Шығыс Қазақстан

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Шығыс Қазақстан облысы  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2011 жыл 

Мазмұны

1. Жалпы мәліметтер................................................................................4

    1.1. Облыс тарихы.................................................................................4

    1.2. Географиялық орналасуы..............................................................4

    1.3. Табиғи-климаттық жағдайы..........................................................4

    1.4. Пайдалы қазбалар..........................................................................4

    1.5. Су қорлары......................................................................................5

    1.6. Инфрақұрылым..............................................................................6

    1.7. Өңір экономикасының мамандануы............................................6

    1.8. Өңірдің соңғы он жылда даму қорытындылары (2001-2010 жж.)………………………………................................................................7 

2. 2010 жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары.....................8

    2.1. Қалалар мен аудандардың даму деңгейі және даму  қарқыны рейтингісі...............................................................................................8

    2.2. Өнеркәсіп........................................................................................8

    2.3. Ауыл шаруашылығы......................................................................8

    2.4. Шағын және орта бизнес...............................................................8

    2.5. Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту.................................8

    2.6. Негізгі капиталға инвестициялар.................................................8

    2.7. Сауда...............................................................................................9

    2.8. Инфрақұрылым..............................................................................9

    2.9. Білім және жастар саясаты..........................................................10

    2.10. Денсаулық сақтау және спорт...................................................11

    2.11. Бюджет........................................................................................12 

3. Өңір дамуының 2011 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған негізгі нысаналы индикаторлары......................................12  

4. Өңірдегі инвестиция үшін тартымды бағыттар............................17 

5. Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының іске асырылуы.......................................................19  

6. Қосымша...............................................................................................21 
 
 

  1. Жалпы мәліметтер
 

      1.1. Облыс тарихы. Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылды, 1997 жылы өңір аумағына Семей облысы қосылды. 1720 жылы негізі қаланған және Ертіс пен Үлбі өзендерінің қиылысында орналасқан Өскемен қаласы Әкімшілік орталық болып табылады.

     Облыста 15 селолық аудан , 10 қала, 872 кент және ауыл , 254 селолық және ауылдық округ бар. Облыс халқы 2011 жылғы 1 қаңтарға 1396,7 мың адамды құрады. Халықтың тығыздығы орта есеппен облыс бойынша 1 шаршы км-ге 4,9 адамды құрайды. Облыс халқының этникалық құрамы 2011 жылғы 1 қаңтарға мынадай ара салмақта ұсынылған: қазақтар -54,5 %, орыстар- 40,5 %, басқа ұлттар – 5,0 %.

     1.2. Географиялық орналасуы. Облыс аумағы бүгінгі таңда 283,3 мың шаршы километрді ( Қазақстан аумағының 10,2 %) құрайды. Өскемен қаласы Астана қаласынан 1038 км және Алматы қаласынан 1068 км қашықтықта жатыр. Шығыс Қазақстан облысы республиканың солтүстік-шығысында орналасқан. Облыс Қазақстан Республикасының Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарымен, Ресей Федерациясының Алтай өлкесі және Алтай Республикасымен, Қытай Халық Республикасымен шектеседі.

     1.3. Табиғи-климаттық жағдайы. Табиғи-климаттық жағынан Шығыс Қазақстан бірегей аймақ болып табылады. Мұнда дала, шөл және таулы тайга ландшафтары ұштасады. Облыс аумағының солтүстік және шығыс бөліктерін жер қойнауында түсті, қымбат және сирек металдардың бай қорлары бар Батыс, Орталық  және Оңтүстік Алтайдың  тау бөктерлері  мен жоталары  алып жатыр. Алтай тауларының оңтүстігінде Сауыр-Тарбағатай жоталарымен шектелген құрғақ Зайсан қазаншұңқыры көсілуде. Облыстың  барлық оңтүстік –батыс және батыс бөлігін Қазақтың ұсақ шоқылары алып жатыр. Облыстың орталық бөлігінде Қалба тауларының белестенген жазықтықтары басым. Орман облыс аумағының 11,9 % алып жатыр. Орман алқаптары негізінен Алтай таулары жоталарының салаларында орналасқан. Мұнда жасыл қылқанды орман таралған. Орман аумағының төменгі белдеуінде жапырақты және аралас орман өседі. Облыстың көзтартарлық жері облыстың солтүстік – батысындағы белдеулі қарағайлы ормандар босып саналады. Жалпы алғанда Кенді Алтайда өсімдік әлемінің 1000- нан астам түрлері бар, әртүрлі құстардың 300- ден астам, сүт қоректілердің 100- ге жуық түрлері мекендейді.Ормандар мен далалы белдеуде бұлан, тау ешкісі, арқар, құдыр, елік, қасқыр, аю, сілеусін, аққіс, аққұлақ, бұлғын, сасық күзен, сары күзен, түлкі, қоян өседі. Бұқтырма өзенінің жоғарғы жағында марал сақталған. Тау бөктерлерінде, өзендер мен көлдердің жағалауларында доңыз мекендейді.

     1.4. Пайдалы қазбалар. Шығыс Қазақстан облысының аумағында өңірдің минерал-шикізат ресурстарына қажеттілігін қамтамасыз ететін қорлы пайдалы қазбалардың: түсті металдардың (Риддер-Сокольный, Тишин, Малеев, Николаев, Артемьев, Орлов және басқа да), алтынның (Бақыршық, Суздаль, Мизек, Күршім өзенінің шашыранды және басқа да), сирек металдардың (Бакен, Ақтау, Юбилейный, Ахмет), көмірдің және тақта тастың (Қаражыра, Кендірлік, Бобровка, Белокаменка), кенді емес шикізаттың (отқа төзімді шикізат, карамзит және бетонит батпағы, әк, кірпіштік және цементтік саз-құмды тау жынысы, шыны шикізаты және құрылыс материалдары) барланған көптеген кен орындары, және сондай-ақ жерасты минералды су және ауыз су (Өскемен, Лениногор, Богатырев, Құлынды) орындары белгілі.

     Республикадағы  жалпы қорғасын қорының 27%, мырыштың 47,7%, мыстың 47,9% баланс қорлары облыс  аумағында шоғырланған. Республиканың  жалпы ресурсында облыстағы қорғасының болжамдалған ресурстарының үлесі 24,8%, мырыштікі 56,7 %, мыстікі 29,3 % құрайды.

     Облыс аумағында қорлары мемлекеттік  баланста ескеріліген 50, соның ішінде 27 негізгі және 23 шашыранқы кен орындары орналасқан.

     Қазір пайдалы қазбалар кенорындарының көпшілік бөлігіне отандық және шетелдік инвесторларға геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге және өндіруге лицензиялар берілген және келісім-шарттар жасалынған. Риддер-Сокольный, Тишин, Малеев және Грехов кен орындарын «Қазмырыш» ААҚ-ның тау-кен өндіру кәсіпорындары пайдалануда. Орлов, Николаев, Шемонаиха, Артемьев, Юбилейный- Снегириха, Ақтоғай кен орындарын «Қазақмыс» корпорациясының кәсіпорындары пайдалануда.

