Экономикалықталдау

                               М А 3 М ¥ Н Ы

Кіріспе.......................................................................................................................2 Ι бөлім Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйым дастырылуы     1.1 Ұйымдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы ......................................5 1.2 Ұйымның шаруашылық қызметіне техника-экономикалық сипаттама, есеп саясаты.............................................................................................................9

ΙΙ бөлім Ұйымның активтері мен олардың қалыптасу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау                                                                                                           2.1 Баланс активтерінің құрамы мен құрылымы динамикасын талдау…….............11 2.2 Баланс активтерінің қалыптасу қөздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау..............................................................................................21

ΙΙΙ бөлім   Ұйымның төлем   қаблеттілігін талдау                                                       3.1 Баланс өтімділігін талдау................................................................................32 3.2 Ағымдағы және келешектегі төлем қаблеттілікті талдау............................42

 Қорытынды.............................................................................................................56

Қосымша.................................................................................................................63

 

                                                   Кіріспе

     Нарықтық экономика кезінде Қазақстан Репсубликасында сатып алушылар, жабдықтаушылар, бәсекелес ұйымдар, мемлекеттік органдар көзқарасында анықсыздылық кең орын алады. Осындай кезеңде кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте үлкен.

    Қаржылық талдау қоғамда біреудің қалауы бойынша пайда болған жоқ, ол ұйымның өткен уақыттардағы өндіріс және басқа да көрсеткіштерін салыстырып, одан алдағы уақытта оң нәтижеге, яғни пайда табу мақсатында жетістікке жетуіне байланысты пайда болды. Ұйымның мүліктік жағдайын білмей, оның бұл жағдайына әсер ететін факторларды анықтамай, табыстар мен шығындарды салыстырмай шаруашылықты мөлшерсіз, есепсіз жүргізуге болмайды.

    Төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметінің негізгі көрсеткіштері болып табылады. Егер кәсіпорын қаржылық түрғыдан тұрақты және төлем қабілетті болса, бұл кәсіпорынның өзінің саласындағы басқа кәсіпорындар алдында инвестициялар тартуда, несие алуда, жабдықтаушыларды таңдауда, білікті кадрларды таңдауда артықшылығы болады. Сонымен қатар, мүндай кәсіпорын мемлекет және басқада шаруашылық ұйымдар сондай-ақ жеке адамдармен түрлі экономикалық қарым-қатынаста жасауда, бюджетке - салықтарды, қызметкерлер мен жұмысшыларға — еңбек ақыны, акционерлерге - девидендтерді мерзімінде төлеп, банктердің берген несиелерінің қайтарылуына және олар бойынша пайыздардың төленуіне кепілдік бере алады.

    Кәсіпорынның   қаржылық   тұрақтылығы неғұрлым  жоғары  болса, соғүрлым  үйым нарық коньюктурасының күрт өзгеруіне тәуелсіз болып және де бұл Ұйымның банкротқа үшырау тәуекелдігі  төмен болады.

    Қазіргі  кезде Қазақстанда қолданылатын   кәсіпорынның   қаржылық-

 

экономикалық  жағдайын талдау мен  болжау әдістері  нарық экономи-касының даму дәрежесіне сәйкес келмейді. Бухгалтерлік және ста-тистикалық есеп беруге бірқатар өзгерістер енгізілгенімен,    жалпы   ол кәсіпорынды нарық жағдайында басқару қажеттіліктеріне сай келмейді, себебі кәсіпорынның есеп беруінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылы-ғын бағалауға арналған жеке форма немесе арнайы бір бөлімі жоқ. Кәсіп-орынның қаржылық жағдайын талдау қандайда бір қажетті кезде ғана жүргізіліп, ал  басқа уақыттарда міндетті болып табылмайды.

    Қаржылық жағдай кәсіпорынның өзінің шаруашылық қызметін қаржы-ландыру  қабілеті  ретінде  түсіндіріледі. Ол  кәсіпорынны  қалыпты     қыз-меті  үшін  қажетті  қаржылық  ресурстармен  қамтамасыз етілуімен, олар-дың мақсатты жүмсалуы және нәтижелі пайдалануымен, басқа заңды және жеке түлғалармен қаржылық қарым-қатынастарымен, төлем қабілеттілігі және қаржылық жағдайымен сипатталады.

