Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері
М А З М Ұ Н Ы
бет | |
Кіріспе |
5 |
1. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері |
7 |
1.1 Қысқа мерзімді |
7 |
1.2 Бюджетпен және банк ұйымдарымен есеп айырысу операцияларының негізі |
11 |
1.3 Кәсіпорынның қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарының теориялық негіздері |
21 |
2. «Балина» ЖШС-нің қысқа мерзімді міндеттемелер есебін ұйымдастыру |
29 |
2.1 Кәсіпорынның жалпы
экономикалық көрсеткіштері |
29 |
2.2 Бюджетпен және бюджеттен тыс мекемелермен бухгалтерлік есепті ұйымдастыру |
39 |
2.3 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі |
49 |
2.4 Жұмысшылар мен қызметкерлерге
еңбекақы төлеу есебін |
53 |
3. Қысқа мерзімді |
58 |
3.1 Кәсіпорынның аудиторлық қызмет теориясының негіздері |
58 |
3.2. Қысқа мерзімді міндеттемелердің аудиті |
61 |
3.3 Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жақсарту жолдары |
66 |
Қорытынды |
75 |
Пайдаланған әдебиеттер тізімі |
77 |
Қосымшалар |
77 |
КІРІСПЕ
Еліміздің даму кездерінің қай сатыларында болмасын дамудың объективті экономикалық заңдылықтарын анықтау және ол заңдылықтарды пайдалану шараларын дұрыс белгілеу үшін есеп жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын бақылау үшін қолданылады.
Қаржылық есептілік, аудиттің
маңызды объектісі болып
Елімізде 1997 жылы 1 қаңтардан бастап 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары басшылыққа алынып келді, 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарын қабылдадық. 2004 жылы бухгалтерлік есеп методология департаменті қаржылық есеп беру ұлтық стандарты жасақталынды. Қаржылық есеп бере екі бөліммнен түрады. Бірінші бөлім жеке кәсіпкерлер және орташа кәсіпорындарға арналған, екінші бөлімі Қазақстан территориясындағы үлкен кәсіпорындарға және шетелдік серіптестік ұйымдарға арналған. 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қаржылық шаруашылық қызметке ие Қазақстандағы кәсіпорындар қаржылық есеп берудің ұлттық стандарттарына көшті.
Кәсіпорын қаржылық – шаруашылық қызметті жүргізу кезінде қызқа мерзімді міндеттемелері пайда болады. Себебі, бюджетпен, банктік ұйымдармен есеп айырысу, жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу, жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу сияқты міндеттемелері туындайды.
Қысқа мерзімді міндеттемелерге 12 айдың ішінде өтелуі тиіс кредиторлық берешектер жатады.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қыскқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.
Экономиканың қай саласындағы болмасын шаруашылық субъектілер мен еңбек ұжымдары шикізат пен материалдарды ұқыпты жасауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, өндірісті ұлғайтуға, өндіретін өнімнің өзіндік құнын төмендетуге және де қоршаған ортаны сақтап, оған зиян келтірмеуге мүдделі.
Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаты – Астана қаласындағы «Балина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің материалдары негізінде қысқа мерзімді міндеттемелердің бухгалтерлік есепбін ұйымдастыруды және талдаудауды тану.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей сұрақтар қарастырылды:
1. Қысқа мерзімді
2. Несие операцияларының негізі және оның түрлері;
3. Бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру;
4. Еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілуі;
5. Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;
6. Қысқа мерзімді міндеттемелер аудитінің жүргізілуі;
7. Кәсіпорындағы қысқа
мерзімді міндеттемелердің
Дипломдық жұмыс: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылғын әдебиеттер тізімінен тұрады. Әр бөлім бөлімшелерден құралған:
бірінші бөлімде, кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерінің ұйымдастырылу тәртібі, мазмұны көрсетілген;
екінші бөлімінде, бюджетке түсетін салық және салық салу түрлері және оның есебін ұйымдастыру, еңбекақы түрлері және есебінің жүргізілу, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуын ұйымдастыру;
үшінші бөлімде, ағымдағы міндеттемелердің аудиті, аудиторлық тексеру түрлері және міндеттемелердің есебін жетілдіру жолдары көрсетілген.
І. Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері
1.1 Қысқа мерзімді міндеттемелердің экономикалық мазмұны
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады. Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы – мердігерлердің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегң үшін, сондай - ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндетемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай – ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейкесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің міндеттемелер деп аталынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.
Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышкер) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартыну (бас тарту) ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Міндеттеме өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу (жою) экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражаттар) ағынына әкеп соғады. Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді. Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс жүзіне асырылады:
- ақшалай қаражатпен төлеу;
- активтерді табыстау;
- қызмет ұсыну;
- міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;
- міндеттемені капиталға аудару;
Міндеттеме ағымдық (қысқа мерзімді кредиттік берешек ол операциялық кезеңдерде немесе есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтеледі) және ұзақ мерзімді (төлеу мерзімі бір жылдан көп) болып жіктеледі.
Ағымдағы міндеттемелерді ашып көрсеткен кезде, кредиторлардың талабы бойынша төленуге тиісті міндеттемелер мен есепті күннен кейінгі бір жылдың ішінде өтелуге тиісті қысқа мерзімді міндеттемелердің бөлігін қоса алғанда, мынадай баптар ашылуы тиіс: қысқа мерзімді несиелер; салықтар бойынша берешек; төлеуге арналған дивиденттер; жұмысшылар мен қызыметкерлерге еңбекақы төлеу; жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.
Кәсіпорын өз өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық – техникалық базасын жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен келісім шартқа отырады.
Өнім жеткізушілермен есеп айырысу есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот – фактурасы немесе төлем талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.
Келіп түскен шот – фактураларды алдымен «Келіп түскен жүктер есеп журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне қарай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журнал бойынша сондай – ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдықтау бөлімінің тауарлы – көлікті ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне қарай жазып отырады. «Ескерту» бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тарту немесе ішінара акцептелген сомасы немесе басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот – фактурасы ғана жазылады.
Есеп журналы бойынша тіркеу номерін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үшін кезең бойынша жүреді.
Бірінші кезеңде журналға
акцептелген шот – фактура
және басқа да есеп айырысу құжаттары
келіп түскен кездегі жазулар
жазылады. Бұл ретте тіркеу нөмірі
мен төлем тапсырмаларының
Екінші кезеңде журналда қоймадан бухгалтерияға келіп түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы – көліктік құжаттары, материалдар қабылдау туралы актілері) негізінде жазылады. Журналда осы құжаттардың номерлері келіп түскен құнділіқтардың есептік немесе келісім шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны және тауарлы материалдық құндылықтар немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекелеген шоттар шегінде төлем талап – тапсырмаларына сәйкес алынған нақты құны бойынша көрсетіледі.
Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс. Егер жүктерді қабылдау кезіндегі жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бұзылуы анықталады. Осы кезде келісім – шарт бойынша талап сомасы 1% мөлшерінде өтеледі.
Сондай – ақ журналда жұмыстар мен қызметтер берушілермен есеп айырысулар есебі бойынша операциялар да көрсетіледі. Жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін берілген шот – фактура мәліметтері журналға жазылған кезде, оның не үшін берілгені көрсетіледі.
Үшінші кезеңде журналда шот – фактурасының төленгені көрсетіледі. Төлем туралы белгілер банктегі есеп айырысу және басқа да шоттар бойынша үзінділері (көшірмелері) бойынша расталады. Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептелінеді және төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.
Жабдықтаушыламен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдама есептің құрылымы негізінен жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуын жедел бақылау үшін мына төмендегі топтардан қалыптасады, атап айтсақ: төлеу мерзімі келмеген есеп айырысулар жөніндегі жабдықтаушылардың құжаттарынан; фактураланбай қалған жабдықтардан; мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша жабдықтаушылардан.
Талдамалық деректер вексельдер бойынша берешектерді анықтама түрінде көрсетеді: төлем мерзімі келмеген, төлем мерзімі өткен вексельдер бойынша, жолдағы материалдар.
Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың есебі. Жалақының түрлері, еңбекақы төлеудің нысандары мен жүйелері.
Жалақы екі түрге бөлінеді:
- негізгі;
- қосымша.
Негізгі – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдерінің саны мен сапасы үшін белгіленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетін жалақы. Негізгі жалақының құрамына кіретіндер:
А) жұмыс істеген уақытына тарифтік ставкалар, қызметақы, кесімді бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;
Б) қызметпен өткерген жылдар үшін үстеме;
В) жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесімді ақы алушыларға қосымша қызмет;
Г) кесімді ақыалушыларға үдемелі ьағалаулар бойынша қосымша ақы;
Д) ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәртібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
Е) мерзімнен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;
Ж) түндегі жұмыс үшін қосымша ақы;
И) жұмысшының кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер.
Қосымша – бұл қызметкердің кәсіпорында жұмыс жасамаған уақытына ҚР заңдарына сәйкес есептелетін жалақы.
Қосымша жалақының құрамына кіретіндер:
А) балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзіліс уақытына төлем;
Б) жасөспірімдердің жеңілдік сағаттарына төлем;
В) мемлекеттік және қоғамдық міндеттемелерді орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
Г) негізгі және қосымша демалыстар уақытына төлем;
Д) пайдаланылмаған демалыс үшін өтемақы;
Е) шыққанда берілетін жәрдемақы.
Қызметкерлер жалақыдан басқа әлеуметтік сақтандыру қаражаттары есебінен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыны алады.
Негізгі және қосымша жалақылар жалақы қорын құрады. Жалақы қорының құрамына жалақының барлық түрлері, әртүрлі сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердің жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептелген жеке әлеуметтік жеңілдіктер қосылады.
Кәсіпорынның жоспарымен белгіленген, жалақы төлеу шығыстарының сомасы жалақының жоспарлы қоры деп аталады. Ал есепті кезеңде қызметкерлерге нақты төленуге тиіс жалақының сомасы кәсіпорындағы жалақының есептік қоры деп аталады.
Бухгалтерлік есепте еңбекақы төлеудің 2 нысаны бар:
1 – нысаны – мерзімдік;
2 – нысаны – кесімді.
Мерзімдік нысан кезінде еңбекақы төлеу жұмыспен өтелген уақыттағы тарифтік ставкалар немесе қызметақылар бойынша жүргіледі. Еңбекақы төлеудің мерзімдік нысаны мынадай жағдайларда қолданылады:
- Жұмысшы өнім шығарудың артуына тікелей әсер ете алмайды;
- Кесімді бағалауға қажетті шығарылымның көрсеткіштері толық емес;
- Жұмыс уақытын пайдалануға қатаң бақылау ұйымдастырылған, нақты жұмыспен өтеген уақытына қатаң есеп жүргізіледі;
- Жұмысшыларды дұрыс тарифтендірген кезде, яғни жұмысшының біліктілігі орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес келуі;
- Қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін.
Мерзімді еңбекақы жай және мерзімді – сыйақылар болып бөлінеді.
Жай мерзімдік еңбекақы тек жұмыспен өтелген уақытпен және қызметкердің тарифтік ставкасымен немесе қызметақысымен анықталады. Практикада осы табыстарды есептеудің үш түрлі әдіс қолданылады:
А) сағаттық;
Б) күндік ақы;
В) айлық ақы.
Мерзімдік – сыйақылық еңбекақы кезінде тек нақты жұмыспен өтелген уақыт қана ескеріліп қоймай, сондай – ақ еңбектің соңғы нәтижесі ескеріледі.
Кесімді еңбекақы шығарған өнімін ескеруге болатын жұмыскерлерге ғана қолданылады. Бұл нысанда еңбекақы төлеудің 5 жүйесі бар:
- Тікелей кесімді жүйе;
- Кесімді – сыйақылық жүйе;
- Ілгерішіл – кесімді жүйе;
- Жанама – кесімді жүйе;
- Аккордық жүйе.
Тікелей кесімді төлемде
жалақының мөлшері тек
Кесімді – сыйақылық төлемде кесімді жалақы сомасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткезгені үшін сыйақы есептейді.
Ілгерішіл – кесімді төлемде өндірілген өнімді белгіленген нормалар шегінде тікелей бағалаулар бойынша төлем көзделген. Ал нормадан тыс бұйымдарды шығару көтермеленген бағалаулар бойынша төленеді.
Жанама – кесімді жүйе жабдықтарға және жұмыс орындарына қызмет көрсетуші жұмыскерлердің еңбек өнімділігін өсіруге ынталандыру үшін қолданылады. Мұндай жұмыскерлердің еңбегі олар қызмет көрсететін негізгі жұмысшылар өндіретін өнімнің есебінен жанама – кесімді бағалаулар төленеді.
Аккордтық жүйеде орындалатын жұмыстың көлемі алдын ала белгіленіп, бағалау белгіленеді. Жұмыс орындалу мерзімін көрсету арқылы бағаланады. Жұмысты орындауға наряд жазылады да, онда табыстың жалпы сомасы, жұмысты аяқтау мерзімі, көрсеткіштер мен сыйақының мөлшері көрсетіледі. Бұл құрылыс саласында жиі қолданылады.
1.2 Бюджетпен және банк ұйымдарымен есеп айырысу операцияларының негізі
Салық міндеттемесі мемлекет
алдындағы әрбір салық
Салық кодексі республикалық және жергілікті бюджетке түсетін салықтарды, алымдар мен салымдарды және басқа да міндетті төлемдерді белгілейтін, Қазақстан Республикасы заңдарымен реттелетін кеден баж салығы, алымы мен төлемдері мәселелерін қоспағанда, Қазақстан Республикасындағы барлық салықтық қатынастарды реттейтін бірден – бір заңды құжаты болып табылады.
Салық кодексі салықтардың
толық тізімін, оларды есептеу тәртібін,
салық салу объектілерін, салықтың
негізгі түрлері бойынша
Салықтарды, алымдарды және басқа да міндетті төлемдерді енгізу және аудару немесе тоқтату құқығы Қазақстан Республикасы заң органдарының өкілеттілігіне жүктелген. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.
Салық базасы деп – құқықтық, физикалық базасын айтады және салық салу объектісіне басқа да сипаттамасы бойынша салық салуға жатуы мүмкін. Салық базасының негізінде салық сомасы және басқа да төлеулердің мөлшері анықталады.
Салық мөлшерлемесі –
салық базасының өлшем
Салық кезеңі – бұл уақыт кезеңі, әрбір салық түріне және салық кодексінің басқа да міндетті төлемдеріне қолайлы етіп белгіленеді, сол кезең біткеннен кейін салық базасы анықталынып бюджетке төленуге жататын салық басқа да міндетті төлемдерде есептелінеді.
Қазақстан Республикасындағы салық заңы – мүліктің кірістелген және тауарды сату мақсатында жөнелтілген, қызметтің көрсетілген, жұмыстың атқарылған кезеңімен есептелген шығысы мен төленген табысының кезеңіне қарамастан, салықтық есептің әдісіне орап есептеу әдісі бойынша құрылады.
Қазақстан Республикасында әрекет етіп тұрған салықтар мен басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдердің сызбасы төменде көрсетілген.
Корпоративтік табыс
салығының салық салынатын
Салық салынатын = Жылдық табыс – Шегерімдер
табыс жиынтығы
Жылдық табыс жиынтығына: жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және де басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алуына жататын ақшалай немесе басқа қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелей, не жанама түріндегі шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді.
Кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерге: өнімді сатқаннан түсетін кірістер; ғимараттарды, қондырғыларды сату кезінде құнының өсуінен, сондай – ақ амортизациялауға жатпайтын активтерден инфляцияға, олардың құндарына түзетулерді есепке алу барысында түскен кірістер, соның ішінде: проценттер бойынша кіріс; дивиденттер; ақысыз алынған мүліктер мен ақша қаражаттары; мүліктерді жалға беруден түсетін кірістер; рояльти; мемлекеттен және басқа да заңды тұлғалардан алынған жәрдем ақшалар; кәсіпкерлік қызметтен немесе оның қызметін шектеуден алынған кірістер; қарыздарды есептен шығарудан түсетін кірістер және тағы басқалары жатады.
Кесте 1.
Корпоративтік табыс салығының көрсеткіштері
Корпоративтік табыс салығын төлеушілер |
Салық салынатын объектілер |
Салық мөлшер-лемесі |
Салықтық кезең |
Заңды тұлға, ҚР Резиденттері |
Салық салынатын табыс |
30 % |
Календар-лық жыл |
Төлем көзінде алынатын табысқа салынатын салықтар |
15% | ||
Заңды тұлға, ҚР резиденттері, олар үшін жер өндірістің негізгі құралы б.т. |
Салық салынатын табыс |
10% |
Календар-лық жыл |
ҚР тұрақты ұйымдар арқылы, қызметін жүзеге асыратын резиденттер емес заңды тұлғалар |
Салық салынатын табыс |
30% |
Календар-лық жыл |
Таза табыс |
15% | ||
ҚР-да төлем көзінде табылатын резиденттер емес заңды тұлғалар |
Төлем көзінде алынатын табысқа салынатын салықтар: марапаттау қатысу үлгісінен алынған табыстар, дивиденттер |
15% |
Календар-лық жыл |
тәуекелділіктен сақтандыру
келісім шарты бойынша |
10% | ||
тәуекелділіктен қайта сақтандыру келісім шарты бойынша төленетін сақтандыру пайдасы; |
5% | ||
халықаралық тасымалдауда транспорттық қызмет көрсеткеннен түскен табыс; |
5% | ||
басқа да табыстар; |
20% |
Төлем көздерінен ұсталатын салықтар. Төлем көздерінен ұсталатын салықтар 15% мөлшерлемесі бойынша төлем көзінен ұсталатын табыстардың қатарына:
- дивиденттер;
- депозиттер бойынша марапаттаулар (жеке тұлғалардың банкке және ұйымдарға салған салымдары бойынша төленетін депозиттері және ҚР ҰБ лицензиясын алып банктің кейбір операцияларын жүзеге асырғаны үшін төленетін депозиттері кірмейді);
- ұтыс;
- заңды тұлғалардың төлейтін марапаттау сомасы (банк – резидент, зейнетақы жинақтау қоры, төлейтін марапаттау сомасы кірмейді);
- бағалы қағаздарды шығарғаны үшін төленетін марапаттау сомасы.
Егер де ұтыстардан, марапаттаудан табыс салығы ұсталса және оларды растайтын құжаттары болса, онда олар корпоративтік табыс салығының зачетына жатқызылады.
Резидент емес заңды тұлғалардың таза табысынан 15% мөлшерлемесінде салық ұсталынады. Олардың таза табысы салық салынатын табыс пен корпоративтік салық сомасының айырмасынан шығады.
Төлем көзінен алатын
табысына салынатын салықтар. Төлем
көзінде салынатын салық
- еңбеккерлердің табысы. Төлем көзінде табыс салынатын, еңбеккерлердің табысына жұмыс берушілердің ақшалай немесе заттай нысанында есептеген жалақысы жатады, оған әрекет етіп тұрған салық заңында қарастырылған, салық шегерімін азайтатын самасы, материалдық олжасы, әлеуметтік және материалдық олжасы, әлеуметтік және материалдық игілік тағы басқа табыстары кіреді.
Қосылған құн салығы. Бұл өндіріс процесіне және тауардың (жұмыстың, қызметтердің) айналысына қосылған, сату айналысына салынатын құн бөлігінің бюджетке аударылатын, қосылған құны салығыболып табылады, сондай – ақ ҚР – ның аумағына тауарларды импорттау кезінде жасалатын аударымдар. Бюджетке төлеуге жататын қосылған құн салығы тауар айналымына қосылған құннан, орындалған жұмыстан, көрсетілген қызметтен ұсталынады. Қосылған құн салынатын объектілері болып, салық салынатын импорт болып табылады.
Сондай – ақ еңбекақы заттай түрде төленген жағдайда берілетін тауарлардың құнына қосылған құнға салынатын салық енгізіледі.
Салықтан босатылған тауарлардан басқа, сырттан әкелінетін тауарларға салық салынады. Қазақстан Республикасының қатысуымен жасалған халықаралық шарттарды түсті және қара металлдардың сынығын қоспағанда, тауарлардың экспортына нольдік мөлшерлеме бойынша салық салынады.
Қосымша құнға салынатын салықтың мөлшерлілігі салық салынатын айналымның 12% құрайды.
Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге жататын қосылған құн салығының сомасы сатылған тауарға есептелген ҚҚС сомасы мен алынған тауар үшін төлеуге жататын ҚҚС сомасының арасындағы айырмасынан шығады.
ҚҚС төлеушінің тауарды
сатуы бойынша жасаған

- Кәсіпорында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру
- Кәсіпорын дамуындағы дағдарыс
- Кәсіпорынды басқару
- Кәсіпорынды басқарудағы қаржының ролі және оны дамыту жолдары
- Кәсіпорын қаржылық жағдайы
- Кәсіпорын қаржысын басқару
- Кәсіпорын қаржысын басқару
- Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
- Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
- Кәсіпорын басқару
- Кәсіпорын бизнесін бағалауда қолданылатын түсініктер
- Кәсіпорындағы intranet-қосымшаларының ерекшеліктері және оларды жобалау, құру
- Кәсіпорындағы бюджеттеу тиімділігі
- Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару «Алматы кілем» АҚ