Депозиттік саясат

 
 

ҚР  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУЫН ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

МАЗМҰНЫ

                                                                                                                                                                                                                              

  Кіріспе.................................................................... 3
1 Инновацияның  экономикалық мәні....................... 

                                                                                        

 
1.1 «Инновация» ұғымын зерттеудегі методологиялық көзқарастар.............................................................  
7
1.2 Инновациялық  дамудың негізгі бағыттары  12
1.3 ҚР инновациялық инфрақұрылымды

құру  факторлары және алғышарттары......................             

 
16
2 ҚР  инновациялық қызметті

қаржыландыру  мәселелері және

перспективалары....................................................

 
 
 
2.1 ҚР инновациялық қызметті

қаржыландыру.........................................................

 
25
2.2 Қазақстанда инновациялық қызметті қаржыландырудағы венчурлік 

фирмалардың рөлі.................................................... 

 
 
35
2.3 Инновациялық  қызметті реттеудегі

мемлекеттің рөлі......................................................

 
41
   

                                                                  

 
 
  Қорытынды..............................................................   45
  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................ 48
  Қосымша................................................................. 51

 

КІРІСПЕ 
 

     Елбасы  “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша  қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Жолдауында “Біз Қазақстанның жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық “орнын” иемденген әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз”, деп атап көрсетуі жаңа экономика – инновациялық экономика қалыптастырудың айрықша маңызды екендігін танытады.

         Осы заманғы білім  әлемдік бәсекеге қабілеттіліктің  басты факторына айналғанын баршаның мойындап отырғаны белгілі. Жабдықтардың, технологиялардың моральдық тозуы ауқымының, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің ұлғаюы жағдайында өндірушілер өндірісті жедел қайта құрып, басқаруды және бизнес қызметінің тетіктерін жаңартуы тиіс.  Бүгінде әлемнің бәсекеге барынша қабілетті дамыған елдердің қатарына кіру міндетін орындауға бүкіл еліміз жұмылып отырғанда, бұл тұрғыда жақсы бағдарламалар жасалып, іс-қимыл жоспарлары түзілген. Оның шешілуі экономиканың барлық саласы мен қызметтеріне қатысты болады. Қазақстан экономикасының «жаңа индустриалды елдердің» әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен қадамдар жасау арқылы ғана қол жеткізе алады. Ол үшін Қазақстан экономикасының дамуына кері әсер етуші проблемаларды, яғни экономиканың шикiзат бағыттылығы; әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi; ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы; өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi; iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы сияқты бірқатар мәселелерді жойып, экономианы әртараптандыру бағытында алға қойған шараларды түбегейлі іске асыру қажет. Ол үшін алдымен ғылым, білім беру саласын, ҒЗТКЖ-ды қаржыландыру мәселесін шешу керек. 

   Қазақстанда ғылымға қаржы бөлу  және оны  тиімді жұмсау маңызды мәселелердің бірі. Қазіргі кезде ҒЗТКЖ-на бөлінетін  қаржы ЖІӨ-нің 0,2%-ын ғана құрайды. Ол көршілес Қырғыстан, Украина, Ресей  елдерінен де төмен. Егер 2012 ж. ҒЗТКЖ-на шығыстарды 5%-ға жеткізе алсақ, онда ол бүгінгі таңда ең жоғарғы көрсеткіш болар еді. Егер Қазақстан осы алға қойған міндетті жүзеге асыра алса, оған қоса инновациялық қаржылық инфрақұрылымды жақсы іске қоса алса, онда ҒЗТКЖ-ның әлемдік орталығына айналмасына кім кепіл.

        Қазіргі таңда Қазақстан экономикасын әртараптандыру және модернизациялау барысында өнім шығаруды жедел игеріп, жолға қою, рыноктың басқа сегменттеріне дер кезінде бетбұрыс жасау қабілеттеріне ие білікті менеджерлерге, инженерлерге, технологтарға, маркетологтарға деген сұраныс өсе түсуде. Экономиканы жаңарту үшін мықты кадрлар керек, сол жаңартуға негіз болатын жаңа технологиялар мен инновациялар керек. Ал бұлар өз кезегінде ғылым мен білімді дамытуды талап етеді. Экономиканы жаңартуға, оған инновациялар енгізуге қатысты барлық буындардың айқын да үйлесімді жұмысы қажет.

      Қазақстан Республикасының Президентінің  «Қазақстан – 2030» Бағдарламасында Қазақстан Республикасының әлеуметтік-кономикалық дамуында тұрлаулы экономикалық өсуге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға, халықтың өмір сүру деңгейін, әл-ауқат жағдайын көтеруге қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. Яғни Қазақстанда әлемдік тауар және қаржы рыноктарында бәсекелесе алатын, халқының өмір сүру деңгейі жоғары, әлеуметтік бағытталған рыноктық экономиканы, бәсеке қабілетті жоғары индустриалды экономиканы қалыптастыруға бағытталған.

    Жоғары  индустриалды қоғам жаңа технологиялармен, өмір сүрудің жоғары деңгейімен және сапасымен, халықтың әлеуметтік топтары арасындағы қайшылықтардың жеңілдеуімен сипатталады және меншік қатынастары, экономикалық өсудің әлеуметтік және экономикалық факторлары арасындағы арақатынас өзгереді. Адам капиталының рөлі жоғарлайды. Яғни бағдарламада көрстілгендей жоғары индустриалды сатыға өту үшін экономикалық тұрақты дамуды қамтамасыз ету қажет.

    Тұрлаулы даму жағдайындағы экономикалық өсу – бұл энергияны және ресурсты үнемдеуші технологияларды жаппай енгізу, экономика құрылымының, табиғи-ресурс потенциалы мен қоршаған ортаның қолайлығын сақтау мақсатында жеке және өндірістік тұтыну құрылымдарының өзгерісі, қазір өмір сүріп жатқан және келешек ұрпақтың өмір сүру деңгейін қамтамасыз ету.    

    Жоғарыда  көрсетілген экономикалық өсу мақсаттарына жетуде халық шаруашылығының өнеркәсіптік өндіріс салаларының тиімді қызмет етуін арттыру қажет. Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану табылады. Көрсетілгендерді Батыс экономистерінің М.П. Тодаро мен С. Кузнецтің дамыған елдерге тән экономикалық өсуге берген сипаттамаларынан да көруге болады: халықтың жоғарғы өсу қарқыны, халықтың жан басына шаққандағы табысының өсуі, ЖҰӨ-ң өсуі, халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, өндіріс факторларының өнімділігінің өсуі, техникалық прогресс, т.б.

      Бүгінгі таңда қай ел ҒТП жетістіктерін  тиімді игеретін болса, сол елдің  экономикалық жағдайы да интенсивті басымдылықты типте, тез қарқынды түрде дамиды. Оған мысал, АҚШ, Жапония, Батыс Еуропа елдері.

      Егер  индустриалды-инновациялық даму стратегиясында анықталған негізгі басымды бағыттарды елде қарқынды дамыта алатын болсақ, онда Қазақстанның әлемдік ғылыми сиымды өнімдер рыногында беделін бәсекелік сапа, баға, сервистік қызмет көрсету арқылы арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, еңбекпен қамту және кедейлік мәселесін жою және жоғарыда аталған экономиканың басқа да кұрылымды мәселелерін шешу мүмкіндігі туындайды. Сол себепті бұл мәселе бүгінгі таңда да және келешекте де басым мақсаттардың және маңыздылардың бірі болып табылады.

      Зерттеу объектісі: тұрлаулы экономикалық дамудың инновациялық қызметін қаржыландыру.  

 

1 ИННОВАЦИЯНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ 

    1. «ИННОВАЦИЯ» ұғымын зерттеудегі методологиялық көзқарастар
 
 

      Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктері өндірісте инновация формасында көрінеді. «Инновация» ұғымы XIX ғасыр ойшылдарының ғылыми зерттеулерінде пайда болып, белгілі бір мәдениеттің жекелеген элементтерін екіншісіне енгізуді білдірген. Ол, әдетте, еуропалық салт-дәстүрдің ерекшеліктері мен ұйымдастырудың әдістерін дәстүрлі азиялық, африкалық қоғамға енгізу болды. «Инновация» түсінігі ағылшынның «іnnovation» сөзінен аударғанда «жаңалық енгізу», «жаңаша бастау» деген ұғымдарды білдіреді екен. Сөздің кең мағынасында алғанда ғылымның жетістіктері мен озық тәжірибеге негізделген техника мен технологияларды және еңбекті ұйымдастыру мен басқару салаларындағы жаңалықтарды өмірге енгізу болып табылады. Ал инновациялық қызмет сөзіне «елдегі жинақталған білімді, технологияларды, құрал - жабдықтарды моммерцияландыру, яғни пайда табу бағытына шоғырландыру» деген анықтама берілген.   

      Инновациялар  тек техникаларға, технологияларға  ғана емес, сонымен бірге басқаруды  және өндірісті ұйымдастырудың формаларына да қатысты. Олардың барлығы бір-бірімен өзара тығыз байланысты және өндірістің тиімділігін арттыруда, өндіргіш күштерді дамытуда сапалы саты болып табылады.  Инновация үшін жақсы идеяның ғана болуы жеткіліксіз. Инновациялық процесс кезінде идеяның пайда болуынан оны жүзеге асыруға көбірек назар ауады. Ғылыми - зерттеу жұмыстарға жаңа білімді игеру болса, конструкторлық өндеулер осы білімді бірінші қолданатын болады. "Басқалардың" жетістіктерінің негізінде жаңалықтар енгізу еліктеу (имитация) деп аталады.

              Сонымен «инновация»  терминіне тоқталар болсақ, оны ең алғаш рет жаңа экономикалық категория  ретінде ғылыми айналымға XX ғасырдың 30-жылдары австриялық экономист Йозеф Алоиз Шумпетер енгізген, ол оны өзінің «Экономикалық даму теориясы» (1912 ж.) және «Капитализм, социализм және демократия» (1942 ж.) атты еңбектерінде қарастырған. Ол өз еңбектерінде қалыпты экономиаканың «нормасы» мен экономикалық теорияның негізгі шындығы тепе-теңдік емес, керісінше кәсіпкер-жаңалық табушының қызметінің нәтижесінде туындайтын «динамикалық теңсіздікті» қарастырып, дәстүрлі экономикадан бас тартады. Содан бері «инновация» термині әлемдік экономикалық әдебиеттерде жалпыға мәлім категория ретінде қарастырылуда.

         Шумпетер инновацияны  өндіріс факторларының «жаңа комбинациясы» ретінде де қарастырған, ол дегеніміз қолда бар өндіріс факторлары мен өндіргіш күштердің қосылуы, яғни  кәсіпкердің инновациялық қызметі. Ол «жаңа комбинацияның» негізгі түрлеріне төмендегілерді жатқызды:

  • жаңа игіліктер өндірісі;
  • игіліктер өндірісі мен оларды коммерциялық пайдаланудың жаңа әдістерін қолдану;
  • жаңа өткізу рыногын игеру;
  • жаңа шикізат көздерін игеру;
  • салалық құрылымды өзгерту (монополия құру немесе жою) [6, 159б.].

         «Жаңа комбинацияларды» жүзеге асыру үшін жаңа идеяларды тиімді экономикалық шешімдерге айналдыра алатын, новатор – кәсіпкердің жігерлігі, шығармашылығы қажет.  Себебі кәсіпкер – жай ғана ойлап тапқыш емес, ол-жаңалық табушы: екіншісі біріншісіне ілесіп отырады, бірақ оған-өнертапқышты-лыққа жанама түрде түрткі болады. 

         Сонымен бірге Шумпетер инновацияны «өнертабыс-жаңалық  енгізу-диффузия» процесінің бір  бөлігі деп те санайды. Оның пікірі бойынша, өнертабыс – бұл жаңа процесс немесе жаңа өнім туралы идея, ол инновациялық процесс соңына дейін  жүзеге асырылған жағдайда, яғни инновация өндіріске енгізіліп, сауда сферасына түскен кезде ғана инновация болып табылады. Өнертабыс және жаңашылдық бір-бірімен өзара әрекет етеді, ал инновацияны енгізу  келесі бір өнертабыстың пайда болуына әкеледі. Шумпетер теориясындағы  инновациялық даму циклдық сипатқа ие, оның кезеңдері ұзақ мерзімді қамтиды және онда  үнемі тоқырау мен құлдырау процестері орын алады.  Ол өзінің кейінгі еңбектерінде ұзақ мерзімді толқындарды техникалық өзгерістермен байланыстырып, үлкен үш толқынды  бу машинасын ( 1790-1842), темір жолды (1843-1897), электр энергиясы  мен автомобильді (1898-1949) пайдалану мен оның кең таралуымен сипаттайды.

