Мемлекеттік билік
Мазмұны
КІРІСПЕ.......................
1 МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАСКРУ ЖҮЙЕСІ
1.1 Мемлекет және мемлекеттік
билік.........................
1.2 Мемлекеттік басқару
1.3 Әлеуметтік нормалардың
1.4. Мемлекеттік басқару
2 «БАЛАПАН» МКК ҚЫЗМЕТІН ЖАЛПЫ ЖӘНЕ АРНАЙЫ ТАЛДАУ
2.1 «Балапан» мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорны қызметінінің жалпы сипаттамасы
мен құрылымы......................
2.3 Мемлекеттік басқарудың әлеуметтік-экономикалық
тиімділігі: түсінігі мен бағалау әдістері......................
2.4 Мемлекеттік басқарудың тиімділігін
арттыруда есепке алынатын факторлар.....................
3 ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Мемлекеттік басқару қызметін
жақсартудағы адами дамудың
3.2 Қазақстандағы мемлекеттік
3.3 Еліміздегі мемлекеттік басқаруды
жетілдіру бағыттары.....................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМШАЛАР....................
Кіріспе
Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы «Мемлекет» және «мемлекеттік басқару» ұғымдары бір бірінен ажырамас ұғымдар және «билік» ұғымынан туындайды. Билік өзінің негізі жағынан – бұл тіпті қарсылық көрсетілуіне қарамастан өзінің еркін жүзеге асыра білу мүмкіндігі болып табылады. Биліктің маңызды бөліктері (жақтары) мыналар болып табылады:
- психологиялық – билік субьектісінің еркі;
- жүзеге асырушылық
– ерікті түрде орындау немесе
психологиялық қысым көрсетуге
дейінгі күштеу әдістерін
- рецепторлық – билік, басқару обьектісінің ерікті түрде қабылдауы;
- ақпараттық – субьектінің
еркін орындау немесе оны
Күнделікті өмірде біз түрлі билік түрлері туралы әңгімелей аламыз, олар: отбасындағы, жұмыстағы, ұжымдағы т.б. ал қоғамға қатысты биліктің төмендегідей түрлері болады: жеке немесе тікелей (отбасындағы немесе қожайынның қызметшісіне қатысты);корпоративті (қоғамдық ұйымдағы билік – ұйым мүшелері арасында ғана таралатын корпорациялар (партиялар), олар адамға ықпал етуін ол осы корпорацияға мүшеліктен шыққан кезде тоқтатады ;
әлеуметтік – қоғамдағы халықтың билігі.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі Мемлекеттің әлеуметтік басқару саласындағы қызметі қоғамдық қатынастар мен адамдардың іс-әрекетін құқықтық реттеумен байланысты. Осыдан мемлекеттік басқарудың заңдық аспектісі туындайды. Бұл мағынада ол білімнің саяси-зандық саласы ретінде сипатталуы мүмкін.
Сондай-ақ жоғарыда айтылғандай
мемлекеттік басқару
Сонымен, мемлекеттік басқару теориясының мазмұны — қоғамды басқару институты ретіндегі мемлекеттің маңызды функцияларын, оларды жүзеге асырудың зандылықтары мен қағидаларын оқып-үйрену, басқарудың негізі ретіндегі мемлекеттік саясатты ғылыми негіздеу.
Диплом тақырыптың зерттелу деңгейі Мемлекеттік басқару теориясының пәні - қоғамды басқарудың саяси-құқықтық институты ретіндегі мемлекеттік билік органдарының қызметін және қалыптасатын саяси-құқыктық, әлеуметтік қарым-қатынастарды талдау болып табылады. Сондықтан біз оны кешенді ғылым деп қарастырамыз. Оған келесідей ұғымдарды жатқызамыз: мемлекеттің негізгі функциясы ретінде басқаруды сипаттайтын жалпы ұғымдар: мемлекеттік басқару, басқару субъектісі ретіндегі мемлекет (мемлекеттік орган, аппарат, мекеме), мемлекеттік басқару объектісі (әлеуметтік топтар, қоғамдық процестер, әлеуметтік институттар); мемлекеттік билік ( саяси, әкімшілік, экономикалық және т.б.); басқарушылық қызмет (саяси жетекшілік, әкімшілік басқару, нормативті-құқықтық реттеу); басқарудағы қатынастар (ұйымдық-экономикалық, әлеуметтік-саяси, нормативтік-құқықтық);
- атқарымдық қызмет процесі ретінде мемлекеттік басқаруды бейнелейтін ұғымдар: мемлекеттік басқару қызметі, басқару зандылығы мен қағидалары, басқару ісінің нысаны, әдістері, құралдары, стилі;
- басқару процесінің негізгі элементтері мен кезендерін бейнелейтін ұғымдар: мақсатты тұжырымдау, саяси стратегия, мемлекеттік шешімдер мен қабылданған шешімдер;
- басқару қызметі мен қатынастардың қозғаушы күштерін және оларды шектейтін факторларды сипаттайтын ұғымдар: ұлттық-мемлекеттік мүдделер, әлеуметтік топтар, саяси мүдделер, жалпы ұлттық және топтық құндылықтар;
- тұтастай мемлекеттік басқаруды сипаттайтын ұғымдар: мемлекеттік билік (үш тармақ), басқару мен билік субъектілерінің деңгейі; билікті орталықтандыру жэне орталықсыздандыру және басқару;
- мемлекеттік басқару жүзеге асырылатын сыртқы ортаны сипаттайтын ұғымдар: әлеуметтік, саяси, құқықтық, экономикалық және басқа кеңістіктер. Мемлекеттік басқару теориясында философиялық-әлеуметтік және басқа жалпы теориялық түсініктер, ең алдымен әлеуметтік басқару ғылымының түсініктері қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде басқару әр түрлі белгілері бойынша бірнеше түрге бөлінеді: қоғамдық өмірдегі салаларға байланысты: тұтас қоғамды басқару, экономикалық басқару, әлеуметтік басқару, саяси басқару, рухани-идеологиялық басқару.
Қоғамдық қатынастардың құрылымына байланысты: қоғамның экономикалық (тұтынушылар мен өндірушілер арасындағы байланыс), әлеуметтік (білім беру, денсаулық сақтау салаларының қызметін пайдалану барысында туындайтын қатынастар), саяси және рухани дамуын басқару. Диплом жұмысын зертеу барысында Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілер, оқулық, оқу құралдары, қосымша тақырып бойынша материалдар, статистикалық мәліметтер қолданылды.
1 Мемлекеттік билік жүйесі және мемлекеттік баскру жүйесі
1.1 Мемлекет және мемлекеттік билік
Мемлекеттік басқарудың ерекшеліктерін ұғыну үшін мемлекеттің пайда болуы мен дамуы мәселелерін білуіміз қажет. Қазіргі таңда ғалымдар арасында мемлекеттің пайда болуы теориясы мәселесі төңірегінде айтыстар әлі жүріп жатыр. Жекелеме ғалымдардың мемлекетті басып жаншу құралы, халықтың үстінен үстемдік жүргізу құралы ретінде қарастырған көзқарастары сақталуда. Көп жағдайларда мемлекетті осы тарихи кезең ішінде билікке ие болып отырған саяси күштер мен жекелеме тұлғалардың меншігі ретінде қарастырған көзқарастар да кездеседі. Ал кейбіреулер мемлекетті адамдарға жақсылық әкелетін, демек игіліктер әперуші құрылым ретінде қарастырған көзқарастарымен белгілі. Мемлекеттің пайда болуы мен маңызына деген осы және өзге де көзқарастар ғасырлар бойы қалыптасты, түрлі тарихи кезеңдер ішінде мемлекетті бағалау да әр түрлі болып келді.
Мемлекеттің пайда болуы туралы көптеген теориялар бар, олардың ішіндегі негізгілері мыналар болып табылады:
- теологиялық (діни, құдайшылдық);
- патриархалдық (аталық):
- келісімдік (табиғи- құқықтық);
- органикалық;
- күштеу (ішкі және сыртқы);
- психологиялық;
- таптық және т.б.
Осы теорияларды қарастыра келе шартты түрде мемлекеттің пайда болуының екі нұсқасын бөліп қарастыруға болады: бастапқы және ерікті.
Бастапқы – бұл ру- тайпалық одақтардың, оның ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын адамдардың ерекше институтының біртіндеп құрылуы, және сонымен бір мезгілде өздерінің қоғамға ерекше ықпаал етуімен одан ерекшеленіп бөлініп тұратын адамдар тобының пайда болуы. Қоғамда мемлекеталды түрлер мен алғышарттар қалыптастырыла бастады, олар кейде мемлекеттің пайда болуына алып келсе, енді бірде әкелген жоқ.
Мемлекеттің пайда болу теориясының бұл тобына орта ғасырларда үстемдік құрған және адамдарға құдайдың ерекше силығы ретінде қарастырылған мемлекеттің құдайдың сый етуі арқылы құрылуы теориясын жатқызуға болады. (А. Августин, Ф. Аквинский).
Кейнірек тұлғалық сипаттағы теориялар пайда бола бастады. Бұл көзқарастың кейбір өкілдері адамды табиғатынан қатыгез,үнемі өздеріне өзгелер есебінен өмір сүру кеңістігін басып алуға дайын тұратын жандар деп есептеді және мұндай әрекеттерді шектеу үшін тежегіш күш ретінде мемлекет қажет болды делінді (Т. Гоббс). Өзге философтар (Ж.Ж. Руссо) керісінше адамды қайырымды, жалпыға бірдей теңдікке ұмтылатын және соған байланысты жалпыға бірдей пайда әкелу үшін өзара келісім шартқа отырып мемлекет құрады деп есептеді.
Мемлекеттің пайда болуын ұжымшылдық тұрғысынан түсіндіретін теория да бар, олардың негізінде сыртқы немесе ішкі күш көрсету жатады. Ішкі күш көрсетуде – қоғамда адамдардың бір тобы адамдардың өзге барлығын өздеріне бағындырады (Л. Гумилович). Сыртқы күш көрсетуде мемлекет басып алынған тайпалар мен жерлерді басқару үшін қажеттікке айналды. (Ф.Оппенгеймер). Мемлекеттің пайда болу теориясының бұл тобына К.Маркстің таптық теориясын да жатқызуға болады. Оның негізінде қоғамның бір біріне қарсы таптарға бөліну жатыр және мемлекет үстем таптың органы мен күш көрсету құралы болып табылады.
Қазіргі заманғы жекелеме теоретиктердің арасында мемлекеттің пайда болуының олигархиялық теориясы тарала бастаған (аздаған адамдар тобының билігі). Оның негізінде адамдардың бір біріне ұқсас еместігі, олардың әр түрлі деңгейдегі жеке сапалары қабілеттері жатыр, мұның өзі қоғамның таңдаулыларының пайда болуына алып келеді, олар қоғамнан биік көтеріліп, өздері билікті иемденіп алады. Олигархиялық теория көзқарасында мемлекеттің пайда болуы үш түрлі әдіс арқылы жүзеге асырылады:
- әскери – жиі болып тұратын басқыншылықтар барысында және өзге тайпалардан қорғану үшін, әскери қимылдар барысында үлкен пайдаға кенелу мақсатымен, мысалы моңғолдар мен франктердегі сияқты.;
- ақсүйектік – Ежелгі Римдегі ақсүйектердің билігі;
- плутократиялық – қоғамнан шағын топ, байлардың шағын бөлігі бөлініп шығады да барлық билікті өздері иемденіп алады (плутократия – байлықтың билігі).
Мемлекеттіктің қазақстандық теориясында мемлекеттің алғашқы пайда болуына көп жағдайлардың ықпал етуі көзқарасы басым болып келеді. Мемлекеттің пайда болуы барысында төмендегі жағдайлардың маңызды роль атқарулары мүмкін:
- - адамның әлеуметтік негізі және сонымен байланысты адамдар қоғамдастығын басқару қажеттігі;
- - «ортақ істерді» атқару;
- - әлеуметтік асимметрия;
- - қоғамның әртектілігі нәтижесінде пайда болатын қарама- қайшылықтар мен әлеуметтік дағдарыстарды шешу үшін ерекше мәжбүрлеу институтының қажеттігі.
Ерікті – мемлекеттің пайда болуына бұрынғы қоғамдық құрылым мен мемлекеттікті түпкілікті түрде өзгертетін ерекше жағдайлардың болуы.
Мемлекеттің пайда болуының мұндай нұсқасына нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстан толықтай қол үзу жүзеге асырылатын революциялық қайта құруларды жатқызуға болады. (Франция – 1789, Россия - 1917, Китай - 1947).
Жаңа мемлекеттің құрылуы үйымдық өзгерістерге байланысты болуы да мүмкін: 1922 г. – КСРО және оның құлауы, Танганика мен Занзибардың Танзания болып бірігуі – 1964, Батыс және шығыс Германияның бірігуі т.б.
Мемлекеттің пайда болуының тағы бір әдісі бұрынғы отар жерінде пайда болуы. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін осындай әдіспен 100 ден астам жаңа мемлекеттік құрылым пайда болды. Мұнда мемлекеттің пайда болуы көбінесе бейбіт жолмен – референдум нәтижесінде немесе отар елдің тұрғындарының өздерінің тәуелсіздігі үшін күресі нәтижесінде жүзеге асырылд (Зимбабве, Ангола, Вьетнам және т.б.), және екеуінің бір мезгілде пайдаланылуы.
Қазіргі заманғы мемлекеттану мемлекет ұғымына байланысты бес көзқарасты қарастырады:
- теологиялық - орта ғасырларда кеңінен таралған және қазіргі таңда ислам фундаментализмі жақтастары жиі қолданатын көзқарас;
- классикалық – мемлекет билік, территория және халық ұғымдарының үштік бірлігі ретінде қарастырылады. Мұндай көзқарасты көбінесе батыс елдері саясаттанушылары пайдаланады.;
- заңдылық – мұндай көзқарастың жақтастары мемлекетті құқықтық қатынастар жүйесі, нормативтік бірлік ретінде қарастырады;
- әлеуметтанушылық – неғұрлым кеңінен таралған көзқарас, оның марксистік те, марксистік емес те бағыттары бар.;
- марксистік көзқарас мемлекетті билік етуші таптың диктатурасы ретінде қарастырады. Марксистік емес әлеуметтанушылық мектептер мемлекетті қарастыру кезінде заңнамалық, экономикалық, саяси белгілерін біріктіріп қарастырады, мемлекет қоғамның ресми өкілі ретінде қарастырылады.
Мемлекеттің белгілі бір қасиеттері мен белгілері болады және оны әрбір адам ең алдымен қоғамның ұйымдасу түрі ретінде таниды. Ол белгілі бір территорияда, белгілі бір нақтылы шекара шегінде тұрақты тұратын адамдардың бір бірімен өзара арақатынасы мен байланысын қамтамасыз етеді. Мемлекет адамдардың өзара бір бірімен байланысымен байланысқан және солар арқылы қоғамдағы өндірістік, әлеуметтік және өзге де процесстерді ұйымдастырады.
Мемлекет негізінің ерекше маңызды бөлігі оның адамдардың территориялық жағынан ұйымдасу түрі екендігінде жатыр.:
- сол арқылы ру- тайпалық қарым- қатынастар еңсеріледі («қандық байланыстар») және олардың орынын қоғамдық қатынастар басады;
- адамдардың ұлттық, діни және әлеуметтік белгілеріне бейтарап құрылым құрылады.
Мемлекет ерекше заңдық әдістермен, азаматтық институты көмегі арқылы адамдарды біріктіреді. Азаматтық институты құқықтық жағынан алып қарағанда адамдарды теңестіреді және оларды мемлекетке қатысты тең құқылы етеді.
Мемлекеттің әлеуметтік институт ретіндегі ерекшелігі тек мемлекеттік құрылымдар мен тетіктер арқылы мемлекеттің белгілеулеріне міндеттілік сипат беретін жалпының еркі қалыптастырылады және бекітіледі. Мемлекетке заңды негізде заң шығару мен күштеу монополиясы беріледі.
Мемлекет өзінің мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметті орындаумен кәсіпқой түрде айналысатын адамдар тобын- арнайы басқару аппаратын құрып, ұстайды. Оның бір бөлігі заң шығару ісіне қызмет етеді, заңдардың орындалуы мен сот арқылы қорғауды қамтамасыз етеді, екінші бөлігі ішкі құқықтық тәртіпті қамтамасыз етеді және мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Мемлекет қоғам түрі ретінде бір мезгілде қоғамдық өзін өзі басқарудың құрылымы мен тетігі қызметтерін атқарады. Мемлекетт тек қоғам мүддесі үшін қызмет ететін институттар ғана болуы тиіс, ал мемлекеттің міндеттерін шешу мен оларды жүзеге асыруға бүкіл қоғам мүшелері қатыстырылуы тиіс. Сол себепті мемлекеттің қоғам алдындағы ашықтығы және азаматтардың мемлекеттік істерді атқаруға тартылу деңгейі мемлекеттің демократиялық және құқықтық мемлекет ретіндегі даму деңгейінің көрсеткіші болады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің бірі сондай- ақ оның тұтастығы болып табылады, себебі ол өзі арқылы біріктірілген адамдар қоғамын білдіреді. Тек мемлекет арқылы ғана халқаралық қатынастар жүзеге асырылады және сол арқылы мемлекет әлемдік деңгейде дербес және тәуелсіз құрылым ретінде танылады.
Мемлекеттің қызметтері. Мемлекеттің пайда болуына адамдардың белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу, қоғамның арнайы әлеуметтік ұйымдастырылуы арқылы өздерінің нақтылы мүдделерін жүзеге асыруға ұмтылысы ықпал етеді. Сондықтан мемлекеттің қызыметінде бірінші кезекке ең алдымен оның қоғамдық міндеттері қойылады. Функция термині латын тілінен аударғанда «қызмет шеңбері», міндеткерлік немесе орындау деген ұғымды білдіреді. Міне осы қоғамдық қызметтері арқылы мемлекеттің негізі, оның әлеуметтік бағыттылығы туралы сөз қозғауға болады. Мемлекеттің атқаратын қызметтерін екі негізгі түрге бөліп қарастыруға болады: ішкі және сыртқы, олар өз кезегінде түрлі бөлімдер мен бөлімшелерге бөлінеді.
Мемлекеттің ең басты қызметтерінің бірі саяси қызмет, қоғамның тұтастығы мен сақталуын қамтамасыз етуден тұрады, себебі мемлекеттің өзі қоғамдағы бөлінушілікті жою, оның үйлесімді және қалыпты дамуына жағдай жасау, түрлі әлеуметтік топтар арасындағы қарама- қайшылықтар мен жанжалдарды заі шеңберінде мәмілеге келтіру арқылы шешу мақсаттырымен құрылады.
Адамдар мемлекетті сондай- ақ өздерін қорғау үшін, өздерінің құқықтары мен жеке бостандықтарын қорғау үшін құрады, бұл мемлекеттің әлеуметтік қызметі болып табылады. Табиғатынан , даму деңгейі өзге де бірқатар белгілері бойынша қайталанбас, әр түрлі болып келетін адамдардың әрқайсысы өмірлік жағдайларды әр түрлі қабылдап, пайдаланады, кейде ол өзгелердің мүдделеріне қарама- қайшы келіп жатады. Тек қана мемлекеттің заңның, құқықтың күшімен қамтамасыз етілген билік күші әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге қабілетті болады.
Мемлекеттің мақсаты қоғамның экономикалық қызметінің пәрменділігі мен реттілігі үшін қажетті ұйымдық- құқықтық жағдайлар мен алғышарттарды қамтамасыз ету болып табылады. Тек өндірістік саланың дамуы ғана қоғамның саяси, әлеуметтік проблемаларын шешу үшін де, оның экономикалық тәуелсіздігі мен дербестігін қамтамасыз ету үшін де нық негіз бола алады. Экологиялық дағдарыстар, қоршаған ортаның ластануы, табиғи қорлардың сарқылуы, адамдардың рухани жағынан азғындауы бүгінгі таңда бірінші кезекке адамдардың экономикалық іс- әрекеті мәселелерін қояды. Мемлекеттің қатысуы мен оның билік күшін пайдаланусыз адамдардың қалыпты өмір сүру ортасын сақтау мен дамыту әлемдегі күш алып келе жатқан экологиялық қозғалыстардың белсенділігіне қарамастан мүмкін емес болады.
Мемлекеттің оның сыртқы белгілері жиынтығы белгілері түріндегі түрі елдегі мемлекеттік билікті ұйымдастыру түрінде көрініс табады, ол:
- басқару түрінен – мемлекеттік билік пен басқарудың жоғары органдарын құру мен ұйымдастырудың ерекше тәртібі, олардың арасындағы құзыреттілікті бөлу (монархия немесе республика);
- мемлекеттік құрылым түрінде – территориялық құрылым түрі, орталық, территориялық және жергілікті билік тармақтарының өзара байланыстарының белгілі бір тәртібі (унитарное, федерация, конфедерация);
- саяси режим түрінде – мемлекеттік (саяси) билікті (демократиялық және демократиялық емес) жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдері.
Кез келген мемлекет өзінің қалыптасуы мен дамуында белгілі бір кезеңдерден өтеді. Мемлекеттің дамуы да қоғамның дамуы сияқты обьективті заңдылықтарға бағынады. Қазіргі таңдағы мемлекеттің дамуы, оның ішінде Қазақстанда да төмендегі белгілері арқылы сипатталады:
- демократияландыру процесстері, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде құқықтық және зайырлы мемлекет құру;
- технологиялық және технократиялық даму;
- мемлекет – ұйымдастырушы және мемлекет – қазылық етуші рольі артады және мемлекеттік мәжбүрлеудің түрлері өзгеріске ұшырап, рольі төмендейді.;
- мемлекеттік басқарудың дамуының толқын тәріздес болып келуі;
- мемлекеттің аралас түрінің пайдаланылу тенденциясы барынша айқын көрініс таба бастайды (ЕЭС);
- мемлекет эволюциясындағы контраст, өрлеу мен құлдырау кезеңдері айқын көріне бастайды (КСРО).
1.2 Мемлекеттік басқару мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру тәсілі ретінде
«Мемлекет» және «мемлекеттік басқару» ұғымдары бір бірінен ажырамас ұғымдар және «билік» ұғымынан туындайды. Билік өзінің негізі жағынан – бұл тіпті қарсылық көрсетілуіне қарамастан өзінің еркін жүзеге асыра білу мүмкіндігі болып табылады. Биліктің маңызды бөліктері (жақтары) мыналар болып табылады:
- психологиялық – билік субьектісінің еркі;
- жүзеге асырушылық – ерікті түрде орындау немесе психологиялық қысым көрсетуге дейінгі күштеу әдістерін қолдану;
- рецепторлық – билік, басқару обьектісінің ерікті түрде қабылдауы;
- ақпараттық – субьектінің еркін орындау немесе оны орындаудан бас тарту бойынша іс- шаралар туралы билік обьектісі мен субьектісі арасындағы кері байланыс.
Күнделікті өмірде біз түрлі билік түрлері туралы әңгімелей аламыз, олар: отбасындағы, жұмыстағы, ұжымдағы т.б. ал қоғамға қатысты биліктің төмендегідей түрлері болады:
- жеке немесе тікелей (отбасындағы немесе қожайынның қызметшісіне қатысты);
- корпоративті (қоғамдық ұйымдағы билік – ұйым мүшелері арасында ғана таралатын корпорациялар (партиялар), олар адамға ықпал етуін ол осы корпорацияға мүшеліктен шыққан кезде тоқтатады ;
- әлеуметтік – қоғамдағы халықтың билігі.
Кейбір жағдайларда әскери, технократиялық, сараптамашылдық (мамандардың билігі) сияқты билік түрлері бөліп көрсетіледі.
Мемлекеттік және муниципалдық басқару мәселелерін қарастырған кезде ең үлкен маңызға ие болатыны әлеуметтік билік болып табылады. Оның саяси сипаты болады және мемлекеттік биліктен көрініс табады. Мемлекеттік билік әлеуметтік, халық және билігінен туындайды , өзінің сипаты бойынша саяси болып келеді және белгілі бір деңгейде дербес болады. Мемлекеттік билікті ерекше құбылыс ретінде халықтың саяси билігінен төмендегідей белгілері бойынша ажыратады:
- кез келген мемлекеттік билік саяси билік болып табылады, бірақ кез келген саяси билік мемлекеттік бола алмайды;
- саяси билік халыққа қатыстылығына байланысты имманентті болып табылады (ішкі жағынан да өзіне тән белгілері бойынша да). Мемлекеттік билік – халық билігінен туындайды, бірақ ол мемлекетке тиесілі болады және мемлекеттің атынан арнайы құрылған мемлекеттік органдар арқылы жүзеге асырылады.
- мемлекеттік биліктің қоғамда заңдық жоғарылығы, басымдығы болады, ол әмбебап болып келеді, себебі қоғам өмірінің барлық реттелуі мүмкін, реттеуді қажет ететін, реттеу қоғам мүддесі үшін қажет болып табылатын жақтарын реттейді:
- мемлекеттік саяси билік биліктің өзге түрлерінен өзінің түрі мен жүзеге асырылу тетіктері арқылы ерекшелінеді: ол формалданған (заң арқылы бекітілген және оның ықпал ету аймағы заңда көрсетілген) және мамандандырылған мемлекеттік аппарат арқылы жүзеге асырылады (парламент, үкімет, сот). Халықтың саяси билігі тікелей демократияның түрлері арқылы көрініс табады (сайлау, референдум).
Мемлекеттік билікті жарияландыру – бұл оның белгіленуінің, пайда болуының, ұйымдастырылуының, аппаратының қызмет етуінің құқылылығын заң арқылы бекіту:
- оның пайда болуының заңдылығы;
- билікті ұйымдастырудың заңдылығы (мемлекеттің Конституциясы, заңдары арқылы, халықтың және оның өкілді органдарының тікелей қатысуы арқылы бекітілген);
- өкілеттік салаларының заңдылығы (қоғам өміріне және жеке адамның өміріне араласуының шектері);
- билікті жүзеге асырудың түрлері мен әдістерінің заңдылығы (аппаратының қызметінің құқық нормалары негізінде ұйымдастырылуы).
Кәдуелгі жағдайларда мемлекеттік билікті рәсімдеу Конституция арқылы, оның органдары мен басқару аппаратын - өзге құқықтық актілер арқылы жүзеге асырылады (конституциялық және федералдық заңдар арқылы), мұнда билік өкілеттілігін негіздеу, мемлекеттік істерді басқару құқығы заң актілерінен көрініс тауып отырады. Тарихи тәжірибе көрсеткендей мемлекеттік билік туралы ережелерді заң арқылы бекіту барлық жағдайларда оның демократиялығы мен заңдылығын білдіре бермейді. Бұдан шығатын қорытынды мемлекеттік биліктің жариялылығын анықтау кезінде ең алдымен мемлекеттік билікті жария ететін құқықтық актілердің жалпыадамзаттық құндылықтар мен халқаралық құқық принциптеріне қаншалықты сәйкес келетіндігі есепке алынуы тиіс.
Мемлекеттік биліктің жариялылығы принципін бұзу мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларының заң алдындағы жауапкершілігін қарастырады: саяси, қылмыстық, әкімшілік және азаматтық.
Мемлекеттік биліктің тағы бір сапалық белгісі оның жарамдылығы – көбінесе формалды емес (құқықтық емес) түрде болып келетін нақтылы жағдайы болып табылады. Мемлекеттік биліктің жарамдылығы- бұл процесстер менн құбылыстар, солардың көмегі арқылы ол өзінің жариялылығы, құқықтық және моральдық заңдылығы, осы биліктің белгілі бір психикалық бекітілімдерге сәйкес келуі, қоғамның көзқарастары мен күтілімдерін ақтауынан көрініс табады.
Мемлекеттік биліктің маңызды белгісі оның бірлігі болып табылады. Биліктің бөлшектенуі, оның ішіндегі қарама- қайшылықтар бүкіл қоғамның әлсіреуіне және соның нәтижесінде құлдырауына алып келеді. Осыған ұқсас жағдай Н. Крыловтың «Аққу, шаян және шортан» мысалында келтірілген, бұл мысалдың басты қорытындысы «егер бірлік болмаса тірлік те дұрыс болмайды».
Мемлекеттік билік өзінің негізі бойынша біртұтас болуы қажет, ол мына үш белгісі арқылы көрінеді:
- әлеуметтік – қоғамның әлеуметтік күштерінің бірлігі, биліктің негізі, түпқазығы ретінде;
- мемлекеттік билік қызметінің біртұтас мақсатқа жұмылдырылуы – мемлекеттік биліктің аппараты мен органдары бүкіл қоғамның дамуының жалпы мақсаттары мен бағытына сәйкес келетін міндеттерді шешуі тиіс;
- ұйымдық бірлік - мемлекеттік биліктің органдар жүйесі мен қызмет әдістері ең алдымен мемлекеттік билік тармақтарының : заң шығарушы, атқарушы, сот биліктері болып бөлінушілігінің біртұтастығы негізінде құрылуы тиіс.
Билік туралы мәселеге қазіргі көзқарастар биліктің бөлінушілігі туралы доктринаны жаңа ережелермен толықтырды:
- биліктің теңдігі, өзара тежемелік және тепе- теңдік принциптерінің орнығуы;

- Мемлекеттік бюджеттің түрлері мен деңгейі
- Мемлекеттік кадрлық саясат және қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіруді жүзеге асыру механизмі
- Мемлекеттік кадрлық саясат және қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіруді жүзеге асыру механизмі
- Мемлекеттік органдардың әлеуметтік бағдарламаларды әзірлеу жұмыстары мен қызметін жетілдіру
- Мемлекеттің аұша несие саясаты
- Мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы бюджеттін ролі
- Мемуарно-дневниковое творчество участников блокады Ленинграда. Публицистический аспект
- Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу
- Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу
- Мелкая моторика
- Мемлекеттiк кызмет пен баскару мyддесiндегi сыбайлас жемкорлык Кылмыстарын алдын - алу меселелери
- Мемлекетті басқару және қалыптастыру
- Мемлекеттік аппараттың түсінігі мен мазмұны
- Мемлекеттік басқарудың эволюциясы жӘне методологиялық негіздері