Экологиялық саясат: түсінігі және мәні

 

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ.............................................................................................................3-11

 

 

І-Тарау. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ

 

1.1 Экологиялық саясат: түсінігі және мәні...................................................12-14

1.2 Қазақстан Республикасының экологиялық саясаты және бағыттары..........................................................................................................14-17

 

 

ІІ-Тарау.  НЕВАДА-СЕМЕЙ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ

 

2.1 Невада – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихы .......18-34

2.2. Антиядролық қозғалыстардың қазіргі замандағы маңызы және болашағы..........................................................................................................34-54

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ-----------------------------------------------------------------------55-63

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ--------------------------------64-65

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының  өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың биылғы 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты  Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің республикамызда жүргізіліп жатқан өзгерістердің негізгі мақсаты - адам өмірін жақсарту, елімізді дағдарыстан шығару және әлемдік қоғамдастықта оның лайықты орын алуына жету. Сондықтан қазіргі қоғам жаңа сападағы мемлекет пен құқық, экономика мен экология құруға ұмтылуы тиіс» - деп атап көрсетті. /46,3 б./

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiздерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 30 сәуiрдегi өкiмiмен мақұлданған «Экологиялық қауiпсiздiк Тұжырымдамасына» енгiзiлiп, онда өтпелi кезеңнiң экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендiрудiң экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттiк бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетiктерiнiң, қоршаған орта мониторингiнiң жүйесiн құру қажеттiлiгiнiң мәселелерi қарастырылған болатын.

БҰҰ-ның толыққанды мүшесi бола отырып, Қазақстан жаһандық серiктестiктiң  негiзiнде мемлекеттiк экологиялық  саясатты тиiмдi жүргiзудiң кiлтi ретiнде  халықаралық ынтымақтастықты пайдалануы тиiс.

Қазақстанның әлемдiк  қоғамдастыққа барған сайын таныла түскенiн ескере отырып, 1992 жылы Рио-де-Жанейрода негiзi салынған және 2002 жылы Йоханнесбургте өткен Дүниежүзiлiк саммитте расталған тұрақты даму қағидалары халықаралық қатынастардағы ынтымақтастық пен серiктестiк саясатының негiзi болуы тиiс.

Адамзаттың ғаламдық экологиялық проблемаларының ішіндегі адамның және қоғамның өміріне тікелей қатысты және өзінің күйрету көлемі жағынан ең қорқыныштысы — ол ядролық проблема. Адамның өмір ортасы радиоактивтік қалдықтарды, пайдаланылған ядролық отындарды көмуге де байланысты және бағынышты.

Қазақстанда ядролық  қарусыз әлем үшін күрес «Невада-Семей» халықаралық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың (ХЯҚ) қызметімен байланысты. 2006 жылы бұл Қозғалыстың құрылғанына 17 жыл толады, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» Жарлығына 15 жыл, Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына Американың атом бомбыларын тастағанына 61 жыл толады. Осы жағдайларды еске алған кезде «Невада-Семей» қозғалысының әуелде Қазақстан жерінде ядролық жарылыстарды тоқтатуға, одан соң полигонды жабуға қосқан үлесі өз кезінде аса зор мәртебеге ие болды. Бұл қозғалысқа Қазақстанда екі миллион адам қол қойды, мыңдаған адам Семей жерінде, Алматы қаласында демонстрацияларға, қарсылық шерулеріне қатысты. Ондай шерулер Ресей, Америка және Жапония елдерінде де болып өтті. «Невада-Семей» қозғалысы дүниежүзілік сипатқа ие болды.

1989 жылы Семей полигонында  жоспарланған 18 ядролық жарылыстың тек 7-сі ғана жүзеге асты. Қалған 31-нің жарылмауына «Невада-Семей» қозғалысы септігін тигізді.

Аталған қозғалысқа Қарағандының 130 мың шахтерлері қызу қолдау көрсетті.. Олар: егер сынақ тоқталмаса, мерзімсіз ереуілге шығатындықтарын жариялады. Шахтерлерді Семей, Павлодар, Өскемен және Жезқазғанның жұмыскерлері қолдады.

