Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері
1 Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері
1.1 Мемлекеттің пайда болуы, негізгі белгілері, қалыптасуы
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір - бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процесінің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған.Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбек өнімділігін арттырып, қоғамның шығысынан кірісін асырды.
Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді.5-4 мыңжылдықтарды сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекет пайда болды.Мемлекет пен құқық тарихы туынды – қоғамның антогонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективтік заңдары:
- қосымша өнімнің пайда болуы;
- жеке меншіктің қалыптасуы,
- таптар мен топтардың арасында күрестің басталуы,
- қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
Мемлекеттің дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болуы нәтижесінде алғашқы қауымдық құрлыс тапқа бөлінуінің туындысы.Мемлекет жария үкіметтің пайда болуы мен іс -әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда үкіметтің күш- қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдерінде) мемлекеттің қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырау кезінде күрделі құрылыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүйелер қалыптастыру, құрғақшылықпен күресу. Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлеекттік меншік қалыптасты. Сол меншіктіңиеліктері: чиновниктер, ру, тайпалар басшылары, король императорлар болды. Король –императорлар жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп, бұл елдерде көбінесе мемлекеттік деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлекеттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында- абсолютті монарх болды, одан төменгі- екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі билік–чиновниктерде болды. Осы сатылық биліктер бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншікпен қатар жеке меншік те дамыды. Шығыс типті (Азия типті) мемлекеттер кейінгі ғасырларда шығыс Еуропа, Африка, Оңтүстік Америка елдерінде де қалыптасты. Сонымен, Азия типті мемлекеттердің қалыптасу себептері:
- ірі ирригациялық жүйелерді жасау;
- оны іске асыру үшін құлдарды, жұмысшыларды жүйелі түрде топтастыру;
- барлық жұмысты бір орталықтан басқару.
Мемлекеттік басқару аппараты бұрынғы ру - тайпаны басқаратын аппараттан өсіп қалыптасты. Жаңа аппарат қалың бұқарадан алыстай түсіп, әділетсіздікті, қанаушылықты күшейтті. Азия типті мемлекеттер өте бәсең дамып, ХІХ – ХХ ғасырларға дейін көп өзгермей сақталып келді ( Қытай, Иран т.б.)
Еуропалық елдерде – мемлекет жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты. Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде – мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі саияс бірлестік болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халық санынан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртіп орнады.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:
1) Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізу;
2) Қоғамдыдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы.Бұл аппарат үстем таптың, топтың мүдде – мақсаттарын орындау үшін қалыптасты;
3) Салалық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты;
Мемлекеттің пайда болу, даму себептеріне келесілерді жатқызуға болады :
- қоғамды басқаруды жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады.Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- қалың бұқараның, қаналушы таптың үстем тапқа топқа қарсы іс - әрекеттерін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
- қоғамды, экономиканы дамыту үшін әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппаратты нығайту керек болды;
- қоғамның қорғанысын күшейту үшін , заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды;
Мемлекеттің негізгі белгілері болып келсілер саналады:
1) Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы (әскер, полиция, сот, т.б.) Қоғамдық өмірдің дамып, күрделене түсуіне байланысты мемлекттің механизмі де күрделене түседі.
2) Үстем таптың мүдделері мен мақсаттарына сәйкес қоғамдыққарым –қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.
