Әлішер Науаидың тәрбие тағылымдары (1441-1501)
ОҚЫТУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ АЛҒЫШАРТЫ СИЯҚТЫ
МҰҒАЛІМНІҢ ШЕТ ТІЛІ САБАҒЫН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ТАЛДАУЫ
Мазмұны
Кiрiспе
I.Негізгі бөлім. Шет тiлi мұғалiмiнiң кәсiби құзыреттiлiгiнiң ұйымдастыру деңгейінiң көрсеткiштерi сияқты мектептегі шет тiлiнiң сабақ жоспарларын талдау
1.1 Шет тiлi сабақтарының түрлерi
1.2 Сабақтардың классификациясы
II-бөлім. Шет тілі сабағын қорытындылау – шет тілі мұғалімінің кәсіби құзіреттілігінің компоненті сияқты.
2.1 Шет тiлi мұғалiмiнiң кәсiби құзыреттiлiгiнiң
компонентi сияқты шет тiлi сабағын талдау
2.2 Шет тiлi
мұғалiмiнiң кәсiби құзыреттiлiгiнiң компонентi
сияқты шет тiлi сабағын жоспарлау
Қорытынды
Әдебиет тiзiмi
КІРІСПЕ
Зерттеудiң
өзектiлiгi. Кез келген басқа да
күрделi құбылыс сияқты сабақты
мұғалiм алдын-ала ойланып, өз
ой-санасы арқылы өткізіп,
Сабақты жоспарлау әрбiр мұғалiмге өзінің творчестволық қабiлеттiлiгiн және біліктілігін айқындау мүмкiндiгiн береді, әсіресе, жауапты шешімдерді жеке қабылдауға, алдына мақсат қоя білуге, жеке стратегияларды ойлап табуға және іске асыруға, ал жалпы айтқанда, бөгде адамның ерікінен, жағдайлардан, өз қорқыныштарынан тәуелсiз кәсiби негiзде ойлап және жұмыс iстеуге мүмкіндік береді [Тамбовкин 2000: 63].
Шет тiлiне үйренудiң және уақытында оларды түзету заңдылықтарының көзқарасы бойынша сабақтарды тиімді жоспарлай бiлу, оқытудың керекті құралдарын іріктеу, оқыту кезіндегі өзгерістерге уақытында мән беру, оқушылармен сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстарын қорытындылай білуге тікелей байланысты.
Ғылыми жеке талдауда мұғалiмнiң рефлексиялық қызметі өз кәсiби қызметi болып табылады. Бұл функцияға өз қызметiн және әрбiр оқушының қызметiн бақылай алу, талдау, жалпылау, салыстыру, салғастырыу, басты жағдайларды ерекшелеу, құбылыстардың, жағдайлардың себептерiн ашу жатады. Сабақтың, схемалардың тиiмдiлiк көрсеткiштерiн және сабақты талдаудың алуантүрлiгi туралы ұсыныстарды барлық мұғалiм біле бермейді. Сонымен бiрге, сабақты сапалы талдай алу және өздiгiнен талдай алу - мұғалiмнiң теориялық және тәжірибелік дайындығын көрсетеді. Сабақты талдай бiлу жоспарлай бiлудің дамығандығы.
Зерттеудiң теориялық негiздерi. Мен өз зерттеулерiмде осы авторлардың еңбектеріне арқаландым: И.Л.Бим, Е.И.Пассов, А.Н.Леонтьев, А.А.Леонтьева, С.Л.Рубинштейн, Г.А.Китайгородская, Р.П.Мильруд, И.А.Зимняя, Н.Д.Гальскова, Н.И.Гез, П.Б.Гурвич, В.Л.Скалкин, А.А.Смирнов және басқалар.
Зерттеу нысаны - ағылшын тiлi мұғалiмiнiң оқыту қызметiн жоспарлау және iске асыру
Зерттеудiң пәні - ағылшын тiлi мұғалiмiнiң оқыту қызметiн жоспарлаудың әдiстемелiк ерекшелiктерi және iске асыру.
Зерттеудiң болжамы:
Егер ағылшын тiлiнiң сабағын талдау және жоспарлау бойынша әдiстемелiк ұсыныстарды қолдану үшiн ұтымды жағдайлар жасалса, шет тiлiн үйрену жолы тиiмдiрек болады.