1989 жылғы 20 қарашада Кеңестер Одағының парламенті ядролық сынаққа тыйым салу туралы қаулы қабылдады. Сөйтіп, сол жылғы 19 қазаннан бастап Кеңестер Одағында ядролық сынақ тоқталды. Семейде ғана емес Кеңес Одағындағы екінші полигон Жаңа Жерде де сынақ тоқталды. Содан кейінгі 5 жыл ішінде Американдық Невада штатында да, француздық полигонда да, Қытайдағы Лобнорға жақын жердегі полигонда да ядролық сынақ тоқтатылды.

1996 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы ядролық сынаққа жаппай тыйым салу жөнінде шарт қабылдады. Алайда, кейбір мемлекеттер оны ратификацияламады және ядролық қаруды таратпау жөніндегі шартқа қосылмады. 1998 жылы Шарттың сақталуы күмән тудырды. Индия мен Пәкістан ядролық сынақ жүргізді.

Осы процестің  бастаушысы болуға Қазақстанның толық моральдық құқы бар. 1992 жылы ядролық емес мемлекет боламыз деп міндеттеме алған Қазақстан Республикасы Лиссабон хаттамасының ережесін бірінші болып орындады, ядролық әлеуетінің күйрету қуаты жөнінен әдемдегі төртінші мемлекет бола тұра өзінің ядролық қаруын жойды. Бұл адамзат тарихындағы алғашқы қуанышты үлгілі оқиға болды. 1995 жылдан бері Қазақстан ядролық қарусыз мемлекет.

Дипломдық жұмыстың мақсаты. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысын   әлеуметтік саяси институт ретінде қарастырып, оның маңызын анықтау. «Невада-Семей» қозғалысының тарихына тоқтала отыра, оның тарихи маңызын ашып, «ядролық» қауіпсіздіктің бүгінгі таңдағы маңызын көрсету. 

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы басты проблема - әлемде қауіпсіздікті сақтау екендігі бәрімізге белгілі. «Невада-Семей» қозғалысының тіршілік болмысын анықтай отырып, әлемдік деңгейдегі көзқарастарды ашып көрсету, қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы ядролық саясатты, Невада-Семей қозғалысының саяси жүйедегі орны мен рөлінің маңызын зерттеу болып табылады. Осы және көптеген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер айқындалады.

Дипломдық жұмыстың міндеттері.

       - Невада – Семей антиядролық қозғалысының пайда болу тарихын зерттеу;

      -  Ядролық қозғалыстарды  саяси институт ретінде қарастыру;

      - «Невада-Семей» қозғалысының әлемдік тұрғыдағы маңызына талдау жасау;

- «Невада-Семей» қозғалысының негізгі тәжірибесін бағалау;

- «Невада-Семей» қозғалысының бүгінгі таңдағы проблемалық жағына  тоқталу және т.б.

Зерттеудің  объектісі: «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының біздің еліміз үшін маңыздылығын әлемдік тұрғыдан қарастыру.

Дипломдық жұмыс тақырыбының ғылыми зерттелу деңгейі: Дипломдық жұмыс тақырыбының әр түрлі аспектілеріне арналған қазақстандық, орта-азиялық, ресейлік, шетелдік зерттеушілердің еңбектері мұқият қарастырылды. Бұл еңбектер зерттеу жұмысының теориялық негізіне айналды, тақырыптың мәнін аша түсуге айтарлықтай жәрдемдесті.

Президент Н.Назарбаевтың бірқатар еңбектерінде жалпы ядролық  қаруды таратпау тәртібін нығайту, ядролық  қару таратпаудың ғаламдық және аймақтық тәсілдерін ұштастыру проблемаларына байланысты келелі ойлар айтылған. Президенттің пікірінше, ядролық қауіп, ядролық арсеналдың санымен емес, оның қарапайым болу пактісімен өлшенетіндеңгейге жетті. Сондықтан ядролық қарудың одан әрі таралуын болдырмай, толық қарусыздану үшін халықаралық бақылау жасаудың жетілдірілген жүйесін құру жөнінде әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін біріктіру қажет.

Мемлекет қайраткері Қ.Тоқаевтың еңбектерінде Қазақстанның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жаппай қырып- еңбек жоятын қаруларды, соның ішінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану проблемасына қатысты сыртқы саясатының басым бағыттары баяндалған.

Ө.Қасенов өзінің мақалаларында  Орталық Азиядағы геосаяси және геостратегиялық  жағдайға талдау жасай отырып, осы өңірдің өзгеріс үстіндегі әлемдегі рөлін анықтауға айтарлықтай көңіл бөлген. Сонымен бірге Орталық Азия ядролық қарусыз аймақ ретінде халықаралық-құқықтық жағынан рәсімделу үрдісіне кедергі келтіру мүмкін бірқатар факторларды көрсеткен.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Дипломдық жұмысымның кіріспесінде айтып кетуді жөн көргенім: «Невада-Семей» қозғалысының күшімен ядролық қаруға қарсы Ғаламдық Альянстың үш Халықаралық Конгресі өткізілгені жөнінде.

 -Бірінші Конгресс — 1990 жылғы мамырда Алматыда;

 -Екінші Конгресс — 1993 жылғы тамызда Алматыда;

-Үшінші Конгресс — 2000 жылғы 17-20 мамырда Астана қаласында өтті. Осы үшінші Конгреске Ресейдің, АҚШ-тың, Италияның, Жапонияның, Израилдің және басқа да елдердің ядролық қаруға қарсы ұйымдарының өкілдері қатысты.

Конгресс жер шарындағы бес полигонда ядролық сынақтың тоқталғанына, ядролық қаруды таратпау туралы шарттың және ядролық сынаққа толық тыйым салуға шарттың қабылдануына қарамастан адамзатқа ядролық қауіптің қазірде де төніп тұрғаны алаңдататынын білдіріп, БҰҰ Бас Хатшысына мәлімдеме жасады. Ол мәлімдемеде: «Формальді логиканың заңдары XXI ғасырда бір де бір мемлекетте жаппай қырғынға ұшырататын қаруды — ядролық, химиялық, биологиялық — иеленуге құқығы болмауы керек... Егер біреуіне рұқсат етілсе — барынша да рұқсат етілгенмен бірдей!» /2, 15-б/— делінген.

Үшінші Конгресс БҰҰ-на жалпыға бірдей ядролық қарусызданудың мүмкін боларлық болжамының үлгісін ұсынды.

Қазіргі кездегі ядролық  қаруды қолдануға ұмтылып отырған  АҚШ басшысының жаңа жоспарлары әлемге қауіп төндіріп отыр. Көрнекті американдық ғалым, Бейбітшіліктің Нобелев сыйлығының лауреаты, атом бомбысын алғашқы жасап шығарушылардың бірі - Джозеф Ротблат: «АҚШ әкімшілігін және Джордж Буштың жеке басын, елін және дүниежүзін ядролық апатқа апара жатыр» /3, /- деп айыптайды. Мұндай қортындыны ғалым Ақ үйдің әкімшілігі ядролық қаруды агрессияны ауыздықтаудың құралы ретінде емес, өзіне ұнамаған мемлекеттерге қысым жасау тетігі ретінде түсіне бастады деген негізде жасады.

Вашингтон осы уақытқа дейін ядролық сынақты жалпыға бірдей тыйым салу туралы шартты ратификациялаған жоқ және әзірленіп жатқан ракетаға қарсы қорғаныс (РҚҚ) жүйесі бойынша ядролық оқ-дәрілердің жаңа сынақтарына әзірленуде.

2005 жылы Пентагон РҚҚ қажетіне 9,1 млрд. доллар бөлмекші. Шағын қуатты ядролық қару — қуаттылығы 5 килотоннаға дейінгі оқтұмсық жасау мүмкіндігін зерттеуге 15 млрд. доллар қаржы бөлінбек, бұл жұмысқа Билл Клинтон әкімшілігі кезінде тыйым салған болатын.

АҚШ президенті Джордж Буш ядролық қарудың жаңа түрлерін жасап шығаруға қаржы бөлу туралы заңға қол қойды. Осы құжат Невада штатындағы ядролық полигонды шындап жаңартуды қарастырады. Полигонды қайта жабдықтауға Ақ үй 24,9 миллион доллар бөлді. Пентагон аса зор қиратқыш күші бар жаңа ядролық зарядты (қуатты) әзірлеуге кірісті, ал бұл қару нейтрондық бомба сияқты тірі нәрсенің бәрінің көзін жоятын — гафнилық бомбы.

Бомбы жарылған кезде  гафниден қырғынға ұшырататын гамма - сәуле бөлініп шығады. Өзінің бүлдіру қабілеті жөнінен 1 грамм гафний 50 кг. тротилге пара - пар. Гафни затының құны байытылған ураннан жоғары емес, бірақ, уранға қарағанда аз көлемде қажет.

АҚШ-тың әскери ведомствосы жаңа ядролық зарядты маңызды әскери әзірлемелердің тізіміне енгізді. Егер гафниден жасалатын бомбы ядролық қаруды таратпау туралы халықаралық шарттардың аясына түспесе, оның дүниеге келуі жер шарын тағы да ядролық қару шығарудағы жарысқа қайта итермелуі мүмкін.

Халықаралық «Невада-Семей» қозғалысы өз міндетін атқарды. Семей ядролық сынақ полигонын жабуға елеулі үлес қосты, Алайда, аса үлкен күйзеліске ұшыраған адамдар өмір сүруіне қауіпті аймаққа айналған жер қайта өңдеуге, қайта жанғыртуға, бұрынғы қалпына келтіруге зәру. Семей өнірінің экологиялық тепе -теңдігін және ядролық сынақтан зардап шеккен адамдардың денсаулығын қалпына келтіру, алдағы уақытта адамдардың әлеуметтік жағдайына келген нұқсанды жою кейінге қалдыруға болмайтын міндет болып қала береді.

Сондықтан Қазақстанда жасалған ядролық сынақтардың зардабын жоюға, халықтың денсаулығын қалпына келтіруге және ұлттық генетикалық қорды сақтауға бағытталған жобаларды іс жүзінде жүзеге асыру өте көкейтесті, аса жауапты іс. Бір сезбен айтсақ: Қазақстанның халқы да, жері де сауықтыру көмегіне мұқтаж. Бұған қаржыны қайдан табуға болады деген сұрақ туындауы мүмкін және ол заңды да.

Қазақстанның  «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына жақында ғана Қазақстанды дүр сілкіндіріп,  70-жылдық  мерей тойын  өткізіп кеткен Қазақстандық жерлесіміз, атақты ақын, белгілі қоғам қайраткері О. Сүлейменовтың сіңірген еңбегін атап өтпеске болмайды.

Ел Президенті О.Сүлейменовтің 70 жылдық мерейтойында сөйлеген сөзінде былай дейді: «Егер атаулы даталардың астасуы туралы айтатын болсақ, онда Олжас үшін мерейтойлық биылғы жылы «Невада-Семей» антиядролық қозғалысына 15 жыл толатынын еске алуға болады.Ол халықаралық қоғамдық өмірде бірегей құбылысқа айналып, антиядролық насихатта, бейбітшілік пен қарусыздану жолындағы күресте, ядролық сынақтан зардап шеккендерге көмек көрсетуде баға жетпес роль атқарды.Бұл қозғалыс және оның лидері қоғамдық пікірді әзірлеп, Семей ядролық полигонын жабу туралы шешім қабылдауымда маған өте қатты көмктесті. Біз ядролық қаруды сынау жөніндегі адамзат үшін қатерлі қызметті тоқтатқан әлемдегі бірінші және әзірге бірден бір мемлекетке айналдық. Бүгін Олжас Сүлейменов құрып, қызметінің негізіне азаматтық құқық пен тұлға бостандығының басымдықтары алынған «Қазақысанның халық Конгресі» партиясын да еске түсіру керек»./47, 10 б./

«Невада-Семей» Халықаралық қозғалысы Семей өңіріне қолдау көрсеткені үшін басты халықаралық ұйым — БҰҰ-на бірнеше рет өз алғысын білдірген болатын. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 52-ші және 53-ші сессияларында қарарлар қабылданды, оларға сәйкес Семей өнірін санациялау проблемаларына халықаралық статус берілді. Бірінші кезектегі көмек көлемі 43 миллион доллар болып белгіленді. Жапония үкіметі жапа шеккен өңірге өтеусіз көмек көрсету жөнінде бірінші болып мәлімдеме жасады. 2002 жылғы наурызда Семейде өңір тұрғындарына жалпы сомасы 6 миллион АҚШ доллары көлемінде Жапон үкіметі сыйға тартқан медициналық жабдықтарды тапсырудың салтанатты рәсімі болып етті. Бұл медициналық жабдықтар ядролық сынақтан зардап шеккен халықты жаппай зерттеу, ауруын анықтау және емдеу үшін база жасауға мүмкіндік берді. 1999 жылғы қазанда Токиода осы бағдарлама бойынша донорлық конференция өтті. Өкінішке орай осы бағдарламаның жүзеге асуы тек сөз жүзінде қалып отыр.

Алайда, планетарлық масштабта проблема көлемдірек болып көрінуде. Америка үкіметі Невада штатында жүргізілген сынақтардан Табиғатқа және адамға келген зиянды 100 миллиард долларға бағалады. Ал біздегі сынақ пен жарылыс Невададағыдан көп болды. Біздің ғалымдардың есебі бойынша біздегі келген зиянды жойып, жағдайды жақсарту үшін 10 миллиард доллар да жететін сияқты. Тек соны қайдан алу керек? Мәселе сонда.

Егер планетаның қоғамдық ұйымдары көңіл бөліп, бас қосып іздесе қаржы көзі табылар еді. Қару - жарақты өндіруді қысқарту мемлекеттердің қаржысын үнемдейді.

1989 жылы жетекші мемлекеттер  қару - жараққа 1 триллион 100 миллиард доллар жұмсады, 1997 жылы тек 700 миллиард доллар. Егер жағдай бұдан әрі де осылай жалғасатын болса, адамзат қолында гуманитарлық проблемаларды шешуге қаржы жеткілікті болар еді.

Ал енді өз еліміз Қазақстанның нақты жағдайына келсек, 1992 жылы «Невада-Семей» қозғалысы тәуелсіз қоғамдық проблемалық «Радиация. Экология. Денсаулық» комитетін құрды, Проблемалық комитет алғашқы күннен-ақ Қазақстанның ғалымдары мен мамандарының күш-жігерін ядролық сынақтан және басқалай табиғатқа техногендік ықпал тигендіктен зақымданған, жапа шеккен өңірлерді сауықтыруға кірісті. Қозғалыстың сарапшыларының мемлекеттік органдардың жұмысына белсене қатысуы Қазақстан Республикасының үкіметіне 1992 жыл ішінде бірнеше қаулы әзірлеп және қабылдауына мүмкіндік берді.

«Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы жұмыс істеп тұрғанына 10 жылдан аса уақыт өтті. Алайда, мемлекет осы уақытқа дейін азаматтарға төлем жасауды толық іске асыра алмай отыр. Төлемақының сомасы сондай үлкен де емес, бірақ, адамдарға соны алудың өзі де оңай болмай тұр. Бұл да бір шешімін ұзаққа созбай табатын мәселенің бірі десек артық емес.

Кіріспеде Қазақстанда ядролық сынақтан зардап шеккен өңірлерде табиғатты да, адамдарды да сауықтыру, оңалту, дұрыс қалпына келтіру мәселелері үкіметтің назарында үнемі болып, тиісті қаражаттар бөлініп, белгіленген шаралар жүзеге асуы қажеттігін тағы да айтып өтуді жөн көрдім.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ҚАЗІРГІ  КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ  САЯСАТ

1.1 Экологиялық  саясат: түсінігі және мәні

Қоршаған   табиғи   ортаны   қорғауды   мемлекеттік   басқару   —   қогамды   әлеуметтік   басқарудың   бір   саласы   болып   табылады.   Басқарудың   мақсаты   —   экологиялың   бағдарламалардың,    жоспарлардың    және    қабылданған    іс-шаралардың   орындалуын   қамтамасыз   ету,   қоршаған   табиғи ортаны   қоргау,   табиғи   қорларды   тиімді   пайдалануды   және   салалардағы   заң   ережелерінің   бұзылмауын   қадағалау, адам   өмірі   мен   денсаулығына   табиги   ортаның   қолайлы болуына    жағдай    жасау.    Қоршаған    табиғи    ортаны    басқаратын   органдардың   қатарына   Қазақстан   Республикасы Министрлер   Кабинеті,   Орталық   атқарушы   органдар   және жергілікті   өкілді   органдар   жатады.   Қазақстан   Республикасының   Үкіметі   қоршаған   ортаны    қорғау   саласындағы атқаратын  қызметіне  жататындар:

•     мемлекеттік    экология    саясатының    негізгі    бағыттарын,   оны   жүзеге   асыру   жөніндегі   стратегиялық және  тактикалық шараларды  әзірлейді;

•     табиғатты   пайдаланудың   әр   түрлі   бағыттары   бойынша   ұлттың   (мемлекеттік)   экологиялық   бағдарламалар   әзірлейді,   оларды   Қазақстан   Республикасы Президентінің  бекітуіне  ұсынады;

•     қоршаган    ортаның    сапасының    нормативтері  шаруашылық  және    өзге    де    қызметтерге    қойылатын   экологиялық  талаптарды   әзірлеу   мен   бекіту тәртібін белгілейді;

•     міндетті   экологиялық   сақтандыруды   жүргізу   тәртібі  мен  ережесін  белгілейді;

•     табиғатты    пайдаланушыларқа    рұқсат    алу    қажет болатын    табиғатта    пайдалану    түрлерінің    тізбесін  және  осы  рұқсатты  беру  тәртібін  белгілейді;

•     қоршаган    ортаны    қорғау,    табиғат    пайдалануды  басқару    және    бұл    салада    мемлекеттік    бақылау жасау   міндеттерін   жүзеге   асыратын   арнаулы   уәкілетті  органдардың  тізбесін   бекітеді,  олардың  қызмет тәртібін  айқындайды;

•     халықаралық    ынтымақтастықты     жүзеге    асырады және  т.б.

Қазақстан Республикасы табиғи ресурстарды пайдалану және оны қорғау министрлігінің, сондай-ақ оның жергілікті органдарының атқаратын  қызметтеріне мына төмендегілер  жатады:

•     қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау  мен  табиғатты  пайдалануды     басқарудың    экономикалық    тетігін    іске асыру;

•     қоршаған  табиғи  ортаны  қорғау   саласында  біртұтас мемлекеттік  ғылыми-техникалық саясат  жүргізу;

•     мемлекеттік   экологиялық   сараптаманы   ұйымдастыру  және  жүргізу;

•     қоршаған   табиғи   ортаны   пайдалану   мен   қорғауға және  табиғи  ресурстар  кадастрын  дұрыс   жүргізуге мемлекеттік  бақылауды  жүзеге асыру;

•     табиғатты   қоргау   қызметін   белгілейтін   ережелерді нормативтерді,  стандарттарды  әзірлеу  және  белгілеу;

•     табиғат   қорғау   заңдарының   сақталуын   қамтамасыз ету,  олардың  бұзылғаны  үшін  экономикалық  және әкімшілік  шаралар қолдану;

•     халық    арасында    экологиялық    білімді    насихаттау ісін  ұйымдастыру  және  оған  басшылық  жасау;

•     қоршаган   табиғи   ортаны   қоргау   мен   табиғи   ресурстарды    ұтымды    пайдалану   саласындағы    республикааралық    және    халықаралық    ынтымақтастыққа   қатысу   және  т.б.

Қоршаған табиғи ортаны қорғауды басқарудың мақсаты мен  әдістері осы саладағы заңдардың негізгі арқауы және қатынастарды реттейтін ережелердің мазмұны болып табылады. Бұл салада басқарудың іс-жүзіне асырылуы мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың лауазымды адамдары мен азаматтардың іс-әрекетіне, қызметіне және олардың құқықтары мен міндеттерінің заңдарда толық қамтылуына  байланысты  болады./38, 154 б./

Бүгінде экологиялық  қауіпсіздікке және оны тұрақты  дамытуға өту Қазақстанның стратегиялық дамуының бірден-бір басты багыттары  болып саналады. Негізгі ойы мен  маңсаты — қогам мен қоршаған ортаның бір-бірімен келісілген әрекеттеріне қол жеткізу, сол сияқты қолайлы экологиялық  ортаны  тұрақтандыру  болып  табылады.

2030 жылдарға дейін  қоршаған ортаны жақсарту жөнінде   төрт  басымдық  бағыттар  белгіленіп  отыр:

1    Қоршаған  ортаның экологиялық қауіпсіздігін жасау.

2.    Табиғи    ресурстарды    ұтымды    пайдалануды     іске асыру.

3.    Түрлі-түрлі   жануарлар   мен   өсімдіктер   әлемін   сақтап  қалу.

4.    Экологиялық   білім  беру.

Ұзақ  мерзімді  стратегия  төрт  кезеңге бөлінген:

•   бірінші  кезең  —  1998—2000  жылдар  аралығы;

•   екінші  кезең  —  2001—2010  жылдар аралығы;

•   үшінші  кезең  —  2011—2020  жылдар  аралығы;

•   төртінші  кезең  —  2021—2030  жылдар  аралығы.

Әр кезеңдердің өз мақсаттары және оларды іс жүзіне асыру  үшін  жауапты  міндеттер қойылған.

 

1.2 Қазақстан  Республикасының экологиялық саясаты  және бағыттары

 

Қазақстан Республикасының  Үкіметі 1998 жылдың сәуір айында халықтық экологиялық қауіпсіздігін және осы мақсатқа байланысты шараларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін табиғи ортаны қорғаудың мемлекеттік қорларын құрды. Президенттің Жарлығы бойынша бұл қорлар республикалық бюджеттің ерекше есебі болып саналады.

Соңғы жылдары Қазақстанда  республикалық және жергілікті бюджеттер  табигатты қорғау шараларының бірден-бір көзі бола тұрса да, өздерінің едәуір маңызын жойды. 1997 жылдың республикалың бюджет туралы Заңы, 1998 жылға арналған осындай Заңына сәйкес табиғатты қорғау қорындағы қаржының бір бөлігі (60%) табиғатты қорғау жөніндегі басқару органдарына берілуі тиіс, ал қалғаны (40%) табиғатты қорғауға байланысты құрылыстар және объектілерді қайта жабдықтауға бюджетпен  жұмсалады.

Қорлардың дербес болмауы  едәуір қаржылардың бір бөлігін  мақсатсыз пайдалануға әкеліп соқтырады. Мысалы, 1995 жылы қаржы органдары табиғатты қорғау шараларына бюджеттен 75% орнына тек 45%, 1996 жылы — 34,7%, ал 1997 жылы не бәрі 19,2% қаржы аударған. Мұның өзі табиғи ортаны қорғауға қаржы бөлу механизмінің  тиімсіз  екендігін  көрсетеді.

Осыған орай, «Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау» туралы Заңына сәйкес және мемлекеттің бірыңғай экологиялық саясаты және оның стратегиялық даму бағдарламасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкіметі қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік қорын құрды және қорлардың басқарушы органы болып Қазақстан Республикасы табиғатты пайдалану    жәнө    оны    қорғау    министрлігі    белгіленді.    Сол

сияқты «Мемлекеттік қор жөнінде ереже және қоршаған ортаны қорғау жөнінде» облыстың (қалалық) қорлардың  ережелері бекітілді. Сөйтіп, бұл қорлар заңды тұлғалар статусына ие  болды./40, 23 б./

Табиғи ортаны қорғау қорларының қаржылары басқа қаржылардың  көздерін есепке алмағанда мына төмендегі  шараларға  пайдаланылады:

•     қоршаған   ортаның   сапасын   жақсартуға   және   халықтың      экологиялық      қауіпсіздігін      қамтамасыз етуге    бағытталған    бағдарламалар    мен    жобаларды жасауға және  оларды  іс-жүзіне  асыруға қатысуға;

•     ғылыми-техникалық   зерттеулерге,   ресурстарды   сақтау   және   экологиялық   таза   технологияны   енгізуге ықпал   жасауға;

•     қоршаған   ортаның   сапасын   жақсартуға   бағытталған нормативтік-әдістемелік  құжаттарды дайындауға;

•     заңды    тұлғалардың    —    табиғатты    пайдаланушылардың    іске    асыруымен    құрылыстар,    жабдықтар, табиғат     объектілерін     қайта     жаңартуды     қаржыландыруға;

•     мемлекеттік    экологиялық    сараптаманы    қаржыландыруға;

•     ластанудың    адам    денсаулығына    және    қоршаған ортаға     басқа     да     қолайсыз     ықпалынан     болған зияндардың    орнын    толтыру    маңсатында    азаматтарга    компенсациялық   соманы    белгіленген    тәртіп бойынша төлеуге;

•     қоршаған  ортаны  қорғау   жөніндегі  атқарушы   органдардың        материалдық-техникалық        жабдықтарын нығайтуға;

•     экологиялық    тәрбие    және    осы    жөніндегі    білімді  дамытуға;

•   қорлардың  басқару   аппараттарын   ұстау   және   олардың материалдық-техникалық  базасын  жақсартуға;

•     ауыртпашылық    апатының    салдарын     жою    және  алдын     ала     ескерту,     табиғи     ортаның     тигізген  зардабына компенсация беруге  жұмсалады.

Қоршаған ортаны қорғаудың  Республикалық қоры жергілікті қорлардың  аударған ақша қаражаты есебінен құрылады. Қоршаған ортаны қорғаудың жергілікті қорлары, қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы түрінде табиғат пайдаланушылардан түсетін, залалды өтеу туралы талап-арыздар бойынша алынған қаражаттан, қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзганы үшін салынған айып пұлдардан, аң мен балық аулаудың тіркелінген құралдарын, заңсыз алынған өнімді сатудан түскен қаражаттан, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының заңдарына   қайшы  келмейтін  өзге  де  түсімдерден  құралады. Экологиялық талаптарды реттейтін арнаулы нормалар бар. Олардың қатарына:

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы "Экологиялық сараптама туралы";

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы";

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі "Қоршаған ортаны қорғау туралы"; 3

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қарашадағы "Жануарлар  дүниесін қорғау, өнімін молайту және пайдалану туралы";

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпанындағы "Өсімдіктер карантині туралы" заңдары, сондай-ақ жер қатынастары, атмосфералық ауаны қорғау туралы т.б. заңдар жатады.

Экологиялық талаптардың  бұзылуы орыналғандығы Қазақстан  Республикасының "Экологиялық сараптама  туралы" арнаулы заңымен реттеледі./42, 52 б./

Экологиялық саясат: түсінігі және мәні