База данных IT-колледжа

Кіріспе

 

Ақпараттың жинақталу, өңделу және таратылу міндеті  адамзаттың барлық даму кезеңдерінде өзекті мәселе ретінде болған. Ұзақ уақыт мерзімінде осы мәселені шешудің негізгі құралдары ретінде адамның миы, тілі және есту қабілеті болды. Алғашқы түбегейлі өзгерістер хаттардың пайда болу кезінде байқалды, содан соң кітапбасушылық пайда болды. Кітапбасушылық заманында ақпаратты тасымалдаудың негізгі құралы қағаз болғандықтан, ақпараттың жинақталу және таратылу технологиясын «қағаздық информатика» деп атауға болады.

Электронды есептеуіш  машиналардың (ЭЕМ) пайда болуы адамзат  дамуын күрт өзгертті. Алғашқы ЭЕМ  үлкен автоматты арифмометрлер  ретінде қолданды. ЭЕМ-ның жеке тапсырмаларға  қолданудан әртүрлі кешендік ақпараттарды өңдеуге қолданыла бастауы тағы бір үлкен қадам болды.

Әлемдік тәжірибеде ЭЕМ-ның  жүйелік қолданылуының алғашқы  мысалдары ретінде мәліметтерді өңдеудің әкімшілік жүйелері болды, олар: банктік операцияларды, бухгалтерлік есептерді автоматизациялау және т.б. Мұндай жүйелер үнемі автоматтандырылған ақпарат базаларына сүйенеді. Бұдан ЭЕМ жадында әрдайым жүйенің есептелуіне қажетті ақпарат сақталады.

Кезекті тапсырма есептеу  барысында жүйеге қосымша ақпараттың аз ғана үлесін енгізіледі – қалған бөлігі ақпарат базасынан алынады. Қайта-қайта енгізілетін ақпараттың бөлігі жүйенің ақпараттық базасын өзгеріске түсіреді. Мұндай қор әрдайым өзгертулер мен жаңартулар күйінде болады.

Ақпараттың ЭЕМ жадында  сақталуы бұл ақпаратқа жаңа динамикалық  сапа береді, яғни тез қол жетімділіктің  іске асуы және ақпараттың басқа есептердің шешілуіне қолданылуы.

ХХI ғасыр алдында адамзат қоғамының дамуының жаһандық өзгерістері орын алды. Яғни компьютерленген еңбек құралдарының және ақпараттық технологиялардың қолданылуы кеңінен жайылды.

Мұндай қоғамдағы ақпарат  адамзат өмірінің негізгі өнімдеріне айналды.

Берілген дипломдық  жобаның негізгі мақсаты ШҚМТУ IT колледжінің талапкерлері, оқушылары, қабылдау комиссиясының мағлұматтары сақталатын мәліметтер қорын құру. Негізгі есеп ақпаратты сақтайтын, оны өңдейтін, басылып шығаратын құжаттарды жасайтын мәліметтер қоры. Дипломдық жоба ADO технологиясы мен ақпаратты сақтайтын  MS Access және визуалды Delphi7 бағдарламасында жазылған

 

1 Аналитикалық бөлім

    1. Тапсырманың мазмұндық баяндалуы және қойылымы

 

Әр ақпараттық жүйе мәліметтердің жиынының құрылуна және барлық мүмкін мақсаттарда тиімді қолданылуына қызмет етеді.

Ақпараттық жүйені жобалау  кезінде екі сұрақ шешімін  табады, біріншісі, бұл жүйеде қандай мағлұматтар және қай мақсатта сақталады, екіншісі, бұл мағлұматтардың ЭЕМ  жадында қалай ұйымдастырылады, қалай қолданылады және жүйе қолданысқа берілгенде қалай өңделеді.

Ақпараттық жүйенің  негізгі мақсаты «ақпараттық  қызмет» көрсету болып табылады.

60 жылдары-ақ автоматтандырылған  жүйені жобалау мен енгізу  негізі салынды.  Бұл уақытта автоматтандырылған жүйені қолданушылар жағынан берілгендерді ұсыну оларды ЭЕМ жадында орналасуымен көбіне көп сәйкес келді, өйткені берілгендерді өңдеуде машиналық-бағытталған бағдарламалау тілдері қолданылды.

Бұдан берілгендер құрылымының  жүйелі тізімін, басқа да ішкі ұйым берілгендерін қабылдауды, барлық іздеу, есепке алу, сақтау және т .б қажетті операциялардың орындалуын қамтитын сорттаудың көптеген әдістері бастау алады. Ақпаратты жаңадан елестетуіне сәйкес мұндай бағдарламалар өзгеріске түсті және де қиындады.

Сайып келгенде, есептеуіш  техникасының толық жетілдірілуі, жаңа әдістердің және берілгендерді өңдеу  құралдарының пайда болуы, автоматтандырылған жүйелердің дамуы алға басты.

Алғаш рет автоматтандырылған жүйелер ЭЕМ-нің бірінші және екінші буынында құрылды және бұл машиналарға тән шектеулерді бейнеледі. Берілгендер құрама файлдар түрінде құрылды, олар өңдеу бағдарламаларымен қатты түйінделген және мұнда файлдар құруға және өңдеуге арналған процедуралар сипатталды. Бұл берілгендерді сақтаудың орталықсыздандырылуына және олардың әртүрлі міндеттегі файлдарда қайталануына әкеп соқты.

Бұдан былай кейбір есептеу  кластарында қолданылатын құрама файлдар  құруға типтелген бағдарламаларды  жетілдіре бастады. Алайда бұл файлдардың құрылымы, берілгендерді енгізу үлгісі, сұраным түрлері қатал белгіленді, сондықтан бұл жүйе қоршаған жағдайлардың өзгеруіне аз бейімделген. Мұндай ұйым автоматтандырылған жүйені шапшаң қолдану қажеттіліктерін қамтамасыз ете алмады, өйткені жетілдірілген файлдар тек қана алғашында құрыла бастаған есептер үшін ғана тиімді болды, ал жаңа қосымшалардың пайда болуы ережеге сай жаңа файлдардың құрылуын талап етті.

Есептеуіш техникасының дамуымен жаңа өңдеу технологиясы, берілгендерді интегралдап сақтау жүйесі - берілгендер қорының айқындамасы пайда болуына байланысты.

Бұның негізінде белгіленген  өңделуші бағдарламаның  барлық берілгендер  көлемінен тек қана  керекті  және қажетті түрі жатыр. Бұл форма (берілгендер құрылымы және бұл құрылымға  кіретін қарапайым бірлік форматы) логикалық бөлігінде сипатталады, яғни «көріну» бағдарламалық деңгейдің берілгендерді басқару жүйесінің құралы көмегімен сақталған берілгендермен байланысқан. Онда әр түрлі бағдарламалар бір берілгенді әр түрлі көре алады.

Берілгендерді қорда  интегралдау идеясы берілгендер қорын басқарудың әнбебап жүйесін салуға әкеп соқты. Бұл жүйе құрамына берілгендермен қоса қолданушы сұранысын керекті формада тұжырымдайтын дамыған тілдер құралы да кіреді. Қазіргі замандағы ақпараттық жүйе дәл осы берілгендерді интегралдау айқындамасына негізделген. Олар кең көлемді берілгендермен және олардың күрделі ұйымдастырылуымен, көптеген қолданушылар қажеттіліктерін, әр түрлі талаптарды  қанағаттандыру арқылы сипатталады.

Бүгінгі таңда қолдану  аумағына сай автоматтандырылған жүйелердің екі негізгі классын ерекшелейді:

  1. ақпараттық - іздеулер;
  2. берілгендерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесі.

Ақпараттық – іздеу  жүйесі ережеге сай ішкі жиында сақталған, кейбір іздеу критерийларын қанағаттандыратын  мәліметтерді шығарады. Мұнда қолданушыларды өңделген мәліметтердің нәтижесімен қатар шығарылған ақпаратта қызықтырады.

Қолданушылардың берілгендерді  өңдейтін автоматтандырылған жүйесімен  айналысуы көптеген жағдайларда  ақпараттың жаңартылуына әкеп соғады. Ақпаратты шығару мүлде болмауы  мүмкін немесе мәліметтердің өзі емес, керісінше сақталған мәліметтердің бағдарламалық өңделуінің нәтижесі ретінде ұсынылады.

Автоматтандырылған жүйе қазіргі заманның ажырамас бөлігі екендігі бұрыннан бәріне айқын. Сол себептенде бұл дипломдық жоба соған дәлел бола алады.