    Кәсіпорынның  қаржылық жағдайы  тұрақты, тұрақсыз және дағдарыс-тық  болуы  мүмкін. Кәсіпорынның төлемдерді мерзімінде  төлеу,  өзінің шаруашылық қызметін кең негізде қаржылындыру қабілеті оның қаржы-лық жағдайының тұрақты екендігін білдіреді. Экономиканың  нарық  жағ-дайында дамып,  кәсіпорынның банкротқа ұшырауына жол бермеу үшін қаржыны қалай басқару  керек  екендігін,  капитал  құрылымының  құрамы   мен   құрылу  көздері бойынша қандай болу керектігі, олардың қандай бөлігі-меншікті капитал, қандай бөлігі — тартылған капитал болу керек-тігін білу керек.

Талдаудың негізгі  мақсаты — кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі кемшіліктерді дер кезінде тауып оларды жою, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен оның төлем қабілеттілігін жоғарылату резервтерін табу.

Қаржылық  жағдайды таддаумен көсіпорынның басшысы  және тиісті органдары ғана айналыспай, сонымен қатар кәсіпорынның құрылтайшы-   лары және инвесторлары — ресурстарды пайдалану нәтижелігін зерттеу 

мақсатымен, банкілер — несие беру жағдайларын бағалау және тәуекелділік деңгейін анықтау мақсатымен, жабдықтаушылар — төлемдердің дер кезінде төленуі үшін, салық комитеттері - салық төлемдерінің бюджетке түсу жоспарының орындалуы үшін, тағыда басқа жұмыстармен айналысады. Осыған байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайын экономикалық жағынан талдау ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді.

    Ішкі талдау кәсіпорын органдарымен жүргізіледі, оның нәтижелері яғни ақпаратты мәліметтері, кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалау, бақылау және болжау үшін қолданылады. Оның мақсаты ұйымдағы ақша қаражаттарының жоспарланған уақытта келіп түсуін қамтамасыз етіп, меншікті жөне тартылған қорларды барынша максималды пайда табуға, дағдарысқа (құлдырауға) ұшырау мүмкіндігін жоятындай етіп орналастыру.

    Сыртқы талдауды Ұйымның бухгалтерлік есеп ақпараттық мәліметтері негізінде инвесторлар, жабдықтаушылар, бақылау органдары жүргізеді. Оның мақсаты - барынша көп мөлшерде пайда табуды көздей отырып және зиян шегу мүмкіндіктерін жоюды қамтамасыз ететін қаражаттарды тиімді жүмсау мүмкіндігін анықтау.

    Сөйтіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ іскерлік ынтымақтастығы әлеуетін (потенциал) анықтап, қаржылық және басқа да қатынастар бойынша кәсіпорынның және оның серіктестерінің (партнеры) экономикалық мүдделерінің және кепілділігінің қандай дәрежеде екендігін бағалайды. Міне осы айтылғандарды зерттеп ашып көрсету бүгінгі таңдағы ең негізгі актуалды тақырып болып табылады.

    Сондықтанда диплом жұмысын орындау үшін "Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау" -деп аталатын тақырып таңдалынып алынды. Ал бұл теориялық ғылыми жұмысты зерттеу үшін "КазИнтер" акционерлік қоғамының бухгалтерлік  мәліметтері пайдаланылды.

 

               Ι Ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жұмысының ұйымдастырылуы

                      1.1 Ұйымдағы бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы.

    Бухгалтерлік есеп Ұйымның қаржылық ақпараттарын белгілі-бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақыттардағы атқарылатын жұмыстарын жоспарлап және сонымен қатар осы ұйымдағы өткен есепті кезеңдерде (уақыттарда) орындалған жұмыстар туралы экономикалық талдау жасауға қажетті ғылым болып табылады. Сондықтан да бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең бастысы, негізгісі болып саналынады. Осы жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып бухгалтерлік есептің тек қана кәсіпорынның жұмысының бір бөлігін атқарып қана қоймай түтастай мемлекетті басқаруға қатысы бар екендігін дәлелдеуімізге болады. Сондықтан да болар көрнекті ғалым Б.Де Солозаноның "Бухгалтерлік есеп болмаса әлемді басқару мүмкін емес және онсыз адамдар бірін-бірі түсінбес еді" -деп айтуы.

    Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру" туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп берумен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтарымен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағындағы жұмыс істейтін барлық кәсіпорындар бухгалтерлік есептеумен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

    Кез-келген ұйымдарда бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу экономикалық мәселелердің негізгі жөне басты қажеттілігі болып табылады. Бухгалтерлік есеп арқылы өндірілген өнімдермен жасалынып шығарылған бүйымдарды есепке алуға, сатып өткізуге, табылады. Бухгалтерлік есеп 

арқылы өндірілген өнімдермен жасалынып шығарылған бүйымдарды есепке алуға, сатып өткізуге, айырбастауға және одан түскен қаржыны тиімді де үқыпты етіп бөліп жүмсауға, яғни кәсіпорындағы шаруашылық процесстердің барлығын басынан соңына дейін есептеуге болады. Осы айтылғандарға сәйкес ұйымдағы экономикалық және технологиялық процестердің, сондай-ақ шаруашылық операцияларының барлығыныңда есепке алынуы экономикалық талапқа сай бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Жалпы бухгалтерлік есеп кәсіпорындарда мынандай қызметтерді атқарады:

  • болашақта (алдағы уақытта) пайдалану үшін үйымда болып 
    жатқан операцияларды тіркеп және оны өңдеп отырады;
  • Ұйымның   қаржылық   ақпаратты   мәліметтерін    өңдейді, 
    сондай-ақ оны керек уақытына дейін сақтайды;
  • қаржылық    ақпараттық    мәліметтерді    пайдаланушыларға 
    уақытылы       беріп      отырады,       ал       бұл       ақпаратты 
    пайдаланушылар  осы деректер  арқылы  үйымды  басқару 
    барысында түрлі шешімдер қабылдайды.

    Көп   жағдайларда   бухгалтер   мен   есепшінің   арасындағы 
айырмашылықты    білмегеннің    салдарынан    бұл    екеуін 
шатастырып    алатындар   да  жиі    кездеседі.    Бұлар    іс- 
тәжірибеде өз қызметтері барысында бірін-бірі ауыстырып 
отыратындығы әрине рас. Бірақ есепшінің негізгі міндеті 
шаруашылық операцияларын  тіркеу, бухгалтерлік ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңцеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті болып табылады. ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңцеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті болып табылады. ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңдеп, оған

 

ақпараттық құжаттарды сақтау ғана болса, ал бұл мәліметтерді өңцеп, оған экономикалық талдау жасап және оны пайдаланушыға тиімді етіп жеткізу бухгалтердің міндеті болып табылады.

Кәсіпорындардағы  бухгалтер маманының қай-қайсының болмасын негізгі көсіби міндеті бухгалтерлік ақпараттарды пайдаланушыларға уақтылы және дұрыс есептелінген мәліметтерді беру (ұсыну) болып табылады. Бұл ақпаратты мәліметтерді бірдей дәрежеде пайдаланатын екі түтынушы болмағандықтан жалпы сипаттағы қаржылық есепті құру кезінде негізгі қағидалар мен шектеулерді, үсынылатын ақпараттар көлемін объективті бағалау қажет. Бухгалтерлік есептегі бұл жүйе адамдар арқылы жасалынатын болғандықтан оны құру барысында туындайтын қайшылықтарды жеңуге болады.

Бухгалтерлік  есептің негізгі мақсаты барлық кәсіпорындарда орындалатын операциялардың уақытылы есепке алынып, олардың қазіргі  күнгі уақыт талаптарына сай  орындалуына, яғни жүзеге асырылуына бақылау жасау. Қоғамдық дамудың қай кезеңінде болмасын бухгалтерлік есеп кез-келген кәсіпорында, яғни өнім өндірумен оларды сату, пайдалану, бөлу процестерімен айналысу барысында жүргізілгендігі бүгінгі таңда дәлелденіп отыр. Бухгалтерлік есептің негізгі бағыты кәсіпорындардағы есеп жұмысының сапасын арттыруға, есептеу жұмысының барысында қолданылатын, яғни толтырылатын құжаттардың қарапайымда түсінікті болуына және ондағы көрсеткіштердің пайдаланушыларға ыңғайлы болуына реттеліп жүргізіледі.

