Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады

Кіріспе

 

Тақырыптың  өзектілігі. Кез келген тарихи тұлғаға баға бергенде ол өмір сүрген заманы, қызмет етіп, қызу араласқан қоғамы тұрғысынан қарау қажеттігі мен болашақ үшін сіңірген еңбегі тұрғысынан зерделеу талабын ескеретін болсақ, ғылыми зерттеу саласындағы жеке тұлғалардың ашқан жаңалықтарын айқындап, болашаққа берер бағдарын көрсету.

Ел  тарихын тұлғалар жасайды. Тұлға  елдің тағдыры, тұлға – елдің  тұтқасы болып табылады. Белгілі орыс философы С.Н.Трубецкой ХІХ ғасырдың өзінде-ақ былай деп жазған болатын: «Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады» [1,6 б.]. Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы.

Тарих қызық және күрделі құбылыс. Ол азаматтың алға жылжыған уақыттың ісі сияқты. Бірақ арта қалғанның тарих па?

Өткен-кеткеннің  барлығын мұрнынан ұстап, жіпке тізе бергенмен, ол тарих бола ма? Белес-белес  замандардан, қым-қуат уақыттан қалған ірілі-уақыт оқиғалардың шаңнан аршылған шыныдай мөлдір шындығы, халық үшін маңызы болмаса, оны тарих деп айту алдағы күнге қиянат емес пе?

Халқымыздың ұлттық болуының мәйегіндей салт-дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, діні мен  тіліне, тегіне кепіл тәуелсіздік  келгенде қазақтың арғы- бергі тарихы аржағынан көрінетін жүп-жұқа оқушы оқулығына ғана сыйып тұр. Үш жүз жылға созылған мұндай қиянатқа қарсы тұру үшін, тарихтағы әділеттікті, шындықты қалпына келтіру үшін, жас тәуелсіз еліміздің болашағына тарихтың сара да дара  дұрыс бағдары болу үшін халқымыздың тарихын ұлт мүддесі тұрғысынан қайта зерделеу керек болды. Бұл міндет әрине тарихшыларымызға үлкен жауапкершілік жүктеді.

Сол жауапкершілік жүрген абыроймен  арқалаған ғылымның бірі тарих ғылымдарының докторы, профессор Академик Зұлқарнай  Алдамжар болатын.

Күні  кеше ғана кеңес мемлекетінде, оның ішінде Қазақстанда да жоғары лауазымды  қызмет атқарған адамдарға «көрнекті» немесе «аса көрнекті мемлекет қайраткері»  сияқты марапаттау сөздері онды-солды  айтыла беретін. Осыған мазмұндас сөздер облыс пен аудан «көсемдеріне» де арналатын. Жекелеген нағыз қайраткерлерге және зиялы қауым өкілдеріне арналғандарын қоспағанда, бұл сөздердің көпшілігі жалған айтылатын. Сондықтан да осындай мадақтау сөздер арналған адамдар өмірден озған немесе қызметінен түскен күннің ертеңінде-ақ олардың есімдері халық зердесінен өше бастап, біраз уақыттан кейін түгелдей ұмыт болатыны да заңды құбылыс.

Ал  ондайларға қарама-қарсы тағдыр иелері халқымыздың сан ғасырлық тарихында, оның ішінде кеңестік кезенде де аз болмаған.

Осындай биік тұлғалардың бірі тарихшы ғалым – Зұлқарнай Алдамжарұлы. Оның зерттеулер Республиканың тарих ғылымында кенжелеп қалған тарихнама, әдістеме, методология мен теория мәселелеріне арналған. Тарихнама саласының жетекші маманы, тарих ғылымының даму үрдісіне талдау жасап, халқымыздың тарихының күрделі мәселелерін ашып келешек ұрпаққа тарихты зерделеудің бағдарын айқындап берді.

Зұлқарнай Алдамжар аса белгілі қоғам және мемлекет қайраткері ретінде ғана емес, сонымен қатар терең ойлы тарихшы  ретінде де танып, білген жөн. Сондықтан осылай қарау бүгінгі төл тарихымызды зерттеу қажеттілігінен туындап отыр.

Сонымен қатар ол тарихи оқиғалардың зерделі  зерттеушісі деңгейіне көтеріліп, ғылыми құндылығы мол еңбектер қалдырған. Сондықтан да оның қоғамдық-саяси  қызметі мен тарихшы-ғалымдығын зерттеу Республика тарихшыларының міндеттерінің бірінен саналады.

