ИСЛАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ

 
 
 
 
 
 
 
 

ИСЛАМНЫҢ  ПАЙДА БОЛУЫ МЕН  ТАРАЛУЫ

(диплом  жұмысы)

                               

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Талдықорған – 2010 

ИСЛАМНЫҢ  ПАЙДА БОЛУЫ МЕН  ТАРАЛУЫ 
 

мазмұны: 

Кіріспе  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 3-15

 

І-тарау. VII ғасырдың басындағы  Арабстан және ислам  дінінің пайда 

              болуының алғышарттары  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16-33

 

ІІ-тарау. Арабтардың басқыншылық  соғыстары және ислам дінінің

               әлемдік дінге  айналуы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 34-49

 

ІІІ-тарау. Ислам идеологиясы  және оның ағымдары . . . . . . . . . . . . . . 50-64

 

Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 65-67 

Сілтемелер . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 68-71 

Пайдаланылған әдебиеттер мен деректер көрсеткіші  . . . . . . . . . . . . . 72-74

  
 
 
 
 
 
 
 

КІРІСПЕ

      Ислам діні Араб түбегінде VII ғасырда өмірге келіп, одан кейінгі кезеңдерде Шығыстың көптеген аймақтарына таралу арқылы үздіксіз дамып отырды. Уақыта жағынан алғанда ең соңғы пайда болған ислам діні буддизм және христианствомен бірге әлемдегі үш ірі дін қатарына қосылып, ең жас дін атанды. Буддизм біздің заманымызға дейін пайда болып, толықтай қалыптасып үлгерген болса, мыңжылдықтардың тоғысында Таяу Шығыста Иса пайғамбардың белсенді діни-пайғам-барлық қызметінің нәтижесінде діни ағымнан біртіндеп күрделі дүние-танымдық және діни көзқарастардың жүйесіне айналып үлгерген христианство ІV ғасырда Рим империясының ішінде кең түрде тарай бастайды. Олармен салыстырғанда ұзақ жылдар бойы сасанидтік Иранның билігі қол астында дамып келген араб халқы ерте орта ғасыр-ларда өз қоғамын іштен жарып шығаратын элементтерді өмірге алып келіп, жаңа идеология мен діни ұстанымды – исламды желеу қылып, салыстырмалы қысқа уақыт ішінде өз аймағында саяси гегемонға айна-лады. Жоғарыда аталған факторлар Батыстың бірқатар зерттеушілеріне ислам негізін қалаған Мұхаммед пайғамбардың өмірі мен діни қызметін тарихи ғылымына нақты орын алып отырған факт ретінде мәлімдеуге негіз бергеніне қарамастан, қазіргі таңда ғылыми исламтанудың барлық бағыттары бұл көзқарастарды жоққа шығарып, исламға дейінгі кезеңнің және мұсылмандықтың дамуы мен қалыптасу кезеңдеріне тікелей және жанама қатысы бар деректердің сын мәселелерінің күрделілігін басқа қырынан ашуға мүмкіндік туғызып отыр. Тарих ілгері басқан сайын, уақыт талабы өзгеріп, осы мәселелер жаңаша көзқарас пен жаңа зерттеулерді талап етеді.

     Дін адам санасына әсер ететін үлкен құбылыс. Ислам діні VII ғасырда пайда болып, тарихи даму нәтижесінде біздің заманымызға дейін келіп жетіп, қазіргі жаһандану үрдісі орын алып, адамзат өз рухани дүниесіне қарай үңілу, оның қыр-сырын ашу уақытында мил-лиондаған адамдардың өмірлік мәні мен арқауына айналған ислам сынды дінінің пайда болуын, оны тудырған алғышарттардың, даму барысы мен эволюциясын, қазіргі қоғам талаптарына сай жаңаруы мен трансформациясын зерттеп тану, жан-жақты ашып көрсетудің үлкен саяси әрі қоғамдық маңызы бар екендігі еш талас тудырмайды.

      Біздің осы диплом жұмысын жазған барысында, алға қойған мақсатымыз ретінде ислам дінінің пайда болу себептері мен алғышарт-тарын, сол кездегі қоғамның даму ерекшеліктерін түсініп ұғыну болып белгіленді. Өйткені бір елде пайда болып, жарты әлемге таралған бұл діннің мәнін түсіну өте маңызды.

      Ислам діні Арабстанда пайда болғандықтан, ол осы елдің тарихы-мен тығыз байланысты екендігі өзінен өзі түснікті жайт. Халифат тарихын зерттеудің үлкен дәстүрі, еуропалық шығыстану ғылымымен бір уақытта өмірге келді. Қазіргі кездегі зерттеу кезеңінің басталуын, өткен ғасырдың ортасында бір уақытта дерлік бірқатар елдерде әр тілде исламның пайда болуы мен халифат тарихына арналған бірқатар үлкен еңбектердің шығу кезеңі деп айтуға болады. 1846 жылы Г.Вайльдің «Халифат тарихы» деп аталатын үш томдығының бірінші томы жарық көрді. 1848-1849 жылдары А.П. Кассен де Персевальдің үш томдық көлемді еңбегі баспадан шықса, 1854 жылы Л.Седийоның «Араб тари-хы» атты еңбегі жұртшылықтың назарына ұсынылды.

      Осымен қатар исламның негізін салушының өмірі мен қызметінс арналған монографиялық зерттеулер де жазылды. Г. Вайльдің шағын кітабынан кейін (1843), А. Шпренгердің он жылдан кейін үш томдық зерттеуге негіз болған, қысқаша «Мұхаммедтің өмірі» (1851) атты еңбегі жарыққа шықты. 1858 жылы У.Мьюрдың әртүрлі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген төрттен үш ғасыр бойы ағылшын тілді оқыр-мандарға бұл кезеңнің тарихы туралы негізгі дерек қызметін атқарған «Мұхаммедтің өмірі» жарыққа шықты.

      Барлық бұл еңбектер, сол кездегі ғылымның жағдайына бай-ланысты, белгілі мөлшерде орта ғасырлық араб тарихи шығармалары-ның мәліметтертерінің өнделгсн көшірмссі болды. Тек А.Шпренгердің еңбегі ғана бұл деректердің мәліметтеріне талдай қарап, исламның негізін салушының қызметіне алдын ала кесіп-пішілмеген, әділ баға беруге ұмтылушылығымен ерекшеленді.

      Осы жылдары Құран мәтінін ғылыми зерттеудің, исламның пайда болу жылдарын және оның қалыптасуының алғашқы кезеңдерін зерт-теудс прогресс мүмкін емес мәтіндік талдау негізіндс ең алдымен оның жекелеген бөлімдерінің мерзімін анықтаудың негізі қаланды. Кейінірек И.Гольдцлердің еңбектерімен ислам идеологиясының қалыптасуында маңыздылығы жағынан екінші орында тұрған дерек-хадистерді1 сыни көзқараспен зерттеу бастама алды. Осы негізде XIX аяғы мен XX ғасырдың басында исламның ерте кезең тарихы, Мұхаммед ілімінің құрамдас бөліктсрі және исламның қалыптасуына христиан, иудаизм діндерінің рөлі туралы күрделі зерттеулер жарияланды.

      А.Мюллердің «Ислам на Востоке и Западе» деп аталатын екі томдық фундаменталды еңбегінің бірінші томы Мұхаммедтің қызметі-нің басталған кезеңінен Аббасидтердің құлау кезеңін қамтиды. Бұл еңбек орыс шығыстануында ерекше орын алды, себебі 1895 жылы орыс тіліне аударылғаннан кейін, бірнеше онжылдықтар бойы Халифат және орта ғасырлық мұсылмандықтың тарихы бойынша кең қауымның қолы жеткен, студенттсрдің көптеген буыны қолданған терең еңбек болды.2

      XIX ғасырдың екінші жартысы, таза тарихи шығармалар, соны-мен қатар әртүрлі биографиялық сөздіктер, заң трактаттары және Еуропада, Шығыста басылған әртүрлі түсініктер сынды араб жазба ескерткіштерінің ғылыми айналымға енуімен ерекшеленді. Бұл бізді қызықтыратын кезеңді зерттеуді мүлде өзгеше мүмкіндіктермен қам-тамасыз етіп, деректерді өзгеше жолдармен қарастыруды, жоғарыда аталған тарихшылар айналып өткен, тарихи зерттеудің алдын алатын тиянақты мәтіндік және дерекнамалық зерттеулерді талап етті. Бұған қатысты ХІХ-ХХ ғасырлардың аралығында жаңа типті екі еңбекті атап өту айрықша маңызды, олар: Н.А. Медникованың крест жорығына дейінгі араб деректеріндегі Палестина туралы мәліметтерді талдауға арналған еңбегі және И.Ю. Вельхаузеннің Омейядтар халифаты туралы еңбегі.

      Араб тарихнамасының ақпараттық мұрасын игерудегі алға басу, XX ғасырдың басында Италия шығыстанушысы Каэтаниді, ислам мен Халифаттың ерте кездегі тарихы бойынша араб деректеріндегі мәлі-меттердің толық жинағын шығаруға итермеледі. Бірінші дүниежүзілік соғысына дейін тоғыз жылдың ішінде ол VI ғасырдың аяқ кезі мен 644 жылға дейінгі кезенді қамтыған. «Анналы ислама» деп аталатын еңбегінің алты томын шығару барысында сол кездегі тарих ғылымына белгілі болған тек араб тілді деректерді түгеінел дерлік қамтып кеңі-нен қолданды. Бұл жұмыстың ауқымдылығына көзі жеткен соң ол, сонымен қатар оқиғалардың қысқаша тізімі ретінде жазылған «Мусульманская хронография» еңбегін жарыққа шығарды. Соғыстан кейін де Каэтани «Анналы ислама» еңбегін жалғастырды, бірақ соңғы оныншы томының өзінде 661 жылға дейін ғана жетті. Тарихшы маман үшін таптырмайтын анықтамалық болып табылатын бұл еңбек тұтас оқуға жарамсыз және тиражының өте аздығы, оны библиографиялық сирек кездесетін кітаптардың қатарына қосты.

     Арықарайғы фактілердің жиналуы және жекелеген мәселелерді зерттеу исламның пайда болуы мен Буилар әулеті тұсындағы (X ғ.) Аббасидтердің саяси билігінен айырылған кезеңді болса да қамтитын зерттеулердің екінші ширегінде тарихшы-арабтанушылар өз күштерін жекелеген елдер мен кезеңдерді зерттеуге жұмылдырды. Бұл уақытта пайда болған еңбектердің сипаты шолу түрінде және құрастырылған болып келді, оған Ф.Хиттидің «История арабов» (1937 жылы жарыққа шығып, артынан бірнеше рет қайта басылды) және К. Брокельманның «История мусульманских народов и государств» еңбегі және тағы сол сияқты осы жылдары ислам мен арабтардың тарихына қатысты, қысқаша жазылған көптеген еңбектер жатады.3

      Мәліметтер мен жаңа ойлардың нәтижесі ретінде, жинақтап қоры-ту еңбектерінің жаңа толқыны XIX ғасыр мен XX ғасыр аралығына дәл келді. 1892-1895 жылдары жарыққа шыққан Г.Гримменің еңбегі бұл қатарда бірінші орынды алып тұр. Онда Мұхаммедтің өмірі мен қыз-меті қысқа баяндалғанымен, белгілі фактілерді жаңаша қарастырып, жаңа діннің қайнар көзін талдауға негізгі көңілін аударған. 1903 жылы дат тілінде жарық көрген «Жизнь Мухаммеда» деп аталатын Ф.Бульдің еңбегі басқаша сипатта болды, ол материалды толық игеріп және оны талдай қарастырып, Мұхаммедтің өмірі мен қызметін терең баяндайды. Алайда, кітаптың тілі ғылым әлеміне оның әсерін шектеді, тек 1930 жылы ол неміс тіліне аударылғаннан кейін кең түрде қолданыла бастады. 1906 жылы көрнекті ағылшын арабтанушысы Д. Марголиустің Мұхаммедтің өмірбаянына арналған еңбегі автордың араб деректерін жақсы білгендігіне қарамастан Мұхаммед дәуірін зерттеуге ықпал еткен жоқ.

      Орыс шығыстануы бұл кезеңде еуропа тілдерінде жарық көрген еңбектерді қанағат тұтты. Бұл саладағы жалғыз тәжірибе, шығыстану-дан тыс тұрған, көпшілік қолды кітапшалар сериясында жарық көрген В.Соловьевтің «Магомет» еңбегі, онда автор еуропалық зерттеушілер-дің мәліметтеріне сүйене отырып, теология тұрғысынан жаңа діннің өмірге келуін көрсетуге ұмтылды.

      Л. Каэтанидың «Анналы ислама» деп атлатын еңбегінің алғашқы екі томы, өз уақыты үшін, Мұхаммед уақыты туралы тарихи мәлімет-тертердің мейлінше толық жинағы, бұл дәуірді зерттеудің үлкен кезеңін аяқтады. Сондықтан XX ғасырдың 20-30 жылдары ислам тарихшылары ислам идеологиясының қалыптасыуна: Құран мәтінін және оның терми-нологиясын зерттеуге Мұхаммед ілімінің қалыптасуындағы христиан және иудаизм діндерінің ықпал етуіне көңіл бөлді.

      Бұл кезең өз бастауын 50-ші жылдардан алған болатын. 1952 жылы Р. Бляшер Мұхаммедтің өзінен келіп шығатын, бірден бір анық дерек Құранға негізделіп Мұхаммедтің өмірбаянын қайта қарауға талпынды. 1953 және 1956 жылдары жарық көрген «Мухаммед в Мекке» және «Мухаммед в Медине» деп аталатын еңбектерінде У.М. Уотт көптеген жекелеген айырмашылықтарды жаңаша дәлелдеуді ұсынумен қатар, Мұхаммед ілімінің пайда болуының нақты тарихи себептерін түсіндіруге тырысты. Бұл еңбектерде жекелеген негізгі мәселелер қаралса да оқиғалардың байланыс тапқан көрінісі болмады. Бұл кемшіліктің орнын 1957 жылы шыққан М.Годфруа-Демамбиканың еңбегі толтырды, сонымен қатар онда Мұхаммед ілімінің қазіргі кездегі зерттеу жағдайы толық баяндалған. 1961 жылы осымен қатар У.М. Уоттың алдыңғы екі монографиясының негізінде қорыта баян-далған Мұхаммедтің өмірі мен қызметі жайлы еңбегі жарық көрді.

      М.Хамидуллахтың діншіл мұсылман тұрғысынан жазған екі том-дық Мұхаммедтің өмірбаяны осы заманғы тарихнаманың жетістіктері-не негізделген. Бұл еңбек араб тілін игермеген адамдарға мұсылман оқымыстыларының еңбектерін көз алдына елестетуге мүмкіндік бере-ді. Соңгы жарты ғасырда араб тілінде жарық көрген Мұхаммедтің өмірбаяның есепке алудың өзі қиын. Алайда Мұхаммед Хайкалдың «Жизнь Мухаммеда» деген еңбегі он алты рет қайта басылып шық-қанын айтып өткен орынды.

      Кеңес Одағы кезінде, исламтанулық зерттеулер, өкінішке орай 20-шы жылдарда біраз жанданғанымен, тұрпайы-социалистік күйлерге тәуелді болып отыз жыл бойы жүргізілмеді, ғылымга қарсы, исламға қатысты «сындар» айтылып, Мұхаммедті өмірде болмаған миф кейіп-кері десе, осыған сәйкес Құран тарихи деректен ойдан шығарылған шығармаға айналды.5 Бұл теориялардың жаңғырығы 60-70 жылдарда жазылған еңбектерде де кездеседі.

      60-шы жылдары Құранды И.Ю. Крачковский орыс тіліне аудар-ғаннан кейін, исламтануға байыпты көзқарас қалыптаса бастады. И.П. Петрушевскийдің Ирандағы Ислам туралы дәріс курсы жарық көрді.6 Осы жылдары Е.А. Беляевтің да монографиясы жарыққа шықты. Бұл еңбекте ол өзінің тарихшы-арабтанушы ретінде жазған еңбектерін жинақтады. Бұл кеңес ғылыми әдебиетіндегі арабтардың V-ІХ ғасыр-лардағы тарихын, дүниетанымын, әлеуметтік-тұрмыстық әдет ғұрпын жарыққа шығарған тұңғыш еңбек. Е.А. Беляев исламның пайда болуы, ру тайпалық қатынастарды жою және «діни қауым» сияқты жаңа әлеу-меттік ұйым құру әрекетін білдіргеніне ерекше көңіл боледі, ол араб мемлекетінің ұйымдастыру негізі болғандығын атап көрсетті.7

      Еуропа ғылымы бір жарым ғасыр ішінде, Мұхаммедке шайтан –жын, пері үйреткен жалған ілімді таратушы, иудаизм және христиан дінімен салыстырғанда оның ілімі екінші орында тұратын эклектикалы деп оның іліміне сенімді жоғалту әрекеттері мен көзқарастарынан, исламды христианство мен иудаизмге тең дін екендігін мойындауға дейін үлкен жолдан өтті.

      Біздің қолымызда бар сол кездегі оқиғаларға синхронды дерек ол – Құран. Мұсылмандар үшін Құран – киелі кітап, діннің негізі. Салыс-тыра көрсетсек иудейлер үшін Библия (ескі өсиет) және христиандар үшін Евангелие сияқты маңызды. Діншіл мұсылмандар көзқарасы бойынша, Құран еуропа ғалымдары есептейтіндей Мұхаммед пайғам-бардың шығармасы емес, Құдайдың жіберген өсиеті. «Ислам: историо- графический очерк» кітабында былай делінеді: «Құранның формасын, ішкі құрылысын және исламға дейінгі ауызша шығармашылықтың барлық белгілі жанрларын алдын ала зерттеу, Құранның исламға дейінгі Арабстанда кездесетін мәтіндердің барлық түрін біріктіргенін көрсетті. Алайда ол тек қайталау болған жоқ, Мұхаммед негізгі белгі-лерін сақтай отырып, орын алған дәстүрді қайта ойластырып, өңдеді».8

      Құранда былай делінген: «аспанда бұл кітаптың «кітап-ана», «жасырын кітап», «сақталған скрижаль» деп аталатын соны мәтіні бар. Одан «рух», «киелі рух» Жәбірейіл арқылы пайғамбарға үзінді ретінде жіберіліп тұрады».9 Құран неге бірден түсірілмеді деген сұраққа, бұл кітаптан, көкейіңде қондыру үшін оны анықтап оқыдық деген жауап алуға болады.10 Кейін бұл сыр ашулар халыққа жария болу үшін Жәбірейіл пайғамбарға бұларды мәнерлеп, қайталайды.

      Мұхаммед өзінің ізін қуушыларды, Құранның «аспан кітабынан» сыр ашулар екендігін сендірді. Мұхаммедтің осы айтқан ойымен, оның тағы бір ойы байланысты: бұл «аспан кітабы» Мұхаммедкс дейін болған пайғамбарларға да жіберілді.11 Тора Мұсаға, псалмдар Дәуідке, Евангелие Иса пайғамбарға (мессии, ал-Масих) жіберілді. Мұхаммед-тің дәлелдеуінше, олардың киелі кітаптарының бастапқы кезде Құран-нан айырмашылығы тілі ғана болды, формасы және мазмұны жағынан  олар бірдей болды. Мұхаммед еврейлердің, оларға жіберілген өсиеттің кейбірін жасырып, кейбірін бастапқы орнынан ауыстырып бұрмала-ғанын дәлелдеді. Кейінірек, ол христиандарға да осындай мін тақты. Бұдан келіп шығатын қорытынды, ислам ілімі бұл жаңа дін емес, керісінше әр кезде Ыбырайымға, Мұсаға, Дәуідке, Исаға және басқа да пайғамбарларға ашылған, кейін бір бөлігі ұмытылып, бір бөлігі адам-дармен бұрмаланған ортақ және мәңгілік монотейстік дін, демек Мұхаммед біркелкі бастапқы сенімді қалпына келтіруші ретінде таңдалған.

      «Құран» деген сөзді әдетте (дәлірек айтқанда құр'ан, кара'а түбі-рімен оқу) «оқу» деп аударады.12 Алайда кара'а сөзін ол кезде «дауыс-тап сазды әуенмен», яғни «мәнерлеп» оқу және кітап бойынша оқу міндетті емес, жатқа айту мағынасында жиі қолданылатын. Бұл сөз дәл осы мағынада Құранның кейбір жерлерінде де қолданылады. Қазіргі кездегі зерттеушілердің пікіріне сәйкес «Құран» сөзі тікелей аудар-ғанда мұсылмандықтың киелі өсиеттерін «мәнерлеп», яғни дауыстап сазды әуенмен оқу дегенді білдіреді. Кітап – «(киелі) өсиет» және құр'ан сөздері Құранда синоним ретінде пайдаланады. Құр'ан және кітап сөздерімен Мұхаммед өз «өсиеттерінің» (бұлардан ол қайтыс болғаннан кейін ғана бір кітап жиналып, редакцияланды) жинағын ғана емес, бірі ұзақ, бірі қысқа болып келетін жекелеген өсиеттерін де атады; «аспан кітабы» деп аталған кітаптан үзіндіні Мұхаммед соны-мен қатар сүре деп атады. Мұхаммедтен кейін бұл атауды редакция-ланған Құранның жекелеген тараулары да иеленді. Сүре сөзін Нельдке «қатар» осыдан келіп шығатын «сызықша», «жол» деген сөзді білді-ретін еврей тіліндегі «шура» сөзінен шығарады.13 Мұхаммед бұл сөзді

«аспан кітабы» түсінігімен байланыстырса керек және оның кезінде сүре деп бұл кітаптың бөлігін немесе үзіндісін атайтын. Сүрелер жекелеген өлендерден тұрды, Мұхаммедтің кезінде-ақ голар айат деп аталды ( «айат» сзөбе-сөз «белгі», «нышан»)

      Құран 114 тарауга немесе арабша сүрелерге бөлінеді, одан кейін ол дауыстап оқуға ыңғайлы болу үшін 30 бөлікке (жүзге) немесс 60 бөлікке (хсуб-бөлшектер) бөлінеді. Құрандағы өлендердің айаттардың саны 6211. Құранның алғашқы қолжазбаларында нөмірлеу болмаған-дықтан сүрелерді аяттарға болу талас туғызып, бірнеше нұсқалар пай-да болды. Аяттар санын анықтаудағы айырмашылықтар (бір қағидалық мәтіннің өзінде) осыдан келіп шығады – 6204-тен 6236-ға дейін. Әр сүреде 3-тен 286-ға дейін аяттар болады, ол бір аятта бірден 68 сөзге дейін болады. Құраннан, мұндай шығармаларда шарасыз пайдала-натын және тіпті қажет болып табылатын қайталауларды алып тастаса оның көлемі әлдеқайда аз болар еді.

      Мұсылман аңыздарына сәйкес бізге жеткен түрінде Құран халиф Османның (644-656) билік еткен жылдары құрастырылып, редакция-ланған. Қағидаға айналған Құранның бұл редакциясымен қатар, бізге дейін қысқаша үзінді түріндс жеткендері де болған. Орта ғасырлық араб тарихшыларының бізге жеткен мәліметтер бойынша, мұсылман-дардың бірінші буынының басқару өкілдсрінде, халиф Осман кезінде редакцияланган Құранға материал болған үзінділердің тізімі болған.

      Құранның әртүрлі үзінділері, әжептеуір ұзақ бойы жазылғандық-тан (екі онжылдық шамасында) оларды бірқатар хронологиялық бірізділікпсн орналастыруға болатын еді, бірақ Құранды құрастыру-шылар бұл принципке сүйенген жоқ. Бірқатар Құрантанушылардың көп еңбегінің арқасында, Құран сүрелерінің салыстырмалы түрде хронологиялық жүйелілігі белгіленді. Бірақ бұл әринс шамамен және екі үшты жасалынған жұмыс болды, себебі әр сүренің мерзімін оның стилі, алғашқы кездегі ислам тарихының оқиғаларына оның мазмұны-ның сәйкес келуі және ақырында зерттеушінің өзінің сезімі сияқты көмескі және субьективті белгілер арқылы бағаланады.14

      Құран сүрелері меккелік және мединелік болып бөлінеді. Мұхаммедтің 622 жылы Йасрибке (кейінірек Медина) қоныс ауда-руына дейінгі кезеңге жататын сүрелер, Құранның көп бөлігін қамти-ды, олар 90, екіншілері 622-632 жылдар арасындағы уақытқа жатқы-зылады. Мекке сүрелері ортақ тарау ішінде үш кезеңге бөлінеді және  ол кезендердің әрқайсысы сүрелердің лексикасы мен стиль ерекшелік-терімен сипатталады: бірінші кезеңге жатқызылатындары «поэзиялық» ретінде қарастырылады, екіншісі «рахмандық» (рахман – қайырымды, Алла атымен қатар қолданылатын құдайдың аты), үшіншісі «әумелік» деп аталады. Зерттеушілердің Құран сүрелерінің эволюциясын атап көрсетті, ерте кездегі сүрелер айқын, қызбалы, поэзиялық толыққан-дығымен ерекшеленді, ары ұзаған сайын солғын, сабырлы баяндалып, шұбалаңқы болып келеді. XX ғасырдың аяғына дейін еуропалық ғылы-мында, Құран күрейш тайпасының және сонымен қатар классикалық араб поэзиясының тілімен жазылған деген пікір басым болып келді. XX ғасырдың басында бұган байланысты пікірлер айтыла бастады. Х.Рабин, Р.Блашер, Х.Фляйш, Құран тілі – Арабстанның диалектілен-ген поэзиялық тілі, оған Меккенің ауызекі тілі бірқатар әсер еткен деген қорытындыға кследі.1

      Құранның тілі түсінуге өте ауыр, онда «күңгірт» айқын емес тұс-тар, түсініксіз сөз тіркестері көп. Тіпті Мұхаммед кезеңіне таяу ұрпақ-тардың өзі Құранның мағынасы мен мазмұнына тек оған берілген түсініктемелер (тәфсир) арқылы ғана қаныққан.

      Құран ислам тарихының алғашқы онжылдықтарын ғана көрсете-тінін атап өту маңызды. Құранның құрастырылып жатқан сол онжыл-дарында, исламның діни және діни-саяси жүйе ретінде қалыптасуының жаңадан басталған кезі болатын. Сондықтан да кейінгі жүзжылдық-тарға қатысты деректер, Құранмен қатар үлкен маңызға ие.

      Біз қарастырып отырған кезеңге байланысты негізгі деректердің бірі, VIII ғасырдың екінші жартысында мединалық Ибн Исханмен жазылып, бізге дейін IX ғасырдың ғұлама филологы Ибн Хишамның өндеуімен жеткен «Алла елшісінің өмірбаяны» («Сират расул Аллах»). Бұл шығармаға маңызды толықтыру ретінде, Ибн Исхактың бізге дейін жетпеген (папируста жазылған азғана үзіндіні есептемегенде) еңбек-терінің ерте редакциясын пайдаланған ат-Табаридің «Тарихының» тиісті жерлсрін пайдалануға болады.

      Ибн Исхактың «Сирасы» Бағдадта, аббасид халифы Мансурдың (754-775) тапсырысымен жазылды. Сондықтан онда Аббасидтсрдің саяси талап әрекеттері көрініс тапқан. Өздерінің шығу тегі Мұхаммед пайғамбардың ағасы Аббастан екенін дәлеледей келе, «пайғамбардың бұл туысына тарихта көрнекті рөл атқарғанын үстіртің жазып, Мұхам-медті тек қана араб емсс, әлемдік пайғамбар бейнесінде көрсетеді. Мұсылмандардың христиандармен және басқа да монотеистік діндер-мен қақпайласуы орын алды. «Сираны» тарихи дерек ретінде пайдалан-ғанда Мұхаммедтің нақты – тарихи бейнесін бұрмалайтын аңыздарды бөліп қарастыру керек».16

      Сираға қосымша ретінде Вакидидің (747-823) «Книга военных походов» («Китаб ал-магази») еңбегін қарастыруға болады. Ол да біржақты және діни аңыздар мен мифтерге толы.

      Алдыңгы Азияда, Орта Азияда және Солтүстік Африкада, барлық жаулап алған жерлерінде арабтар қалыптасқан ерте феодалдық қоғам-ды кездестірді, олардың ескі араб қоғамына қарағанда экономикасы, әлеуметтік қатынастары және мәдсниеті әлдеқайда күрделі болды. Жаңа қоғамдық қатынастардан келіп туындаған өмірдің барлық талап-тарын, жаулаушылар діннің абыройына негіздегісі келді. Осы кезден бастап Мұхаммед пайғамбардың тірі кезінде орын алған сөзі мен ісіне сүйену орын ала бастайды, және де тақуалық жалғандықтан жиренбеді. Осылайша бірте-бірте мұсылмандық сунна қалыптасты. Мұсылмандық суннаның қалыптасуы заң талаптарынан келіп шықты: жалғыз Құран мәтінімен негізделе алмайтын, мемлекеттік, қылмыс, мүліктік және отбасы құқық нормаларын белгілеу қажет болды. Сондықтан мұсылман суннасының негізгі мазмұны құқық мәселелері.

      Мұсылман суннасы көптеген хадистерге негізделген. «Хадис» сөзінің бастапқы мағынасы – «хабарлама», «әңгіме», тар мағынада алып қарайтын болсақ – «цитата» дегенді білдіреді. Хадистің арнайы терми-нологиялық мағынасы – Мұхаммед пайғамбардың сөздері мен істері туралы аңыз. Әрбір хадистен, құқықтық және әдет-ғұрып ұйғарымы, салт тазалық ережелері, азық, адамгершілік және күнделікті өмір мен тұрмыстағы жүріс-тұрыс нормалары шығарылды.17

      Сира мен Хадистің дерек ретіндегі мәні, талас тудырмауы керек. Бұл дәуірде исламның дін ретінде қалыптасып, алғашқы ғасырларда, ауқымды географиялық аймаққа нығаю кезеңіне жатады.18

      Исламның «қасиетті кітаптарының бірі – Шариғат – жүйеге түсірілген мұсылмандық заңдар жинағы. Кеңестік белгілі ислам зерт-теушісі Г.М. Керимов, Шариғатта «шаруашылық өмірді реттеуші, мораль мен этиканың нормаларын, мұсылмандық нормалар мен мей-рамдардың және басқа да діншілдердің мінез-құлқы мен бүкіл мұсыл-ман қауымының өмір тәртібін белгілейтін заңдар бір жүйеге келтіріл-ген. Шариғатта тыйым салулар егжей-тегжейлі мазмұндалып, рұқсат етілген, мақұлданатын және жазаланатын іс әрекеттер белгіленген», – деп көрсетеді. 19

      Шариғаттың қайнар көзі Құран мен Сунна болып табылады. Бірак Шариғаттың Суннадан айырмашылығы онда азаматтық та, діни сипаттағы да кең ауқымды мәселелер қамтылады, әсіресе таза азамат-тық мәселелер Шариғатта дін позициясы тұрғысынан қарастырылады.

      Құран, Сунна және Шариғат мұсылмандар үшін басшылыққа алынатын үш негіз болып есептелді. Нақ осы үш «қасиетті жазуларда» исламның дін ілімі, жеке адамның және жалпы алғанда барлық мұсыл-ман қоғамының әмірін реттейтін моральдік және құқықтық нұсқаулары мазмұндалады.

      Бұл диплом жұмысының бірінші тарауында VII ғасыр басындағы Арабстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайларына сипаттама бсрілген. Исламға дейін араб қоғамында болған діни сенімдерге тоқталып өттік. Исламның пайда болу алғышарттары және Мұхаммед пайғамбар ілімінің бастапқы кезде таралуы баяндалды.

      Екінші тарауда Мұхаммедтің мұрагерлері кезіндегі жаулаушы-лық соғыстардың басталуы және Омейя халифаты кезіндегі исламның басқа елдерге таралуы баяндалып, арабтардың басып алған жерлердегі саясаты қарастырылды.

      Исламның негізгі идеологиясы мен оның ағымдары, ағымдарға бөліну себептері мен олардың діни саяси көзқарас айырмашылықтары үшінші тарауға арқау болды. 
 
 
 

I ТАРАУ. VII ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ АРАБСТАН ЖӘНЕ ИСЛАМ ДІНІНІҢ ПАЙДА БОЛУ АЛҒЫШАРТТАРЫ.

      Арабтардың өздері Джазират-ал-араб «арабтардың (жарты) аралы» немесс «ал-Джазира» –  «түбек» деп тн атайтын. Арабстан сол-түстікте ғана Азия континентімен, батыста Қызыл теңізбен, Шығыста Парсы шығанағы мен Оман теңізімен, оңтүстікте Үнді мұхитымен шектеседі. Ол Африкамен Суэц мойнағы арқылы қосылып, одан Баб-ал-Мандсба бұғазы және Қызыл теңіз арқылы бөлінеді.20

      Батыс Арабстан Хиджаз бен Йемен деп аталатын екі негізгі бөлік-тен тұрады. Хиджаз – (бөгет, тосқауыл дегенді білдіреді) Тихаму ойпаң жағалауын Недж таулы үстіртінен бөліп тұрған тау тізбегі. Хиджаздың солтүстік (Табукке дейін) бөлігі, онда солтүстіктен оңтүстікке дейін созылып жатқан тау атымен Хисма деп аталады. Бұл нөсерлерден кейін көптеген аңғарларға (вади) толы сел теңіздерге ағатын, сонда да құрғақшылықтан қиналатын кедей ел Йемен – «оң жақтағы ел», яғни «оңтүстік ел» сонымен қатар «бақытты ел» дегенді білдіреді, барлық уақытта жерінің құнарлылығымен байлығы арқылы аты шыққан.

      Оңтүстік Арабстан. Йемен шығыста Хадрамаутпен шектеседі. Тұрғындары еңбекқор және кәсіпкер болып келетін, жерін көптеген аңғарлар кесіп өтетін таулы ел.

      Шығыс Арабстан. Оман – Арабстан аудандарының ең шығыс жағы, таулы ел, көп бөлігі құнарлы болып келеді, жағалары айлақтарға мол. Оман шығанағы балыққа бай және жағалау тұрғын-дары орқашан жақсы теңізші болған.

     Орталық Арабстан. Йеменнен шығысқа Хадрамаут пен Махрадан солтүстіккс қарай, Оманнан батысқа Арабстан орталығына дейін үлкен жол созылып жатыр.

      Арабстан үлкен үшбүрыш түріндегі түбек. Бұл қонақжайсыз елдердің үлкен кеңістігі Орта Шығыс пен біздің өркениетіміздің бесігі классикалық Шығыстың елдері арасында орналасты. Батыс Араб-станда қазірге дейін Хиджаз деп аталатын облыста ислам пайда болды. Әлемнің басқа елдерінс таралмас бұрын осы жерде дамып, өркендеді.

      Арабстан түбегін мекендеген тайпалар, этникалық шығу тегі бойынша оңтүстік араб немесе йемендік және солтүстік араб тайпа-лары болып бөлінген. VII ғасырдың басына дейін арабтардың көп бөлігі көшпенді болды. (Оларды бедуиндер – «қыр адамдары» деп атады). Барлық жерде оазисті сипатта болған жер шаруашылығынан гөрі, Арабстанда көшпенді мал шаруашылығымен айналысу үшін мүмкіндік-тер көбірек болды. Көшпенді мал шаруашылығындағы өндіріс құрал-дары жазгы және қысқы жайылымға жарамды жер және мал болды. Бедуиндер негізінен түйе, сонымен қатар ұсақ мал көбіне ешкі өсірумен айналысты, қой ұстау кездесетін. Диқаншы-арабтар негізінен құрма ағашын, арпа, жүзім және жеміс ағаштарын өсірумен айналысты.

ИСЛАМНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ МЕН ТАРАЛУЫ