Интеграция и теоретический подход инновационной деятельности

Кіріспе.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі:

Мәселелердің қаралу деңгейі:

Дипом жұмысының мақсаты: Интеграция мен инновациялық қызметті теориялық тұрғыдан қарастыру және соның негізінде Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметінің ғылыми-тәжірибелік кепілдемелерді анықтау.

Диплом жұмысының негізгі міндеттері:

-экономикалық интеграция мәні мен даму алғышартын ұарастыру;

-интеграциялық дамудағы  әлемдік және отандық тәжірибені  салыстыру;

-әлемдік елдердің сауда экономикалық  одаққа кіріуінің экономикалық салдарын талдау;

-әлемдік интеграциялық бірігу  процесін қарастыру;

-посткеңестік елдердегі интеграциялық  процестерді талдау;

-әлемдік интеграциялық  қатынастар жүйесіндегі Қазақстан  Республикасының орнын анықтау;

Диплом жұмысының объектісі:

Дипломдық жұмыс пәні:Қазақстан Республикасының жаһандану жағдайындағы интеграциялық қызметі.

Диплом жұмысының теориялық негізі: Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде отандық және шетелдік ғалымдар-экономистер мен мамандардың интеграция қызмет аясындағы еңбектер алынды.Салыстыру және жинақтау,ғылыми талдау және синтез,мәліметтерді экономика-статистикалық өңдеу әдістерінің негізінде,зерттеу жүйелі-құрылымдық талдау принципіне сәйкес құрылды.

Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы: : Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері,халықаралық, республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың мәліметтері, отандық және шетелдік ғалымдардың оқу құралдары мен диссертациялары қолданылды.

Жұмыстың теориялық  және тәжірибелік маңызы: : Дипломдық жұмыстың теориялық нәтижелері экономистер мен менеджерлерді дайындау оқу процесінде пайдалануы мүмкін.Сондай-ақ,аталған ескертулер экономикалық пәндерді, яғни, білім беру экономикасы,экономикалық теория және т.б. пәндерді оқытуда пайдалануы мүмкін.

 Жұмыс құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, жеті бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

 

 

 

 

 

 

І тарау ӘЛЕМДІК  ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ МАҢЫЗЫ

 

1.1 Экономикалық  интеграция : мәні және даму ерекшеліктері

 

 

Интеграциялық процестердің дамуы халықаралық тауар айырбасы мен оларды өндіретін факторлар  қозғалысының артуы заңдылықты нәтижесі болып табылады. Бұл елдер арасындағы тұрақты өндірістік өнім өткізу байланыстарын  қалыптастыру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысындағы көптеген кедергілерді жоюды қажет етеді. Бұны жүзеге асыру мемлекетаралық интеграциялық бірлестіктер деңгейінде көпжақты саяси келісімдер негізінде мүмкін болады.

Қазіргі кездегі әлемдік  кеңістікте екі тененция көрініс алған, атап айтқанда:

  • Біріншіден, әлемдік шаруашылықтың біртұтастығы, оның ғаламдық сипатының күшеюі;
  • Екіншіден, аймақтық деңгейде елдердің экономикалық жақындасуы және олардың өзара бағыныштылығының нығаюы;

Әр түрлі интеграциялық процестер мен топтардың тәсілдері идеологиясы, анықтамалары мен аттарының бөлектігіне қарамастан олардың кейбір жалпы белгілері мен заңдылықтарын бөліп қарастыруға болады. Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.

Бірінші деңгейде мемлекеттер  өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда  келісімдерін жасайды. Бұл келісім  жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде қалыптасқан интеграциялық топ пен жеке мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты сауда  кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін  еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді.

Интеграцияның үшінші деңгейі  Кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын  келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.

Интеграциялық процестің  төртінші деңгейі ортақ нарыққа  жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер  тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының –  капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Біріңғай сыртқы тариф негізінде өндіріс факторларының мемлекетаралық қозғалысының еркіндігі ұйымдық тұрғыдан сыртқы саясат мемлекетаралық үйлестердің анағұрым жоғарғы деңгейін талап етеді. Экономиканы интеграциялау оған қатысушылардың әрқайсысына, өзара саудамен шектелген елдерге қарағанда, қосымша жүйелі эффект деп аталатын артықшылықтарды алуға жағдай жасайды. Екінші жағынан алғанда,мемлекеттердің мұндай ынтасы әлемде болып жатқан сапалық өзгерістерді көрсетеді және де қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларындағы, ең алдымен экономикалық жүйедегі интеграциялық процестердің дамуына жасалған оңтайлы жағдайлардан туындайы.

Біріншіден, әлем салыстырмалы түрде әскери шиеленістерден біршама  сақтану жүйелерін қалыптастыра бастады, әрі әскер қырғи-қабақ саясаты жойылуда. Әлемдегі екі жүйенің ғаламдық қарсы тұруы жойылды. Елдер арасындағы даулы мәселелер мен шиеленістерді өз уақтысында шешудің көптеген механизмдері жасалды. Әрине, Югославия және жеке елдердегі уақиғалар жалпы мемлекетаралық мәселелердің тұрақтылығы, сенімділігі мен келісімділігін терістей алмайды.

Екіншіден, әлемде әр түрлі  елдердің капиталдарының өзара кірігуінің қарқындылығы артты, сыртқы сауда қатынастарының ырықтандырылуымен халықаралық  сауда ұлғаюда.

Үшіншіден, әлемде соңғы жылдары елдер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты реттеудің сенімді және тиімді механизмдері жасалып, табысты қолданылуда. Бұлар – кедендік, төлемдік, валюталық, экспорттық-импорттық және т.б. механизмдер мен нормалар.

Төртіншіден, жоғары технология және озық техниканың, информатика және т.б. қарқынды дамуы еңбек өнімділігін шұғыл арттыруға, тіпті жеке елдер мен региондардың нарығының тар болуына әкелуде. Оларға тауарлар мен қызметтер айналымының үздіксіздігін тездету қажеттілігі, осыған бөгет жасайтын барлық кедергілерді жою үшін елдер арасындағы өнім алмасуға қатысты мәмілелерді неғұрлым көбірек жеңілдетуге итермелейді.

Бесіншіден, әлемдік нарықтағы  бәсекенің сипаты мен ауқымы өзгерді. Жеке елдердің экономкасы дамуына және еңбек бөлінісінің тереңдеуіне байланысты бәсеке ел ішіндегі фирмааралық деңгейден шығып, еларалық, халықаралық сипат ала бастады.

Алтыншыдан, кейінгі жағдайлар  айқын көрсеткендей, аймақтардың  экономика және қаржы-қаражат нарықтарының өзара тәуелділігі күшейді. Оңтүстік-Шығыс Азия, Жапония және Латын Америкасы дағдарыстары аймақтардағы жеке елдер мәселесін ғана емес, бүкіл әлемдегі экономикалық жағдайды қамтиды.

ХХ-ғ. Екінші жартысынан бастап жетекші индустриалды елдердің қарқынды экономикалық дамуы нәтижесінде  және халықаралық транспорт пен байланыс құралдарының жетілдірілуіне байланысты тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы күрт ұлғайды. Халықаралық сауда бірте-бірте  өндіріс факторларының (капитал, жұмыс күші, технология) халықаралық қозғалысының әр түрлі формаларымен толықтырыла бастады.          

Әлемдік шаруашылықтағы интеграциялық өзгерістің экономикалық немесе сяси жақтарының абсолютизациясы  мүмкіндігі екі көзқарас тұғысында  қарастырылады:

  • Біріншіден, интеграция халықаралық экономикалық байланыстарының кездейсоқ дамуымен теңдестіріледі;
  • Екіншіден, интеграцияның барысы ресми түрде құрылған экономикалық одақтар шеңберінде әрекет етеді.

«Интеграция» термині  алғашқы рет неміс және швед ғалымдарымен ХХғ. 30-шы жылдарында қолданған болатын[3]. Интеграция түсінігі қайта құру, қосылуды білдіретін inteqratio деген латын сөзінен шыққан[4].

Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын  тілінен «integer» -толық) – экономикалық тұлғалардың бірігуі, олардың өзара  әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция өндірістік-технологияық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуі, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сонымен қатар бір-біріне қолайлы жағдай жасау аркылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді. Сонымен интеграция экономикалық субъектілерді біріктіру, олардың өзара іс-қимылын тереңдету, олардың арасындағы байланыстарды дамыту. Экономикалық интеграция елдің ұлттық шаруашылықтары деңгейінде де, кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, корпорациялардың арасында болады[5].