Зұлқарнай Алдамжар – тарихшы. Үлкен ғалым. Ал тарих деген бүкіл адамзат  баласының, жер-судың, оның үстінде  өткен ғажайып оқиғалалардың баяны. Тарихты қиюымен қоятын адал шежірешілер тарихты тастай етіп жасайды. Зұлқарнай Алдамжар мұның мәні-жайының жетік маманы. Өзінің тәуелсіз, егеменді мемлекеттілігін алған Қазақстан тарихының тоталитарлық жүйе кезеңінде қалай бұрламағанын ол көз алдынан өткізген. Енді осы тарихты қалай қалпына келтіру керек, шындық тарихты қалай жазған дұрыс, жазғанда нені басшылыққа алу оңды, жазудың әдісі мен әдістемесі қалай болуы тиіс деген міселелер алға қойылып отырғанда, Зұлқарнай Алдамжар бұған тарих тасын қалаушы ретінде бүтін көзқарасын білдіреді. Бүгінге дейінгі жазылып келген ел тарихын түгелдей қайта тексеріп шығу керектігін айтады. Шынайы ел тарихын жазу енді басталды. Біраз олпы-солпылықтың шетін басу керек. Тәуелсіздікке қол жеткізген аздаған жылдың ішінде тарихшы ғалымдарымыз біраз еңбек етіп, ел тарихын қайтадан жаңаша жазуда ілкімділік көрсетуде.тарихты қайтадан қалай орны-орнына қою керек дегенде, Зұлқарнай Алдамжардың өлшемі жас мамандарға көмек болары сөзсіз.

Жалпы тарих, тарихты қайта жазу кімге  керек? Алдымен, ұлтқа керек. Тәуелсіз Отан тарихы жазылуы керек. Бірақ ол бәрінің үстінде тұрған әсіре тарих болмайды. Нағыз тәуелсіз тарих – шындық! Бізге жағымсыз болғанның өзінде ол болған оқиғалар шындықты шыңғырып өзі айтып тұруы керек. Өйткені, ол бас тарта алмайтын өз тарихымыз. Ол - өз заманасының тарихы, әлем тарихының бір көрінісі болмысы.

Біздің  тарих осылай жазылуы керек. Басқа  ешкімнің бұра тартуы бұл арада жүрмейді. З. Алдамжардың ел тарихын қайта  жазудағы алға қойған басты талабының  бірі осындай.

Алдамжардың мақсаты – жас ұрпаққа халықаралық деңгейдегі сапалы білім, қалаулы мамандық беруді, ғылымға баулуды ұйымдастыруға, өркениетті ұлтжанды сананы бойға қалыптастыруға, парасаттылық пен жасампаздық құлшыныс арнасында тәлім-тәлбие беруге үлес қосу.

Ғылыми  зерттеу арнасында ғалым ұлттық төл тарихымыздың философиялық заңдылықтары мен методологиялық негізін, оның тарихнамалық жүйесі мен деректік қорын, зерттеу әдістемелері мен пайымдау шарттарын және де ұлт-азаттық қозғалыс желісі мен жеке тарихи тұлғалар тағдырын, бүгінгі егеменді елдігіміз бен тәуелсіз мемлекеттігіміздің нығаю, даму үрдісінің өзекті мәселелерін зерделеуді міндет етіп қойыпты. 

          Тақырыптың тарихнамасы мен зерттелу деңгейі. Зұлқарнай Алдамжар өмірі, қоғамдық, мемлекеттік, саяси, педагогикалық қызметі мен ғылыми мұрасы жөніндегі зерттеулер аз да көп те емес. Академик З. Алдамжар туралы газеттік мақалалар, естеліктер жазылды. Оған арнап арнайы конференциялар өткізіліп, оның мұрасына байланысты баяндамалар жасалды.

Сонымен Зұлқарнай Алдамжарұлы туралы зерттеулерді үш топқа бөлуге болады. Олар З.Алдамжарұлына арналған ғылыми зерттеулер, конфиренциялық материалдар және мерзімді басылым.

2005 жылы 4 желтоқсанда Зұлқарнай Алдамжар  қайтыс болғаннан кейін оның  мұрасын көптеген тарихшылар  зерттей бастады. 2007 жылы оған арнап «Еске алу кітабын» құрастырылып шығарады. Зұлқарнай Алдамжар «Еске алу кітабы. Книга памяти» Алматы қаласында «Арыс» баспасынан 288 бет көлемінде шықты [2]. Кітапты З.Ф. Қаражігітов құрастырды. Бұл жинаққа оқу ұйымдастырушы, көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, академик Зұлқарнай Алдамжардың өмірбаяны, оның Қазақстандағы жоғары білімнің даму барысына арналған пікірі, мақалалары мен сұхбаттары, сондай-ақ туыстарының, жақындары мен қызметтес замандастарының ісін жалғастырушы әріптестерінің һәм оқушы – шәкірттерінің естеліктері енді [2].

З.Алдамжар Еске алу кітабында «З.Алдамжардың өмір жолы» тарауда академиктің өмірі, педагогикалық, қоғамдық, ғылыми өмірі туралы жазылған.

«Зұлқарнай  Алдамжардың сұхбаттары мен мақалалары»  бөлімінде әсіресе білім беру саласына байланысты мақалалар келтіреді. Сонымен қатар академик туралы естеліктерді де дерек ретінде пайдаландық.

З.Алдамжарұлының 50-60 жасқа толған торқалы тойларына келген құттықтау лебіздері де кітабына енгізілген. «Еске алу кітабында» 1999 жылы Зұлқарнай Алдамжар ашқан Қостанай әлеуметтік техникалық университеті туралы көп мәлімет бар. Кітаптың соңында академиктің өмірі туралы фотоәңгіме дайындалып енгізілген.

Сонымен жинақ Зұлқарнай Алдамжардың  бүкіл өмірін қамтиды. Оның педагогикалық, қоғамдық-саяси, тарихи-шығармашылық қызметін баяндайды.

Атыраудағы  «Атырау-Ақпарат» баспасынан «Таным таразысында» (мақалалар жинағы 2006, 313бет) атты кітап  жарыққа шықты [3]. Бұл кітап көрнекті қазақ тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор, марқұм Алдамжар Зұлқарнай Алдамжарұлы рухына арналады. Ол тарихи жинақ шығарту туралы 2005 жылдың маусым айында Атырау тарихшыларына ұсыныс жасаған еді. Бұл жинақ сол аманаттың куәсі жауапты редакторы – ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор К.Нұрпейіс жинақты құрастырушы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Халықаралық және ғылыми істер жөніндегі проректоры, т.ғ.д. Ә.К. Мұқтар.

Кітапта Қазақстан тарихының бүгінге  дейінгі дамуы және қазіргі тандағы  өзекті мәселелері туралы мақалалар  жинақталған. Онда тарихымыздың көне заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі күрделі кезеңдері талдаудан өткізіледі. Жинаққа  т.ғ.д., профессор, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Техас штатының құрметті азаматы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының, Қазақстан жоғары мектебі халықаралық академиясының академигі  З. Алдамжардың «Слово об истории», «Ұрпақтар сабақтастығы-тарихи проблема», «Ер байлығы ескермейтін ұғым. Оның төл тарихымызды жазудың кейбір мәселелеріне қатысы төңірегінде толғансақ», «Қазаққа ортақ ұлы тұлға есімі тарихта мәңгілік қалады» және бір топ тарихшы ғалымдарының мақалалары енгізілген [3].        

Зұлқарнай Алдамжарұлының өмірі, педагогикалық, қоғамдық қызметін Ә.Қ.Мұқтар, З.Ф.Қаражігітов, Қ.М.Көшеров, Ө.И.Исенов, М.Хазез, Ж.Т. Төлепбергени, К.К.Джаманбалин, Е.Сүйінұлы, Д.Бергібаева, О.Жақсанов, Ж.Б. Бақи, Х.Ә.Абжанов, Н.А.Абдоллаева зерттеп, мерзімді басылым беттерінде мақалалар жариялып, конференцияларда баяндамалар жасаған. Оларды екінші топқа жатқызуға болады.

2007 жылы 23-25 мамыр айында Академик  Зұлқарнай Алдамжардың 70 жылдығына арналған «Алдамжар оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конфиренция өтті. Онда Алдамжар туралы көптеген баяндамалар оқытылды. Олар Ә.Қ.Мұқтар, З.Ф.Қаражігітов, Қ.М.Көшеров, Ө.И.Исенов, М. Хазез, Д.Қонысбайқызы, Ж.Т.Төлепбергени, К.К.Джаманбалин, А.М.Сизоненко, Р.А.Назмутдинов өз баяндамаларын жасады. Енді оларды жеке-жеке қарастырамыз.

Мысалы, К.К.Джаманбалин «Академик Зулкарнай Алдамжар – человек опередивший время» [4], «Зұлқарнай Алдамжар – наставник, педагог, организатор» [5] баяндамаларда педагогикаға, жоғары білім беру саласына қосқан үлесі туралы жазған. Сонымен қатар жоғары білім беру саласына қосқан үлесі туралы З.Ф.Қаражігітов «Академик Зулкарнай Алдамжар о задачах отечественной исторической науки  в новых условиях и его взгляд на реформы высшего образования в Казахстане» [6] атты мақаласында зерттеп жазған.

