Кәсіпорындағы intranet-қосымшаларының ерекшеліктері және оларды жобалау, құру
Кәсіпорындағы Intranet-қосымшаларының ерекшеліктері және оларды жобалау, құру.
Кіріспе.......................
І бөлім . Intranet-қосымшалары
1.1 Intranet корпоративті желісі........................
1.1.1Intranet архитектурасы, протоколдар иерархиясы....................
1.2 Intranet қосымшалары және технологиясы..................
1.2.1 Intranet қосымшаларын құру және жоспарлау.....................
1.2.2 Intranet-технологияның қолданылу аймағы........................
1.2.3 Intranet-қосымшаларын өңдеу құралдары.....................
1.3 Intranet-тің программалау құралдары және
тілдері.......................
ІІ бөлім. «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» РМК сипаттамасы
2.1 Кәсіпорынның негізгі міндеттері....................
2.2 Кәсіпорындағы сапаны тәуелсіз бағалау бағдарламасы ..........................
ІІІ бөлім «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» РМК сайтын жобалау және құрастыру
3.1. FRONT PAGE қосымшасының Wев сайт жасаудағы тиімділігі
3.2. Кәсіпорын сайтын құру сатылары
3.3 Кәсіпорын сайтының құрылымы
Қорытынды
Қосымша (листинг)
Қолданылған әдебиеттер
Intranet-ті қолданудың пайдасы:
- белгілі-бір жобалармен жұмыс жасағандағы жоғарғы өнімділігі;
- мәліметтерге оңай кіру;
- өзара әсерлесудің тиімді деңгейі, яғни өзара әсерлесудің бизнес-сызбаларын көлденең де, тігінен де өзгертуге болады;
- интранет ресурстарындағы мәліметтер лезде жариялануы – бұл желі және гипермедиа технологияларын қолданып қызметтік нұсқауларды, ішкі ережелерді, стандарттарды, жаңалық жіберу қызметтерін алу;
- өмірге жалпы корпоративті мәдениетті енгізуге мүмкіндік береді.
Intranet-тегі веб-сайт артықшылықтары:
- қолданушының компьтерінде клиент программаларын орнатудың талап етілмеуі (оның орнына браузер қолданылады). Сәйкесінше корпоративті ақпараттық жүйе функционалдылығының өзгеруі кезінде клиенттік программалық жабдықтаудың жаңаруы да талап етілмеуі;
- электрондық почта бойынша мәліметтермен алмасудың орнына вэб-форманы қолдану арқасында әртүрлі мәліметтерді енгізудегі уақыттың қысқаруы;
- Microsoft Windows, Mac және GNU/Linux/*NIX-де стандартты браузердің болуы.
Intranet-тің кемшіліктері:
- желі хакерлердің мақсатында қолданылып, бұзылуы мүмкін;
- тексерілмеген және анық емес ақпараттың интернетте жариялануы – белгілі-бір қолайсыз мәселелерге әкелуі мүмкін;
- интерактивті бос кеңістікте – жағымсыз және заңсыз материалдар таралуы мүмкін;
- интранеттің тиімділігі және жұмысқа қабілеттілігі өңдеу жұмысына және әкімшілік жұмысына кететін шығындарды қажет етеді.
І бөлім . Intranet-қосымшалары
1.1 Intranet корпоративті желісі
Ең қарапайым желі (network) минимум 2 компьютердің, бір-бірімен кабель арқылы байланысынан тұрады. Ол мәліметтерді бірге қолдануға мүмкіндік береді. Компьютерлік желінің дүниеге келуі тәжірибе қажеттілігімен қатар мәліметтерді қоса пайдаланудан туындады. Дербес компьютер –құжат, кесте дайындау, графикалық мәлімет және басқа джа ақпараттарды құру үшін өте жақсы құрал. Бірақ тез арада өзінің ақпаратыңмен басқалармен бөлісу мүмкін емес. Бірнеше топ компьютердің және басқа құрылғылармен байланысын желі деп атайды. Ал концепциялық байланыс және бірге қолданушы компьютер қоры желілік әрекеттестік деп аталады. Желіге кіруші компьютермен бірге қолдануға болады: мәліметтерді, принтерлер, модемдер, өзге құрылғылар.
Компьютердің жүйелік блогында ішкі, сыртқы құрылғылармен байланыс жасауға арналған арнайы тарақша қосқыш түріндегі порттары бар. Олар тізбекті және параллель қосылатын болып екіге бөлінеді. Осы порттар арқылы әр түрлі құрылғылар арасындағы ақпараттарды тасымалдауға (жіберуге және қабылдауға) болады. Егер екі немесе бірнеше компьютерді порттары арқылы байланыстыратын болсақ, бұл компьютердің арасында ақпарат алмасу жұмысын жүргізуге мүмкіндік туады. Осылай байланыстырылған компьютерлер тобы компьютерлік желі құрылады.
Компьютерлік желі дегеніміз –ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі. Желі жұмыс жасау үшін арнайы аппараттық және программалық жабдықтар болуы қажет. Желі арқылы оған қосылған кез-келген компьютердегі ақпаратты жедел қарауға болады. Күнделікті өмірде кездесетін компьютерлік желіге мысал ретінде өздерің оқитын компьютерлік кластағы бірнеше компьютердің желіге біріктірілуін айтуға болады. Сондай-ақ бір мезгілде жүздеген тіпті мыңдаған компьютердің қатысуымен ұйымдастылылатын темір жол және қатынасы билет сату жүйесін де желіге мысал ретінде келтіре аламыз. Бұл пайдаланушылар санын білу мүмкін емес ғаламдық ақпараттық Интернет желісі қазіргі кезде компьютерлік желі кез-келген мекемеде: зауыттарда, фирмаларда, банктерде орнатылған. Себебі желіге қосылмай өндірістік, сауда немесе қаржылық қызметтерді тиімді жүзеге асыру мүмкін емес.
Компьютерлік желілер масштабы мен мүмкіндігі бойынша ерекшеленеді. Ең шағын желілер жергілікті деп аталады да, бірнеше компьютерді біріктіру үшін қолданылады. Мұндай желілер ортақ ресурстарды (дискжетек, принтер, сканер және басқа қымбат құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында құрылады. Компьютерлер желіге желілік тақша, модем немесе жоғары жылдамдықты сандық телефондық қызмет торабы арқылы қосылады. Компьютерді желіге телефон желісі арқылы қосу үшін желілік тақша емес модем қажет. Жергілікті есептеуіш желілер –саны шектеулі (әдетте 100-ге дейін) компьютерді бір ұйым немесе мекеме ішінде біріктіру үшін қолданылады. Жергілікті есептеуіш желі шектеулі аймақтағы (бір бөлмеде, бір мекемеде, зауыт немесе бекетте желі әртүрлі бөлімдер мен қызметкерлер арасында тығыз ақпараттық және технологиялық байланыс орнату үшін құрылады. Жергілікті желі құрудағы себеп - өндірістік процестерді автоматтандыру, әртүрлі құжаттарды жеңіл өңдеу. Ірі мекемелерде автоматтандырылған жұмыс орындары, өлшеу кешендері мен байланыстыру бөлімдерінен тұратын автоматтандырылған байланыстыру жүйелері жұмыс істейді. Жергілікті желіге қосылған компьютерлер бір –бірімен қысқа желілік байланыс желісімен (әдетте он, жүз метр) біріктірілген. Сондықтан жергілікті желі арқылы сандық ақпаратты жоғары жылдамдықпен беруге болады. Ақпараттың берілуі сапалы болуы үшін байланыс желісі өте ұзын болмауы керек. Желі ұзын болған сайын сигналдың өшуі мен бөгеуіл шамасы артып кетеді.
Жергілікті желілерден кейінгі орынды масштабы бойынша корпоративті есептеуі желілер алады. Бұл желілерді үй мекемелердің, банктер мен олардың фирмалары, сақтандыру компаниялары, бұқаралық ақпарат құралдары құрады. Корпоративті желілер қашықта орналасқан бөлімдегі : филиалдардағы, қонақ үйлердегі т.б. тұтынушыларға қызмет көрсету үшін қолданылады. Сонымен қатар корпоративті желілер пайдаланушының шектелген бөлігіне қызмет көрсетеді. Мұндай желілерде құпияны сақтау және ақпараттық ресурстарға рұқсат етілмеген шығуға жол бермеу мақсатында арнайы шаралар қолданылады. Егер желі қала аймақтық масштабтағы компьютерді 10-100 км болатын болса, оны аймақтық есептеуіш желісі деп аталады. Мұндай желіде байланыс желісі ретінде телефон байланысы, телефон тораптары немесе сымсыз байланыс серігі қолданылады. Аймақтық желілер аймақ масштабындағы мәселелерді шешу мақсатына бағытталады. Бұл электроэнергетика, жол, аймақтық жабдықтау, банктік есеп, кітапхана ісі т.с.с. жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз ету қызметтері болуы мүмкін. Егер қашықтағы компьютерді байланыстыру үшін телефон желісі қолданылса, модем қажет болады. Модем (модулятор-демодулятор) сөздің қысқартылуы – таратушы жағында компьютердегі сандық сигналдарды үзіктелген аналолгтық сигналдарға айналдыруды қамтамасыз ететін, қабылдаушы жағында сигналдарды осыған кері түрлендіретін құрылғы. Модем арқылы көптеген дербес пайдаланушылар аймақтық және коммерциялық желілерге, Интернетке қосылады. Сондай-ақ электрондық почтаны пайдаланады, телеконференцияларға қатыса алады.
Intranet – бұл ішкі корпоративті желі және бұл желіде Internet базасындағы әртүрлі қосымшалар орындалады. Көптеген кәсіпорындарда мұндай желіні құру - өнімділікті арттыруға және жұмысшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Intranet желісі ақпараттың оперативті жеткізілуін қамтамасыз етуге және ішкі корпоративтік коммуникацияларды қолдап отыруға қабілетті болып келеді.
Intranet – интернет желісіне қарағанда ішкі кәсіпорынның жеке желісі болып табылады. Ереже бойынша Intranet кәсіпорын ішіндегі бірқатар ақпараттарды ортақ қолдануға және басқа ақпараттармен алмасып отыруға ІР протоколының қолданылуы негізінде құрылады, яғни бұл ақпараттар негізінде жұмысшылар тізімі, тапсырыс беруші мен серіктестердің телефон тізімдері болуы мүмкін. Intranet – бұл кәсіпорынның ішкі Web-сайты. Intranet клиет-сервер принципі бойынша ұйымдастырылып, HTTP және HTTPS деп аталатын базалық протоколдар негізінде құрылады. Intranet-сайт Mozilla Firefox, Microsoft Internet Explorer, Opera және тағы басқа браузерлер арқылы кез-келген компьютерден көрінеді. Осылайша Intranet – бұл Интернеттің жеке түрі, ол алынған кәсіорыннан бөлек виртуальды кеңістікпен шектеліп отырады. Intranet Internet-ке кіретін көпшілік байланыс каналдарын қолданады.
Intranet термині ең алғаш рет 1995 жылы 19-сәуірде авторы техникалық редактор Стивен Лотон болып келетін Digital News&Review мақаласында пайда болды.
Intranet термин сөзін 1995 ж көктемде пайдалана бастады. Басында бұл сөздін мағынасын адамдар түсінбеді және қате жаңылыс ретінде қабылдады. Содан кейін бұл сөздің өмірге деген құқығы болғаннан кейін мұндай сұрақ пайда болды: «Бұл сөздің астында қандай мағына бар?» - бұл терминнің пайда болғаннан кейін ғана бәрі оны пайдалана бастады.
Intranet – бұл ұйымның
жеке желісі, Интернет технологиясының
базалануы және қауіпсіздік механизімімен
иеленуі болып табылады. Компания
өз ұйымның ішкі желісінде
Интернет технологиясының
Әрбір қолданушылар интражелідегі жұмыс станциясы баптауымен Web–браузер арқылы Web–серверде соңғы енгізілген құжаттарға кіру құқығын ала алады. Сонымен қатар қолданушының және Web–сервердің орналасқан жері ешқандай мағына бермейді. Егер компания электронды почтаны құжаттарды беру механизімі ретінде пайдаланса, онда ол көп көлемді мәселелермен қақтығысуына алып келеді. Әрбір мәселелерді шешу жолы болып құжаттарды Web–сервердегі HTML форматында жариялау болып табылады және әрбір операциялық жүйе немесе Web–браузер түсінетін өз жұмыс үстеліндегі клиентті пайдалану. Интражеліні пайдалану бірнеше басқада қатардан тұрады. Біріншісі, желідегі құжаттар автаматты түрде жаңарып отырады. Мысалы, сіз сату бөліміне өз компанияныздың өнімнің құныннан тұратын құжатты жариялайсыз. Әр уақытта өнімнің сатылуына жеңілдік жасалатын болған жағдайда, сіздің бөліміңіз маңызды ақпаратқа ие болуы керек. Мұндай маңызды ақпаратты автоматтандыру үшін сіз Web–сервердн жаңартып отырасыз. Стау бөлімінің қызметкерлері автоматты түрде құжаттардын жаңарған түрін алып отырады. Егер құжаттар қызметкерлерге Файл серверінде файл түрінде сақталған болып келетін болса, онда сіз құжаттын оқылғанын немесе оны қарағаны туралы хабарсыз боласыз. Ал құжат Web-серверінде жарияланған болса, онда әрбір уақытта жарияланған құжатты қанша адам және қай уақытта қарағаны туралы ақпаратты біліп отырасыз.
Ұйымдардын дамуы жаңа мүмкіндіктерді және ынғайлы ақпаратты алу жолдарын талап етеді. Бұл талаптарына World Wide Web болды, себебі онда құжаттарды графикалық, аудио және видео ақпараттарды жариялауға жаңа мүмкіндік берді. Intranet-ті құрудың маңызды фактісі Интернет болып табылады.
«Интра» деп аталатын латын термині «ішкі» деген мағынаны білдіреді. Intranet сөзі интернет технологиясы арасында пайда болды. Intranet – бұл интернеттің протоколдары мен стандарттары қолданылатын жеке компьютерлік желі. Intranet-ті бір кәсіпорын шеңберінде локальданған Web-жүйе деп атауға болады. Қарапйым компьютерлік желілерге қарағанда Intranet ашық стандарттар, технологиялар және протоколдарға негізделеді.
Intranet шеңберінде шешілетін тапсырмалар тізімі:
- Корпоративті саясат туралы ақпарат алу;
- Жобаларды басқару;
- Құжатайналымға қызмет ету;
- Интерактивтік оқыту;
- Тауарлар мен бағалар туралы ақпаратты көрсету;
- Сату туралы есепті жариялау;
- Төлемдер туралы мәліметтерді шығару.
Intranet-тің 5 негізгі
функциясы бар – бұл
файлдарды ортақ қолдану, катологизация, іздеу және желіні басқару. Бұл функциялар кәсіпорынның ақпараттарын жариялауға, сақтауға және басқаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біртұтас ақпараттық кеңістік қалыптасады. Мұндай функциялар қарапайым компьютерлік желілерде де болады, бірақ олар компьютерлік платформалардың әрбіреуі үшін сипатталатын әртүрлі тұтынушы интерфейстері арқылы жүзеге асады. Ал интернетте бұл функциялардың барлығы интернет технологиясының бірыңғай стандарттары негізінде қалыптасады.
Intranet бүкіл желідегі
қолданбалы программалардың
1.1.1 Intranet архитектурасы, протоколдар иерархиясы
Intranet желілері модальды көп деңгейлі архитектураға ие болады. Жоғарғы деңгейлер төменгі деңгейлер сервистерін қолданады. Желілік және платформалық деңгейлер ішкі желі инфрақұрылымын құрайды. Қосымшалар және жүйелік қызмет көрсету деңгейлері соңғы тұтынушы қызмет көрсетіп, өндірістік функциялар автоматизациясын қамтамасыз етеді.
Желілік деңгей – архитектураның ең төменгі деңгейі. Ол желілік құрал-жабдықтан және программалық жабдықтаудың логикалық компоненттерінен тұрады. Физикалық желіні кабельдер, концентраторлар, коммутаторлар және маршрутизаторлар сияқты компоненттер құрайды. Логикалық компоненттерге мәлімет беру протоколдары, мәлімет ағыны және маршрутизациясын басқару компонентерінен тұрады.
Клиент пен сервердің есептеуіш платформаларын Intranet архитектурасының платформалы деңгейі құрайды. Жұмыс станциялары және тұтынушылардың басқа да құрылғылары – клиеттер болып табылады.
OSI моделі – ашық
жүйелердің өзара әсерлесу
Бұл модельдің құрамында 2 түрлі модель бар:
- горизонтальды модель – бұл әртүрлі машиналардағы процестер мен программалардың өзара әсерлесу механизмін қамтамасыз ететін протоколдар базасындағы модель. Бұл модельде екі программаға мәліметпен алмасу үшін ортақ протокол қажет болады.
- вертикальды модель – бір машинада бір-бірін көршілес деңгейлермен қамтамасыз ететін қызмет негізіндегі модель. Бұл модельде – көршілес деңгейлер API интерфейсін қолданатын мәліметтермен алмасады.
OSI моделі деңгейінің негізгі функцияларын қысқаша қарастырайық:
Физикалық деңгей (Physical Layer) – оптоволоконды кабель, сонымен қатар коаксиальды кабель сияқты физикалық каналдар бойынша биттердің берілуін орындайды. Бұл деңгейде электрлік сигналдар параметрлері және мәліметтерді берудің физикалық орта сипаттамалары анықталады.
Каналды деңгей (Data-Link Layer) – типтік топология желісіндегі әртүрлі түйіндер арасындағы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді. Каналды деңгей протоколдарында компьютерлер және олардың арасында адресация әдістері байланыстарының белгілі бір құрылымы болады. Локальдык желілердегі каналды деңгейде қолданылатын адрестерді MAC-адрестері деп атайды.
Желілік деңгей (NET work Layer)
қарапайым топология
Транспорттық деңгей (Transport Layer) – қажетті сенімділік деңгейі желісіндегі кез-келген түйіндер арасындағы мәліметтердің берілуін қамтамасыз етеді. Бұл үшін транспорттық деңгейде пакеттерді реттеу, буферлеу, номерлеу, қосуды орнату құралдары болады.
Сыртқы деңгей (Session Layer) – хат алмасу процедурасының шеңберінде синхрондау құралдарын көрсетеді.
Қолданбалы деңгей (Application Layer) - әртүрлі желілік сервистер жинағы. Мұндай сервистердің мысалы электрондық почта, файлдарды беру, желі бойынша компьютерге жойылған терминалдардың қосылуы.
Intranet-қосымшаларының
Intranet-қосымшаларының
архитектурасын талдау үшін
Негізгі ақпараттық ресурстар мен ағындар
Гипермәтінге негізделген жүйелер ақпараттық ресурстарды біріктіре отырып, корпорацияның ақпараттық инфрақұрылымын құруға мүмкіндік береді. Корпорацияның ақпараттық инфрақұрылымына келесі ақпараттық ресурстар кіруі мүмкін:
- гипермәтіндер мен гипермедия;
- офистік құжаттар;
- графикалық ақпарат;
- архивтік файлдар;
- электрондық почтаның хаттары;
- жаңалықтар;
- мәліметтер базасы;
- мәліметтерді сақтау;
- қолданбалы программалық жабдықтау.
Ақпараттық ағындардың мазмұны мен бағыты ресурстар табиғатына,
құрылу құралдарына, механизмдеріне және ақпаратқа ену құқығына тәуелді болып келеді.
Гипермедия мен гипермәтін
әртүрлі ақпараттық ресурстарды
біріктіретін желім ролін атқарады.
Гипермәтіндік ақпарат
Офистік құжаттар – офистік
автоматизация немесе топтық жұмыспен
дайындалған пакеттер, мәтіндер, электрондық
құжаттар және жоспарлар болуы мүмкін.
Бұл ақпаратқа ену оқу
Графикалық ақпарат тұтынушыға виртуальды шынайылықтың анимациясы және статистикалық иллюстрациясы түрінде көрсетіледі.
Архивтік файлдар таратуға арналған FTP және Gopher серверлеріндегі құжаттар мен программалардың электрондық архив негізіне қызмет етеді. Тұтынушы өзіне қажет ақпаратты серверден сұраныс бойынша ала алады. Файлдарды жүктеу Web–серверлерден де алынады.
Мәліметтер базасына ену және мәліметтер базасын жүргізу серверлік немесе клиеттік қосымшалар арқылы жүзеге асырылады, сонымен қатар мәліметтерді іздеу мен енгізудің сұраныстары HTML-формалары түрінде толтырылады. Мәліметтерді сақтау орны әртүрлі, мысалы: реляционды көп өлшемді мәліметтер базасы, мәліметтердің ODBC-көздерінің жиынтығы түрінде болуы мүмкін, бірақ ол мәліметтердің жедел аналитикалық өңделу мақсатына тағайындалады. Мәліметтерді сақтау орнына ену – мәліметтер базасына енумен бірдей болады. Клиенттік және серверлік қосымшалар түріндегі программалық жабдықтау – маңызды ресурсты құрайды. Клиенттер мен серверлер арасындағы ақпараттық ресурстар мен ағындарды жүргізу үшін Intranet-қосымшалардың эксплуатациясы, әртүрлі өңдеу құралдары қолданылады.
1.2 Intranet қосымшалары және технологиясы
1.2.1 Intranet қосымшаларын құру және жоспарлау
Intranet қосымшаларының түрлері:
Web-технология
Web-технология кәіпорындағы әртүрлі ақпаратқа ұжымдық енуді
жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сервердегі ақпарат келесі топтрға бөлінеді:
- кәсіпорынның ортақ саясаты
- кәсіпорынның мақсаты
- тауарлардың тізімі
- байланыс адрестері мен телефон тізімдері
- түрлі есеп ақпараттары
- жоспарлар
Web-технологиясының негізі – HTML тілі болып табылады. Мәтіндік
процессорлар, электронды кестелер және мәліметтер базасын басқару жүйесі ақпаратты осы форматта сақтай алады.
Интранетті өте жиі
FTP (File Transfer Protocol) файлдарының протоколдары файлға енуді жүзеге асырады. FTP – бұл файлдарды беру, яғни бір компьютерден екінші компьютерге файлдарды беру ережесін анықтайтын хаттама. FTP қолданбалы жабдықтау бағдарламасының атауы болып табылады. FTP хаттамасын файлдарын қайта жіберу үшін пайдаланады. FTP хаттамасымен жұмыс жасау үшін файлдарды өзінізге алғыңыз келіп тұрған қашықтықтағы машинаға қол жеткізу қажет. Ол үшін кіру атауы мен тиісті пароль болуы керек. FTP хаттамасын қолдану үшін жұмыс машинасын ашып көрсету үшін FTP хаттамасына команда беру қажет. Сонда FTP хаттамасы қашықтағы машинадан файлды іздеуге мүмкіндік береді, яғни директориядан директорияға өтеді. Осы директориядан файлдарды қарайды. Файлдар сияқты олардың топтарын қайта жібере алады. Файлдарды деректерді қосарланған ақпарат ретінде ASCII-дегідей жібереді. ASC-ді қайта жіберу басқа алфавитпен кодталған компьютерден мәтінді қайта жіберу барысында деректерді автоматты түрде қайта кодтауға мүмкіндік береді. FTP хаттамасының түрінің ішінде анонимдік FTP хаттамасы болады. Анонимдік егер FTP хаттамасына жұмысты бастау үшін өзін дұрыс түрлендіру талап етілсе, онда ену атауын енгізеді. FTP хаттамалары деректер және командалар хаттамалары болып бөлінеді. Деректер шамамен барлық желілік кестелер түрлерін көрсетеді. Деректер – бұл кестенің 40%-н алып тұрады. Ал команда ретінде тек 4%-ы болады. Сонымен қатар FTP хаттамасын пайдалану мүмкіндігі пакеттік режимге эмайл бойынша кейбір серверлерінде тікелей диалогтың болмауы жұмысқа қолайсыз жағдай туғызады. FTP хаттамасы арқылы қызмет ететін арнаулы программасы бар желіге қосылған компьютер FTP-сервер деп аталады. Көптеген FTP-серверлер барлық адамдар үшін ашық болады, кез-келген адам одан администратор рұқсатымен әртүрлі мәліметтер ала алады. FTP-серверінің мәліметтермен қатынас құру үшін әркім стандартты кіру сұхбатын орындауы керек. Оның бір мысалы мынадай болады:
open ftp.relcom.su nameid password – FTP – серверге кірердегі сұраныс тізбегі, мұндағы:
open FTP – сервермен қатынас құру сұранысы;
ftp.relcom.su - FTP-серверінің қажетті ақпаратпен толықтырылған аты;
nameid – пайдаланушының кіру аты және оның почталық (E-mail) адресі;
Парольды немесе өз атын дұрыс енгізбегенде, FTP-сервер тек шектеулі командалар жиынын орындай алады, атап айтқанда:
help – сервер командалары бойынша анықтама беру;
quit – сеансты аяқтау.
Пароль мен атау дұрыс болса, қатынас құру құқығына байланысты командалар орындауға болады. Олардың құрамына мыналар кіреді:
сd каталог_аты – каталогты ауыстыру;
сd..- жоғарғы деңгейден каталогқа қайту;
get файл_аты - FTP-серверден файл алу;
binary – екілік файлдарды
жіберу/алу режиміне ауысу (
dir – ағымдағы каталог файлдары тізімін беру.
FTP-сервермен байланысу сеансында пайдалануға болатын командалар жиынтығын help командасы арқылы алуға болады.
Электрондық почта
Электрондық почта хат алмасудың жаңа бір түрі болып табылады. Оның басты артықшылығы – жеделдігі болып келеді. Кәдімгі почтадан хат жіберу – бірнеше күнді алса, электронды почтамен хат жіберу – тек бірнеше секундтарды алады. Жер шарының кез-келген нүктесінен хаттың жауабын алу тек бірнеше минутта жүзеге асырылады. Сонымен қатар электронды почта көмегімен тек мәтіндік хаттарды ғана емес, графика мен мультимедия файлдары сияқты әртүрлі файлдарды қосуға болады. Электрондық почтаның хаттары – почталық жәшікте немесе жалпы бумаларда сақталатын ақпараттық ресурс болып табылады. Олар екі бағытқа бағытталған ағындарды құрайды, хаттарды браузерден шықпай тұрып та жіберуге және алуға болады. Жалпы бумаларда FAQ сұрақтары, кездесу жоспарлары және басқа топтық жұмыстар сақталады.
Ұжымдық жұмыс жүйелері
Соңғы уақытта ұжымдық жұмысқа арналған көптеген қосымшалар пайда болды. Бұлар талдау құралдары, қаржылық құрылымды мәліметтер базасын, программалық жабдықтауды жобалау, құру. Мұндай жүйелер ұжымдық жұмысты басқару процесін жеңілдетеді. Олардың құрамында жобаның ағымдағы күйі туралы ақпарат, өнім спецификациясы, тұтынушының интерфейсі мен жалпы түрі, жоба тізімі, жоспарлары жайлы ақпараттар болуы мүмкін.
Кешенді қосымшалардың құрамына топтық әдіс пен жаңалық топтамасы кіреді. Жаңалықтар – сыртқы және ішкі корпоративтік каналдың негізінде ұйымдастырылған динамикалық түрдегі өзгеретін ресурс. Жаңалықтарды көрсету тикер көмегімен жүгіртпе жолы режимінде немесе сұраныс бойынша жүзеге асырылады. Жаңалық топтамасы – бұл жай ғана электрондық почта емес, жаңалық топтамасы – бұл түскен хаттардық ішінен әртүрлі белгілері бойынша таңдалатын хаттар.
Көптеген орта және ірі кәсіпорында күнделікті немесе ай сайын жаңалық бюллетеньдерін шығарып тұрады. Кәсіпорынның жаңалық бюллетеньдерін Intranet арқылы тарату тиімді шығаруды әзірлеуге мүмкіндік береді. Аудио және видео ақпараты бар бюллетеньдер өте жақсы көрінеді.
Жарнама тақталары, форумдар
Жұмыс орындарының тізімдері туралы және төлем кестелері туралы ақпарат жарнама тақталарында ілінеді.
Кәсіпорын ішіндегі ұйымдастырылған форумдар жеке кездесуді талап етпейді, бұл жұмыс орнында ұйымдастырылатын ақпаратпен алмасу тәсілі.
Конференцияларды өткізу
Intranet-тің коммерциялық телекоммуникациялық жүйелермен бірігуі – телефондық жүйелерді басқаруға жол ашады. Intranet желісі болашақта кәсіпорынның кез-келген бөлімінде аудио және видеоконференцияларды өткізетін және кәсіпорынның барлық бөлімдерін байланыстыратын телефон жүйесі болады.
Intranet қосымшаларын құру құралдары
Intranet қосымшаларының
жаңа тез дамитын секторы
- құжаттарды жариялауға және іздеуге арналған гипермәтіндік ақпараттық жүйелерді өңдеудің дәстүрлі құралдары. Оған келесілер жатады:
- HTML құжатының тілі негізіндегі гипермәтіннің редакторлары мен құраушылары.
- гипермедия материалдарын (график, аудио, видео) шығару және дайындау программалары.
- браузерлер – гипермәтін және гипермедияны қарау программалары.
- браузердің кеңею модульдері.
- дәстүрлі Intranet қосымшаларынан басқа қосымшаларға ұйымдастыруға арналған құралдары. Олар CGI және API Web-серверлер интерфейстері негізінде CGI – процедураларды орындау құралдарына ие болып, мәліметтер базасымен байланысты кеңейтіп, HTML – шаблондарын толтырады. CGI интерфейсі кез-келген программаны қамтамасыз етеді, сонымен қатар мәліметтер базасына ену программасын да қамтамасыз етеді.
- Intranet қосымшаларының программалау құралдары. Олар программалаудың әртүрлі жүйелерімен Java, JavaScript, Tcl және тағы басқа тілдерінде көрсетіледі. Мұндай құралдарды қолданумен құрылған қосымшалар кез-келген Web-сервер желісінен ашылады. Бұл қосымшалардың қызмет етуінің кеңеюі кезінде платформалық тәуелділікті сақтайды.
Intranet-тегі қосымшалар Internet-технологиялардың қолданылуына және Web-технологиялардың ерекшеліктеріне: HTML форматындағы гипермәтін, HTTP гипермәтінін беру протоколы және CGI серверлік қосымшаларының интерфейсіне негізделеді. Intranet-тің құрамды бөліктері – ақпараттың статистикалық және динамикалық жариялануына арналған Web-серверлер және гипермәтінді қарауға арналған браузерлер болып табылады.

- Кәсіпорындағы бюджеттеу тиімділігі
- Кәсіпорындағы дағдарысқа қарсы басқару «Алматы кілем» АҚ
- Кәсіпорындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің теориялық негіздері
- Кәсіпорында еңбекақы төлеу есебін ұйымдастыру
- Кәсіпорын дамуындағы дағдарыс
- Кәсіпорынды басқару
- Кәсіпорынды басқарудағы қаржының ролі және оны дамыту жолдары
- Кәсiпкерлiктегi тәуекелдiлiк
- Кәсiпорынның ұйымдастыру-құқықтық және басқару құрылымы
- Кәсіпкерлік және олардың түрлері
- Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
- Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
- Кәсіпорын басқару
- Кәсіпорын бизнесін бағалауда қолданылатын түсініктер