Салық салу жүйесі
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………
1 Қазақстан
Республикасындағы салық жүйесінің
мәні мен мазмұны және оның қалыптасуы……………………………………………………
1.1 Салық жүйесінің қалыптасуы
мен дамуы және құрылуының теориялық
негіздері………………………………………………………
1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі
ретіндегі салық қызметі органдарының
қалыптасуы……………………………………………………
1.3 Салық жүйесінің
қызмет етуінің шет елдік
2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі даму жағдайы (Есіл аудандық салық басармасы мысалында)……..………….…24
2.1. Қазақстан Республикасының
салық жүйесінің бүгінгі күнгі қызмет
ету механизмі………………………………………………………
2.2 Есіл аудандық салық басқармасы
бойынша салық жүйесінің қызмет ету жағдайына
талдау…………………………………………………….………
2.3 Есіл аудандық салық басқармасы бойынша салықтық түсімдерге талдау....37
3 Қазақстан Республикасындағы
салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары……………………………………………………………
3.1 Қазіргі кездегі салық жүйесінің мәселелері және оның даму
перспективасы……………..………………………
3.2 Қазақстан Республикасының
салық жүйесін дамытудың стратегиялық
жоспары……………………………………………………………
Қорытынды ………………………………..…………………………………….
Пайдаланылған әдебеиттер....................
Кіріспе
Қазақстан өз тәуелсізідігін алғалы бері нарықтық механизмді белсенді түрде енгізуге күш салды, сондықтан салық жүйесі ең маңызды мәселенің біріне айналып отыр.
Кез-келген мемелекетке өзінің толыққанды тәуелсіздігін алуы үшін және өзін өзі жан-жақты қамтамасыз ету барысында мықты да тұрақты қаржы базасы қажет. Дамыған елдер тәжірибесі көрсетіп отырғанындай мемлекеттің негізгі қаржылық тірегі болып халықтар мен шаруашылық жүргізуші субъектілерден жиналатын салықтар болып табылады[1].
Салықтар тек қана
мемелкеттің қаржылық базасы ғана емес,
сонымен қатар экономиканы
Әр бір мемлекеттің салықтарының жиынтығы, басқа да элементтермен қоса, оның салық жүйесін қалыптастырады. Экономикалық өсуді қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік қамтамасыз етілу деңгейін көтеру, орта және шағын бизнес субъектлерін ынталандыру, бюджеттік тапшылықты төмендету сияқты республиканың негізгі деген кезек күттірмес өзекті мәселелерін шешуге оның салық жүйесінің қызмет етуін жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Қазіргі кездегі өтпелі кезең ел экономикасының елеулі де шешуші мүдделері үшін қызмет етуде.
Нарықтық қатынастардың қалыптасуы жағдайында еліміздің экономикасының еңсесін көтеруіне ықпал ететін, бюджеттің кіріс көзінің негізі болып табылатын салықтар, оның ішінде меншікке салынатын салықтардың экономикалық мәні мен маңызы өте зор.
Кез келген мемлекеттің қалыптасып дамуымен қатар қоғамда кез -келген салықтың өз орны, өзіне тән атқаратын қызметі, әсер ету ортасы бар. Бүгінгі күні әлемдегі барлық мемлекеттердің экономикалық саласындағы қандай уақыт немесе қандай да бір жүйеде болмасын өзекті мәселенің бірі, ол- салық. Себебі, ол елді қаражат көзімен қамтамасыз ететін күре тамыр, бюджетке түсетін түсімнің маңызды бөлігін құрайды.
Кез келген мемлекеттің нарықтық экономикасының қалыптасуы мен дамуы мемлекеттің негізгі жақтарын, әсіресе экономикасын реттеу құралы ретінде салықтық саясатты кеңінен қолдануына тікелей байланысты болмақ. Отандық және шет ел тәжірибелерінен көріп отырғанымыздай салықтар және салық жүйесі экономиканы реттеудің және салықтарды бюджетке жұмылдыра отырып, оның өз қызметтерін атқаруға мүмкіндік беретін негізгі қаржылық құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуына орай тиімді салық саясатын құрудың маңызы зор.
Өйткені, бюджет пен шаруашылық субъектілерінің арасында қарым қатынасты қалыптастыруда фискалды және реттеушілік қызметті жүзеге асыратын салықтық реттеуді жетілдіру бағыттары өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.
Салық салудың нәтижелілігі олардың атқаратын роліне тікелей байланысты болады. Өйткені, егер салық салу тәжірибе жүзінде максимальды мүмкіндікке ие болатын болса және олардың атқаратын қызметтері арасында үйлесімді тепе-теңдік сақталатын болса бұл роль жағымды болып келеді. Шаруашылықта тепе-теңдіктің қалыптасуын өзі реттейтін таза нарықтық экономиканы қалыптастырып, дамытуда өзіндік тәжірибенің аздығынан шет елдік тәжірибеге көбірек сүйеніп келген Қазақстан Республикасы қазіргі кезде аз да болса экономиканың әр саласы мен бөліктерін дамыту барысында тәжірибе жинақтап қалды.
Салықтардың көмегімен инвестициялық процесске экономикалық әсер етуді қамтамасыз етуге, сондай-ақ өндіріс салаларындағы техника мен технологияларды жаңартуға, бюджетті баланстауға, салықтық аударымдарды реттеуге мүмкіндік туындайды. Ал, мұндай шаралардың дамушы жас мемлекеттердің аяғынан тұрып кетуіне қаншалықты қажет екені баршамызға белгілі. Осыдан барып аталған тақырыптың өзектілігі туындайды.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің қазіргі кездегі жағдайына сипаттама беру және даму перспективасына анықтау болып табылады.
Аталған мақсатқа жетуде
төмендегі мәселелерді
- Нарықтық қатынастардың қалыптасып, дамуы кезіндегі салық жүйесінің экономикалық мәні мен мазмұны және атқаратын рөлі;
- Салық жүйесінің жүзеге асырылу механизмі мен мақсаттық бағыттарын қарастыру;
- Қазіргі кездегі салық салу жүйесінің қызмет ету механизміне сипаттама беру;
- Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі болатын мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қамтамасыз етудегі салықтардың алатын орны;
- Бюджетке салықтардың толықтай және уақытылы түсуіне салық әкімшілігінің тигізетін әсерін пайымдау;
- еліміздің салық салу саясатын болашақта оңтайландыру жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісі болып Астана қаласы Алматы аудандық салық басқармасының қызметі болып табылады.
Жұмыстың фактілік негізі болып Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджеті және Астана қаласы Алматы аудандық салық комитетінің сандық мәліметтері табылады.
Жұмыстың теориялық және методологиялық негізі болып отандық және шет елдік ғалым экономистердің еңбектері, мерзімдік арнайы басылымдар және салық салу саласындағы отандық заңнама (Салық Кодексі) мен бюджет туралы заңдар және басқа да қосымша нормативті актлер мен жарлықтар қолданылды. Сондай-ақ, монографиялар мен оқу құралдары, мерзімдік басылымдардан түрлі мақалалар қолданылды.
1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің мәні мен мазмұны және оның қалыптасуы
1.1 Қазақстан Республикасында салық салу жүйесін ұйымдастыру және оның қалыптасуы мен даму кезеңдері
Қазақстан Республикасының
салық саясатын ұйымдастыру, оған әсер
етуші негізгі механизм, фактор ретінде
Қазақстан Республикасының
Мемлекет қоғам өмірінің барлық жақтарында оның қызығушылықтарын қорғау мақсатымен экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, демографиялық және басқа да саясаттарды жүзеге асырады. Бұл жерде мемлекет әлеуметтік-экномикалық процесстерді ретту барысында қаржы-бюджет және бағалық механизмдерді пайдаланылады.
Қаржы-несие жүйесі мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану қатынастарын, яғни, мемлекеттік бюджет пен бюджеттен тыс қорларды қамтиды. Ол мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық, саяси, қорғаныс функцияларын тиімді жүзеге асыруға бағытталған. Қаржы-бюджет жүйесінің маңызды артериясы-салықтар болып саналады.
Салықтар тауарлы өндірістің пайда болуымен, қоғамның класстарға бөлінуі мен мемлекеттің пайда болуымен бірге пайда болды. К.Маркс: «Салықтарда мемленкеттің өмір сүруінің экономикалық негізі қаланған»,-деп атап көрсетеді.
Қазіргі күні біздің мемлекетеміз үшін де салық жүйесі, оны реформалау мәселесі үлкен мәнге ие. Егемендік алған 20 жыл ішінде Қазақстан Республикасының салық жүйесі бірнеше өзгеріске түсті. Бұл мәселеге тоқталмастан бұрын салық жүйесіне түсінік беру қажет. Яғни, салық жүйесі (грек тілінен аударғанда бөліктерден құралған бүтін деген ұғымды білдіреді) - бұл салық белгілі бір біртұтастық немесе кешен, ол салықтөлеуші мен мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында бір-бірімен өзара байланыстағы салықтардың жиынтығынан тұрады. Бұл жүйенің құрамына мыналар кіреді:
- салық қатынасын реттейтін құқықтық және нормативті база (салық кодексі, жарлық, инструкциялар т.с.с);
- салықты және басқада міндетті төлемдерді жинау және құрау тәсілі. Олардың әртүрлілігі, салық салу принципі, салық элементтері;
- салық бақылауын жүргізудің түрлері мен формалары (салық есебінің камеральды бақылау, салық төлеушінің мониторингі, құжаттық және рейдтік салықты тексеру және т.б);
- Салықты және басқа міндетті төлемдерді жинау қызметі кіретін, ұйымдар атап айтқанда, ҚР МКМ, салық органдары, қаржы полициясы[2].
Салық салу - әлеуметтік-саяси проблема, ол мемлекет таңдап алған ұзақ мерзімдік даму стратегиясына тікелей байланысты.
Сурет 1 Қазақстан
Республикасының салық
Қазақстандағы
салық жүйесінің ерекшелігі сонда,
ол негізінен шаруашылықтың
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, ТМД –ның басқа мемлекеттері сияқты аз уақыт ішінде мемлекеттің салық жүйесінің заңдық негізін құру керек болды. Салық реформасының тұжырымы 1992 жылы жасалды. Онда екі кезең көрсетілген: бірінші (1993 – 1995ж.ж) жаңа салық жүйесін дайындап, әрекет етуге енгізу, және екіншісі (1996-2002 ж.ж) нарықтық экономика талаптарына жауап беретін салық жүйесін құруды аяқтауды мақсат еткен.
Бірінші кезең 1995 жылдың сәуірінде ҚР «Салық және басқада міндетті төлемдер туралы» заңның қабылдануымен аяқталды. Бірақ бұл заңның қатаң талаптары болмады, керісінше бұл заңға нарықтық реформаларды тездетіп жүргізуге бағытталған толықтырулар мен өзгертулер ҚР-ның Президентіның Жалығымен және ҚР-ның 1999 жылға дейін енгізілді.
2001жылы 16 сәуірде
ҚР-ның Сенаты «Салық және
ҚР-да 1995-2001 жылдағы 6 жыл көлемінде жүргізілген салық жүйесі кәсіпкерлердің, экономистердің, депудаттардың, мемлекеттік шенеуніктердің, журналистердің және қарапайым салық төлеушілердің тарапынан көптеген наразылықтар тудырды. Әрбір кезекті сайлау өткен сайын, сайланбалы билік органына барған жаңға адамдардың алғашқы қадамы салық саласында түбірімен өзгерту енгізуге бағытталатын болар деген әсер бар еді. Біршама уақыт өткеннен кейін, бұл үміт ақталмады, өйткені бұл салады жаңа заң актілері оны жетілдіргеннен гөрі, құлдырата берді, ал қарама- қайшылықтар сол қалпында қалды. Әртүрлі көзқарастарды сараптай келе, сыншылардың қандай да бір ортақ негізі жоқ екенін көруге болады. Көпшілігіне салық ставкасының тым жоғарлылығы ұнамайды. Кейбіреулері нарық жағдайында мемлекет төмен салық бекітеді деп есептеген. Өзгелерінің пікірінше, еркін кәсіпкерлік салыққа да әсерін тигізеді: “Қаласам-төлеймін, қаламасам төлемеймін” деген қағидаға сүйенуі мүмкін. Бірақ, сөйте тұра, бюджеттік мекеме қызметкерлеріне еңбекақы төлемі, зейнетақы, кешіктіргенде, мемлекеттік тапсырыс дер кезінде төленбегенде, барлығы үкіметті кінәлайды. Осы жерде бәрі анықталады: төменгі салық мемлекеттік шығындардың барлығын үздіксіз қаржылық қамтамасыз етумен сәйкес келуі керек екен.
Тағы сынауға түрткі болатын: салық жүйесінің артық фискальды сипаты; отандық өндірушілерге қажетті ынталандырудың басым болмауы; табысқа салынатын салықтың көптігі; мүлік салығының төмендігі; батыс елдерімен салыстырғанда, еңбекке аз ақша төлей отырып, жеке тұлғаларға салынатын салықтың көптігі; жеке тұлға салығының төмендігі, ал басқа мемлекеттерде ол жоғары; бұрын естіп те білмеген қосылған құнға салынатын салық; салықтан жалтарғандарға қолданылатын тым қатаң қаржылық санкция; бюджет жетіспеушілігін жоюда қолданылатын шаралардың жетіспеушлігі; жеке салықтардың жиі өзгеруі; табиғи ресурстарға салынатын салықтың төмендігі; Бұл тізімді бұдан әрі де ұзақ жалғастыра беруге болады.
Осы көзқарастарды жалпылап, біріктіру мүмкін емес. Бірақ, кейбір айтылған сыни көзқарастар мен ұсыныстарда шындық бар. Салық жүйесі әрине жетілдіруді қажет етеді. Бірақ, батыс елдерінің тәжірибесінен алынған кездейсоқ идеялардың негізінде емес. Қазақстанға салық салу саласында қазіргі салық жүйесін жетілдіріп қана қоймай, өмірге әкелінген қандайда бір кешенді шаралардың барлық экономикалық және әлеуметтік салдарларын болжап, алдын-ала байқайтын, өзінің ғылыми немесе бірнеше мектетер мүлде жетіспейді.
Өткен жылдарға баға бере отырып, есте ұстайтын жайт, ҚР салық жүйесі бірінші күннен бастап экономикалық дағдарыс кезеңінде пайда болып, дамып келеді. Қиын көздерде бюджет тапшылығының өсуін тоқтатады, елдің барлық шаруашылық аппаратын қамтамассыз етедіүздіксіз болмаса да кейінге қалдыруға болмайтын мемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге жол береді, негізінен ол нарықтық экономика жағдайына көшудің сол уақыттағы міндеттеріне жауап береді. ҚР-ның салық жүйесін қалыптастыруда дамыған шет елдердің тәжірибесі кеңінен қолданылды.
Мұндай баға жалпы шындықты әділ түрде таразылауға мүмкіндік береді, бірақ, экономикалық саясаттың сол уақыттық проблемаларымен сәйкес үнемі келтіріліп отырған, салық жүйесін жақсарту міндетін сызып тастамайды.
Көптеген сыншылардың келісетін пікірі, салық ауыртпалығының болу мүмкіндігі. Бірақ белгілі бір мөлшерде ғана. Салық қандай болу керек- жоғары немесе төмен – бұл әлемдік салық салу ілімі мен тәжірибесіндегі мәңгілік проблема.
Тұрғындардың
салық мөлшерін төмендетуге
Бірақ, салықтарды
мөлшерден тыс төмендетуге
Бірақ, бүгінгі таңда салық жүйесі артта қалмайды. Салық реформасы барлық экономикалық реформаларға сәкес, оның бір бөлігі болып табылады. Соның өзінде мемлекеттің қаржы жағдайы шиеленіскен түрде қала береді. Экономиканың тұрақтылығы инфляцияның және өндірістің төмендеуінің жалғасы болып қала береді. Салық жүйесі экономикалық және қаржы тоқырауына қарсы тұрады. Осының барлығы салық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
ҚР-ның салық жүйесі 24 сәуірде 1995 жылы «салық және бюджетке басқада міндетті төлемдерді төлеу туралы» заңы салық жүйесінің негізі болып есептелінеді. Тиімді салық жүйесіне негізгі кедергі болатын экономикалық тоқырау болып табылады.
1995 жылы
қабылданған салық заңы
Ең басты
назар “ҚР бюджет жүйесі
Қазіргі кездегі Қазақстанның салық жүйесінің дамуының ең маңызды кезеңі – 1999 жыл. 1998 жылы құрылған Мемлекеттік Кіріс Министрлігі салық заңының және қазіргі кездегі жұмыс істеп тұрған салық механизмін қайта құруды одан әрі жетілдіруге ілгері қадамдар жасады. Оларға мыналар жатады:
- 1999 жылы тамызда ҚР Президентінің “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Жарлығы Парламентте қабылданып, заңға айналды;
- 1999 жылы 1 қыркүйекте ҚҚС-ты бөлу механизміне бірнеше өзгертулер енгізілді. Дәлірек айтатын болсақ, нольдік ставканы қолдану сферасы кеңейтілді және ол тоқыма өнеркәсібі, тігін және былғары аяқ киім тігу өнеркәсібі, халықаралық тасымалдау тауарларын өткізу бойынша жұмыс істей бастады; ең бірінші қажетті азық түлік, мал және құс, т.б. азық-түлікке – 10%-тік ҚҚС салынды; электроэнергия, газ, су, жылу өндіру және тасымалдау кезіндегі салық салу айналымын анықтау механизмі жақсарды, сонымен қатар машина жасау, пластмасса бұйымдарын өткізуде де кассалық әдіске уақытша өту және салық салу айналымының мерзімін 50 және 90 күнге ұзарту арқылы салық салынатын айналымын анықтау механизмі жақсарды; ҚҚС айналымынан қосылған құн жасамайтын акциз, кедендік төлемдер сияқты элементтер алынып тасталды;
- фермер қожалықтары үшін жалпыға бірдей жер салығы енгізілген.
2001 жылдың 1 шілдесінен бастап, 2001 жылдың 3 мамырындағы “ҚР заңына өзгертулер енгізу туралы “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” ” заңына сәкес ҚҚС барлық салық төлеушілер үшін 16% болды. Бұл 2001 жылдың 1 бастап, счет-фактура шотынан босатылған тауарлардан басқа барлық тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) жеткізілімі үшін ҚҚС – 16% болды деген сөз. 2004 жылдан басиап аталған ставка 15% бекітілді.
Бұл өзгерістер
экономикалық әдебиеттердегі, баспасөздегі,
ғылымдағы көпжылдық пікір
Қазақстанның салық жүйесінің дамуы мен құрылуының саяси-құқықтық тарихын келесі кезеңдерге бөлуге болады:
І кезең – салық жүйесінің құрылуының басы (1991-1992жж.)
ІІ кезең – салық жүйесінің дамуының тұжырымдамалық және методологиялық негіздерін орындау – болашақтағы даму бағдарын таңдау (1993-1994жж.)
ІІІ кезең – нарықтық экономиканың барлық талаптарына сай жаңа сапалық жүйесін құру әрекеті – белсенді салықтық реформалар кезеңі (1995-2000жж).
Қазіргі
кезде де салық жүйесінде
Салықтың реттеушілік маңызын ұлғайтумен және мемлекетпен шешілетін мәселелерге байланысты салық салудың реформалары тәжірибе жүзінде өткізілуде. Қазақстан Республикасы алдында үлкен мақсат тұр – ол экономиканы жақсарту ғана емес, сонымен қатар бұл процестерді жандандыру факторы болып табылатын салық жүйесін құру.
Салық
салу бойынша жүргізілетін
Өте маңызды өзгерістер қатарына салық жүйесін реформалау жатқызылады. Мұндағы ең басты жетістік ол жүйенің кеңейтілуі және бұл жүйеге көп төлемдер санының қосылуы. Қосылу себебі, біріншіден мемлекеттің өзінің қаржылық базасын қатайту мақсатында, екіншіден, осы мақсатта әлеуметтік-экономикалық процестерге әсер ету механизмін үлкейту, күшейту қажеттілігінде болды. Өкінішке орай, бұл әрекет толық орындалмады. Салық жүйесінде салық салудың фискалдық бағытына қарай өтті, бұл бюджетке керекті қаражат әкелмеді, ал салықтық реттеу және ынталандыру қызметтері тиімсіз құрылды, соның ішінде меншіктік төленбеген төлемдік баға жүйесі бәсекелестігі жоқ қатынастардың реттелмеушілігінен туындады.
Бірақ, қазіргі кезде қалыптасқан Қазақстан Республикасындағы салық жүйесінің жағымды жақтарын айтуға болады. Бұл туралы келесі тарауларда қарастыратын боламыз.
1.2 Салық жүйесінің негізгі элементі ретіндегі салық қызметі органдарының қалыптасуы
Салық салудың көп ғасырлық тәжірибесінің
негізінде салықты жинауды
Алғашқыда мұндай органдар тәртіпке келтірілген жүйе болған жоқ, салық жинаушылардың түрлі өкілеттілігі мен статустары болды, ерікті түрде тағайындалды, салықтық қызметті орындауды өзге де мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерды атқарумен араластырып отырды. Арнайы қаржы мекемесі болмаған кезде салық төлемдерін өндіріп алу үнемі болған жоқ, билеушінің жеке тапсырмасы бойынша жүргізілді. Көптеген мемлекеттерде барлық немесе бірқатар салық түрлерін жинау жергілікті өзін-өзі басқару орындарына тапсырылды. Мысалы, аталған ману Заңдарында табиғи алым-салықтарды жинау жөніндегі міндет ауыл старостасына жүктелді.
Рим империясында салықты жинаумен қауымдар айналысатын, магистраттар мен қауымдық кеңестің мүшелері қазынаға салық төлемдерінің түсуіне жеке түрде жауап беретін. Алтын Орда қол астындағы жерлерден алым-салықты басында хан арнайы тағайындаған-басқақтардың көмегімен жинаған, кейіннен оны жергілікті билік орындарына тапсырды: орыстың жеке князьдары өз аумақтарында алым-салық жинап, кейіннен оны Ордаға жөнелту үшін Ұлы князьға беріп жіберетін. Алым-салықты жинау қызметі кейде дін қызметкерлеріне тапсырылатын: ежелгі еврейлік шіркеулік мемлекеттің бірінші дінбасы талап етілген соманы Рим империясының пайдасы үшін төлейтін, кейіннен оны жеке салықтөлеушілерден жинап алатын.
Көптеген мемлекеттердің дамуының ерте кезеңінде салықтық төлемдерді жинаудың біршама кең тараған түрі делдалдарды (откупщик) қолдану болды. Рим провинцияларында мемлекет баж бен қосымша салықтарды, орнына белгілі бір соманы төлеуді талап етіп, делдалдыққа беретін болған. Византия империясында салықтарды жинаушылар белгілі бір уақытқа тағайындалатын, сол уақыт аралығында оларға белгілі бір аумақтан салықтық түсім алу үшін откуп берілетін. Франция мемлекетінде біздің эрамыздың алғашқы мыңжылдығының ортасында жекелеген салықтарды жинаумен делдалдар айналысатын. Олар корольге белгілі соманы жеткізіп беруге міндетті болатын, және ол үшін өзінің бір мүлкімен жауап беретін[9].
Ортағасырлық мемлекет-
Қазынаны толтыру үшін жергілікті басқару орындары мен «откупщиктерді» қолдану, қалыптасу, даму, орталық биліктің нығаюы кезеңінде барлық мемлекеттерде болған. Мемлекеттік органдардың дамыған жүйесі және олардың өзара байланысының қалыптасқан механизмі болмаған кезде салықтық төлемдерді жинаудың осындай әдісін ғана жүзеге асыру мүмкін болды. Мемлекет бұл орайда өте көп қаражатын үнемдеді, өз шенеуніктерін қамтамасыз етуге кететін шығыннан ада болды және мықты, мерзімінен бұрын төленетін салықты кепілдікке алды. Сонымен қатар, откупщиктердің жеке мүддесіне негізделген, оларды пайдалану көп жағдайда мемлекеттік аппараттың жұмысынан әлдеқайда тиімді болды[10].
1917 жылғы Қазан Төңкерісінен кейін, 1918 жылы СНК Декретімен патшалық Ресейдің қаржылық органдары таратылып, салық жинау губерниялық және уездік атқарушы органдардың құрылып жатқан қаржы бөлімдеріне тапсырылды. 1921 жылы Халықтық Қаржы комитетінің құрамында мемлекеттік табыстар мен салықтар басқармасы құрылды. Осыған сәйкес, уездік қаржы бөлімдеріндегі алым-салық инспекторлары таратылып, салық төлеуді бақылау губерниялық қаржы бөлімшелерінің қарамағына жіберілген қаржы инспекторларына тапсырылды. 1930 жылғы реформаның барысында қалалық және аудандық қаржы бөлімшелері жүйесінде салық инспекциялары құрылды, олар 1959 жылы мемлекеттік кіріс басқармасы, бөлімі және инспекциясы болып аталды. Бұл уақытта Қазақстан КСРО-ның құрамында одақтас республика боғандықтан, мұндай жағдай бізде де болды.
Бюджеттің табысын және
салық түсімін бақылауды
Жаңа экономикалық жағдайда мемлекеттік қазынаға тұрақты түрде қаржы түсуін қамтамасыз ететін және өндірісті жан-жақты дамытуды жандандыратын қазіргі салықтық механизмді енгізу міндеттерінің шешілуі үшін, елде салықты басқаратын, тиімді жұмыс істейтін жүйе керек.

- Салық саясатындағы салық санкцияларының рөлін арттыру
- Салықтан жалтарыну себепетрі мен оны шешудің жолдары
- Салықтық бақылаулар
- Самоанализ уровня продуктивности, профессионализма и квалификации педагогической деятельности
- Самодеятельные организации осужденных: история, современность, пути дальнейшего развития из опыта Республики Мордовия
- Самозащита конституционных прав и свобод человека и гражданина
- Самоменеджмент, як фактор ефективної системи управління підприємством
- Сақтандыру нарығы. Проблемамалары мен даму болашағы
- Сақтау шарты
- Салат по - шекински. Бульон с колдунами. Рожки мясные
- Салык механизми
- Салык салу ісі бюджетпен қатынасы ретінде
- Салық
- Салық жүйесі