Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары

 

Мазмұны

КІРІСПЕ ...............................................................................................................3

І Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін                    тәрбиелеу негіздері..............................................................................................9

1.1 Оқушылардың бойында қазақстандық отансүйгіштіктің негізгі                              құндылықтарын қалыптастыру...........................................................................9

1.2 Отаншылдық  тәрбиенің негізгі ұғымдары................................................ 15

1.3 Бастауыш сынып оқушыларының білім дағдыларын қалыптастырудағы еліміздің даму тарихы......................................................................................... 22

 

ІІ Тарау. Қоғам жаңалықтарының оқушылардың бойында отансүйгіштік   сезімін оятудағы маңызы.....................................................................................36

2.1 Адамгершілік тәрбиесінің бастауыш  сынып оқушыларының                   отаншылдық сезімдерін қалыптастырудағы маңызы .......................................36 2.2 Халық педагогикасы құндылықтары негiзiнде оқушыларға                    патриоттық тәрбие берудiң казiргi оқыту жағдайындағы мүмкiндiктерi…….41  2.3 Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде қазақ халқының                   мәдениетін тәлiм-тәрбиелiк дәстүрлерiн пайдалану iс-тәжiрибелерi……......46 2.4 Оқу тәрбие процесінде отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу мақсатында жүргізілген іс шаралар...........................................................................................53  2.5 Бастауыш сынып оқушыларында отаншылдық сезімдерді тәрбиелеу бағытында жүргізілген эксперименттік жұмыс.................................................. 62

ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................86

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................................87

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Зерттеудің  көкейкестілігі: Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері балалардың бойында отаншылдық сезімді жастайынан қалыптастыру мәселесі күрделене түсті.Сондықтан «Қазақстан Республикасының жастарына үздіксіз тәлім-тәрбие беру тұжырымдамасында» тәрбиенің негізгі мақсаты дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, иманды, ақылды, парасатты, рухани ойлау дәрежесі биік, ар- ожданы мол, еңбекқор, іскер, талғамы жоғары және бойында тағы да басқа ізгі қасиеттері бар азаматты тәрбиелеу деп белгіленген.                                                                                                                          Қазақ халқы, яғни біздің ата-бабаларымыз, тәрбиенің негізгі мақсаты сегіз қырлы, бір сырлы, жетілген адамды тәрбиелеу деп санаған.Тәрбенің негізгі міндеттерінің (бағыттарының) ішінде патриоттық (елжандылық, ұлтжандылық) тәрбие ерекше орын алады. Сондықтан оқу – тәрбие ісінде назар аударып отырған, тәрбие салаларының бірі – отансүйгіштік тәрбие. Қазақстан Республикасы – көп ұлтты іргелі ел.

Жаңа қоғамның дамуындағы ең маңызды нәтиже – оның барысында  қалыптасқан жаңа адам бостандықты  жеңіп алып, оны ауыр күрестерде қорғай білген, барлық сын – сынақтардан  өтіп, өзі адам танымастай болып  өзгерген. Өзінің бұрынғы қасиеттеріне саяси мұраттылықты қосып, өмір сүрудің тәжірибелерінен қуат алып, өзінің жеке басының мәдениетің білімін кәдеге жаратып, мәреден көріне білетін адам.

Ұлттық дәстүрге берік, елің жерін сүйетін азамат тәрбиелеу, оқушылардың бойына қазақстандық отансүйгіштік  қасиетті қалыптастыру өскелең өмір талабынан туындап отыр.

Қазіргі кезеңде “қазақстандық  отансүйгіштік” ұғымына зор мән  берілуде. Көп ұлтты Қазақстан  халықының отансүгіштік сезімін  қалыпастыратын – азаматтық келісім, ұлттық бірлік. Егемен еліміздің тәуелсіздігін  сақтау ұлттық келісім, ішкі үндесім барша халқымыздың ынтымағы мен өзара жарасымдылығында.

Туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар  – жалпы ұлттық құндылықтар ешкімді  де бейтарап қалдыра алмайды. Олар сөзсіз адам көкірегінде жылылық, жақындық, гуыстық сезімдерді ұялатын жатады. Бір сөзбен айтқанда, отансүйгіштік қасиетті ұғым.

Қазақстандық отансүйгіштікке  келсек, ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендейтін бүкіл ұлт пен  ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние. Бұл сезімнің мағынасы терең, аумағы кең, құдіреті күшті. Ол өз мазмұны, өз аясы бар, құдіретті күшке кездейсоқтықтан айналмайды, бұл сезімнің оянып, бірте-бірте күш алып, саналы өзіндік мәні, өлшемі, мағынасы бар біртұтас сезімге ұласуы обьективтік шарттылықтарды қажет етеді.

Отанын адамның өзі  тануы тиіс. Оны жете біліп, қадір  – қасиетін ұққанда, тарихын, өткен  жолын, қиындық мехнаттарын, рухын, тар жол, тайғақ кешулерін көз  алдынан өткізіп, жанымен сезе білгенде, елдің басын біріктірген жат жұрттықтардан жерін, суын, даласын, тауын қанын төгіп қайсарлықпен қорғап алған ерліктерін сезіп білгенде ғана, соған деген мақтаныш сезімі оянады.

Отаншылдық сезім –  ұлт рухының деңгейінің айнасы, өлшемі. Елбасы өзінің халыққа Жолдауында азаматтардың отаншылдық сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуды ұлттық қауіпсіздікті сақтаудың негізгі элементтерінің бірі ретінде таниды.

Халықтың отаншылдық сезімін қалыптастыру үшін алғышарттар  пісіп жетілуі керек. Сол алғы шарттардың пісіп жетілуімен сабақтаса адамдардың сана-сезімі артыпғ жаңа құндылықтарды, оның ішінде отаншылдық сезімді бойына молырақ сезінетін болады.

Отансүйгіштік сана-сезімі болса, ол – отан құндылығы көрінісінің  нәтижесі, өткендегі өмір сүрген ата-баба санасының қажеттілігі мен ұмтылысына, құлшынысынан туған елдік салт-дәстүрлерді адамдардың санасындағы қажеттілігі мен қызығушылығы арқылы қабылдау.

Адам қауымдасып өмір сүргеннен кейін бастап, қандай ғылым  болмасын адамзаттың ақыл-ойынан, өмірден, іс-тәжірибеден туындайтыны аян. Адам өмірімен тікелей байланысты тәлім – тәрбиелік тұжырымдамалар халық тәрбиесі мен ғылыми ойдың ажырамас туындысы. Ал халықтық тәлім – тәрбие әр ұлттың ғасырдан-ғасырға жалғасқан мұрасы. Сондықтан да этнопедагогика педагогиканың негізі, нәр беретін тамыры болмақ.

Әр заманның өзіне  тән экономикалық, саяси-әлеуметтік және идеологиялық ерекшелігі болатыны айқын. Сол сияқты бүгінгі күннің азаматтарының да өз талабы, өз ерекшелігі бар. Халқымыз терең мағыналы дана сөзін  «Тауына қарай ақы, заманына қарай заңы» деп тауып айтқан. Жаңарған ел, жаңа тіл заңы, тұжырымдамалар мен бағдарламалар тәрбие жүйесіне жаңа көзқарастағы азаматтар тәрбиелеуді талап етуде.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі арналған стратегиясында Қазақстан азаматтарының денсаулығына, білімі мен әл-ауқатын арттыруға аса көп мән беру керектігі айтылған.

Әрбір азамат өзін әлем бүкіл  планетаның бір бөлігі ретінде түсіне отырып өз орнын таба білуге ұмтылуы  ең маңызды мәселе болып табылады. Әлемде өз орнын табу, яғни өз бойындағы мүмкіндіктерді тани білу және оның осал тұстарын дамыту ерекше мәнге ие.

Ел Президентінің Жолдауында «Егер біз ниетімізді байсалды ұстасақ, пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын  талдап таразылай білсек, онда біздің дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз бар» делінген.