 

    1. Бағдарламалық өнім түсінігі

 

Қазіргі автоматтандыруды басқару құралының ауқымы мен  қарқыны ерекше кешенді зерттеу  жүргізу міндетін алға қояды. Бұл  жан-жақты зерттеу мен қорыту кезінде туындаған теориялық  және практикалық проблемаларды  шешеді.

Соңғы жылдары локальды ақпаратты өңдеу қарастырылатын халықаралық шаруашылықта таратылған басқару жүйесінің тұжырымдамасы туындайды. Таратылған басқару жүйесінің идеясын іске асыру үшін әрбір басқару деңгейінің және әрбір пән аймағының (предметной область) автоматтандырылған жұмыс үстелін кәсіби персоналды ЭЕМ-да құру керек.

Бағдарламалық өнім (БӨ) маңыздылығына талдау жүргізгеннен кейін мамандар оларды тікелей мамандардың жұмыс үстелінде орналасатын және олардың жұмыстарын автоматтандыруға арналған, көбінесе кәсіби – бағдарламалық шағын есептеуіш жүйе болып табылатындығын анықтады.

Әрбір басқару объектісіне  алдын ала өздерінің функционалды міндетіне сай автоматтандырылған жұмыс үстелін ескеру қажет. Дегенмен БӨ құру қағидасы жалпы болу қажет: жүйелік, икемділік, тұрақтылық, тиімділік.

БӨ жүйелік қағидасы бойынша құрылымы функционалды міндеті арқылы анықталатын жүйе ретінде қарастырады. Икемділік қағидасы жүйені бүкіл ішкі жүйе мен олардың элементтер стандарттауларының модульды құрылуы көмегімен  мүмкін қайта икемдеуге бейімдеуді білдіреді.

Тұрақтылық қағидасы БӨ жүйесі ішкі және мүмкін болатын сыртқы факторлар әсеріне қарамастан негізгі функцияларды орындауы қажет деп қорытынды жасайды. Бұл дегеніміз жеке бөліктеріндегі олқылықтар оңай жойылуы керек, ал жүйенің жұмысқа қабілеттілігі тез қалпына келтірілуі керек.

 БӨ тиімділігі жоғарыда көрсетілген қағидалардың іске асыру деңгейінің интегралды көрсеткіші ретінде қарастырып, құрастырудағы шығын мен жүйе қанауына жатқызады. 

БӨ -ді функционалдау функцияларды дұрыс тарату мен адамдар мен өзегі ЭЕМ болып табылатын ақпарат өңдейтін машиналық құралдар арасындағы жүктеме дұрыс таратылған жағдайда ғана сандық нәтиже беруі мүмкін. Тек сонда ғана БӨ тек жұмыс өнімділігі мен басқару тиімділігін жоғарлату құралы ғана емес және де мамандардың әлеуметтік қолайлығын қамтамасыз етеді.

Жинақталған тәжірибеге сүйенсек, БӨ келесі талаптарға жауап беруі қажет:

- Тұтынушыны дер кезінде ақпараттық және есептеу мұқтаждығын қанағаттандыру;

- Тұтынушы сұранысына ең аз уақыт аралығында жауап беру;

- Тұтынушыны даярлау деңгейіне және оның кәсіби сұранысына бейімдеу.

- Тұтынушыға қатысты шыдамдылық;

- Тұтынушыны жылдам үйрету мүмкіндігі;

- Есептеуіш жүйесінің құрамында жұмыс істеу мүмкіндігі;

 

Жалпы бағдарламалық  жабдықтама (ПО) есептеуіш техникасының функционалдауын, жетілдіруін және жаңа бағдарламалардың қосылуын қамтамасыз етеді. Мұнда операциялық жүйе, бағдарламалау жүйесі мен қызмет көрсететін бағдарламалар кіреді.

БӨ құрудың екі қатынасын қараcтырайық. Бірінші қатынас – функционалдық, ол көбіне типтік функцияларды автоматизациялауды қарастырады. Функционалды бағдарламалық жабдықтың нақты шарттарды қолдануына бейімделуін қарастырайық. Әр түрлі мамандықтағы БӨ-дер үшін базалық болып табылатын, іскерлік ақпараттар мен қабылдаған басқару шешімдерінің өңдеулерімен байланысқан бағдарламалық құралдарды белгілейік. Ең бірінші пайда болған бағдарламалық құрал ол техникалық қызметкерлердің еңбегін автоматтандыру, бұл олардың атқаратын функцияларын  формальдайды деп келісілді. Типтелген мысал ретінде мәтіндік редакторды алуға болады (процессор). Олар ақпаратты тез енгізуге, редакциялауға, өздігінен қателерді іздейді, мәтінді басып шығаруға көмектеседі. Мәтіндік редакторды қолдану көлік жүргізушілердің еңбек өнімділігін арттырады.