     Лениногор кен ауданында Жаңа Лениногор, Чекмарь, Долинное, Стрежан, Обручев және басқалары резервтік кен орындары болып табылады. Ертіс жағалауындағы Артемьев қор кен орындары болып саналады. Геологиялық барлау жұмыстары Ертіс жағалауы, Риддер және Зырян аудандарында қазіргі уақытта іс жүзінде жүргізілмеуде және бұрын жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жасалынған минерал-шикізат қорлары азаюда. Алтын кен орындарынан қазіргі таңда Суздаль, Орталық Мүкір, Миялы және басқалары әзірленуде. Геологиялық барлау жұмыстарына және өнеркәсіптік игеру үшін инвестиция жұмсау мәселесінде, полиметалдар бойынша- Орлов (Шығыс, Оңтүстік, Солтүстік-шығыс учаскелері), Николаев (Солтүстік- Николаев, Батыс, Шығыс, Жаңа Николаев учаскелері) және Шемонаиха кенорындарының маңдары, Ертіс жағалауы кен ауданындағы Пригон, Сугатов учаскелері, Солонов-Выдриха және Жоғары Уба кен алқаптары, Ревнюшин антиклинал құрылымының оңтүстігіндегі Соловьев учаскесі, никель бойынша –Мақсұт кенорны, алтын бойынша – Кішіресей учаскесі, Ләйлі, Жұмба, Баладжал кен орындары, көмір бойынша- Кендірлік, Маңырақ кенорындары, минералды су бойынша: Жеменей, Арасан - Талды, Шәкелмес, Қара Бөрік  кен орындары және тағы басқалары, ауызсу бойынша -  Қарабұлақ, Шілікті, Қазақстан кенорындары айтарлықтай қызығушылық туғызады.

     1.5. Су қорлары. Облыс аумағы су қорларына бай, мұнда жалпы ұзындығы 10 мың км-ден асатын 800-ден астам өзен ағып өтеді. Басты су арнасы таулы Үлбі, Уба, Қарақаба, Қалжыр, Күршім, Нарын, Бұқтырма және басқа да өзендер құйылатын Ертіс өзені болып саналады (ұзындығы 4248 км, облыстан тыс – 1311 км). Облыста ірі Зайсан, Марқакөл, Алакөл, Сасықкөл көлдері бар. Бұған қоса ұсақ өзендер, су қоймалары көп, олардың ішінде ең үлкені Бұқтырма саналады. Өзендерде табан, сазан, шортан, аққайран, тау көлдері мен өзендерінде – таймень, хариус, бахтах, пайда, Марқакөл өзенінде майқан (үскіш) балықтары мекендейді.

     Шығыс Қазақстан жерасты суларының  мол қорларымен де белгілі. Таулардағы жерасты сулары табиғи қорларының жалпы  қөлемі 10 млрд. текше метрді құрайды.

     Облыстың  ауа райы ауа температурасының тәуліктік , маусымдық және орташа жылдық ауытқу  үлкен амплидудасымен шұғыл континенталды. Мейлінше суық айлар-солтүстікте Кенді Алтай тауларында және биік таулы қазаншұңқырларда орта айлық температурасы – 17 С- ден 23,8 С-ге дейінге және оңтүстік бөлігінің тауларында – 14,1 С-ден +16,6 С-ге дейінгі қаңтар, ақпан айлары. Мейлінше жылы ай-шілде, оның орта айлық температурасы +14 С-ден +16,6 С-ге дейін, теңіз деңгейінен 1000-1500 м биіктікте -0 С, тау бөктерлері мен жазық бөлікте температура бірқыдыру  жоғары. Облыстың бірегей және саналауан табиғи жағдайы тиісінше инвестиция салған жағдайда туризмді жедел дамытуға мүмкіндік береді.

     1.6. Инфрақұрылым. Шығыс Қазақстан облысы дамыған өндірістік инфрақұрылымымен ерекшеленеді, ол көліктің барлық негізгі түрлері: теміржол, әуе, су және автомобиль көлігімен ұсынылған. Темір жол облыс орталығын Зырян, Риддер, Семей, Аягөз, Шемонаиха қалаларымен  байланыстырады.  Облыстан тысқары жерлерге алып баратын теміржол желілері-«Защита-Локоть» (Ресей), «Семей-Локоть», «Семей-Алматы», «Ақтоғай-Достық» жолы (Қытай).

     Облыста Өскемен және Семей қалаларында орналасқан екі әуежай жұмыс істейді. Кеме жүретін жолдармен жолаушыларды және жүктерді тасымалдауды екі параход шаруашылығы жүзеге асырады, екі жүк кемежайы жұмыс істейді.

     Жүк және жолаушы тасымалдаудың айтарлықтай үлкен көлемі автомобиль және теміржол көліктеріне тиесілі. Автомобиль көлігімінен жүктердің 89,9%, теміржол көлігімінен 10% тасымалданды. Автомобиль көлігімен жолаушылар тасымалдау көлемі 97,2%, теміржол көлігімен 2,5%- ды құрады.

     Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдары  ішкі тасымалдауды жүзеге асыруда өте маңызды орын алады, олардың жағдайы және даму деңгейі өңірдің экономикалық көрсеткіштеріне әсер етеді. Жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығы 11734 км, осының ішінде республикалық маңызы бар жолдар- 3420 км, жергілікті -  8416,5 км-ді құрайды.  Республикалық жолдардың жалпы ұзындығының қатты жамылғылысы 3351 км, қара жолы 69 км құрайды. Қатты жамылғылы жергілікті жолдардың ұзыңдығы 7565,3 км, қара жолы 851,2 км-ді құрайды.

     1.7. Өңір экономикасының мамандануы. Бүгінгі таңда өнеркәсіп өндірісіндегі жетекші сала бұрынғыдағыдай түсті металлургия  болып  табылады, оның  өнірдің  жалпы әлеуетіндегі  үлес  салмағы 55%-ға жуық және ол іс жүзінде толығымен экспортқа жіберіледі. Сондай-ақ машина жасау және металл өңдеу, орман және ағаш өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсібі салалары, электроэнергетика, агроөнеркәсіп кешені де жеткілікті түрде дамыған. 

      1.8. Өңірдің соңғы 10 жылда даму қорытындылары (2001-2010жж.) 

р/с№ Негізгі көрсеткіштер атауы өлш. бірл. Жылдар   Республика  аумағында үл.салм, %н/се ауытқу,+,-
2001 2002 2003 2004 2005 2006 2007 2008 2009 2010
1 Жалпы өңірлік  өнім млрд.теңге 280,6 293,3 334,3 392 467,5 615,1 800,5 890 983,7 1070* 5,9
2 Өнеркәсіп өндірісі көлемі млрд.тенге 171,1 175 182 222,8 260,2 410,1 481,1 469,5 492,1 624,2 5,3
3 Ауыл шаруашылғы жалпы өнімі млрд.теңге 47,9 55,1 58,2 70 75,1 80,3 98,5 110,2 165 151,2 10,5
4 Сыртқы сауда  айналымы млн. АҚШдолл. 863,5 807,6 872,9 1292 1609,1 2535,9 3385 3140 2700 2988,1 3,9
5 Негізгі капиталға  инвестиция млрд.теңге 38,7 36,9 44,8 50,7 82,2 116,1 126,5 161,4 133,4 150,9 3,3
6 Тіркелген шағын  бизнес кәсіпорындар саны бірл. 7469 8328 8905 9569 10199 10668 11232 11786 12006 12096 5,9
7 Жұмыс іст.  шағын  бизнес кәсіпорындар саны бірл. 5463 6369 6308 6838 7429 7662 7891 6998 7482 7308 5,8
8 Меншікті кірістер түсімінің көлемі млрд.теңге 26,8 21,8 23,6 25,1 27 34,2 43,4 42,5 42,2 45,4 1,5
9 Орташа айлық  жалақы теңге 16832 18816 20099 23846 27688 33101 42138 48293 53496 61433** 79
10 Жалпы жұмыссыздық  деңгейі % 7,3 7,3 7,3 7,2 7,1 6,9 6,6 6,4 6,4 5,4*** -0,1
11 Тұтыну бағаларының  индексі % 108 106,5 106,2 107,3 107,8 107,5 116,1 110,5 105,7 108,1 0,3

 

*- 2010 жыл бағалауы

**-2010 ж. қаңтар-желтоқсандағы шұғыл мәліметтер.

***- 2010 жылдың 4 тоқсаны 
 
 
 
 

2. 2010 жылдың қорытындысы бойынша облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқаша қорытындылары

      2.1. Қалалар мен аудандардың даму деңгейі және даму қарқыны рейтингісі.  (Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 01-39.126 бұйрығына сәйкес 2010 жылдың рейтинг қорытындылары 2011 жылдың мамыр айында шығарылатын болады).

