Кәсіпорындағы бюджеттеу тиімділігі
КІРІСПЕ
Нарықтық жағдайда өзінің қызметінен тұрақты табыс алатын кәсіпорын жетілген болып табылады. Бұл міндет – тұрақты бюджеттеудің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін. Белгілі болғандай, нарық субъектілерінің қызметін үйлестіру бағаға байланысты, тек олар ғана шаруашылық байланысқа қатысушыоар үшін өндірістің әдістері мен тиімді көлемін анықтайды. Әрбір кәсіпорын өзінің әрекетін бағалық механизмге, ұсыныс пен сұраныстың заңына бағындыру керек. Өйткені, оны кейінге қалдыру мүмкін емес. Бірақ, әрбір кәсіпорынның ішкі құрылымында баға механизмі әкімшіліктің, менеджерлердің және басқа да мандардың қызметімен жасалады. Сондықтан, кәсіпорын қызметі жоспарлы шешім қабылдау арқылы реттеледі. Осы ұстанымнан жоспарлауды кәсіпорынның ішкі қызметінде баға мен нарықты алмастыратын және бюджет жасау жолымен жүзеге асырылатын механизм ретінде қарастыру керек.
«Бюджет» түсінігі ұлттық экономика үшін ғана емес, сондай – ақ жеке кәсіпорын үшін де қолданылады.Сонымен қатар, бюджет түсінігімен кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ағымдағы бюджеттік кезеңге (әдетте кварталға немесе жылға) жоспары түсіндіріледі. Бюджет – жоспардың сандық сипаты, координациялануы мен орындалуын бақылау құралы.
Бюджеттендіру – ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңызды басқарушылық кезеңі.Бюджеттендіру жүйесінің оперативті басқарудың технологиясы екені сөзсіз. Сонымен бірге ол кәсіпорын міндеттеріне және стратегиялық мақсаттарына сәйкес құрылуы тиіс. Демек, бюджеттендіру шегінде есептік кезеңде қызметті бағалау үшін есептілік жасауға керекті ақпарат жинақталуы қажет. Тоқсан немесе ай бойынша нәтижелердің стратегиялық мақсаттарға сәйкестігін басқару үшін бюджеттік баптар мен бюджеттік модельдің аналитикалық бөлімін мақсатқа қол жеткізуге әсерін тигізетін факторлармен сабақтастыру керек.
Кәсіпорындағы бюджеттеу - кәсіпорындағы барлық деңгейінде бизнесті басқару технологиясы,оның стратегиялық мақсаттарына жетуі әрбір жылға бюджеттерді (смета) құру жолымен қамтамасыз етіледі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі – емдік дәрі – дәрмектерді өндірумен, дәрі – дәрмектердің, этил спиртінің сапасын бақылаумен, фармацевтикалық дәрілерді, емдік заттарды сатумен, дәрілік шикізатты дайындау және сатып алумен айналысатын «Химфарм» АҚ болып табылады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты
- кәсіпорындағы бюджеттеудің тиімділігінің
негізгі теориялық
Дипломдық жұмыстың қойылған мақсатына сәйкес келесідей міндеттер қойылған:
- кәсіпорындағы бюджеттеу: түсінігі, қызметтерін қарастыру;
- кәсіпорын бюджетінің негізі түрлері және оларды құру процестерін қарастыру;
- кәсіпорындағы бюджеттеудің тиімділігі: мәні, көрсеткіштерін қарастыру;
- «Химфарм» АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
- «Химфарм» АҚ- ғы бюджеттеудің құрылымын көрсету;
- «Химфарм» АҚ- ғы бюджеттеудің тиімділік көрсеткіштерін талдау;
- бюджеттеу тиімділігін материалды ынталандыруды қарастыру.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімі кәсіпорындағы бюджеттеудің тиімділігінің негізгі теориялық аспектілері деп аталады. Бұл бөлімде кәсіпорындағы бюджеттеудің түсінігі, түрлері, қызметі және тиімділік көрсеткіштері қарастырылған.
Екінші бөлім «Химфарм» АҚ–ғы бюджеттеу тиімділігінің ерекшеліктері деп аталады.Осы бөлімде «Химфарм» АҚ – ның жалпы сипаттамасы және техника-экономикалық көрсеткіштері,бюджеттеудің құрылымы туралы жазылған.
Үшінші бөлім кәсіпорындағы бюджеттеу тиімділігін арттыру жолдары деп аталады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында ғалымдардың еңбектері, кәсіпорын мәліметтері пайдаланылған.
1.КӘСІПОРЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТЕУДІҢ
ТИІМДІЛІГІНІҢ НЕГІЗГІ
1.1 Кәсіпорындағы бюджеттеу: түсінігі, қызметтері
Бюджет – бұл жоспар, негізінен қысқа немесе орташа мерзімді болып келіп, соның мәліметтерін ағымдық және шұғыл басқарушылық шешімдерді қабылдау барысында қолданылады. Сол себепті «бюджеттеу сметасы, жоспарлау жүйесі» деген бюджеттеу түсінігі қолданылады. Белгілі бір іс-шараларды болжамдау – бұл жоспарлау, ал бюджеттеу – бұл осы жоспарлаудың қаржылық сипаттамасы, жоспарланған іс әрекеттерді қаржылық көрсеткіштерге ауысуы деп есептеуге болады.
Бюджет – жоспардың сандық сипаты, координациялануы мен орындалуын бақылау құралы.Бюджеттер мекеме бойынша жалпылай да, оның бөлімшелері бойынша да жасалуы мүмкін. Негізгі бюджет (master budget) өндірісті, сатуды, тарату мен қаржыландыруды қамтиды. Бұнда болашақ түсімдер, ақша ағымдары мен жоспарлар сандық сипатта қарастырылады. Бюджеттер менеджерлердің қызметінде басты рөл атқарады.
Бюджеттеудің мақсаттары:
- Ұйымнын мақсаттарынын орындалуын қамтамасыз ету.
- Әрбір жылдың операцияларын жоспарлау.
- Ойлары мен жоспарлары жөніндегі ақпарат.
- Бөлімшелердің іс-әрекетін үйлестіру.
- Жұмысшылардың мативациясы.
- Басқару.
Жоспарлау деп қызмет мақсаттарын белгілі-бір кезең ішінде қол жеткізуге қажет сандық және сапалық көрсеткіштер ретінде көрсетуді айтады.Жоспарлау кезеңі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:
- Оперативті (ағымдағы) жоспарлау – біржылға дейінгі мерзім;
- Тактикалық (орта мерзімді) жоспарлау – 1-3 жылға дейінгі мерзім;
- Стратегиялық (ұзық мерзімді) жоспарлау – 3 жылдан артық мерзімге. Кәсіпорында жоспарлау жүйесін енгізу келесі міндеттерді жүзеге асыруға көмектеседі:
- Кәсіпорындағы ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруға;
- Қызмет кооржинациясын қамтамасыз етеді және жеке бөлімщелер мен жалпы кәсіпорынның мүдделерінің өзара байланысын орнатады;
- Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нысандарын талдауға, жоспарлауға, бағалауға мүмкіндік жасайды және қабылданған басқарушылық шешімдердің негіздемесін дамытуға;
- Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, қаржылық жағдайды көтереді.
Бюджеттендіру – ресурстарды ұтымды пайдаланудың маңызды басқарушылық кезеңі. Бюджеттендіру жүйесінің оперативті басқарудың технологиясы екені сөзсіз. Сонымен бірге ол кәсіпорын міндеттеріне және стратегиялық мақсаттарына сәйкес құрылуы тиіс. Демек, бюджеттендіру шегінде есептік кезеңде қызметті бағалау үшін есептілік жасауға керекті ақпарат жинақталуы қажет. Тоқсан немесе ай бойынша нәтижелердің стратегиялық мақсаттарға сәйкестігін басқару үшін бюджеттік баптар мен бюджеттік модельдің аналитикалық бөлімін мақсатқа қол жеткізуге әсерін тигізетін факторлармен сабақтастыру керек.Бұл мақсаттар үшін көрсеткіштердің үйлестірілген жүйесін немесе тиімділікті көрсеткіштерінің басты жүйесін (key performance indicator - KPI) қолдануға болады.
Солардың көмегімен
Ол үшін:
- Бюджет моделіне тиімділіктің негізгі көрсеткіштерін енгізу және оперативті басқару жүйесін стратегиялық менеджментпен байланыстыру арқылы бюджеттендіру әдістемесін жетілдіру;
- Бағдарламалық қамтамасыз етуді түзеу немесе сатып алу мүмкіндігін есере отырып, бюджеттендіру жүйесін қолдаумен байланысты еңбек шығыстарын оңтайландыру;
- Кәсіпорын мақсатында қызметкерлердің жеке мүдделерін интеграциялау арқылы бюджеттендіру негізінде мотивация жүйесін дамыту қажет.
Кәсіпорындарда бюджеттік модель басқару жүйесіне тәуелді. Бюджеттендіру жүйесін құру өте күрделі процесс.Алдымен, бюджеттендіру мақсаттары мен міндеттері анықталуы қажет. Олар келесілерге негізделеді:
- кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық жоспарларды жасау мен бақылау;
- шығындарды басқару мен бақылау;
- кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін координациялау;
- коммуникациялар, яғни жоспарларды әр түрлі деңгейдегі басшыларға жеткізу;
- кәсіпорын өтімділігінің жаңдайын бақылау;
- жоспарланған және алынған нәтижелердің салыстырмалы анализі;
- табыс нормасы бойынша өнімдердің жеке түрлерінің тиімділігін талдау;
- дебиторлық жіне кредиторлы міндеттемелерді бақылау;
- ақша ресурстарындағы қажеттіліктер мен қаржылық ағымдарды оңтайландыруды анықтау;
- өндіріс циклдегі процесстердің ұзақтылығын бақылау;
- жалпы активтердің табыстылығын бақылау;
- инвестициялардың табыстылығын бақылау;
- бизнестің өркендеуін бақылау.
Жеке менеджерлер
Кәсіпорындағы бюджеттеу - кәсіпорындағы барлық деңгейінде бизнесті басқару технологиясы,оның стратегиялық мақсаттарына жетуі әрбір жылға бюджеттерді (смета) құру жолымен қамтамасыз етіледі.
Сметалық кезең – уақытша кезең, уақыт кезеңіне дайындалатын бюджет және де бақылау пәні болып табылады.Сметалык кезең мыналарға тәуелді:
- Бизнестің табиғатына.
- Бөлімшелерді дайындауға арналған бюджет.
- Негізгі бақылау - әдетте жыл айға, квартлға бөлінеді.
Бюджеттің нысандары:
- Негізгі (MASTER) бюджет (қатты)
- Икемді бюджет
- Дүркінді және сырғымалы бюджет
- Өсу бюджеті (incremental budget)
- Үстеме бюджет (add-on budget)
- Скобтты бюджет (bracket budget)
- Модифицировандық бюджет (stretch budget)
- Мақсатты бюджет (target budget)
- Стратегиялық бюджет (strategic budget)
- Нөлдік нүктесіндегі бюджет
Өндірістік қызметті басқару жүйесі кәсіпорынның өндірістік міндеттер мен мақсаттарды жүзеге асыруын қамтамасыз ететін құрылымдық элементтер мен өзара байланысты функциялардың жиынтығын білдіреді.Өндірістік қызметті басқару ең алдымен жиынтық функциялар арқылы жүзеге асырылады. Ол көп қырлы әрі әр түрлі объектілерді, қызмет түрлерін, міндеттерді және т.б. қамтуы мүмкін. Бұл қатынаста басқару функциясын мына белгілер бойынша жіктеуге болады:
- ұйымның алдына қойған мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін операцияларды жоспарлау;
- әр түрлі қызмет түрлерін және бөлімшелерді үйлестіру.
- тұтас ұйым бойынша топтардың және жеке қызметкерлердің мүдделерін бір арнаға салу;
- өз жауапты орталықтардың мақсаттарына жеткізу үшін барлық деңгейлердегі басшыларды ынталандыру;
- ағымдағы қызметті бакылау және жоспарлы тәртіпті қамтамасыз ету;
- жауапты орталықтар мен оның басшыларының жоспарды қалай орындағанына баға берудің негізі;
- менеджерлерді оқыту құралы;
- ақпарат және басқару.
Жоспарлау - маңызы зор жоспарлы шешім әдетте бағдарламаны әзірлеу барысында жасалады, ал бюджетті әзірлеу процесі мәні бойынша осы жоспарларды нақтылаушы болып табылады.Жылдық бюджетті жасау процесі алдағы кезең жоспарларын нақтылай түседі, өйткені басшылар алдағы кезең жоспарлары нақтылыққа айналуы үшін ретімен толық (подробные планы) жоспарлар жасауы керек. Бюджетті жасау келесі кезендердегі қызметгердің ықтимал өзгерістерін назарға алып, алдағы кезеңнің операцияларын жоспарлауды білдіреді және келешекте кездесуі мүмкін өзгерістердің шарттарын жұмсарту үшін бүгінгі күннен кешіктіруге болмайтын шараларды анықтайды.Күнтізбелік-жоспарлы нормативтердін, негізінде әзірленетін бұйымдар мен бөлшектер шығарудың бағдарламасы озық техника мен технологияларды, кәсіпорынның өндірістік қуатын, еңбек өнімділігін арттыратын материалдық және моральдық ынталандыруды толық пайдалануды қарастырады.
Үйлестіру - әрбір жауапты орталықтың қызметі басқа жауапты орталықтардың жұмысына байланысты болып, бір-біріне әсерін тигізіп отырады. Сондықтан да жеке қызмет түрлерінің бюджетін әзірлеу процесінде ұйымның ортақ мақсатына ұмтылатын бөлімшелердің ұйымшылдықпен, яғни келісімге келіп жұмыс істеулерін үйлестіреді. Өндіріс жоспары маркетинг бөлімінің жоспарымен үйлестірілуі аса маңызды, яғни жоспарланған сату көлеміне сай өнім өндіру аса қажет.
Барлық орындаушылар бұл
жоспарлардың мазмұнын түсінбесе, басшылықтың
жоспары іске аспайды. Жоспар нақты
тармақтарды қамтиды: қанша тауар
мен қызметті өндіру қажет; кандай әдісті,
қандай адамдарды және кандай жабдықты
пайдалану керек; канша материал
мен шикізатты сатып алу керек;
қандай сату бағасын белгілеу керек;
болашақта қандай саясатты ұстану керек
және қандай шектеулерді қолдану
керек және т.б. Мұндай ақпаратгың үлгісіне
жарнамаға, техникалық қызметке, әкімшілік
шығындарына жұмсалуы мүмкін ең көп
шамадағы сомасы еңбекақы мөлшерлемесі
және жұмыс уакытының саны; өнім
шығарудьщ қажетті деңгейі
Ынталандыру - бюджетті жасау процесі тұтас ұйымның да, жауапты орталықтардың да мақсаттарын жүзеге асыруға басшыларды ынталандырудың аса қуатты құралы болуы мүмкін. Әрбір басшы өзінің жауапты орталығының қызметінен қандай нәтиже күтетінін анық білуі керек.
Егер менеджер өз бөлімшесінің
бюджетін әзірлеуге белсенді қатысса,
бюджеттің ынталандырушы рөлі зор
болады. Басқарудың барлық деңгейі
бөлімшелер немесе функциялар бойынша
бюджетті, сондай-ақ алдағы кезеңнің негізгі,
жалпы бюджетін әзірлеуге тікелей
қатысатын тәжірибе орындаушылардың
қатысумен жоспарлау деп
Бақылау – бюджетті қалыптастыру, яғни жасау сәтінде қалаулы нәтижелер туралы есеп беруді білдіреді. Мұқият әзірленген бюджет - ең жақсы стандарт. Онымен нақты қол жеткен нәтижелерді салыстырады, өйткені ол өзіне әзірлену кезінде болжам жасалған барлық өзгермелілердің тиімділігіне баға беруді де қосады.Нақты деректерді бюджетпен салыстыру қай салаға назар аударып, әрекет ету керектігін көрсетеді. Бюджет деректері мен нақты нәтижелердің арасындағы ауытқуды талдау мыналарға мүмкіндік тудырады:
- бірінші кезекте назар аударуды талап ететін проблемалық саланы сәйкестендіру;
- бюджетті әзірлеу процесінде қарастырылмаған жаңа мүмкіндіктерді анықтау;
- бастапкы бюджеттің біршама деңгейде нақты еместігін көрсету.
Бағалау - ай сайын анықталатын бюджеттегі ауытқулар жыл бойы бақылауға алынады. Бір жылдың нақты деректерімен бюджетті салыстыру әрбір жауапты орталықтар мен оның басшыларының қызметін жыл аяғында бағалаудың басты факторы болып табылады. Бірқатар ұйымдарда менеджерлердің сыйақысы оның жауапты орталығы бойынша жағымды ауытқуының белгілі бір проценті ретінде есептеледі (мысалы, үнемделген материалдардың, еңбекақы қорының сомасынан болады).
Оқыту - бюджет менеджерлерді оқытуға да қызмет етеді. Бюджетті жасау әркімнің өз бөлімшелерінің қызметін толық зерделеп, басқа жауапты орталықтармен қалай қарым-қатынас жасайтынын білуге мүмкіндік тудырады. Бұл, әсіресе, жауапты орталықтардың басшылығына тағайындалған тұлғаларға маңызды. Өз саласының жылдық бюджетін әзірлеуде тәжірибесі бар әрбір адам бұл процестің үйретуші жағын бағалай білуі керек.Жауапкершілік орталықтарындағы менеджерлердің жұмысы және кәсіпорындағы жауапты орталықтардың бір-бірімен қарым-қатынасы мыналардың негізінде зерделенеді:
- ақпарат - кәсіпорынның жоғары басшылығы сметаның көмегімен
өзінен төменгі сатыдағы басшыларға өзінің ниетін хабардар етеді әрі барлық қызметкерлер үлкен басшының ниетін түсініп, оны жүзеге асыру үшін өз қызметтерін үйлестіреді;
- басқару - смета басшыларға қызметті басқаруға және өздері жауапты
бөлімшелерге бақылау жүргізуге көмектеседі. Әр түрлі категориялардағы шығын сметаларының көрсеткіштерімен нақты нәтижелерді салыстыра отырып, басшылар бастапқы жоспарға қандай шығындардың сәйкес келмейтінін белгілейді әрі оған назар аударады. Бюджеттік бақылау үш сатыдан тұрады:
- жоспарлауға әзірлеу;
- жоспарлау;
- бақылау.
Жоспарлауға әзірлеу - жеке келіссөздер мен талқылауларды талап ететін процестің аса маңызды бөлігі. Фирманың мақсаттары мен саясаты бастан-аяқ баян етілуі керек, өйткені әр түрлі ұйымдардың мақсаттары әр қилы болады.
Олардың арасында:
- пайдалылық - инвестицияланған капиталға процент түріндегі пайда
ретінде көрінеді. Түсімдегі маржиналдық табыстың проценті және түсімдегі операциялық пайданын проценті;
- өтімділік (ликвидность) - ақша ағынының терминдерінде немесе
айналым қорлары мен қысқа мерзімді міндеттемелердің арасындағы мақсатты қатынас ретінде көрінеді;
- сатудың өсуі - оны бақылау керек, өйткені өте жылдам өсу "өзіне
шектен тыс міндеттемелер қабылдау" ретінде белгілі болған жағдайға - ақшалай каражаттың жетіспеушілігіне әкеп ұрындырады;
- нарық үлесі;
- персоналдың дамуы.
- мақсаттарға жетудің жолын көрсететін стратегияны әзірлеу аса
қажет;
- жоспарлардың бапамалы нұсқаларын қарап, ұзақ мерзімді қаржы
тұрақтылығына ең көп шамадағы пайданы ұштастыруды қамтамасыз ететін бас жоспарды таңдап алу. Бас жоспардың негізіне жататын алғы шарттарды нақты белгілеу керек, атап айтқанда:
- тапшылықтың болжалды, яғни болжанған қарқыны - ақшаның сатып алушылық қабілетінің төмендеу индексі және белгілі бір тауар бағасының өсу индексі;
- сату көлемінің өсуі және проценттегі шығын;
- өнімдердің ассортименттері;
- кредит бойынша процент мөлшерлемесі;
- валютаның айырбас бағамы.
Міне, осы сатыда шектеуші
фактор - "осал жер" анықталады. Белгілі
бір түсім көлеміне қол жеткізу
өндіріс қуатын немесе ұтымда жоқ
білікті жұмысшы күшін талап
етеді.Жоспарлау процесі
Бақылау - не жоспарланды және нақты не болды, осылардың арасында айырмашылық болғанда қолға алынатын әрекет. Бақылауды жүзеге асырмас бұрын ең алдымен қолда жоспар болуы керек. Бақылау нақты іс пен жоспардың арасындағы айырмашылық алдын ала анықталған белгілі бір саладағы ауытқудың аясынан шығып кеткенде жүргізіледі. Бюджетік бақылау нақты шаманы жоспарлы шамамен салыстырады.
1.2 Бюджеттердің негізі түрлері
және оларды құру процесстері
Бекітілген бюджет кәсіпорын
бөлімшелерінің жұмысын ұйымдастыру
мен бағыттауға мүмкіндік береді.
Бюджетті жасаудағы қолданылатын қапараттың
сапасынан, оның тиімділігі емн құрылымдық
бөлімшелері мен жалпы
Бюджет «төменнен жоғарыға» қарай немесе «жоғарыдан төмен» қарай құрылуы мүмкін. «Төменнен жоғарыға» қарай құрылған бюджет ақпараттың төменгі сатыдағы қызметкерлердің жоғарғы сатыдағы басшыларға өңделуі мен таратылуын қарастырады. Бұндағы негізгі мәселе – төменгі сатыдағы басшылардың жоғарғы сатыдағы басшылардың қойған мақсат пен міндеттерін толық білмейтіндігінде, сонымен қатар әр басшының өзінің ғана міндеттерін орындау талпынысында. Бюджетті «жоғарыдан төменге» қарай құрған кезде басшы жалпы мақсатты анықтап, стратегияны жасайды, басқарудың келесі сатыларында жалпыға бірдей мақсатқа қол жеткізу үшін шаруашылық операциялардың өзіне дейін жоспар құрайды.
Бюджет негізгі алты функцияны орындайды:
- негізгі операцияларды жоспарлау. Бюджет – қойылған мақсаттарға қол жеткізудің жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін шаруашылық субъектілер қызметінің бөлігі.
- құрылымдық бөлімшелердің әр түрлі жұмыс түрлерін координациялау;
- қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін басшыларды ынталандыру.
- ағымдағы қызметті бақылау – бюджет кейбір жағдайларды стандарт болып табылады, онымен нақты нәтижелерді салыстыру арқылы ауытқуларды табады.
- қызмет нәтижелерін бағалаудағы ақпарат көзі;
- менеджерлерді оқыту әдісі. Бюджетті құру жалпы шаруышылық субъектісін зерттеуге әрекеттесіп, құрылымдық бөлімшелер қызметінің ерекшеліктерін білуге көмектеседі.
Бюджетті құру процессі бюджеттік цикл деп аталады. Ол бірнеше сатыдан құралады:
- жалпы кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелердің қызметін жоспарлау;
- қызмет бағасының көрсеткіштерін анықтау;
- жаңа жағдайлармен байланысты жоспарлардағы мүмкін өзгерістерді талқылау;
- ұсыныстарды ескере отырып, жоспарды түзеу.
Мақсат мен міндеттерге,
уақыт мерзіміне және кейбір шектеулерге
қатысты бюджеттің бірнеше
- негізгі бюджет, барлық бюджеттерді жалпы жоспарға шоғырландырып, соның негізінде басқару жүретін бюджет түрі;
- жеке бюджет, белгілі бір бөлімше, функция немесе үрдіске арналған кіріс және шығыс баптарынан түратын бюджет түрі;
- ұзақ және қысқа мерзімді бюджеттер, мерзімі бойынша ажыратылатын бюджеттер:
- баптық бюджет, шығыстар олардың пайда болу көздері бойынша сыныпталатын бюджет түрі;
- уақыттың мерзімі бар бюджет, белгілі бір уақыт мерзімідегі әр бап бойынша шығыстардың, олардың қалдығын келесі мерзімге өткізу мүмкіндігі жоқ бюджет түрі;
- икемді бюджет, еңбек белсенділігінің деңгейіне байланысты көрсеткіштердің реттелетін бюджет түрі;
- статикалық бюджет, еңбек белсенділігінің белгілі деңгейіне есептелетін бюджет түрі;
- сабақтас бюджет, негізі ретінде үлгісі болады, ал түзетулер ағымдағы процесстердің өзгерісін көрсетеді;
- нолдік деігейдегі бюджет, үлгісіз құралатын бюджет.
Бюджетті екі түрге бөлуге болады: бас жоспар және жеке, икемді және тұрақты.Кәсіпорынның барлық қаржылық қызметін қамтитын бюджет бас бюджет деп аталады.Оның мақсаты - жеке бюджет деп аталатын кәсіпорын бөлімшелерінің сметалары мен жоспарын біріктіру және соммаларын қосу. Бас бюджет операциялық және қаржылық болып 2 бөлімнен тұрады.Операциялық - ол қосалқы сметалар арқылы өткізілген ұйымның табыстары мен шығыстың баптарын бейнелейді.
Операциялық бюджеттерді жасау
Сатылым бюджеті. Бюджеттің
осы түрінде өнімдердің әрбір
түрі бойынша сатылым жоспары
көрсетіледі. Онда болашақ кірістер
көрсетіледі, ол басқа бюджеттердің
барлық түрі үшін негіз болып табылады.
Нәтижесінде шығарылған өнім көлеміне
байланысты, ал өндіріс көлемі сату
көлемінің негізінде
Сатылым бюджетін дайындау
– жоспарлау процессінің
Өндіруге қажетті өнімнің санынан басқа, өндіріс бюджеті аяқталмаған өндірістік босалқылардың есепті мерзім басы мен аяғындағы көлемін көрсету қажет. Шығарылған өнімнің сандық көрсеткіштері негізінде өндіріс үшін қажетті ресурстарды көрсететін бюджеттер тобын құрайды.
Қаржылық - ол күрделі жұмсалымды, ақша қозғалысын және болжаулы баланс бюджеттерін қамтитын бас бюджеттің бас бөлігі. Қаржылық бюджеттерді жасау
Қаржылық бюджет – капитал
салымдарының, ақша қаражаттарының бюджетін
қамтиды, ал нәтижесі жоспарлы балансты
құрастыру болап табылады.
Ақша қаражаттарының қозғалысының бюджеті ағымдағы бюджеттік кезеңде кәсіпорындағы шаруышылық қызметтің нәтижесінен болатын ақша қаражаттары мен төлем құралдарының жоспарлы кірісі мен шығысын көрсетеді.Ақша қаражаттары қозғалысының бюджеті ақша қаражаттарының үйлестірілген кірісі мен пайдаланылуын қамтамасыз етуі керек. Егер кірістер мен шығыстар бюджетінде шығыстар кірістерден асуы мүмкін, сондықтан бұл бюджеттегі соңғы сальдо оң болуы тиіс.Ақша қаражаттары қозғалысының бюджетін жасауда алдыңғы қарастырылған бюджеттерді пайдаланамыз.
Икемді бюджет - алдағы күнтізбелік жылға жоспарлау процессіндегі бюджет статикалық немесе фиксациялық болып табылады да, өндіріс және сатылымның белгілі деңгейінен есептелінеді. Бақылау мақсатында, бюджеттік деректердегі ауытқуларды талдаудан бұрын бюджеттік ақпараттар сәйкес өндіріске түзетілуі керек. Ол үшін икемді бюджет қолданылады. Икемді бюджет тиімділік аясында әр түрлі деңгейдегі өндірістің жоспарлы деректермен қамтамасыз етеді. Икемді бюджет көмегімен статикалық бюджет пен нақты нәтижелер арасындағы байланыс анықталады.Икемді бюджет мына формуламен есептеледі:
Икемді бюджет = орташа айнымалы шығындар * өндіріс бірлігінің саны + тұрақты бюджеттік шығындар.
Оперативті жоспарлау технологиясы, яғни қолданылатын жоспарлар (бюджеттер) тізімі мен құрылуының тәртібінің «классикалық үлгісі» (Сурет 1) төменде көрсетіген:
Сатылым бюджеті
Өндіріс бюджеті
Тікелей материалды шығыстар бюджеті
Еңбекақы шығыстарының бюджеті
Қуат қажеттілігінің жоспары
Жалпы өндірістік шығындар бюджеті бюджет

- Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару «Алматы кілем» АҚ
- Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері
- Кәсіпорында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру
- Кәсіпорын дамуындағы дағдарыс
- Кәсіпорынды басқару
- Кәсіпорынды басқарудағы қаржының ролі және оны дамыту жолдары
- Кәсіпорын қаржылық жағдайы
- Кәсiпорынның ұйымдастыру-құқықтық және басқару құрылымы
- Кәсіпкерлік және олардың түрлері
- Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
- Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
- Кәсіпорын басқару
- Кәсіпорын бизнесін бағалауда қолданылатын түсініктер
- Кәсіпорындағы intranet-қосымшаларының ерекшеліктері және оларды жобалау, құру