Мемлекеттің билік жүргізетін белгілі территориясының болуы, халықты руына қарай емес, жеріне сәйкес бөлу. Аймақтық ұйым ретінде мемлекет сол көлемде белгілі бір ұлттың, ұлттық мемлекеттің қалыптасу процесіне әсер етті. Дамыған қоғамда мемлекеттік органдармен қатар әр түрлі партиялар, одақтар, бірлестіктер т.б., бұлардың жиынтығы қоғамның жалпы саяси ұйымын құрайды. Таптық қоғамдағы басқа саяси институттардан мемлекеттің ерекшелігі қоғамдағы жоғарғы үкімет билігіне (тәуелсіз – суверендік құқыққа) иелігі. Мемлекеттік үкімет билігінің күші сол елдегі бүкіл халықты және барлық қоғамдық ұйымдарды қамтиды. Мемлекеттің қоғамдағы бірлестіктерден, ұйымдардан айырмашылық белгілері:
- мемлекет қоғамдық көлемде бірден – бір билік жүргізетін ұйым; басқа бірлестіктердің билігі барлық халықты қамти алмайды, мемлекет қана барлық қоғамға күші бар нормативті актілерді қабылдай алады;
- мемлекет қоғамдағы барлық құқықтық нормалардың дұрыс, уақытында орындалуын, іске асуын қадағалап, заңдылықты, тәртіпті бақылып отырады;
- мемлекеттің ішкі және сыртқы істеріндегі тәуелсіздігі, басым үстемдігі.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс - әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде – мақсатты орындауға жұмсайды. Қазіргі уақытта мемлекеттің пайда болуы туралы келесідегідей теориялар қалыптасқан.
1. Теологиялық теория – мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді. Бұл теорияны ғылыми түрде уағыздаған Фома Аквинский, Жак Маритен т.б.,
2. Патриархалдық теория – мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде – мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірті – бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы монарх. Бұл теорияның өкілі және дамытқан зерттеушісі Аристотель, оны жақтаушылыр орта, жаңа ғасырларда пайда болды (Фильмер, Михайловский т.б)
3. Органикалық теория – бұл пікірді Платон көне дәуірде уағыздаған (б.з.д. IV –III ғ). Бірақ теория толық түрде ХІХ ғасырда қалыптасты. Өкілдері: Блюнчли, Г. Спенсер, Вормс, Прейс т.б.
ХІХ ғасырдағы ғылымның жтістіктеріне сүйене отырып, бұл теория – адам қоғамында табиғаттың объективтік даму заңдарына сәйкес эволюциялы жолмен мемлекетті құрады. Мемлекеттің Үкіметі – адамның басы-миы сияқты қоғамды басқарады. Қанаушы тап қоғамның экономикасын дамытады. Ол қоғамды қорғайды деп түсіндіреді.
4. Табиғи құқықтық теория – XVII- XVIII ғасырларда қалыптасқан теория. Өкілдері: Г. Гроцский, Т. Гоббс, Д. Локк, Ж. Ж Руссо, Б. Спиноза, А.И. Радищев т.б. Теорияның мазмұны: адамдардың өздерінің табиғи құқықтары болады ( бостандық, теңдік, еңбек жасау т.б.). Оны ешкім жоя алмайды, оған зиян келтіре алмайды.Қоғамның тарихи даму процесінде адамдардың арақатынасында қайшылықтар басталды. Сондықтан қоғамда бостандықты, әділеттілікті, теңдікті сақтау үшін адамдар өзара шарт жасап, мемлекетті құрады. Бұл шарттың мазмұны көп елдің Конституциясына кірді деп түсіндіреді.
5. Психологиялық терия – ХІХ ғасырда бұл теорияны уағыздаған: Ч. Тард, Л. И. Петражицкий. Қоғам мен мемлекетті бұл териия адамдардың психологиялық біріккен көзғарасы, іс - әрекеті, мінезі, тәртібі – бәрі келісіп ұжымдық түрде басқаруы. Қоғам мен мемлекет адамдардың табиғи психологиялық даму заңдылық процесінің нәтижесінде пайда болды деп түсіндіреді.
6. Күштеу теориясы – ХІХ ғасырда қалыптасқан пікір. Өкілдері: К. Каутский, е. Дюринг т.б. Мазмұны: күшті рулар, тайпалар өздерімен шектес әлсіз ру, тайпаларды күштеп, зорлық, озбырлық жасап, өзіне бағындырып, бақылауды жақсарту үшін мемлекет құрады.
7. Материалистік теория – мемлекет пен құқықтың пайда болуын экономикалық тұрғыдан түсіндіреді, сбептері: қоғамдық еңбектің бөлінуі, қосымша өнімнің, жеке меншіктің пайда болуы, қоғамның қарама – қарсы екі тапқа бөлінуі, қайшылық күресінің басталуы. Мемлекет пен құқықтың мазмұнының тарихи өзгеріп отыруы қоғамдық мүдде – мақсатты қорғауы.
Мемлекет қоғамның көп салалы, көп жүйелі құбылыстарына сәйкес дамып, өмірге келген бірлестік. Оның себептерін қоғамдағы болып жатқан объективтік факторлар құрастырады: биологиялық, психологиялық, экономикалық, әлеуметтік, діни, ұлттық т.б. құбылыстар. Сондықтан бір теорияның шеңберінде мемлекеттің пайда болуын ғылыми тұрғыдан түсінуге болмады.Мемлекеттің пайда болуын ғылыми тұрғыдан дұрыс түсіндіретін теория – Тарихи материалистік теория. Бұл теория мемлекетті тарихи туынды – қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады деп түсіндіреді.
Басқару ықылым заманнан адамдар пайда болған кезден бастап белгілі. Қандай да алға қойған мақсатқа жету жолында екі адам біріксе, соның біреуіне мәселені шешу міндеті жүктелсе, яғни ол басқарушыға айналса, ал екінші адам оған бағынышты басқарылушыға айналады.
1911 жылы американдық инженер Ф. Тейлор «Ғылыми
1. еңбекті бөлу;
2. өкілеттілік және жауапкершілік;
3. тәртіп;
4. орталықтандыру;
5. қызметкерлерді марапаттау;
6. жеке адамның мүддесінің қоғам мүддесіне бағыныштылығы;
7. бірыңғай мақсатта болу;
8. дара басшылық;
9. лауазымды адамдардың дәреже – деңгейі;
10. әділеттілік
11. қызметкерлер үшін тұрақты жұмыс орнының болуы;
12. бірлесу;
13. ретке келтіру;
14. бастамашылық. [5]
1.2 Мемлекетті басқару түсінігі, ерекшелігі, функциялары мен атқарушы билікпен қарым - қатынасы
Мемлекет және құқық теориясы, құқықтану саласының көрнекті ғалымы Алексеев С. С. Кезінде мемлекеттік басқару жөнінде былай деп айтқан болатын: Мемлекеттік басқару мемлекеттің, оның органдары мен мекемелерінің қоғам жүйесіне немесе оның аяларына мақсатты бағытта ықпал етуі. Сондықтан биліксіз әлеуметтік басқару болмайды деген тұжырымның негізі бар екенін көреміз. Мемлекеттік басқарудың мына келесідегідей өзіне тән ерекшеліктері бар:
1. мемлекеттік басқару саяси сипатта болғандықтан басқару жөніндегі негізгі салмақ мемлекетке түседі. Мемлекет мемлекеттік–құқықтық, техникалық– ұйымдастырушылық және тағы басқа да басқару құралдарына арқа сүйей отырып қоғамды басқаруды орындайды;
2. мемлекеттік басқару құқықтық нысанда жүзеге асырылады;
3. мемлекеттік басқару ғылыми негізге сүйенеді;
Алексеев С. С. Мемлекеттік басқару өзара тығыз байланысқан басқару сатыларынан тұратын ұдайы процесс деп айта келіп, сондай-ақ осы аядағы органдардың басқару қызметтерінің ерекшеліктерін ескере отырып, төмендегі басқару сатыларын бөліп шығарған:
1. басқару шешімін қабылдауға қажетті ақпараттарды жинау, өңдеу және талдау;
2. басқару шешімін дайындау және қабылдау;
3. шешімді атқаруды ұйымдастыру;
4. есептеу және бақылау.
Мемлекеттік құрылыс және құқық салассының белгілі ғалымы Г. В. Атаманчук мемлекеттік басқарудың мынадай анықтамасын берді: мемлекеттік басқару мемлекеттің ұйымдарға, адамдардың тәртіптері мен іс–қимылдарына, олардың ұжымдарына біртұтас қоғамға тікелей ықпал етуге бағытталған, ғылыми негізделген, жоспарланған, ұдайы және құқықтық нысанда жүзеге асырылатын қызмет.
Сонымен қатар мемлекеттік басқару жүйесінің мына әрекеттер мен элементтерді қамтитынын көрсеткен:
- басқару субъектісінің ұйымдастырылуы және қызмет атқаруы;
- басқарушы мен басқарылушы объектілердің өзара байланыстарының құрылымы, басқарушы іс –қимылдарының жиынтығы;
- мемлекеттік басқарушы ықпалдарға тікелей бағынатын қоғам жүйесінің элементтері;
Осы жүйе басқаруға байланысты әрекеттерде, қатынастарда міндетті үш элементтің болғанын қалайды:
1) басқару субъектісі немесе оның лауазымды адамы, органы;
2) құрылған және жүзеге асырылатын басқарушы ықпал;
3) жеке тұлғаның, кәсіпорынның, ұйымның және мекемелердің қызметтеріндегі түріндегі ықпал ету объектісі.
Сондықтан басқаруға әлеуметтік процесс тұрғысынан қарасақ, оның маңызы өте терең, ерікті және саналы бастамасы бар екеніні байқаймыз.
Алғашқылардың бірі болып басқару ісіне жеткілікті деңгейде көңіл бөлген К. Маркс болатын. Қоғамдық өндіріс процестерін талдау барысында К. Маркс басқару дегеніміз «еңбектің қоғамдық прпоцесінен туындайтын айрықша функция» деген қорытындыға келген.
Іс жүзінде басқару өзінің мәні бойынша жұмыс істеу бағдарламасын жасау, оны қажетті материалдармен қамтамасыз ету, бірлесіп еңбек етушілердің арасында жалпы міндеттерді бөлу, ұжымдардың әрекеттері мен күштерін біріктіруге ат салысу және олардың күнделікті қызметтерін реттеп отыру, сондай- ақ барлық атқарылатын қызметтердің алға қойған міндеттерге сай болуына қадағалау жүргізу болып табылады. Осы бағыттар бойынша барлық бірлескен қызметке қатысушыларды жалпы нысаналы мақсатқа жетуді көздеп бағындыруды қамтамасыз ету жүзеге асырылады.
Әлеуметтік басқарудың объектісіне адамдардың тәртібі және іс-қимылдары жатады.
Осы процесте тұлғаларды басқару қамтамасыз етіледі, олардың өзара қатынастары ұйымдастырылады. Жұмыс атқару кезінде адамдардың жүріп-тұруы, іс-қимылы оны еркіне, сана-сезіміне байланысты болады. Демек, басқару адамдардың әртүрлі ерікті қатынастары арқылы жүзеге асырылады.Әлеуметтік басқарудың субъектісі адамдар болып табылады, яғни басқару дегеніміз адамдардың адамдарды басқаруын жүзеге асыру. Басқарудың нақты субъектісі ретінде адамдардың ұйымдастырылған ұжымдары, қоғамдық немесе мемлекеттік органдар немесе жеке тұлғалар есептелінеді.
Сонымен басқару субъектісі мен объектісінің арасындағы белгілі бір байланыс басқару ретінде көрініс табады. Оның мәні субъектінің қоғамдық процестің басқарылушы адамдарға ұйымдастырыған түрде ықпал етуі. Басқарудың шынайы көрінісі ретінде өктем билікті айтуға болады. Бұл жөнінде Ф. Энгельс «Беделсіз ұйым болу мүмкін бе? Жоқ, мүмкін емес, себебі істін бірінші шарты болып басшылық ететін ерік – бедел табылады». [6]
Басқару функциясын атқару үшін басқару субъектісі қажетті билікке ие болуға тиісті. Сондықтан бұл жерде «билік ету- бағыну» қатынастары туындайды.
Билік жүргізу басқарудың белгісі ретінде әртүрлі нысанда болады.Үкімет билігі әлеуметтік процестерді реттеу құралы болып табылады. Козлов Ю.М. басқаруды әлеуметтік функция деп қарастырсақ, онда оны былайша сипаттауға болады дейді:
1) басқару тек адамдардың бірлескен іс- қимылдарын жүзеге асыратын жерден орын алады;
2) басқару адамдардың бірлескен іс- қимылдарын біріктіру және олардың жүріс- тұрыстары мен іс- қимылдарын келістіру арқылы нысаналы мақсатқа бағыттап қамтамасыз етуге ат салысады;
3) басқару бірлескен қызметке қатысушыларды басқарушының бірыңғай еркіне бағындыру бастамасы ретінде жүзеге асырылады.