      2.2. Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімінің өндірілетін көлемі өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 28,9% өсіммен 624,2 млрд. теңгені құрады, өнеркәсіп өнімінің табиғи көлем индексі – 108,6%, соның ішінде тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді өндеуде – 80,5%, өңдеу өнеркәсібінде – 136,5%, электр энергиясымен қамту, газ беру, бу және ауа кондиционерлеу – 103,4%, сумен қамтамасыз ету, канализациялық жүйе, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда – 77,0 % құрады.

     2.3. Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 151,2 млрд. теңгені құрады, табиғи көлем индексі 96,1% құрады.

      Тірідей салмақта 208,5 мың тонна мал еті (өсім – 5,7%), 711,0 мың тонна сүт (өсім – 1,9%) өндірілді.

      Жылқы саны – 3,3%, шошқа 9,5%  қой мен ешкі басы 0,4%  көбейді. 267,0 млн. дана жұмыртқа  (төмендеу – 12,6%) өндірілді.

      Құс саны  5,7%, ірі қара мал басы 3,3% төмендеді.

     2.4. Шағын және орта бизнес. 2010 жылғы 1 желтоқсанға шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері (жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарын қоса есептегенде) 69119 бірлікті құрады, бұл 2009 жылдың тиісті кезеңінен 0,1%-ға көп. Бұл салада жұмыспен қамтылғандар саны 0,2% ұлғайды, 240,1 мың адамды құрады. Шығарылған өнім (жұмыс және қызмет) көлемі 307,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жылдың тиісті кезеңінен 2,1%-ға жоғары

      2.5. Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту. 2010 жылы әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмыстар жалғастырылды. Рұқсат беру үрдістерінің 229 түрі қарастырылды, оның 69 бойынша рұқсат беру құжаттарының берілу мерзімдерін төмендету жөнінде шешім қабылданды, 56 бойынша мемлекеттік органдардың оларды алып тастау жөніндегі ұсыныстары қолданды. Рұқсат беру үрдістерінің 138 түрін оңтайландыру бойынша ұсыныстар қалыптастырылып, қарастыру мерзімі 30%-ға қысқартылды.

     2.6. Негізгі капиталға инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі қосымша бағалау есебімен 150,9 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда бағалар индексі есебімен 2,5% ұлғайды.

     Қаржыландыру  көздері бойынша кәсіпорындардың  меншікті қаражаты үлкен үлесті құрады – 68,4% (103204,5 млн. теңге), республикалық бюджет қаражаты – 20,1%-ы (30327,6 млн.теңге), жергілікті бюджет қаражаты – 3,6%-ы (5431,8 млн.теңге), шетел капиталы және – 1,4%-ы (2112,4 млн.теңге), қарыз қаражаты – 6,5% (9807,5 млн.теңге)  құрады.

     Айтарлықтай қаражаттар өңдеу өнеркәсібіне жалпы көлемнен 31,3% (47233,3 млн. теңге), тау кен өнеркәсібі мен карьерлерді өндеуге – 16,0% (24148,3 млн. теңге), көлік және қойма – 8,8% (13291,8 млн. теңге), жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 8,4% (12654,8 млн.тенге), электрмен қамту, газ, бу және әуе кондиционерлеуге 6,4% (9694,2 млн.теңге), құрылыс – 2,1% (3222,9 млн. теңге), білім – 5,0% (7550,0 млн.теңге), денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерге – 3,5% (5318,0 млн. теңге), ауыл, орман және балық шаруашылығына – 3,1% (4656,9 млн. тенге) инвестицияланды.

     Есепті  кезеңде өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға енгізу 6,6% ұлғайып, жалпы ауданы 222,4 шаршы метрді құрады.

     2.7. Сауда. 2010 жылғы қаңтар-желтоқсандағы бөлшек тауар айналымының көлемі 281,8 млрд. теңгені құрады, бұл салыстырмалы бағалармен 2009 жыл деңгейінен 15,4%-ға артық. Көптеп сату сауда айналымының көлемі 407,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2009 жыл деңгейінен салыстырмалы бағада 1,3%-ға артық.

     Сыртқы  сауда айналымы облыс бойынша жыл соңында 2988,1 млн. АҚШ долларын құрайды, бұл 2009 жылға қарағанда 10,7% жоғары, соның ішінде экспорт көлемі 38,8% өсіммен 2112,2 млн. АҚШ долларын, импорт көлемі 25,7% төмендеумен 875,96 млн. АҚШ долларын құрады. Оңды сальдо – 1236,2 млн. теңге.

     2.8. Инфрақұрылым. Барлық көлік түрлерімен 2009 жыл деңгейіне қарағанда 11,6% өсіммен 1272,7 млн. адам тасымалданды, жолаушы айналымының көлемі 16,7% өсіммен 11500,7 млн. жшм. құрады. Жүк тасымалдау көлемі  327,3 млн. тоннаны құрады, бұл 2009 жыл деңгейінен 17,1%-ға артық.

     Облыста әлеуметтік маңызы бар қала маңындағы «Защита - Лениногорск» қатынасы және біріктірілген «Защита – Серебрянск - Зырян» бағдары бойынша пойыздар жүрісі жалғастырылды. 2010 жылы аталған бағдар бойынша 17% өсіммен 157,4 мың жолаушы тасымалданып, 176 млн. теңге көлемінде субсидия бөлінді.

     «Өскемен - Зайсан», «Өскемен – Семей - Үржар», «Өскемен – Күршім», «Өскемен –  Катонқарағай» тұрақты ішкі әуе қатынастары бойынша жолаушылар тасымалы жалғасты.  Аталған қатынастар бойынша 16,4 мың адам тасымалданды, бұл 2009 жыл деңгейінен 3 есе артық.

     7 024,7 млн.кВт*сағ. электр энергиясы өндірілді, желіге 6 559,1 млн.кВт*сағ жіберілді, тұтыну 7 799,1 млн.кВт*сағатты құрады.

      Энергетикалық кешенінде Семей қаласының орталықтан жылумен қамту сұлбасында сақталған ЖЭО мен қазандықтардың қолданыстағы қуаттарын жаңарту жөніндегі жобаны іске асыру, жылу желілерін қайта жаңарту жалғастырылды, Семей қаласындағы ЖЭО-1-дің су жылыту қазандығының құрылысы жалғастырылды.

     Глубокое  және Катонқарағай аудандарында коммуналдық меншікке өткізілген «иесіз» электр желілерінің жөндеуі жүргізілді, 40,6 км желі жөнделді.

     Ауылды  сумен қамту жүйесінде тұрғындардың 54,3 %-ы орталықтандырылған сумен қамтылған, тұрғындардың 45,5 %-ы жер асты және жер бетіндегі су көздерінің суын қолданады, 0,2 %-ы тасып жеткізілетін суды пайдаланады.

     «Ауыз су» бағдарламасы аясында 1,3 млрд. теңге  бөлінді. Сумен жабдықтаудың 9 нысаны аяқталып, қолданысқа берілді, 104 км желі жөнделді. Нәтижесінде 14 мыңнан астам  адамның сумен қамсыздандыру  жағдайы жақсартылды.

     Жол картасы шеңберінде сумен қамту және су бөлу желілері бойынша 1231,0 млн.теңгеге 23 инвестициялық жоба іске асырылды. Нәтижесінде 82,7 км су құбыры-кәріз желілері  жөнделді.

     Тұрғындарды орталықтандырылған сумен камтумен қамту деңгейі 1,6 пайыздық тармаққа артты және 79,5%-ды құрады.

     Жол картасы шеңберінде жылумен қамту бойынша 8 инвестициялық жоба іске асырылды. Нәтижесінде 8,6 км жылу желілері жөндеуден өткізілді, бұл инженерлік желілердің тозуын және жылу энергиясын тасымалдау кезіндегі шығынды төмендетуге ықпал етті. Осылайша, Семей қаласында қазандық және технологиялық жабдықтардың, РК-3, «103-А», «35 квартал» аудандық  жылу желiлерi мен 1-ТЭЦ-тің №4 қазандығының жөндеуi жасалған.

     Жылыту маусымын үзіліссіз өткізу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қорынан Семей, Курчатов, Зырян қалаларының және Глубокое кентінің 4 жылумен қамтамасыз ететiн кәсiпорындары үшін көмір сатып алуға 480,6 млн. теңге бөлінген.

     Жалпы сомасы 714 млн. теңгеге барлық елді мекендерде абаттандыру жұмыстары жүргізілді. 102,9 мың ағаш отырғызылды, 19 мың шаршы гектар гүлзарлар жасалды, 411 гектар саябақтар мен гүлбақтары абаттандырылды, 119,5 мың тонна қоқыс жиналып, полигондарға шығарылды. 

     Өскемен қаласының сол жақ аумағындағы «Көгілдір көлдер» ауданында этноауыл салынып, онда түрлі дәуірлер мен өңірде тұратын әр түрлы этностардың 16 үйі орналастырылып, электрмен жарықтандыру жүргізілді, этноауылдың орталық алаңында жалпы ауданы 300 шаршы метрді құрайтын киіз үй орнатылды. Қала тұрғындары мен қонақтарының мәдени орнының аумағы абаттандырылып, ашық аспан астында мұражай жасалды.

     2.9 Білім беру және жастар саясаты. Облыста 133 мектепке дейінгі ұйым және 936 шағын-орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі оқумен және тәрбиелеумен қамту 12,1% өсіммен 71,9% құрады.

     Мемлекеттік тілді мектепке дейінгі мекемелерде 10564 бала қазақ тілінде тәрбиеленеді және оқиды, бұл 2009 жылмен салыстырғанда 25,9% көп. Бүгінде облыста мемлекеттік тілді 46 балабақша жұмыс істейді, ол жерде 5764 бала тәрбиеленуде, аралас балабақшалардың 183 тобында 4800 бала үшін қазақ тілінде тәрбиелеу үрдісі ұйымдастырылған.

     «Балапан» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2550 орындық балабақшаның 6 ғимараты қайтарылып, 920 балаға 7 балабақшада мемлекеттік тапсырыс орналастырылды, 640 орындық 6 жеке балабақша ашылды, 3 мектеп кешен-балабақша  балабақша етіп қайта құрылды.  Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша «Қазмырыш» АҚ 280 орындық «Балапан» балабақшасын салды және пайдалануға берді, «Қазатомпром» АҚ 2011 жылдың аяғына дейін 280 орындық балабақша беретін болады.

       Контингенттің азаюына байланысты 19 мектеп жабылды, облыс мектептерінің саны 731 бірлікті құрайды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы облыс орталығында Тұңғыш Президенттің 20 зияткерлік мектептерінің қатарына енген 1000 орындық мемлекеттік тілде оқытатын инновациялық мектеп және Халықаралық Нұр Орда мектебі ашылды.

     Жалпы облыс бойынша пайдалануға 10 мектеп, соның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 8 мектеп пайдалануға берілді.

     Облыстың 10499 мектеп бітірушісі Ұлттық бірыңғай тестілеу түрінде аттестациядан өтті, бұл 86,8% құрайды. Облыс бойынша ҰБТ орташа балы 93,3% болды, бұл 2009 жылғы деңгейінен 18,7 баллға жоғары.

     Ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар саны 8,3% артып, 77,2% болды.

     Жазғы демалыстың барлық түрлерімен 161 мың мектеп жасындағы бала қамтылды (94%). Балалар үйі мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп-интернаттары тәрбиеленушілері жазғы демалыспен толық қамтылды.

     Жастар  саясаты және үкіметтік емес ұйымдарымен  өзара іс-қимыл бағдарламаларын  іске асыру аясында бірқатар іс-шаралар  ұйымдастырылып өткізілді. Олардың ішінде: «Өткенді болашақ үшін сақтаймыз» патриоттық акциясы, облыс әкімінің қатысуымен студенттік құрылыс отрядтарының маусымдарының салтанатты ашылуы және жабылуы, Жастар күнін және Халықаралық нашақорлықпен күрес күнін мерекелеу; «Жастар-ауылға!» ауыл жастарының слеты, жастар мен жастар ұйымдарының облыстық форумы.

     2.10. Денсаулық сақтау және спорт. Денсаулық сақтау бюджеті 10% өсті және 25,2 млрд. теңгені құрады, 25,1 млрд. теңге игерілді немесе жоспарға  
99,7 %.

     Тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ету шығындары 12% өсті және 17,6 млрд. теңгені құрады.

     2010 жылы денсаулық сақтау объектілері құрылысына республикалық және жергілікті бюджеттен 4262,3 млрд. теңге бөлініп, 4243,8 млн. теңге немесе жоспарға 99,6% игерілді, соның ішінде республикалық бюджеттен – 4117,9 млн. теңге, 4099,4 млн. теңге игерілді немесе 99,6%.

       «Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік негізінде 100 мектеп және 100 аурухана салу» бағдарламасы аясында Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында 100 төсектік және 150 қабылдауға арналған аудандық аурухана, Катонқарағай ауданы Катонқарағай ауылында 75 төсектік аудандық аурухана құрылысы аяқталды.

     Республикалық бюджет қаражаты есебінен Өскемен қаласында  онкологиялық диспансер жанында сәулелі терапия орталығы (Радиологиялық корпус) құрылысы аяқталды. 4 дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді: Тарбағатай ауданы Көкжыра және Жантікей ауылдарында, Күршім ауданы Қаратоғай ауылында , Абай ауданы Архат ауылында.

     Жергілікті  бюджет қаражатынан Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында 50 төсектік туберкулез аурухана, Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында 100 қабылдауға арналған емханасы бар 75 төсектік аудандық аурухана құрылысы аяқталды.

     2010 жылы денсаулық сақтау объектілерін  материалдық-техникалық жарақтандыруға 1,1 млрд. теңге, соның ішінде, жергілікті бюджеттен – 0,5 млрд. теңге, республикалық бюджеттен – 0,6 млрд. теңге бөлінді.

     Ана өлімінің көрсеткіші санының азаюы есебінен  22% азайды және  100 мың тірі туғанға шаққанда 23,1 құрады.

     Нәресте өлімінің көрсеткіші 12,7% азайды және 1000 тірі туғанға  20,1 құрады. Туберкулезбен ауру көрсеткіші  0,7% өсті және 100 мың тұрғынға  122,2 құрады.

      Дене  шынықтыру және спортпен жүйелі түрде  айналысушыларды қамту 5,2% өсіп, 15,1% құрады және 214,3 мың адамды құрайды.

      Облыста 2804 бірлік спорт құрылғысы  бар.

      Өскемен қаласында теннис орталығы, Тарбағатай ауданының Ақжар ауылында дене шынықтыру-сауықтыру  кешені, Аягөз ауданында жасанды  жабынды шағын-футбол алаңшасы пайдалануға берілді.

      Облыста спорттың 59 түрі дамыған. Дене шынықтыру  және спорт ұжымдарының саны 1649 бірлік, соның ішінде ауылда – 720 бірлік.

      1615 спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шара өткізілді, оларға 349,6 мың адам қатысты.