Ал  Зұлқарнай Алдамжарұлының Ахмет  Байтұрсынов туралы зерттеулерін Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушы Ө.И.Исенов «Зұлқарнай Алдамжарұлы және Ахметтану» [7] мақаласында сипаттайды. Ол Зұлқарнай Алдамжарұлының Ахметтануға қосқан үлесінің басты үш саласын көрсеткен. Мерзімдік басылымдар академик Зұлқарнай Алдамжардың Ахметтану ісіне қосқан үлесін айтудан ешбір жаңылысқан емес: «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры, академик Зұлқарнай Алдамжар, оқу орнын он екі жыл бойы басқарып, институтты университетке айналдырып, Ахаңның атын асқақтатып, ұлтымыздың рухын көтеруге ұшан-теңіз үлес қосқан ғалым» [8] – деп жазды Ж.Бейісұлы «Жас Алаш» газеттін бетінде. Сонымен қатар Зұлқарнай Алдамжар зерттеуіндегі Ахмет Байтұрсынов тағылымдарын т.ғ.к., профессор Ғ.Н.Нығмет зерттеп баяндаған [9].

Тіл мәселесіне байланысты зерттеулер туралы К.М.Көшеров жазған [10]. З.Алдамжардың «Тарих: пайым мен тағылым» еңбегінде өзекті мәселесі – тіл туралы да терең ғылыми тұжырымдар жасаған. Сонымен қатар «Алдамжар оқулары» атты конфиренцияда қазақ тарих ғылымына қосқан үлесі, ғылыми зерттеулер туралы Ә.Мұқтар  баяндайды [11]. Мешіт Хазез «Зұлқарнай Алдамжарұлы: ғалым, басшы, қоғам қайраткері» мақаласында З.Алдамжардың Қостанай қаласында қызметі туралы баяндайды. Яғни 1989 жылдан бастап Қостанайдың педагогикасына, Жоғары оқу орындарының қызметіне, ғылымына қосқан үлесі туралы баяндайды [12].

Зұлқарнай Алдамжар туралы «Егемен Қазақстан» газетінің беттерінде жазған. Н.Жәрімбетова «Ұлтым деп туған жан» мақаласын 2007 жылы 5 желтоқсанда жариялаған [13]. «Костанайские новости» газетінде О. Аболакова, М.Дауенов өз естеліктерін жазған.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 2008 жылы ақпан айында тарих ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнай Алдамжарға арналған «Отан тарихының келілі мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық конфиренция өтті. Осы конфиренцияда Зұлқарнай Алдамжар туралы  Ж.Б.Бақи, Х.Ә.Әбжанов, К.К.Джаманбалин, Н.А. Абдоллаева баяндамалар жасаған. Барлық баяндамалар бір жинаққа жинақталып жарияланған.

«Отан тарихының келілі мәселелері» атты республикалық ғылыми-теориялық  конфиренция тарих ғылымы, соның  ішінде тарихнама мен деректеме мәселелері, тарихтағы жеке тұлғаның ролі сияқты бағыттарды қамтып отыр. Бұл тақырыптардың бәрі де Зұлқарнай Алдамжардың зерттеу нысаны болып табылады. Әсіресе Қазақстандық тарих ғылымдағы күрделі әрі қазақ тарихшылары үшін тың бағыт – тарихи методология мен тарихнама саласын дамытты.

Профессор Зұлқарнай Алдамдарұлының ғылыми-шығармашылық қызметіне Атырау мемлекеттік университетінің  профессоры Ж.Б. Бақи шолу жасаған [14]. Зұлқарнай Алдамжар өзінің ғылыми зерттеулерде методологиялық саласына басты назар аударған. Тарих әдіснамалық проблемалар туралы зерттеулерді т.ғ.д. Х.Әбжанов және Н.А.Абдоллаев зерттеген.

Н.А.Абдоллаевтың «Зұлқарнай Алдамжар және қазіргі заманғы тарих әдіснамасы» аясындағы ой-пікірлер дара үлгі ретінде қаралған дұрыс болмас еді. Сондықтан, ғылым әдіснамасы және ол туралы Зұлқарнай Алдамжардың оның пайымдаулары ізденімпаз мамандардың ой-өрісіндегі бірінші сатыда болғаны жөн деп түйін жасады [15].

Үшінші  топқа Зұлқарнай Алдамжарұлы  туралы Қостанай қаласының жергілікті, сонымен қатар республикалық газеттер мен журналдарда шыққан мерзімді басылым материалдар жатады.

2002 жылы т.ғ.к. Ә.Мұқтар Зұлқарнай Алдамжардың «Арыс» баспасынан жарыққа шыққан «Тарих: пайым мен тағылым» [16] еңбегі туралы «Қазақ тарихы» журналында өз  мақаласын жариялады [17]. «Тарих: пайым мен тағылым немесе Зұлқарнай Алдамжар еңбегі хақында» мақаласында Ә.Мұқтар академиктің тарихи зерттеулерді қарастырды.

Зұлқарнай Алдамжар осы еңбек арқылы қазақ  тарихының бүгінгі қоғамымыздың күрделі мәселелеріне деген терең толғаныстың бірі екендігін дәлелдегені туралы жазады. Ол Қожаберген жырау, Исатай, Махамбет, Сегіз сері, Жәңгір хан, Ахмет Байтұрсынов туралы зерттеулер жазады. Ә.Мұқтар ғалым қоғамымыздағы тарихи тұлға, ұлт-азаттық қозғалыстар тақырыптарын, жалпы тарихымызды бүгінде қалай жазуымыз керек, қандай методологияныбасшылыққа аламыз деген күрделі сұрақтарға жауап іздегенін көрсетеді. Сонымен Ә.Мұқтар «Тарих: пайым мен тағылым» еңбегі «көзі ашық, көкірегі ояу»  оқырмандар үшін, зерттеуші ғалымдар үшін құнды ғылыми еңбек деп бағалады [17].

Сонымен қатар «Қостанай таңы» газетінің  беттерінде З. Алдамжардың өмірі мен қызметі туралы материалдар жариялаған.

2002 жылы 15 қазанда Қостанай таңы  газетінде Есенгельді Сүйінұлы  «Академик Зұлқарнай Алдамжар  ел игілігі үшін қызмет етуде» мақаласын жариялады [18]. Ол Зұлқарнай Алдамжар туралы оның тарихи зерттеулер туралы жазып, Зұлқарнай Алдамжарға өлең арнап шығарады.

Зұлқарнай Алдамжар қайтыс болғаннан кейін  көптеген мерзімді басылымда академик туралы мақалалар жарияланды.

2004 жылдан басылып шығатын Қостанай  әлеуметтік-техникалық университетінің  «Шамшырақ» газетінің беттерінде  З. Алдамжарға арналған көптеген  мақалалар жарияланған. 2005 жылы 24 қарашада  Сергазиеваның «Память о нем  будет жить в наших сердцах» [19], Д.Бергібаеваның «Зұлқарнай Алдамжар хақында» [20], А.Сахариеваның «Ғибратты ғұмыр» [21] мақалалары жарияланған.

«Великий  человек живет и после смерти»  мақаласында Қостанай әлеуметтік университетінің  педагогика факультетінің деканы Нелли  Тиграновна Лалаян естелігін жазды [22]. «Шамшырақ» газетінің 2006 жылының 26 қазанда «Ұстаз ұлағаты» филология ғылымдарының докторы, профессор К. Нұрмұхаметов жариялады [23]. «Там где жил Зулкарнай Алдамжар» [24], «Год без Зулкарная Алдамжара» [25] мақалаларын Иван Бугаев «Шамшырақ» газетінің беттерінде 2006 жылы 26 қарашада жариялады. Оразалы Жақсанов Академик З.Алдамжардың педагогикалық, қоғамдық қызметі туралы «Қостанайдың бағына келген қаза» мақаласын жазып, Гүлсара Шолпанбайқызының естелігін келтіреді [26].

2006 жылы 7 қарашада «Қостанай таңы» газетінде Қонқабаев өзінің мақаласын «Абыройы асқан ар тұлға» [27], М.Дәуенов «Ұмытылмас бейне» [28] жариялады. Зұлқарнай Алдамжардың жеке қасиеттерін, мінез туралы өзінің естеліктерін жазған.

Сонымен Зұлқарнай Алдамжарұлына арналған зерттеулерде өмірі, пелагогикалық, қоғамдық, ғылыми қызметі туралы жазылған. Осы зерттеулерді диплом жұмысымызды жазу барысымызда қолдандық.

Дипломдық жұмысымыздың мақсаты мен міндеттер.

З. А. Алдамжардың ғұмырының барлық кезеңдерін қамти отырып, оның қоғамдық-саяси қызметін, ғылыми және педагогикалық қызметін шығармашылық мұрасын тұтастай көрсету. Сондықтан Зұлқарнай Алдамжардың қоғамдық-саяси қызметіне, шығармашылық мұрасына сүйене отырып, оны ғалым-тарихшы ретінде қарастыруды мақсат еттік. Осыған орай мынадай міндеттерді алға қойдық:

–     Зұлқарнай Алдамжардың өмірбаянына тоқталып зерттеу.