Сонда басқару деп өктем- ұйымдастырушы функцияларды жүзеге асыруды айтамыз.Әлеуметтік басқару негізінде екі бағытта жүзеге асырылады: мемлекеттік басқару және қоғамдық басқару. Демек, мелекеттік басқару әлеуметтік басқарудың айрықша түрі болып табылады. Басқару саяси сипатта болады, сондықтан ол мемлекеттің мүдделері мен міндеттеріне қызмет етеді. Мемлекеттік сипаты мына жайлардан көрініс табады:
- басқаруды жүзеге асыру кезінде мемлекет мүддесі көзделеді;
- басқару функцияларын мемлекет еркіне сай қалыптастырылған арнайы субъектілер жүзеге асырады;
- осы субъектілер мемлекет атынан қызмет атқарады;
- оларға қажетті мемлекеттік- өктем сипаттағы өкілеттілік беріледі.
Кейде барлық мемлекеттік органдардың қызметі, барлық мемлекеттік қызмет басқару деп саналады. Мемлекет ауқымындағы және мемлекет атынан жүзеге асрылатын басқарушылық функцияларының өзіне тән белгілері мен ерекшеліктері мыналар:
1) Мемлекттің Конституциясында белгіленген мемлекеттік маңызы бар басқару сипатындағы мәселелер шеңбері;
2) Мемлекет аумағында басқару функцияларын жүзеге асыратын арнайы аппаратты, яғни мемлекеттік басқару органдарын қалыптастыру. Осыған орай мемлекеттік басқаруды кез- келген мемлекеттік орган емес, тек қана арнайы құрылатын атқару және жарлық беру органдары жүзеге асырады;
3) Мемлекеттік басқарудың дербес мақсаты–атқару қызметін жүзеге асыру. Атқару дегеніміз заңдар мен заңға сәйкес актілердің күнделкті және басқа жағдайларда іске асырылуы;
4) Мемлекеттік басқарудың белгілі бір материалдық базасы болады. (Бұл жерде айта кететін жай атқару билігіоргандарының бәрінде материалдық база бола бермейдіі. Мысалы: сот билігінде және т.б.)
5) Мемлекеттік басқару тек кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару ғана емес, сонымен қатар мемлекет аумағының барлық түкпірінде, яғни заң талаптарына бағындыруға қажеттілік туындаған жерлерде атқарылатын қызмет;
6) Мемлекеттік басқару дегеніміз ұйымдастырушы қызмет. Басқару процесінде адамдардың қызметі ұйымдастырылады, олардың арасында қатынастар құрылады.
7) Мемлекеттік басқару тар мағынада заңды- өктем сипаттағы қызмет болып табылады. Өйткені бұл қызмет- әкімшілік қызмет.
8) Мемлекеттік басқару заңға сәйкес қызмет болып табылады.Атқару қызметтерінің бағытын, бағдарын тек заң белгілейді, яғни заң нормалары нақты жағдайларда қолдланылады. Заңға сәйкестіктің бір көрінісі мемлекеттік басқару аясында, мемлекеттік басқару органдары қабылдайтын нормативті актілердің негізінде және соларды орындау мақсатында шығарылады.
9) Қорыта келіп айтсақ, мелекеттік басқару дегеніміз шаруашылық, әлеуметтік- мәдени және әкімшілік- саяси құрылыстарды тікелей және күнделікті басқару процесінде заңдарды орындау жөніндегі заңға сәйкес, мемлекеттік - өктем ұйымдастырушы қызмет.
Мемлекеттік басқару процесін құрылым тұрғысынан алып қарастырса, онда басқару субъектілері мына келесідегідей негізгі сатыларды белгілі бір бір тәртіппен жүзеге асырады:
1. Басқарудың бастапқы сатысында басқару органдарының жүйесінің атқаратын қызметтері ұйымдастырылады және басқару субъектілері мен объектілерінің мәртебелері алдын- ала белгіленеді.
2. Бұл сатыда шешімдердің, белгіленген ережелер мен нормативтердің орындалуы оларға түзетулер жүргізілуі және тікелей жарлық ету жүзеге асырылады.
3. Басқару жүйесінің қызмет атқаруын тексеру және қадағалау.
Мемлекеттік басқарудың функцияларына тоқталсақ, олар негізгі және қосалқы функциялар болып топтастырылады. Негізгі функциялар мемлекеттік басқарудың мәні, маңызымен тығыз байланысқан басқарушы қызметтің түрлері болып табылады және олар тиісті объектілерге мақсатты, бағдарлы түрдегі басқарушы ықпал етуді жүзеге асырады. Негізгі функциялар жалпы және мамандандырылғанг болып екіге бөлінеді.
Жалпы функциялар объективті түрде қандай- да болмасын басқару процесінде болады. Жалпы функцияларсыз басқару процесі жүргізілмейтіні белгілі. Осы функцияларға келесілер жатады:
1) жоспарлау;
2) ұйымдастыру;
3) басқару; басшылық ету;
4) жарлық беру;
5) бақылау.
Ал мамандандырылған функциялар объектінің өзіне тән айрықша ерекшеліктерін және оған ықпал ететін басқарушы қызметті көрсетеді.
Басқару функциялары іс жүзінде басқару органдарының тиісті іс- қимылдарына жүргізіледі. Басқару функцияларына байланысты басқару теориясы басқарушы ықпал жасау әдістерін алға шығарады. Мемлекеттік басқару процесінде бұл әдістер мемлекет атынан, оның тапсырмасы мен мүддесін көздей отырып пайдаланылады.
Бұл әдістерден мемлекеттік басқару органдарының мемлееттік- өктем өкілеттіктері көрініс табады. Мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен функциялары өзара шарттас. Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттің қоғамдық функцияларымен тығыз байланысты және олар мемлекеттің қоғамдық функцияларының жүзеге асу жолдарын көрсетеді.
Мемлекеттік басқару функциялары:
- ішкі функциялар, бұл мемлекеттік басқарушы жүйенің ішіндегі басқаруды білдіретін функция.Олардың болуы мемлекеттің көпдеңгейлілігімен, түрлі компоненттілігімен байланысты. Басқарудың бұл функциясының мақсатты бағдарлануы әрбір мемлекеттік органға динамикалылық пен заңдылықты берумен байланысты;
- сыртқы функциялар бұл мемлекеттік органдардың қоғамдық процестерге ықпал ету процесі.
- жалпы функциялар ( ішкі және сыртқы), бұлар мемлекеттік басқарудың негізгі объективті қажетті өзара байланыстарын білдіреді.Жалпы функциялар ішінде түрлі функцияларды бөліп көрсетуге болады. Р. М. Фалмер жоспарлау, ұйымдастыру, орындау, бақылау туралы жазады.
Мемлекеттік басқару, оның функциялары мен әдістері өздерінің объектісі ретінде адамдардың іс- қимылдары мен тәртіптерін білдіреді. Осыған байланысты басқарушы қатынастарда тұрақты қатысатын мына ұйымдық – құқықтық категорияларды бөліп шығаруға болады:
1) адамдардың әртүрлі ұжымдары;
2) өндірістік- техникалық және басқа да кешендер- бірлестіктер, кәсіпорындар т.б.
3) мемлекеттік басқару салалары;
4) мемлекеттік басқару аялары;
5) мемлекеттік басқару облыстары.
Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға , сондай- ақ азаматтарға байланысты жүзеге асырылады.
Осыған орай басқарушы сипаттағы қоғамдық қатынастарға әсер ететін жалпы механизм ішінен мына қызметтерді бөліп көрсетуге болады:
1) мемлекеттік заңды тұлғаларға басшылық ету жөніндегі қызмет;
2) мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жұмыстарын мемлекеттік реттеу және олармен байланыстарды дамыту жөніндегі қызмет;
3) азаматтардың заңды мүдделері мен мұқтаждықтарын қанағаттандыру және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік заңды тұлғалар тұрғысында орталықтандырылған басшылық және тікелей басқару жүзеге асырылады.Орталықтандырылған басшылық тікелей емес өзара қатынастар туындатады. Бұл жерде басшылық ортадағы звенолар арқылы жүргізіледі. Ал тікелей басқару кезінде басқару органы заңды тұлғалар – басқарушылармен тығыз, тікелей байланыста болады.
Мемлекеттік басқаруға жалпы сипаттама берген кезде атқару қызметінің басқару органдарына тән екенін есепке алу қажет. Сонымен қатар олардың әртүрлі мәміле жасайтындарын және материалдық- техникалық операцияларды жүргізетіндерін ұмытпаған жөн.
Әлеуметтік басқару қоғамдық (саяси) және тарихи ұғым болып табылады. Себебі ол қоғамда туындап дамиды, адамдардың өзара қатынастарын бекітеді. Ал оның мәні, әдістері және т.б. қоғамдық – тарихи даму процестерінде өзгеріп тоырады.
Әлеуметтік басқару қандай да болмасын қоғам өміріне қажетті элемент болып табылады. Басқарудың осы түрінің мән- маңызы - әртүрлі әлеуметтік бірлестіктердегі адамдарға мақсатты және ұйымдастырылған түрде ықпал ету. Әлеуметтік басқаруды мемлекеттік басқару органдары жүзеге асырады және осы басқарушы қызметтер ерік беру сипатында болады. Әрбір нақты басқарушы қызметінен, қатынастардан басқару субъектілер мен объектілерін айыра білу қажет.
Мемлекеттік басқару әлеуметтік басқарудың бір түрі болып табылады. Сондықтан оған толық сипаттама беру үшін оны әр тұрғыдан қарастыру қажет.
1) мемлекеттік басқарудың басқа мемлекеттік қызметтермен арақатынасы;
2) мемлекеттің басқарудың қоғам дамуындағы тарихи орны;
3) мемлекеттік басқару белгілі бір қызмет процесінің мәні.
Мемлекеттік басқару мемлекеттік қызмет түрлеріне бөлінеді. Осы әртүрлі мемлекеттік қызмет түрлері арқылы мемлекеттің барлық міндеттері мен функциялары жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметтер ұйымдастырылуы және басқа да белгілері бойынша бөлінеді:
a) жүзеге асыру кезінде атқаратын рөлдеріне байланысты;
b) жүзеге асыратын органдары бойынша;
c) жүзеге асыру әдістері мен нысандарына байланысты;
d) қызметтің ауқымы бойынша.
Мемлекеттік басқару осы қызметтердің бір түрі болып табылады және тек арнайы мамандандырылған басқару аппараты арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік басқарудың саяси мағынасы бар. Бұл жерде барлық мемлекеттік қызмет мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға және қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Мемлекеттік орган немесе лауазымды адам ммемлекет атынан қызмет атқарады және оларға басқаруға қажетті белгілі бір өкілеттіліктер берілген, сондай- ақ оның қызметі мемлекет тарапынан қорғаныс, қолдау табады. Мемлекеттік басқаруды саяси- әлеуметтік тұрғыдан алып қарасық, онда оны барлық мемлекеттік механизмнің қызметі, сондай- ақ оның бөлек алғандағы буындарының қызметі деп түсінеміз.

- Мемлекеттік билік
- Мемлекеттік бюджеттің түрлері мен деңгейі
- Мемлекеттік кадрлық саясат және қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіруді жүзеге асыру механизмі
- Мемлекеттік кадрлық саясат және қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіруді жүзеге асыру механизмі
- Мемлекеттік органдардың әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу жұмыстары мен қызметін жетілдіру
- Мемлекеттің аұша несие саясаты
- Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі
- Мектептегі инклюзивті білім беру жұмыстарының ерекшелігі
- Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу
- Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу
- Мелкая моторика
- Мемлекеттiк кызмет пен баскару мyддесiндегi сыбайлас жемкорлык Кылмыстарын алдын - алу меселелери
- Мемлекетті басқару және қалыптастыру
- Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны