Жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының ұлттық ойындар арқылы қимыл қозғалыс қарқындылығын арттыру



АҚТӨБЕ МЕМЛЕКЕТТІК  ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

Қорғауға жіберілді

Дене тәрбиесінің теориялық негіздері кафедрасының меңгерушісі, доцент 

-------------------------- Просянкин В.В.

 

ДИПЛОМДЫҚ   ЖҰМЫС

 

Жалпы білім беретін  мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының ұлттық ойындар арқылы қимыл қозғалыс қарқындылығын арттыру

 

 

Кәсіби шығармашылық факультетінің  «ДШ ж/е Спорт»

мамандығының 4 курс 401 тобының

дипломшы-студенті                                                        Тулеуов Б.    .      

 

Ғылыми жетекші

ДТТН кафедрасының оқытушысы     Мамытов Б.Қ.

 

 

 

Ақтөбе

2005

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

3

1.    Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды дене тәрбиесіне баулу

4

1.1. Бастауыш мектеп жасындағы жас балаларға дене тәрбиесінен берілетін    тапсырмалар

 

8

2.    Қозғалыс белсенділігінің бала ағзасымен байланысы

17

2.1. Балалардың дене бітімінің  ерекшеліктері

22

3. Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың морфофункционалды    дамуының ерекшеліктері

 

25

3.1. Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қозғалыс функцияларының ерекшеліктері

 

28

4.    Дене тәрбиесі сабағындағы  қозғалыс қасиеттерінің дамуы

31

  1. Дене тәрбиесіндегі ұлттық ойындардың маңызы

6.   Сабақта оқушыларды ұйымдастыру  және өткізу әдістемелері

36

42

  1.  Зерттеудің мақсаты, тапсырмалары, әдістемелері және оларды

Ұйымдастыру

 

46

8.   Эксперимент нәтижелері

49

ҚОРЫТЫНДЫ

52

АҚЫЛ-КЕҢЕСТЕР

54

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕРДІҢ ТІЗІМІ

58

ҚОСЫМША

59-61


 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Өзектілігі. Жасөспірімдерді дене тәрбиесіне баулу соңғы кездері ерекше толғандырып отыр. Соңғы нәтижелер бойынша санитарлық-гигиеналық жағдайлардың төмендеуінен, оқушыларда дене қозғалысының белсенділігінің төмендеуі әсерінен мектеп оқушыларының денсаулығында бойының өспеуі, семіздік, көзінің нашарлығы, жүйке аурулары және аллергиялық қозу сияқты аурулар көбейіп кетті.

Ұлттық ойындар – баланың жан-жақты дене тәрбиесінің бірден-бір көзі ғана емес, сонымен қатар бақытты балалық шағының қолдаушысы.

Берілген дипломдық жұмыста  ұлттық ойындармен жалғасатын үш сағаттық дене тәрбиесі сабағын ұйымдастыру кішкентай оқушылардың қозғалу белсенділігін арттыратынын дәлелдейді.

Практикалық маңызы. Бастауыш мектептердегі сабақтарда ұлттық ойындар балалардың жылдамдықтарын, шыдамдылықтарын артуын қадағалайды. Ойын үстінде балалар өзінің қозғалыс талаптарын қанағаттандырады.

Берілген дипломдық жұмыс дене тәрбиесі мұғалімдеріне әдістемелік оқулық бола алады.

Мақсаты: 3 сағаттық дене тәрбиесі сабағындағы ұлттық ойындарды ұйымдастырғанда қозғалыс белсенділігінің артуы.

Міндеттері:

  1. Мектеп жасындағы жас балалардың дене тәрбиесіне баулудың ерекшеліктерің қадағалау.
  2. Қозғалыс белсенділігінің бала денсаулығына әсерін анықтау.
  3. Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындардың маңыздылығын жеткізу
  4. Эксперимент  нәтижелерінің салыстырмалы анализін орындау.

Ғылыми жаңалық: Дене шынықтыру сабағындағы 3-ші сағаттқа ұлттық ойындарды қосу.

 

 

  1. Бастауыш мектеп жасындағы оқушыларды дене тәрбиесіне баулу

 

Педагогика ғылымында  дене тәрбиесінің халықтық түрліше  құралда-рын қолдану проблемаларына арналған ғылыми-практикалық тұрғыдан негізделген ұлттық халықтық ойындарды пайдалану арқасында білім берудің қазіргі жүйесінде оқу-тәрбие процесінің тиімділігін арттыру мүмкін екендігін көрсетеді.

Халқымыз материалдық  мұраларға қоса мәдени қазыналарға  да бай. Солардың қай-қайсысы да адамға, соның игілігіне қызмет етуге бағытталған. Сондай қомақты дуниелер қатарына ұлт ойындары да жатады

Бала өзін қоршаған дуние  туралы алғашқы түсінікті ойын үстінде  алады, ол дүние сырларын түйсініп аңғарады, тәжірибе жинақтайды. Ұлт ойындары - ата-бабамыздан бізге жеткең өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан оны уйренудің, күнделікті тұрмысқа пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы мол. Ойын үстінде бала еш нәрсеге тәуелсіз өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Тәрбиенің баға жетпес құралы ретінде ойынның айтарлықтай ролі бар. Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтің ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. "Бала ойынмен өседі" деп халық бекер айтпаған.

Ұлттық ойындардың білімдік маңызы қозғалыс қасиеттерінің дамуымен бір мезгілде қозғалыс дағдыларының баянды етіліп, жетілідірілуінде жатыр. Ойындарды күнделікті іс жүзінде пайдалану ұлттық ойындарда түрліше қозғалыстар бар екендігін, өсіп келе жатқан ағзаға жағымды эсер ететін барлық ет топтарының жұмысқа қосылатындығын көрсетеді

Адамның өсіп жетілуі  үшін, тұрмыс-тіршілікте қажетті дағдыларды меңгеруде қимыл-қозғалыс ойындары үлкен маңызға ие. Сабақта және дербес жаттыққанда қозғалыс ойындарың оның ішінде ұлттық халықтық ойындары қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі.

Лагерлерде, саяхат кезінде, жорықтарда "Далалықта өткізілетін  ойындар" деп аталатын ойындардың маңызы өте зор. Бұл қозғалыс ойындары эр түрлі табиғи кедергілерден өту, күш сынасу әрекеттерімен қатар, байқау және бағдарлау жаттығуларымен ұштастырылады. Ойнаушылар қыста және жазда табиғатпен тікелей қауышу жағдайында көптеген қозғалыс дағдыларын мейлінше дұрыс және дәйекті түрде қолдануға, ше-берлікті, қабілеттілікті үйрене білуге дағдыланады

Баланы тәрбиелеудің түрлерінің бірі - дене тәрбиесі педагогикалық процестерімен сипатталатын оқу-тәрбие процесі болып табылады.

Дене тәрбиесінің нормасы баланың  туғаннан кейінгі жеке дамуымен бірге  жалғасатын көп жылдық процесс. Бұл процестің мазмұны мен формасы тәрбиеленушіге байланысты өзгеріп отырады.

Дене тәрбиесінің басқа да тәрбиелеу түрінен айырмашалығы, бұл – ұзақ уақыт бойы қалыптасатын адамдағы іс-қимылдың мүмкіншіліктерін арттыратын және дене қасиеттерін дамытатын күрделі процесс.

Дене тәрбиесі және адамның денесінің дамуы тығыз байланысқан процестер. Сонымен қатар табиғаты әртүрлі. Жалпы тәрбиелеу жүйесінде дене тәрбиесі адамның дене дамуына ерекше үлесін қосады және сонымен қатар жеке денесінің дамуына бағытталған процесс.

Дене тәрбиесі процесі кезінде  ағзаның функциональдық қасиетіне және сол арқылы дене бітімінің қасиетіне әсер ететін негізгі фактор дененің қозғалыс әрекетінің рационалдық мүмкіншіліктері және дененің физикалық даму белсенділігі мен сипатталатын тәрбиеленушінің белсенді қозғалыс әрекеті.

Дене тәрбиесіндегі  әртүрлі құралдарды дұрыс пайдалану, адам ағзасына терең де жан – жақты әсер етуі арқасында күшті денсаулық және қажетті  физикалық дайындықты  қамтамасыз  етеді.

Дене жаттығулар дене тәрбиесі үшін негізгі құрал  болып табылады. Дене жаттығуларды үнемі орындау адамның жұмыс икемділігін арттыруға, бұлшық ет жүйесінің нығаюына және дамуына, қан айналым мен тыныс алу жүйелерінің, орталық жүйке жүйелерінің қызметіне жақсы әсерін тигізеді, және  де бастағы  ми қабықшаларының шаршауын төмендетеді.

Тірек-қимыл жүйесінің дамуы және нығаюы үшін физикалық жаттығулардың маңызы өте зор: сүйектің төзімділігі, дененің иілгіштігі артады.

Дене жаттығулардың  арқасында бұлшықет  көлемі және күші өседі.

Дене жаттығулар адамның ішкі құрылысына да әсерін тигізеді. Соның ішінде жүрек пен өкпе үшін маңызы зор. Дене жаттығулар арқылы адамның денесіндегі бүкіл бұлшық еті, соның ішінде жүрек бұлшықеті дамиды және шынығады.

Шыныққан жүрек  шынықпаған жүрекке қарағанда әр қысылған сайын қолқаға көп көлемде  қанды айдайды. Шыныққан спортсменнің жүрек соғысы қалыпты жағдайда жәй, минутына 50-60 рет, ал қатты жұмыс атқарған кезде жүрек соғысы минутына 240-қа дейін жетеді.

Зерттеу көрсеткіштері  бойынша  спортсменнің жүрегі физикалық  жаттығулар арқасында әлсізденбейді, керісінше жұмысқа икемділігі жоғарылайды.

Дене жаттығулар тыныс алу жүйесін нығайтады. Және кеуде қуысының көлемін үлкейтеді.

Адамдар мен  күнделікті өмірде қажетті жалпы  физикалық дайындықтар: тез жүре білу және    жүгіру, жақсы жүзе білу, секіру, шаңғы тебе білу, алысқа және жақынға дәл гранатты лақтыра білу, қиындықтарды жеңе білу, т.с.с. Осы әдістер мен білімдерді кішкентай кезден қалыптастыру дене тәрбиесі үшін негізгі практикалық мақсат болып табылады.

Дұрыс ұйымдастырылған  дене жаттығулар үрдісі арқылы моральдық  және еріктілік, ұйымшылдық, тапқырлық, саналы тәртіптілік қасиеттері тәрбиеленеді. Ұйымдастырылған  топтық жаттығулардың, жарыстардың, саяхаттардың, достық, жолдастық, ұжымдық сезімін тәрбиелеуде маңызы зор.

Дене тәрбиесі процесінде басқа  да педагогикалық процестерді сияқты белгілі бір түрге арналған процестер ғана емес сонымен қатар жалпы қоғамдық тәрбиелеуге арналған тапсырмалар да орн алуы тиіс. Адамдағы дене және жан дамуының ұқсастығы, тұлғалық мүмкіндіктердің дамуы қозғалыс іс-әрекетінсіз іске аспайтыны белгісіз, сонымен қатар тәрбиенің кез-келген түрінде адам өзіне дене бітімінің дамуы, ой даму, әдіс дамуын ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Мектеп жасындағы жас балаларға дене тәрбиесінен берілетін тапсырмалар

Оқушылардың денсаулығын жақсарту және тұлғасын жақсарту үшін жасалатын іс-әрекеттермен гигиеналық шарттар

Бұл тапсырма мектептегі дене тәрбиесі мен спорттағы жұмыстардың ең маңыздысы, мұны кез-келген мұғалім, педагогикалық  ұжымның барлық ұжымы, мектеп дәрігері және ата-аналар қадағалауы керек. Бұл  барлық жаттығуларды сабақтағы жаттығуларда, дене тәрбиелік минуттарда, сонымен қатар сабақтан тыс жағдайларда орындалады. Денсаулықты жақсартуға арналған тапсырмалар барлық мектеп ғимаратын тазалықта ұстауды талап етеді және табиғи факторлардың кеңінен қолданылуын талап етеді.

Оқушылардың денсаулығын жақсартуға арналған тапсырмаларды орындау  кезінде мектеп оқушылардың дене тәрбиесі пәніне белсене араласуын  қадағалайды. Бұл жағдайда көп жаттығулар ашық өтеді, ал жабық ғимарат ішінде болса, арнайы гигиеналық жағдайлар  жасалады.

Қажетті гигиеналық шарттарды орындау дене тәрбиесінде  маңызды роль атқарады.

 Бұған кіретіндер  қатаң күн тәртібі, еңбек және  демалыс уақыттарын тиімді бөлу, тамақтану және ұйқы.  Белгілі  күн тәртібіне бағыну адамның  денсаулығына, жұмысқа қабілеттілігіне, көңіл күйіннің жақсаруына жақсы әсер етеді. Күн тәртібін дәл орындау  арқылы адам тәртіпке, тазалыққа, жинақылыққа, ұйымшылдыққа дағдыланады.

Дене тәрбиесінің  жаттығуларын орындау үшін басқа  да  гигиеналық жағдайлар жасалуы  қажет. Сабақ, секция, жарыс өтетін бөлмелер таза боуы тиіс және ол жердің ауасын желдетіп тазалап, температураны қалыпты ұстау керек.

Дене тәрбиесінде  қолданылатын заттар, құралдар әрбір  жынысына,  жасына сәйкес болуы керек.

Гигиена шарттарына сонымен бірге өз басы гигиенасы  кіреді.  Өз басы    гигиенасына қойылатын негізгі талаптар сыртқы және ішкі тазалығы, аяқ киім тұратын жер, жұмыс орны, күндеікті пайдаланатын тұрмыс заттарының тазалығы.

Оқушылардың өз басы гигиенасына қойылатын тағы бір талаптарының бірі кітапқа, дәптерге, мектеп мүлкіне, өзінің заттарына, ұқыптылықпен қарауы, мектепте, үйде, көшеде, қоғамдық жерлерде өзін дұрыс ұстауы.

 

Қозғалыс мұмкіндігін  қалыптастыру және жетілдіру.

Қозғалыс тәжірибесін  байыту

Мектептегі дене тәрбиесінің бағдарламасы оқушылардың дене тәрбиесімен сабақта, үйде, спорт секцияларында өмірге қажетті қозғалыс мүмкіндігіне үйреніп, оны өмірде қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар балаларды өмірде қолдана бермейтін, бірақ дене тәрбиесінде жан-жақты қолдануға қажетті жаттығуларды орындауға үйрету. Балалармен барынша көп ойнау керек, себебі ойын үстінде әртүрлі қимылдарды байытуға болады.

Мектептегі  дене тәрбиесінің бағдарламасын  шеше отырып әрбір бағытында білім  беру, сауықтыру және тәрбиелеу бағытын  есепке алып бағдарлануы тиіс.

     Айтылған  қажетті жағдайларын талдау мектептегі дене тәрбиесінің бағдарламасына жатады-нормативтік құжат, шешу мақсаты, дене тәрбиесін ұйымдастыру және шешілетін оқушыларды жалпы білім беретін мектепте тәрбиелеу, анықтау жүйесін талап ететін тәсілге және оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыру.

 

Қозғалыс қаситтерін арттыруға арналған іс-әрекеттер

 

Адамға шалттық, ептілік, күш, шыдамдылық, майысқақтық, төзімділік, икемділік  өте қажет.

Осы қаситеттердің дамуы балаларда  қозғалыс мүмкіндігін артады. Физикалық  жаттығуларды әртүрлі темпте, әртүрлі қиындықтар енгізіп, белгілі бір уақыт аралығында орындау жоғарыда көрсетілген қасиеттерінің дамуына көмектеседі.

Шапшандық – бұл адамның белгілі іс-әрекетін жоғары жылдамдықпен орындау мүмкіндігі. Шапшандылық қозғалыс шапшандылығы (мыс. жақын қашықтыққа жүгіруде) және реакция шалттығы (мыс. жүгірер алдындағы сөре белгісіне реакциясы) деп екіге бөлуге болады. Дене тәрбиесінде шапшандық қасиетін арттыру үшін: әртүрлі темпте әртүрлі жаттығулар жасау, старттар, жоғарғы жылдамдықта, жақын қашықтыққа жүгіру, жылдамдықты арттыра отырып жүгіріп келіп ұзындыққа секіру, ұзын және қысқа секіргішпен секіру, ойындар, жылдам реакцияны және қозғалысты талап ететін және т.б.

Күш деп сыртқы ортаның кедергісін бұлшықет қысымының әсерімен жеңуді айтады. Күш әрбір қозғалыста аз және көп мөлшерде жұмсалады. Дене тәрбиесінде күштілік қасиетін арттыру үшін:

  1. Салмағы әртүрлі заттармен жасалатын жаттығулар (құм толтырылған доптар).
  2. Доптарды итеру, лақтыру жаттығулары (сонымен қатар допты қашықтыққа лақтыру).
  3. Секіру, тартыс ойындары, арқанға тартылу және т.б.

Шыдамдылық – бұл ағзаның қандайда бір іс-әрекетте шаршауға деген қарсыласуы. Шыдамдылықты жалпы және арнайы деп екіге бөледі. Жалпы шыдамдылық – бұл ұзақ уақыт бойы жасалатын іс-қимылдарда білінеді (мысалы, ұзақ уақыт бойы жалғасатын жүгіру, шанғымен қозғалу, ойындар). Арнайы шыдамдылық – белгілі бір іс-әрекетке бағытталған шыдамдылық. Спортта мысалы, шалттық пен шыдамдылық бірге көрінетін жылдамдыққа деген шыдамдылығы көрінуі мұмкін (мыс. ұзақ уақыт бойы отырып-тұру, турникке тартылу).

Шыдамдылықты дамытуға ұзақ уақыт бойы көп кұшті талап ететін физикалық жаттығулар бастау болады (жүрумен алмасатын жүгіріс), шанғымен қозғалыс, секіргішпен секіру, көп қозғалысты талап ететін ойындар және т.б.).

Майысқыштық – бұл ағзаның қозғалысқа жауап беретін аппаратының қозғалғыштығы. Майысқыштықтың көрсеткіші шалттық, ептілік және басқа да физикалық қасиеттер көрінетін қозғалыс амплитудасы болуы мүмкін. Майысқыштық қасиетін дамыту ұшін амплитудасы жоғарыланған жаттығулар қолданылады. Бұл ең алдымен қолға, аяққа, басқа, денеге арналған жаттығулар және жүрудің көп түрлері: ұзын қадамды жүгірістер, жүгіріп келіп секіру, бір орында тұрып секіру, тізені кеудеге әкеліп өкшемізге отыру, гимнастикалық қабырғаға бетпен немесе артқа қарап жаттығулар жасау – алдыға, артқа және қапталға еңкею және т.б.

Төзімділік  дегеніміз - ағзаның қозғалыс кезеңінде шаршауға қарсы тұру қабілеті.

Төзімділік  жалпы және негізгі болып бөлінеді. Жалпы төзіміділік  дегеніміз  – ағзаның үзіліссіз, ұзақ уақыт  бойы қозғалыс кезіндегі қабілеті. Мыс: ұзақ жүріс, жүгіріс т.б.

Негізгі төзімділік – бұл белгілі бір қозғалыстағы қабілет. Мыс: жылдамдық, қажет төзімділік, қысқа арақашықтыққа жүгіру. Күш  қажет төзімділік. Мыс: көп отырып тұру, қолмен тартылу, штанга көтеру.

Дене жаттығулар бұл төзімділікті  дамытатын құрал болып табылады. Оларға жүріс, жүгіру, шаңғымен жүру, жіппен секіру, жүзу, қозғалмалы және спорттық ойындар.

Икемділік – бұл адам ағзасының тірек қиымл жүйесінің қозғалғыштығын сипаттайтын қасиеттері. Қозғалыс амплитудасы икемділіктің бірден – бір көрсеткіші болып табылады. Қозғалыс амплитудасы жылдамдық, ептілік сияқты физикалық қасиеттердің жетілуіне әсерін тигізеді. Бұлардың көбісі қолға, аяққа, денеге, басқа арналған жаттығулар.

Адамды дене қасиеттерді тәрбиелеу дене тәрбиесінің негізгі мақсаты болып табылады. Спорт адамның денсаулығын нығайтуға, жалпы дене қасиеттердің дамуына жоғары эмоционалдық және практикалық әдістерді меңгеруге жан-жақты әсерін тигізеді. Спорттағы  жоғарғы көрсеткіштерге  тек спорт  техникасын жақсы білу және меңгеру арқасында жету  дене тәрбиесіндегі тағы бір мақсат болып саналады. Біздің еліміздің  спортсмендері өздерінің жоғарғы жетістіктерімен спорт мәдениетінің өскенін көрсете алады.

Дене шынықтыру  тәрбиесі білімділік, эстетикалық тәрбиесімен  тығыз  байланыста бола отырып адамның жан – жақты дамуын және қоғамның белсенді құрылысшыларын  тәрбиелеуін қадағалайды.

Ой еңбегімен  дене еңбегін алмастыру адамның  жұмысқа қабілетін қабылдау және меңгеру қабілетін күшейтеді. Топтарда,  секцияда, қомандда дұрыс ұйымдастырылғн ойындар ұжымда дұрыс қарым – қатынасты қалыптастырады. Тұрмыста, оқуда, жұмыста мінездің қалыптасуы үшін дене тәрбиесінің мәні зор.

Негізгі қалыптасу  тәрбиесі үшін оқушыларға қосымша тапсырмалар  жүктеу жолдастарының алдында жауапкершілік қасиеттерінің қалыптасуына әсерін тигізеді.

Мінез-құлық, ерік, тәртіпті тәрбиелеуде спорттық жарыстардың  тәрбиеліа маңызы зор және жоғары.

Дене тәрбиесі эстетикалық тәрбиемен тығыз  байланысты болып келеді. Бұның нәтижесі әдемі, сымбатты дене бітімі және нық сенімді қозғалғыштық. Мейрамдардағы гимнастикалық көрсетулер, шерулер, көпшілік би көріністері эстетикалық тәрбиенің нәтижелері.

Дене тәрбиесі сонымен бірге еңбекке баулу процесімен тығыз байланыста заттарды жөндеу және дайындауға қатысу арқылы дене тәрбиесі жүзеге асады, ал бірақ физикалық еңбек дене жаттығуларын алмастыра алмайды. Дене жаттығуларын еңбекке баулумен ұштастыра отырып, дене  тәрбиесінің мақсатына жетуге болады. Еңбек ету кезеңінде дене жаттығуларды оқушылар шаршамас үшін қолдануға болады (физкультпауза, физкультминутка).

Осылай байланыстыру арқасында еңбекке баулуда жақсы  нәтижелерге жетуге болады.

Адамның тұлғалық қасиеттері қозғалыс мүмкіндіктерімен және еріктік қасиеттерімен тығыз байланысты: шалттылықтың, күштіліктің, ептіліктің және шыдамдылықтың көрінуі ен алдымен шыдамдылықтың, батылдықтың кірінуін талап етеді. Адамның тұлғалық қасиеттерін тәрбиелеу – дене тәрбиесі негізгі тапсырмаларының бірі.

 

Статистикалық қалыпта және қозғалыста тік тұруды үйрену

 

Дұрыс тік тұрудың қалыптасуы  - ұзақ және қиын процесс. Қалыпты нәтижеге жету үшін бала отырғанда, тұрғанда, жүгіргенде денесінің дұрыс қалыпты жағдайын қадағалау керек, жаттығуларды кенінен қолданып, дене тәрбиесі сабағында оған арналған арнайы жаттығуларды жасату.

Дене жаттығулары дегеніміз – саналы түрде, мақсатына сай арнайы алынған дене тәрбиесінің қозғалыс әрекеттері.

Адам ағзасына тікелей  байланыста әсер ететін дене жаттығулары, шарттары көптеген жаттығуларға тәуелді.

Дене тәрбиесінің негізгі  шарттары: ағзаға әртүрлі әсер ететін жаттығулар, жаттығулардың өтетін орны және уақыты, жаттығулардың саны, ұзақтығы, адамның денсаулығына байланыстығы, сабақтың өту әдісі үшін әртрлі дене жаттығулары кеңінен қолданылады

 

 

 

 

 

 

Дене тәрбиесі және спорт жөнінде хабарлар

 

Спорт дене  тәрбиесінде денсаулықты нығайту, дененелік күшті дамыту, қозғалғыштық қабілетті арттыруды жоғарғы нәтижелерге жеткізуге керекті бірден бір құрал болып табылады. Спортта жоғарғы дәрежелі көрсеткіштерге жету үшін спортсмен барлық жағынан моралдық, физикалық, ептілік қасиеттерін көп уақыт бойы үнемі шұғылдану керек.

Ұзақ шұғылдану  жұмыс уақытын, спорт сабағын, демалысты, жеке бс гигиенасының дұрыс орындалуын талап етеді.

Спорттың көп  түрі дене тәрбиесінде қосымша құрал  болып табылады. Мысалы: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, жүзу, бокс, күрес, семсерлесу сияқты т.с.с.

Осы айтылған спорт  түрлері адам өмірінде қолданылады. Басқа дене тәрбиесі құралдарына  қарағанда спорт арнаулы  спорт  жаттықтырушымен ерекшеленеді.  Спорттық жарыстар  спорт жұмыстарын тексеруде алдағы нәтижелерді көрсету үшін керекті құрал. Спорт және негізгі  үгіт құралы болып табылады.

Оқушыларға дене тәрбиесінен: жаттығулардың пайдасы жөнінде, гигиеналық тазалықты сақтау, табиғаттың берген күшін дұрыс қолдану, күнтізбесі жөнінде, бағдарламада көрсетілген барлық жаттығуларды дұрыс орындау жөнінде хабарлар қажет.

Сабақтан тыс оқу кезінде осы туралы кішігірім әңгіме-дүкеннің маңызы зор.

 

Моралдық, еріктік қасиетін тәрбиелеу, тәртіп мәдениеті туралы ілімнің қалыптасуы

 

Дене тәрбиесі және спортпен айналысу моралдық және еріктік қасиеттерін тәрбиелеуге көмектеседі.

Көптеген жаттығулар (биіктікке секіру, биіктіктен секіру, бөгеттерден секіру, тепе–теңдік, шаңғымен таудан түсу) ойындагы іс-әрекеттер (жолдастардың көмегі, команданың жетістігі үшін жасалатын, іс-әрекеттер) достык сезім мен батылдыққа тәрбиелейді. Жаттығулардағы қиындықтарды жеңгенде және ойын тәртібіне бағынғанда ұмтылыс пен тәртіпке тәрбиеленеді. Балалардың ұжым болып түзету жұмыстарын жүргізгенде, оларда ұжымдық және жауапкершілік сезімі пайда болады.

Дене тәрбиесінде  ойындарды көп өткізу жастарды  тәрбиелеуде, олардың жылдамдығын, ептілігін, тапқырлығын,  төзімділігін, жұмысқа қабілеттілігін, денсаулығын  арттырады. Жақсы дайындалған ойындар  арқылы жақсы көңіл күй,  ұжымда достықтың нығаюын, өзара көмек тәрізді қасиеттерді  тәрбиелеуге болады.

Балалар ойнау  арқылы айналадағы денелерді, табиғат  құбылыстарын басқа  пәндерден (мысалы: жаратылыстану, математика ) алынған  білімдерін бекітеді.

Сонымен бірге  балалар ойын  кезінде адалдық, шыншылдық қасиеттері бар  достық, бірлікшіл ұжым  керек екенін сезінеді.

  Ойынды  күрделендіру арқасында балаларда  қатаң тәртіп, ұйымшылдық, мықтылық, қиындыққа қарсы тұра алатын  қасиеттерді қалыптастыруға болады.

Әсіресе ойынның  мектеп балалары үшін маңызы зор. Төменгі сынып  балалары үшін қозғалмалы ойындарды жиі өткізу олардың жан-жақты дамуына әсерін тигізеді.  Ойындар көбінесе дене тәрбиесі сабақтарында, үзіліс кезінде, секцияда өткізіледі.

Жоғарғы сынып  оқышулары арасында негізінен спорт  ойындары  өткізіледі. Бұл ойындар мектеп оқу бағдарламасында еңгізілген. Сонымен ойын жоғарғы сынып оқушылары үшін спортқа дайындық құралы болып табылады.

 

 

Кызуғушылық және дене тәрбиесімен жеке шұғылданға тәрбиелеу

 

Мектептің негізгі тапсырмасы - балалар әр түрлі жаттығуларды сабақта ғана емес, үйінде де орындап, балалардың күнделікті өміріне кіруін қадағалау. Осы мақсатқа жету үшін балалар сабақты көңілді болып тез қабылдауы үшін мұғалімдер сабақты көңілді, қызықты өткізеді.

 

 

Қызығушылықтың көрінуі мен спортқа деген кызығушылық туу үшін жасалатын іс-әрекеттер

Спортты жетілдіру және бірнеше түрімен айналысу балалық кезден басталуы мүмкін (гимнастика, жүзу, ойындар, конькимен билеу). Окушыларда спортқа деген қызығушылық және әр түрлі спорттық жарыстарға катысуға деген талпыныс үздіксіз өсуде. Мектептің тапсырмаларынын бірі - балалардың спортқа деген қызығушылығының тууын қадағалау және жарыстарға қатысуын мүмкіндігінше қадағалау. Дене тәрбиесінен сыныптан тыс сабақтарда, спорттық элементтер кішкентай мектеп окушыларына колданылады. (Жаттығуларды  жарыстарда орындату, ойындар, эстафеталар және т.б.) Спорт туралы әңгімелер, оқушылардын әртүрлі спорт түрінен жеткен жетістіктері оқушыларда спортқа деген талпынысты арттыруға және әртүрлі секцияларға қатысуға итермелейді.

Мектеп окушыларын дене тәрбиесіне тәрбиелеу берілген тапсырмаларды орындауга бей–жай қарауға болмайтын күрделі педагогикалық процесс, барлык негізгі жұмыстың формасын колдану: дене тәрбиесі сабақтары, сабақ күндері дене тәрбиесінен өткізілетін іс-шаралар, дене тәрбиесінен және спорттан сыныптан тыс және мектептен тыс өткізілетін сабақтар.

 

 

2. Қозғалыс белсенділігі мен бала ағзасы  арасындағы байланыс

 

Қазіргі кезде адам өмірінде ғылыми-техникалык прогресстің әсерінен қозғалыс белсенділігінің көлемі күрт төмендеді. Бұл проблема білім беруге де әсер етті. Мектепті компьютерлендіру, ойлау касиетіне түсетін қысым, дене тәрбиесі шығармашылығын түсіру – бұның бәрі оқушылардың қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне әкеп соғады. Осының нәтижесінде ауру қаупі байқалып, адамдарда түрлі  дисгормониялык даму көбеюде.

Бірінші жылдан бастап мектепте оқыту балалардың бұлшықет іс-әрекетін төмендететіп, жүйке қысымын арттырды. Төменгі сыныптан бастап балаларды әртүрлі методикаларда оқыту баланың мүмкіншіліктерін жан–жақты кеңейтеді. Осы қасиет дене тәрбиесінің әсерінен ғана іске асады. Сол себепті, балалардағы қозғалыс мүмкіндігін кенейту медициналық–педагогикалык өзекті мәселе болып табылады. Қиын проблема бола тұра, бастауыш  мектептердің оуушыларын дене тәрбиесіне тәрбиелеу одан әрі дамытуды талап етеді. Қазіргі кездегі жағдай үлкендердің қозғалыс белсенділігін  төмендетті және ол балаға берілуі мүмкін. Жұмыспен және дене тәрбиесімен айналыспаудың салдарынан кей адамның денсаулығына ақаулар туғызуы мумкін. Қимылдың жетіспеуі адамның кейбір нәрсеге көзқарасын өзгертеді, сонымен қатар мектепте немесе отбасы жағдайында, денсаулыққа байланысты дене тәрбиесімен айналысу мүлде керексіз болып қалады. Әдебиеттерде көп деген ғылыми-зерттеулердің материалдарының нәтижесі бойынша жеке психикалык қысымның көбеюі мен қозғалыстың жетіспеуі көп деген адамдағы ауруларды туғызады. Жүйке дәрігерлерінің, кардиологтардын, терапевтердің  айтуынша дене қысымы жүрек пен қан  тамырларын жаттықтырады. Қимылдың жетіспеуінің негізгі басты белгісі ұйқының бұзылуы. Басқада осы сияқты жағдайлардың алдын-алу үшін балалық кезден белгілі жаттығуларлы орындап, дене тәрбиесімен айналысу керек. Соңғы кезде мектептерде тұмау, тыныс алу органдарының аурулары, семіздік және сонымен байланысты аурулардың азаймағанын байқаймыз. Бұл аурулардың алдын алу үшін баланың ағзасына қажетті іс-қимылдарды кеңінен жасау керек.

Мектеп бағдарламасында маңызды орынды қозғалыс ойындар ашады. Олар жан-жақты дене тәрбиесі үшін маңызды құрал болып табылады. Қозғалыс ойындарда қозғалыстың барлық түрлерін кездестіруге болады: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, кедергілерден өту, қарсыласу. Дұрыс өткізілген ойындар ықыластың, тапқырлықтың, жылдамдықтың, күштің, шыдамдылықтың дамуына әсерін тигізеді, коллективтік ойындар достыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелейді. Таза ауадағы ойындар денсаулықты жақсартуға әсерін тигізеді, белсенді демалс құралы ретінде қолданылады. Ойын кезінде балалар әрқашан белсенді және инициативті болады. Сонымен  қатар ойын шарттары мен ережелері оларды ұстамдылыққа мәжбүр етеді. Бала тәрбиелеудегі қажетті үйлесімділікті: «Менің қоятын негізгі принципім белсенділік пен тежеу тәрбиесінің орта мөлшерін табу. Егер сіз бұл техниканы жақсы меңгерсеңіз, балаңызды әрқашан жақсы тәрбиелеңіз.

Жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының ұлттық ойындар арқылы қимыл қозғалыс қарқындылығын арттыру