Кәсіпорын қаржысын басқару. 2
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және
қаржылық тұрақтылығы сипатының экономикалық
мәні мен мазмұны.......................
1.1 Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны
және оны талдаудың мақсаттары.
1.2 Кәсіпорынның төлем
1.3 Төлем қабілеттілік кәсіпорын
тұрақтылығының белгісі
2. «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің қаржылық жағдайының
сипаты, қаржылық тұрақтылығы және төлем
қабілеттілігінің 2006-2008 жылдар аралығына
талдау........................
2.1 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
2.2 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің 2006-
2.3 «ҚМГ-Астана» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
3. Қазақстандағы кәсіпорындардың төлем
қабілеттілігі мен қаржылық көрсеткіштерін
жақсарту жолдары.......................
3.1 Кәсіпорынның қаржылық
3.2 Кәсіпорынның қаржылық
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер
тізімі........................
ҚосымшА.......................
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің өз еліне «Қазақстан-2030» Жолдауында біздің мемлекетіміздің дамуының соңғы мақсаты – бұл экономикалық өрлеу, ал экономикалық өрлеудің басымдығы бүгін, ертең және келесі отыз жылдың ішінде ең маңыздылардың бірі болатыны нақты айтылған. Бұл мақсатқа жетудегі елеулі рольді «тек экономикалық өрлеуге ғана емес, сонымен бірге Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа кіруіне әсер ететін ақпарат атқарады» (1).
Нарықтық жағдайда кәсіпорындардын өндіріс тиімділігін, өнімдер мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Еліміз нарықтық қатынастарға өткеннен кейін кәсіпорындардың дербестігі мен олардың экономикалық жене құқықтық жауапкершілігі жоғарылауда. Шаруашылық субъектілердің қаржылық тұрақтылығының маңызы артуда. Мұның бәрі кәсіпорынның қаржылық жағдайын, яғни ақша құралдарының басқарылуы, бөлінуін жене қолданылуының талдау рөлін жоғарылатады.
Кәсіпорындар
қаржылары жалпы қаржылық қатынастардың
бөлігі бола отырып, халық шаруашылығының
әртүрлі салада жұмыс істейтін кәсіпорындарда
табыстың пайда болуы, пайдалануы және
бөлінуі процесін бейнелейді және кәсіпкерлікпен
тығыз байланыста болады, өйткені
кәсіпорын кәсіпкерлік
Отандық талдау әдебиеттерінде қаржылық талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізеді.
Қазіргі
кезде Қазақстанда қолданылатын
кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын
болжау мен талдау әдістері нарықтық
экономикасы дамуынан артта қалып
отыр. Бухгалтерлік және статистикалық
есеп берулерге кейбір өзгерістер кіргізілуіне
қарамастан ол жалпы түрде нарықтық
жағдайларда кәсіпорынды
Сондықтан
менің жұмысымның мақсаты - қаржылық-экономикалық
тұрақтылықтың негізгі
Зертеу объектісі «ҚМГ-Астана»
Қаржылық жағдай кәсіпорынның өз қызметін қаржыландыру қабілетімен түсіндіріледі. Ол кәсіпорынның тұрақты қызмет етуіне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуімен, олардың тиімді қолданылуымен, басқа заңды және жеке тұлғалармен қаржылық қатынастармен, төлемқабілеттілік пен қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Жұмыстың мақсатына жету үшін келесі міндеттер алға қойылады:
- «ҚМГ-Астана» ЖШС-ң баланс активтерінің құрамы мен құрылымын талдау;
- баланс өтімділігін талдау;
- серіктестіктің төлем қабілеттілігі мен несиеге қабілеттілігін талдау.
Жоғарыда айтылып өткен мәселелерді шешу үшін келесі мәліметтер қолданылды:
- «ҚМГ-Астана» ЖШС-ң Жарғысы;
- «ҚМГ-Астана» ЖШС-нің 2006 жылдан 2008 жылға дейінгі бухгалтерлік есебі;
Бұл дипломдық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық жағдайы теориялық негіздері қарастырылған. Қаржылық жағдайдың мәні мен оны талдаудың мақсаттары, оны талдауды неден бастаған жөн, төлемқабілеттілік, несие қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық сияқты түсініктер жайында жазылған.
Жұмыстың екінші бөлімінде «ҚМГ-Астана» ЖШС-нің негізгі қызмет барысы сипатталған. Сонымен қатар қаржылық жағдайды сипаттайтын негізгі көрсеткіштер талданған. Олардың ішінде кәсіпорынның жылдық балансы, пайдасы мен шығындары, рентабелділігі, қаржылық тұрақтылық коэффиценттері мен өтімділік көрсеткіштері қарастырылған. Талдау барысында қаржылық көрсеткіштердің өзгерісі қандай себептерге байланысты екендігі қарастырылған.
Соңғы бөлімде екінші бөлімде пайда
болған негізгі мәселелерді шешу
жолдары ұсынылған. Сонымен қатар
бұл бөлімде ұйымның қаржылық
тұрақтылығы мен төлем
1. Кәсіпорынның төлем
Берілген
тарауда кәсіпорынның қаржылық жағдайы
мен төлем қабілеттілігінің анықтамалары
мен экономикалық мәні мен мазмұны,
оларды талдаудың мақсаттары қарастырылған.
Сонымен қатар осы тарауда
төлемқабілеттілік пен
1.1 Қаржылық жағдай түсінігі, мазмұны және оны талдаудың мақсаттары
Кәсіпорын қаржысы – бұл қаржылық ресурстарды қалыптастыру, орналастыру және пайдалану процесінде пайда болатын ақшалай қатынастар жүйесі.
Кәсіпорынның
қаржылық жағдайы қаржылық ресурстарды:
өткізілген өнім (тауарлар, жұмыстар мен
қызметтер) бойынша түсетін ақшалай
құралдарды, банк несиелері мен қарыздарды,
арнайы қорлардан уақытша тартылған
бос құралдарды қалыптастыру, орналастыру
мен пайдаланумен бейнеленеді. Нарықтық
жағдайға көшумен бірге кәсіпорынның
қаржылық жағдайы мен оны жақсарту
жолдарын іздеу туралы мәселелер
пайда болды. Бұл сұрақтардың
актуальділігі бөлек
«Қаржылық талдау» мен «қаржылық жағдайды талдау» түсініктерін шатастырмау керек. Қаржылық талдау - әлдеқайда кең түсінік, өйткені ол қаржылық жағдайды талдаумен қатар табысты, өнімнің өзіндік құнын, өткізуді қалыптастыру мен бөлуді талдауды және басқа да сұрақтарды кіріктіреді. Қаржылық жағдайды талдау – бұл қаржылық талдаудың бір бөлігі. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның коммерциялық, өндірістік және басқа іс-әрекеттеріне қажетті қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуімен, оларды орналастыру мен пайдаланудың мақсатты бағытталуы мен тиімділігімен, шаруашылық жүргізудің басқа субъектілерімен қаржылық қатынастарымен, төлемқабілеттілік пен қаржылық тұрақтылықпен сипатталады. Кәсіпорынның уақытында қаржылық төлемдерді жүргізуі оның жағымды қаржылық жағдайы туралы айтады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметінің нәтижелеріне тәуелді болады. Жоғары сапалы өнімді тоқтамай шығару мен өткізу кәсіпорыннның қаржылық жағдайына оң әсер етеді. Өндірістік процестегі тоқтаулар, өнім сапасының төмендеуі, оны өткізудегі қиындықтар кәсіпорын шотына түсетін қаржылардың кемуіне әкеледі, соның нәтижесінде оның төлемқабілеттілігі төмендейді. Кері байланысты да байқауға болады, өйткені ақшалай құралдардың жоқ болуы материалдық ресурстармен қамтылуын тежеуі мүмкін, сондай-ақ өндірістік процесте де.
Кәсіпорындар
қызметінің практикасында жақсы
жұмыс істеп тұрған кәсіпорын
өзінің ресурстарын тиімсіз
Қаржылық жағдай ағымдық және перспективті төлемқабілеттілік, айналымдылық, меншікті және қарыз құралдарының болуы, оларды пайдаланудағы тиімділік сияқты көрсеткіштермен сипатталады. Тұрақты қаржылық жағадйға жетудегі елеулі рольді талдау атқарады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының ішкі және сыртқы талдау түрлерін бөлуге болады.
Ішкі талдау кәсіпорынды басқарудың қажеттіліктері үшін жүргізіледі. Оның нәтижелері қаржылық жағдайды жоспарлау, бақылау және болжау үшін де қолданылады. Сыртқы талдау жариялы ақпаратты қолданатын барлық талдау субъектілерімен жүргізіледі. Бұл талдаудың мазмұны қаржылық ресурстардың иелері мен бақылау органдарының мүдделерімен анықталады.
Ішкі
және сыртқы талдаудың негізгі
- қаржылық жағдайды және оның өзгеруін жалпы бағалау;
- қаржылар мен олардың көздері, оларды орналастыру рационалдығы мен пайдалану тиімділігі арасында сәкестікті зерттеу;
- қаржылық, есеп және несиелік тәртіпті сақтау;
- кәсіпорынның ликвидтілігі мен қаржылық тұрақтылығын анықтау;
- қаржылық жағадйды ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжау.
Бұл міндеттерді шешу үшін зерттеледі:
- кәсіпорын құралдарының бар болуы, құрамы мен құрылымы,; олардың өзгеру себептері мен салдары; кәсіпорын құралдарының көздерінің бар болуы; құрамы мен құрылымы; олардың өзгеру себептері мен салдары.
- ұзақ мерзімді активтердің жағдайы, құрылымы мен өзгеруі;
- өндіріс пен айналым сферасындағы ағымдық активтердің бар болуы мен құрылымы, оалрдың өзгеру себептері мен салдары;
- ликвидтілік пен дебиторлық берешектің сапасы;
- құралдар көздерінің бар болуы, құрамы мен құрылымы; олардың өзгеру себептері мен салдары;
- төлемқабілеттілік пен қаржылық икемділік;
- активтерді пайдалану тиімділігі және инвестициялардың өзін-өзі өтеушілігі.
Сонымен қатар, басқа да міндеттер шешіледі. Мысалы, ішкі талдаудың маңызды міндеті болып сыртқы қаржыландыру мүмкіндігін анықтайтын жағдайды бағалау табылады. Ол үшін кәсіпорынның қаржылық ресурстарға, соның ішінде қарыз ресурстарына деген жалпы қажеттілігі, іскерлік тәуекелдің дәрежесі, капитал иелері арасындағы келісімдердің нәтижелері зерттеледі.
Сыртқы
талдау кезінде кәсіпорын менщігінің
нақты құны зерттеледі, болашақ қаржылық
түсімдердің, капитал құрылымының,
дивидендтер өзгерісінің
Жұмыс шегінде
талдаудың әдістемесін
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржы (активтер) жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншікті капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған.
Профессор
Н.А. Русак бұл ұғымды былайша
анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық
жағдайы қаржы ресурстарын
В.М. Родионова мен М.А. Федотова кәсіпорынның қаржылық жағдайы «қаржы ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі» деп жазады.
М.Н. Крейнина, А.И. Ковалев және В.П. Привалов қаржылық жағдай ұғымын былайша түсіндіреді: «Қаржылық жағдай – бұл қаржы ресурстарының қолда барын, үлестіріліп таратылуы және пайдалануын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы».
Профессор
И.Т. Балабанов «Шаруашылық
С.А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің көзқарасын келесі сөздермен баяндайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау».
Жоғарыда
берілген анықтамалар қарастырылып
отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде
ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында
бұл ұғымды дәлірек анықтауға
мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар
бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін
біріңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы,
еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы,
өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік)
қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді
есептеу нәтижесінде және олардың
жалпы бағалауға тигізетін
Біздің көзқарасымыз бойынша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.
Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, бұл ұғымды былай анықтауға болады:
Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл сұрақ та арнайы оқулықтарды түрліше түсіндіріледі. Бір авторлар қаржылық тұрақтылықты өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс процессінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы» деп түсіндіреді. Қаржылық тұрақтылық – меншікті және қарыз қаражаттарының байланысы деп жазады.
Енді біреулер «өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар, материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақытысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады» деп жазады.
Бұл ұғымды
А.Д. Шеремет пен Р.С. Сайфуллин
өте ықшам түрде анықтайды. Олардың
ойынша «Қаржылық тұрақтылық – бұл
әрдайым төлемқабілеттілігін
В.М. Родионова мен М.А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсіндіреді: «Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы – қаржылық тұрақтылық болып табылады. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады». Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді.
«Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығы – бұл
В.Г. Артеменко
мен М.В. Беллендир бұл ұғымды
былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық
– бұл табыстың шығыннан тұрақты
дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын
еркін пайдалануды қамтамасыз етеді
және оларды тиімді пайдалану арқылы
өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз
болуына жағдай жасайды. Сондықтан
да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық
қызметі процесінде қалыптасады
және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының
негізгі бөлігі болып табылады».
Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы,
ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан
артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының
қозғалысын көрсетеді. Нарық жағдайында
ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет)
өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын
талап етеді және оның мөлшері
мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие
берушілермен, жұмысшылармен және тағы
басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті
дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар
кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін
барлық есеп айырысулар мен барлық
міндеттемелерді орындағаннан кейін,
осы кәсіпорында өндірісті
Қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың шешімдерімен келісе алмаймыз. «Қаржылық тұрақтылықтың мәні – қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады» - деп жазады В.Т. Артеменко мен М.В. Беллендир.
Біздің ойымызша бұл ұғымды А.Д. Шеремет пен В.С. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар қаржылық тұрақтылықтың мәні– бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі – деп түсіндіреді.
Э.А. Маркарьян
мен Г.П. Герасименко да дәл осындай
көзқараста. «Кәсіпорынның өз міндеттемелері
бойынша есептесу мүмкіндігі» немесе
«Сауда, несие және басқа да төлем
сипатындағы операциялардың нәтижесінде
пайда болатын кәсіпорынны
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М. Родионова және М.А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
- пайда болу орнына байланысты – ішкі және сыртқы;
- нәтижесінің маңыздылығына байланысты – негізгі және негізгі емес;
- құрылысы бойынша – қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның өндірілетін өнім және өндіріс технологиясымен тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі – активтердің тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері – кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.
Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі – бұл қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.
Сонымен бірге тек таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.
Кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар
нарығындағы қосымша
Және бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның
тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда
оның өз контрагенттерімен (салық органдары,
банктер, жабдықтаушылар, атып алушылар,
акционерлер және тағы басқалар) өзара
қарым-қатынасы үлкен әсер етеді. Сондықтан
да серіктестермен реттелген іскерлік
қатынаста болу – жақсы қаржылық
жағдайдың бірден-бір шарты
Сондай-ақ, бұл жыл сайын өз облигациясы бойынша белгілі бір пайызбен алғысы келетін, ал заем мерзімі біткен уақытта – облигация құнын толық өтеуді талап ететін облигация иелеріне де қатысты. Кез келген коммерциялық кәсіпорын сияқты банктер де өз несиелерімен тәуекел ете отырып несие алушының өз қарызын уақытында толық өтеуін қалайды, сондықтан оны беру туралы шешім қабылдай отырып, кез келген банк өз клиентінің қаржылық жағдайын және бұл қарыздың қамтамасыз етілуін тексереді. Басқаша айтқанда, кәсіпорынның қаржылық жағдайы банктер осы кәсіпорынға несие беру орынды ма, жоқ па, ал бұл сұрақты дұрыс шешкен жағдайда – қандай пайызбен және қанша мерзімге деген сұрақтарды шешудегі негізгі белгі болып табылады.
Жабдықтаушылар
мен тұтынушылар сенімді және
төлем қабілеттілігі жоғары кәсіпорындармен
келісім-шартқа үлкен ықыласпен
отырады. Тіпті қаржы органдары,
әсіресе салық инспекциясы
Осылайша, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынастағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылықтары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгенін бағалайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының объективті дұрыс бағасын алудың ең жақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынның даму бағытын бақылауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады.
Кәсіпорын
осы мерзімге дейінгі уақытта
қаржы ресурстарын қаншалықты дұрыс
басқарды деген сұраққа жауап
береді: кәсіпорын осы мерзімге дейінгі
уақытта қаржы ресурстарын
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
- қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
- активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай-ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептен шығару;
- кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

- Кәсіпорын қаржысын басқару
- Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері
- Кәсіпорынның ақша қаражатын басқару
- Кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын басқарудың теориялық негіздері
- Кәсіпорынның баға саясатын талдау
- Кәсіпорынның бизнес -жоспар ұйымдастыру
- Кәсіпорынның және фирманың қаржылық тұрақтылығын талдау
- Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару «Алматы кілем» АҚ
- Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері
- Кәсіпорында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру
- Кәсіпорын дамуындағы дағдарыс
- Кәсіпорынды басқару
- Кәсіпорынды басқарудағы қаржының ролі және оны дамыту жолдары
- Кәсіпорын қаржылық жағдайы