Бухгалтерлік  есеп Ұйымның есеп беру мен басқару, сондай-ақ экономикалық талдау жұмыстарының нақты түрде жүзеге асы-рылуын қажетті ақпараттармен қамтамасыз етш отырады. Бухгалтерлік есептің тексеру, қадағалау, жинақтау принциптерін жүзеге асыру арқылы меншік заңдылығы мен қаржы және қаржыландыру тәртібі, үнемдеу шаралары тиісті заңдарға сай іске асырылады.

    Шаруашылық жұмыстарын әрі қарай дамыту, өнім өндірудің көлемін  

үлғайту мақсатында бухгалтерлік есеп көрсеткіштері мен экономикалық талдау әдістерін кеңінен қолдана отырып кәсіпорын бойынша іске асырылмай келген резерв қорларын анықтап, оларды іске қосу үшін қажетті шаралар белгіленді. Бухгалтерлік есептің ақпаратты мәліметтерімен көрсеткіштеріне сүйене отырып экономикалық талдау кестелері жасалынады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жұмысының қорытынды қүжаттарымен мәліметтеріне қарай әрбір үжымның әлеуметтік дамуына және ондағы жұмысшы-қызметкерлердің материалдық ынталануына шаралар белгілеу жұмыстары іске асырылады. Бухгалтерлік есептің басты ерекшелігі сол, ол тек қана бастапқы және арнайы қүжаттарға жазылып тіркелген нақтылы көрсеткіштер негізінде жүргізіледі. Көсіпорындағы шаруашылық операциялардың тиімділігі мен олардың заңдылығы, шығындардың орынсыз жұмаслынбауы, материалды құндылықтардың қатаң тәртіппен үқыптыда тиімді жүмсалынуы бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізудің міндеті болып табылады.   Бухгалтерлік есептің мәліметтері мен көрсеткіштері қоғамдық өндірістің дамуын экономикалық түрғыдан зерттеуге бірден-бір негіз болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есептің негізгі міндеті халық шаруашылығының барлық салаларында нақты түжырымды мемлекеттік талапқа сай есептеу жұмысын жүргізу. Қоғамымыздың даму кезеңдерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін бухгалтерлік есеп жұмыстарын дұрыс үйымдастырудың маңызы зор. Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты Ұйымның өз экономикалық және саяси жағдайына тән шаруашылық қызметін тиімді жолдармен басқаруға қажетті ақпаратты мәліметтермен қамтамасыз ету. Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық қамтамасыз ету. 

     Қорыта келгенде, бухгалтерлік есептің негізгі басты мақсатына кәсіпорын жұмысының экономикалық тиімді тұрғыдан орындалуы, Ұйымның өзін-өзі қаржыландыруы мен табыс (пайда) табуы жатқызылады.

             1.2 Ұйымның    шаруашылық қызметіне  техника-сипаттама, есеп саясаты

Диплом жұмысын жазу үшін мәліметтері 
пайдаланылып отырған "КазИнтер" жабық акционерлік 
қоғамы 1994 жылыдың 27 желтоқсанынан бастап Қазақстан 
Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлімі) және 1998  
жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Акционерлік 
қоғамдар туралы заңына сәйкес, сонымен қатар басқада қүқықтық 
актілер бойынша өз жұмысын жүзеге асырып келеді. Жалпы бұл 
жоғарыда аталған "КазИнтер" жабық акционерлік қоғамы 
Қазақстан Республикасының территориясында таза табыс алуға 
бағытталған шаруашылық қызметін өткізу үшін қүрылтайшылармен қүрылған. Кәсіпорынның жұмыс істеу мерзімі шектелмейді. "КазИнтер" жабық акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы, Алматы қаласында тіркелінген, яғни бұл фирманың мекен-жайы Алматы қаласы, Медеу ауданы, Достық көшесі номері 38 үй.

    Қоғамның өз аты-жөні қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөрі, штампы мен бланкісі, өзінің тауарлық белгісі мен символикасы, дербес балансы бар. Қызмет істеуі барысында бұл субъекті өзін-өзі қаржыландыру бойынша сонымен бірге еркін конверсияланатын валютаны қолданады.

    Қоғам өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында өз акцияларын шығара алады жәнеде мынандай қызметтерді атқаруына болады:

  • Құрылыс құру жұмыстары;
  • жобалау конструкторлық жұмыстары;

 

-     құрылыс материалдарын өндіру; 
-    туризм;

  • сыртқы экономикалық іс-әрекет;
  • ҚР заңдылығына сәйкес басқа да іс-әрекет түрлері.

    Өзінің құрылған уақытында, яғни 1994 жылы"КазИнтер" жабық акционерлік қоғамының жарғылық қоры сол уақыттағы заңға сәйкес 15807 мың теңгені құраған болатын. Бүгінгі таңда, яғни өзі қызмет істеп жұмыс жүргізгеннен кейін 8 жыл уақыт өткенде бұл жарғылық қоры 15807000 теңгеге тең болып отыр. Яғни акционерлік қоғамның жарғылық қоры алғашқы жарияланғаннан кейін оған өзгерістер енгізілмеген.

    "КазИнтер" жабық акционерлік қоғамының басқарушысы акционерлердің жалпы жиналысы болып табылады.

    Ал атқарушы органы — қоғамның президентіне, бақылаушы органы — тексеру комиссиясына немесе тексерушісіне жүктелген.

    Қоғам жыл сайын акщионерлердің жалпы жиналысын өткізуге міндетті. Бұл жиналыс есеп беретін жыл аяқталғаннан кейін бес ай ішінде өткізілуі тиіс. Аталған мерзім ішінде акционерлік қоғамным есепті кезендегі шаруашылық қызметіне аудит жүргізу жұмысы аяқталмаған жағдайда үш айға дейінгі мерзімге ұзартылынуы мүмкін. Жалпы жиналысты өткізуді қоғамның атқарушы органы немесе тәуелсіз тергеушілері жүзеге асыра алады. Бұл жиналыста мынандай мәселелер қарастырылуы мүмкін:

  • "КазИнтер"       жабық      акционерлік     қоғамының жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу,
  • қоғамның үлгісін өзгерту,
  • қоғамды ерікті түрде қайта құру және тарату,
  • қоғамның  жарияланған  жарғылық   капиталының   мөлшерін 
    өзгерту және де қоғамның шығарған акцияларын, облигацияларын 
    сондай-ақ   басқада   құнды   қағаздарын   заңда   және   өзгеде   заң 
    актілерінде    көзделген    жағдайларда    сатып    алутуралы    шешім   қабылдау,
  • қоғамның   атқарушы   органының,   тексеру   комиссиясының 
    (тексерушілерінің) мүшелерін сайлау және олардың өкілеттілігінің 
    мерзімін тоқтату,
  • қоғамның жылдық қаржылық есебін, тексеру комиссиясының 
    қорытынды есебін бекіту,
  • қоғамның жылдық табысын, резервтік капитал және өзге де 
    қорлардың қаражаттарын бөлу,
  • қоғам қызметінің басым бағыттарын айқындау және тағы да 
    басқа мәселелер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  ΙΙ Ұйымның активтері мен олардың қалыптасу көздерінің кұрамы мен                    құрылымы динамикасын талдау.              

    2.1    Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.

    Қазіргі кезде кәсіпкер үшін, инвесторлар, несие берушілер, акционерлер үшін де қаржылық есеп беру және бухгалтерлік есептің ақпаратты мәліметтеріне экономикалық талдау жүргізудің маңызы зор. Есеп берудің негізгі нысаны — бухгалтерлік баланс болып табылады. Баланстың маңызы соншалықты үлкен, кейде қаржылық жағдайды талдауды балансты талдау деп те атайды. Балансты оқып білу, оның әрбір бабының мазмүнын, оны бағалау әдістерін, кәсіпорынның қызметіндегі ролін, басқа баптармен байланыстылығын, ондағы өзгерістердің мінездемелерін білу деген сөз. Соны-мен, көсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдауды баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдаудан бастайық.

    Баланс активінде капиталдың таратылуы туралы мәліметтер болады; бүдан нақты мүлік пен материалдық қорларға салымдар, кәсіпорынның өндіріске және өнімді өткізуге кеткен шығындары, қолма-қол ақшаның қалдықтары жайлы білуге болады.

     Баланс активінің баптарының топталуының негізгі белгісі болып олардың өтімділік дәрежесі (ақша қаражаттарына айналу жылдамдығы) табылады. Осы белгі бойынша баланс активтері Ұзақ мерзімді немесе негізгі капитал және ағымдағы (айналымды) активтер болып бөлінеді. Кәсіпорын қаржаттары оның ішкі айналымында немесе оның сыртында пайдалануы мүмкін (дебиторлық борыш, құнды қағаздарды сатып алу, сату және т.б.).

    Баланстың құрамы мен құрылымының серпінін талдау кәсіпорынның барлық мүлкінің және оның жеке түрлерінің өсуінің немесе келуінің абсолютті және салыстырмалы мөлшерін анықтауға мүмкіндік береді. Активтің өсуі немесе кемуі кәсіпорын қызметінің кеңеюі немесе тарылуы туралы мәлімдейді.

Бірақ та, кәсіпорынның мүлік қүқының өсу себептерін талдаған кезде, баланстың номиналды  мәліметтерінің нақты мәліметтерден едәуір ауытқуларға әкеліп соқтыратын жоғары деңгейлі инфляцияның әсерін есепке алу керек. Біздің елеміздің тәжірибесінде инфляциялық процестердің есебі тек негізгі құралдардың баланстық құнын анықтағанда ғана жүргізіледі. Өндірістік запастардың, дайын өнімдердің және тауарлардың қайта бағалануы біздің еліміздегі ссеп-талдамалық тәжірибеде жүргізілмейді. Сондықтан, олардың қүндарының өсуіне инфляциялық фактор әсер етеді. Кәсіпорынның қаражаттарының таратылуы қаржылық қызмет және оның тиімділігін арттыруды өте үлкен маңызы бар. Ұзақ мерзімді жөне ағымдағы активтерге қаншалықты қаражат бөлінді, олардың ара қатынасы қаншалықты оптималды екендігіне өндірістік және қаржылық қызметінің нәтижелері байланысты. Егер кәсіпорынның құрылған өндірістік қуаты шикізат, материал жетіспеушілігімен толық пайдаланылмаса, бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына теріс әсерін тигізеді. Тура сондай жағдай кәсіпорындағы өндірістік қуаттарымен тез өндіріле алынбайтын шамадан тыс өндірістік қорлар құрылғанда болады. Осының нәтижесінде капитал тоқтап қалады, оның айналымдылығы баяулайды, ал бұл болса кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендеуіне әкеліп соғады.

    Жоғары деңгейлі қаржылық нәтижелер, рентабельдіктің жоғары деңгейі кезінде де кәсіпорын егер қаржылық ресурстарны нормадан тыс өндірістік қорларга жүмсаған немесе үлкен дебиторлық борыштың пайда болуына жол берген жағдайда қаржылық қиыншылықтарды басынан кешуі мүмкін. Сондықтан, кәсіпорын активтерін талдау барысында ең алдымен олардың құрамы мен құрылымындағы өзгерістерді зерттеп, оларға баға беру керек.

    Активтердің       құрамын       баланс       мәліметтері       бойынша орналастырып, оны талдау үшін 1-талдамалық кесте құрылған.

 

   

Жьш басына

Жыл аяғына

Ауытқуы

құрылымының

Көрсеткіштер

Сомасы

үлес

Сомасы

үлес

мың тг.

%

өзгеруі,тармақ

   

Мың

салмағы

мың тг.

салмағы

(Зб.-1б.)

(5б.:1б.хЮО)

б/ша (46. - 26.)

   

тг.

%-бен

 

%-бен

     

А

Ә

1

2

3

4

5

6

7

1.

Активтер  құны

481560

100

676084

100

+194524

+40,39

-

 

оның ішінде:

             
 

1.1. Ұзақ мерзімді

135007

28,04

148730

22,00

+13723

+10,17

- 6,04

 

Активтер

             
 

оның ішінде:

             
 

а) негізгі қүралдар

125183

26,00

124256

18,38

-927

- 0,74

' - 7,62

 

б) қаржылық салымдар

в)МЕА

9824

2,04

24285

189

3,59

0,02

+ 14461

189

+ 147,20

0,02

+ 1,55

0,02

 

1.2. Ағымдағы активтер

346553

71,96

527354

78,00

+ 180801

+52,17

+6,04

 

оның ішінде:

             
 

а) тмқ

141417

29,36

187615

27,75

+46198

 

32,66

-1,61

 

б)дебиторлық борыш

в)ақша қаражаттары

190326

14810

39,76

3,07

339576

136

50,22

0,02

149250

-14647

+78,4

-98,9

+10,7

-3,05

2.

Кәсіпорынның  өңцірістік

             
 

әлуетінің құны

258367

53,65

273749

40,49

+15382

+5,95

- 13,16




1-кесте

 

                          ЖАҚ "КазИнтер" 2005 жыл ішіндегі баланс активтерінің құрамы мен құрылымы:  

    Кестеден көріп отырғанымыздай, активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасы есепті жыл ішінде 194524 мың теңгеге немесе 40,39% (пайызга) көбейді. Бұл кәсіпорын үшін жақсы көрстекіш болып саналады. Дегенмен, кәсіпорынның активтерін талдау кезінде олардың қалай таратылғандығын және есепті жыл ішінде баланстың қай баптарына көбірек назар аударылғандығын, кәсіпорынның өндірістік әлуеттік жағдайын, оның негізгі қүралдарын, мүліктің икемділігін анықтау қажет. Ол үшін ең алдымен кәсіпорынның өндірістік әлуетінің мөлшерін анықтау қажет. Оны анықтаудың әр түрлі әдебиеттерде әр түрлі жолдары көрсетілген. Мысалы, И.М. Локанинаның көзқарасы бойынша кәсіпорынның өндірістік әлуетінің мөлшеріне негізгі қүралдар, өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс және өсім және бордақыдағы малдар жатқызылады. Ал А.Д. Шеремет және Р.С. Сайфулин көзқарастары бойынша жоғарыдағы әдіске аяқталмаған капитал салымдары және түрғызуға арналған қүрылғылар сомалары да жатқызылады. Кәсіпорынның өндірістік әлуетін біле отырып, өндірістік бағыттағы мүлік коэффициентін табуға болады. Оның ұсынылған мәні 0,5-тен кем емес. Біздің жағдайымызда кәсіпорынның өндірістік әлуеті мөлшері жыл басына 258367 мың теңге, жыл аяғына 273749 мың теңгені қүрады, жыл ішінде ол 15382 мың теңгеге немесе 5,95%-ға көбейді. Өндіріс әлуетінің баланс активінің жалпы қүнындағы үлесі есепті жыл ішінде 13,16 тармаққа төмендеді де, жыл аяғына 40,49% қүрады. Осыдан біз кәсіпорынның өндірістік бағыттағы мүлік коэффициентін табатын болсақ, ол жыл басына — 0,5 (258367 : 481560), жыл аяғына — 0,4 (273749 : 676084) құрады. Бұл сан межеден төмен. Мұндай жағдайда егер кәсіпорынның қаржылық нәтижелері есепті кезеңде өндірістік бағыттағы мүлікті өзінің қаражаттары есебінен толтыруға мүмкіндік бермесе, бұл активтерді толтыру үшін ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын тартуына болады.

    Жыл соңындағы ағымдағы активтер сомасы баланс валютасының 78%-ын құрады. Осыдан біз ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкі құнына қатынасы арқылы табылатын кәсіпорынның активтерінің мобилділік коэффициентін табатын болсақ, ол жыл басына — 0,72 (346553 : 481520), жыл аяғына - 0,78 (527354 : 676084) құрады.

    Жалпы бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,5-тен төмен болмауы керек. Біздің жағдайда бұл коэффициент мәні 0,72-ден 0,78-ге дейін көтерілді. Бұл кәсіпорын үшін өте жақсы көрсеткіш, себебі бұл коэффициенттің мәні неғүрлым жоғары болса, соғүрлым кәсіпорынның қызметін үздіксіз жүргізуді қамтамасыз ету, кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндіктері жоғары болады. Қаржылық тұрғыдан қарағанда, бұл коэффициенттің өсуі қүрылымдағы жағымды ілгерілеу болып саналады; мүлік икемділігі жоғарылайды, ал ол болса оның айналым жылдамдығының өсуін, оны пайдаланудың тиімділігінің өсуін білдіреді.

Экономикалықталдау