–    Академик З. Алдамжардың еңбек жолын зерттеу.

–   Академик Зұлқарнай Алдамжардың ғылыми еңбектерін зерттеп, талдау     жасау.

– Профессор Зұлқарнай Алдамжар зерттеулеріндегі тарихи-методологиялық зерттеулерді қарастыру.

–    З. Алдамжардың педагогикалық қызметін жан-жақты ашып көрсету.

–    Зұлқарнай Алдамжардың қоғамдық-саяси қызметін зерттеп көрсету.

Жұмысымыздың  деректік негізі.

Диплом  жұмысты жазу барысында Зұлқарнай Алдамжарға арналған ғылыми зерттеулер, Зұлқарнай Алдамжардың өз еңбектері мен ол туралы мерзімді басылым материалдары кеңінен қолданылды.

Сондай-ақ ғалым З. Алдамжардың авторлығы мен жарияланған мақалалары, баяндамаларына ғылыми талдау жасалды. Сонымен қатар Зұлқарнай Алдамжарға арналған мұражайдың мәліметтер қолданылды.

Диплом жұмысының әдістемелік негізі.

Мәселені  талдау соңғы жылдар Отандық тарих  ғылымына тән методологиялық және теориялық таным негізінде алынды. Дипломдық жұмысымыз жүйелік, салыстырмалы талдау және жинақтау әдістеріне негізделді. Зерттеу мақсатына жету үшін жан-жақтылық, суреттемелік, тарихи салыстырмалық әдістер қолданылды.

Хронологиялық шеңбері: Зұлқарнай Алдамжарұлының өмір сүрген жылдары (1937- 2005 жж.) аралығын қамтиды.

Жұмыстың құрылымы: кіріспеден, 2 тарау, қорытынды, қосымшадан, пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Академик Зұлқарнай Алдамжардың өмірбаяны мен еңбек жолы

 

1.1 Академик Зұлқарнай Алдамжардың өмірбаяны

 

Тарих өмірдің қызық та күрделі құбылысы. Ол бір қарағанда адамзаттың, жалпы алға жылжыған уақыттың ізі сияқты. Бірақ артта қалғанның бәрі тарих па? Өткен-кеткеннің барлығын мұрнынан ұстап, жіпке тізе бергенмен, ол тарих бола ма? Белес-белес замандардан, қым-қуыт уақыттан қалған ірілі-уақты оқиғалардың шаңнан аршылған шыныдай мөлдір шындығы, халық үшін маңызы болмаса, оны тарих деп айту алдағы күнге қиянат емес пе? Ал оған ұлт мүддесін қосыңыз.

Халқымыздың ұлттық бояуының мәйегіндей салт-дәстүріне, мәдениеті мен әдебиетіне, діні мен діліне, тегіне кепіл тәуелсіздік келгенде қазақтың арғы-бергі тарихы ар жағынан күн көрінетін жұп-жұқа оқушы оқулығына ғана сыйып тұр. Үш жүз жылға созылған мұндай қиянатқа қарсы тұру үшін, тарихтағы әділеттілікті, шындықты қалпына келтіру үшін, жас тәуелсіз еліміздің болашағына тарихтың сара да дара дұрыс бағдары болу үшін халқымыз тарихын ұлт мүддесі тұрғысынан қайта зерделеу керек болды. Бұл міндет, әрине, тарихшыларымызға үлкен жауапкершілік жүктеді. Сол жауапкершілік жүгін абыроймен арқалаған ғалымның бірі тарих ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнай Алдамжар болатын.

          Академик Зұлқарнай Алдамжарұлы Алдамжар – ұстаз, ғалым, қайраткер. Зұлқарнай Алдамжардың үлкен ғалым болып өсуі – туған жеріне байланысты. Зұлқарнай Алдамжарұлы 1937 жылы 5 желтоқсанда Атырау (бұрынғы Гурьев) облысы, Махамбет ауданындағы Сарайшық кеңшарында дүниеге келген [29,4 б.]. Қазіргі Атырау облысынан 50 шақырым жерде, Жайық өзенінің оң жағасында, бір кездегі ұлы да атақты Сарайджук (қазіргі атауы Сарайшық) қаласының қираған құландысы жатыр. Сарайшықтың негізін Бату хан салған деген тарихи пікірлер бар. Батудың билік құрған уақыты 1221-1256 жылдар болып есептеледі. Сонда Сарайшықтың тарихы 750 жылдан асады. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Сарайшы қамалының маңында қазақтың Әлемұлы, Байұлы және Жетіру сияқты рулары көшіп-қонып жүрген. Он екі ата Байұлының ұрпағы Зұлқарнайдың тарихшы болып үлкен зерттеулер жүргізуіне Сарайшықта туып, бала күндерін осында өткізуі әсер етті [2,64-65 б.].

  Шежіресіне сүйенсек, он екі ата  Байұлының Беріш руынан Байсейіт, одан Қитас, Қитастан Есенғұл,  одан Жары, одан Сарлыбай, Сарлыбайдан  8 ұл тараған екен. Екінші баласы  Мәмбетәліден Төлеп, одан Бегейсін, Бегейсіннен Есет, Есеттен Айдабол, Алдамжар Зарип, Шауқат. Зұлқарнай Алдамжардың ағасы Айдаболдан ұрпақ жоқ. Ал Зариптан Құрылыс (Қостанайда), Имамұрат (Сарайшеңке) , Мұрат (қайтыс болды). Есет атадан тараған төрт ұлдың кенжесі Шауқат ұшақ апатынан дүние салды. Жолдасы Әмина, 80-гі ана, Атырауда тұрады [2,59 б.]. Зұлқарнай Алдамжар текті әулиеттің ұрпағы еді. Өйткені, атасы Есет өз заманына сай білім алған, бойына емшілік қасиет дарыған, елінің сый-құрметіне бөленген әулиедей ақылды адам болған.

Болашақ тарихшы Зұлқарнай Алдамжардың  алғашқы өмір мектебі осындай рухани қазынасы мол, текті ортада қалыптасты.

Атасының  осы қасиеттерін ерекше қадірлеген Зұлқарнай, Қостанай университетінің тізгінінің ұстаған кезде, арада көп жыл өтсе де атасының аруағын қастерлеп, 1999 жылы ата қауымға келіп, Есет атасының басына зәулім мазар тұрғызып, ас бергенін Атырау жұртшылығы осы кезге дейін ризашылықпен айтып жүр [14,5-6 б.].

Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік  университетінің ректоры, кейін Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің президенті болғанда Зұлқарнай ағаның кабинетінде жұқалтаң келген, аппақ сақал мұртынан, байсалды жүзінен даланың даналығы төгілгендей қарияның суреті ілініп тұрар еді. Бұл бүкіл Атырау-Жайық өңіріндегі қазақтың шежіресі, арғы-бергі тарихы, батыры мен ақыны, жақсылары туралы әңгімесін немересі Зұлқарнайдың құлағына құйып, бойына ұлтына деген махаббатты сіңірген Есет Бегейсін қария болатын. Ол ХХ ғасырдың бас кезінде қазақтың игі жақсыларымен тығыз қарым-қатынаста болады. Қарттың қолында Алаш арыстарының, соның ішінде Ахмет Байтұрсыновтың да кітаптары сақталады екен. Отызыншы жылдарғы қуғын-сүргінді діндарлығы үшін Есет қария да көруіндей көреді. Оның жинаған Атырау өңіріндегі Кіші жүз қазақтарының шежіресі 1944 жылы республика Ғылым академиясының қолжазбалар қорына тапсырылады [13,4 б.].

          Алдамжар мен оның зайыбы Мәнзия алдымен Астрахань облысының Володаровка ауданында өмір сүрген.

Мұнда іргелес Батыс Қазақстаннан ерте кезде-ақ қоныс аударғандар, ел басқарған  болыстар мен старшындар, елдің осы қалай деген зиялылары. Я олардың көпшілігі соңғы кезде «Құлаққа» ілігіп, тәркілеуге ұшырағандар, оқуда қалып қойғандар болатын. Зұлқарнайдың әкесі Алдамжар әлді талай дүрліктірген дүрбелеңдердің қақ ортасында болып, Қазақстан мен Ресейде оның қалай орын алып отырғанын өз құлағымен естіп, көзімен көрген адам. Сол бір зұлматтың ажал қармағына ілігіп, құғын-сүргенге ұшыраудың, әділетсіздіктің құрбаны болып кетуге өз-ақ қалғаны есіне түсе-ақ төбе шашы тік тұрып, жүрегі алып-ұшып ұйтқитыны бар. Аман-есен қалғанына кейде іштей шүкіршілік етеді... [2,61 б.].

Мәнзия  апай өзінің қанына сіңген байсалдылығы мен салмақтылығына жеңдіртіп отыратын ақылды адам. Іргелес отырған ауылсовет  хатшысы үйіне келіп, жаңа тоқып  болған алашасын көргенде-ақ алып кетуден тайсалмады. Сол бойда ол: «Алашаңды маған бер, мандайыңа шаң тимейтін болады», - деп мықтылығын сездіртіп қойған-ды.

