Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі

МАЗМҰНЫ

 

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ..............................................................3

КІРІСПЕ.................................................................................................................4

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1.1 Кеден ісін ұйымдастырудың  экономикалық қажеттілігі.............................7              

1.2 Республика экономикасын  реттеудегі кедендік қызметтің  негізгі принциптері мен түрлері.......................................................................................9

1.3 Сыртқы экономикалық  қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайы және кедендік операцияларды жүргізу технологиясы...............................................15 

 

2 КЕДЕНДІК ТІРКЕУДЕН ӨТКІЗУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ МЕН ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫН ТАЛДАУ

2.1 Тауарлардың кеден  құнын анықтау және кедендік  төлем тәртібін талдау....................................................................................................................21

2.2 Кедендік төлемдердің жағдайын және кедендік қызметті басқаруды бағалау...................................................................................................................24

2.3 Кедендік және валюталық  бақылау жұмыстарының нәтижелерін  сипаттау.................................................................................................................35   

 

3 МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕДЕНДІК ІС-ӘРЕКЕТІН  ЖӘНЕ ТӨЛЕМДЕРДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ  РОЛІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Республикадағы кедендік төлемдер бойынша мәселелерді шешу жолдары................................................................................................................43

3.2 ТМД-да біртұтас кеден жүйесінің қалыптасуы және онда Қазақстан Республикасының алатын орны..........................................................................47

 

ҚОРЫТЫНДЫ...................................................................................................56

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................58

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

 

 

 

 

 

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН  СӨЗДЕР ТІЗІМІ

 

ҚҚС

Қосылған құн салығы

ЕО

Еуропа одағы

ТМД

Тәуелсіз мемлекеттер  достығы

ЖКД

Жүк кеден декларациясы

ЭКЮ

Ақша бірлігі

СЭҚ

Сыртқы экономикалық қызмет

ІКТ

Ішкі кедендік транзит

КО

Кеден одағы

ЖІӨ

Жалпы ішкі өнім

ДКҰ

Дүниежүзілік кеден  ұйымы


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан республикасында кеден  ісі сыртқы экономикалық қатынас  жүйесінде өте маңызды буындардың бірі болып табылады. Сондықтанда  кедендік төлемдер еліміздің ұлттық экономикасына нарықтық қалыптасуға және дамуына жағдай жасауда. Жалпы кедендік төлемдерді нарық талаптарына сай пайдалану арқылы сыртқы сауданы мемлекеттік реттеудің нақты жұмыс істейтін құралына айналдыру үшін күш жігер жұмсалып жатыр. Осы ретте бүгінгі таңда қолданылып жүрген бақылау шаралары мен қолданылып жүрген дәстүрлі кедендік төлемдер қызметін жетілдіру жаңа стратегияны әзірлеуді талап етеді. Бүгінгі күні кедендік төлемдер тек қана сыртқы экономикалық қызмет құралы емес, сонымен қатар басқа мемлекеттермен жаңа экономикалық байланыс жасау құралы болып табылады.

Қазақстан Республикасы өзін барынша  әлемге тәуелсіз әрі экономикасы  өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан өзінің толық  тұрақты дамуы үшін бір жағынан  өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіктестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет. Сондықтанда белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуімен байланысты Қазақстанның экспорттық-импорттық операцияларының көлемінің өсуін, кедендік төлемдердің экономикалық ролін нарыққа сай арттыру заман талабы екені белгілі. Сондықтанда «Кедендік төлемдер және олардың мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметін реттеудегі ролі (Қазақстан Республикасы мысалында)» тақырыбында дипломдық жұмысты таңдауыма себеп болды.

Сыртқы сауда операцияларын  кедендік төлемдер арқылы реттеу әлемдік  экономикада маңызды орынға ие, себебі түрлі елдердің тауарлары мен  қызметтері барысында экспорт пен  импорттың азаюына, сондай-ақ қарқындап  өсуіне әсер ететін бірден-бір құрал  болып табылады.

Сол себепті, таңдалған  тақырып қазіргі кездегі өте  өзекті мәселелердің бірі болып табылады, себебі нарықтық қатынастарды одан әрі дамытуда, соның ішінде Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан орын алу мақсатында республика Үкіметі жүргізіп отырған жаңа инвестициялық саясатты жүзеге асыруда, сыртқы экономикалық қызметтің құрылымдық жүйесін қайта құруға  зор ықпалын тигізеді.

Қазіргі таңда сыртқы экономикалық қызметтің дамып келе жатқан салаларына сай кедендік төлемдердің уақытылы да тиімді алынуын кеңінен жетілдіру, кеден қызметінің, сондай-ақ еліміздің сыртқы және ішкі саясатының ұдайы өзгеріп отыратын шарттары мен міндеттеріне, халықаралық кедендік тәжірибелерде қабылданған ережелерге, нормаларға, стандарттарға және рәсімдерге бейімделуінің барынша экономикалық ролін арттырады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты – Қазақстан  Республикасында жүргізіліп жатқан кедендік қызмет аясындағы кедендік төлемдерді жетілдіру жолдарының тиімді жақтарын ашып көрсетуге бағытталған.

Осы мақсатта диплом жұмысының міндеті төмендегі бағыттармен негізделеді:

  • кедендік төлемдердің уақытылы да тиімді алынуын мемлекеттік реттеудің экономикалық маңызын айқындау;
  • кедендік төлемдердің экономикалық ролін арттырудағы кеден органдарының қызметін ашып көрсету;
  • Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы ауыстырылатын тауарлардың және транспорттық құралдардың кеден өткізу кезеңдерін теориялық негіздеу;
  • кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігін анықтау;            
  • сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайын талдау;
  • экономиканы дамытудағы кедендік төлемдерге қатысты ұсыныстар жасау.

Жалпы, дипломдық жұмыс құрылымы қысқартылған сөздер тізімінен, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиет тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Бірінші кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі және республика экономикасын реттеудегі кедендік қызметтің негізгі принциптері мен түрлері, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметтегі кедендік төлемдердің жағдайы мен кедендік операцияларды жүргізу технологиясы сипатталады.

Екінші тарауда тауарлардың  кедендік құнын анықтау мәселелері, сонымен қатар кедендік төлемдердің  жағдайы және кедендік қызметті басқару  ерекшеліктері, кедендік-валюталық  бақылау жұмыстарының нәтижелері сипатталып, кедендік төлем тәртібі қарастырылады.

Үшінші тарауда мемлекеттің  кедендік іс-әрекетін және төлемдердің  экономикалық ролін арттыру жолдары, сондай-ақ республикадағы кедендік төлемдер бойынша мәселелерді шешу және ТМД-да біртұтас кеден жүйесінің қалыптасуы мен онда Қазақстан Республикасының алатын орны баяндалады.

Қазақстан Республикасының  ашық экономикаға көшуі басқа  мемлекеттермен кедендік одақ және еркін  сауда аймақтарын  құруды, халықаралық  экономикалық  бірігуді  одан әрі  дамыту мен тереңдету мақсатында кеден мәселелері жөнінде  келісімдер жасау дегенді білдіреді. Сол сияқты жеке және заңды тұлғалар әлемдік қоғамдастық өмірге қатысуға, республика кеден шекарасында және одан тыс жерлерде сыртқы экономикалық қызмет жасауға құқылы. Бүгінде республиканың кедендік территориясына тауарлар мен транспорттық құралдарды еркін әкелу және оларды территориядан шығару жатады. Мұнда кедендік территорияға жататындар; еркін кедендік аймақтар мен еркін қоймалардан басқа құрғақ жолды аймақтар, территориялық сулар, ішкі сулар және Қазақстан Республикасының кеңестігі.   

Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық және шет елдік  экономист-ғалымдардың кеден саласына, соның ішінде кедендік төлемдерге байланысты жазған еңбектері, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, Қазақстан Республикасы статистика Агенттігінің статистикалық материалдарымен қатар мерзімді басылымдар, газеттер, журналдар пайдаланылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА  КЕДЕН ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1 Кеден ісін ұйымдастырудың  экономикалық қажеттілігі

 

Республиканың тәуелсіз мемлекет және әлемдік шаруашылықтың  толық құқығы бар қатынасушысы ретінде  аталуы бұдан бұрынғы жүйе іргетасының  – тұтастай өзгеруін қажет етеді.

Бұл процесті сипаттауда әлемдік шаруашылыққа ену дәрежесін  жатқызуға болады, ол экономика ашықтылығы деңгейімен сипатталып бағаланады.

Бұл мақсатты жүзеге асыру  және күтілетін нәтиже алу бүкіл  мемлекетпен және әрбір жеке адам үшін мемлекеттің сыртқы экономикалық, сыртқы сауда, қаржы, салық, валюта салаларына деген ғаламдық дәрежедегі қызығушылықты арттыру болып табылады.

Бұған кедендік саясат жатады және ол кедендік іс                                                                                   арқылы жүзеге асады. Кедендік іс ҚР кеден  саясатының мына мақсаттарын ұстайды; қазақстандық нарықты және қазақстандық өндірушілер мен тұтынушылардың қорғау, мемлекеттің экономикалық дамуына ықпал ету, одан кейінгі экономиканың құрылымдық жағынан қайта құрылуына көмектесу, бәсекелестікті нығайту, дайын өнім экспорты мен импорт алмастырушы өндірісті ынталандыру, шетел инвестицияларын тарту және т.б. Осыған сәйкес; 1995 ж. 20 шілдеде «Қазақстан  Республикасындағы  Кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының Президентінің Заңы қабылданды1.

Қазақстан Республикасының  ашық экономикаға көшуі басқа мемлекеттермен кедендік одақ және еркін сауда аймақтарын  құруды, халықаралық экономикалық  бірігуді  одан әрі дамыту мен тереңдету мақсатында кеден мәселелері жөнінде  келісімдер жасау дегенді білдіреді. Сол сияқты жеке және заңды тұлғалар әлемдік қоғамдастық өмірге қатысуға, республика кеден шекарасында және одан тыс жерлерде сыртқы экономикалық қызмет жасауға құқылы.

Бүгінде республиканың кедендік территориясына тауарлар мен транспорттық құралдарды еркін әкелу және оларды территориядан шығару жатады. Мұнда кедендік территорияға жататындар; еркін кедендік аймақтар мен еркін қоймалардан басқа құрғақ жолды аймақтар, территориялық сулар, ішкі сулар және Қазақстан Республикасының кеңестігі.   

Республикаға тауарлар, транспорттық құралдарды енгізу мен оған рұқсат бермеу жатады. Алғашқы принципті ескере отырып, мұндай қарама – қайшылық тәжірибеде болатын  тауарлар және транспорттық құралдарды енгізу, шығаруға шек қоюға қажеттілікпен түсіндіріледі. Оның мынадай себептері бар:

  • ұлттық қауіпсіздікке қауіп төнуі;
  • азаматтардың заңды және жеке тұлғаларының денсаулығына қауіп, өсімдіктер және жануарлар дүниесіне аурулар тарау қаупі;
  • Қазақстан Республикасының шығармашылық, тарихи және археологиялық мұрасына қауіп;
  • меншік құқығына, оның ішінде интелектуалды меншік құқығына қауіп;
  • әкелінетін және шығарылатын тауарлар, транспорттық құралдар сатушылар мен тұтынушылардың мүдделеріне қауіпті.

Тауарлар  және транспорттық құралдарды әкелу мен шығаруға лимит  қою. Жаңадан қойылған шектеулер  заңды акты түрінде 30 күннен кейін күшіне енеді.

Тауарлар және транспорттық құралдардың кедендік шекара арқылы өту кезеңі – кедендік режиммен  сәйкес жүзеге асырылады. Мұнда: шекара арқылы тек еркін қозғалуға сәйкес кедендік режим таңдауда мүмкіншілік береді. Мұнда дұрыс таңдаудан кедендік төлемдердің көлемі байланысты болады. Мұнда тауар иесі алдында таңдалған кедендік режимді өзгерте алады.

Кедендік заңға сәйкес 14 кедендік режим белгіленген. Шекарадан  өтпес бұрын тауарлар және транспорттық құралдар кедендік құжаттау және кедендік бақылаудан өтуі керек.

Қазақстан Республикасының  кедендік шекарасына жататындар; кедендік территория периметрі, кедендік аймақтар және еркін қоймалар периметрі.

Кедендік құжаттауды жүзеге асыру кезінде кедендік режим  анықталады және кедендік шекара арқылы өту процесі аяқталады.

Кедендік бақылау Қазақстан  Республикасының кеден органдарымен кеден заңын орындау және осы  заңды бұзуды болдырмау үшін жүзеге асырылады.

Қазіргі таңда кедендік режимдерге сәйкес тауарлар және транспорттық құралдарды тауар иесі пайдалана алады. Оны бақылау және оның орындалуын кеден органдары жүзеге асырады. Мысалы: экспортқа арналған тауарлар кедендік территориядан тыс жерлерде өңделе алмайды.

 

1.2 Республика экономикасын  реттеудегі кедендік қызметтің  негізгі принциптері мен түрлері

 

Тәуелсіздік алған кейін Қазақстан әр түрлі мемлекеттермен сыртқы экономикалық байланыстарды белсенді дамыта бастады. Сыртқы экономикалық әрекеттің байланыстарының тәртіптері екі мінезді болып келеді. Бір жағынан, бұл билікпен басқарудың әр түрлі органдармен көрсетілген мемлекеттер арасында пайда болатын экономикалық байланыстар. Қазақстан көптеген мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен экономикалық сауда, инвестициялық, несие келісімдерге отырды.

Қазақстанның сыртқы экономикалық әрекеті дегеніміз - республиканың нарықтық экономика құру және тұрақтану, оның әлемдік экономикаға кіруі, республика тұрғындар қажеттіліктерінің қанағаттандыру мақсатында материалды және басқада өндіріс аймағындағы әрекеттің сыртқы экономикалық саласындағы экспорт, импорт, шетел инвестициялары, сақтандыру, біріккен кәсіпкерлік сұрақтары бойынша субьектілердің іс-әрекеті.

Сыртқы экономикалық әрекет – шаруашылық әрекеттің негізгі  салаларының бірі болып табылады. Сондықтан, өзінің жиынтығында ұлттық экономиканың бір-біріне байланысты звеноларының  сыртқы экономикалық комплексін құрайтын билік және басқару органдары, меншік түрлеріне және ведомстволық қарамағындағыларға тәуелсіз шаруашылық субъектілерінің түріндегі мемлекет арқылы көрінеді. Сыртқы экономикалық әрекеттің барлық субъектілері меншік түрлері және әрекет түрлеріне тәуелсіз, оны жұмыс жасап жатқан заң бойынша жүргізуге  құқылы болады, сыртқы экономикалық әрекеттің түрлерін, көлемін, бағытын анықтайды.

Шаруашылық субьектілердің іс-әрекеті болып сырты экономикалық әрекет болады, ол материалды-зат түрінде өнім айырбасымен қамтамасыз ететін өндірістік шаруашылық, ұйымдық-экономикалық және сауда-саттық қызметтердің жиынтығын білдіреді.

Сыртқы сауда операциялар  сауда-саттық әрекеттің негізгі және қосымша түрлерінің комплексі болып келді. Ол сату-сатып алу келісімінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін техникалық әдістерінің жиынтығы. Халықаралық бизнесте қатысу үшін субъектілер тауардың сатып алу-сатуымен байланысты, сыртқы сауда операцияларының ең тиімді және өздеріне икемді түрлерін таңдайды. Қазақстан Республикасында тауар дегеніміз сыртқы сауда іс-әрекетінің пәні болып келетін әрбір жылжымалы мүлік, валюталық бағалықтар, электр, жылу және энергияның басқа түрлері, жылжымайтын мүлікке жататын әуежайлық және теңіздік ссудалар, ішкі ссудалары және космос объектілері. Халықаралық тасымалдау туралы келісім кезінде қолданатын көлік құралдары тауарға жатпайды.

Теңдік және мемлекеттердің өзара пайдаларын бірлестіру құқығын  мойындау принципінде келісетін  жақтардың міндеттерінің, екі жақтық және көп жақты экономикалық ынтымақтастықтың өзара және әділ пайда алуын, халықаралық міндеттемелердің адал орындалуын міндетті сақтау қарастырылады.

Экономикалық дискриминация  принципі барлығы қолдаған нормамен негізделеді. Бұл принцип бойынша  әрбір мемлекет халықаралық экономикалық қатынаста басқа мемлекетке қойылған жалпы шарттарға ортақ болу құқығына ие болады.

Сыртқы экономикалық байланыста ұйым түрін таңдау еркіндігі  принципі. Халықаралық сауда және басқа да экономикалық ынтымақтастық  түрлерін жүзеге асыруында әр бір мемлекет өзінің сыртқы экономикалық қатынасында ұйым түрлерін еркін таңдайды және халықаралық экономикалық ынтымақтастыққа екі және көп жақты келісімдер жасай алады. Мемлекеттердің сыртқы экономикалық байланыстары әр түрлі салаларда жүзеге асады. Олар мына негіздерде қалыптасуы мүмкін:

  • мемлекеттік сыртқы сауда монополиялары және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері негізінде;
  • импорттық және экспорттық баж салықтарын орналастыратын және төленетін кедендік – тарифті жүйесі негізінде;
  • шетелден әкелінетін және шетелге шығарылатын тауарлардың тек қана лицензия негізіндегі жүргізілетін лицензиялық жүйесі негізінде;
  • шетелден әкелінетін және шетелге шығарылатын тауарлардың сауда еркіндігі негізінде.

Барлық сыртқы экономикалық байланыстардың ұйымдасу түрлері басқа мемлекеттердің еркінен тәуелсіз жүзеге асады. Қазақстан сыртқы экономикалық байланысының ұйымы ТМД елдерінің бірнеше мемлекеттерімен еркін сауда тәртібін қолдануда кедендік тарифті жүйеге негізделеді.

Ең үлкен қолайлық принципі мемлекет келісетін мемлекетке өзара қатынастарында қолайлы жағдай жасау міндеттемесін білдіреді.

Ұлттық тәртіп принципінде  мемлекеттердің басқа мемлекеттің  жеке тұлға және заңды тұлға құқықтары  толық немесе жарым-жарты теңеседі.

Өзара түсінісу принципі мемлекеттердің басқа мемлекеттің жеке тұлға және заңды тұлғаларына қолайлы жағдай және жеңілдіктер жасаумен негізделеді.

Сыртқы экономикалық қызметтің арнайы принциптері2:

1. Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу принципі. Қазақстан республикасында сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу мақсаты мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қалыпқа келтіру, әлеуметтік-нарықтық экономиканы құру, дүниежүзілік тауарлы нарықты нақты орынды жаулап алу, ішкі тұтыну нарығын қанағаттандыру, қазақстанның дамуына арналған шетел инвестицияларын тарту және нәтижелі қолдану болып табылады. мемлекеттік сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесіне мыналар кіреді:

  • сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тіркеу;
  • кеден шекарасы арқылы ауыстырылатын тауарларды және де басқа мүлікті ресми мәлімдеу;
  • экспорт және импорт тауарларын реттеу;
  • сыртқы экономикалық қызметті шапшаң реттеу өлшемі.

2. Экономикалық еркіндік принципі. Экономика сферасында мемлекеттің негізгі мақсаты экономикалық еркіндік принципі орындалуына арналған заңды және басқа шарттарды қалыптастыру болып табылады. Экономикалық еркіндік принципін сыртқы экономикалы қызмет субъектілерін қарастыратын болсақ, олар заң шеңберінде және өздігінен сыртқы экономикалық қызмет бағытын, көлемін және түрін анықтайды.

3. Бәсеке және монополизмнен қорғаныс принципі экономика дамуының негізі болып табылады. Бұл принцип заңды бәсекені шектеуге немесе жоюға бағытталған. Заң тек қана адал бәсекені қорғайды және нарықта беделі басым кәсіпкерлердің басқаға қиянат жасауына рұқсат етпейді.

4. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің теңдік принципінде сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда қызмет және меншік түрлерінен тәуелсіз субъектілердің міндеттерінің түрлері және құқықтарының бірдейлігін мойындауын қарастырады. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің теңдік ұғымы – біріншіден, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың заң алдында бірдей жауаптылығы және екіншіден, өздерінің арасында теңдігін білдіреді.

5. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің құқығын қамтамасыз ету принципі. Кәсіпкерлік қызмет мемлекет құқықтардың сақтау кепілдіктерін құру жолымен қамсыздандыратын заңға сүйінген қорғанысқа мұқтаж болады. Ең алдымен мемлекет жеке кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепіл болады және қорғанысты қолдауды қамсыздандырады. Сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының шаруашылық қызметіне ешкімнің илігу еркі жоқ. Олар сыртқы экономикалық қызметтің заңмен тиым салынғандардан басқа кез-келген түрімен шұғылдана алады.

Сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізгі әдістері тарифті және тарифсіз реттеу болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметті тарифті реттеу. Экспорт  және импортты мемлекеттік реттеудің  ең көп таралған әдісі кеден тарифі болып саналады. Кеден тарифі Қазақстан  Республикасының кеден аймағына шеттен әкелінетін немесе осы аймақтан тасып шығарылатын тауарларға экспорттық немесе импорттық баж салықтарын салумен негізделеді. Кеден тарифі екі жақты функцияны орындайды: протекционизмдік функция ұлттық тауар өндірушілерін қорғаумен негізделеді, фискалдық функция ел бюджетіне қаражат түсуін қамтамасыз етумен негізделеді. Импорттық және экспорттық кеден тарифтерінің айырмашылығы бар.

Импорттық кеден баж  салығын үлкейткен сайын импортер шығындары көбейіп, сатылатын тауар  бағасын жоғарлатуға тырысады, нәтижесінде  ішкі нарықта импорттық тауарларға сұраныс азаяды. Ұлттық өндірушілер тауарларының бәсеке қабілеттілігі үлкейеді. Импорттық өнімге баж салықтарының ең аз мөлшерде қойылуы, елде шығарылмайтындығымен және өндірісте белсенді тұтынылатындығымен түсіндіріледі. Қазіргі таңда дамыған елдердің көпшілігінде ең аз кеден баж салығын жартылай фабрикаттарға, жоғары кеден баж салығын маңызды ішкі өндіріс дәрежесін ынталандыратын дайын бұйымдарға қояды.

Экспорттық кеден тарифінің  мақсаты экспорт тауарларының ел экономикасында прогресшіл құрылымды өзгертулердің ынталандырылуымен негізделеді.

Қазақстан Республикасында  шеттен әкелінетін немесе осы аймақтан тасып шығарылатын тауарларға кеден  баж салықтары үкімет тарапынан  орналастырады. Қазақстан Республикасының  кеден шекарасы арқылы шеттен әкелінетін немесе осы аймақтан тасып шығарылатын тауарларға кеден баж салықтары үкіметпен қойылған құнмен негізделеді және келісім түрлерінің,басқа да факторлардың әсерінен өзгертілмейді.

Кеден баж салықтарының түрлері келесілермен ерекшеленеді:

Адвалорлық – алынатын тауарлардың салық кеден құнының пайыздық есептемелері;

Ерекшелер – алынатын тауарлардың бірлігіне анықталған мөлшерде салынатын салық есептемелері;

Қиыстырылғандар – аталған  екеудің үйлесушілерге кеден  баж салығын салу түрі.

Әдеттегі кеден баж  салығынан басқа Қазақстанда келесі кеден баж салықтарын қолданылады:

  • маусымдық;
  • арнайы;
  • антидемпингтік;
  • өтемақылық.

Маусымдық кеден баж  салықтары шеттен әкелінетін және шығарылатын  тауарларды оперативті реттеумен негізделеді. Алдын ала ескерілген кеден баж  салықтарының тарифі өзгермейді. Маусымдық баж салықтарының әрекет мезгілі қондырылған кезеңнен кейінгі төрт ай ішінде әрекет етеді.

Арнайы кеден баж  салықтары Қазақстан Республикасының  кеден аймағына тауар шеттен әкелінсе қолданылады, себебі Отан өндірушілеріне зиян алып келуінен немесе бәсекелес тауарлардың бәсеке қабілеттілігінен қорғайды, сонымен қатар елде экономикалық жағдайды тұрақтандыру көзделеді.

Антидемпингтік баж  салығы тауарлардың тасып шығару бәсеке бағасынан Қазақстан Республикасының  кеден аймағына шеттен әкелу бағасынан төмен болса немесе бәсекелес тауарлардың отан өндірушілеріне зиян алып келу қауіпі болса қолданылады.

Өтемақылық кеден баж  салықтары тауарлардың Қазақстан  аймағына шеттен әкелу кезінде республикада ұқсас тауарлардың өндіріс кеңейтуіне кедергі болатын болса қолданылады.

Баж салықтарының салынуында елдерден тауарлардың шеттен әкелу  кезінде ерекше кеден және сауда  жеңілдіктері беріледі, егер екі жақ  өзара келіскен және үшінші елдерге  таратылатын болса.

Қазақстан Республикасының  кеден шекарасы арқылы өтетін тауарларға баж салықтарынан басқа ҚҚС, акциздер салықтары төленеді.

Сыртқы экономикалық қызметті тарифсіз реттеу. Сыртқы экономикалық қызметті тарифсіз реттеу көбірек басыңқы  әдіс болып табылады. Экспорт немесе импорт тауарларын өткізуге тиым салынуы мүмкін. Тарифсіз реттеу импорт пен экспорт тауарларын квоталау және лицензиялау көмегі арқылы, жоғары технологиялардың, жұмысшы күштің арқасында жүзеге асады.

Квота – тауарлардың  шеттен әкелу немесе шығару көлемінің  сандық шегі анықталған мерзім қалыптастыру.

Квоталау мына мақсаттарда  қолданылады:

  • елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • ішкі тауарлық нарықтағы жағдайды есепке ала отырып, халықаралық міндеттемелерді орындау;
  • ішкі тауар өндірушілерді қорғау.
  • лицензия – сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыруға мемлекеттік органдардан рұқсат алу.
  • лицензиялау мына мақсаттарда қолданылады:
  • адамдардың денсаулығы мен өмірін қорғау және қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау;
  • орны толымсыз табиғи қорлардың жоғалу қаупін жою;
  • қоғамдық рухани байлығын және құқықтық тәртіпті сақтау;
  • қазақ халқының мәдени мұраларын сақтау;
  • Қазақстан Республикасында халықаралық міндеттемелердің орындалуын қадағалау;
  • Қазақстан Республикасында тұрақтылықты сақтау және сыртқы қаражат жағдайын қорғау.

Қаулыға сәйкес лицензияланған тауарлар тізімін төрт топқа бөлуге болады:

Бірінші топ – Қазақстан  Республикасы үкіметімен лицензиялау  негізінде негізделген экспорт  және импорт тауарлары (қару-жарақ және әскери техника, жабайы аңдар, жабайы өсімдіктер, ядролық материалдар, технологиялар, жабдықтар және т.б.);

Екінші топ – арнайы министріліктің және ведомстволардың  лицензиялары арқылы жүзеге асатын экспорт  және импорт тауарлары (дәрілік өсімдіктер, өсімдік және малдан шығатын дәрілік  шикізат, жабдықтар, екі есе тағайындау технологиялары, қымбат табиғи тастар және металдар және т.б.);

Үшінші топ – арнайы министріліктің және ведомстволардың  лицензиялары арқылы жүзеге асатын импорт тауарлары (өсімдіктердің қорғанысына  арналған химиялық құралдар, дәрігерлік техника, оқ-дәрі, жарылғыш заттар, есірткі және психотропты құралдар және т.б.);

Төртінші топ –  Қазақстан Республикасының халықаралық  міндеттемелеріне сәйкес лицензияланған экспорт тауарлары.

Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымына кіру шартының бірі – саудаларға шек қоюларын алып тастау болғандықтан, Қазақстан нарығын реформалау бойынша тарифсіз реттеуді қолдануын қысқартуды болжайды.

Кеден ісін ұйымдастырудың экономикалық қажеттілігі