Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі

Мазмұны

 

Кіріспе

 

I Қазіргі әлемдегі әйелдер құқықтары және оны қорғау механизмдері

 

    1. Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттары
    2. Әйелдер құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдері

 

II Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайы

 

2.1 Еуропа мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы

2.2 Шығыс мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы

2.3 Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің құқықтық жағдайы

 

III Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтары мен оларды қорғау механизмдері

 

3.1 Қазақстан Республикасындағы әйелдердің құқықтық жағдайы

3.2 Қазақстан Республикасындағы  әйелдердің құқықтарын қорғау  механизмдері

 

Қорытынды

 

Пайдаланған қайнар көздер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Жұмыстың жалпы  сипаттамасы. Дипломдық жұмыста әйел мәселесінің қоғамның барлық салаларындағы шешілу жолдары қарастырылды.

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Адам баласы жаратылғаннан бері қанша заман өтіп, адамдар өздерін саналы түрде сезіне бастағалы екі топ болып, яғни, әйелдер мен еркектер болып бөлінетінін біліп келеді. Бірақ өркениет алға озып, жаһандану жүрген сайын әйел мен еркектердің қоғамдағы орын деңгейлері қалай болу керек? - деген сұрақ ешқашан күн тәртібінен түскен емес.

Сан ғасырлар бойы өсіп, дамып келе жатқан адамзаттың әрбір  тайпа, қоғам, ұлт тарихында матриархаттың дамыған кезі болғанынан да көне тарих сыр шертеді.

Қазіргі таңдағы дамудың  қарама-қарсы тенденцияларының арасынан батыстық және шығыстық дәстүрлердің қайшылығын, модернизацияның басымдылығын, мәдениет вестернизациясын ерекше атап өтуге болады. Бұл гендерлік қатынастар, ерлер мен әйелдер арасындағы әлеуметтік және отбасылық ролдерді иемдену, әйелдердің қоғамдағы мәртебесі сияқты саяда маңызды орын алады. 

Қоғамның әйелдер мәселесіне назар аударуы Еуропа мен АҚШ  сияқты елдерде XX ғ. 60 ж. бастау алады. Осы уақыттарда гендерлік зерттеудің  пәнаралық ғылыми бағытына айналған әйелдер мәселесіне қатысты зерттеулер пайда бола бастады. 

Әйелдер мәселесі қазіргі  араб елдерінде ерекше өзекті мәселеге айналды. Бұл елдерде исламдағы  әйел мәселесін түрлі түсінуден туындаса керек.

Халықаралық әйел мәселесі – күрделі, көпқырлы, нәзік, зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі.

  Әйел құқығын қорғау және тең құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз ету омбудсмен қызметінің басымдық бағыттары болып табылады.

   Әйел құқығын қорғау саласында негізгі осы заманғы мәселелердің бірі әйелдерді қоғам өмірінде екінші кезектегі орын алатын теңсіз құқықты субьекті ретінде бағалайтын қоғамдық сананың кертартпалығы болып табылады. Тіпті орталық мемлекеттік органдармен жұмыста да біз гендерлік қағиданы түсінбеушілік, халықаралық құқық қорғау стандарттарын білмеушілікпен кездесеміз: әйелдер құқығын қамтамасыз ету саласында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілердің бәрі бірдей бүгінде өз қызметінде әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы Конвенция ережелерін, оның үстіне Қазақстанға қатысты тиісті Комитеттің ұсынымдарын басшылыққа алмайды, кейбірі Республиканың халықаралық құқыққорғау міндеттемелерінің басымдық сипатын сезінеді.

   Сонымен  қатар, келіп түскен өтініштер куәландырғандай көп жағдайларда әйелдердің өздері өзіндік құқықтарға ие екендіктерін түсіне бермейді. Әйелдер пайдаланатын дәлелдер (уәж) арасында ерекше құқыққа жүгіну түріндегі өте “әйелдікке” қарағанда жалпықұқықтық дәлелдер жиі кездеседі. Әзірге әйелдер өз өтініштерінде жыныстық белгі бойынша кемсіту дәйектерін сирек көрсетеді. Сөзсіз мұндай жағдай әйелдер құқығының бұзылу жағдайларының жоқтығымен емес, әйелдердің өз құқықтарын сезінудің төмен деңгейімен байланысты.

   Әйелдер  құқығын қорғау және көтермелеу бойынша Уәкіл қызметті іске асыру тетіктерінің бірі болып халықаралық ұйымдармен және қорлармен бірлесе отырып, омбудсмен мекемелерінің жүзеге асыратын жобалары саналады. 2005 жылғы сәуірде Әйел құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы және әйелдер ісі жөніндегі ұлттық комиссиясымен, БҰҰ “Гендер және даму” бюросымен және Швецияның “Квинофорум” консалтингілік компаниясымен бірлесе отырып іске асырылатын “Омбудсмен және тең мүмкіндіктер” жобасын бастады.