Апай: «Біраз тер төктім, өлсем сүйегімді  шығаруға керек болар деп арнайы тоқығанмын», - дегенде есікті тарс ұрып, шығып кетеді. Мұның соңы насырға шабатының кім білген [2,61 б.].

Ертеңіне  Совет хатшысы Алдамжарды кеңсесіне  шақыртады. Алашаның әлегі екен. Хатшы  бірден Алдамжарға қоқан-лоққы көрсетіп, сөзінің соңында: «Біздің қалаған  нәрсемізді бермесең, бұл жерден еріксіз  кетесің, қорлық көресің түсіндің бе?» - деп азап шылбырының ұшын шығарып, мойынға ілудің амалын жасырмапты [2,61 б.].

Алдамжар  әділеттік іздеп көріп еді, таба алмады, ол таптырмайтын да жылдар еді  ғой. әділеттің жоқтығына көзі жеткендей  сезінді совет хатшысының «Бекбаев Алдамжардың әкесі де, өзі де бай болған, сондықтан дүние-мүлігі конфискеленсін және жер аударылсын» - деп, қаскүнемділікпен жасалған қаулысының шыға келмесі бар ма [2,61 б.].

Әділетсіздікке  көзі жеткен Алдамжар мен Мәнзия бір  түннің ішінде екі қызы – Гауһар мен Ләззатты кішкентай қайығына отырғызып, Еділ өзенін жағалап, жолға шықты. Атамекені – Теңіз (Құрманғазы) ауданына барып, паналауға қорықты. Өйткені халқы аралас-құралас, біреулер «көрдік осында» деп айтып қойса түрмеден бір-ақ шығары хақ. Сондықтан із жасырудың амалын іздестірді. Енді Еділ өзенінен шығып, теңіз жағалап, Жайық бойындағы қайнағасына қайық тұмсығын тіреді [2,61 б.].

Он  шақты күн дамалғаннан кейін, әуелі Есбол (Индер), сосын Бақсай (Махамбет) аудандарында болып, Сарайшық кентіне дәрігері болып жұмыс істейді. Ол жүрген жерде мал шығыны бола бермейтін-ді. Қызметіне мұқият, күн-түн демей фермалардың ғана емес, жекеменшіктің малдарын аралап, ауруларын емдеумен жүретін. Алдамжардың да, Мәнзия апайдың да армандары бір ұл бала болатын. Сол ұл бала да өмірге келді. Қуаныштары қойындарына сыймады. Қолбасшы болмаса да даңқты болсын деп есімін Зұлқарнай қойды.

Зұлқарнай Алдамжарұлы қазақтың қарапайым  ғана отбасында өсті. Әкесі Алдамжар кезіңде Ұлы Отан соғысына азық-түлік жіберіп, тылда аянбай еңбек етті. Сөйтіп жеңісті жақындатуға көп үлес қосты. Анасы Мәнзия ақылды, сабырлы кісі еді. Ол өзінің қанына сіңген байсалдылығы мен салмақтылығына жендіртіп отыратын ақылды адам. Ата-анасы осы жалғыз ұлдарынан көп үміт күтті. Өйткені Зұлқарнай кішкентайынан зерек те зерделі болып өсті. Әкесі Алдамжар Есетұлы 1967 жылы қайтыс болды. Сарайшеңке селосындағы қауымда жерленген. Анасы Мәнзия 87 жасында қайтыс болды [2,61 б.].

Зұлқарнай Алдамжарұлы өсе келе анасының мінезіндей сабырлы, бір айтқанды ойына түйіп алатын, салмақты болды. Көбіне ертегі тындауды жақсы көретін-ді. Мектепте оқып жүргенде-ақ тарих пәнін ерекше ұнататын, оның үстіне сабақтарға да зеректік танытатын [2,61 б.].

Өзі бір шаңырақтағы тәрбиеленген бес  баланың ішіндегі жалғыз ұл екен. Қазір  апалары Гауһардың жасы 80-нен, Ляззат 70-тен асты. Өмірдегі артынан ерген қос қарындасы Меруерт – дәрігер, Мәрия – ғылым кандидаты, Атырау мемлекеттік университетінде студенттерге дәріс береді. Осы бауырларынан он сегіз жиені бар. Олардың бәрімен де дүниеден өткенше қатты сыйласты. Жиендерін өзінің туған балаларынан артық көрмесе, кем көрген жоқ. Олар да бұны асқар таудай арқа тұтты, бұл да оларға қашан да ақыл кеңесін беріп, көмекке қолын созуға дайын тұрды.

Анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады