қағидаларын жасап шығарды.

«Әкімшілік» мектебі басқарудың классикалық  мектебінің бір түрі болып табылады.Ол менеджердің рөлі мен қызметіне  қатысты мәселелерді зерттеумен айналысты. Басқарушы жұмысының  мәні анықталысы мен ең тиімді басқару  әдістерін табу оңайға соғады деп есептелінді.Бұл идеяның негізін қалаушылардың бірі А.Файоль (1841-1925) болды.Ол барлық басқару үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру, мамандарды іріктеу мен орналастыру, басшылық ету (үәждеме) және бақылау деп бес негізгі функцияға бөлді.Бұл функцияларды біз осы кезге дейін ұйымдарды басқаруды қолданып келеміз.

Қазақстандық ғалымдардың ғылыми еңбектерінде ғылыми басқару мәселесі біздің шарттарға сай қарастырылды.

Қазақстанда реформаға дейінгі  басқару жүйесі көбіне келесі факторлардың ықпалынан құралды:

-мемлекеттік меншіктің басымдығы және соған байланысты мемлекеттік 

 кәсіпорындар монополиясы;

-кәсіпорындар арасындағы байланыстарды  белгілеу мен таратудың қатаң 

 жүйесі;

-жоғарыда көрсетілген факторлармен  шектелген кәсіпорындардың 

 шаруашылық дербестігі.

Халық шаруашылығының тиімділігін  арттыруға бағытталған өндірістік мамандану мен өндірістік шоғырлану  секілді қағидалар аталмыш жүйені қалыптастырудағы ең маңызды қағидалары деп есептеледі.Осының нәтижесінде  ең маңызды өнімдер мен қызмет түрлерінің өндірісін монополиялаушы ірі мемелекеттік  кәсіпорнындардың басымдығы анық байқалған жүйе қалыптасты.

Қалыптасқан экономикалық жүйеге келесі қағидаларға негізделген, өндірісті басқарудың бара-бар механизмдері сәйкес келеді:

· біртұтас халық шаруашылығы кешенімен басқаруды орталықтандыру;

. жоспарлау-экономиканы басқару өзегі ретінде;

. кәсірпорынның өндірістік –шаруашылық іс-әрекетін мемлекеттік ұйым 

  тарапынан тікелей  басқару;

. мемлекеттік мүдделер шегімен және жалпы мемлекеттік экономикалық 

  тиімділік белгілерімен шектелген кәсіпорынның шаруашылық және 

  экономикалық дербестігі;

. өндірістік-шаруашылық іс-әрекетіне қатаң мемлекеттік бақылау.

 Әлемдік тәжірибеде  басқаруды екі түрге бөліп  қарастырады:

     -орталықтандырылған  жоспарлау мен әкімшілік басқару қағидаларына

      негізделген  басқару; 

-нарықтық жүйелеу  механизміне негізделген басқару.

Басқарудың әрбір түрінің  өз тұжырымдамасы болады.Әрине, олардың  екеуіде экономикалық жүйе түрінен  тәуелсіз әрі техника жүйесінің  заңдарымен, заңдылықтарымен және қағидаларымен шектелген жалпы бастамаға негізделеді.Орталықтандырылған жоспарлау қағидаларына сүйенетін тұжырымдаманың мәні көбінесе жеке адамға, ұжымға және өндіріске мақсатқа сай ықпал ету керектігін тартады. Мұнда бір ғана, тіпті ең маңызды функция- жоспарлау басқару үрдісінің мақсаты мен мазмұнына айналды.

Нарықтық басқару тұжырымдамасы  басқарудың шаруашылық субьектісінің  іс-әрекеті екендігіне негізделеді.Мұнда  шаруашылық үрдістері нарықтық реттеу механизмдері арқылы реттеледі.Басқару  мәнін анықтайтын тәсілдер қандай болмасын, ол үнемі өзіне тән мынадай элементтерден құралады:

-басқару мақсаттары;

-қойылған мақсаттарға  жету тәсілі немесе тәсілдері;

-басқаруды қажет ететін  ұйымдары (адамдар бірлестігі).

Жоспарлы басқару тұжырымдамасы  мақсаттарды қою мен оларға қол жеткізудің нарықтық тұжырымдамасынан едәуір ерекшеленеді. Біріншіден, жоспарлы басқаруда барлық  шаруашылық субьектілері мүдделерінің тепетеңдігі мемлекет тарапынан орнатылса, басқарудың нарықтық тұжырымдамасында өзін-өзі реттеудің нарықтық механизмдері арқылы орындалады.Екіншіден, нарықтық басқару тұжырымдамасы жоспарлы тұжырымдамадан алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәсілдері бойынша ерекшеленеді.

Әлемдік тәжірибеде алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу  мен басқару әдістерінің мынадай үш тобы белгілі:

  • әкімшілік немесе ұйымдық басқарушылық;
  • экономикалық;
  • әлеуметтік-психологиялық.

Жоспарлы экономикада  басқару көбінесе әкімшілік әдістермен жүзеге асырылады да, экономикалық әдістер көмекші сипатта болады.Ал, нарықтық басқару тұжырымдамасы басқару шешімдерін қабылдау мен жүзеге асыруда обьективті экономикалық заңдарды ескеретін басқару түрі болып табылады.

Нарықтық басқару тұжырымдамасы  батыс елдерінде пайда болып, кез-келген жүйе секілді белгілі  бір эволюцияны бастан өткерді.Оның дамуын екі кезеңге бөліп қарастыруға болады.

Бірінші кезең, жаппай өндіріс  пен жаппай өтімге бағытталған өнеркәсіптік төңкерістің туындауы салдарынан батыс  елдерінде белең алған индустриалды даму кезеңі. Бұл кезеңнің басқару  механизмдері келесі қағидаларға негізделеді.

  • оңтайлы ұйымдастыру, өндіріс пен қызмет көлемін ұлғайту, ішкі өндірістік қорларды пайдалану есебінен шығындарды азайту, еңбек өнімділігі мен барлық ресурстар түрлерін пайдалану тиімділігін арттыру нарықтағы табыстың негізгі факторлары  екенін ұмытпау;
  • ұзақ уақыт бойы жеткілікті әрі тұрақты болатын мақсаттары, міндеттері және іс-әрекет шарттары бар  «жабық жүйе» түріндегі кәсіпорын тұжырымдамасына сүйену;
  • кәсіпорын стратегиясы ретінде өндірісті мамандандыруды тереңдету мен кеңейту;
  • барлық басқару функциялары үстінен шешуші маңызды бақылау мен ұйымдық басқару құрылымын функционалды құру;
  • өз функцияларына және басқару  ережелеріне сай бірлесе жұмыс атқаратындай етіп басқару аппаратының жұмыстарын айқын ұйымдастыру;
  • кәсіпорындар, қоғам және мемлекет арасындағы серіктестік қатынастарды экономикалық прогресс үшін дамыту.

Екінші  кезең, ақпараттық технология  мен ғылым сыйымды  салалардың пайда болу дәуірімен  байланысты. Оның ең басты ерекшеліктеріне  келесілер жатады:

  • қазіргі заманғы технологияға  негізделген және адам қажеттіліктерін

     тікелей  қанағаттандыратын салалардың үлес  салмағының өсуімен        

     айқындалатын  ірі құрылымдық қайта құруларды  жүзеге асыру;

  • кәспорындардың тиімділігі мен табыстылығын арттырудың негізгі   көзі ретінде қаралатын, ой еңбегңмен шұғылданатын 

     жұмысшылардың  маңызы мен рөлін көтеру;

  • көбіне шағын және орта кәсіпорындарға негізделген, әрі   

     тұтынушылардың  арнайы сұраныстарын қанағаттандыратын  жаппай                                                 емес, икемді өндірістерді өрістету;

-   сыйымдылығы бойынша  үлкен емес нарықтарға, олардың  жеке 

    салалары мен  бөліктеріне бағдарлану.

Негізінен жоғарыда аталған  факторларды есепке алу нарықтық кәсіпкерлік экономикаға өткенді  білдіреді.Мұндай экономикада экономикалық өсімнен гөрі, сыртқы ортаның өзгермелі шарттарына тез икемделу және бейімделу арқылы қол жеткізілетін тиімділікке үлкен мән беріледі.

Қазіргі ғылымда әртүрлі  жүйелерді зерттеу жұмыстары  жүйелік тәсілмен, жүйенің арнаулы  теория бөлімінде, кибернетикада, техника жүйесінде, жүйелік талдауда және т.б. жүргізіледі. Әрбір ұйымдастыру жүйесі екі қосымша жүйеге бөлінеді: басқарушы (басқару субьектісі) және басқарылушы (басқару обьектісі) (1-сурет).

Агроөнерәсіптік кешенге  сай келесі басқару жүйелерін  бөліп алуға болады:

  • басқару субьектілерінің белгілері бойынша – мемлекеттік,

     шаруашылық  және жергілікті  өзін-өзі басқару  жүйелері;

  • басқару обьектілернің белгілері бойынша – аумақтық, салалық  және 

     функционалдық  (салааралық) басқару жүйелері .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

АӨК

Деңгейлері

Мемлекеттік басқару субьектілері

Мемлекеттік басқару обьектілері

Басқару түрі

 

Агроөнер-

кәсіптік кешен

 

Ауылшаруашылық министрлігі

Шұғыл басқаруға құқылы мемлкеттік бірыңғай кәсіпорындар

Тікелей сызықтық басқару, функционалдық  байланыстар

Мемлекеттік меншіктегі акционерлік  қоғамдар

Мемлекет акцияларының 100%пакетіндегі  сызықтық басқару : мемлекеттік емес  акционерлер бар болғандағы алқалық  басқару  (Директорлар Кеңесінде  уәкілдік)

Субьектілердің АОК-ін басқару  ұйымдары.

Орталық пен субьектілер арасындағы уәкілдікті шектеу шарттарына сәйкес басқарудың  жұмыс істеуі.

Әкімшілік субьектілердің агроөнеркәсіптік кешені

Облыстардағы АОК басқару ұйымдары, ауылшаруашылық басқармалары, департаменттері, жер ресурстары жөніндегі комитеттер

Шұғыл басқаруға құқылы мемлекеттік  бірыңғай кәсіпорындар

Сызықтық және функционалдық басқару.

Субьектілер меншігіндегі акционерлік  қоғамдар

Мемлекет акцияларының 100%пакетіндегі  тікелей басқару мемлекеттік  емес акционерлер бар болғандағы алқалық басқару.

Аудандық ауылшаруашылық басқармалары (бөлімдері)

Мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару  арасындағы уәкілдіктің  шектелуіне сәйкес сызықтық функционалдық  басқару

 

 

Ауданның агроөнеркәсіптік кешені

 

 

Ауылшаруашылық басқармасы

Ауылшаруашылық, өңдеуші және қызмет көрсетуші кәсіпорындар

Функционалды басқару

Мемлекеттік  қызметтер:мал дәрігерлік бақылау, жерге орналастыру, машиналар  мен құрал-жабдықтардың техникалық ахуалын тексеру, қоршаған ортаны қорғау  және т.б.

Сықзықтық және функционалдық басқару

Акционерлік қоғамдар, тұтынушы коопеаривтері

Мемлекеттік  меншіктегі акциялар бар болғандағы Директорлар Кеңесіндегі  уәкілдік; мемлекеттік емес құрылымдармен  функционалдық басқару.


 

1-сурет. АӨК деңгейлері  бойынша мемлекеттік басқару  обьектілері мен субьектілерінің құрамы.

 

Мақсаттардың көп жоспарлылығы және басқару обьектілері мен  субьектілерінің сан алуандылығы  қандай-да бір басқару жүйесінің  жиынтығымен шектелуге мүмкіндік  бермейді.Шешілетін мәселелердің сипаты мен маңыздылығына қарай кей жағдайларда басқару жүйесіне, мәселен, мемлекеттік басқаруды қабылдауға болады.Мұндай жағдайда оның түрлеріне аумақтық, салалық және функционалдық басқарулар жатады. Ал кей жағдайда жүйе ретінде аумақтық басқаруды неізге алуға болады, бұл кезде оның қосалқы жүйелеріне мемлекеттік, аймақтық, жергілікті және шаруашылық басқарулар кіреді. Сонымен қатар, басқару субьектілерін шектеу қағидаларына  негізделген басқару жүйесі құрылымының қалыптасқан тәжірибесін ескере отырып, жүйелердің мынадай жіктемесін қабылдаған дұрыс: мемлекеттік басқару, шаруашылық басқару және жергілікті өзін-өзі басқару (2-сурет).

 

 

 

 



2-сурет. АӨК-дегі негізгі  басқару жүйелері.

 

Қазіргі таңда аграрлық экономикадағы мемлекеттік басқару  рөлін едәуір көтеру Қазақстан үшін аса қажет. Әкімшілік саяаттан әлеуметтік және экономикалық үрдістерді мемлекеттік реттеуді, бюджет қаражаттарын жұмсау тиімділігі мен агроөнеркәсіптік кешен салаларын бақылауды анықтайтын саясатқа батыл өтуге тура келеді.Мемлекеттің жоспарлаған экономикалық стратегия басымдылығына Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешендерінің іс-әрекеттерінің табыстылығымен  дамуының негізгі бағыттары бағынышты болады.

Көп қырлы нарықтық экономика  жағдайында шаруашылықты жалпы басқару  сипаты да өзгереді, басқарудың жүйелі тәсілімен қатар жағдайлық тәсілдер де күшейеді. Кәсіпорын іс-әрекетінің табыстылығы шаруашылықтың  сыртқы экономикалық, ғылыми техникалық және әллеуметтік ортасына қаншалықты сәтті бейімделетіндігіне, оның бұл жағдайдан қаншалықты молырақ пайда таба алатындығына байланысты болады.Ең бастысы бұл қажетті өндіріс  құралдарын табу мен ресурстарды бөлудегі епті әдіс болып табылады.Кәсіпорын табысының барған сайын адамдық факторларға деген тәуелділігі артады. Нарықтық қатынастар жағдайында агроөнеркәсіптік кешенді басқару сипаты мен тұжырымдамасының маңызды белгісі –оны ашық әлеуметтік жүйе ретінде қарау керектігімен айқындалады.Сондықтан, шаруашылық басқару функцияларының құрамы, оларды агроөнеркәсіп кешенде жүзеге асыру әдістері мен түрлері барлық уақытта шынайы қажеттілікке  сай бола отырып, өндірістік қатынастардағы  өзгерістерге әрдайым бейімделіп  отыру керек.

Жалпы алғанда, агроөнеркәсіптік кешендегі басқаруды халық шаруашылығын басқарудың тұтас жүйелері ретінде  қарастыру және осы қағидаларға  сүйене отырып , қазіргі кездегі басқару жүйесін қалыптастыру қажет.Олардың басқарушы мамандардың тікелей тәжірибелік іс- әрекетіндегі шынайы қажетті функциялары  мен ұйымдастырушылық негіздерін  анықтау керек. Агроөнеркіптік өндірістегі  басқару обьективті заңдармен және ұйымдастырушылық қағидаларымен реттелетін қоғамдық қатынастарды сипаттайды..

 

               1.2  Өндірісті басқарудың мәні, мақсаты және әдістері

Бәсекелестік күрес  пен нарық жағдайында агроөнеркәсіптік кешенді басқару үрдісін  ұйымдастыру  басшылардың потенциалдық мүмкіншіліктер мен ресурстық ахуалды саралай отырып, кәсіпорын іс-әрекетінің мақсаты мен келешектегі даму стратегиясын айқындауын талап етеді.

Мақсатты таңдау мен  жүзеге асыру барысында басқару  қызметтері жетекші рөл атқарады. Олар агроқұрылымдардағы басқару аппаратының жұмыс мазмұны мен мақсатын белгілейді.

Негізінен, басқару қызметтері басқару жүйесінің алдында тұрған мақсаттарға қол жеткізу үшін басқарылатын обьектіге белгілі  бір деңгейде ықпал етуге мүмкіндік  беретін басқару іс-әрекетінің маңызды бағыттары деп сипатталады.

Басқару қызметтерінің  ашық көрсетілген мазмұны, жан-жақты  өңделген жүзеге асыру механизмі  және белгілі бір ұйымдық құрылымы болуға тиіс.

Жалпы қызметтер басқарудың мән-мағынасын аша отырып, басқарудың кез-келген үрдісіне тән болып табылады және барлық басқару жүйесі мен деңгейінде көрінеді. Оларға жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру (реттеу) және  бақылау қызметтері жатады. Агроқұрылымдар іс-әрекетінің мақсаты осы қызметтер кешені арқылы ғана жүзеге асырылады.

Нақты қызметтер басқарушылық еңбектің бөлінісіне қарай айқындалады., өндіру, өткізу)келіп шығады.Мәселен,мұндай қызметтер ауыл шаруашылық кәсіпорындарында өндірістіңқұрылымынан және оның уақыт дойынша әркелкілігінен(өнімді дайындау,өндіру,өткізу)кел»п шығады.

Басқарушы қызметкерлердің нақты  қызметтеріне өндірістік техникалық және технологиялық дайындығын; жоспарлы -экономикалық іс-әрекетті; бухгалтерлік есепті, есептілік пен қаржыны; қажетті  нысандыр салу мен қайта қалпына  келтіру жұмыстарын;материалды -техникалық жабдықтау мен өнім өткізуді; еңбек ресурстары мен ұжымды әлеуметтік  тұрғыдан дамытуды ; табиғи байлықтарды пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды; еңбекті қорғау мен техникалық қауіпсіздікті сақтауды және т.б. шараларды басқару жатады.

Ғылыми-техникалық прогресс пен өндірісті дамыту нәтижесінде басқарудың коммерциялық қызмет, маркетинг, контроллинг, аудит, сыртқы экономикалық қызмет, ақпараттық қамтамасыз ету секілді жаңа  қызметтері пайда болады.

Агроөнеркәсіп өндірісін басқаруды жетілдіру бағыттары