Ұтымды шарттар бойынша келесі түсінік:
Ағылшын тiлi сабағының үлгiлерiн жоспарлау бұл кешендi ұйымдастыруды қамтамасыз ететін үздiксiз құбылыс сияқты;
Шет тiлi сабақтарын әртүрлi әдістемелерді ұйымдастырудың көмегiмен ағылшын тiлiнiң сабағының тиiмдiлiгiнiң жоғарылатуға бағытталған оқу барысын жоспарлау.
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Шет тiлi мұғалiмiнiң кәсiби құзыреттiлiгiнiң ұйымдастыру деңгейнің көрсеткiштерi сияқты шет тiлiнiң сабағын талдау және жоспарлау.
1.1 Шет тiлi сабақтарының түрлерi. Педагогикалық әдебиетте сабақтардың түрлерiнiң әртүрлi классификациялары ұсынылады, бiрақ танымал классификациясы жоқ. Дегенмен, көп зерттеушiлер сабақтардың түрлерiн классификациялауды, сабақтың негiзгi дидактикалық мақсатының белгiсi бойынша жасау керек деп санайды. Сабақтың негiзгi дидактикалық мақсатына сүйене отырып, оның осындай түрлерiн көрсетуге болады: бiрiккен немесе құрамалы сабақ; жаңа сабақты зерттеу; бекiту сабағы; қайталау сабақ немесе қайталау-жалпылауыш сабақ; бiлiмдерін, қолдарынан келетінін тексеру сабағы, бақылау - жалпылауыш сабақ.
1. Бiрiккен немесе құрамалы сабақ. Осындай сабақтарда бiрнеше дидактикалық тапсырмалар орындалады: өткенді қайталау және үйге берген сабақты тексеру, жаңа тақырыптарды оқыту және бекiту. Құрамалы сабақтар әсiресе бастауыш сыныптарда кең таралған. Құрастыруды бұл бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелiктерімен де (ықыластың қалыпсыздығы, жоғарғы қызу қозғыштығы) және жаңа оқу бағдарламаларын және оқулықтарды шығару ерекшелiктерiмен де түсіндіріледі. М.З.Биболетованың және т.б. редакциясымен шығарылған 2-4 сыныптарға арналған ағылшын тiлi оқулықтарының өзiндiк ерекшелiктері – олар жоспар бойынша құрылған, ең бастысы - әр сабақты бiрнеше әдістермен өткiзу ескерiледi: қайталау және бекiту мақсатында бұрынғы алған бiлiмдерi бойынша жұмыс, жаңа алған бiлiмдерін тексеру және бекiту, жаңа алған бiлiмдерін меңгеруге даярлайтын материал бойынша жұмыс. Құрамалы сабақтардың құрылымы мынадай болуы мүмкін:
1) Үйге берген сабақты тексеру;
2) Жаңа алған бiлiмдерін меңгеруге әзiрлеу;
3) Жаңа материалды түсiндiру;
4) Өткен материалды бекiту;
5) Үйге тапсырма [Поляков 1974: 79].
Құрамалы сабақта оның құрама бөлiгi - қайталау немесе тексеру, зерттеу және жаңа тақырыпты бекiту – өзінің аумағы және уақыты бойынша бiр қалыпты аз-кем берілген.
2. Жаңа сабақты үйрету. Осындай сабақтар сирек кездеседi. Бұл оқу материалының өзiндiк ерекшелiгiмен және оқушылардың ықыласының орнықсыздығымен түсіндіріледі. Жаңа материал әрбiр сабақта аздап қаралады. Бiрақ жаңа материалды оқыту негiзгi дидактикалық мақсат болып табылатын сабақтар да болады. Бұл жұмысқа сабақтың көп уақыты бөлiнеді, сабақтың барлық басқа уақыты жаңа сабақ өтуге бағытталған. Жаңа материалды үйретуде ескі материалмен байланыстыру үшін, бұрын алған білім жүйесіне жаңа алған білімін қосу үшін, жаңа материалды қабылдауға балаларды дайындайтын бөлiмдер мен сұрақтарды қайталайды. Осындай сабақта оқытылатын материалдың алғашқы рет бекiтілуі де болады. Берілген сабақтардың құрылымы мынадай : 1) Жаңа алған бiлiмдерін саналы меңгеруi үшiн қажеттi материалды қайталау; 2) Тақырыпты хабарлау және сабақтың мақсаттары; 3) Жаңа материалды үйрету; 4) Оқушылардың өтілген материалды түсiнуiн тексеру және тақырыпты алғаш рет бекiту; 5 ) Үйге тапсырма [Гальскова, 2005:35].
Құрама сабақтардың басқа да бiрнеше түрлері болуы мүмкiн:
1) Тақырыптың қатынасы және сабақтың мақсаттары; 2 ) Жаңа материалды үйрету; 3 ) Үйге тапсырма; 4 ) Оқушылардың өтілген материалды түсiнуiн тексеру және тақырыпты алғаш рет бекiту;
3. Білімдерін,
қолдарынан келетін істерін
Сабақтың бұл түрі әсiресе бастауыш сыныптардағы оқу барысының жасалуына тән. Бастауыш сыныптарды оқытудың негiзгi тапсырмаларының бiрi болып: оқушыларды оқуға үйрету, оларды нақты қолдарынан келетін істерімен айналысуға бейімдеу.
Бұрынғы бағдарламаға қарағанда, жаңа бағдарлама бойынша тәжірибелерді қалыптастырудың басты кезеңі басқаша. Мысалы, есептеуiш тәсілдер оқушылардың арифметикалық қасиеттердi ұғынуы негiзінде, яғни, дағдыларды қалыптастыру негізі - теориялық бiлiм болып табылады
Осындай сабақтарда оқушыларымен әртүрлi жаттығуларды, творчестволық жұмыстарды орындау негiзгi орын алады. Жаттығулар нақтылы жүйеде ұсынылады, негiзi қиындықтардың бiртiндеп өсуі болып табылады. Әдеттегiдей бұл сабақтардың құрылымы мынадай:
1) Алдағы жұмыстың мақсаттарын хабарлау; 2) Ұсынылған тапсырмаларды орындауы үшiн талап ететiн білімдерін, тәжірибелерін оқушылардың көрсетуі. 3) Оқушылардың әртүрлi жаттығуларды, тапсырмаларды орындауы; 4) Істелген жұмыстарды тексеру; 5) Үйге тапсырма, (керек болған жағдайда) [Маслыко, 1998: 38].
Бiлiмдерін, тәжірибелерін дамыту мақсатымен мұндай сабақтарда кейде жаңа элементтер қосылады. Арнаулы жаттығулар көмегiмен келесi тақырыптарды оқытуға даярлық жұмыстары жүргiзiледi. Бiрақ бұл дидактикалық мақсаттар сабақтың негiзгi дидактикалық мақсаттарына - оқығандарын бекiтуге бағытталады.
4. Қайталауға арналған - жалпылауыш сабақтар. Осындай сабақтар курс бөлiмiнiң тақырыптарымен қатар, оқудың соңында жүргiзiледi.
Ұқсас сабақтардың құрылымы мынадай болуы мүмкін:
1) өтілген тақырыптардың мазмұнын ашатын мұғалiмнiң кiрiспе сөзi, сабақтың мақсатын, әрі жоспарын көрсетеді; 2) жалпылауыш және жүйелейтiн сипаттағы ауызша және жазбаша тапсырмаларын оқушылардың жеке-жеке және ұжыммен орындауы; 3) Жасалған жұмыстарды тексеру және бар кемшiлiктердi толықтыру; 4) Қорытындылау[Онищук,1981:125].
5) Бақылау немесе есеп беру сабақтары. Мұндай сабақтарда жазбаша тексеру негiзгi орын алады - диктант, шығарма, бақылау жұмысы және тағы сол сияқтылар, немесе ауызша тексеруге де үлкен мән беріледі.
Бұл берілген сабақтың құрылымы екi алдыңғы сабақтардың құрылымына жақын. Егер тексеру ауызша жүргiзiлсе, сабақтың соңында мұғалiм, оқушылардың дағдыларына, білімдеріне қысқаша мiнездеме берген, табыстарына, кемшiлiктеріне мән беріп және кемшiлiктерін жеңу жолын қарастырған. Егер тексеру жазбаша жүргiзiлсе, онда келесi сабақ бақылау жұмысын талдауға арналады. Оқушылар сабақта тiлдi аз-аздап үйренумен қатар, оқулықтардағыдай және қарапайым өмірдегі қарым-қатынас арқылы да олардың қолдану әдiстерiн меңгередi. Сабақтың бұл түрінде сөйлемнің қай жағы (фонетикалық, лексикалық немесе грамматикалық) қалыптасса, сол жағына сәйкес классификацияланады.
Екiншi түрдегі сабақтар көбiнесе тілдік құралдарды қызметтiң әртүрінде қолдануға бағытталған. Осындайда, сөйлеу қызметінің түрлерiне өзара байланыстыра оқыту қағидасына сәйкес бiр-бiрiмен байланысты ауызша (таспадан тыңдау, айтып беру) және жазбаша (оқу, жазу) сабақтар ерекшеленедi.
1.2. Сабақтардың классификациясы.
Сабақтардың классификациясын көрсететін осындай әдістер теория жағынан алғанда жеткiлiксiз өңделген. Біздің көзқарасымыз бойынша, шет тiлдерiн үйретудегі тәжiрибені жалпылай келе, қазiргi әдiстемеде қолданылатын сабақтың үш түрiн айтуға болады.
Бiрiншi - меңгеруге бағытталған сабақтар
а) фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлерде тiлдiк жүйенiң элементтері арқылы (нәтижесі - тiлдiк жүйе туралы бiлiм алу болып табылады);
ә) сөйлеу деңгейінде алған бiлiмдерін қолдану әдiстерiмен (тиiстi дағдыларды құрастыру).
Екiншi - қарым-қатынас қызметi арқылы меңгеруге бағытталған сабақтар.
Мұндай сабақтардың мақсаты - алған бiлiмдері мен қалыптасқан дағдылардың негiзінде әртүрлі қызметте тілдік білімін дамыту.
Сабақтың осы түрінің ерекшелігі: 1. Сөйлеу қызметiнің өзіндік түрлерiмен меңгеру сабақтары (таспадан тыңдау, жазу, жазбаша тапсырмалар, шет тілінен ана тiлiне ауызша және жазбаша аударма сабақтары); 2. Сөйлеу қызметінiң ыңғайлы түрлерiмен меңгеру сабақтары (сөйлеу, оқу, ана тiлiнен шет тіліне ауызша және жазбаша аударма сабақтары ).
Үшiншi - құрамалы сабақтар. Мұндай сабақтар бiр сабақтың шеңберінде оқушылардың бiлiмдерін және дағдыларын өзара байланыстыруға бағытталған. Осыған орай, тiлдiк жүйенің әртүрлi деңгейлерімен меңгеру сабақтары жұмыс кезінде (фонетика, лексика, грамматика сабақтары) жеке тұрғылардың ерекшеленуі ғана емес, жеке пәндерді де оқыту жүзеге асырылады (стилистика, мәтiн талдау, аударма).
Сонымен қатар, сабақтың тәжірибесіне бағытталған жағын қарастырсақ, әрдайым кешендi сипатта болады, өйткенi оқытудың негiзгi мақсаты, әртүрлi қызметте сөйлеу қабілетін қалыптастыру және дамыту болып табылады.
II БӨЛІМ. Шет тiлi сабағын қортындылау - шет тiлi мұғалiмiнiң кәсiби құзыреттiлiгiнiң компонентi сияқты.
2.1. Шет тілі мұғалімінің кәсіби құзіреттілігінің компоненті сияқты шет тілі сабағын талдау.
Ағылшын тiлiне (және кез келген басқа да тілдерге) үйретудiң тиiмдi әдiстемелерiн өңдеу және жетiлдiруде ең маңызды тапсырмаларының бiрi- ағылшын тiлiнiң (және кез келген басқа да тілдердің) сабағын айқын, анық және жан-жақты талдау болып табылады.
Бұл мәселе шешiлсе, әсіресе ағылшын тілінде араласудың негізін қалайтын және оқушыларды ағылшын тiлiнде ары қарай әбден жетiлдiруi үшiн көп атсалысатын орта мектептерде ағылшын тiлiнен сабақ беру деңгейін тiптi елеулі көтеруге мүмкiндiк береді. Шет тiлi мұғалiмiнiң кәсiби құзыреттiлiгiнiң компонентi сияқты шет тiлі сабағының талдау нұсқасын қарап шығайық.
Шет тiлi мұғалiмiнiң кәсiби құзыреттiлiгiнiң компонентi сияқты, шет тілі сабағын талдауға сабақтың барлық стандарттары сақталған күнделікті сабақ қойылған. Атап айтсақ: сабақтың мақсаттары, көрнекілік, ұйымдастыру сәті, үйге берілген сабақты тексеру, қайталауға және дайындалуға арналған жаттығулар, жаңа оқу материалын енгізу, түсiнуін бақылау, жаттығу тапсырмалары, меңгеруін бақылау.
Берілген әрбiр сабақтың мақсатына байланысты оның компоненттерiнiң саны және реті өзгеруі мүмкін, сондықтан сабақты талдауды мұғалiмнің өз алдына қойған, бекітілген мақсаттарынан бастау керек. Сабақтың барысын талдай келе, келесi элементтерді ерекше қарастыру керек: [Конаржевский, 2003 : 52]
Сабақтың оқу-әдiстемелiк тапсырмалары: кiрiспе, бекiту, ағылшын тiлi материалының активизациясы, қорытынды-бақылау жұмысы. Оқу материалдарының мазмұнының тақырыбы: мәтiн, ауызша тақырып, жаттығу, ахуал, әдiстемелiк құралдар, тiл материалы. Сабақты жабдықтау: көрнекiлiк, дидактикалық материалдар, соның iшiнде оқу-әдiстемелiк кешеннiң қолданылатын компоненттерi.
Жаңа тақырып өткенде сабақ жүретін орын (сабақ оқу тақырыбын ашады, жалғастырады, бiтiредi). Мақсат қою: сабақ барысында оқушылардың ағылшын тiлінде сөйлеуге, жазуға білімдерін дамытуға бағыттау (монологтық, диалогтық сөйлеуді таспадан тыңдау, айтып беру); оқушыларды тiлдiк аспекттер арқылы меңгеруге бағыттау (лексика, грамматика, сөйлеу арқылы); сабақтың кешендi мақсаттары (ағылшын тiлiнде сөйлесуге үйрету; ағылшын тiлiн қолдана отырып, оқушыларды жеңіл, әрі тез оқып-үйренуге бағыттау.
Сабақтың тәрбиелiк мақсаттары: болмыстық, эстетикалық, еңбекке баулу, мәдениеттілік, қарым-қатынас тәрбиесi, сезiм және мiнез-құлықтарын тәрбиелеу болып табылады. Сабақтың жалпыбiлiмдік мақсаттары: танырлық, ел танушылық, лингвистикалық ел танушылық, дамыту, лингвистикалық ойлауды дамыту.
Мақсаттық бағыт: дағды дамуының және ағылшын тілінде сөйлеу дамуының бағыт бағдары (аудирование, сөзуарлық, монологтық, диалогтық тіл), оқу, жазу; тіл аспектілерін үйренудің бағыт бағдары (айтылуымен, лексикамен, грамматикамен); сабақтың құрама мақсаты (ағылшын тілінде әңгімелесуге үйрету, ағылшын тілін қолдана отырып танымдық процесске үйрету).
Сабақтың тәрбиелі маңызы: өнегелілікке, эстетикалық сезімге, еңбек тәрбиесі, өркениетті тұлға тәрбиелеу, ойлау мәдениеті, әңгімелесу, сезу және өз өзін ұстау мәнеріне тәрбиелеу.
Сабақтың жалпы білім беретін мақсаттары: танымдық, елтану, лингвоелтанушылық, даму, лингвистикалық ойлаудың дамуы.
Сабақ мақсатының оның
орны мен пән тақырыбына
Сыныптағы оқу жағдайы: оқушылардың зейінін «ағылышын тілі» пәніне толығымен аудару; ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің (Ұлыбритания, АҚШ, Австралия) тарихын немесе жалпы солар жайлы мәлімдейтін мәліметтер қолдану; ағылшын тілінде сойлейтін адамның үні жазылған күйтабақшаларын алып келіп, сынып оқушыларына тыңдату; сабаққа лайықты етіп тақтаны дайындау; таблица құру мен көзбен шалып қарауға арналған әртүрлі керек жарақтарды пайдалану, және т.б.
Ұйымдастыру мәселелері: оқушылардың зейінін «ағылшын тілі» пәніне толығымен аударудың нәтижелілігі; мұғалімнің оқушылармен ағылшын тілінде әңгіме жүргізу; мұғалімнің оқушыларға сұрақ қою арқылы олардың сабаққа дайындылығын байқау; сабақтың барысы жайлы хабарлама беруі; оқушылардың бағдарын практикалық мақсаттардың, тәрбиелік мақсаттардың орындалуына бұру; тілдерін шынықтыру; мұғалім мен оқушылар арасындағы контактті орнату; микроәңгімелерді пайдаланып оқушылармен сөйлесу; сыныпта шығармашылық, іскерлік, тілектестік қарым қатынас орнату үшін педагогикалық және әдістемелік тәсілдерді қолдану; тіл шынықтыру барысында сабаққа қатысты материалдарды қолданып, сабақтың алдында қойған мақсаттарына қол жеткізу.
Үй жұмысы: үйге берілген тапсырманы сабақ барысында тексеру, жаңа сабақты бастағаннан соң, оның өту барысын бақылау, үй тапсырмасын орындау сапасын бақылау; үй жұмысын тексермей тұрып оның орындалмай қалған жағдайларын болдырмау немесе алдын алу; тапсырманы қалай орындаулары жайлы мұғалімнің түсінік беруі; үй жұмысын орындау барысындағы болатын қиындықтарды ескеру; әдеттегі болатын қателерді жалпылау; осы болатын қателерді келтіретін себептерді түсіндіру; олардың алдын алуына тиімді тәсілді қолдану; қателерді түзету; үй жұмысын тексеру барысында әдептілік, биязылық және тілектестік жағдайын сақтау;
Жаңа сабақты бастау: жаңа сабақты жүргізу түрі; индукция әдісі мен дедукция әдісін қолдану; тақта мен оқулықты қолдану; пәндік және бейнеләк көрнекілікті қолдану, түсіндірме, дефиницияларды, тасымалдарды қолдану; тілдік бірліктерге сәйкес келетін даму сатысын үйрету; жаңа сабақтың қиындықтарын, мақсаты мен оқылатын материалдың терең меңгерілуін ескеру; жаңа материалды түсіндіру кезінде оқішыларға оны қабыл алуы; жаңа тілдік бірліктердің түсіндірілуін бақылау; оқушылармен жаңа тілдік бірліктердің сөйлемде қолданылуы.
Тыңдату ( Дыбысты естіп, түсінуге үйрету): қойылған мақсатқа жету үшін мұғалімнің қолданған әдістері; аудиомәтiнi бар жұмыстың кезеңдерiнiң әдiстемелiк дәлелдiгi (тiл қиындықтарының алынып тасталынуы, тiл болжамына үйренту), мәтінді қабылдауға дайындау; қабылдауға қызығушылықтарын ояту; магнитафон (ойнатқыш) қолдану; тиімді тыңдауларды қолдану; көру, бейнелеу көрнекілігін, тілдік және мағыналы тіректер қолдану; жұмыстың нәтижесі.
Сөйлеуге үйрету: сөйлеу материалдың таңдап алуы, сөйлеу ахуалдары, диалог, мәтiн, (ауызша, жазбаша) көрнекіліктер қолдану, оқушыларға көмек көрсетуі мен диалогтық пен монологтық пікір айтуды ұйымдастыру, әртүрлі тірек түрлерін қолдану (жоспар, логико синтаксистік схема, бастамасы мен аяқ жағына арналған тетікті тірек сөздері); мұғаліммен қолданылатын ойындардың тиімділігі.
Оқуға үйрету: оқу дағдысы мен оқыған материалды түсіну дағдыланың негізін қалау; мәтіналды және мәтінсоңды әр түрлі әдістерді, тапсырма мен жаттығуларды қолдану; мәтінмен жүмыс істеу барысында тапсырманы орындаудың дұрыстылығы; түсінуді қадағалау үшін рационалды әдістерді қолдану(азат жолдарға ат қою, т.б); контекстті ауыз екі сөйлеуде негіз ретінде қолдану, бұл іс әрекеттің мақсатқа сәйкестілігі мәтінді оқытудың осы сәтіндегі даму сатысы; жаттығулардың тиімділігі.
Жазуға үйрету: тапсырмалар мен тәсілдерді дұрыс қолдану; мақсатқа байланыстылығы (жазбаша мазмұндама, шығарма, диалогтағы қақпалауларды үлкейту, хат жазу, түсініктеме, аударма, жоспар құру, ең керек деген сөйлемдерді таңдау, оқу барысында жоспарға сүйеніп, конспектілеу, тезистер құру, сөз тіркестері мен тірек сөздерді тауып жазу).
Сынып жұмысының формаларын қолдану: фронталды және топтық жұмыстың ара қатынасы; жұппен және дара жұмыс; әртүрлі тапсырма түрлерін қолданудың ұтымдылығы; оқу формасының әрекеттілігі (оқушы мұғалім, оқушы кітап, оқушы магнитафон, оқушы сурет, оқушы оқытылатын пәннің елі туралы мәлімет, оқушы оқушы).
Баға, амал тәсілдерді еске алу: ағылшын тіліндегі материалдың оқушылармен қалай мақұлданғанының дәрежесі, ағылшын тілін игерудің дағдылары мен білімдері; сұрақ жауап жұмысының тиімділігі; тапсырмалар менжаттығуларды орындау, тестілеу, суретпен жұмыс, т.б.
Сабақтың қорытынды бөлімі: мұғалімнің оқушылармен әңгімелесуі, жоспарға кірмеген сұраққа жауап, барлық оқушылардың жұмысын бағалау, баға қою.
Ортақ дидактикалық ұстанымдарын сақтау: саналылықты, тәжірибелікке назар аудару, жеңілден қиынға қарай өту, белгілі нәрседен белгісіз нәрсеге, деректіден дерексізге көшу. Әдістемелік ұстанымдарды жүзеге асыру: ағылшын тілін үйренудегі коммуникативті бағыт бағдар, ауызша сөйлеу, функционалдылық және т.б.
Мұғалім мен сынып: сабақтың өтіп жатқан күйі (жайлы, белсенді, оптимистік, іскерлік, тілектестік түрде); мұғалімнің сынып оқушыларымен байланысы; мұғалімнің кәсіби даярлық деңгейі, ағылшын тілін үйретудегі әдістемелік біліктілігі, педагог ретінде мұғалімнің өзіндік ерекшелігі; мұғалімнің сөйлеу мәнері, стилистикалық әдептілігі, тілдік қателердің болмауы я болуы, дауысының сүйкімділігі.
Сыныппен(топпен) оқу әрекетінің мақсатын түсінушілігі: оқушылардың мұғаліммен сөйлесуіндегі талапшылдығы, немесе сыныптастармен; сұрақтың спонтанды мінезі, сөйлемдер жайлы оқу әрекетінің талғамдылығы; өз ойларын айту; ағылшын тілін қолдануға асығу; қате жіберемін деген қорқыныштың болмауы; мұғалімге деген оқушылардың көңілдерінің ауу, мұғалімді өз жұмысының шебері ретінде бағалауы; мұғалім пікірін жоғары бағалау; оқу тапсырмасын орындауға дайындығы.
Оқушылардың және мұғалімнің сөйлеуінде ана тілді (қазақ) тілін қолдану: оқушылар кейбір сөздерді білмейді және түсінбейді деген жағдайда, мұғалім өзінің сөздерінде оқушыларға дұрыс әрі түсінікті етіп жеткізу үшін ана тілді қолдану; ана тілінде өзінің ең қиын деген пікірлерін түсіндіру; оқушылармен тіл табысып сөйлесуде әрдайым ағылшын тілін қолдану; ана тілін оқушылардың ойлау мақсатында қолданып, соның арқасында олар түсініп тек қана ағылшын тілінде сөйлеуді қолға алу, үнемшіл семантизация мақсатында, өте қиын материалды түсіндіру үшін, күрделі психологиялық педагогтық тапсырмаларды шешу үшін, стилистикалық фразеологиялық ерекшеліктерді түсіндіру үшін, текті сөздерге ұқсас сөздерді қатесіз түсіндіруге ана тілін қолдану, ағылшын тiлiнiң оқушыларының артықшылығы бар немесе тұрақты қолданудың мадақтауының әдiстерiн; [Конаржевский,2003 : 54].
Сабақ өтіп жатқан уақытты үнемді әрі пайдалы өткізу: мұғалім мен оқушылардың сөз сөйлеулерінің уақыты(минуттармен), үй жұмысын тексеруге, жаңа материалды түсіндіруге, сабақты әзірлеуге, оны дұрыстауға, жаттығуға берілген тапсырмаларға, қорытынды бақылауға, үй жұмысмын түсіндіруге сабақтың соңғы бөліміне және ана тілінде сөйлеуге кеткен уақыт; сабақтың жоспарына сәйкес уақытты пайдалану.
Атап айтсақ, ағылшын тілі мұғалімінің кәсіби құзіреттілігінің басты көрсеткіштері өз алдына мына жағдайларды талап етеді: мұғалімнің оқушыларға коммуникативті және өзаралық қарым қатынастың керектігін түсіндіріп нығайту, оның компоненттеріне лингвистикалық, тематикалық, мәдени әлеуметтік, оқу танымдық құзіреттілік кіреді[Леонтьев, 1985 : 14].
Коммуникативтік құзырлылық
көпшілдік, басқа адамдарға қатысты
ашық мінезді қалыптастырып қана
қоймай, сонымен қатар оқушыларда
практикалық білімнің, өзінің оқу
әрекетін дамытуын да қалыптастырады.
Мұғалім оқушылардың санасында
өз бетінше даму мен коммуникативті
тапсырмаларды орындауға
Осылайша, құзырлылықтың өзін өзі кемелдендіруінің ең басты аспабы ол ағылшын тілі мұғалімінің сабақтың анализін жасауы. Тек қана сол ғана оқушылардың шығармашылық танымдылығын нығайтады.
2.2. Шет тілі мұғалімінің кәсіби құзіреттілігінің компоненті сияқты шет тілі сабағын жоспарлау.
Жоспарлау – «бұл алға қойған мақсат пен тапсырмаларды орындауға бағытталған белгілеу» [Азимов, 1999 : 243].
Жоспарлаудың мән жайы белгілі бір нәтижеге жету үшін ең басты әрекет пен шараларды қолдануда түйіседі. Сабақтың әр түрі, мейлі ол семинар сабағы, мейлі кәдімгі сабақ болсын ол – мұғалімнің оқу тәрбие процесімен бірге қатар жүретін оқу таным процесінің дұрыс қорытындыға келуге бағытталған сапалы жұмысы.
Әр сабақтың мақсатында мұғалім оның қорытындысын, яғни соңы қалай аяқталатыны, жаңа тақырыпты үйренгендегі интеллектуалды дамуды оқушылар қалай алып кете алатынының көрінісі жатыр.
Сабақты жоспарлаудың дидактикалық мақсаты нені бейнелейді:
- оқушылардың айқын анықтауды үйренуін;
- жоспар жасап шығара алатындарын;
- іс әрекеттің қандай алғышарттары пайда болатынын.
Сабақтың структурасы,
яғни оның бөліктерінің өзара
орналасуы, оның тақырыптардың
ортақ системасында қандай
Логикалық бүтіндік сабақтың мазмұында өз көрінісін табады. Ол тақырыптың жаспарын айқындап, оның логикалық структурасын көрсетеді.
Психологиялық бүтіндік сабақтың мақсатына жету керектігін, жақсы қорытындымен қуанарлық жағдайдың, ықыластық пен әрі қарай жылжу мақсатын айқындайды.
Жақсы сабақта шығармашылық,
логикалық және психологиялық жақтары
өзара байланыста болады. Дегенмен,
тәжірибеде кейде сабақ шығармашылық
жағынан аяқталған, бірақ логикалық
және психологиялық жағынан
Ары қарай сабақтың әр түрін жоспарлауға тоқталайық. Осы түрлілікке сүйене отырып сабактың күнтізбелік немесе тақырыптық жоспары құрылады. Олар әр түрлі бөліктерден, тақырыптан тұрады. Сабақтың қатынасы олардың түрлеріне, оқытылатын пәннің мазмұнына, спецификасына, біліміне, мақсаттарына және тапсырмаларына байланысты әр түрлі, яғни ұқсастығы жоқ болады.Сабақтың әрбір түрі өзінің дәл белгіленген мақсаты мен әдістемесінен, және соған байланысты мақсат пен тапсырмалардан тұрады.
Құрамдастырылған сабақтардың шамамен алғандағы структурасы: үй жұмысын тексеру мен оқушылардан сабақ сұрап, оларды тыңдау, жаңа сабақты бастап, оқушыларды оған үйрету, оқытылатын материалды меңгерген меңгерілмегенін тексеру, жаттықтыратын тапсырмаларды пайдаланып, оқушыларға жаңа түсіндірілген материалды бекіту, бұрын оқытылған материалды талқылау ретінде қайталау, оқушылардың білімін тексеріп, бағалау, үйге тапсырма беру. [Гайдукова, 2006 : 58].
Білімді бекіту сабағындағы ең басты мәселелердің бірі ол сабақты толық меңгеру үшін бұрынғы өтіп кеткен материалды екінші рет ұғыну.Оқушылар өздерінің бідімдерін жаңа тапсырмаларды орындап, жаттығулар жасап тереңдете түседі, ауызша әрі жазбаша түрде өздерінің алған білімдерін көрсетіп, немесе олар білімдерін одан әрі тереңдете түскілері келсе, жеке ЭССЕ немесе қысқыша доклад ретінде жазбаша түрде тапсырулары мүмкін. Өздерінің структурасына сәйкес сабақтар мына кезеңдерден өтуді талап етеді: үй жұмысын тексеру, ауызжа және жазбаша тапсырмаларды орындау, тапсырмалардың орындалуын тексеру мен үй жұмысына тапсырма беру.

- Багатоцільовий глісуючий катер
- Бағалы қағаздар нарығы
- Бағалы қағаздар нарығы
- База данных
- База данных IT-колледжа
- База данных автосервис
- База Данных Государственной Инспекции Безопасности Дорожного Движения
- Ашытқы саңырауқұлақтар
- Аэродромный автомобиль
- «Әділет СК» ЖШС – нің тіркелген құжаттарын жеке және заңды тұлғалары бойынша есепке алу және талдауға арналған бағдарламалық қамтама
- Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі
- әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру
- әлеуметтік қауіпсіздік
- әлеуметтік қауіпсіздік