                  Экономикалық көзқарас бойынша, инновациялық даму өндірістік әдісті дамытудағы логикалық саты. Әр инновация өз циклына «қарама-қарсы», өзін жоққа шығарып, келесі инновация үшін алғышарттар туындатады, яғни жаңа техникаға, технологияға, білімге, ғылымға және басқару әдістеріне жол ашады. Сондықтан инновациялық даму спираль тектес формаға ие, ол шексіз және белгілі бір кезең аралығында ғана өз кемеліне жетеді.

         Ал инновацияны  енгізу мен  инновация диффузиясы арасында да, яғни жаңа өнімді немесе процесті  алғашқы коммерциялық енгізу мен  әлеуметтік жүйе мүшелері арасында байланыс тетіктері арқылы жаңалықты тарату процесі арасында да өзгешелік бар.

         Шумпетер инновацияны  пайданың негізгі көзі ретінде қарасытырады. Ал ол жаңа комбинацияларды орындау  нәтижесінде туындайды. Пайда инновациядан туындап, кәсіпкерлерді өндіріске  жаңа инновацияларды енгізуге ынталандырады, оған қажетті құралдармен қамтамасыз етеді. Шумпетер бойынша пайданың көзі тек баға өзгерісінде немесе шығындарды үнемдеуде ғана емес, шығаратын өнімдерді түбегейлі өзгертуде, яғни:  «...пайда - жаңа комбинацияларды орындау нәтижесі», «...дамусыз пайда, пайдасыз даму болмайды». [7, 79б.]

         С.Кузнец Шумпетер теориясын сынға ала отырып, оның теориясында түсіндірілмей қалған инновациялық дамуға қатысты бірнеше  түбегейлі проблемаларына тоқталып өткен. Біріншіден, ұзақ мерзімді толқындар  қалыптасу үшін макроэкономикалық ауытқулар туғызатын инновациялар өте маңызды болуы керек немесе олардың көп мөлшерде шоғырлануы белгілі бір шектеулі уақыт аралығын қамтуы тиіс. Кішігірім инновациялар саны жүйелі түрде көп болғанымен, олардың ішінде экономикалық жүйенің тұрақсыздығына аса жоғары деңгейде әсер ететін инновациялар өте аз. Екіншіден, Шумпетер теориясы маңызды инновациялар әсерінің не себепті бірнеше ондаған жылдарға созылатындығына және оны неге одан да қысқа мерзім аралығында  қарастыруға болмайтынына жауап бере алмады. Үшіншіден, Шумпетер үнемі қайталанып отыратын тоқырау кезеңдеріне және маңызды жаңалықтардың теңгерімсіз пайда болуына да сенімді түсініктеме бере алмады.[7, 80б.]

         Шумпетердің шеше алмаған проблемаларын Ван Ден  Менш шешуге тырысты. Ол барлық жаңалықтарды базистік (олар өнеркәсіптің жаңа салалары мен мамандықтың жаңа түрлерін қалыптастырады) және жақсартушы (қалыптасқан өнеркәсіп салаларындағы техникалық жетілдірулер) деп екіге бөлді. Жақсартушы жаңалықтар базистік жаңалықтармен жасалған жаңа мүмкіндіктерді практика жүзінде іске асыруда пайда болады. Менштің сипаттауы бойынша базистік жаңалықтарды енгізу қалыпсыз болады,  олардың көп бөлігі ұзақ мерзімді толқынның тоқырау фазасында шоғырланады. Ал келесі фазаларда базистік жаңалықтар таралғаннан кейін жетілдіруші жаңалықтардың кезегі басталады және ол құлдырау фазасында жалған жаңалықтар енгізумен аяқталады.  Осы фазада ҒТП-тің дәстүрлі бағыттары өздерінің құндылықтарын жоғалтады, қажеттіліктер толық қанағаттандырылады, жаңа технологиялық мүмкіншіліктер әлі белгісіз, ал бәсеңдеп келе жатқан тұтыну сұранысын жалған жаңалықтар арқылы ғана белгілі бір деңгейде ұстап тұрады. Менштің айтуы бойынша жалған жаңалық бұл-өнімнің сыртқы пішінін сәл ғана өзгертіп, жаңа өнім ретінде ұсыну.  Тоқырау фазасында базистік жаңалықтарды енгізу ең тиімді, пайдалы инвестиция жұмсаудың бірден-бір мүмкіншілігі және «тоқырау фазасынан шығудағы бірден-бір жол».

            Шумпетер еңбектері  инновация саласын дамытуға ат салысқан зерттеуші басқа да ғалымдар үшін өзінше бір тірек болды. Қазіргі кезде кейбір ғалымдар инновациялық қызметті ұйымдастыру мен әдіснамасының, инновациялық процестердің заңдылықтарын зерттейтін инноватиканы экономикалық ғылымның жекелеген саласы ретінде қарастырады. 

     Өткен ғасырдың 20-30 жылдарынан бастап, яғни инновацияның шумпетерлік кезеңімен қазіргі кезеңін салыстыратын болсақ, қазір «инновация» туралы көптеген тұжырымдамалар бар. Бірақ көптеген анықтамалар оның экономикалық мәнін ашпайды және тек сапасы туралы сипаттамалармен ғана шектеледі, яғни кезкелген жаңалықты алдыңғысымен салыстырғанда ешқандай артықшылығы, тиімділігі  жоқ болса да оны инновация деп анықтайды.

            Инновацияның қазіргі  кездегі теориясы үшін ХХ ғасырдың әйгілі экономисі   Фредерих фон Хайектің идеялары өте маңызды.  Ол экономикалық дамуға тән, яғни инновациялық процестің негізі болып табылатын ерекшеліктерге – ақпараттың анықталмағандығына, шектеулілігі білімнің жетілмегендігіне талдау жасаған ғалым. [8, 34б.]

            Венгерлік маман  Б. Санто инновацияны қоғамдық-техникалық-экономикалық процесс деп түсінеді, яғни идеяларды, өнертабыстарды тәжірибеде пайдалану арқылы өте сапалы ерекше заттар, технологиялар жасауға болады және оны рынокқа шығарып, қосымша табыс алуға болады. Сонымен қатар Б. Санто инновацияның зертеулер мен өңдеулерден бастап маркетингтік қызметтерді де қарастыратын барлық қызмет саласын қамтитынын айтады. [10, 83б.] 

            Төменде ТМД елдерінде  инновация проблемасына көп көңіл  бөліп, зерттеген мамандардың осы  ұғымға берген анықтамаларына тоқталып өтелік. 

            А.Н. Богатырев пен П.А. Андреевтің ойлары бойынша: «Инновация – бұл экономикалық әсер алу мен коммерциялық пайдалануға дейін жеткізілген идеяларды, жаңалықтарды және техникалық өнертабысты жүзеге асыру кезінде орын алатын процесс немесе қызмет.[11, 64б.] «Инновация» ұғымына берілген осындай анықтамаларға Г.Крутиков, Б.А. Райсберг, П.Н. Завлин, А.К. Казанцев, Л.Ш. Лозовский және т.б. еңбектерінен қолдау табуға болады.

            Қазіргі экономикалық ғаламдану жағдайында инновация  ұғымын 1992ж. Норвегияның астанасы –  Ослода қабылданған халықаралық стандарттарға («Ғылым және инновация статистикасындағы халықаралық стандарттар», яғни «Осло басқармасы») сәйкес сипаттауға болады. Бұл стандарттар технологиялық инновацияларға қатысты жасалған, яғни олар жаңа өнім мен жаңа процесті және де олардың маңызды технологиялық өзгерістерін сипаттайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес «инновация» тәжірибелік қызметте қолданылатын жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс түрінде және рынокқа шығарылған жаңа немесе жетілдірілген өнім түрінде көрінетін инновациялық қызметтің соңғы нәтижесі.

         Автордың пікірі бойынша, жоғарыда аталған экономистердің инновация терминіне берген анықтамаларының  мазмұны, қысқаша айтқанда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бір, яғни кезкелген  жаңа өнім, жаңа тәртіп немесе қызмет, жаңа технология, техника болсын барлығы инновация болып табылуы үшін алдымен оның рыноктық аспектісіне көңіл бөлу қажет, яғни сауда сферасында ұсынылып, тұтынушының қажеттілігін қанағаттандырып, кәсіпкердің инновациялық қызметін ынталандыруға ықпал ету, яғни пайда әкелуі тиіс.                    
 
 

    1. Инновациялық дамудың негізгі бағыттары
 
 

         Қазақстан экономикасының Азия елдерінің «жолбарыстары» мен  «айдаһарларының», яғни қазіргі «жаңа  индустриалды елдердің» әлеуметтік-экономикалық дамуына үлкен қадамдар жасау арқылы ғана қол жеткізе алады. Ол үшін Қазақстан экономикасының дамуына кері әсер етуші проблемаларды жойып, экономианы әртараптандыру бағытында алға қойған шараларды түбегейлі іске асыру қажет. Алдымен экономиканың тұрлаулы дамуына кедергі келтіріп отырған қандай проблемалар бар, соларға тоқталып өтелік.

         Қазақстанның қазiргi таңдағы экономикасында мынадай  проблемалар орын алуда:

  • экономиканың шикiзат бағыттылығы;
  • әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
  • ел iшiндегi салааралық және өңiраралық экономикалық ықпалдасудың босаңдығы;
  • өңдеушi өнеркәсiп өнiмдiлiгiнiң төмендiгi;
  • iшкi рынокта (шағын экономика) тауарлар мен қызметтерге деген тұтыну сұранысының мардымсыздығы;
  • өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде дамымауы;
  • мұнай-газ және кен-металлургиялық кешенге жатпайтын экономика салаларында негiзгi қорлардың тез тозуы;
  • кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалуы;
  • ғылым мен өндiрiс арасында ұтымды байланыстың болмауы;
  • ҒЗТКЖ қаржының аз бөлiнуi;
  • отандық ғылымның нарықтық экономика жағдайларына нашар бейiмделуi, ғылыми-техникалық өнiмдi тауар деңгейiне дейiн жеткiзудiң ықпалды тетiктерiнiң болмауы, соның салдарынан тұтастай алғанда инновациялық ұсыныстар деңгейiнiң төмен болуы;
  • мамандарды және жұмысшы кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың қазiргi заманғы жүйесiнiң болмауы;
  • экономиканың өңдеушi секторларына инвестициялар салуға отандық қаржы институттары үшiн ынталандыру көздерiнiң болмауы;
  • менеджменттiң экономиканы ғаламдану үрдiстерiне және сервистiк-технологиялық экономикаға өтуге бейiмдеу мiндеттерiне сәйкес келмеуi;[1,б]
  • рынокќа шығару маќсатында технологиялар мен ғылыми әдiстемелерiнiң аяќталмауы;
  • технологиялыќ жаңа ендірмелерді енгiзудiң және оларды рынокќа шығарудың ќазіргі заманғы тетiгiнiң болмауы;
  • инновациялыќ жобаларға жәрдемдесе-тiн, технологиялыќ парктер және мамандандырылған бизнес-инкубаторлар, тәуекелдiк ќаржыландыру ќорларының желісі (венчурлiк ќорлар), олардың жылдам өсу кезеңiндегi фирмаларды ќолдаудың арнайы ќаржылыќ тетіктері, фирмаларды және зияткерлік меншікті сертификацияланған бағалаушылар және басќалары сияќты, дамыған инфраќұрылымдыќ элементтердiң болмауы;
  • ішкі рынокта озыќ технологияларға және өнеркәсіптік жаңа ендірмелерге төлем ќабілетті тапсырыстың болмауы.  [4,3б.] 

      Осы аталған кемшіліктердің барлығы  отандыќ инновациялыќ әлеуеттiң дамуын да тежейтін факторлар болып табылады. Ал осы кемшіліктерді жойып, индустриалды-инновациялық саясатты басшылыққа алу ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін арттырудағы және дамыған мемлекеттердің ізін басып, олардың қатарына қосылудағы бірден-бір тиімді жол және білім мен инновация ұзақ мерзімді тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі негізгі экономикалық ресурс болып табылады.                                                                                   

      Ұлттық  экономиканы модернизациялауда  және өндірісті диверсификациялауда  Қазақстанның кемшіліктерімен қоса бірқатар артықшылықтары да бар. Оған, әрине, біріншіден, табиғи ресурстар  қоры, дамыған металлургиялық және отын-энергетикалық кешендерінің бар болуы. Мәліметтерге сүйенетін болсақ, ҚР-да вольфрамның әлемдік қорының 50 %, уранның 25 % құрамында хром бар рудалардың 23 %  бар. Қазақстан фосфордың әлемдік резервінің 90 %-на ие және де 3 түрлі қара, 29-түсті, 3-бағалы металлдың, 84-өнеркәсіптік минералдардың табиғи қорына иелік етеді. [14,1б.] Екіншіден, әлеуметтік-рыноктық бағытталған экономика базасының, сонымен бірге негізгі рыноктық институттар мен инфрақұрылымның қалыптасуы, үшіншіден, сыртқы рыноктың ашық болуы мен сауда либерализациясы өндіріс құрылымын әлемдік экономикаға бейімделуіне жол ашады. Экономикамыздың тағы да бір артықшылығы болып біліктілігі жоғары әрі арзан жұмыс күші табылады. Сонымен қатар ғылыми өнімді жасау мен іске асыру тәжірибесін жинақтаған адамдар, шығармашылық ұжымдар да бір артықшылық болып келеді. Қазіргі кезде 300-дей ұйым зерттеулермен және талдамалар жүргізумен айналысады. Ғылыми қызметкерлер саны 22 мыңнан асып түсті. Зерттеулер мен талдамалар жүргізуге кететін шығын бес жылда 3 есе ұлғайып, 14,5 млрд. теңге болды, ғылыми-техникалық жұмыстар көлемі 18,5 млрд. теңгеге жетті. Соның нәтижесінде 74,7 млрд. теңгеден астам сомаға (ІЖӨ-нің 1,34%-ы) инновациялық өнім жасалды. 32 млрд. теңгеге дейін өскен технологиялық инновациялар шығыны негізінен (90,6%) кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылды.

  Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрi - ЖҒТК) мақұлдаған iргелiк ғылыми зерттеулердiң 5 басым бағыттары айқындалған. Олар:

  • нанотехнология,
  • биотехнология,
  • ядролық технология,
  • көміртегі мен тау-кен-металлургия өнеркәсібі үшін жаңа технологиялар жасау,
  • ғарыштық технология. Қазақстанның ғарыштық бағдарламасы елдің ақпараттық ресурсын елеулі түрде күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл саланың серпінділігі, айқын құрылымы алғашқы Жер серігін ұшырғаннан кейінгі жерде ақпараттық қамтамасыз етудің жаңа деңгейіне шығады деген сенім мол.

      Жаңа  экономиканың дамуында ядролық кластердің маңызы айрықша. Уранның қоры бойынша 2-ші, оны өндіру жөнінен 3-ші, отандық таблеткалар шығару бойынша 15-ші орын алатын Қазақстанның қосымша өндірістер, жетіспейтін буындар құру мүмкіндіктері баршылық. Еліміздің радиофармпрепараттар шығаруды жолға қойып, жан-жақты талқылаудан кейін атом энергиясын өндіруге кірісу мүмкіндігі бар екені де белгілі.

      Осы мақсатты жүзеге асыруда мемлекет тарапынан көптеген бағдарламалар іске қосылуда. Мысалы, Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, Ќазаќстан Республикасының ұлттыќ инновациялыќ жүйесiн ќалыптас-тыру және дамыту жөнiндегi 2005-2015 жылдарға арналған бағдарлама және т.б.

         Қазақстан Республикасының  Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясында бірқатар міндеттер көрсетілген. Олар:

  1. Өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;
  2. Өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру;
  3. Кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру;
  4. Ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру;
  5. Елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру;
  6. Сапаның әлемдiк стандарттарына көшу;
  7. Дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды үдету болып табылады.

      Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес біз экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, Қазақстаның индустрияландырылуын тереңдетуге, мәшине жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиіспіз. Яғни, инновацияны, жаңа идеяларды, жаңа технологияларды іске қоса отырып, оларды дамудың қозғаушы күшіне айналдыруымыз қажет. 
 

1.3 ҚР инновациялық инфрақұрылымды құру факторлары және алғышарттары 

Депозиттік саясат