Шетел инвестициясын ынталандырудың ғылыми негіздері
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі-Қазақстан Республикасының экономикасына, оның аймақтарының дамуына және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін кеңейтуге шетел инвестициясын тарту мәселесі казіргі кезде аса маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Инвестициялар Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және дамытуда басты рөл атқарып келеді. Олардың көмегімен тауарлар мен қызметтердің өндірісін өсіруге, жаңа технологияларды әзірлеуге, мемлекеттің басқа аймақтарын дамытуды арттыруға болады.
Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тарту макроэкономикалық сипаттағы стратегиялық және тактикалық міндеттерді шешуге бағытталған объективті қажетті үрдіс. Шетел инвестициялары экономикамыздың қарқынды өсуіне елеулі әсерін тигізеді. Қазақстан экономикасының даму жағдайларында инвестициялар әлеуметтік және өндірістік мүмкіншілігінің құрылымдық өзгеруінің маңызды құралы болып табылады. Ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде инвестициялар маңызды құрылымдық пайда болу қызметін атқарады, халық шаруашылығының қай салаларына инвестициялардың салынуына қарай экономиканың болашақ құрылымы байланысты болады.
Қазақстан Республикасы аумақтарындағы барлық шаруашылық субъектілеріне үздіксіз сыртқы нарыққа шығу құқығын ұсыну, шетел инвестицияларын кеңінен тарту, ҚР-ның сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейту құқықтарын беру шетел инвестицияларын ғылыми-зерттеудің өзектілігін анықтайды.
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап экономикалық жағдайын тұрақтандыру, ішкі экономикалық қауіпсіздікті қамтамассыз ету және инвестициялар тарту жөніндегі саясаты белсенді түрде жүзеге асырылуда. Шетел инвестициясын тарту республиканың инвестициялық процесінің жедел әрі тиімді дамуының бірден бір жолы болып табылады. Шетелдік инвестицияларды тарту отын - энергетика, мұнай өндіру және өңдеу, алтын өңдеу өнеркәсіптері, көлік және коммуникация сияқты басты салаларда құрылымдық -инвестициялық саясатты жүргізу қаржының жетіспеушілігімен ішкі нарықты тұрақтандырумен байланысты.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - шетелдік инвестицияны теориялық түрде негіздей отырып, мемлекеттің инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын айқындау, экономикалық өсуге инвестиция тартудың маңыздылығын зерделеу, шетел инвестицияларын тиімді пайдаланудың негізгі бағыттарын көрсету болып табылады. Көзделген мақсатқа жету мынадай міңдеттерді шешуді қажет етеді:
- инвестициялық қызметті жан-жақты талдау;
- мемлекеттің инвестициялық саясатының негізгі бағыттарын талдау;
- тікелей
шетел инвестиция ағымының
- инвестицияларды тартудың тиімді бағыттарын анықтау мен оларға
талдау жүргізу; - үдемелі индустриялық-инновациялық дамуға сәйкес инвестиция тартудың негізгі бағыттарын айқындау.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - Қазақстандағы шетел инвестицияларын тиімді пайдалануды басқару тетіктері мен бағыттары болып табылады.
Дипломдық жұмыстың объектісі-экономиканың инвестиция тартымды салалары болып табылады.
Ғылыми жаңалығы - зерттеу барысында ғылыми жаңалыққа ие келесі нәтижелер алынды:
- инвестициялық
орта мен ұдайы өндіріс
- инвестициялық
қызметті реттеудегі
- Қазақстанның жекелеген аймақтарына инвестиция тарту мен пайдалану ерекшеліктері анықталды;
Экономиканың тепе–теңдік дамуын қамтамассыз ету үшін мемлекеттің экономикалық басым секторларына қаржы салған инвесторларға жеңілдіктер мен преференциялар бере отырып шикізаттық емес саланың дамуына да қолдау жасайды. Осы мақсаттарды жүзеге асыруға байланысты үкімет тарапынан стратегиялық бағдарламалар мен заң жобалары құрылуда. Тікелей инвестицияларды жүзеге асыратын орган инвестиция бойынша мемлекеттік комитет болып табылады. Инвестициялық қаржыларды ел экономикасына жүзеге асыру әртүрлі нысанда жүзеге аырылады. Оған шетелдік банктері мен халықаралық ұйымдардан қарық алудан бастап кәсіпорындарды тікелей шетел инвесторлврының меншігіне сатуға дейінгі әрекеттер жатады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жалпы диплом жұмысы
Қазақстан Республикасының
1 Шетел инвестициясын ынталандырудың ғылыми негіздері
1.1 Инвестиция түсінігі және оның әлеуметтік-экономикалық мәні
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде инвестиция термині әртүрлі түсіндіріледі. Кейбір авторлар инвестиция мен капитал салу арасында ешбір айырмашылық көрмесе, енді біреулері инвестиция деп кез-келген салуды түсінеді.
Өз заманында Дж.М.Кейнс инвестицияға классикалық анықтама берген. Оның пайымдауы бойынша, алғашқы инвестицияланған ақша сомасы бастапқы кірістерге айналады. Бұдан соң ол қаражаттың белгілі-бір бөлігі жеке және инвестициялық тұтыну қажеттіліктеріне жұмсалады да, екінші тараптағы кірістерге айналып отырады, яғни, тұтыну көлемін ұлғайту арқылы кіріс көлемін ұлғайтуға инвестициялардың өсуі ықпал етеді.
Қазіргі заманғы
шарттарды ескере отырып
Көптеген анықтамаларда
инвестицияларды ақшалай
Көптеген авторлар күрделі қаржы мен инвестициялардың бір-бірінен айырмашылығы жоқ деп көрсетсе, ал кейбіреулері инвестицияны мақсатты бағытталуына байланыссыз салынған қаражат салымының кез-келген түрі деп есептейді. Мәселен, Ресей ғалымдары Г.П.Журавлева, И.Ю.Малышева инвестицияны жаңа технологияларды, материалдарды және басқа да құрал-жабдықтарды өндіріске енгізе отырып, өндірісті кеңейту және жаңарту ісіне жұмсалатын шығындар деп есептейді. Бұл жерде негізгі және айналым қорлары аралығындағы айырмашылықтар, сондай-ақ, ғылыми-техникалық прогресс, еңбек ресурстары және тағы да басқа факторлар есепке алынады.
Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы экономикаға ғана тән “күрделі қаржы” ұғымын, санатында құнды қағаздары және басқа да қаржылық активтері бар “инвестиция” ұғымына алмастырып қойған жоқ, сондай-ақ, өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуі жалпы мәдениеттің алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық жүйелерінің қалыптасуы және де қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерінің рөлі мен мағынасының күшеюі ғылыми-техникалық және әлеуметтік салаларды қаржыландырудың, еліміздің материалдық байлықтары мен қоғамдық құндылықтарына салынатын салым екендігін танытып мойындатуға ықпалды әсерін тигізді.
Қазақстан Республикасының “Шетел инвестициясы туралы” заңында “инвестиция” ұғымына жаңа анықтама беру арқылы, оны күрделі қаржыдан бөліп тастауға тырысқан. Онда: “Инвестиция деп- пайда (табыс) табу мақсатымен барлық мүліктік құндылықтар мен оған құқықтарды, және де интелектуалды меншік құқығын инвестормен кәсіпкерлік қызметке салуы”[1]. Алайда бұл анықтама дәл айтылмаған. Сонымен қатар, бұл түсініктеме тек кәсіпкерлік қызметке құйылатын және коммерциялық пайда әкелетін инвестициялар жайында айтылған. Бұған қоса, шетелдік практика және теорияда инвестициялардың тиімділігін анықтаған кезде тек коммерциялық нәтиже ғана емес, экономикалық жағы да ескеріледі. Яғни, қоғам мақсаттары, қоғамдық материалды емес құндылықтар [мысалға, денсаулық сақтауға, білім беруге, кадрлар біліктілігін жоғарлату және қайта даярлау, экологияны жақсарту, өмір сүру сапасын көтеруге кететін экономикалық шығындары]. Осыдан Қазақстан Республикасы “Шетел инвестициясы туралы” заңындағы инвестицияға берген түсініктеме толық емес деп айтуға болады. Өйткені, онда инвестициялардың барлық түрлері қарастырылмаған.
Күрделі салымдарға қарағанда инвестиция түсінігі анағұрлым ауқымырақ, себебі күрделі қаржы тек негізгі капиталды қайта құруға жұмсалса, инвестиция материалды активтерге, портфельді инвестиция және материалды емес активтерге инвестиция түрінде болуы мүмкін. Инвестициялау процесін келесі сызба түрінде көрсетуге болады (сурет 1).
Инвестициялаудың соңғы нәтижесі материалды байлықты құру және көбейте түсу, сонымен қатар қоғамдық жағдайды жақсарта түсу болғандықтан, “инвестиция” түсінігі кең ауқымда айтылуы қажет: инвестициялау процесі - бұл инвестициялық ресурстардың материалдық байлыққа және материалды емес қоғамдық құндылықтарға трансформациялану процесі. Өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық дамуы, нарықтық экономикаға өту жоспарлы экономикаға тиесілі күрделі салымды инвестициямен алмастыру қажеттілігін туындатты. Сондықтан, күрделі қаржы инвестицияның негізгі капиталға салынатын бір бөлігі ғана болып қалып отыр.
Әртүрлі инвестициялардың қозғалысында айырмашылықтар болуы мүмкін. Сондықтан оларды айыра білу шарт:
- нақты инвестициялар, яғни тікелей салынатын;
- портфельді инвестициялар, яғни қаржы құралдары арқылы салынатын.
Аталған екі инвестициядан басқа интеллектуалды инвестицияларды айтуға болады, яғни патенттерді, лицензияларды, ноу-хау сатып алу, персоналды дайындау және қайта дайындау.
Енді портфельді және тікелей (нақты) инвестицияларды салыстырып көрсек:
- Нақты инвестициялар экономикаға капитал салымының тікелей және ұзақ мерзімді болуына әсер етеді (құрылыста және шаруашылық обьектілерді ұйымдастыру кезіндегі жарналық қатысулары, оларды тиімді пайдалану мақсатымен біртіндеп немесе толығымен сатып алу және т.б.). Ал портфельдік инвестициялар тек уақытша және спекулятивті мінезде болады;
- Нақты инвестициялар тек салынған капиталдан табыс таппай және де сол фирманы дұрыс басқарудан келетін табысқа тырысады. Портфельді инвестициялар салынған капиталдан тұрақты табыс тауып отырса, және мүмкіндігінше акциялар бағамының өсуіне үміт етеді;
- Нақты инвестициялар жоғары рентабельді болып саналады, себебі уақыт өткен сайын алынған пайданы кәсіпорынға қайтадан инвестициялауға немесе шетелге шығаруға мүмкіндік береді;
- Нақты инвестициялар портфельдікке қарағанда жұмыспен қамтылуға, ішкі нарыққа көп мөлшерде әсер етеді;
- Нақты инвестициялар мемлекеттің халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына және ұлттық бәсекелестікке әсер етеді;
- Шетелдік фирмалардың мемлекеттегі позициясын бекітуге әсерін тигізеді.[2]
Инвестициялардың мақсатты бағытына және пайдалану сферасына
байланысты 3 типін бөліп көрсетуге болады:
- Материалды активтерге инвестициялар, яғни капиталдың ғимараттарға, қызмет ету мерзімі бір жылдан асатын кез-келген машиналар мен құрылғыларға және материалды запастарға салынуы;
- Қаржылық активтерге инвестициялар, яғни қаражаттың бағалы қағаздарды сатып алуға жұмсалынуы;
- Материалды емес активтерге инвестиция, яғни қаражаттың патенттер, лицензиялар сатып алуға, ғылыми-техникалық жаңалықтар жасауға, персоналдың біліктілігін арттыруға, денсаулық сақтауды жақсартуға және т.б. салынуы.
Инвестиция типтерінің барлығы дерлік мемлекеттің шаруашылығының дамуына өз үлестерін тигізеді,оларды атқаратын рөльдеріне қарай:
- Жиынтық инвестициялар;
- Таза инвестициялар, яғни негізгі капиталдың өсуіне бағытталған;
- Шығындарды жабатын инвестициялар деп бөлуге болады.
Жиынтық инвестициялар жаңа құрылысқа, өндіріске қажетті құралдарды алуға және тауарлы-материалды қордың өсуіне бағытталады.
Ал, таза инвестициялар, белгілі-бір мерзімдегі жиынтық инвестициялардан амортизациялық аударымдарды алып тастағандағы соммаға тең. Таза инвестициялар көрсеткішінің динамикасы мемлекеттің экономикалық дамуының деңгейін көрсетеді. Егер де таза инвестициялар соммасы теріс мәнге ие болса (жиынтық инвестициялар соммасы амортизациялық аударымдардан аз болса), онда ол өндіріс потенциалының төмендегенін көрсетеді, соның салдарынан өндірілетін өнім көлемі азаяды. Мұндай жағдайдағы мемлекетті “өз капиталын азайтушы” деп атауға болады. Егер, таза инвестициялар соммасы нольге тең болса (жиынтық инвестициялар соммасы амортизациялық аударымдарға тең болса), онда ол экономикалық өсудің жоқ екндігін көрсетеді.
Ал егер таза инвестициялар сомасы оң мәнге ие болса, онда ол экономиканың даму сатысында екенін көрсетеді. Таза инвестициялар көлемінің өсуі табыстардың өсуіне әкеледі. Және де бұл жағдайда табыстардың соммасының көлемінің өсу қарқыны таза инвестициялар соммасы көлемінің өсу қарқынынан әлдеқайда жоғары болып келеді.
Инвестиция деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макропропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнстік теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалы әртүрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады.
Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салуларға байланысты жаңа жұмыс орнын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі - жинақ. Мәселе мынада - жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық жүргізуші субъектілер жүгізуі мүмкін. Көпшілік адамдардың жинағы инвестиция көзі болып табылады. Алайда, бұл адамдар қоғамдық капиталдардың нақты өсуімен байланысты ұйымдастыру немесе инвестициялауды жүргізбейді. Әрине, инвестиция көзі қоғамдағы жұмыс істеп тұрған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және тағы басқа да кәсіпорындардың жинағы болып табылады. Мұнда “жинақшы” мен инвестор сәйкес келеді, алайда, бір мезгілде жұмыскер де кәсіпкер де бола алмайтын жалдамалы жұмысшының жинағының ролі едәуір үлкен, сондықтан жинақ пен инвестициялау процестерінің сәйкес келмеуі экономикалық тепе-теңдіктен ауытқуына әкелуі мүмкін.
Осы уақытқа дейін экономикалық әдебиеттерде инвестиция туралы көптеген ұғымдар қалыптасты. Көптеген авторлар капитал салымы мен инвестиция арасында айырмашылық жасамайды, ал кейбіреулер инвестиция ұғымын кез келген құралдарды, олардың мақсаттық бағыттарына қарамастан салу деп түсінеді.
Инвестицияға
нақты және қайталанбайтын анықтама
беру үшін ол өте ауқымды ұғым. Әртүрлі
тәжірибелік салалар мен
Экономикалық
даму талаптарына, яғни өндірістік потенциалды
жаңа ғылыми-техникалық негізде құруға,
әлемдік нарықта өз бәсекелестік
бағытын құруға, жоғарғы инвестициялық
белсенділік өте қажет. Жаңа экономикалық
құбылыс болып табылатын
Инвестиция – бұл Қазақстан үшін жаңа экономикалық термин болып табылады, және ол нарықтық экономикаға өту кезінде пайда болды. Бірақ әлі де ол экономикалық әдебиеттерде өзінің бірегей ұғымын тапқан жоқ. Орталықтандырылған жоспарлы ауқымында “жалпы капиталдық салынымдар” деген ұғым қолданылады, және оған негізгі қорларды қайта құруға, оны жөндеу жұмыстарына кеткен шығындар кіреді.
Ең алдымен
нарықтық қатынастарға өту кезіндегі
өнеркәсіптік өндірістің және инвестицияны
пайдаланудың тиімділігін қарастырмас
бұрын, біздің көзқарасымыз бойынша
алдымен “инвестицияның”
Ғылыми әдебиеттерде инвестиция ұғымын анықтауда бірнеше пікірлер қалыптасқан. Пол Самуэльсон былай жазады: “біз таза инвестициялау немесе капитал қалыптастыру деп - тек қоғамның нақты капиталдарының (ғимараттар, өндірістік-материалдық қорлар, қондырғылар және т. б.) өсуін айтамыз”.
Инвестицияның қайнар көзі бәрімізге белгілі - жинақ болып табылады. Жинақтар бір ғана шаруашылық агентімен асырылса, инвестицияны тіптен бөлек адамдар немесе бөлек шаруашылық субъектілері жүзеге асыра алады. Сондықтан, оқымыстылар бұл ұғымда анықтау барысында оның мазмұнынан гөрі, бағытталуына мән береді. В. Бочаров инвестиция ұғымын - қолданысқа пайдалана алмайтын табыстың бір бөлігі ретінде қарастырады. Инвестициялық ресурстар инвестициялық қызметтегі нақты объектілерге ауыстырылуы және сол жерде капиталдық бағаның табыс түрінде өсуі.
Капитал құнының инвестициялық процеске өсуі туралы Кейнс қарастырады. Оның анықтамасы бойынша инвестиция – бұл белгілі бір кезеңде капитал мүлкінің құндылығының өндіріс жағдайында өсуі немесе осы кезеңде тұтынуға пайдаланылмаған табыстың бір бөлігі.
В.Фельзенбаумның айтуынша, инвестиция ұғымы былайша айтқанда нақты инвестицияны мазмұны бойынша “капитал салымы” және “қаржылық” инвестиция түсінігін қамтитын ұғым, яғни меншіктен табыс алуға құқық беретін, тікелей меншік иесі титулына байланысты акция, облигация және басқа да бағалы қағаздарға салымдар. Бұл жағдайда инвестиция қызметінің объектілігі байқалады.
Халықаралық заң шығарушылар инвестицияны өте кең саяси және шаруашылық бітімгерлік тұрғысынан анықтайды, сонымен бірге инвестордың өзімен – оны инвестициялау субъектілеріне еріксіз байланыстырады.
Біздің көзқарасымыз бойынша, инвестицияны анықтауда тек оның мазмұнына ғана назар аудармай, оның мақсаттық бағытталуын да қарастыру керек. Осы көзқарас бойынша инвестициялар, жалпы ұлттық өнімді өндіруге жұмсалатын маңызды бөлікті және өндірісті жаңарту мен кеңейтуге кеткен шығындарды құрайды, яғни ақшалай капиталдан бөлек жеке тұлғаның капиталының кеңеюі мен капитал құрумен байланысты.
Тәжірибе жүзінде зерттеушілер инвестиция ұғымына әр түрлі түсініктер енгізеді. Қоғамдық ұғымда инвестиция түсінігін кез келген құралды, жер, қозғалмайтын мүліктер, акциялар, құрылысқа, техникаға салу, сатып алу деп түсінеді.
Өз уақытында Дж. М. Кейнс инвестицияға классикалық анықтама беріп, бұл ағымдағы кезеңде капитал мүлкінің құндылығының өндіріс жағдайында өсуі немесе осы кезеңде тұтынуға пайдаланылмаған табыстың бір бөлігі.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес нақты, әрі дәлірек анықтаманы Пол Хейн берді: “жинақталған өндіріс пен табыстың шайқалуының басты себебі болып Кейнс жүйесіндегі керекті инвестициялық шығындардың көлемінің өзгеруіне байланысты. Инвестиция – яғни болашақта одан күтілген табыстарды алу үшін, қандай да бір құндылықтарды сатып алу. Осыған байланысты станоктар сатып алғанда фирмалар инвестиция жүргізеді”.
Осы заманғы көптеген экономистер, осы анықтаманы түсіндіре отырып, құндылықтарды сатып алуда көптеген ұғымдарды ұйғарады. Түгелдей инвестиция бойынша негізгі капиталға салымдардан бастап, энергия, материалдар, шикізаттар сатып алуға кететін ағымдық шығындар да түсіндіріледі. Мысалы: Журавлева Г.П. мен Малышева И.Ю. екеуінің есептеуінше: “инвестициялар бұл – еңбек заттары мен еңбек құралдарын, материалдар, жаңа технологиялар негізімен байланысты өндірістің жаңалануы мен кеңеюіне кететін шығындар”, яғни бұл жерде негізгі және айналым қорларының салымы арасында айырмашылық жасалмайды және сол уақытта адамдарға ҒТП-ға инвестиция саналмайды. Қазақстандық экономистердің кейбіреулері де осы пікірді ұстануда, яғни инвестициялық қызметтің негізгі объектісі ретінде айналым құралдарын мойындайды және инвестицияның капитал салымының басты айырмашылығы оларды негізгі капиталға сала отырып, айналым құралдарын толықтыру деп түсіндіріледі.
Біздің ойымызша, кішкене
анықтама былай болады: “Ағымдағы
өндірістің бір бөлігі негізгі капиталдың
өсуіне пайдаланылса, онда бұл жағдайда
инвестиция орын алады. Инвестиция –
бұл ақшалай құралдардың
Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы нығайтудың негізі болып табылады. сондықтан оны тиімді пайдалану жолдарын анықтау және қосымша көздерін ашу – еліміздің қазіргі даму сатысындағы басты міндет. Оны шешу үшін республикамызда ғылыми тұрғыдан негізделген инвестициялық саясатты жүзеге асыру керек. Ол халық шаруашылығының әртүрлі салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталған жоқ. Инвестициялық саясат негізді болуы үшін күрделі қаржыны пайдалану мен молайту жолдары, табиғи ресурстарды өндіретін, өңдейтін және олардың өнімдерін пайдаланатын салалар арасында ғылыми негізделген арақатынас болуы шарт.
Инвестиция ұғымы латын сөзі “investise” – “қаржы жұмсау” деген мағына береді. Инвестиция дегеніміз – бизнеске жұмсалатын күрделі қаржы. Ол негізінен бизнестің материалдық жағына жұмсалады. Сондай-ақ кәсіпорынның материалдық жағына негізгі және айнымалы қорларды жатқызуға болады.
Инвестиция негізінен екі формада болады:
1) тікелей;
2) портфелді.
Тікелей инвестиция - өнеркәсіп, сауда, т.б. шаруашылық салаларына жұмсалатын күрделі қаржы. Портфелдік инвестициялар - шетелдік бағалы қағаздарға жұмсалатын қаржы.
Инвестицияның ақшалай капиталдан ерекшелiгi - инвестиция капиталдың құрылуымен, нақты физикалық ұғымдағы физикалық капиталдың ұлғаюымен байланысты. Материалдық байлық құрып және оны молайта түсу, қоғамымыздың тұрмыс халiн жақсарту - инвестициялаудың негiзгi мақсаты болғандықтан, күрделi қаржыларды негiзгi қорға айналдыру процесi инвестицияның классикалық анықтамасына сай келетiндiктен, “инвестиция” ұғымын қолдану кезiнде оған жан-жакты түсiнiктеме берiп отырған орынды. Инвестициялау процесi инвестициялық ресурстардың материалдық байлықтарға және материалдық емес құндылықтарға айналу процесi. Инвестициялау процесi келесi беттегi 1-кесте түрiнде бейнеленген. Тек нарықтық экономика жағдайына өту жоспарлы экономикаға ғана тең “күрделi қаржы” ұғымын санатында құнды қағаздары және басқа да қаржылық активтерi бар “инвестиция” ұғымына алмастырып қойған жоқ, сондай-ақ, өндiргiш күштердiң ғылыми-техникалық тұрғыда өркендеуi жалпы мәдениеттің алға басып, өркен жаюы жағдайында олардың жоғары индустриялық жүйелерiнiң қалыптасуы және де қоғамымыздың жалпы ұлттық мақсат-мүдделерiнiң рөлi мен мағынасының күшеюi ғылыми-техникалық және әлеуметтiк салаларды қаржыландырудың елiмiздiң материалдық байлықтары мен қоғамдық құндылықтарына салынатын салым екендiгiн танытып мойындатуға ықпалды әсерiн тигiздi.
Сонымен, бiз “инвестиция” деген ұғымда қаржылық аспаптар, инновациялық салалар арқылы материалдық байлықтарға және қоғамымыздың материалдық емес құндылықтарына тiкелей немесе жанама түрде салынған инвестициялық ресурстарды түсiнемiз. Негiзгi капиталға салынатын инвестициялық ресурстардың белгiлi-бiр бөлiгi күрделi каржының көлемiмен бiрдей. Осыған орай, бiз ол көрсеткiштi бұдан былайғы уақытта негiзгi капиталға салынған инвестиция немесе күрделi қаржы деп атайтын боламыз. Инвестициялардың қандай түрлерi болмасын капитал әлемiнде әрқайсысының атқарар рөлi әрқилы болғанымен де, олардың елiмiздiң экономикасын өркендетудегi маңызы зор.
Негiзгi капиталды қайта жаңарту iсiндегi алатын орны тұрғысынан қарағанда, инвестициялардың атқарар рольдерi мына төмендегiдей қалыппен сараланып бөлiнедi:
- жалпы және бүтiндей инвестициялар;
- негiзгi капиталды көбейтуге бағытталған таза инвестиция;
- iстен шыққанның орнын толтыруға бағытталған инвестиция.
Экономикалық әдебиеттерде инвестициялардьң қалыптасуына әсер ететiн факторларға сәйкес оларды туынды және индукциялы, автономды деп бөледi.
1 - кесте – Инвестициялау процесiнiң сызбасы
Инвестиция |
Материалды активтерге жұмсалған |
Қаржылық активтерге жұмсалған инвестиция |
Материалды емес активтерге | ||||
Инвестициялау |
Негiзгi өндiрiстiк және өндiрiстiк емес қорлар |
Акциялар, мемлекеттiк және корпоративтiк
облигациялар, |
Патенттер, |
Бiлiм беру, | |||
Инвестицияны қолдану аясы |
Экономиканың нақты секторы |
Қаржылық- |
Инновациялық орта |
Әлеумттiк | |||
Инвестицияны қолданудағы |
Жаңа материалдық активтерді ұлғайту |
Іске аспай қалған материалдық активтердің орнын толтыру |
Материалдық
активтердің тиімділігін |
Бос ақша қаражат тарын инвести- цияға айналдыру |
Материалдық |
Бiлiм беру | |
Инвестиция- |
Материалдық байлық пен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтардың көлемiн ұлғайту | ||||||
Туынды инвестициялардың динамикасы, әдетте, экономикалық жүйенiң iшкi (эндогендi) факторларына, яғни, ұлттық табыс пен тұтынушылық сұраныстағы өзгерiстерге байланысты болады. Автономды инвестициялардың өсуiне экзогендi факторлар, ғылыми-техникалық прогресс, халықтар санының өсуi, мемлекеттің саясаты және тағы басқалары себепкер болады. Халықаралық және отандық тәжiрибеде инвестицияларды мақсатты бағытталуына байланысты келесi түрлерге бөлiп қарайды:

- «ШиКо» ЖШС-де өнімдердің сапасын стандарт талаптарына сәйкестігін талдау
- Шиномонтажное отделение
- Шифратор голосовых телефонных сообщений
- Школа бельканто Умберто Мазетти в русской вокальной културе
- Школьная газета как первый шаг в профессиональную журналистику
- Шляхи вдосконалення системи мотивації науково-педагогічного персоналу (на прикладі ПВНЗ ТСОУ “Коростенський технічний коледж”)
- Шляхи і резерви підвищення доходності підприємства
- Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау механизмі
- Шампанське
- Шанхай ынтымақтастық ұйымы
- Шанхай Ынтымақтастық Ұйымын құру осы
- Шаруашылық серіктестіктердің қызметін құқықтық реттеу
- Шахталық қысқартып балқытудың аралық өнімдеріндегі металдың жүруін зерттеу
- Шетел инвестиция