Зерттеудің  жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсаты – халықаралық әйел құқықтарының негізін анықтап, қайнар көздер әйел мәселесінің қоғам өміріндегі шешілу жолын қазіргі заманмен үйлестіру.

-Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттарын анықтау

-Әйелдер құқықтарын қорғаудың халықаралық механизмдерін қарастыру

-  Әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайын талдау

Зерттеудің теориялық негіздері. Зерттеудің негізіне әйелдер мәселесіне гуманитарлық ғылыми пәндер: мәдениет, тарих, әлеуметтанудың нәтижелері мен әдістеріне сүйенетін кешенді дінтанушылық талдау жатыр. Жұмыс барысында негізінен ислам діні мен қазіргі қоғамдағы әйел мәселесіндегі өзгерістер мен оның тарихи дамуын зерттеуге мүмкіндік беретін тарихи-генетикалық әдіс қолданылады.

Зерттеудің  ғылыми жаңалығы төмендегідей:

- әйел мәселесінің қоғамның барлық салаларындағы шешілуі кешенді түрде зерттеу нысанына айналып, теориялық талдау арқылы оның ғылыми маңызы анықталды.

-әлемдегі әйелдердің құқықтық жағдайын талдау

- - әйел мәселесінің өзекті қыры әйелдер құқығы, полигамия, хиджаб және т.б. сұрақтардың шынайы ислам мен қазіргі заман арасындағы үйлесімділігі көрсетілді.

Жұмыстың теориялық  және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары әйелдің қоғамдағы мәртебесі мен ролін анықтауда, қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел тақырыбына байланысты туындайтын сауалдарды шешуде, халықтық дүниетаным қалыптарына сүйене отырып, ислам қайнар көздерін нысанаға ала отырып, өзіндік заманауи тұжырымдарымен ерекшеленеді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды пен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

I Қазіргі әлемдегі  әйелдер құқықтары және оны  қорғау механизмдері

    1. Халықаралық құқықтағы әйелдер құқықтарының халықаралық стандарттары

 

БҰҰ-ның бейбітшілікті  қамтамасыз етудегі немесе басқа  да халықаралық деңгейдегі науқандарының  ең түпкі мақсаттары – әйел құқықтары мен еркіндіктерін қорғау болып табылатыны сөзсіз. Біріккен Ұлттар Ұйымының әйел құқықтары саласындағы жүйесі үш жыл көлемінде қалыптасқан еді ( 1945-1948 жж.). БҰҰ-ның Жарғысы бекітілгеннен кейін, институциональды деңгейде әйел құқықтары саласындағы мәселелерге байланысты негізгі мекемелер мен арнайы агенттіктер құрылған болатын. Осы мекемелердің әйел құқықтары мен еркіндіктерін қорғауды қалыпты қамтамасыз етуі үшін, әйел құқықтары жөніндегі қосымша конвенциялар арқылы толықтыру көзделді. 1945 жылдың Сан- Францискіде (АҚШ) қол қойылған БҰҰ-ның Жарғысы - әйел құқықтары мен еркіндіктерін баршаның тарапынан құрметтеу мақсатына негізделіп жасалынған алғашқы халықаралық келісім шарт. Халықаралық ұйым жағынан әйел құқықтарын халықаралық деңгейде қорғау идеясы, бірнеше ғасырлар бұрын, әлемнің әр түкпірінде пайда болған «фәлсәфәлік» әлеуметтік және саяси қозғалыстар мен әртүрлі заңдық тұжырымдар негізінде туғаны белгілі. Алайда, көптеген себеп - салдарларға байланысты, ұзақ уақыт бойы қарапайым декларациялық үндеулермен шектеліп келді. Осыған қарағанда БҰҰ-ның Жарғысы өзінің үшінші тармағының бірінші бабында және 55-бапта «нәсіліне, жынысына, тіліне және діни сеніміне қарамастан, баршаның әйел құқықтары мен еркіндіктерін құрметтеу, осы құрметті өзінің мақсатына жетудің негізі деп білу» ұйымның міндеті деп бекітеді. Жарғының инновациялық қалпы мақсаттарды қарапайым жариялаумен шектелген жоқ. Бұйрық рай күйінде жазылған 55-бап, «әйел құқықтарын жалпының құрметтеуі мен сақтауын» қамтамасыз етуге БҰҰ міндетті деп көрсетеді. Осы міндетті орындау мүмкіндігі үшін Жарғы тарапынан БҰҰ-на нақтылы билік пен әдіс-тәсілдерін айқындап көрсетеді. Мұны негізінен үш тұжырыммен белгілеуге болады: «зерттеу», «тексеру», «ұсыныс». Сайып келгенде, БҰҰ осы билік пен әдіс-тәсілдер негізінде, ұйым шеңберінде жобаланған әйел құқықтары жөніндегі халықаралық келісім шарттарды, мүше мемлекеттердің бекітуіне ұсыныс жасау мүмкіндігіне ие болады. Осыған орай әйел құқықтары саласында ұсыныс жасау -  БҰҰ-ның басты құралы. Ұсыныстардың нақтылы келісім шарттардан айырмашылығы, олар мүше мемлекеттер үшін заңды міндеттеме күшіне ие емес. Жарғының 56-бабын ескеретін болсақ, онда ұсыныстарды міндетті  түрде жан-жақты әділ тексеруден өткізіп, оларға оң көзбен қарауды  құптайды. Бұл бап әйел құқықтары саласындағы мақсаттарға да жету үшін мемлекеттерді бірігіп немесе жеке түрде БҰҰ-мен ынтымақтасуға іс-әрекеттер жасауға міндеттейді. Керісінше жағдайда, БҰҰ –ның ұсыныстарын орындамау, 56-бапқа қайшы деген бас келісім жасалынған. Бұл бап апартеидтік жүйені қолдамау жөніндегі БҰҰ-ның қаулы-қарарлары кей жағдайда жеке мемлекеттер жағынан қолдау таппауының  нәтижесінде жасалынған болатын. Әйел құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның ұсыныс күйінде берілген нақтылы міндеттемелерінің өсуі  қарапайым халықаралық заңдарды күшейте түскендігін атап өту қажет. Мұны 1948 жылы дүниеге келген «Әйел құқықтарының  жалпыға бірдей декларациясының» бірнеше тармақтарынан көруге болады.

