Ортаңғы сынып оқушыларының өсу мен даму мэселелері
М А 3 М ¥ Н Ы
Кіріспе
I. Әдебиеттерге шолу
1.1 Ортаңғы сынып
эдеби деректер
1.2 Ортаңғы сынып оқушыларының тыныс алуы жайындағы
эдеби деректер
1.3 Ортаңғы сынып оқушыларының
физикалық өсу мен даму
1.4 Балалар мен жасөспірімдердің
қан айналымы жүйесінің
II. Объектілер жэне олардың сипаттамасы
III. Алынған нэтижелер
Қолданылған эдебиеттер
Қосымша материялдар
Кіріспе
Қазіргі кезде нарықтық экономикаға көшу жолында елеулі элеуметтік -экономикалық өзгерістер болып жатыр. Мұндай жағдайда халықтың, эсіресе оның ішіндегі жасөспірімдердің өсу мен даму процестері, денсаулығы жэне тағы басқа жағдайлары қиындағаны мэлім.
Еліміздің болашағы - жас ұрпақ десек, бүгін де олардың денсаулығы мэз емес. Оған соңғы кездері белең ала бастаған жезөкшелік, нашақорлық сияқты қоғамның жегі құрттары «септігін» тигізіп жатыр. Соның салдарынан жарымжан, ақыл есі кем, кемтар сэбилер дүниеге көптеген келуде, шала туған нэрестелер бір төбе болса, тумай жатып шетінеп кеткендер қаншама. Жалпы ана мен бала денсаулығы қаншада мемлекеттік қамқорлығында болуға тиіс. Қазақстанда соңғы жылдары демографиялық жағдайы тым нашарлап кеткені рас. Сан салалы себептердің салдарынан табиғи өсім жыл сайын төмендеп келеді. 2007жылы әр мың өністі анаға шаққанда балалардың тууы 28,6 болса, 2001жылы 18,7 перзентке дейін төмендеді. Сәбилердің шетінеу көрсеткіші аздап азайғаны мен элі де жоғары деңгейде түр. 2007 жылы өмірге келген баланың 28,2 шетінесе, бүл көрсеткіш 2000 жылы 27,5 болған еді. 2002 жылы мың адамға шаққанда 18,9 болса, 2001 жылы 6,7 дейін қүлдырады. Шығыс Қазақстанда, Солтүстік Қазақстанда, Алматы облыстарында соңғы жылдары табиғи өсім болмай қалды.
Сэбилердің шетінеуі эйелдердің денсаулығына, олардың еңбек жағдайында, тұрмысы мен тамақтануына, сондай- ақ аймақтағы экологиялық жағдайға тіклей қатыстылығы сөзсіз. Өкінішке орай бүл ретте эйелдер денсаулығының эр жүз келіншекке шаққандағы көрсеткіші кеміп барады. Ол 20% аспайды. Ал Семей, Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында бүл көрсеткіш бар болғаны 10-15% қана. Қан аздығынан Қазақстандағы эр бір екінші, бүйрек ауруынан эр бір он алтыншы эйел зардап шегеді. Тұтас алғанда республикадағы бала туатын жастағы қыз
келіншектердің 50% эстрогенетикалық кеселі бар. Қазақстандағы демографиялық ахуал алаңдалық күйде. Әр мың түрғынға шаққанда 2007 жылы 20,5, 1996 жылы 20,2, 1997 жылы 18,5 нэресте өмірге келген. Өлім көбеюде. Осының салдарынан халықтың табиғи өсімі төмендеуде. Жыл сайын анемия, бүйрек, жүрек, қан тамыры ауруларымен ауыратын эйелдер саны жылдан жылға артып отыр. (Отчет о мировом развитий).
Мектеп оқушылары, эсіресе орта мектепте оқитын жасөспірімдердің өсу мен даму процестерінің жедел жүретін кезінде. Жоғарыда айтылған әлеуметтік - экономикалық күйзелістер эсер етуі мүмкін. Сол эсерлер жүрек қан тамыр жүйесін, жыныс жэне тағы басқа жүйелерінің қызметін өзгертуі мүмкін. Сондықтан балалармен жасөспірімдердің физикалық дамуын, жүрек қан тамыры жүйесінің физиологиялық көрсеткіштерін зерттеп білу жэне оған баға беру, іс жүзінде түрлі шара қолдануға үсыныс жасау келеулі проблема болып табылады.
Жоғарыдағы айтылған проблемаға қандай дэрежеде екенін білу үшін жүктеме беру арқылы олардың қан қысымының өзгеруін бақыладық. Оқушылардың антропометриялық көрсеткішін, дене салмағын, өкпенің тіршілік сиымдылығын, бел күшін өлшедік.
Дене қимылы адам тэнінің туғаннан қалыптасқан негізгі физиологиялық қажетілігінің бірі. Бір сөзбен айтқанда қимыл әрекет - өмір.
Денсаулықты сақтауда дүрыс тамақтанудың да өз маңызы бар. Айтылған мәселелерді еске ала отыра, біз осындай мәселелерді зерттеуді мақсат еттік.
1. ӘДЕБИТТЕРГЕ ШОЛУ
1.1. Ортаңғы сынып жасөспірімдерінің тамақтануы жайындағы әдеби
деректер
Адам мен жануарлар организімінің тіршілік эрекеті бүкіл мүшелердің жүмыс істеу кезінде жүмсалатын энергияның үздіксіз пайдаланумен байланысты. Организмде үнемі клетка ішінде зат алмасу процесі өтеді, жүрек үздіксіз қызмет атқарады, тыныс алу қозғалыстары жасалады, несеп түзіледі, нерв системасы да, өзінің эрекетін тоқтатпайды.
Біздің денеміздің қүрамына органикалық жэне анорганикалық заттар: белоктар, майлар, көмірсулар, су, минералды түздар мен витаминдер кіретіні белгігі. Органикалық заттар үздіксіз тотығады да, бүл кезде энергия бөлініп шығады. Алайда, тотыға келе органикалық заттар басқа, молекулалардың құрлысы едэуір қарапайым заттарға айналады. Жүмсалған заттардың орны үздіксіз толықтырылып отыруы тиіс. Мүның қүрамында клеткаларға қажетті барлық заттар организм қабылдайтын тамақ арқылы өтеді. Бірақ тамақ организмге, қабылданған күйінде сіңіре алмайды. Ол организмнің ішкі ортасына қабылданудан бүрын ферменттердің әсерімен бірқатар күрделі өзгерістерден өтеді. Тамақтың механикалық өңдеуінің және тамақ қүрамындағы заттардың организм сіңіре алатын неғүрлым қарапайым қүрам бөліктерге ыдырауының бүкіл процесі ас қорыту деп аталады. Белоктардың ас қорыту мүшелерінде ыдырауының ақырғы өнімдері - бүл амин қышқылдары. Майлар глицерин мен үлкен молекулалы органикалық қышқылдарға, ал көмірсулар - моносахаридтерге, негізіне глюкозаға ыдырайды.
Балалардың тамақтану физиологиясы мен гигиенасы
Мектептегі жылдар - жедел өсу мен ақыл - ойдың үздіксіз даму шағы. Организмнің өсуі мен қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз ету үшін басқа факторлардың ішінде тамақтану режимі маңызды роль атқарады. Тамақтану режимі деп тамақты шамалап, түрлендіріп, үнемі бір мезгілде ішуді түсіну керек. Тамақты үнемі бір мезгілде ішудің ас қорытуда және энергия көзі -қоректік заттардың сіңіруінде зор маңызы бар. Тамақ ішу аралығындағы уақыт 3-4 сағаттан артық кем болмауы тиіс. Егер бала үнемі бір мезгілде тамақтанатын болса, онда балада тамақ ішкенге дейін-ақ шартты рефлекторлы түрде сөл бөліне бастайды. Бүл ас қорыту процесін айтарлықтай күшейтеді. Керсінше, тамақты эр түрлі мезгілде ішуден ас қорыту бездері бөлетін сөлдің мөлшері айтарлықтай кемиді. Тамақ ішу мезгіліне қалыптасқан барлық шартты рефлекстер жойылады. Кейде қарны ашқан балалар эдеттегі түскі немесе кешкі ас уақытын күтпестен, жүре «жүрек жалғайды». Бүлайша ішетін тамақтың мөлшері организмнің қажеттілігін қанағаттандыруға жеткіліксіз болады. Мүндай зиянды эдет қалыпты тамақ ішу режимін бүзады, өйткені ол келесі тамақ ішуде тэбетке зиянын тигізеді.
Тамақтану режимінің келесі шарты - оны шамалап ішу. Тамақты көп ішу бала организіміне өте зиянды. Тамақты шамадан артық ішу әр түрлі аурулардың (семіру) дамуына экліп соғады, сондай- ақ баланың ақыл- ой эрекетін кемітеді. Тамақ рационын жасуда оның мөлшері, жүғымдылығы мен дәмділігі жеткілікті болуын ескеру керек.
Әр түрлі азық түлік өнімдерінің қоректік қүндылығы
Әрбір азық - түлік өнімінің оның химиялық қүрамымен байланысты ерекшеліктері болады. Өсімдік және жануар текті өнімдерді ажыратады. Өсімдік текті тамақ негізінен көмірсудан, яғни оның қүрамында көмірсулар көп, белоктар аз болады. Жануар текті тамақта, керсініпе, белоктар көп, көмірсулар мүлде жоқ немесе егер кездессе,өте аз болады. Белгілі бір өнімнің қасиеттерін білу оны үлымды пайдалануға мүмкіндік береді.
Етте, балықта, жүмыртқада белок көп болады. Балаларға еттің семіз емес сорттарын беру үсылады. Әр түрлі сүт өнімдеріне де белок көп кез кездеседі. Сондай ақ өсімдік текті өнімдерде де белоктар бар. Белок бүршақ түқымдастарда (атбас бүршақ, сүмбіл бүршақта, соя) ерекше көп болады. Адам өзіне қажетті көмірсуларды нан, жарма, картоп, жэне қанттан алады. Организм майды өсімдік майынан, сары майдан жэне тоң майдан алады.
Тамақтану нормасы
Адамның тамақтану нормасы оның жасына, кэсібіне, тіршілік эрекетіне байланысты. Дене жүмысын атқаруда тамақтану нормасы жоғары болады, өйткені тамақ біздің организміміз үшін негізгі энергия көзі болып табылады. Демек, организм энергияны неғүрлым көп жү_мсаса,оның орнын толтыру үшін тамақ соғүрлым көп қажет болады.
Балардың тамақтану нормасын жасауда мынаны ескеру керек. Тамақтың энергетикалық қүндылығы айтарлықтай жоғары болуы тиіс, өйткені бала денесінің эрбір килограмм массасына ересек адамға дейінгі бала денесінің 1 кг массасына тәулігіне 460,5, бастауыш мектеп жасындағы балаға 293,1, 18 жасар жігітке - 209,3 кДж керек болады.
Алайда, организмнің энергияға мүқтаждығын қанағаттандырумен іс бітпейді. Мысалы,14235 кДж алу үшін адамға бидайдың 1,5 кг ақ нанын жеу
жеткілікті. Мүндай бір түрлі тамақ организмнің мүқтаждығын қанағаттандыра алмайды: оған қүрамында қажетті мөлшердегі белоктар мен көмірсулар бар алуан түрлі жануарлар жэне өсімдік текті тамақ қажет.
Тэулік рационы
Өсіп келе жатқан организм күн сайын төрт рет тамақтануы керек. Тәулік рацион былайша бөліну тиіс: ертеңгі ас тамақтың тәулік мөлшерінің 20-25%. Тамақтану нормасын анықтауда және тамақ рационын жасуда баланың жасын, оның дене массасын, өнімдердің энергетикалық құндылығын, олардың дэмділік сапасын жэне тағы да басқаларын ескерген жөн. Азық-түлік өнімдеріндегі қоректік заттардың қүрамын, сапасы мен мөлшерін осылайша дэл есептеу ғана өсіп келе жатқан организмнің бүкіл энергия шығынын толтыруды қамтамасыз етеді.
Шығыс мектептерінде дастарқан мәзірін жасауда тамақтың мөлшері мен сапасын үнемі ескере бермейді. Осыған қарамстан, балалардың денсаулығына жауап беретін жэне оларды тамақтандыруды
үйымдастыратын мүғалім жекелеген тағамдардың энергетикалық қүндылығы жөнінде жуықтатылған болса да деректерді білуге міндетті: Мысалы, тэрелке толтырылған ет сорпасында 837,4-125 кДж, сүт сорпасына - 1591,0- 1716,6 гарнирі бар ет тағамында - 2093,4- 2212,1 кДж, овощ тағамдарында -837,4-1674,7 кДж,бір стақан компотта немесе кисельде - 418,7- 628,0 кДж болады.
Тамақтың алуан түрлі болуының маңызы
Алуан түрлі тамақ дегеніміз - бүл өсімдік жануар текті эр түрлі өнімдерден түратын тамақ. Организмнің талабына осындай тамақ қана сай келеді, өйткені онда белоктардың, минералды түздар мен витаминдердің қажетті мөлшері жеткілікті болады. Тамақтың қүрамы неғүрлым алуан түрлі болса, организм оны соғүрлым жақсы сіңіреді.
Балаларға арналған дастарқан мэзірін олардың жас ерекшеліктері мен тамаққа мұқтаждығын ескере отырып, алдын ала ойластыру қажет.
Балалардың жазғы жэне қысқы тамағының біраз айырмашылығы болады . Қысқы уақыттағы төменгі температурада бала организімі энергияны көп жұмсайды . Сондықтан баланың бү_л кезеңдегі тамағының энергетикалық қүндылығы жоғары болуы тиіс. Жазда қоршаған ортаның жоғарғы температурасы жағдайында организмге^ қажетті оңай сіңірілетін қоректік заттары бар тамақ ұсынылады, өйткені ыстық кезде балалардың ас қорыту бездерінің қызметі күрт төмендеп, ас қорыту сөлінің мөлшері жеткіліксіз болады. Сүт, өсімдік текті тамақ осындай болады. Сүт тағамдарында балалардың қалыпты өсуі мен дамуына қажетті барлық қоректік заттар, ал өсімдік текті тағамдарда, бүларға қоса, витаминдер, минералды тұздар жэне ішкі перистальтикасын күшейтетін клечатка болады. Жазда майлы жэне етті тағамдарды көп пайдалану олардың қарында, ішекте іркілуіне себепші болуы мүмкін, бүл олардың ашуына, шіруіне, бір қатар жағдайларда ішек- қарын жолы қызметінің бүзылуына экеп соғады.
Мектепте тамақтандыру ісін үйымдастыру
Мектеп оқушыларын тамақтандыру ісін дүрыс үйымдастыру семь^яның, ата-аналардың ғана емес, сондай- ақ мектептердің, мүғалімдердің маңызды міндеті болып табылады.
Мектептегі ертеңгі
астың энергетикалық қүндылығы 1200-1600
кДж болуы тиіс. Буфет жүмысы дүрыс
үйымдатыруы үшін тамақ эзірлеуге
жауапты адамдар балалар
Зат пен энергияның алмасуы
Зат алмасу тірі дененің ең негізгі қасиеттерінің бірі, бүл арқылы өмір сүру жүзеге асады. Тіршілікке тэн қасиеттер - өсу, даму, көбею, тітіркену, қимыл тағыда басқа зат алмасу процесінің салдары. Зат алмасу - организм мен сыртқы ортадан қоректік заттардың, су мен организмнен керексіз көмір қышқыл газы, су мочевина, несеп қышқылы, минералдық заттардың, тағы басқа заттардың сыртқа шығуына дейінгі организмде үздіксіз жүретін күрделі процестердің жиынтығы. Организмге сыртқы ортадан түсетін заттар тамақ қүрамында болады. [4]
Ассимиляция және диссимиляция
Клеткаға енетін заттар клетканың өз заттына айнала отырып, күрделі өзгерістерге үшырайды . Заттардың бүлайша сіңірілуі, олардың клетка заттарына айналуы ассимиляция деп аталады. Ассимиляция процесінде клеткалар заттарға ғана емес сондай - ақ ондағы жасырын энергияға да байиды. Организмге клетка заты түзілуімен қатар, оның ішінара бұзылу процесі жүреді. Бір клетканың қүрамына кіретін органикалық заттардың бүзылуы, ыдырауы диссимиляция процесінде энергияның басқа түрлеріне айналатын потенциялдық, жасырын (химиялық) энергия босап шығады. Мысалы, қаңқа бүлшық етінде потенциалдық энергия механикалық (бүлшық ет жиырылып, жүкті көтереді )және жылу (бүлшық еттің температурасы көтеріледі) энергиясына айналады. Ассимиляция мен диссимиляция бір-біріне тэуелді болғандықтан, оларды бір процесс ретінде зат алмасу жэне организмдегі энергияның басқа түрге өзгеру процесінің екі жағы ретінде қарастыруға болады. [2]
10
Зат алмасу
Зат алмасу организм тіршілігінің аса маңызды белгілерінің бірі. Ол ғүмыр бойы жүретін өзара байланысқан екі процестен тұрады: ассимиляция -клеткалар қүрамына кіретін жэне арнайы заттардың жаңадан түзілуі (синтезделу) ; диссимляция - зат алмасуына қатысқан заттардың тотығуы арқылы қарапайым химиялық заттарға айналуы. Күрделі химиялық заттар тотыққан сэтте олардан потенциалдық энергия босап шығады да кинетикалық энергияға , айталық механикалық, электр энергиясына, ақырында бүлардың бәрі жылуға айналады. Бүл энергия клеткада жаңа заттар түзілуіне, клеткалар мен органдардың, организм жүйелерінің, тү_тас адам денесі атқаратын қызметтеріне жүмсалады. Клеткалар құрлысы мен энергия қорының баяғы мөлшерде оларға сырттан қоректік минералдық заттар. Витаминдер мен су уақытында келіп түсуі шарт. Тіршіліктің көзі -тағам,оның сапасы, мөлшері, қүрамындағы қоректік заттар, олардың ара қатынасы дене мүқтаждығын қамтамасыз етіп тұруы қажет.
Негізгі зат алмасу
Жүмсалған энергия мөлшері айналадағы температураға, істелген жүмыстың , ішілген астың түріне, оның мөлшері мен құрамына, денедегі зат алмасу қарқынына тағы басқа жағдайларға байланысты.
Энергия жүмсалуы стандартты жағдайда өлшенеді. Денеден шығатын энергия стандартты жағдайда жү_мсалатын энергиямен негізгі алмасу деп аталады.
Негізгі алмасу деңгейі адамның салмағына, бойына, жасына, жынысына байланысты болғандықтан, ол адамның Ікг салмағына жүмсалатын орта бойлы (170см) 25-40 жастағы адам 1 сағат ішінде салмағының эрбір килограмына Іккал (4,2 кДж) энергия жүмсайды. Салмағы 70 кг ер адам тэулігіне денесінен 1700 ккал (7117 кДж) энергия бөліп шығарады. Бүл нормалық энергия мөлшері адамның тіршілігін сақтауға қажет энергияны
11
ересек адамнан элдеқайда көп жұмсайды. 20-40 жас аралығында негізгі алмасу деңгейі көп өзгермейді, бірақ жас үлғайған сайын біртіндеп төмендей түседі.
Ер адамға қарағанда эйелде заттар алмасу қарқыны 10% төмен. Негізгі зат алмасу адамның көңіл - күйіне (эмоцияға) қарай да өзгеріп отырады .[5]
Организмнің белоктарға, майларға және көмірсуларға мұқтаждығы
Әр адам жүғымды тамақтану қажет, ал өсіп, қалыптасып келе жатқан бала үшін бүл ерекше маңызды . Өсіп келе жатқан организмдегі клетка мөлшері тез арта береді. Белоктардың катализдік қызметінің маңызы да кем емес, өйткені өсіп даму процестері ферменттік системалардың эрекетімен байланысты. Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін әр түрлі азық-түлік өнімдеріне кіретін белоктардың мөлшері тэулігіне 70-80 г , 11-15 жастағы балалар үшін 90-100 г.болуы тиіс. Ересек адам үшін дене массасының Ікг 1,5 г норма қабылданған,бү_л тэулігіне 100-118 г.деген сөз. Ауыр дене еңбегі кезінде белокқа мүқтаждық дене массасының Ікг 2 грамға дейін артады. Бала организімі неғүрлым жас болса, оның дене массасының Ікг белок соғүрлым көп қажет болады.
Көмірсулар организмдегі негізгі энергия көзі болып табылады. Адам денесінің қалыпты тіршілік эрекеті үшін қажет болатын бүкіл энергияның жартысынан астамы олардың тотығуынан босап шығады. Көмірсулар тамақтарды (нан, қант кондитер бүйымдары) артық пайдалану семіруге экеп тірейді, өйткені бүл организмде майға айнала алады. Организмге енетін көмірсулардың эрбір артық 25 г 10 г май түзуіне себепші болатын есептеліп шығарылған. Семіруден қалыпты зат алмасуы бүзылады, бүлшық ет, атап
12
айтқанда, жүректің қызметі элсірейді, өйткені ішінара бүлшық ет ткані дэнекер май тканімен алмасады.
Ересек адам көмірсуларды белоктарға қарағанда тэулігіне 4-5есе артық, яғни орта есеппен алғанда 400-500 гр пайдалануы тиіс. Ауыр дене еңбек кезінде көмірсулардың тэуліктік нормасы 600-650 г дейін артады. Бастауыш мектеп жасындағы балалар үшін көмірсулар мөлшері тэулігіне шамамен 280-320 г, 11-15 жастағы балалар үшін 360-400 г жэне 15-18 жастағы жігіттер үшін 450 г болады.
Майлар да көмірсулар секілді энергия көзі болып табылады. Майлы көп, бірақ көмірсуы аз тамақтан организмде май жиналатыны, ал көмірсуы көп, майы аз тамақ май жиналуын күшейтетіні анықталған. Тамақ рационындағы майдың мөлшері белоктың мөлшерінен артпауы тиіс. Майдың көптігі бала организіміне ерекше зиянды.
Әр түрлі жастағы адамдардың майға мүқтаждығы түрліше болады. Бастауыш мектеп оқушылары үшін ол тәулігіне 70-80 г, 11-15 жастағы жігіттер үшін 95-100 г. болады. [3]
Витаминдердің маңызы
Кейбір заттар организмге негізінен тек ас арқылы келіп түседі де не пластикалық, не энергетикалық материал болып табылмайды, солай бола түрса да организмнің ойдағыдай өсу мен дамуы, яғни зат алмасу процесінің жүруі мүмкін емес. Бүл заттар витаминдер деп аталады.
Организмге витаминдердің жеткіліксіз түсуі-гиповитаминоз жэне тіптен түспеуі - авитаминоз жэне шамадан тыс артық болуы - гипервитаминоз, барлығы да организм үшін қолайлы емес. Витаминдер организмдегі процестерді тепе - теңдігін қамтамасыз ететін арнайы заттар болып табылады. Сонымен бірге, витаминдер жүқпалы аурулардың алдын алу мен емдеу үшін де керек, себебі олар фермент түзу процесіне қатысып, адам организмі биологиялық жүйесінің беріктігіне эсер етеді.
Организмдегі витаминдердің мөлшері сыртқы (экзогенді) ғана емес, ішкі (эндогенді) себептерге байланысты: Мәселен, организмдегі витаминдердің жарым- жартылай немесе толық білінуі, ішекте оларды сіңіру процесінің бүзылуы.
Мектеп оқушыларын тамақтандыруды үйымдастыру кезінде, аста витаминдерінің жеткілікті болуына, әсіресе, табиғи витаминдер - көкөніс, жемістер мен жидектердің жыл бойы үзілмеуіне көңіл бөлгне жөн.
Қазіргі кезде витаминдердің 40-тан астам түрлері белгілі. Олардың бірқатары суда ериді (В, С, Р), кейбір - майда ериді. [8]
Ортаңғы сынып оқушыларының тыныс алу жайындағы
әдеби деректер
Тыныс алу - үздіксіз жүретін биологиялық процесс. Бүл сыртқы орта мен организм арасындағы газ алмасу; организм ортадан оттегін қабылдайды, көмір қышқыл газы мен суды сыртқа шығарады. Организмдегі зат алмасу міндетті түрде оттегінің қатысуы мен өтеді. Оттегі қатысуымен жүретін негізгі биохимиялық процестердің нэтижесінде организмге энергия пайда болады. Сондықтан да организм тіршілігі үшін оттегі қажет, өйткені оттексіз организмде зат алмасу мен тотығу процестері жүрмейді. Тотығу кезінде организмде пайда болған көмір қышқыл газы, су тағы да басқа заттар сыртқа шығарылып отырады. Газ алмасу организмде өкпеде жүреді. [4]
Тыныс алу организмде бір мезгілде өтетін, бір бірімен тығыз байланысқан үш процестен түрады. Бүл сыртқы тыныс, ішкі тыныс алу және газдардың қанға өту процесі.
Ішкі тыныс алу - бүл тканьдер мен қандағы газдардың алмасуы нәтижесінде тканьдер жаңа заттарды алып, қажет еместен арылады. Оны осындай- ақ тканьдердің тыныс алуы деп те атайды.
14
Осылайша тыныс алу кезінде оттегін (өкпеден тканьдерге) жэне көмір қышқыл газын (кері бағытқа) тасымалдаушы қызметін атқарады. Бүл қызмет эритроциттердің құрамына енетін гемоглобинмен атқарылады. [8]
Дем алу және оның механизімі
Тыныс алу еттерінің негізгілерінен қабырға аралық, сыртқы қиғаш еттер, көк ет жиырылуы нэтижесінде көкірек қуысы кеңейіп, өкпеге тыныс жолы арқылы ауа кіреді. Тыныс алу еттері босаған кезде көкірек қуысы кішірейеді. Дем алу уақыты дкм шығару уақытынан қысқа. Көкірек қуысы тү_йық. Өкпе сыртқы жэне беткейлік плеврмен қоршалған. Ол екі плевра арасындағы тү_йық қуыста сүйықтық болады. Плевра аралық қуыстағы қысым атмосфералық қысымнан төмен. Сондықтан оны теріс қысым деп атайды.
Тыныс алу кезінде теріс қысым өседі дн, өкпенің пассивтік созылуын тудырады. Сондықтан өкпе альвеолаларына ауа кіреді. Көкірек еттері босағанда қабырғалары төмен түсіп диафрагма күмбезденіп көтеріледі. Көкірек көлемі кішірейіп өкпені сығады да, ауа сыртқа шығады. Тыныштық жағдайында ересек адамдар 1 минутта 16-20 рет дем алу қозғалыстарын жасайды. Жаттықпаған адамдарда жұмыс кезінде дем алу қозғалыстары жиілейді.
Тыныс ауасының құрамы
Атмосфералық, яғни дем алу ауасы қүрамында: оттегі 20,94% көмір қышқыл газы - 0,03%, азот 79,03% болады. Дем шығару ауасы 16,4% оттегінен, 4,1% көмір қышқыл газынан, 79,9% азоттан тұрады. [5]
Тыныс алудың жиілігі мен тереңдігі
15
Тыныс алудың жилігі кеуде клеткасының немесе қүрсақ еттердің бір минуттегі қозғалу саны бойынша анықтады жэне организмнің оттегіне физиологиялық қажеттілігіне тэуелді. Балаларда алмасу процесінің жоғары болуы нэтижесінде оттегіне қажеттілік ересек адамдармен салыстырғанда, біраз жоғары. Сондықтан тыныс алу жиілігі оларда жоғары болады. Дене еңбегі кезінде оттегінің тез жүмсалуы нәтижесінде тыныс алу жилігі де жоғарылайды. Балалардың жасы неғүрлым жғғары болса, оның тыныс алу жиілігі соғүрлым сирей түседі. Жаңа туған балада минутында 40-60 рет, төмендегі сынып оқушыларында 20-22, 12 жаста -18, ал жоғары сынып оқушыларында ересек адамдардың мөлшеріне жақындайды, яғни минутіне 16 рет.
Тыныс алу жиілігі үлдарда, қыздарға қарағанда 8 жасқа дейін жоғары болады, ал жыныстық жетілу кезеңінің басталуына сай қыздарда тыныс алу жиілігі жас ерекшелікке байланысты. Әйелдер - мен тең жағдайда болатын ер адамдардың тыныс алуы біршама сирек, ол өкпе көлемінің мөлшеріне байланысты болуы мүмкін.
Тыныс алу жиілігі ой еңбегі күшейген кезде, эмоция күшті өзгеру кезінде, жүйке күйзелісі кезінде өзгеруі ықтимал.
¥йқы кезінде тыныс алу сирей түседі, себебі организм тыныштық жағдайда болғандықтан оның оттегіне мүқтаждығы аз болады.
Терең тыныс алу - организімнің сыртқы тыныс алу аппаратының қызметінің көрнекі көрсеткіштерінің бірі бүл - бір рет дем алған кезде өкпеге баратын ауаның мөлшері де осындай. Өкпеге ауа неғүрлым көп барса, дем алу соғүрлым терең болады. Ересек адамдарға қарағанда, балаларда дем алу үстіртін болады. Дем алу кезінде ересек адамның өкпесіне 500 мл - ге жуық, төменгі сынып оқушыларында 250 мл - ге дейін, жоғары сынып оқушыларына 450мл - ге жуық ауа барады. Осылай дем алу кезінде бала организімінің тканьдері оттегінің қажетті мөлшерімен қамтамасыз етіліп, дем алу қозғалыстары жиілей түседі. [3]
16
Өкпенің тіршілік сиымдылығы (Ө.Т.С.)
Тыныс алудың негізгі өкпенің тіршілік функциялық сипаты өкпенің тіршілік сиымдылығы болып саналады, яғни адамның алдын ала терең дем алып, дем шығару кезіндегі ауаның максималды дем көлемі. Өкпенің тіршілік сиымдылығы дем алу көлемінен жэне дем шығару резервті көлемінен түрады. Ал максималды дем шығарғаннан кейін де өкепеде ауа қалып қалады, ол қалдық ауа өкпенің тіршілік сиыдылығы спирометр қүралы арқылы анықталады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы жас жоғарылаған сайын арта түседі. Сөйтіп, 7 жасар ер балалар 1400 мл болса, 9 жасар 1700, 11- жаста 2100, 14 жаста -2700 жэне 16 жаста 3200 мл қыз балаларда 100- ЗООмл тереңдеу болады. Өкпенің тіршілік сиымдылығы бойдың эрбір 5см өсуіне 400 мл жоғарлап отырады, организімнің тыныс алу түрі (тип) мен жаттығу дәрежесіне тәуелді болады.
Өкпенің тіршілік сиымдылығы жас кезінен бастап спорт ойындарымен шүғылданған адамдарда жоғары болады.
Тыныс алу түрлері
Тыныс алу кезіндегі көкірек клеткасы көлемнің өзгеру бағытына байланысты. Тыныс алу үш типке бөлінеді: көкірек, қүрсақ жэне аралас көкірек - қүрсақ. Жаңа туған балаларда қүрсақты тыныс алу типі байқалады. Олардың көкірек клеткасы түрақы дем алу жағдайымен байланысты. Өмірінің екінші жылының кезінде жату жағдайына ауысуына байланысты, тыныс алу көкірек типінен қүрсақ типіне ауысады. 3-7 жаста көкірек типті тыныс алу байқалады, ал 7-14 жаста жыныстық айырмашылықтары эсер ете бастайды. ¥л балаларда көпшілік жағдайда қүрсақ тіпті тыныс алу байқалса, қыздарда көкірек тіпті тыныс алу байқалады.
17
Газ алмасу
Балаларда зат алмасу сілтілік - қышқылдың тепе - теңдіктің реттелуі түрліше болуына байланысты. Мәселен, 5 жасар баланың дем шығару кезіндегі ауаның құрамында ересек адамдарме салыстырғанда, көмір қышқыл газы үш есе кемдеу.
Дем шығару кезідегі ауаның құрамында оттегінің біршама жоғары болуынан балаларда альвеолдардағы оттегінің қанға өтуі ересек адаммен салыстырғанда аз болады. Мәселен, 6 жасар балада өкпеде оттегінің пайдалану проценті (%) 3,3, ал 17 жаста 4,3.
6-7 жасар балалардың тыныс алу ауасының құрамында оттегі 6,5-8,5% болғаның өзінде 14 минуттен артық тыныс алуға шыдай алмайды. 10 жастағы балаларда оттегі 5,5-6,0% 11,5 минуттке дейін жетеді. Сөйтіп, 12-16 жастағы балаларда ересек адамдарға кейде оттегінің жеткіліксіз болуына төзімді келеді де, ауа оттегінің 5,0 -7,0% өзінде тек 9 минут тыныс алады.
Ал кейде 2200-3000 м биіктікте үзақ уақыт болған жағдайда жасөспірімдер мен қыздардың оттегінің жеткіліксіз болуына сезімталдғы ересек адамдарға қарағанда жоғары болады . Ондай әрекетінде, ересек адамдар мен 3-7 жас аралықтарындағы балаларға қарағанда едэуір өзгерістер байқалады. [1]
Дұрыс тыныс алу ережесі
Мү_рын арқылы тыныс алу гигиеналық түрғыдан дү_рыс. Өйткені ауа мүрын қуыс арқылы өткенде жылытылады, ылғалданады, басқа бөтен заттардың (микроб,шаң-тозаңнан ) тазартылады. Ал ауыз арқылы тыныс алу гигиеналық жағынан дұрыс емес, бүл кезде баланың бет сүйегі мен көкірек қаңқасы дұрыс өспейді, тез шаршайды, басы ауырады.
18
Тыныс алғанда,дем алумен дем шығарудың ырғағы дұрыс болу керек. Дүфыс тыныс алу ғана баланың ақыл- ой мен дене тәрбиесінің дүрыс дамуын қамтамасыз етеді. Дем алған кезде, тыныс алу орталығы қозады да, мидың басқа бөліктерінің қозғыштығы төмендейді, ал дем шығару кезінде керсінше. Міне, осыған сай ет тонусы дем алу қозғалыстары үстірт, ретсіз орындалады. Мүндай баланың организмнің дамуы нашар болады.
Тыныс алу гигиенасы
Балаларда бірінші күннен бастап дұрыс дем алуға баулу керек. Ол үшін олардың тыныс жолдарының тазалығын, көкірек клеткасының дүрыс дамуын қадалағау қажет. Көкірек клеткасы дүрыс дамуын қадағалу қажет. Көкірек клеткасы дүрыс қалыптасуы үшін балалар жеке басының гигиенасына сай ережелерді бү_лжытпай орындау керек. Тыныс алу мүшелерінің дүрыс дамуына олардың өлең айтуы мен көркем сөзді мэнерлеп оқуының да зор рөлі бар. Балалардың көкірек клеткасы мен көкіректің еркін қозғалуы үшін олар әнді айтқанда,өлең мен көркем сөздерді оқығанда түрып орындаған жөн.
Салқын ауада, далада, суықта, ылғал, эрі салқын бөлмелерде, серуен кезінде айқайлауға, дауыстап сөйлеуге болмайды, себебі бүл тыныс алу жолдарының қабынуын немесе басқа да ауруларға душар етеді.
Тыныс алу жолдарын түрлі қабыну ауруларын сақтау үшін ауыз қуысының тазалығын сақтау, ауру тістерді мезгілінде емдеуді үмытпаған жөн. [2]

- Ортопедическое лечение адентии с использованием имплантов
- Ортопедическое лечение твёрдых тканей зуба
- Осбенности регулирования труда лиц несовершаннолетних
- Освещение в СМИ вопросов политического характера
- Освободительные войны в странах Латинской Америки в контексте американской дипломатии в первой половине XIX в.
- Освобождение environmentalism
- Освобождение Беларусии: операция "Багратион"
- Оренбургская экспедиция и начало инкорпорации Южноуральского региона в Российскую империю (XVIII – начало XIX века)
- Ориентированность на индивидуальные потребности клиента в бизнес-стратегии предприятия
- Орман қорын қорғауды құқықтық реттеу
- Орталық Азиядағы араб және түркі халықтары мәдениетінің өзара ықпалдастығы (VIII-XII ғ)
- Орта мектепте жаңа оқыту технологиялар көмегімен оқушылардың физика сабағына қызығушылығын арттыру
- Орта мектепте математиканы оқытуда ғылыми таным әдістерін пайдалану
- Орта мектепте паскаль программалау тілін оқытуды жетілдіру жолдары