Интеграция мынандай түрлерге бөлінеді:

  • сатылас интеграция- бір сала немесе топтар, бөлшектер, соңғы өнім үшін қажетті жинақтаушы және басқа бұйымдар шығаруға маманданған, сипаты жағынан өнеркәсіп салалары кәсіпорындарының өндірістік кооперациясы;
  • деңгейлес интеграция- өндірісі технологиялық ортақтағымен және шығарылатын өнімнің біртектілігімен сипаталатын кәсіпорындар бірлестігі;
  • «шеңберлес интеграция» бір рынокта әрекет ететін, бір-бірімен бәсекелесетін компаниялардың қосылуы.

 Экономикалық интеграция  – терең тұрақты өзара байланыстарды  дамыту және ұлттық шаруашылықтар  арасындағы еңбек бөлінісі негізінде  елдерді шаруашылық-саяси мемлекет  аралық бірігу процесі. Экономикалық  интеграцияның мақсаты – ұлттық экономиканы жақындастыру және экономикалық міндеттерді бірлесіп шешуді қамтамасыз ету. Бұл үшін жекелеген фирмалар экономикалық келісімдер жүйесін қалыптастырады, мемлекет аралық деңгейде филиалдар құрады, мемлекеттің экономикалық бірлестіктері құрылады және келісілген ұлттық саясат анықталады.

Интеграцияның аймақтық сипаты бар. Ол былай байланысқан, яғни өндірістің интернационализациясы  біртегіс жүрмейді және де интеграцияның  алғы шарттары ең алдымен шаруашылық байланыстары өте тығыз аймақтарда қалыптасады.

Интеграция өзіне тән  бірнеше маңызды белгілермен  сипатталады, яғни :

  • Ұлттық өндірістік процестердің өзара енуі мен тоғысуы;
  • өндіріс, ғылыми және техникадағы халықаралық специализация мен кооперацяның кең түрде дамуы;
  • интеграцияға қатысушы елдердің экономикасындағы тереңдетілген құрылымдық өзгерістер;
  • интеграциялық процестердің мақсатты түрде реттелуі, координацияланған экономикалық стратегия мен саясаттың жасалуы;
  • интеграция кеңістік масштабтарының аймақтылығы.

Интеграциялық процесс  бүтін жүйенің жекелеген салаларын қамтиды: өндіріс, айналым (тауар, қызмет, капитал,ақша массасы, бағалы қағаз және т.б.), шешім қабылдау сферасы (фирма, кәсіпкерлік одақ, ұлттық үкімет, халықаралық, үкіметаралық және ұлттық ұйымдар).

Интеграцияның алғы шарттары алуан түрлі болып келеді. ҒТП-тің қазіргі таңдағы жағдайында экономиканың өте терең түрде өзара енуі және бірігуі көптеген елдер үшін объективті қажеттілік болып табылады. Бұл қажеттілік ең алдымен, жоғары дамыған елдерде, әсіресе шектелген экономикалық ресурстары және ішкі нарықтары бар елдерде көрініс тапқан. Мұндай елдер үшін экономикалық интеграция экономикалық мүмкіндікті өте тиімді пайдалануға және ҒТП-тің жоғары қарқынмен жетуге болады.

Көптеген мемлекеттер  үшін экономикалық интеграция ғылыми-техникалық зерттеулерде өте тиімді мүмкіндік береді.

Ресурстарды пайдалануың  тиімділігін жоғарлату арқылы интеграция экономикалық дамудың жаңа көздерін қозғалысқа келтіреді және сол арқылы интеграцияға қатысушы елдердің экономикалық және саяси көзқарасын жақсарту үшін жағдайлар жасауға ықпал етеді.

Белгілі бір елдердің интеграциясының қажетті шарттары:

  • біріншіден, тауарлардың қозғалысын қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымның болуы;
  • екіншіден, үкімет орындары тарапынан белгілі экономикалық және саяси шешімдердің қабылдануы.

Интеграцияланушы шаруашылықтардың бір-бірін өзара толықтыруы олардың  экономикалық дамуына да байланысты, бұл кезде даму деңгейлері бірдей, ең алдымен өндірісі дамыған елдер (мысалы, Еуропалық одақ, Еркін сауданың Еуропалық ассоциациясы) тез арада интеграцияланады.

Сонымен бірге интеграцияның  барысы өздерінің табиғаты бойынша  қарама-қайшылықты және көп қырлы  болып келеді.

Интеграциялық процеске экономикалық себептер ғана емес, саяси  өзгерістер де әсер етеді.

Бұл әсіресе әлемдік  шаруашылықтың шет аймағына қатысты болады. Осы жерлерде, өндіргіш күштердің дамуының төмен деңгейіне және еркіндік алған елдердің бұрынғы метрополияларымен тығыз байланысты болуына қарамастан, аймақтық экономикалық топтарды құру барысы белгілі бір жылдарда, индустриясы дамыған мемлекеттер арасындағы байланыспен салыстырғанда, қарқынды түрде жүріп жатыр.

Көптеген экономистер  мемлекеттер интеграциясының мынандай алғышарттарын бөліп көрсетеді:

  • интеграцияланушы елдердің экономикалық даму деңгейі мен нарықтық дәрежесінің бірегейлігі. Мемлекетаралық интеграция, көпшілік жағдайда, индустриалды мемлекеттер арасында немесе дамушы елдер арасында қалыптасуда. Сондай-ақ, индустриалды дамыған елдер және дамушы елдер шеңберінде интеграциялық процестер бірегей экономикалық даму деңгейінде тұрған елдер арасында жедел жүргізілуде. Дамушы және индустриалды елдер арасындағы интеграциялық типті бірлестіктерді дамыту фактілері кездесуі өте сирек және өмірде бар болғанымен, жаңадан дамып келеді. Сондықтан, олардың тиімділігі туралы айту, қорытынды жасау әлі де болса ертерек. Шаруашылық механиздерінің бастапқы сәйкессіздігінен ол елдер серіктестік туралы әр түрлі өтпелі келісім-шарттардан, сауда-жеңілдіктерінен және тағы басқаларынан бастайды. Олардың іс-әрекет мерзімі ұзақ мерзімге созылып, нашар дамыған елдерде жетілген нарық механизмі қалыптасқанша созылады;
  • елдердің географиялық жақындығы, көп жағдайда, ортақ шекараларының және тарихи қалыптасқан экономикалық байланыстарының болуы. Әлемдегі көпшілік интеграциялық бірлестіктер географиялық жақын орналасқан бір континенттегі көршілес елдерден басталған, тіптен бір тілде сөйлейтін және ортақ транспорт коммуникациялары бар елдер. Интеграциялық бірлестікке ұмтылған бастапқы елдер тобына интеграциялық өзекке-біртіндеп басқа көрші мемлекеттерде кіре бастады;
  • экономикалық интегрция экономикалық және басқа да жалпыға ортақ сипаттағы, саяси қолдау, экономикалық даму және қаржыландыру, ұйымдастыру, реттеу сияқты нақтылай мәселелердің бірлігі. Экономикалық интеграция бірігетін мемлекеттер алдында тұрған нақтылай мәселелерді шешуге бағытталған. Сол себепті, негізгі міндеті, нарықтық экономиканың негіздерін құру болып табылатын жеке елдер нарық жоғары дамыған, жалпы ортақ валютаға өтпелі отырған елдермен интеграциялана алмайды. Сол сияқты, халқын су мен азық-түлікпен қамтамасыз ету өзекті мәселеге айналған елдер халықаралық капитал қозғалысының еркіндігін басты назарда ұстайтын елдермен интеграциялық құрылымға бара алмайды;
  • демонстрациялық эффект. Интеграцияланған мемлекеттердің белгілі бір экономикалық жетістіктерге жетуі (экономикалық өсудің қарқындауы, инфляцияның бәсеңдеуі, жұмыспен қамтамасыз етудің өсуі және т.б.) көбіне басқа елдерге психологиялық әсер береді, себебі олар болып жатқан өзгерістерді бақылауда. Мысалы, демонстрациялық эффектіні бұрынғы рубль аумағындағы елдердің тіпті іс жүзінде оған ешқандай көзге ілерлік макроэкономикалық алғышарттардың жоқтығына қарамастан, ЕО-на мүше болуға ұмтылыстарынан байқауға болады;
  • «домино эффектісі». Осы және басқа региондағы көптеген елдер интеграциялық бірлестіктің мүшелігінде болғаннан кейін, оның сыртындағы осы топқа кірмей қалған елдер экономикалық қайта бағыт-бағдарға байланысты шарасыздан, кейбір қиыншылықтарды сөзсіз байқап көреді. Бұл интеграция маңындағы елдердің саудаларының жиі қысқаруына әкеледі. Олардың кейбіреулерінің интеграцияға маңызды назары бомаса да, оның сыртында шеттеп қалып қалмас үшін өзінің интеграциялық процестерге қызығушылық тілегін білдіреді. Мысалы, көптеген Латынамерикалық елдердің тез арада Мексикамен сауда туралы келісімдерін жасай бастауы оның Солтүстік Америка еркін сауда аймағы – НАФТА - ға кірумен түсіндіріледі.

Шын мәнісінде, нарықтық типтегі шаруашылығы бар елдердің интеграциясы кездейсоқ, өздігінен  пайда болатын өзгеріс деп  қарастыруға болмайды, өйткені ұлттық экономикалардың өзара бейімделуі сыртқы экономикалық сфераға мемлекеттің араласуынсыз мүмкін емес.

Қазіргі таңда бір-бірін  өзара толықтырып және тығыз байланыстыра отырып, интеграцияның барысы екі  түрде қарастырылады:

  • Біріншіден, жеке меншік-корпорациялық интеграция (фирмалық,микроэкономикалық интеграция);
  • Екіншіден, мемлекеттік және мемлекеттік-корпорациялық интеграция (елдер аралық,макроэкономикалық деңгейдегі интеграция).

Бұл екі интеграция кей  жағдайларда қатар жүреді. Осы  жағдайларда өзара экономикалық байланыстарды мемлекеттік реттеуді күшейту тенденциясы көрініс алуда.

Жеке меншік – корпорациялық  интеграцияның мемлекетаралық интеграциямен  толықтырылуы, мемлекетаралық бірлестіктердің  қалыптасуы елеулі түрде саяси сипаттағы  себептердің әсеріне тәуелді  болып отыр.

Жалпы алғанда, алдыңғы  қатарлы дамыған елдер үшін интеграция олардың өндіргіш күштерінің дамуының қол жеткен жоғары деңгейінің функциясы  ретінде, ал үшінші дуниежүзі елдеріне қатысты айтар болсақ, олар үшінші интеграция индустриализацияны жүргізуді жеңілдету құралы ретінде қолданылады.

Нақты түрде айтар  болсақ:

  • Экономикалық даму қарқынын жеделдету;
  • Шаруашылықтың тиімді құрылымын құру;
  • Бұрынғы метрополияларға тәуелділікті жою;
  • Халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі бағыныштылық жағдайды өзгерту.

Интеграциялық процестерді  зерттеудің саяси аспектілері көбіне әрбір елдерде өтіп жатқан ішкі және сыртқы процестермен байланысты. Бізге  қажетті мемлекетаралық интеграциямен  байланысты және халықаралық қатнастар  мәселесінің шеңберінде кіреді. Еларалық интеграциялық мәселелерді зертеушілер саяси проблемаларға қатысты мәселелердің ерекше жақтарын ашу үшін, саяси интеграция түсінігін жеке қарастыра бастады.

Көптеген зерттеушілер «саяси интеграция» ұғымына толықтай анықтама берген американдық саясаттанушы Э.Хаас бұл терминді, ұлттық жүйелердегі саяси өмірдің қатысушылары өздерінің қызметінің бір бөлігінен бас тартып, белгілі жаңа орталыққа бағыттайды немесе мемлекеттерге көшетін процесс деп түсінді.

Саяси интеграция мәселелеріне қатысты әдебиеттер жеткілікті болғанымен, қазіргі уақытта көпқырлы процестің әртүрлі құбылыстарын қамтыған толық теория пайда болған жоқ. Саяси интеграцияның әртүрлі теориясының негізін қалаушылармен қазіргі кездегі зерттеушілердің арасында қандайда болмасын біркелкі «саяси интеграция» деген түсінік қалыптасқан жоқ. Барановский В.Г. көрсеткендей «шын мәнісінде әрбір зерттеушілерде саяси интеграция ұғымын қамтитын мәселелер жөнінде түсінбей белгіленген әртүрлі ұғым қалыптасқан». Әйтсе де, Барановский интеграцияны былай деп түсіндіреді «бөлек, ерекше бөлшектердің бір тұтастықпен байланысты жағдайы және осы процеске әкелетін жағдай»(6). Қазіргі уақытта бұл анықтама, шын мәнісінде көп қолдауға ие болып келе жатқан жүйелі тәсіл.

Мысалға, құрылымдық функционализм  негізін салушы Т.Парсонстың ұсынып отырған интеграция түсінігі екі бөлшектен тұрады. Біріншіден, интеграция элементтерінің ішкі сыйымдылығы. Екіншіден, интеграциялық жүйенің сыртқы қоршаған ортадан бөлініп шығуы кезіндегі ерекше талаптарды сақтау мен қолдау.

Сондай-ақ американдық  саясаттанушы М.Капланның берген түсініктемесі, оның ойынша интеграция - екі немесе бірнеше бөлшектердің біртұтастыққа бірігуі немесе бір жүйенің екінші бір жүйені жұтып алуы.

Осыған байланысты Г.Барановский  интеграцияның үш белгісін бөліп  алуды ұсынады. Біріншіге, кейбір мемлекеттер арасында бар, осы мемлекеттерге тән, біржақты байланыстар мен қатнастар жиынтығынан байланыстар мен қатнастарды бөлу, ерекшелеу жатады. Екінші белгісіне, интеграциялық процестерде жүзеге асырылатын басқару, яғни интеграциялық тұтастықтағы негізделген қимылдар мен реттеушілік, осының барлығы жаңағы ағымдардың дамуынан еркшелейді. Үшінді критериге ресейлік зерттеуші ең маңызды белгі, интеграциялық коплекстегі тұтастық пен құрылымдық бөлшектердің арақатнасын жатқызады. Шынында да, егерде мәселелерде өзара байланыс немесе өзара келісім маңызды, қысқа мерзімді белгісі болмаса, онда интеграция да функционалды болмай шығады. Егер де жаңа уақыт талаптарына сай (өзгерген жағдайларда) құрылымдық элементтерде (мемлекеттерге) жүйеленген және бір-бірін толықтырып отыратын стратегияны іске асыратын қажеттілік туса ғана интеграцияны жүзеге асыру мүмкін. Бұл баспалдаққа өту мүмкіндігі бір қалыпты даму үшін тығыз, реттелмелі, басқарылатын мемлекеттер арасындағы байланыс қажеттілігі пайда болумен ғана, яғни интеграциялық топтар құрумен байланысты.

Өтіп жатқан процестерді  талдау мен теориялық қорытудағы алғашқы қажеттілік, Батыс Европа және Солтүстік Америка елдерімен  байланысты интеграциялық аймақтарда пайда болған.Құрастырылған концепциялар, көбінесе жоғары дамыған индустриалды қоғамға арнаулы заңдылық деп есептеуге тура келеді. Себебі, ол кезде әлемдік тәжірбеде басқа оқиғалар болған жоқ, өйткені үшінші әлем елдерінің шашыранды интеграциялық ағымдардың тууы мүмкін емес еді.

Аймақтық интеграция барыстарына алғашқы теориялық қорыту талпыныстарын, неолибералдық бағыт арасында жұмыс істеген ғалымдар, 1950 жылы жасаған болатын (А.Предоль, В.Репке). Экономиканы ең тиімді реттеуші нарық концепциясынан шыға отырып, олар интеграция деп бірнеше елдерді қамтитын ортақ геоэкономикалық кеңістікті құруды айтты. Осы мақсаттарға жету үшін сыртқы сауда мен валюта-қаржы саладарындағы мемлекеттің бақылауын толықтай алып тастау қажет болды. Бұл көбінесе батыс юриспруденциясы мен саяси ғылымдағы мемлекет қызметіне еркін көзқарастармен сәйкес келіп отырды.

Бұл бағыттың өкілдеріне интеграция мәселелері, сыртқы экономикалық қызметтерді  либерализациялау негізінде  одақтасушы елдердің нарықтарын біріктірумен байланысты болды. Яғни, интеграциялық  талпыныстардың тиімділігі, бұл арада  өздерінің экономикасын біріктіруге талпынып отырған мемлекеттердің саяси еріктеріне тіреліп отыр.

Бұл тәсілде әсіресе  ХХғ. Аяғында әйгілі болған халықаралық  қатнастардағы регионализм концепциясының көздерін біршама байқауға болады. Бірақ одан әрі олар біріншіден, ұлттық протекционизм ағымымен, екіншіден, даму көзқарастары жағынан әлемдік масштабқа толық тиімсіз интеграциямен кездесуге тура келді.