Ел қорғайтын ерлеріміздің қызмет барысында кездесетін кедергілерді саналы түрде жеңе білуі жеке адамның, яғни, саналы да салауатты азаматтың  қолында екендігі айқын көрсетіп отыр. Осы біз қозғап отырған ел қорғайтын саналы да салауатты азамат тәрбиелеу – тек бүгінгі күннің тәрбие мақсаты емес. Қазақ елі ұлт болып қалыптасқалы «Сегіз қырлы – бір сырлы» немесе «Күшіне ақылы, ақылына күші» сай ер азаматтар тәрбиелеп келеді және өзіндік тәрбие жүйесі де қалыптасқан.

Жалпы кез келген адам іс-әрекеттерінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен  рухани жағынан дайын болуы керек. Отансүйгіштікке тәрбиелеудің бағыттары мынадай басты мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндіктерді барынша толық қамтып, біртұтас түрде оқушының жеке тұлғасына ықпал етудің жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек болатындай сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты жаңа идеяларды үнемі ашып іс жүзінде қолдану, т.б.

Отансүйгіштікке тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда отансүйгіштік сана, отансүйгіштік сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.

Сана мен сезім бөліп қарауға болмайтын біртұтас дүниелер болғанымен, олардың психологиясында тегі әр түрлі. Сана - өмір шындығының адам психологиясындағы бейнесі.

Осыдан бастауыш сынып  оқушыларына  отаншылдық тәрбие берудің  педагогикалық шарттарын айқындау зерттеу проблемасын айқындап,  тақырыпты «Бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастыру» деп алуға негіз болды.

Зерттеу мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастыру үшін педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыдан негіздеу және оның тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына  отаншылдық тәрбие берудің мазмұны, әдіс-тәсілдері мен формалары.

Зерттеудің  ғылыми болжамы: егер мектептің бастауыш сатысында оқушылардың отаншылдық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастыру ерекшеліктері айқындалып, соның негізінде үлгісі жасалса, сонымен қатар педагогикалық шарттар жүйесі құрылып, іс тәжірибеге енгізілсе, онда оқушылардың ұлттық сана-сезімін, ұлтжандылық, толеранттық қасиеттерін, ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруға болады, өйткенi мұндай жағдайда қарастырылып отырған процестің тиімділігі қамтамасыз етіліп, оқушылардың тәрбиелілік деңгейі артады.

Зерттеудің  міндеттері:

  • жаһандану жағдайында  оқушылардың отаншылдық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастырудағы халықтық педагогиканың ғылыми-әдістемелік негіздерін ашып көрсету;
  • бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін анықтау;

- бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастырудың үлгісін жасау;

- ұсынылып отырған педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін эксперимент арқылы тексеру.

Жетекші идея: бастауыш сынып оқушыларының жас және дербес ерекшеліктеріне сәйкес отансүйгіштік тәрбие халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие беру этностық-мәдени білім беру аясында қамтамасыз етіліп, этнос субъектісін қалыптастыруды көздейді.

Зерттеу жұмысының  әдіснамалық және теориялық негіздері:

- бастауыш сынып оқушыларының жас және психологиялық ерекшеліктері, даму заңдылықтары мен принциптері (Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, С.Л.Рубинштейн, т.б.);

- этнос теориясы (Ю.В.Бромлей,  Л.Н.Гумилев, т.б.);

- әр жастағы балалардың  ұлттық сана-сезімінің дамуы туралы  теориялар (Л.М.Дробжиева, Г.Д.Очиров, Т.Н.Петрова, Ф.Ф.Харисов, т.б.);

- ұлттық сана-сезімнің этноәлеуметтік және этнопсихологиялық тұжырымдамалары (А.Г.Агаев, Б.А.Әмірова, Н.Елікбаев, Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаев, Б.П.Поршнев, т.б.);

- этнопедагогика бойынша  тарихи-педагогикалық зерттеулердің  тұжырымдамалық идеялары (Г.Н.Волков, С.Қалиев, Қ.Бөлеев, С.А.Ұзақбаева, К.Ж.Қожахметова, К.А.Оразбекова, т.б.);

- оқушыларға этностық-мәдени  білім беру тұжырымдамасы (Ж.Ж.Наурызбай);

- қазіргі білім беру  және тәрбие теориялары (Е.В.Бондаревская, Н.Е.Щуркова, А.А.Бейсембаева, Қ.Қ.Жампейсова, т.б.).

Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы,  зерттеу проблемасына қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдiскерлердiң еңбектерi, бiлiм беру мәселесiне арналған ресми құжаттар, оқу-әдiстемелiк кешен (оқулықтар, оқу бағдарламалары, оқу құралдары және т.б.), алдыңғы қатарлы бастауыш сынып мұғалiмдерiнiң iс-тәжiрибесi.

Зерттеудің  әдістері: зерттеліп отырған мәселе бойынша тарихи-педагогикалық әдебиеттерді талдау және жинақтау, теориялық модельдеу, алдыңғы қатарлы мұғалімдердің іс-тәжірибесін оқып-үйрену және жинақтау,  бақылау, сауалнама, педагогикалық эксперимент, зерттеу нәтижелерін математикалық тұрғыдан өңдеу әдістері.

Зерттеудiң  ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:

  • жаһандану жағдайында  оқушылардың отаншылдық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастырудағы халықтық педагогиканың ғылыми-әдістемелік негіздері  ашып көрсетілді;
  • бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері анықталды;
  • бастауыш сынып оқушыларының отаншылдық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастырудың үлгісі жасалды;
  • педагогикалық шарттар жүйесі эксперименттік тұрғыдан негізделді.

Зерттеудiң  практикалық маңыздылығы:

- бастауыш сынып оқушыларына  халықтық педагогика құралдары  арқылы отаншылдық сезімдерін  қалыптастыру бағдарламасы жасалды;

- бастауыш мектептің  оқу процесінде оқушылардың отаншылдық  сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастыру бойынша мұғалімдерге арналған әдістемелік нұсқаулар жасалды;

- бастауыш сынып оқушыларының  отбасымен жұмыс бағдарламасы  жасалды;

- бастауыш сынып оқушыларына  арналған «Халықтық таным әліппесі»  ЭЕМ-ға арналған оқыту бағдарламасы жасалды;

- бастауыш сынып оқушыларының  отаншылдық сезімдерін диагностикалау  әдістемесі жасалды.

Зерттеу нәтижелерінің  дәлелділігі мен негізділігі: автордың педагогикалық зерттеуінің ғылыми негізімен, зерттеу тақырыбына сәйкес өзара байланыстағы әдіс-тәсілдердің нақты қолданылуымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы нәтижелердің қорытылуымен, олардың тиімділігінің жалпы бiлiм беретiн мектептердiң тұтас педагогикалық процесінде тексерілуімен қамтамасыз етіледі.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1. Бастауыш сынып оқушыларына  өз этносының мәдениеті, тарихы, тілі және географиялық аймағы  туралы алғашқы түсінік беру, ана тілін  меңгерту, олардың  ұлттық сана-сезімі мен дүниетанымын  қалыптастыру, өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіруге деген талпыныстарын дамытуға ынтасын арттыру халықтық педагогикаға негізделеді.

2. Бастауыш сынып оқушысының  даму деңгейіне сәйкес ұлттық  тәрбие беруде оқыту мен тәрбие  берудің психологиялық және педагогикалық негіздері есепке алынып, оқушылардың санаткерлік және этностық-мәдени сәйкестілігін, толеранттық мінез-құлқын және жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталуы тиіс.

3. Бастауыш сынып оқушыларына  ұлттық тәрбие берудің үлгісі  негізінде педагогикалық шарттар жүйесі анықталды:

- этнос субъектісін  қалыптастыруға бағытталған халықтық  педагогика құралдарының мол  мүмкіндіктері мен әлеуетін бастауыш  сынып оқушыларының ұлттық тәрбиесінде  мақсатқа бағыттап пайдалану;

- ұлттық тәрбие беру  процесінде әрбір оқушыға жеке тұрғыдан қатынас жасауды жүзеге асыру;

- бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы оқу және оқудан тыс уақытта ұлттық тәрбие беру бағдарламасын іске асыру;

- айқындалған өлшемдер мен көрсеткіштер негізінде оқушылардың ұлттық тәрбиелілігінің қалыптасу деңгейін жүйелі түрде есепке алып отыру.

Зерттеудің  негізгі базасы:

 

 

 

    

                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-тарау   Бастауыш сынып оқушыларының  отаншылдық сезімдерін тәрбиелеу негіздері.

1.1Оқушылардың  бойында қазақстандық патриотизмнің  негізгі құндылықтарын қалыптастыру

        Кез келген мемлекеттің білім беру жүйесі сол мемлекеттің жүргізіп отырған саясатымен анықталады.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан Республикасының Азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті.

Еліміздің ұлттық білім  беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм»  ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық  патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады.

Бұл ұғымның педагогикалық  жүгіне келер болсақ, ол болашақ  Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.

Қазақстандық отансүйгіштік – көп ұлтты Қазақстан халқының өзін-өзі тануының күрделі жолы. Өзін - өзі тану - өзіндік өсу мен өзіндік даму процесі арқылы жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгеруге, бағалауға алып келеді. Ең бастысы – жас ұрпақтың бойында Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру.

Қазақстандық отансүйгіштіктің негізгі компоненттері:

  • Отанға деген сүйіспеншілік;
  • Отан тағдырына деген жауапкершілік сезімін арттыру;
  • Отан мүддесіне қызмет етуге дайын болу;
  • Отанды қорғау;
  • Отанның қол жеткен жетістіктерін ішкі және халықаралық аренада мақтанышпен көрсете білу;
  • Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрену;
  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің құқықтарына құрметпен қарау;
  • Ана тілін білу;
  • Қазақстанда тұратын ұлт өкілдерінің ұлттық салт – дәстүріне және әдет – ғұрпына құрметпен қарай білу;
  • Қазақстан халықтарының келісімі  мен ұлтаралық бірлігін сақтау;

 

Қазақстандық отансүйгіштіктің негізін қалыптастыру – мемлекеттің және барлық азаматтардың экономикалық өмірі мен қауіпсіздік жағдайын жасау болып табылады. Қазақстандық отансүйгіштіктің ұлтшылдықтан айырмашылығы ол басқа халықтарға деген құрмет сезімінің, бүкіл адамзат туралы  адамгершілік түсінікке қайшы келмейтін  Отанға деген сүйіспеншіліктің үлгісі бола алады.

Халқымыз ғасырлар бойы ұрпағын өз елін сүюге, ізгілікке  баулып келеді. Бұл ұлтымыздың дәстүрлі ұлттық тәрбиесінің өзегі деуге  болады.

Ұлтымыздың патриотизмге бай тарихын, жауынгерлер мен батырлардың ерліктерін, ата - бабаларымыздың өнегелі өмірін жас ұрпаққа жеткізу патриотизмге баулудың бірден – бір көзі. Бұл ретте аттары аңызға айналған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Жанқожа батыр, Ақтан батыр, Наурызбай, Қарасай батыр сынды ерлеріміздің ерлігін баяндау осының куәсі.

Қазақ халқының біртуар  ұлдары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиндер өз ұлтының нағыз  патриоттары екендігін мойындатқан нағыз ұлы тұлғалар.

Отаншылдық сезім –  адамға туа біткен қасиет емес. Ол адамның  саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын  психологиялық, саяси - әлеуметтік құбылыс. Патриоттық сезім жалпы адам баласының еліне, жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын түйсінуін, қуаттап қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады. Осыған орай ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев патриотизмді "Әр этностың ұлттық сезімін сыйлап, бірде-бір ұлтпен қарама-қайшылық туғызбау"- деп белгілеген.

Қазақ халқы  «Отан» деген  ұғымды  бала бойына ерте бастан сіңіруге тырысқан. Сондықтан  да  соншама  кең  далада өмір сүрсе де, ата-бабаларымыз үшін атамекен ұғымы-әрдайым қастерлі де қасиетті ұғым.

Отан – патриоттық сезімнің қайнар көзі.

Жас ұрпақты патриотизмге тәрбиелеуде мемлекеттік рәміздеріміздің орны ерекше.

Патриоттық тәрбие - Отан, туған жер, атамекен, туған ел деген  адам санасында мәңгі өшпейтін ұғым.

Отансүйгіштік пен ұлтжандылық  - егіз ұғым.

«Патриотизм» ұғымының қазақшасы – отансүйгіштік, гректің патриотес – отандас деген сөзінен алынған.

Ұлтжандылық - жаңа қоғамдық қарым-қатынастың нәтижесінде туған  тарихи саты.

Қазіргі таңда елімізде бұл екі ұғым жаңа мағынада айтылып  келеді. Патриотизмді Қазақстандық патриотизм немесе Отансүйгіштік деп атайды. Оның мақсаты - Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір азамат тек осы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, Қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына өз үлесін қосу.

Өскелең ұрпақты, жастарды, болашақ мамандарды кез-келген жағдайда ерлік, отаншылдық істерге баруы үшін, оған алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Отаншылдыққа тәрбиелеу ұлттық ерлік дәстүрлерге сүйене отырып, жастардың ішкі жан дүниесі - ой-санасы мен сезімін дамытып, қалыптастыруға бағытталуы керек. Бұл ретте Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Қазақтың ұлттық сана сезімін дамыту, «қазақ» деп аталатын таңғажайып, әрі бай тарихи және мәдени байтаққа өз қатысының барын сезіну» - дегенді, біздің ұстанып отырған пікірлерімізді қуаттай түседі.

Жастардың патриоттық іс-әрекетін ұйымдастыру және өзін-өзі тәрбиелеуін, не істесе де Отаны, ұлты, халқының мүддесін көздеу  деп санаймыз. Өз мүддесін көздеп орындаған жұмыстарының саналы болуының өзін Отанға қосқан үлес ретінде қарастырудың да маңызы зор. Осыны әркімнің санасына сіңірген күнде ғана біз нағыз патриоттар тәрбиелей аламыз.

Патриоттық сана ұлттық және жалпы адамзаттың мүдделер тұрғысынан қарастырғанда Отанға деген көзқарас құндылықтарының жиынтығы болып  табылады.

Жоғарыда айтып өткеніміздей ұрпағын өз халқының патриоты етіп  тәрбиелеу – қай халықтың болмысын тәрбиелеу жүйесінің негізгі талаптарының бірі.

Халық батыры Бауыржан Момышұлы былай деген екен: «Біздің тарихымыз  батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтықпен кісіліктің символы, үлгісі санаған. Батырлық деген, ерлік деген ұрпақтан ата дәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы-тұл, келешегі-тұрлаусыз. Біздің қазақ халқы - батыр халық».

Олай болса, Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртық және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан, оқушылардың бойындағы Оанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық санасын дарытуда халқымыздың біртуар ұлы, даңқты қолбасшы, Қазақстанның Халық Қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырған өсиеттері мен ерлікке толы шығармаларының орны ерекше.

Бауыржан Момышұлы шығармаларды әскери-патриоттық тақырыптарда жазды.

Ал Бауыржан Момышұлының  ерліктері туралы қаншама ақын-жазушылар  қолына қалам алды десеңізші?! А.Бек  батырдың ерлікьері жайлы, «Арпалыс» атты романын жазса, Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогын, М.Қалдыбаев «Ұмытылмас кездесулер» естеліктерін, З.Ахметова «Шуақты күндер» естелік- эссесін жазды.

Бауыржан Момышұлы «Соғыс психологиясы» еңбегінде патриотизмге төмендегідей анықтама береді:

Патриотизм дегеніміз – Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман– саулығының қоғамдық – мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз – жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды жеке адаммен, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасты білдіреді.

Ерлік дегеніміз – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және адамзаттың қасиетті абыройын ұятқа қалу, опасыздық пен масқара болу сезімінен қорғай отырып, адамның ең ұлы сезімін – азаматтық парызын орындау үшін, осындай адамгершілік теңдікті өзіңмен сайысқа түсе отырып тұтас ұжым өмірінің игілігіне ғана емес, оның қауіп қатерін де бөлісіп, жауды барынша жою, жанға – жанмен, қанға - қанмен аяусыз кек алу жолымен жеке басыңды және отандастарды қауіпсіздік етуге ұмтылу, саналы түрде қауіп-қатерге бас тігу.

Батылдық – қимыл, әрекет есебін тәуекелдеумен үйлестіре алушылық.

Табандылық  – батырлардың қалқаны.

Өжеттілік, қайсарлық – адамның тіпті мүмкін емес деген жағдайдың өзінде абыроймен өлімге бас тігуге тәуекел етушілік, игілікті құлшыныс.

Бауыржан Момышұлының  өзі де ұлтжанды азамат екенін артында  қалдырған қанатты сөздерінен көрініс  табады. «Өзінің ұлтын сыйламаған, ұлтын мақтаныш тұта алмайды, ол сөз жоқ арамза, тексіз әрі қаңғыбас», «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды».

Бауыржан Момышұлы туралы айтылған ойлар мен пікірлер оның батырлығын, ерлігін суреттейді. Кез  келген адам батыр болмайды. Батыр  бойында қайрат, күш-жігер, қайсарлық молынан көрінеді.

Тәрбие үдерісінде жазушы, ержүрек қолбасшы Бауыржан Момышұлы шығармаларын пайдалану - патриоттық тәрбие берудің қайнар көзі.

Білім берудің сапасы жастарымыздың Отан алдындағы азаматтың  парызын сезінуімен, өзіндік көзқарасымен, халықтық бағытына рухани және материалдық құнды қазынаны сақтап қалуға ұмтылуымен де өлшенуі тиіс.

Бүгінгі Қазақстан жағдайындағы ұлттық патриотизмнің басты көрінісі - қазақтың ана тілінде сөйлеуі, ас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруі, ұлттық мінез бен болмыс қалыптастыру, ізеттілік, құрметтеу, қайырымдылық, мейірімділік сынды сезімдерін дамытуы.

Өскелең ұрпақ - болашақ  Қазақстан азаматы. Олар өзімізді қоршаған ірі өркениет орталықтарын, түрлі  мәдениетті меңгеріп, өзін сыйлата  алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті жаһандану заманына сай болуы шарт.

Жас ұрпақты  патриотизмге тәрбиелеу мәселелерін зерттеген  ғалымдардың еңбектерінің корытындылары  мен тікелей мектеп практикасындағы  мұғалімдердің іс-тәжірибелерінің  корытындыларына сүйене отырып, мектептегі патриотизмге тәрбиелеу - оқушылардың нақты іс-әрекеті, мінез-құлқын ұйымдастыру, оған бағыт беруді негізге алу қажет деп шешті. Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әрбір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.

Қазіргі қоғамның әлеуметтік сұранысын мектепке койып отырған  талап тұрғысынан қарастырғанда, патриоттық білім беру маңызды мәселе болып  отыр. Патриоттық білім ол қоғамда білімнің тез және шапшаң қарқынмен дамуына байланысты туындауда. Өйткені оқушылардың мектепте алған білімдерімен шектеліп қалуына болмайды.

Әрбір оқушы білімді  өздігінен ізденіп, ғылыми және техникалык ақпараттардың ағымына бағдар ұстау  дағдысын қалыптастыру қажет. Бұл патриоттық білім үрдісін оқушы тұлғасын қалыптастыруға бағыттау үшін қажет. Патриоттық білім - оқушылардың іс-әрекет тәсілдерді меңгеруі мен білім алуы, іскерлік пен дағдыны игеруге даярлау. Патриоттық білім қасиеттілігі осы заманда ақпараттық алмасу үлгісінің қарқындығымен құнды.

Отаншылдық тәрбиенің негізгі ұғымдары