Әр түрлі құжаттарды дайындауға қойылатын талаптарды табу үшін мамандарға үлкен көлемді берілгендермен жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай жұмыс түрін жеңілдету үшін мәліметтер қорын басқару жүйесі құрылды. МҚБЖ үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған және ең негізгісі керекті берілгендерді тез табу. Мысалға,  картотекамен жұмыс кезінде керекті ақпаратты іздеу үшін және керексіз белгілері бойынша сортталған болса, үнемі үлкен мұрағат берілгендерін қопаруға тура келеді.  МҚБЖ мұндай жағдайды саналған секунд аралығында орындайды.

Көп жағдайларда экономикалық ақпараттар кесте түріндегі құжаттар болып табылады, сондықтан көптеген мамандар әр түрлі кестелерді өңдеумен айналысады.  Осыған ұқсас құжаттарды құруға үлкен форматтағы электронды кестелер көмектеседі. Бұл кестелер өте ыңғайлы, өйткені нәтижесінде өзгеріс болатын барлық қорытынды және аралық берілгендерді өздері есептеп береді. Сондықтан да олар кеңінен қолданылады, мысалы,  өтім мен кіріс көлемін болжау кезінде.

 

    1. Концептуалды жобалау кезеңі

Концептуалды жобалау кезеңі мәліметтер қорын құрудағы жауапты әрі маңызды,  басқа кезеңдерден тәуелсіз және дербес кезең болып келеді.

Кезең міндеттері:

  • Қолданушы талаптары мен ақпараттық қажеттіліктерінің талдауы. Мәліметтер қорын құру кезінде ақпарат өңдеуге қажетті тапсырмаларды айқындау:
  • Ақпараттық объектілер мен олардың өзара байланыстарын айқындау:
  • Пәндік аймақтың инфологиялық моделінің құрылуы және талдау қорытындыларының құжаттандырылуы.

 

1.3.1 Пәндік аймақтың баяндалуы

 

Мәліметтермен жұмыс  істеуді ұйымдастыру БӨ құру кезінде  негізгі кезеңдердің бірі болып табылады. Мәліметтерді автоматтандырылған жүйемен өңдеуді құру және пайдаланушыға БӨ сәтті тапсыру кезіндегі дәл осы кезеңнен тәуелді.

Бағдарлама құру кезінде  келесі кезеңдерді орындау қажет:

- Қолданушыға кестелермен жұмысты ең қарапайым түрде қамтамасыз ету;

- Мәліметтер қоры кестелерінің нормалау талаптарын орындау;

- Берілгендерді сақтау және олармен жұмыс істеу үшін кестелер құрылымын ұйымдастыру;

- Қажетті мағлұматтарды қосу, өзгерту және іздеу үшін SQL-сұраулар (запросы) құру;

- Мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған ең қарапайым интерфейс құру.

Пәндік аймақ –  ШҚМТУ IT колледжінің абитуриенттері мен оқушылары жайлы ақпарат  сақталатын мәліметтер қоры.

 

1.3.2 Пәндік аймақтың сипаттамасы

 

Пәндік аймақ екі  бөлек қосымшадан(бағдарламадан) тұрады:

  • Қабылдау комиссиясының мәліметтер қоры;
  • Оқыту бөлімінің мәліметтер қоры.

Қабылдау комиссиясы мәліметтер қорында оқуға тапсырған  талапкерлер жайында толық ақпарат  сақталуы тиіс. Және ақпаратты енгізуге, өзгертуге, жоюға мүмкіндік бар. Әр күн сайын қабылдау комиссиясы белгілі есептеулер жүргізеді. Белгілі уақыттар аралығында талапкерлер арасында тестілеу өткізіледі. Тестілеуден өткендер басты мәліметтер қорына, яғни оқыту бөліміне жіберіледі.

Оқыту бөлімінің мәліметтер қорында оқу мекмесінің барлық оқушылары жайлы мағлұмат сақталады, енгізіледі және өңделеді. Міндетті түрде бірнеше критерийлер арқылы іздестіру жүргізілуі тиіс. Оқыту бөлімінде әр түрлі статистикалық есептеулер жүргізіледі.

Колледж бөлімшелері(отделения) мағлұматтарды оқыту бөлімінен алады.

 

1.3.3 Пәндік аймақтың тыйым және рұқсаттары

 

Төмендегі кестеде атрибуттық құрам көрсетілген:

Кесте 1.1

Пәндік аймақтың атрибутивті  құрамы

 

Атрибут атауы

Идентификатор

Типі және ұзындығы

1

2

3

4

1

Код учащегося

Код

числовой

2

Дата приема

Дата_приема

текстовый (10)

3

Номер договора

Ном_дог

текстовый (10)

4

Номер зачетной книги

Ном_зач

текстовый (10)

5

Фамилия учащегося

Фамилия

текстовый (25)

6

Имя учащегося

Имя

текстовый (15)

7

Отчество учащегося

Отчество

текстовый (25)

8

Форма обучения

Форма_обучения

текстовый (15)

9

Отделение

Отделение

текстовый (15)

10

Специальность

Специальность

текстовый (15)

11

Группа

Группа

текстовый (15)

12

Образование

Образование

текстовый (10)

13

Язык обучения

Язык_обучения

текстовый (10)

14

Дата рождения

Дата_рождения

текстовый (15)

15

Гражданство

Гражданство

текстовый (30)

16

Национальность

Национальность

текстовый (20)

17

Пол

Пол

текстовый (2)

18

Год окончания школы 

Год_окончания

текстовый (4)

19

Школа

Школа

текстовый (50)

20

Город\село

Город_село

текстовый (5)

21

Область

Область

текстовый (25)

22

Район

Район

текстовый (30)

23

Населенный пункт

Нас_пункт

текстовый (25)

24

Улица

Улица

текстовый (30)

25

Адрес проживания

Адрес_проживания

текстовый (30)

26

Место работы

Место_работы

текстовый (40)

27

Должность

Должность

текстовый (25)

28

Рабочий телефон

Раб_телефон

текстовый (15)

29

Адрес родителей

Адрес_родителей

текстовый (50)

30

Домашний телефон

Домашний_телефон

текстовый (15)

31

Сотовый телефон отца

Сотовый_телефон_отца

текстовый (11)

32

Сотовый телефон матери

Сотовый_телефон_матери

текстовый (1)

33

Сотовый телефон

Сотовый_телефон

текстовый (11)

34

Удостоверение личности

Удостоверение

текстовый (25)

35

Свидетельство о рождении

Свидетельство_рождения

текстовый (25)

36

РНН

РНН

текстовый (12)

37

СИК

СИК

текстовый (12)

38

Номер приписного

Номер_приписного

текстовый (30)


 

    1. Логикалық жобалау кезеңі

 

Логикалық жобалау кезінде мән (сущность), байланыс және атрибут терминдері қолданады.

Мән (сущность) – бір типті объектілердің жиыны, экземпляр деп аталады. Әр экземплярдың  басқа экземплярдан айырмашылығы болады.

Атрибут – мәннің мінездемесі. Атрибут мәннің аяқталған немесе айқындалған  қасиетін көрсетеді. Жобалау кезінде атомарлық атрибуттар құрған жөн.

Байланыс – бұл мәндер арасындағы шектік пен бизнес – ережелерден тұратын логикалық байланыс.

Мәндер арасындағы байланыс құру барысында аталық мәндердегі бастапқы кілт мұралық мән беріледі

Жобалау кезіндегі ең күрделі мәліметтер қорында ақпаратты  сақтайтын кесте құру.  Жобалау  кезіндегі төмендегі негізгі принциптерді қолдану керек:

- Кестедегі ақпарат қайталанбау керек. Егер ақпарат бір орында сақталса, онда оның көшірмесін жасау, өзгерту міндетті емес.

- Әр кесте тек бір тақырыпқа байланысты ақпаратты сақтау керек. Мұндай жағдайда берілгендерді оңай өңдеуге болады.

Жоғарыда айтылған объекттер мен атрибуттар жобаланған мәліметтер қорының мәндерін анықтауға мүмкіндік береді.

Жобаның кестелері бөлек  тақырыпқа байланысты ақпараттарды сақтайды, әр баған кесте тақырыбының  мазмұнын сақтайды.  Өңдеу кезінде :

- Әр баған кесте тақырыбына байланысты болу керек;

- Анықталған мәндерді кестеге енізуге болмайды;

- Кестеде керек ақпараттың барлығы болу керек;

- Ақпаратты ең аз логикалық шамаларға бөлу керек.

Мәліметтер қорын жобалау  кезінде бағандардың мазмұны мен кестелер арасындағы байланыс ең басты болады. Ақпараттың дұрыс пайымдалуы мен дұрыс жобалануы МҚБЖ–ң қолданушыға керектілігімен тиімділігі артады.

Пәндік аймақ анықталғаннан кейін келесі мәндер мен байланыстар анықталды:

Фрагмент – талапкерлер мен оқушылардың толық мағлұматтары сақталатын мәліметтер қоры.

ПА объекттері – талапкерлер, оқушылар, топтар, мамандықтар, квалификациялар, профильдер, топтар түрлері.

 

1.4.1 Мәліметтер моделін таңдау

 

Берілгендердің жүйесін жасау  кезінде реляциялық модель таңдалды.

Реляциондық модель дегеніміз барлық берілгендері кесте түрінде ұйымдастырылған және барлық операциялар осы кестелермен жүргізілетін МБ аталады.

Реляциондық МҚ-ның жақсы қасиеті - оны қолданудың аспаптық құралдарының салыстырмалы қарапаыймдылығы, кемшілігі — мәліметер құрылымының қатаңдығы (ерікті ұзындық кестесінің жолдарын берудің мүмкін еместігі) және оның жұмысы жылдамдығының мәліметтер базасының мөлшеріне тәуелділігі. Мұндай МҚ-ны белгіленген көптеген операциялар үшін барлық МҚ қарау қажетті болуы мүмкін.

Кестелер — берілгендердің негізгі бөлігі сақталынатын реляциондық МҚ-ның фундаменталды объектілері. Бөлек кесте белгілі бір тақырып бойынша ақпарат сақтайды (мысалы, компания қызметкерлері туралы ақпарат). Кестелер бағандар (өрістер) мен жолдардан (жазулардан) тұрады. Кесте құрылымы кесте құру алдында жобаланып, жасалынады. Ол кестеде қандай берілгендер сақталынатын, берілгендерді енгізу, өзгерту, өшіру ережелерін анықтайды. Кесте құрылымында келесі ақпарат болады:

Кесте бағаналары кестеде сақталынатын ақпарат категориясы. Кесте бағаның құрайтын жазба элементтер өріс деп аталады. Өрістің негізгі ерекшелігі — әрбір өрістің аты (өріс атаулары бірегей болуы тиіс) және белгілі бір типі болады. Кез келген кестеде кем дегенде бір бағана болады. Берілгендер кесте жолдарында (жазуларда) сақталады. Жолдар саны шектелмеген.

Реляциондық МҚ-да берілгендерді тез табуға және әртүрлі кестелердегі берілгендерді байланыстыруға болады. Ол үшін кестеде әрбір жазуды бірмәнді анықтайтын бір немесе бірнеше өрістер болуы керек. Мұндай өрістерді кілттік өрістер деп атайды. Кілттік өрістерді үш типке бөлуге болады:  есептегіш, қарапайым және құрылымды кілт.

Кестеге жаңа жазу енгізілген кезде  кілттік өрістің мәні автоматты  түрде енгізілетін етіп жасауға, яғни есептегіш ұйымдастыруға болады.

Егер өрісте код немесе инвентарлық  нөмір сияқты мәндер болса, онда бұл  өрісті қарапайым кілт етіп қоюға  болады.

Ал егер кестеде бірегей өрістер  болмаса, онда жазуды бірмәнді анықтау  үшін құрылымды кілттер қолданылады.  Құрылымдық кілт бірнеше өрістердің комбинациясы.

Кілттік өрістің мәндері бірегей  болуы керек, сондықтан кілттік  өрісі бар кестелерде бірдей жазулар  болмайды. Жолдары қайталанбайтын кестелерге қатынас деген математикалық термин берілген.

Сыртқы кілттер. Кесте өрісінің мәндері басқа кестенің кілттік өрісінің мәндеріне сәйкес келсе онда мұндай өріс сыртқы кілт деп аталады. Егер сыртқы кілт бір кестенің алғашқы құрылымды кілтіне сілтеме жасаса, онда ол да құрылымды болады.

Индекстер дегеніміз кестенің бөлек  жолдарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін МҚ объектілері. Индекстер сұраныстар мен сұрыптаулар операцияларының өнімділігін арттыру үшін қолданылады. Индекс кестеден бөлек тәуелсіз объект. Индексті құру және жою индекстелген кесте берілгендеріне әсер етпейді. Ол бір немесе бірнеше өрістер мәндерінің жоғары оптималданған нұсқауларын сақтайды. Индекстелген өріс бойынша сұраныс жасағанда МҚ процессоры мәнді тез табу үшін индексті қолданады. Кестеде берілгендер енгізілген, өзгертілген және жойылған кезде МҚ процессоры (ядро) индексті автоматты түрде жаңартады.

Индекстерді бір немесе бірнеше  өрістер бойынша құруға болады. Құрылымды  индекстер деректерді таңдау кезінде  бірдей мәндері бар бірінші өріс жазуларын топтауға болады. Өрістерді  индекстеу жиі іздеулер, сұрыптаулар  жүргізгенде және сұраныстарда басқа  кесте өрістерімен байланыс жасау үшін қажет. Кестенің кілттік өрістері автоматты түрде индекстеледі.  МЕМО, гиперсілтеме, OLE типті өрістерді индекстеуге болмайды.

Реляциондық алгебра. Негізгі алгебралық операциялар жиынтығы сегіз операциядан  тұрады. Олар екі топқа бөлінеді: теориялық-көптік операциялар және арнайы реляциондық алгебра. Теориялық-көптік операциялар құрамына келесі операциялар кіреді:

- кестелерді біріктіру; 

- кестелердің қиылысуы;

- кестелер айырымы;

- кестелердің тура көбейтіндісі.

Арнайы реляциондық операциялар:

- кестелерді шектеу;

- кесте проекциясы;

- кестелерді біріктіру;

- кестелерді бөлу.

Сонымен қатар, алгебра құрамына МҚ-да алгебралық өрнектердің нәтижесін сақтау үшін қолданылатын меншіктеу операциясы кіреді.

Мәліметтер базасын нормалау. Деректерді реляциондық формаға трансформалау процессі нормалау деп аталады. Басқаша айтқанда, нормалау кестеден артық деректерді алып тастау. Бұл процесстің екі мақсаты бар: деректердің артық көшірмелерін алып тастау және кестелер құрылымының иілгіштігін қамтамасыз ету. Кестелерді қосымшаны жобалау кезінде нормалаған жөн, өйткені деректері бар МҚ құрылымын өзгерту қиын болады.  Нормалау 5 кезеңге  не формаға бөлінеді: бірінші нормалы формадан бесінші нормалы формаға дейін. Бірақ іс жүзінде алғашқы үш форма қолданылады.

Бірінші нормалды форма. Кесте бірінші  нормалы формаға келтірілді деп  есептеледі, егер оның әрбір өрісі  бөлінбесе және қайталанын топтар болмаса. Егер өрісте берілгендердің бір ғана элементі болса, онда ол  бөлінбейтін  деп есептелінеді. Мысалы, қала, почталық индекс және көше туралы ақпараты бар мекен-жай өрісі бөлінбейтін болып есептелмейді.   

Екінші нормалды формада кестенің барлық кілттік емес өрістері кілттік  өріске не құрылымды кілттің әрбір  өрісіне тәуелді болуы керек. Яғни, әрбір жазу бірегей болуы керек.

Үшінші нормалды формада кестенің кілттік емес өрістері басқа кілттік  емес өрістерге тәуелді болмауы  керек.

Төртінші нормалды формада тәуелсіз элементтерді (көп-көпке қатынасы болғанда) бір кестеде сақтауға тиім салынады. Осындай элементтерді бөлек кестелерде сақтап, кейін кестелер арасында байланыс орнату үшін қатынастар кестесін жасау керек. Егер екі өріс көп-көпке байланысын орнатса, онда олар тәуелді өрістер болмайды.

Жоғарыда айтылған нормализация ережелері  байланыстардың бірнеше түрін қамтиды:

  • Біреу көпке  – бірінші кестедегі кез келген бір жазба екінші кестедегі бірнеше жазбаға сәйкес келеді;
  • Біреу бірге  – бірінші кестедегі кез келген бір жазба екінші кестедегі бір жазбаға сәйкес келеді;
  • Көптен көпке – бірінші кестедегі кез келген бірнеше жазба екінші кестедегі бірнеше жазбаға сәйкес келеді.

Көпшілік жағдайда «біреу көпке» байланысы қолданылады.

Бір немесе бірнеше кестеге  сұраныс мәні кесте түрінде болуы  мүмкін. Әр кестеде озінің кілтін немесе идентификаторы болу керек.

Реляциялық модельдің қамиеті:

  • Кестенің әр элементі – деректердің бір элементі;
  • Кестедеге әр баған біртекті, яғни ондағы деректер типті (сандар, мәтін, дата т.с.с.);
  • Кестеде бірдей жолдар болмайды;
  • Жолдардың орналасуы әрқалай болуы мүмкін.

Бұл модельде келесі жұмыстарды орндалған ыңғайлы:

  • Мәліметтерді сұрыптау (мысалы, алфавит бойынша);
  • Мәліметтерді топтарға іріктеу (мысалы, туған жылдары бойынша);
  • Жазбаларды іздеу (мысалы, тегі бойынша);

 

1.5 МҚБЖ таңдау

 

Мәліметтер қоры берілген мәліметтерді анықтап, толық басқару процессін жүргізеді және үлкен көлемді кестелерде сақталған ақпараттың өңдеуін жеңілдетеді.

Мәліметтер қорының  басқару жүйесінің (МҚБЖ) әр түрлі құралдары негізгі үш функцияның орындалуын қамтамасыз етеді: берілгендерді анықтау, өңдеу және басқару. Бұл функционалды мүмкіндіктер толық  Microsoft Office Access және Borland Delphi 7 бағдарламасында орындалады.

 

1.5.1 MS Access бағдарламасы

 

Microsoft Office Access – бұл  интерактивті командалар мен  компилярланған бағдарламалардың  орындалу аймағы бар аяқталған бағдарламалық тіл. Бұл өздік жұмыс жасайтын бағдарламаны толық жазуға, құруға мүмкіндік береді және бұл бағдарламаны Microsoft Office Access бағдарламасы жоқ қолданушыларға жіберуге болады. 

Access - те мәліметтерді  анықтап және өңдеуге мүмкідік беретін барлық құралдар қамтамасыз етілген, сонымен қатар үлкен көлемді ақпаратты басқаруға болады.

 Access – те негізгі объект кесте, сұраныс, формалар, есептеме (отчет).  Негізінде, мәліметтер қоры термині ақпараттар сақталған файлға жатады. Access - те кесте жиынтығы, сақтау процедуралары мәліметтер қорына кіреді.  Төменде Microsoft Office Access – гі негізгі объектітел тізімі көрсетілген:

  • Кесте – мәліметтерді анықтап, оны қолдану мен сақтауға арналған объект. Әр кесте анықталған зат (субъект) жайлы ақпарат сақтайды. Баған (столбцы)  зат (субъект) жайлы әр түрлі мінездеме сақтайды, жол (строка) белгілі зат (субъект) жайлы ақпарат сақтайды. Әр кестеде біріншілік кілтті анықтауға болады (өзіндік жазу мәні бар  бір немесе бірнеше бағаннан тұрады) және берілгендерге жылдам қол жеткізу  үшін бір немесе бірнеше индексі болады.
  • Сұраныс – қолданушыға керек ақпаратты бір немесе бірнеше кестеден тауып беретін объект. Сұранысты анықтау үшін есеп беру құрушыны (конструктор) немесе SQL нұсқамасын жазу керек. Мәліметті таңдау, жаңарту, өшіру және қосу Сұранысты жазуға болады. Сонымен қатар, сұраныстың көмегімен бір немесе бірнеше кестедегі мәліметтерден жаңа кесте құруға болады.
  • Форма – мәліметтерді енгізіп, оларды экранға шығару немесе қосымшаны басқаруға арналған  объект. Форманы қолданушы талабына сәйкес кестелерді немесе сұраныс  жазбасын көру үшін қолданады. Форма көмегімен кейбір оқиғаларға функциялар мен процедураларды жауап ретінде жазуға болады.
  • Есептеме – есептеу мәндерін және таңдалған берілгендерді басып шығаруға арналған объект.
База данных IT-колледжа