Миграция түсінігі және оның топтастырылуы
КІРІСПЕ ……………………………………………………………………..3
1 КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІ ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
- Миграция түсінігі және оның топтастырылуы………………………..……...7
- Миграцияның ерекше түрі ретінде туризмнің мәні………………………..13
1.3 Миграциялық
саясат туралы тұжырымдамалар мен қауіпсіздікке
ықпалы………………………..……....…………………
2 ТУРИЗМДЕГІ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МИГРАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕР-
ІН ТАЛДАУ
2.1 Халықаралық
туризмдегі миграциялық
2.2 Қазақстан
Республикасы тұрғындарының туризмдегі
миграциялық үдерісі………………………..……....………………
2.3 Экономикалық
қауіпсіздік және миграция…………..……....…….………38
3 ТУРИЗМ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
3.1 Туризм саласы
дамуының өзекті мәселелері
3.2 Туризм
саласын дамытудың негізгі бағыттары……..……....…….……….....
ҚОРЫТЫНДЫ……..……....…….……………..…
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..……....…….……………....…..
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуының және оны әлемдік қоғамдастықтың мойындауының нәтижесінде пайда болған жаңа экономикалық және саяси жағдаяттар бүкіл елдегі және оның аймақтарындағы көші-қондық үдерістердің түрі мен бағытына едәуір маңызды өзгертулер енгізді. Ұзақ мерзім бойы Қазақстан халықаралық миграциясы эпизодтық сипаттағы туристік және жеке сапарлармен, спорттық және мәдени іс-шараларға қатысумен шектелген жабық ел болды. Ол негізінен, социалистік және дамушы елдердегі өндірістік кәсіпорындар мен басқа да объектілердің құрылысына жоғары білікті жұмысшылардың іссапарлары түрінде жүзеге асты. Қазіргі уақытта туризм – миграцияның ерекше түрі ретінде, бұл тек экономиканың маңызды саласы ғана емес, сонымен қатар адам өмірінің басты бөлігіні бірі. Ол адамның сыртқы қоршаған ортамен қарым қатынасын қамтиды. Туризм – адамдардың үнемі немесе ұзақ мерзімді өмір сүру орны болып табылмайтын, және олардың еңбек қызметімен байланысты емес өзге бір ортаға миграциялық сипатталатын әлеуметтік-экономикалық, тарихи, мәдени және рухани қатынастардың, құбылыстардың жиынтығы болып табылады. Жеті кластердік бастаманың ішінде туристік индустрияның экономиканың басым секторларының бірі ретінде танылуы оны дамытуға жаңа серпін берді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі – Қазақстанды Орталық Азияның өңірдегі туризм орталығына айналдыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің туризм саласындағы белгілеген барынша маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстанды орталық азиялық өңірдегі туризм орталығына айналдыру. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Мемлекеттік бағдарлама республикада қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік индустрия құруға және экономиканың сабақтас секторларын дамытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ол туризмді дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиясын, негізгі бағыттарын, басымдықтарын, міндеттері мен іске асыру тетіктерін айқындайды және туризм инфрақұрылымын дамытуды, осы саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудың тиімді тетігін құрудың, туристік әлеуетті арттырудың, елдің тартымды туристік имиджін, рекреациялық шаруашылық мамандануы бар аймақтар қалыптастырудың негізгі аспектілерін қамтиды. Әлемдік туризмнің қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның жекелеген аймақтарына деген сұраныс өсуде. Еліміздің жеке өңірлері туризмнің қалыптасып тұрақты дамуына мүмкіндік беретін туристік-рекреациялық ресурстармен қамтамасыз етуші болып табылса, екінші жағынан туризм арқылы әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу өңірдің экономикасының өркендеуіне алғышарт жасай алатындай мүмкіндіктері бар мультипликативті нәтижеге ие болуымен ерекшеленеді. Соған қарамастан, туризмді тұрақты дамыту тетіктері біртұтас ашық жүйе ретінде қарастырылмағандықтан, осы саланың дамуын қамтамасыз ететін барлық түйінде мәселелер әлі де шешуін тапқан жоқ. Қазіргі таңда басты мәселелердің бірі кіру және ішкі туризмін пайдаланып, бәсекеге қабілетті туристік индустрияны қалыптастыру, халықты жұмыс орындармен қамтамасыз ету, мемлекеттің және халықтың табыстарын өсіру болып саналады. Туризмге деген мемлекеттік қолдаудың жетімсіздігі және материалдық – техникалық базаның жетіспеушілігі, бұл сала одан сайын әлсіреді. Қажетті қызмет көрсету сервисі бар қонақ үй қорының жетіспеушілігі айқын сезіледі. Нақты құйылып отырған қаржы көзі мардымсыз болған, қиын күн кешкен туризмді ешкім аса қажет ете қоймады. Сондықтан мемлекетіміздің қолдауымен туризмді экономикалық қаржыландыру арқылы дамыту және алдағы уақытта туристік көрмелерге жиі қатысу арқылы еліміздің туристік әлеуетін әлемге танытып қызықтыру арқылы туристерді тарту болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты туризм- тұрғындар миграциясының ерекше түрі ретінде теориялық-әдістемелік аспектісі зерттеу негізінде туризмдегі көші-қону үдерісі мен оны дамыту жолдары қарастырылды.
Зерттеу міндеттері мақсатқа сай келесідей:
-Миграция түсінігі және оның топтастырылуын тоқталу;
-Миграцияның ерекше түрі ретінде туризмнің мәнін ашу;
- Миграциялық саясат туралы тұжырымдамалары мен қауіпсіздікке ықпалы
-Халықаралық
туризмдегі миграциялық
-Қазақстан Республикасының
туристік саласындағы
-Экономикалық қауіпсіздік және миграция;
-Туризм саласын дамытудың өзекті мәселелері мен болашағы;
Зерттеу нысаны. Зерттеу нысаны ретінде Қазақстан Республикасының туризмдегі тұрғындардың көші-қөну алынды.
Зерттеу пәні Қазақстан Республикасындағы туризм саласындағы туристердің миграциясы болып табылады.
Мәселенің зерттелу деңгейі Туризм дамуының теориялық және ғылыми-тәжірибелік аспектілері келесі американдық ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты: Д.Аакер, А.Г. Браймер, Л. Берри, Дж. Боуэн, Ф. Котлер, Р. Оливье, Д. Ратмел, Д. Уокер және т.б. Бұл саланы дамытуға өз еңбектерімен зор үлесін қосып келе жатқан алыс, жақын шетелдік ғалымдарға: А.А. Асанова, В.Г. Гуляев, А.М. Голубков, Е.Н. Ильина, В.А. Квартальнов, В.К. Кораблев және т.б. жатады. Отандық экономикалық әдебиеттер ішінде туризмнің даму мәселелері: В.Н. Вуколов, Ғ.М. Дүйсен, Ж.М. Дюсембекова, С.Р. Ердавлетов, О.Б. Мазбаев, Р.Х. Раева, О.Ж. Устенова, М.Р. Смыкова, Ө.К. Шеденов сияқты ғалым-экономистердің еңбектерінде орын алған.
Тақырыптың деректік көзі диплом жұмысын жазу барысында 2001 жылдың 13- маусымындағы №211-ІІ (22.02.2002 жылғы №296-ІІ өзгертулермен) «Туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының статистикалық агенттігінің есептері.
Диплом жұмысын жазу барысында зерттеудің әдіснамалық және ақпараттық негізі болып отандық және шетелдік ғалымдардың Қазақстанда туризм бойынша еңбектері, туризм мәселесіне қатысты заңдық актілер, нормативтік-
құқықтық құжаттар қарастырылды.
Зерттеу әдістері. Бұл жұмыста экономикалық зерттеулердің жалпыға мәлім әдістері және танымның жалпы ғылыми әдістері, сонымен қатар, мәселені оның динамикасында қарастыруға мүмкіндік беретін талдау әдісі қолданылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы.
Қазақстанның
туристiк фирмалары бүгінде
Бүкіләлемдік туристік ұйымның болжамы бойынша Қазақстан тұрақты туризмді дамыту үшін болашағы бар елдер санында. Барлық туристік нарықта Қазақстанның табиғатына, ландшафтарына және ұлттық мәдениетіне үлкен қызығушылық білдіреді. Зерттеу мәліметтері бойынша алыс-жақын шет елдерден республикамызға бет алатын туристердің 74 % - жабайы табиғатты, 63 % - көшпенділер мәдениетін, 59 % - тау жоталарын, 68 % - әсем табиғат көріністері мен шексіз кең даланы, 58 % - таза табиғатты тамашалауға құштар. Сондықтан да Қазақстандағы туристік сала елдің экономикалық дамуындағы басым сала ретінде белгіленді. Туризм тұрғындар миграциясы ерекше түрі ретінде тақырыбының ғылыми жаңалықтың негізгі тұстарына мыналар жатады:
-Туризм тұрғындар миграциясының ерекше түрі ретінде анықталып, миграция мен туризм ұғымдары теориялық зерттелді.
- туризм саласындағы миграциялық процестердегі экономикалық қауіпсіздіктің әсері қарастырылды.
-халықаралық
туризмдегі аймақтар
- еліміздің тұрғындары туризм саласындағы миграциялық үдерісін талдау.
- туризм саласын дамытуда кластер құру қажеттілігінің және туризм
кластерінің саланы жандандырудағы мүмкіншіліктерінің ғылыми негіздемесі;
– туризм саласын дамыуындағы өзекті мәселелерді анықтау болып табылады.
Практикалық маңыздылығы теориялық жағдайлар мен практикалық ұсыныстарды кеңінен пайдалануы мүмкін ғылыми зерттеудің материалдарын туризм мамандықтарының студенттеріне лекцияда және семинарлық сабақ жүргізуде қолдануға болады.
Практикалық базасы диплом жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің материалдары пайдаланылды.
Диплом
жұмысының құрылымы кіріспе, үш
тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден
тұрады және жалпы көлемі – 62 бет
1
КӨШІ-ҚОН ҮДЕРІСТЕРІ
ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК
АСПЕКТІЛЕРІ
- Миграция түсінігі және оның топтастырылуы
Демографиялық процестердiң iшiнде халықтың миграциясы маңызды орын алады. Өйткені миграцияға қоғамдағы саяси, әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге шұғыл көңiл бөлетiн жауапты сипат тән. Қоғамды дұрыс басқару және тиiмдi әлеуметтiк-экономикалық саясат жүргiзу үшін миграциялық ағымдардың көлемi мен мигранттардың құрамын бағдарлай бiлу, миграцияны тудыратын факторларды және миграцияның салдарын анықтай бiлу өте қажет. Халықтың көші-қоны түсінігін кең және тар мағынада түсіндірулердің бар болуы экономикалық, демографиялық, әлеуметтанушылық зерттеулерде оны жіктемелеуге және анықтауға әрқилы тұрғыдан келуге әкеліп соқты.
Халықтың көші-қонының барлық анықтамаларын төмендегіше қарастыратын төрт негізгі позицияларға топтастыруға болады:
- халықтың аумақтық орын ауыстыруларының формасы;
- халықтың
аумақтық қайта
- халықтың жылжымалылығының формасы;
- халықтың әлеуметтік сипаттамасын қоса алғандағы оның аумақтық қозғалысының формасы.
Біздің
пікірімізше, көші-қонды халықтың аумақтық
орын ауыстыруларының формасы
Көші-қонның қарама-қайшылықсыз және әмбебап теориясын жасау, қандайда бір көзқарастардың көбірек немесе азырақ дәрежедегі негізділігін анықтау үшін қолданылған іс-шаралардың басты мақсаты қазіргі заманғы көші-қон дамуының үрдісін талдауда қолданылатын әдістемені дайындау болып табылады. ТМД елдерінің аумағында жүріп жатқан көші-қон үдерістері талданған кездері, әдетте, олардың бұрын-соңды болмаған бірегей құбылыс емес екендігі, сол себепті әлдеқашан қолданыста жүрген тұжырымдамаларды қайта қараудың қажеті жоқтығы назарға алынады. Екі қажеттіліктер тобы көші-қондық үдерістерді туындатушы көздер болып табылады:
- өндірістің дамуының экономикалық заңдылықтары (объективтік факторлар);
- қоныс аударушы еңбек ресурстарының мүдделерін көрсететін материалдық және рухани қажеттіліктер (субъективтік факторлар).
Көші-қонға қатысты алғанда халық факторы ерекше үйлесімінің және өзара әсерінің арқасында халықтың әрқилы аумақтық орын ауыстыруларына әкеліп соғатын жағдаяттар мен шарттрдың қандай да бір жиынтығы ретінде қаралады.[1]
Халықтың миграциясы демографиялық жағдайларға, елдің тұрғындары санының бiрден көбеюiне немесе азаюына, оның жастық және жыныстық құрылымына тез және белсендi ықпал етедi. Қазiргi ғылымда, әсiресе батыс ғылымында миграцияны зерттеп, талдауда бiр жағынан бiрiн-бiрi толықтыратын және бiрiне-бiрi бiршама қарсы келетiн екi негiзгi теориялық парадигмалар бар. Бiрiншiсi, құрылымдық парадигма. Бұл парадигма миграцияны түсiндiргенде басты орынды адамды немесе топты миграциялауға итермелейтiн құрылымдарға бередi. Осы парадигма макротеориялық парадигма ретiнде анықталады, өйткенi миграцияның себептерi экономикалық және саяси құрылымдар мен қоғамның капиталистiк трансформациялануы болып табылады. Қазiргi кездегi миграцияның себептерiн талдауда орын ауыстыру экономикалық детерминация ролiнiң маңыздылығы күштi екендiгiн көрсетедi.
Миграция теориясындағы екiншi парадигмада, яғни миграциялау туралы мәселеде субъективтi факторға басты орынды берiледi. Субъективтiк парадигма микроденгей теориясы ретiнде анықталады, Өйткені адам миграцияның басты агентi ретiнде талданады. Микродеңгей теориясы миграцияның макротеориялық себептерiнiң маңызын жоққа шығармайды, бiрақта ол деңгей, объективтi факторлар бәрiбiр де жеке тұлғаның шешiмiне байланысты болады дейдi. Бұдан көретiнiмiз, миграцияны талдаудағы микротеориялық тәсiл жеке тұлғалардың шешiмдерiн зерттеуге көп көңiл бөледi. Бұл парадигма аясында мигрант өзiндiк ерекшелiктерi бар, миграциялаудан түсетiн шығындар мен табыстарды бағалай алатын адам ретiнде қарастырылады. Бәрiнен анығы, миграциялау туралы шешiм қабылдау тұтастай қиын себептер комплексi болып табылады.
Тарихқа үңiлсек, миграциялық процестердi ең алғашқылардың бiрi болып жүйелендiрген ағылшын ғалымы Е. Г. Равенштейн болған едi. Ол 1885 жылы Ұлыбритания мен Солтүстік Америка тәжiрибесiнде миграцияның он бiр заңын немесе ережелерiн қалыптастырып бердi, бұл ереженi қазiрдiң өзiнде миграциялық теорияны жасаушылар негiзге алады[2]. Осы он бiр ереженiң iшiндегi ең маңыздылары мыналар:
- миграция көбiне қысқа қашықтықта жүзеге асады (бұл жерде мигрант-спринтер жөнiнде пiкiр бiлдiрiледi, алайда, қазiргi кезенде мигрант-стайерлер де көп);
- территориялық орталық iрi болған сайын, ол өзiнiң тартымдылығын күшейтедi;
- әр миграциялық ағымға өзiндiк қарсы ағым сай болады;
- iрi қалалардың өсуi қала тұрғындарының табиғи өсiмiне емес, халықтық қоныс аударып келуiне байланысты;
- халықаралық миграция елдің iшiндегi болып жатқан миграция заңдылықтарымен дамиды;
- миграцияның көлемi өндiрiстiң, сауданың, әсiресе көлiктiң дамуына байланысты көбейе түседi;
- миграцияның ең басты анықтаушысы-экономикалық себептер
болады;
Ал бүгiнгi күнде қоғамның дамуында жоғарыда айтылған, әсiресе, соңғы екi заңдылық берiк және анықтаушы сипатка ие.
Демографиялық процестердiң
- типi;
- түрi;
- формасы;
- себебi;
- деңгейi.
- Миграциялық қозғалыстар бiр елдің iшiнде де, осымен бiрге мемлекеттердiң арасында да болады. Сол себептен де тұрғын халықтың миграциясының екi типiн бөлiп алады: халықаралық (мемлекетаралық, сыртқы) және iшкi (мемлекетiшiлiк).
Халықаралық миграцияға иммиграция және эмиграция деген түсiнiктер тән. Бiрiншiсi бiр елге жұмысқа орналасуды немесе оқуға түсу мақсатында және басқада себептерге байланысты басқа елге барып кiрудi бiлдiредi. Екiншiсiнде елден кету туралы айтылады. Осыған байланысты иммигранттар және эмигранттар болып бөлiнедi. Халықаралық миграция континент аралық (мәселен, Еуропадан АКШ-қа және Австралияға) және iшкi континенталдық (мысалға, Еуропа шеңберiнде) болып бөлiнедi.
Ішкi миграция дегенiмiз - бiр мемлекеттiң территориясы көлемiндегi қозғалыс. Ішкi миграцияның ағымдары мынандай бағыттары бойынша бөлiнедi: қала-қала; ауыл-ауыл; ауыл-қала.
- Iшкi және сыртқы миграцияларға да мынандай негiзгi түрлер тән. Атап айтар болсақ, қоныс аудару қайтарымсыз және тұрақты уақытша миграцияға бөлiнедi, бiрiншiсi тұрақты мекен-жайын, азаматығын өзгертумен байланысты, ал екiншiсi болса жаңа жерде (жаңа елде) шектеулi бiр уақытпен жүрудi бейнелейдi, кей кезде ол бiршама ұзақ мерзiмге де созылады (БҰҰ-ның анықтамасы бойынша, бiр жыл және одан көп уақытқа кететiндер «ұзақ мерзiмдi» мигранттар болып есептеледi).
Маусымдық миграция мiндеттi түрде қайта оралу деген сөз, ол бiрнеше айға созылады, алайда бiр жылдан аспайды. Маусымдық миграция негiзiнен еңбек күшіне сұраныс тудыратын белгiлi бiр маусымдық жұмыстарда көрiнедi, мысалға: құрылыстарда, ауыл шаруашылығындағы егiн пiскен кезiнде, т.б. Нақты мысал келтiретiн болсақ, Оңтүстік Қазақстандағы мақта терiмiне Өзбекстаннан келетiн маусымдық мигранттар.
Маятниктiк миграция (челноктық, шекаралас) бұл тұрақты мекен-жайынан оқу немесе жұмыс мақсатымен басқа бiр облыс, ауданға немесе басқа бiр мемлекет территориясына күнделiктi (апталық та болады) орын алмастыруды айтады. Мәселен, фронтьерлiк (ағылшынша - шекаралық) миграциялық алайық. Фронтьер-жұмыскерлер күнделiктi, немесе апта салып мемлекет шекарасынан өтiп, басқа бiр елде еңбек өтетiндер. Мәселен, шекаралас жатқан Қазақстан мен Ресей арасында. Мұнымен қатар кейiнгi жылдары «желiлiк маркетинг» еңбек миграциясының түрi де кең тарауда. Желiлiк маркетинг - бұл дистрибьюторлар арқылы тауарды өткiзу.
Эпизодтық миграция - бұл төртiншi және негiзгi түр болып табылады. Ол iскерлiк, туристiк және т.б. құралады. Мәселен, 1993 жылдардағы әлемдегi туризм мен саяхаттаудан түскен пайда 3,5 трлн долларға бағаланса, ал туристер саны 443 млн-ды құраған.
Сыртқы миграцияға байланысты тағы бiр түрдi заңсыз (астыртын) миграцияны да бөлiп алуға болады. Заңсыз мигранттар дегенiмiз – жұмыс табу, өмір сүру мақсатында басқа бiр елдерге заңсыз келушiлер. Дүниежүзінде, әсіресе, 70-жылдардың ортасынан бастап заңсыз мигранттар саны өсіп, қазiргi кезеңде көлемi одан сайын ұлғаюда. Бұл миграция түрінің шынайы көлемiн толығымен анықтау мүмкін емес.
Осы жоғарыда айтылған миграция түрлерiмен қатар, қазiргi кезде зерттеушiлер моральды миграция түрiн де бөлiп алуда. Яғни, адам қоныс аударғысы келгенiмен қаржысының жоқтығынан көшiп кете алмайды, осымен қатар бұл жерде кедейлiк те миграциялауға себеп болады және қоныс аударуға кедергi келтiретiн де фактор болып табылады.
- Формасына қарай миграциялық қозғалыстарды былай деп бөлуге болады: мемлекеттiң немесе әр түрлi қоғамдық құрылымдардың (мәселен, ұйымдастырылған түрде еңбекшiлердi жинау, қоғамдық үндеулер бойынша миграция) көмегi арқылы жүзеге асатын қоғамдық-ұйымдасқан және ұйымдаспаған, яғни мемлекетттің көмегiнсiз жүзеге асатын миграция. Кейiнгi кезде осылардың үлесi бiздiң елiмiзде де өсе түсуде. Бiрақ та ұйымдасқан миграцияда да, ұйымдаспаған миграцияда да қоныс аудару туралы жеке тұлға өзi шешiм қабылдайды.
- Миграциялық қозғалыстарды себептерiне байланысты жiктей отырып мыналарды бөлiп алуға болады, олар: экономикалық, әлеуметтiк, саяси, мәдени, дiни, нәсiлдiк, әскери, демографиялық (отбасының бiрiгуi, некелiк миграция) және т.б. миграциялар.
Қазiргi кезенде миграцияны қандай факторлардың анықтағанына қарамастан, басты орынды экономикалық миграция алады,
- Тұрғын халықтық миграциясы‚ үш деңгейге бөлiнедi. Бiрiншi деңгей-бұл миграциялау туралы шешiмдi қабылдау.
Екiншiсi — бұл территориялық қоныс аудару, жоғарыда айтқандай ұйымдасқан немесе ұйымдаспаған миграциялар, яғни мигранттың өзiнiң тәуекелiне байланысты.
Үшіншiсi — бұл мигранттың жаңа орынға, жаңа жұмысқа бейiмделуi және үйренуi деңгейi.
Мемлекеттiк
миграция саясатының қалыптасу кезеңдерiн
қарастыратын болсақ, халыктың миграциясы
объективтi әлеуметтік-экономикалық процесс
ретiнде бiр-бiрiмен тығыз
Соңғы кездері осы нарыққа шығу және өз ұлттық даму мақсаттары үшін ең үлкен артықшылықтарды алу стратегиясын жасап жатқан білікті жұмыс күшін экспорттаушы елдер белсенді рөл атқара бастады.
Оның үстіне, қуатты адам ағындары жолындағы ұлттық құқықтық тәртіптің және халықаралық нормалардың шектеулері мен тыйымдары түріндегі кедергілерді жеңуге мүмкіндік беретін, шығу және келу елдерін байланыстыратын мигранттардың әлеуметтік тораптары қалыптасты.
БЕН қалыптастырудағы БСҰ-ның рөлі оның білікті мигранттардың қоныс ауыстыруларын реттеуде келешекте ең тиімді болуы мүмкін әдістерді көрсетуінде болып отыр. БСҰ-ның ағымдағы раундында қызмет көрсетудің төртінші әдісі деп аталатынды қарауы ғаламдық еңбек нарығы шеңберінде халықаралық жылжымалылықты көбейту бағытындағы аса сенімді, бірақ шектелген қадам болып отыр. Қызмет көрсетудің бұл түрін БСҰ келісімнің қатысушысы болған қандай да бір елдің қызмет ұсынушысының сол елдің жеке тұлғаларының келісімнің қатысушысы болған басқа бір елдің аумағында коммерциялық қатысуы арқылы қызмет көрсетуі ретінде анықталады («жеке тұлғалардың орын ауыстыруы»). Қызмет көрсететін кез келген тұлға «қызмет ұсынушы» деп есептелетіндіктен, мұндай жеке тұлғаларға қызмет көрсетуші дербес кәсіпкерлерді де, қызмет ұсынушы компаниялардың қызметкерлерін де жатқызуға болады. БСҰ «жеке қызмет көрсететін жеке тұлғалардың уақытша орын ауыстырулары» үшін қолайлырақ жағдайларды жасауды жоспарлап отыр. Басқа үш әдісіне енетіндер: І режим – «халықаралық жеткізулер» (қызмет импорты); ІІ режим – «шетелдегі тұтыну» (туризм және шетелде оқу); ІІІ режим – «коммерциялық қатысу» (шетелдік бөлімшелер арқылы қызмет көрсету). Қызмет көрсету саудасының 25 % жуығы «халықаралық жеткізулерге»; 20 % - «шетелдегі тұтынуға»; 50 % - «коммерциялық қатысуға» тиесілі болады. «Қызмет көрсететін жеке тұлғалардың уақытша орын ауыстыруларына» (ІV режим) қызмет көрсету саудасының 1 %-дан сәл артығырағы тиесілі болады. Бірқатар жағдайларда бір қызмет түрін көрсету жеткізудің әрқилы әдістерімен ізбе-із жүзеге асырылуы мүмкін. Айталық, тіпті бір контрактінің шеңберіндегі консультациялық қызмет көрсету алдымен трансшекаралық түрде, кейін – консультанттың тапсырыс берушіге баруы, ең соңында – тапсырыс берушінің консультантқа баруы түрінде жүзеге асуы мүмкін.
Бірегей еңбек нарығының қалыптасуының тағы бір факторы ұлттық мемлекеттердің мамандарды тарту үшін өзара бәсекеге түсуі. Дамыған елдер, әдетте, ақпараттық технологияларға байланысты кейбір секторларда (Франция, Германия, Голландия, Ирландия, Канада, Австралия, АҚШ, Дания) және денсаулық сақтау саласында (АҚШ, Ұлыбритания, Норвегия, Дания, Ирландия, Голландия) жоғары білікті мамандарды тарту үшін өзара жиі бәсекелестікке түсе бастады.
Тұтастай алғанда, шетелдік білікті жұмыс күшін тарту үшін үкіметтер пайдаланатын мына механизмдерді бөліп көрсетуге болады кесте 1 мәліметтеріне сәйкес:
- Жоғары білікті мигрантарды тарту үшін пайдаланылатын Германиядағы «жасыл карталар» және АҚШ-тағы Н-1В, Н-1С визалары тәрізді арнайы схемалар; Канада мен Австралияның жоғары білікті жұмысшылардың уақытша және тұрақты миграциясы бағдарламалары; Ұлыбританияның жоғары білікті мигрантарға арналған бағдарламасы.
- Шетел жұмысшыларының еңбек нарығына тез енуін қамтамасыз ету мақсатында жұмысқа рұқсат алу процедурасын қарапайымдау немесе одан толық азат ету.
- Табысы жоғары шетел жұмысшыларына салынатын салықтың салмағын жеңілдету үшін жасалған салықтық ынталандырулар (мысалы, Скандинавия елдерінде). Жоғары білікті жұмысшыларды және шетелдік қаржы салымдарын тарту үшін қолданылатын дербес салықтық ынталандырулар көптеген елдерде бірнеше жылдардан бері бар (Дания, Голландия).
- Бұрын елде жұмыс істеп кеткен жоғары білікті эмигранттардың елге қайтуын қолдау (мысалы, Ирландия).
Кесте 1 Шет елдегі көшіп-қонуды реттеудің тәсілдері
| Елдер | Реттеудің тәсілдері | Реттеудің нәтижесі |
| Германия | «Жасыл карта» | Білікті мамандардың келуін жоғарлату |
| АҚШ | Н – 1В, Н-1С визалары | Шектелген келулер |
| Канада
Австралия |
Уақытша және тұрақты көшіп-қону бағдарламасы | Таңдау жоғары кәсіпті жұмысшылар жағында |
| Ұлыбритания | Жеңілдетілген немесе босатылған процедурасы бойынша жұмысқа орналасу | Тек қана жоғары кәсіпті мамандар үшін |
| Скандинавиялық елдер | Салық қызықтырулары | Салық мөлшерлерінің азаюы |
| Дания
Голландия |
Жекелеген табыстың жоғары өсуі | Бірнеше мамандықтарды таңдауы |
| Ирландия | Келушілерді марапаттау | Табыстың экономикалық өсуі |
| Қытай | «Сыртқа кету» стратегиясы | Шетелге оқуға қызықтырулар |
| Жапония | Елдің ішінде оқыту | Көшіп-қонудағы тұрақтылық |
| Қазақстан | Оралмандарды тарту | Жоғары мамандарды елге шақыру және оралмандарды елге қайтару |
Мемлекет көші-қонды реттеудің көптеген функцияларын мемлекеттен жоғары тұрған органдарға бере отырып, әлеуметтік маңызды салалардың үздіксіз жұмыс істеп тұруын және ел экономикасының бәсекелестік қабілетінің жоғары болуын қамтамасыз ететін жоғары білікті мигрантарды тартуды шешу мәселесін өзіне қалдырады. Мұндай мәселелерді жіктеп шешу батыс елдерінің таза прагматикалық мүдделерін паш етіп, жалпы иммиграциялық ағыннан ең қажетті кадрларды таңдап алу арқылы барынша көп пайда табуға ұмтылуын көрсетеді.
Ұлттық
саясат пен аймақтық келісімдердің
компанияларға қажетті көш-
1.2
Миграцияның ерекше
түрі ретінде туризмнің
мәні
Туризм – бұл тек экономиканың маңызды саласы ғана емес, сонымен қатар адам өмірінің басты бөлігіні бірі. Ол адамның сыртқы қоршаған ортамен қарым қатынасын қамтиды. Туризм – адамдардың үнемі немесе ұзақ мерзімді өмір сүру орны болып табылмайтын, және олардың еңбек қызметімен байланысты емес өзге бір ортаға миграциялық сипатталатын әлеуметтік-экономикалық, тарихи, мәдени және рухани қатынастардың, құбылыстардың жиынтығы болып табылады. Ел дәулетін ешбір шығынсыз арттырудың ең төте жолы қайсы дегенде, көпшілік алдымен ауызға туризмді алары анық. Себебі, әлемдік тәжірибенің өзі көрсетіп отырғанындай, аршынды адыммен алға кеткен мемлекеттердің көпшілігі өз қоржындарын түрлі инвестициямен толтыру кезінде көбіне көп осы салаға арқа сүйейді.
Расында, экономиканың қарыштап дамуында туризмнің алар орны айрықша. Оған ешкім шәк келтірмейді. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы кездегі таратқан мәліметтеріне қарағанда, осы саламен айналысатын мемлекеттер қазынасына сырттан түсетін инвестицияның 10 пайызға жуығы тек біз сөз етіп отырған табыс көзінің еншісіне тиесілі екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүние жүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді.
«Туризм» түсінігіне жай ғана бір сөзбен жауап беру мүмкін емес. Біреулердің түсінігінше, туризм қолдарына қол шатыр алып, түнгі шоқ ошақ басында ән айтып, адам аяғы баспаған жерлермен жүрілген киллометрлер болса, ал енді біреулер үшін тарихи жерлерде саяхаттану, олардың болмысы мен тарихын зерттеу, үшінші біреулер үшін шет елдерге саяхаттанумен түсіндіріледі. Әрине, олардың әрқайсысы да дұрыс пікірде, өйткені, туризм саласы сан-қилы, жан-жақты құбылыс.

- Микробиология кисломолочных продуктов детского питания
- Микроорганизмы
- Микроорганизмы
- Микропроцессоры
- Микротвердость пористого кремния
- Микроэкономика теориясының пәні
- Милитарная метафора
- Миграции как фактор стихийной интеграции постсоветского пространства
- Миграционные установки учащихся школ Ловозерского района Мурманской области
- Миграция как путь решения демографических проблем в России
- Миграция как социальный процесс. Миграционные процессы в России: факторы и социальные последствия
- Миграциялық саясаттың түсінігі мен мәні
- Миграция населения ПМР
- Миграция радионуклеидов в почвах