Соған қарамастан, осы міндеттемелер  БҰҰ-ның ұсыныстарына тек оң көзбен қарау керек дегенмен шектеліп қалмайды. Бұл міндеттемелер әр елдің өз әдіс-тәсіліне, ерекшелігіне сай әйел құқықтары мен еркіндіктеріне байланысты ұлттық заңдарды сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де БҰҰ-ның басшылығынсыз-ақ дамыта түсуге міндеттейді. 56-бап әйел құқықтары саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейте түсу үшін, мемлекеттердің біріге жұмыс жасауын қолдайды. Осыған орай бірқатар негізгі аймақтық ұйымдардың, яғни Еуропалық Кеңестің, Американдық  Штаттар ұйымы және Африкандық Одақ ұйымы қызметтері әйел құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға және қамтамасыз етуге арналған. Әйел құқықтарына байланысты  БҰҰ-ның заңды шаралар қабылдау мүмкіндігін Жарғы жоққа шығармайды. Мұндай шаралар әлемге қауіп төнген жағдайда Қауіпсіздік Кеңесінің де қаулы - қарарларында көрініс табуы мүмкін. Кең көлемде әйел құқықтары  бұзылған сәтте, соның салдарынан бейбітшілікке қауіп төнетін болса, Қауіпсіздік Кеңесі қандайда бір шешім қабылдайды. Жарғының 94-бабына сәйкес Халықаралық соттың да шешімі әйел құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға арналуы мүмкін. Тек бүгінгі күнге дейін іс жүзінде сот көлемінде әйел құқықтарына байланысты қаралған мәселелер өте аз.

Жарғының осы инновациялық қамтамасыз етілуі, Сан-Францискі мәжілісіне қатысқан барлық мемлекеттердің ықыласымен қабылданып, сонымен қатар кейбір мемлекеттік өкілдер ішінде ақыл-кеңесші ретінде болған үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері жағынан қолдау тапқан болатын. Осының нәтижесінде Жарғының 71-бабын қабылдауға мүмкіндік туды. Бұл бап бойынша толық құқылы  үкіметтік емес ұйымдар Экономикалық және әлеуметтік кеңестің, Әйел құқықтары жөніндегі комиссиясының және т.б. ұйымдардың жұмысына Кеңес жағынан кеңесші дәрежесіне алғаннан кейін қатысу мүмкіндігіне ие болған. Әлбетте, Жарғы – құрастырған үкіметтер, жаңа ұйымдар күштерін екі жақты бекітуге, яғни ұлттық егемендік және мемлекетаралық достық қарым-қатынас пен ынтымақтастық арқылы ұмтылды. Басты мақсатты, оның ішінде әйел құқықтарын қорғауды орындауды, мемлекеттердің іс-әрекетінде үйлестіруші болып табылатындығы баршамызға мәлім. БҰҰ-ның ережесі - шектелген жүйені болдырмауға бағытталған. Жарғыда көрсетілген ережелер әр елдің ішкі заңдылығына араласпауды қадағалайды. 1948 жылдан халықаралық жағдайдың шиеленісе түсуі, әсіресе «қырғи-қабақ» соғыстың кең етек жая бастауы, БҰҰ қабырғасында әйел құқықтары мәселесін талдауды саясаттану деңгейіне әкелді. Бұл кездегі отарлық жүйеге, апартеидке қарсы халықаралық күрестер және әр ұлттың өз мемлекеттік құрылысын өзі таңдауға бет алуы осы саладағы жүйені елеулі либералдандыруға жетеледі. БҰҰ әйел құқықтары саласындағы міндеттемелерін де кеңейте түсіп, біршама ережелер көлемін қарады. Бұл даму – көптеген саяси және әлеуметтік себептердің нәтижесі: яғни, бұл қоғамның әйел құқықтары жөніндегі беймазалануының өсе түсуі, демократиялану, отарлық жүйені жою және өзара байланыстағы алға басу, үкіметтік емес ұйымдардың рөлінің өсуі мен мемлекетаралық жарыстар. Сонымен бірге, БҰҰ тарапынан әйел құқықтарын қорғау мүддесіне арналған ұлттық жоспарларды дайындау және жүзеге асыруы кезеңіндегі ықпалы ; ұлттық құқық қорғау институттарын құру және нығайту; ұлттық заңдар мен саясаттағы әйел құқықтарын қорғау саласындағы дайындықта халықаралық үлгімен бірлестіріп жүйелеу әдістеріне қатысты ұсыныстар; әділеттілік жүйесін нығайту; немесе әрқилы кәсіптік топтарды әйел құқықтары мәселесінде дайындауды ұйымдастыру жөніндегі көмектер жатады.  Ұлттар Лигасының жалғасы болып табылатын БҰҰ-ның одан басты айырмашылығы да, осы әйел құқықтарын қорғау мәселесіндегі құрылысынан да ерекше көрінеді. Әсіресе өте маңызды ерекшелігі- көпжақтылығы мен БҰҰ жүйесінің табиғи қозғалмалығы. Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысы осы халықаралық ұйымның көптеген институттары мен мекемелеріне әйел құқықтары мәселесінің әр түрлі астарларын қарау құқықтарымен қоса кең көлемде өкілдік береді. БҰҰ-ның барлық негізгі мекемелері әйел құқықтары саласында тікелей немесе қосымша рөлге ие болуда. Осы негізгі мекемелерге қосымша ретінде тек әйел құқықтары мәселесіне қатысты арнайы мекемелер құрылған. Әлбетте, әйел құқықтары мен негізгі еркіндіктері жөніндегі мекемелер мен институттардың көптігіне қарай күрделене түсуі- әйел құқықтары мәселесінің жан-жақтылығынан туған қажеттілік.

Аталған беделді халықаралық ұйымның құрылымына тоқталатын болсақ, әйел құқықтары мәселесін естен бір сәт шығармайтын мекемелерінің ішіндегі ең бастысы да беделдісі – БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы (АБ) екендігін бәріміз де білеміз. Ал «қандай да болмасын мәселені қарап талқылауда» ол қашанда Жарғының 10 бабына сүйенеді. Жарғының 13-бабының 1-тармағына сәйкес, баршаның нәсіліне, жынысына, тіліне және дініне қарамастан бірдей әйел құқықтары мен еркіндіктерін іске асыруды Бас Ассамблея жан-жақты зерттей отырып, ұсыныс жасауға мүмкіндігі бар.

Техникалық деңгейде Бас Ассамблеяның ұсыныстары мемлекеттерді  заңды түрде міндеттей алмайтындығына жоғарыда сараптама жасап өткен  болатынбыз, соған қарамастан, Ассамблеяның қаулы-қарарының күшін бағалауда, мүше мемлекеттердің БҰҰ Жарғысының 55 және 56- бабына сәйкес негізгі міндеттемелерін, яғни БҰҰ-мен ынтымақтастықта іс-әрекет жасау керектігін ұмытпаған жөн. Осы орайда БА-ның ұсыныстарының мәтіні бұлтарыссыз, бірауызды келісім арқылы немесе ешқандай ала ауыздықсыз қабылданған сәтте - әсері өте күшті. Бұған мысал төменде жеке тармақ ретінде қарап өтетін, 1948 жылы қабылданған «Әйел құқықтары туралы жалпыға бірдей декларацияны» еске сала кетуге болады.

Ал БҰҰ-ның келесі негізгі  мекемесі Қауіпсіздік Кеңесінің  де Жарғының 24-бабына сәйкес басты өкілеттілігі халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету болғандықтан осы мақсатта жалпылай кең көлемде әйел құқықтарын қорғау мәселесімен қиылысып жатады.Осындай жағдайдың алдын алу қажет болған жағдайда, БҰҰ жағынан күш қолдану шараларын пайдалануда Қауіпсіздік Кеңесі Жарғының 39-бабына сүйенеді. Жарғыға сәйкес, Бас Ассамблеяға бағынышты мемлекетаралық мекеме ретінде құрылған Экономикалық және әлеуметтік кеңес те әйел құқықтары мәселесімен айналысып, мүше мемлекеттерге ұсыныстар жасауға құқылы. Сонымен бірге жеке мекемелер мен арнайы агенттіктердің жұмысын барлық салада үйлестіруге жауапты. Кеңес пен оның көмекші мекемелері кеңесші органдарда үкіметтік емес ұйымдардың қатысуын қамтамасыз етеді. 1946-1948 жылдары Кеңес әйел құқықтарына қатысты бірнеше түйінді институционалды шешімдер қабылдаған. Соның бірі – Жарғының 68-бабы негізінде Әйел құқықтары жөніндегі Комиссияны құру. Бұл Комиссияның ең алғашқы табысы әйел құқықтары туралы халықаралық билльді дайындау болды. Сол жылғы әйелдер құқықтары мен дәрежесіне қатысты мәселелерді қараған субкомиссиялар жұмысына да Кеңес жауапты еді. Сайып келгенде Экономикалық және әлеуметтік комиссия әртүрлі әйел құқықтарына қатысты мәселелерді, соның ішінде геноцид, нәсілдік жікшілдік, аз ұлтты халықтар мәселесін, еркін ақпарат мәжілістер мен жыл сайын әйел құқықтары жөніндегі кітап шығаруды бекіту, Халықаралық еңбек ұйымымен ынтымақтаса отырып күштеп жұмыс жасатуға жол бермеу және еңбек құқықтарын қорғауды кәсіподақтар құру мәселелерін қорғайды.

БҰҰ-ның Жарғысының 75-бабына сәйкес міндетінде ешқандай нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан баршаның құқықтары мен еркіндіктерін құрметтеуге арналған Халықаралық қамқор жүйесі құрылды. Сондай-ақ бұл жүйе де экономикалық және әлеуметтік теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Жарғы негізінде бекітілген Халықаралық әділеттік сотының  көмегі арқасында әйел құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі екі халықаралық келісім де заңдық күшіне ие болды. 15 тәуелсіз соттардан тұратын БҰҰ-ның бұл мекемесі  әйел құқықтарына қатысты тек біраз жағдайда ғана шешім қабылдағанымен, оның әр шешімдері түбірлі парықтардың негізін қалады. Әйел құқықтарын қорғау мәселесінде сот жағынан дүркін-дүркін шешімдер қабылданған.   Бұл мәселелерді соттың қарауы, оның шешімдері әйел құқықтарына қатысты халықаралық заңдылықтарды айқындауда аса зор маңызға ие болып отыр.

БҰҰ-ның Жарғысы Хатшылықтың  міндетін де қарастырған, оған басшылық етуге Бас Хатшы бекітілген. Бас  хатшы ұйымның әкімшілік жетекшісі  ретінде Бас Ассамблеяның, Қауіпсіздік  Кеңесінің, Экономикалық және әлеуметтік Кеңестің және Қамқорлық Кеңесінің барлық мәжілістерінде осы мекемелерге байланысты өзіне берілген міндет көлемінде қызметін атқарады. Бас Хатшы ұйымның алғашқы кезеңінде әйел құқықтарын құрметтеуге қатысты ақпараттарды және құқықтық қорғауды қамтамасыз етумен айналысатын әкімшілдік құрылымды бекіткен. Кейінгі көптеген жылдар бойы Хатшылық осы мәселеде өзінің басқаруын қалады. Әйел құқықтары саласындағы ілгерілеу барысында Әйел құқықтары жөніндегі БҰҰ-ның Жоғарғы Комиссиясын құрған болатын. Сайып келгенде БҰҰ-ның Жарғысында көрсетілген 68-бап, Экономикалық және әлеумуттік саласында да арнайы комиссиялар құруға өкілеттілік береді.

Сондықтан да, Кеңес өзінің бірінші сессиясында-ақ әйел құқықтары жөніндегі комиссияны құруды алға қойды. Осы кезеңнен бастап бұл «орталық комиссия» деп аталып, құрамы әрқайсысының  өз жеке міндеті бар 9 мүшеден тұратын болды. Орталық комиссия Кеңеске жіберген өзінің баяндамасында комиссияның барлық мүшелері үкіметтік емес өкілдер ретінде әрекететуін ұсынғанымен, Кеңес жағынан қолдау таппайды. Кеңес өзінің екінші сессиясында Әйел құқықтары жөніндегі комиссия құрамында Кеңес сайлаған БҰҰ-на мүше 18 мемлекеттің әрқайсысынан бір өкіл болуға тиіс деп шешеді. 1946 жылғы Экономикалық және әлеуметтік Кеңестің бірінші және екінші сессиясының шешімі бойынша Комиссия :

  • халықаралық құқықтық билльге
  • азаматтық еркіндіктерге, әйелдер мәртебесіне, ақпарат еркіндігіне
  • аз ұлттарды қорғауға
  • нәсілдікке, жынысқа, тіл мен дінге қатысты жікшілдікті жоюға
  • тармақта қамтылмаған әйел құқықтарына байланысты басқа

да мәселелерге сәйкес Кеңеске баяндама, ұсыныс беруге құқылы мандатқа ие болды. Сонымен бірге  Кеңес комиссияға арнайы салада үкіметтік  емес сарапшылардың жұмысшы тобымен  немесе жеке сарапшылармен байланыс жасауға құқық береді. Бұрын 18 мүшеден тұрған Комиссияның қатарында бүгінгі күні Кеңестің бөлуімен  жағрафиялық бөлініске сәйкес 53 мүше бар. Комиссия жылына бір рет шақырылып, алты апта көлемінде жұмыс жасайды. Кейінгі уақытта «Комиссия заңды түрде міндетті  болатын жағдайды қамтитын, ұзаққа арналған халықаралық келісімдерді дайындау мен бірге ұсыныс жасау ықыласында өз қолына алады». Ол 1947 жылғы келісім жобасымен жұмыс жасайды. Келісімдерді дайындау шешімі, кейіннен екі жеке келісімге бөлініп, Кеңес және Бас Ассамблеядан қолдау табады. Бұл келісімдер келесі бөлімдерге жан-жақты талқыланатын болады.

Әйелдер құқықтарына  байланысты жедел мәселелердің бірі-ерлер  мен әйелдер арасындағы теңдікті сақтауға жету, сол ретте Комиссия осыны іске асыру жолын көрсетуге  тиіс екендігін Кеңес ашық мәлімдейді.

Комиссия мүшелерін, үкіметтік  сарапшыларын, Кеңес сайлайды. Басында 15 адамдық мүшелік қазір 45 мүшеге жетті; мүшелер Кеңес пен әйел құқықтары жөніндегі Комиссияны басқаруды сайлағандай, жағрафиялық белгіге қарай сайланады. Комиссия жылына бір рет сессия шақырады деп шешілген. 1974-1989 жыл аралығында бұл сессиялар екі жылда бір рет өткізілсе, енді 1989-2000 жыл аралығында Комиссия қайтадан жыл сайын сессия өткізетін болған.

Басынан бастап үкіметтік  емес ұйымдарда болған бақылаушылар Әйел құқықтары жөніндегі Комиссияда да белсенді рөл атқарды.

1947-1948 жылғы бірінші  жиналыста, Комиссия жұмыс бағдарламасын  құрастырып, басты көңілді тұрмыстағы  әйелдер жағдайына, саяси құқықтар  мен неке құру келісіміне аударды.  Әйелдер құқықтары жөніндегі  комиссия ұсынған бұл келісімді 5 тамызда 1947 жылы ЭКОСОС құптаған болатын.

1946 жылы Кеңес Әйел құқықтары жөніндегі Комиссияға жеке түрде аз ұлттарды қорғау және жікшіліктің алдын алу жөніндегі бөлімшелер құруға рұқсат еткенімен, жан-жақты талқылаулардан кейін бұл екі қызмет өте бір-біріне жақын деп шешті. Осыған байланысты, 1947 жылы қаңтар-ақпан айларындағы 1-ші сессияда, Комиссия осы екі қызметті бірден атқаратын ұйым құруға дауыс береді. Ол кейін Кеңес жағынан бекітіледі.

1949 жылы 5-сессияда қабылданған  Комиссия тұжырымы бойынша, Комиссияның қызметі төмендегідей болып шешіледі:

  • Әйел құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының негізінде жан-жақты қарастыруға әрекет жасау, Адам құқығы жайлы Комиссияға негізгі еркіндігі әйел құқықтарының ұлттық, діни және тілге қатысты азшылыққа байланысты жікшілдіктің алдын алу жөнінде ұсыныс жасау.
  • ЭКОСОС немесе Әйел құқықтары жөніндегі Комиссия тапсырған қандай да болмасын қызметті атқару.

Комиссия мен Кеңес  ие болған шексіз көлемдегі өкілдік, субкомиссиялардың жікшілдікке  және аз ұлттарға қатысты өкілеттілігін кеңейтті. Соңғы он жылда, субкомиссия жылына 1 рет жиналып, Комиссияға баяндама береді. Субкомиссияның мүшелері (басында 12, қазір 16) жеке мемлекет өкілдері ретінде емес, жеке қабілеттеріне байланысты сайланады. Соған қарамастан, мемлекеттер өз өкілдерін ұсынады, оларды таңдап алу ерекше ережелерге сүйеніледі (жағрафиялық өкілеттілік).

Бұл үкіметтік емес мүшелік –  субкомиссиялардың бұған дейінгі  қаралған басқа әйел құқықтары жөніндегі ұйымдардан ерекшелігі. Ол көп уақытқа дейін осындай ұйым ретінде БҰҰ көлемінде жалғыз болды. Алғашқы кездердегі Адам құқы жөніндегі Комиссияны, сондай-ақ әйелдер жағдайы жөніндегі Комиссияны үкіметтік емес ұйым ретінде құру талпынысы ерте кезеңде-ақ іске аспады. Үкіметтік емес ұйымдар субкомиссия жұмысында кеңесші ретінде қатысуға құқылы болды және бұл ұйымдар ішкі ықпалдарын кеңейте түсті.

1998 жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Президент! жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссия БҰҰ-ның даму бағдарламасының арасында келісімге қол қойылды. Осы келісімге сәйкес Комиссияны нығайту бойынша жоба дайындалды. Осы кезден бастап БҰҰ-ның даму бағдарламасы Комиссиямен бірге белсене жұмыс істейді. Комиссия өз қызметі аясының шектелгендігі салдарынан адам құқықтары проблемалары бойынша оз мандаты шеңберінде жұмыстарды тиімді жүргізуде көп қиыншылықтар көрді. Президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссия 12 наурыз 2003 ж ҚР-сы Президентінің Жарлығымен құрылған. Бұл Комиссия өзінің статусы бойынша елбасы жанындағы консультативті-кеңесші орган болып табылады16. Комиссияның міндеттері: Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі өзінің конституциялық мәртебесін іске асыру үшін жағдай жасау; адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау тетігін жетілдіруге жәрдемдесу; орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың адам жәйе азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жоніндегі қызметіне жәрдемдесу; адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясат түжырымдамалары мен бағдарламаларын әзірлеуге қатысу; адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.

Комисияның қүзіреттілігіне мыналар жатады: ҚР-сы Президентіне және 
тікелей Комиссияға жолданған өтініштерді; адам құқықтары мен 
бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша жылдық және арнайы баяндамалар жасау; адам құқықтарын қорғаудың тетіктерін жетілдіру ұсыныстарын зерттеу; Қазақстанның мүддесін қозғайтын адам құқықтары туралы халықаралық құқықтық құжаттар бойынша аналитикалық материалдарды, сараптамалық қорытындыларды дайындау, адам құқықтары бойынша маманданған халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысу.

Бұл Комиссияның тиімділігі шектеулі және елдегі адам құқықтары бойынша жағдайға әсерін нығайту үшін оның қызметін реформалау қажет. Ал егерде Қазақстанда омбудсман институты құрылатын болса, онда Комиссияның ролін қайта қарау қажет. Екі мекеме бір бірін толықтыра білуі керек. Адам құқықтары мәселелері бойынша үкімет құрылымында жұмыс істейтін орган, осы құрылымға тәуелді болады. Адам құқықтары бойынша тәуелсіз мекеме құру қажет, сонымен қатар осы тәуелсіз мекеменің жұмысын толықтыратын, үкімет құрылымында адам құқықтары бойынша мәселелерді қарауға міндетті үкіметтік орган құру керек. Омбудсман институты көптеген Европа, Америка, Азия елдерінде қалыптасқан. Әлемдік тәжірибе осы институттың жогары тиімділігін дәлелдеді. Тұрлі мемлекеттерде Бұл институт әр тұрлі аталады, бірақ негізгі мәні бір - адам құқықтарын мемлекеттегі шенеуніктер жағынан билікті теріс пайдалану және немқұрайлылықтан қорғау. 1992 ж Маастрих келісімі Европалық Одақ органдарының жүйесіне омбудсмен институтын енгізді. II дүние жүзілік соғыстан кейін әлемдегі мемлекеттердің басым көпшілігінің тәжірибесінде және қоғам санасьшда үлкен өзгерістер орын алды. Адам құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын атқару билігі органдарының қызметіне бақылауды және қадағалауды эқүзеге асыратын органдар жүйесінде маңызды орынды омбудсмен институты алады. Институттың негізгі принципі, оның функционалды мақсаты - адам және азаматтың құқықтарын қорғаудың құралы ретінде болу. Омбудсмен институты соттан тыс бақылау нысаны, Конституциялық қауіпсіздікті, атқару билігі қызметінің әкімшілігіне, заңдылығы мен құқықтық негізіне жария сенімді нығайтудың «адам -мемлекет, азаматтық қоғам - мемлекет» тұрғысында қалыптасқан мәселелерді жеңудің маңызды факторы. «Омбудсмен» швед сөзі, басқа адамдардың агенті, адвокаты, өкілі болған тұлға деген мағынаны білдіреді. Теорияда «омбудсмен» термині адам құқықтарын қорғау бойынша арнайы қызметтің бейнесі17. 2003 жылғы 1-қаңтардағы «Адам құқықтары жөніндегі өкілетті туралы» ҚР-ның заңының 1-бабының 1-бөлігінде былай деп көрсетілген: «Адам құқықтары жөніндегі өкілетті (бүдан әрі өкілетті) - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуына бақылау жасайтын, азаматтардың жүгінулері бойынша және өз бастамасы бойынша мемлекеттік органдар мен басқада ұйымдардың және олардың лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік қызметкерлердің, заңды тұлғалардың' шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) тексеріс жүргізуге, сонымен қатар адам және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдауға қүзіреттілік берілген тәуелсіз лауазымды тұлға». Омбудсмен институты немесе адам құқықтары жөнінде өкілетті - формальды емес институт, сотқа балама болып келеді, бірақ оның орнын баса алмайды. Ол адам құқықтарын белгілемейді. Омбудсмен өз қүзіреті шегінде органдардың әрекеттеріне шағымдарды алып, тергеу жүргізетін тәуелсіз, әділ үшінші жақ болып табылады. Өзінің статусы, мандаты, өкілдіктері бойынша ҚР-сы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссия толық мағынада елдегі адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі ұлттық мекеме болып табылмайды. Өзінің құрылу механизмі және қызмет етуі бойынша Комиссия - бұл елдегі адам құқықтарының жағдайына баға беруге, адам құқықтарының дамуындағы негативті және позитивті тенденцияларды табуға және өзінің түжырымдары жөнінде Президентті хабардар етуге бағытталған консультативтік-кеңесші орган. Нақты адамның немесе адамдар тобының конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тәжірибе жүзінде қорғауды алатын болсақ Бұл мекеменің қызметінің тиімділігі томен. Басқа елдердің әлемдік тәжірибесін ескере отырып және Париж принциптерін басшылыкка ала отырып адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекемелер адам құқықтары аясында нақты  функцияларды  жүзеге  асыру  үшін  конституция  немесе заңмен құрылатын орган болуы керек. Сонымен бірге мұндай ұлттық мекемелер жеткілікті міндеттерге және өкілеттіктерге ие болады, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша тиімді қьізмет жасау үшін қажетті тәртіппен қамтылады. Осылайша консультативті-кеңесші орган ретінде адам құқықтары жөніндегі Комиссиямен жария билікпен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша функцияларды жүзеге асыратын ұлттық мекеме ретінде омбудсмен институтының ролінің айырмашылықтары байқалады. Қазақстанда омбудсман институтын құру және қызмет ету әдістерін, нәтижесін талқылау үшін ең алдымен не қажет?

Біріншіден, осы жағдайды декларация деңгейінде емес, тәжірибеде жүзеге асыру деңгейінде жақсарту үшін жеткілікті саяси ерік қажет. Осы екі шарт билік орындарымен мойындалған жағдайдй, адам құқықтары жөніндегі бағалы, тиімді қызмет ететін ұлттық мекеме құру мәселесі қойылды. Ол мекеме кез келген атаумен құрылуы мүмкін: омбудсмен, адам құқықтары жөнінде өкілетті, азаматтар қорғаушысы, халық қорғаушысы, адам құқықтары жөніндегі өкіл және т.б. Париж принциптерін және Европадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы стандарттарын басшылыққа ала отырып Мұндай институт Конституцияда немесе заңда бекітілуі керек. ҚР-сы Конституциясының 1-бабында мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам, оның өмірі, құқықтарымен бостандықтары деп, ал 12-бабының 2-бөлігінде адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсалютті деп танылады, олардан ешкім айыра алмайды, заңдар мен өзгеде нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады деп көрсетілген, бұл осындай институтты құруға құқықтық негіз болады. Сонымен, біздің адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын сақтау аясындағы тарихи тәжірибемізді және реформалау кезеңінің ерекшеліктерін ескере отырып омбудсмен институтының конституциялық бекітілуі аса маңызды. Омбудсманды тагайындау не сайлаумен және осы адам құқықтары жөніндегі ұлттық мекеменің есеп беруімен    байланысты мәселеде маңызды. Нақты қызмет ететін омбудсмен институтын құру Бұл азаматтардың негізгі құқықтар мен бостандықтарын ең алдымен олардың жария биліктің теріс пайдалануы және бұзылуынан қорғауды қамтамасыз ететін құқықтық жүйенің қалыптасуы аясындағы үлкен талпыныс.

Адам құқықтары жөніндегі өкілеттіні Қазақстанда құру келесі негіздер бойынша қажет.

Қазіргі уақытта жұмыс істейтін ҚР-сы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі Комиссия консультативті - кеңесші орган болып табылады. Оның негізгі міндеті - Қазақстан Республикасы Президентінің адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі өзінің конституциялық мәртебесін іске асыруы үшін жағдай жасау. Бұл міндет комиссия мен мемлекеттің адам құқықтары аясындағы саясатын анықтауды, адам құқықтарының бұзылуының себептерін айқындау, оларды жою жөнінде ұсыныстарды зерттеуді білдіреді.

Құқық қорғау органдарына өзінің құқықтарын қорғау үшін жүгіну және шағымдар мен арыздарды қарау көптеген тәртіптік ережелерді сақтаумен бірге жүреді. Бұл органдардың коп профильді қызметі олардың әр бір бағытының тиісті тұрде процессуалды рәсімделуін заңды талап етеді.

Халықтың билікке сенімінің жоқтығы. Құқық қорғау органдарының қызметіндегі көптеген қателіктер, адам құқықтарын ашықтан - ашық елемеушілік фактілері олардың құқықтары қорғалатынына сенімдерін жояды. Сондықтанда мемлекеттік органдарға құқықтарын қорғау үшін жүгіну жаппай сипатқа ие емес, өте аз. Онда да құқық бұзушылықтар төзімсіз болған жағдайда ғана.

Әйел құқығы - адам құқығының ажырамас бөлігі