Қазіргі замандық әлемдік  экономикның және халықаралық экономикалық қатнастардың маңызы болып, біріккен әлемдік  шаруашылық комплексі болып табылады. Комплекстің пйда болуы ғылыми техникалық прогрестің дамуы, қазіргі заманның өндіргіш күштері және оның негізінде жасалып жатқан интернационалдық өндіріс. Басқа сөзбен айтқанда саяси, мәдени, діни, табиғи және т.б. өзгешеліктеріне қарамастан, ең соңғы есепте әлемдік шаруашылық жүйелі түрде бірігуде, жеке елдердің әлемдік комплекстер экономика дамуының өзгешеліктері болып табылады. Бұл бірігудің сатылары және тұтастың біртін келе өсуі, яғни елдердің бірігуі ерікті сауданың қолданылатын артықшылықтары туралы да айтылады. Бұл - әлемдік бір бағыты.

Мұндай жағдайларда  елдердің дамуы оның ролі және қазіргі  әлемдік экономикадағы орны осындай  факторлармен анықталуы халықаралық  еңбек бөлінісі, мамандану секілді  салыстырып, өндірістің жаппай диверсификациялау және шетелдерге шығару бағытының саясатын білдіру.

 

         

 

1.2 Интеграциялық  дамуда әлемдік тәжірибесінің  маңызы

 

Қазіргі халықаралық  қатанастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси,экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатнастарының жиынтығын айтады.

 Осы қатнастардың  базалық әлеуметтік негізі Жер  планетасында өмір сүретін бірлік пен тұтастықты қалыптастыратын адамзат. Дегенмен бірлік пен тұтастық, қарама-қарсы мүдделердің бірігуінің бірлігі болып табылады.

Қазіргі кезде әлемдік  саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси  ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатнастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шарттар жасауда, заңды түрде іске асыруға өкілділіктер беріледі.

Соңғы кезде Американың белгілі идеологы З. Бжезинский бұл  мәселеге басқаша ой тастады. Ол «халықаралық саясаттың жаңа үлгісін» ұсынды. Оның ойынша, адам мен қоғамға қазір  ғылым мен техниканың дамуы орасан зор әсер етуде. Соның арқасында экономикалық өмір интернационализацияланып, жеке елдердің өзара байланыстылығы өсуде. Әлемдік өндіріс пен айырбас қалыптасуда. Сондықтан жоғарғы жалпы адамзатық құндылықтар үшін барлық мемлекеттер тең дәрежеде өздерінің егемендігінен бас тартуы керек дейді. Егер экологиялық және т.б. әлемдік (глобальдық) мәселелерді еске алсақ, бұл сөздің де жаны бар сияқты. Бұл идеяны құптаушылар да, қарсылары да бар.

Европа елдері, атап айтқанда, Австрия, Бельгия, Германия, Греция, Дания, Италия, Испания, Ирландия, Нидерланды, Ұлыбритания, Партугалия, Франция, Финляндия, Швеция әлемдік саясатта және экономикада ерекше маңызды рөл атқарып отыр.

1995 жылғы 15 ақпанда  Президент Н.Ә. Назарбаев мемлекеттің  сыртқы саясаты мәселелері бойынша кеңес өткізді. Өз сөзінде Елбасы Қазақстанның келешек ұзақ мерзімді кезеңде ерекше мүддесі Европа Одағымен байланысты екендігін, бұл одақ басқа аймақтардың мемлекеттерімен қатнаста, ең алдымен сауда-экономикалық салада, бүкіл Европа атынан саясат жүргізетіндігін атап өтті. Европа Одағының Қазақстанмен саяси қатнасты дамытуға дайын тұрғанын көрсете келіп, бұл мүмкіндікті толығынан пайдалану қажеттігін көрсетті[7].

1995 жылғы қаңтардан  бастап Қазақстан – Европалық  Одақ арасында «Әріптестік және  ынтымақтастық туралы» келісімге қол қою басталып, он бес мемлекет өз парламенттерінде бекіткен соң, 1999 жылы шілде айында күшіне енді. Ынтымақтастық кеңесі және парламенттарлық ынтымақтастық комитеті құрылды. Ынтымақтастық кеңесінің мәжілісінде атом энергиясы, және ядролық қаіпсіздік мәселелері боынша келісімдерге қол қойылды.

2000 жылы Брюсселде  «Қазақстан Республикасы – Европалық  Одақ» ынтымақтастық кеңесінің  екінші мәжілісі болды. Тараптар  әріптестік және ынтымақтастық  келісімнің орындалуы барысын  талқылап, әсіресе сауда мен инвестиция, демократияны дамыту, есірткі саудасына бақылауды күшейту, т.б. мәселелерге ерекше назар аударды. Алдағы уақытта Қазақстан тауарларын бүкіләлемдік базарға шығаруға күш салынатындығы атап өтілді. Қазақстан метелы, хром, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, Атыраудың балығы мен қара уылдырығы сияқты тауарлар дүниежүзілік базардан тұрақты орын алатын болады.

Тараптар сыртқы сауда  көлемінің көбеюіне негіз – Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелікке  өтуі болып табылады деген шешімге  келді.

1995 жылдың қаңтарында  «дүниежүзілік сауда ұйымы» болып  қайта құрылды. Қазіргі кезде  оған 140 мемлекет мүше. Әлемдік базарға  шығарылатын тауар мен өнімдердің 90 %-дан астамы осы елдердің  үлесіне тиеді. Отыз мемлекет (олардың қатарында Қазақстан,  Ресей, Қытай бар) ДСҰ-ға мүше болу сатанында тұр. Қазақстан 1996 жылдан бастап мүшелікке қабылданудың төменгі сатыларынан өтіп, бас санатына жетті. Осы жылдар аралығында елімізде кеден, стандарттау, сертификаттау, патенттік құқық мәселелерін реттейтін заңдық құжаттарға өзгертулер енгізілді.

Өнімдерді тек шикізат  күйінде экспортқа шығару – біздің экономикамыздың ерекшелігі ол ДСҰ-ға мүше болудың шарттарына кедергі  жасамайды. Ал өңделген өндіріс өнімдерін  экспортқа шығару – еліміздің  ұзақ мерзімді стратегиялық міндертерінің бірі болып саналады.

2000 жылы Европалық  Одақ Қазақстанды базарлы экономикалық  елі деп таныды. Өйткені, сыртқы  сауда ырықтандырылып, мүліктің 80%-зы  жеке меншікке берілді. Макроэкономика  тұрақтандырылып, ұлттық валюта  – теге бағамы қалыпты деңгейде тұр. ДСҰ-ға мүше болып кіру экспорттан түсетін кіріс көлемін арттырып, отандық тауар өндірушілердің мүмкіндігін кеңейтеді. Ал импорттың өсуі ішкі базардағы бәсекелестікті күшейтеді және тұтынушыларды арзан тауар түрлерімен қамтамасыз етеді.

Европа Одағы Қазақстанның Ресейден кейінгі екінші сауда әріптесі. 2000 жылы Қазақстанға еуорпалық импорттың жалпы көлемі 250 млн. доллар болса, Қазақстанның Европа Одағы елдеріне экспорты 600 млн. долларға жетті.

Қазақстанға техникалық көмек көрсететін Еуропалық Одақтың ТАСИС бағдарламасы 1995 жылға дейін 95 млн. доллар көлемінде қаржы бөлді. 2001 жылғы 9 сәуірде ТАСИС бағдарламасы, алдымен әйелдерге, жұмыссыздарға, мүгедектерге, сауатсыздарға, үйсіздерге, жетім баларға, кәрі кісілерге нақты көмек көрсету қажеттілігін жариялады.

Европалық Одақтың ТРАСЕКА (Европа-Кавказ-Орталық Азия «Көлік жолы») бағдарламасы Ақтау портының паромтерминалын қайта құрып, жарақтандыруға 2 миллион евро мөлшерінде қайтарымсыз  несие берген. 2001 жылдың екінші жартысына  қарай паром жаңадан іске қосылған кезде терминалдың жүк жөнелту қуаты жүздеген есе артып, тұтас теміржол платформаларын жөнелтетіндей мүмкіндік тумақ. Нәтижесінде, Қазақстан өзінің және іргелес елдердің жүктерін Иран арқылы Парсы шығанағы елдеріне төте шығарып, ол елдерден әкелетін жүктерді Түркіменстан, Өзбекстан, Қырғызстан арқылы тасымалдау шығынын тоқтатады. Сонымен қатар Еділ арқылы Балтық жағалауына, «Еділ-Дон»кналы арқылы Қара теңіз аймағына жүк шығарудың көлемі еселеп артады, Европадан жеткен жүктерді Бакуден Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттеріне жеткізуге мүмкіндік туады.

Интеграция и теоретический подход инновационной деятельности