Кәсіпорында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру
Мазмұны
Кіріспе.......................
І.Кәсіпорындағы еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеу және ұйымдастыру жүйесі
1.1.Еңбекақы ұғымы
және еңбекақыны төлеу
2.2.Еңбекақы есебінің
нормативті базасы.Еңбекақыны
2.3.Еңбекақы есебінің
басты мақсаттары..............
ІІ. Кәсіпорынның қызметкерлерінің еңбек ақысын талдау
2.1. Адам құрамының есебі және жеке еңбек шарты...........
2.2.
Еңбектің қалыпты жағдайларынан ауытқуына
байланысты қосымша төлемдер есебі.........................
2.3. Еңбекақысының
талдамалық (аналитикалық) және топтамалық
(синтетикалық) есебі.........................
ІІІ.Еңбекақы есебі және еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер
3.1. Қызметкерлерге төленетін қосымша төлемдер есебі................
3.2. Қосымша жалақыны
құжатпен ресімдеу және реттеу.
3.3. Қызметкерлердің
еңбекақысынан кәсіпорынның
Қорытынды
Пайдаланылған
әдебиеттер
КІРІСПЕ
Елімізде болып жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің 17 жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді.Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды.Сондықтан бұған дейін ынта – ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің, қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастарда қалыптастырудың қазіргі жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорын қызметінің тиімділігін тұрақтандыру және көтеру экономиканың басты міндеті болып отыр. Осыған байланысты қызметінің көлемдік сипаты, өндіріс шығынын және тиімділігін анықтау әдісі экономиканы басқарудың түрлі дәрежесіндегі менеджер мен экономист жұмысының негізгі мағынасы болуы тиіс.
Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс.Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті мамандар жинақталады.Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорында өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес – жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі - менеджемент іске асырылады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді.Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компетентілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болады.
Келешекте
өндірісті жүргізуге
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазіргі таңда, елдің экономикасы кәсіпорындарға ікелей байланысты болып келеді. қызмет түріне қарамастан әрбір кәсіпорында қызметкерлердің жұмысын бағалауға, еңбекақысын есептеп көп көңіл бөлінеді. Еңбекақы есептеу тәртібі – кәсіпорын бухгалтериясындағы ең маңызды және жауапкершілігі мол операциялардың бірі. Еңбекақы – бұл қызметкердің жасаған жұмысының саны мен сапасына,өндірілген қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем.
Диплом жұмысының маңыздылығы. Нарықтық шаруашылық жүйесіне өзгеру нәтижесінде елдің экономикалық және әлеуметтік жағдайымен қоса, кәсіпорындағы жалақыны төлеу, әлеуметтік жәрдемақылар және қызметкерлерді қорғау саясаты да елеулі өзгерістерге ұшырайды.Мемлекеттің осы мәселеге байланысты функциялары кәсіпорындарға түгелімен жүктелген.Оған формалар, еңбекақы төлеудің жүйелері мен мөлшері, материалдық қалыптастыру жатады.
Диплом жұмысының міндеттері. Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру, соның ішінде:
- еңбекақы ұғымы, негізгі элементтері және қоғамдағы маңызы;
- еңбекақының төлеу нысандары, есептеу тәртібі,
- еңбек жағдайының ауытқуына байланысты төлемдер есебін жүргізу;
- қосымша еңбекақы есебі, оны құжатпен реімдеу және реттеу;
- еңбекақыдан ұсталуға тиісті төлемдер.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы еңбекақының қоғамдағы орнын, мемлекет және кәсіпорын жағынан реттелінуін, еңбекақы ұғымын, еңбекақы төлеудің басты элементтеріне тоқталып, есептермен дәлелдеймін.
Екінші тарауда, Қызметкерлерге еңбекақыны есептеу тәртібін, яғни қызметкерді жұмысқа алу тәртібі, оған жалақы тағайындау, еңбектің қалыпты жағдайларынан ауытқуына байланысты қосымша төлемдер есебін жүргізу және еңбекақы есебінің аналитикалық және синтетикалық есебін ұйымдастыру туралы айтылған
Үшінші тарауда, еңбекақының қосымша төлемдерін есептеп шығару, оны құжаттармен ресімдеу және реттеу және кәсіпорын бухгалтериясында ұсталуға болатын ұсталымдарды ұстап қалу иәселесі қарастырылған.
Диплом жұмысын жазудағы мақсатым - еңбекақы төлеу есебінің теориялық зерттеуі болып табылады. Алдыма келесі мақсаттарды қойдым:
- кәсіпорындағы еңбекақы төлеу есебін қарастыру;
- еңбекақы және басқадай төлемдерді төлеу есебін зерттеу;
- еңбекақыдан белгілі бір себептерге байланысты ақша ұстап қалу жағдайлары талдау.
Диплом жұмысының зерттеу пәні – кәсіпорындағы қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебі. Осы жұмыс көбіне еңбекақы төлеу нысандарына, еңбекақыдан ұстап қалу төлемдеріне, қосымша еңбекақы түрлеріне кеңінен ашылып жазылған.
Диплом
жұмысының зерттеу
объектісі -
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары
негізінде толық мәліметтер мен жазылды.
Диплом жұмысының әдістемелік құралы, ақпараттық базасы – Осы жұмыстың теориялық және методологиялық басы заңнамалық құжаттар, нормативті-хал актілері, монографиялық еңбектер, оқулықтар, электронды порталдардың мәліметтері қолданылды.
Жұмыстың
құрылымы: кіріспе, үш тарау мен қорытындыдан,
ал көлемі 47 бет.
І .Кәсіпорындағы еңбекақы және басқа да төлемдерді төлеу және ұйымдастыру жүйесі
1.1.Еңбекақы
ұғымы және еңбекақыны
төлеу нысандары
мен жүйесі.
Нарықтық шаруашылық жүйесіне өзгеру нәтижесінде елдің экономикалық және әлеуметтік жағдайымен қоса, кәсіпорындағы жалақыны төлеу, әлеуметтік жәрдемақылар және қызметкерлерді қорғау саясаты да елеулі өзгерістерге ұшырайды.Мемлекеттің осы мәселеге байланысты функциялары кәсіпорындарға түгелімен жүктелген.Оған формалар, еңбекақы төлеудің жүйелері мен мөлшері, материалдық қалыптастыру жатады. «Еңбекақы» ұғымы жаңа мағыналарға ие болды .Және де барлық жалақының түрлерін қамтиды.Оның ішінде сыйақылар, қосымша төлемдер, әлеуметтік жәрдемақылар және қызметкерлерге жұмыстан тыс уақытында есептелінген сомалар, яғни демалыс күндеріне төлемдер жатады.
Нарықтық қатынастарға көшкеннен қызметкерлерге жалақының жаңа формаларына қол жетті.Оның ішінде кәсіпорынның акцияларын мен облигацияларын сатып алу, соған байланысты дивиденттер алу болып табылады.
Еңбекақы ұйымдастыру арқылы нарықтық экономиканың екі қозғаушы күштері арасында әлеуметтік әріптестік қатынастарның дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалады.
Олардың қазіргі нарықтық реалияға қаншалықты сәйкес келетіндігі еңбекақының негізгі қызметтеріне байланысты.
Соған байланысты, әрбір қызметкердің жалақысы тек кәсіпорынның нәтижесіне байланысты , салықтық органдар қарастырады деп айтуға болады.
Еңбек
қатынастарын ұйымдастырудың заңдық жарғысы,
соның ішінде еңбекақы төлеу, кәсіпорынның
ұйымдық келісім шарты
Қазақстанда және басқа да елдерде кәсіпорын есебінің басты мәселесі бұл қызметкерлерге еңбекақы төлеу тәртібі болып табылады.Еңбекақы төлеу есебі - ең қиын және жауапкершілігі зор операциялардың бірі болып табылады.Кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде ең маңызды орын алады
Кез келген кәсіпорын, өзінің қызмет түріне қарамастан, қызметкерлерге еңбекақы төлеу есебін жүргізеді.Сондықтан да осы мәселе қашанда маңыздылығы жағынан бірінші орында болатыны сөзсіз.
Кәсіпорын
қызметкерлерінің жұмысы оған дейін
жарғыда көрсетілген ставка бойынша
, ал келісім шарт бойынша жұмысқа
алынған қызметкерлерге – сол
келісімшартта көрсетілген
Кәсіпорын жұмыстың нормаларын мен бағаларын өзі қарастырып, белгілі бір жағдайларға байланысты ол өзгерілуі мүмкін.
Жоғары дәрежеге жеткеніне, жаңа рационализаторлық әдістерді ойлап тауып, пайдаланғанға, қаражатты үнемдегеніне , өте жақсы жұмыс көрсеткеніне, үздіксіз стаж және кәсіпорын алдында басқа да жақсы жағдайлар жасағаны үшін қызметкерлерге үстемақылар төленеді.
Еңбекақы (жалақы) төлеудің маңызын қызметкерлерге еңбек міндетін орындағаны үшін берілетін сыйақы деп түсінеміз.
Еңбекақы бұл – жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем.Қалыпты жағдайда еңбекақы қажетті өнімнің құнына тең және оынң ақшалай түрі болып табылады.Былайша айтуға болады – еңбекақы кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысына баратын өнім өндіруге және сатуға кеткен шығындардың бір бөлігі.
Қызметкер
үшін еңбекақы оның жеке табысының
негізгі және басты бөлігі болып
табылады.Сонымен қатар
Жалақы - атаулы және нақты болып екіге бөлінеді.
Атаулы
табыс жалақысы – бұл қызметкердің
белгілі кезеңдегі істеген
Нақты жалақы – бұл тауарлар мен қызмет көрсетуге ие болуға кететін атаулы табыс жалақысы; нақты жалақы – бұл атаулы жалақының «сатып алу жарамдылығы».
Еңбекақы төлеудің ақшалай және заттай нысандары болады. Қызметкерлерге ақшаны өзінің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін , тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы төлеудің ең басты нысаны болып табылады.Қазіргі кезде еңбекақы төлеудің заттай нысаны сирек кездеседі. Мұндай нысанды ақша айналымы бұзылған кезде, құлдырау кезінде кең қолданады.
Еңбекақы төлеудің негізгі және қосымша түрлері бар.Негізгі еңбекақыға мынадай төлемдер жатады:
1.Мерзімдік үдемелі және келісімді еңбекақы төлеу кезінде орындалатын жұмыстың сапасы немесе мөлшері үшін пайдаланатын уақыт үшін төлемдер.
2.Еңбекақының
қалыпты жағдайларынан
3.Сыйлықтар,
сыйақылар, үстемақылар және
Қосымша еңбекақы ұжымдық келісім шарттарда және еңбек туралы заңда қарастырылатын, жұмыс жасамаған уақыттар үшін төлемдер жатады:
1.Демалыс уақытына ақы төлеу;
2.Мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындалған уақыттары үшін ақы;
3.Кішкентай
балалары бар аналарға
4.Жас
өспірімдерге белгіленген
Еңбекақы төлеудің жүйесіне 3 негізгі элементтер кіреді:
1.тарифтік жүйе;
2.еңбек нормасы;
3.еңбекақы төлеу формасы.
Тарифтік жүйеге мыналар жатады: тарифтік мөлшерлеме, тарифтік тор, тарифтік коэффициенттер.
Тарифтік мөлшерлеме – бұл жұмыс уақытының бірлігі үшін (сағат, ай, күн) , біліктілігінің айқын күрделілігі, еңбек нормасын орындаған қызметкерлердың еңбекақысының белгіленген мөлшері. Тарифтік тор – бұл разрядтың коэффициентінен тұратын және оған меншіктердің ара қатынасы жазылады.
Тарифтік разряд – қызметкерлердің біліктілігін және еңбек күрделілігін қамтып көрсететін шама және тарифтік разряд әр өндірістік операциялар мен әр жұмыстарда қолданылады.
Әрбір
разряд үшін тарифтік коэффициент қалыптасқан,
ол қызметкердің тарифтік мөлшерлемесі
бірінші разрядтың
1993
жылы 1 қаңтарынан бастап, бірыңғай
тарифтік тор халық
Бірыңғай тарифтік торда 21 тарифтік разряд бар. 21 тарифтік разряд халық шаруашылығында жұмыс жасайтын барлық қызметкерлерге барады. 21 тарифтік разряд шаруашылықты жүргізу нысанына, меншік нысанына және бюджеттік ұйымдарға тәуелсіз барлық кәсіпорындарға арналған.
| 1-8 разрядтар бойынша | жұмысшыларға төлемдер |
| 6-15 разрядтар бойынша | сызықтық қызметкерлер |
| 4-11 разрядтар бойынша | орта білімді мамандар |
| 7-15 разрядтар бойынша | жоғары білімді мамандар |
| 10-20 разрядтар бойынша | кәсіпорынның басшылары, бөлімнің қызмет басшылары |
| 9-21 разрядтар бойынша | ғылыми қызметкерлер |
Жұмысшы дәрежесі халық шаруашылығының барлық саласындағы еңбек процессінде орындалған – жалпы қызметінің бағдарына болған соң, жұмыстың дәрежесі бір топта көрсетіледі.
Тарифтік торға тарифтік коэффициенттерін абсолюттік және салыстырмалы өсуі, разрядтарын саны мен диапазоны жатады.
ҚР-ның «Қазақстан Республика еңбек туралы заңы» 2000 жылдың 1 қаңтардан бастап, іске асырылған бұл заңға сәйкес жұмыс беруші мен жұмыскердың еңбек арақатынастары нормативтік, құқық актілерімен және еңбек заңдылықтары бойынша келісілген жеке еңбек шартымен және ұжымдық шартпен реттеледі.
Еңбек нормасы күнтізбелік сағаттар (күндер) немесе нормаланған сағаттар, яғни белгілі бір жұмысты атқаруға кететін уақытпен есептеледі.
Еңбекақы төлеудің жүйесін, түрін, тарифтік мөлшерлеме, жалақының, үстемақының, басқа да сыйақылардың көлемін, сонымен қатар олардың қызметкер арасында бөлінуін және тағы да басқа жағдайларды кәсіпорын өзі ескеріп, қалыптастыруы мүмкін. Ол коллективтік немесе еңбек келісім шартында қарастырылады.
| Еңбекақы төлемдерінің разрядтары | Тарифтік коэффициенттер | Еңбекақы төлемдерінің разрядтары | Тарифтік коэффициенттер |
| 1 | 1,0 | 11 | 2,05 |
| 2 | 1,07 | 12 | 2,20 |
| 3 | 1,15 | 13 | 2,37 |
| 4 | 1,24 | 14 | 2,55 |
| 5 | 1,33 | 15 | 2,74 |
| 6 | 1,43 | 16 | 2,95 |
| 7 | 1,54 | 17 | 3,27 |
| 8 | 1,66 | 18 | 3,43 |
| 9 | 1,78 | 19 | 3,67 |
| 10 | 1,91 | 20 | 3,94 |
| 21 | 4,94 |
Кәсіпорындар
өз қызметкерлеріне мынадай
1)Мерзімді (тарифтік) – қызметкер жасаған уақыт есепке алынады.
- жай;
- мерзімді – сыйақылы;
2)келісімді – қызметкер жасаған өнім саны ескеріледі.
- тікелей;
- келісімді – сыйақылы;
- келісімді –дамушы;
- көтеріңкі.
Кәсіпорында қызметкерлерге еңбекақы төлеудің екі нысаны – келісімді және мерзімді қолданылады.Олар өз кезегінде белгілі бір жүйелерге бөлінеді.Еңбекақы төлеудің жүйелері әр кәсіпорынның жұмыс жағдайлары мен технологиялық процесстер, басқадай факторларға байланысты.Еңбекақы төлеу жүйесінің мағынасында мынадай түрлері қарастырылады: қызметкерлердің жасаған жұмысының көлемі, сапасы ескеріліп сыйақы төлеу есебі.
Жалақының
келісімді нысаны қызметтің көлемдік,
сандық көрсеткіштерін жақсартуды ынталандырады.
Ол өндіріс учаскелерінде қол
еңбегінің немесе машиналы-қол еңбегінің
басымдылығы жағдайында қолданылады;
дәл осы жағдайда өндірілген көлемін
және оның сапасын арттыру және еңбек
мөлшерін белгілеудің негізділігін ескеру
қажет.
Келісімді еңбекақы мына жағдайларда қолданылады:
- тікелей жұмысшының немесе олардың бригадасының жұмыстарының сандық көрсеткіштерінің бар болуы;
- жұмысшының өндірімін немесе орындалған жұмыстың көлемін арттыру мүмкіншілігі;
- осы учаскеде жұмысшыларды өнім өндірімінің немесе орындалған жұмыстың көлемін онан әр арттыруды ынталандыру қажеттілігі;
- орындалатын жұмыс көлемінің дәлме-дәл есептеу мүмкіншілігі;
- техникалық негізделетін еңбек мөлшерін қолдану.
Еңбекақының келісімді нысаны мына төмендегі жағдаларда пайдалануды ұсынуға болмайды, егер де:
- өнімнің сапасы нашарласа;
- техникалық тәртіптемелер бұзылса;
- жабдықтарды қызмет көрсетулері нашарласа;
- қауіпсіздік техника талабы бұзылса;
- шикізаттар және материалдар артық жұмсалса.
Еңбекақының
мерзімдік нысанында
Еңбекақының мерзімдік нысаны жұмыс істеушілердің біліктілігін көтеру және еңбек тәртібін нығайтуды ынталандыру.
Еңбекақының мерзімді төлеу нысанын қолдану шарттары:
- учаскелерде жұмыс орындарында жұмыстың бас көрсеткіші болып табылатын өнімнің және жұмыстың жоғары сапалылығын қамтамасыз ету;
- жабдықтарды қызмет көрсетудегі орындалған жұмыстар, сол сияқты конвейерлік желістегі реттелмеген ырғақтар;
- жұмыстарда көп қажет ететін шығындарды есептеу және еңбекті мөлшерлеу, алайда бұл жұмыстардың өндірілімінің орындалуы негізгі көрсеткішке жатпайды.
Қызметкерлердің
әр түрлі категорияларына еңбекақы
төлеудің түрлі жүйелері қолданылуы
мүмкін. Шаруашылық қызметкерлерге еңбекақы
мерзімді түрде, ал негізгі өндіріс
қызметкерлеріне келісімді
Мысал. Еңбек келісім шартына байланысты қызметкерге оның жасаған күндері негізінде жалақы есептеледі.Штаттық кесте бойынша осы мамандықтағы қызметкердің жалақысы – 25000 тенге.
Қызметкердің тарифтік мөлшерлемесі анықталады.
2006 жылы еңбек күндерінің жалпы саны – 248.?
248 күн / 12 ай = 20,67 күн
Қызметкердің тарифтік мөлшерлемесі:
25000 / 20,67 = 1209,48 теңге.
Мерзімді – сыйақылы жүйе бойынша қызметкердің жалақысына сыйақы қосылып есептеледі.
Келісімді
жүйе бойынша қызметкерлердің
Мысал. Өнім данасының құны – 200 теңге. Нормасын асып шығарған қызметкерлерге жалақысының 10% түрінде сыйақы есептеледі. Жұмысшы 100 дана жасап шығарды.
Жалақы есебі:
Жалақысы – 20000 теңге (200 теңге * 100 дана);
сыйақы – 2000 теңге ( 20000 теңге * 10%);
Сонымен, еңбекақысы - 22000 теңге. (20000 теңге + 2000 теңге).
Келісімді-прогрессивті жүйе бойынша жұмысшы жалақысы өнімді нормадан асып шығарғаны үшін арта түседі.
Мысал.
Негізгі өндіріс
Жалақы есебі: (127500 теңге * 15% = 19125теңге).
Еңбекақы төлеудің көтеріңкі нысаны бірге жасаған жұмысты сағат бойынша есептеу арқылы есепке алынады.
Мысал.
Үш адамнан тұратын бригада
Жалақы есебі:
Әр жұмысшының жалақысы оның жасаған сағат санына байланысты есептелінеді.
| Қызметкердің аты-жөні | Сағат саны | Жалақысы, теңге | Жалақы есебі |
| Жәрдемов А. | 120 | 18000 | 60000 теңге / 400 сағ. * 120 сағ. |
| Мүсірепов Н. | 150 | 22500 | 60000 теңге / 400сағ. * 150 сағ. |
| Есенов А. | 130 | 19500 | 60000 теңге / 400 сағ. * 130 сағ. |
| Барлығы: | 400 | 60000 |
Еңбекақы
төлеудің келісім нысаны барысында,
есеп жүргізу, құжаттар негізінде
жүргізіледі.
1.2.Еңбекақы
есебінің нормативті
базасы
Кәсіпорындағы барлық қызметкерлердің еңбектік қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен қарастырылады.Соған байланысты әр кәсіпорын еңбекақы есебінің жүйелерін, нысандарын, тарифтік мөлшерлемелердің көлемдерін, түрлі төлемдерді және т.б. қадағалап, құрастыра алады. Бірақ, кәсіпорынның өз еңбек жағдайлары заңда қарастырылған жағдайладан кем болмауы тиіс.
Еңбекақы есебінің негізіне заңмен көрсетілген минималды еңбекақы алынады.Бұл сомадан төмен жалақаны кәсіпорын өз қызметкеріне төлей алмайды.
Кәсіпорын қызметкерінің еңбекақы есебін дұрыс жүргізу үшін бухгалтерде барлық құжаттар болуы тиіс, яғни сол құжаттарда қызметкер есепті айдың ішінде қанша сағат, немесе қандай көлемде жұмыс атқарғаны көрсетілуі тиіс.

- Кәсіпорын дамуындағы дағдарыс
- Кәсіпорынды басқару
- Кәсіпорынды басқарудағы қаржының ролі және оны дамыту жолдары
- Кәсіпорын қаржылық жағдайы
- Кәсіпорын қаржысын басқару
- Кәсіпорын қаржысын басқару
- Кәсіпорын қаржысының экономикалық мәні және ұйымдастыру негіздері
- Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
- Кәсіпорын басқару
- Кәсіпорын бизнесін бағалауда қолданылатын түсініктер
- Кәсіпорындағы intranet-қосымшаларының ерекшеліктері және оларды жобалау, құру
- Кәсіпорындағы бюджеттеу тиімділігі
- Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару «Алматы кілем» АҚ
- Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері