Жалпы білім беретін мектеп дарындылық және дарындылықты дамыту мәселелері
Кіріспе
Мемлекет өз азаматынан бiлiмдiлiктiң белгiлi бiр деңгейiн талап ете отырып, сонымен бiрге өз тарапынан да сол деңгейге қажеттi бiлiмдiлiк қызмет көрсетiлуiне кепiлдiк беруге, мектептi жаңа әлеуметтiк тапсырысқа сәйкес келетiн оқытудың жаңа әдiстемелiк жүйесiмен қамтамасыз етуге тиiс. Соңғы уақытта «жалпы бiлiм берудегi базалық деңгей» деп аталып жүрген мектептiң әлеуметтiк буын ретiнде жас ұрпақты тәрбиелеудiң белгiлi бiр интеллектуалдық, адамгершiлiк және шымырлық деңгейiн қамтамасыз ете алатынына қоғамның сенiмдi болғаны ләзiм.
Қазiргi заманда көптеген
мемлекеттерде дарынды
1975 жылдан берi бүкiл әлемдiк Кеңес құрылды. Осы Кеңесте өсiп келе жатқан дарынды жасөспiрiмдердi тәрбиелеу, бақылау, оқыту барысына халықаралық жобаларды қарастырды. Бiздiң Республикада 1996 жылы Президент Н. Назарбаевтың нұсқауы бойынша «Дарын» Мемлекеттiк стратегиялық бағдарлама iске ендi. Сол бағдарламалардың барысында көптеген жерлерде дарынды балаларға арналған мектептер ашылып жатыр.
Даналық ой мұхитында Алла Адамды Жердiң қожасы етiп, iзденiске, мехнатқа толы қысқа да қызулы өмiр сыйлағанда, күнәдан сақтандырып, жасампаз еңбекке қан бейiмдеп жаратқан.
Платонның Сократ пен оның ұстазы Протогор арасындағы әңгiмелерi даналық, ойшылдық, қаhармандық, iзгiлiк, әдiлеттiлiк, жан жомарттығын насихаттауға арналыпты. Ойшылға опасыздық еткенді тарих кешпейдi. Платонның шәкiртi Аристотель «Әлемнiң басы - ақыл» деген аксиоманы ұсынған. Жаратушы жаратса, ақыл - өмiр сүруге, қоғамды гүлдендiрiп адамзаттың кереметтiгiн дәлелдемек.
Шығыстың екiншi ұстазы атанған
Әбунәсiр Әл-Фараби - ұлы ойшыл,
астроном, табиғат зерттеушiсi, кемеңгер
психолог-педагог. Қазақ
Бүкiл дүние жүзiлiк ғылым мен мәдениеттiң алтын қорына зор үлес қосқан, ұлы бабамыз Әл-Фарабидiң бiлiм беруде пайдаланған бұл әдiс-тәсiлдерi бүгiнгi таңда да оқу-тәрбие iсiнде кеңiнен қолданылуда.
Қазақстандағы тәлiми ой-
Қазақ топырағында ағартушылық идеяның туын көтерген, ерiнбес этнограф, нәзiк психолог, әйгiлi ұстаз Шоқан Уәлихановтың мұралары өз алдына үлкен бiр дүние. Шоқан педагогикалық тұрғыда арнайы еңбектер жазып қалдырмағанымен, өзiнiң зерттеу жұмыстары арқылы халық педагогикасының тәрбие саласында оқылым заманнан берi пайдаланып, өмiр сынағынан өткен амал-жолдарын, әдiс-тәсiлдерiн көрсете бiлдi. Ағартушы - ғалым қазақ даласындағы оқу, мектеп iсiн ғылыми негiзде құрып, оқу-бiлiмнiң, табиғаттың сырларын ашуға бағытталғанын қалады. Ол табиғаттық ғажайып көрiнiстерiн балалар мен жастардың эмоциялық сезiмiне, эстетикалық көзқарасына жалпы адамгершiлiк тәрбиесiне және адам психологиясының қалыптасуына географиялық орта мен табиғат ерекшелiктерi әсер етедi деп бiлген. Атап айтқанда, ұлы ғалым, сонау заманнан берi туған халқының дапышпандық ойлар жиынтығы тұнып тұрған - шежiре сырларына үңiлiп қоршаған ортаның әр ағашы мен талын қастерлеп, тарих қойнауындағы ғасырлардың белгiсiн көздiң қарашығындай сақтау, эстетикалық тұрғыда қабылдау азаматтық борыш деп түсiндi, әрi осы сезiмдi жас жеткiншектердiң зердесiне де құюға тырысты.
Еліміздің қарқынды әлеуметтік дамуы оның азаматтарының құлықтылық және шығармашылық дамынсыз, сол сияқты олардың белсенділіктерінің, қабілеттерінің дамуынсыз мүмкін емес. Жеке адамның осындай және басқа да қасиеттерінің қалыптсауы ең алдымен мектеп табалдырығынан басталады. Сондықтан қазіргі кезде мектеп жұмысының бірінші жоспары әр оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға жағдай жасау. ХХ ғасырдан бастап көп көңіл бөлініп келе жатқан шығармашылық қабілеттері басым болатын дарынды балаларды оқыту мәселесі.
Зерттеу жұмысын жүргізбес бұрын біз алдымызға төмендегідей болжам қойдық; егер жалпы білім беретін мектеп оқушыларына логикалық тұрғыдағы әдістемелерден тұратын қосымша сабақтар жүргізсе, олардың танымдық процестерін жоғары деңгейде дамытуға болады.
Зерттеу мақсаты: дарынды балалардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олармен жұмыс жасау жолдарын анықтау.
Зерттеу объктiсi: бастауыш сынып оқушылары
Зерттеу пәнi: бапстауыш мектеп оқушыларының дарындылық қабілеттері.
Зерттеу мәселелері:
- дарынды балалар психологиясы мен ерекшеліктерін теориялық жағынан қарастыру;
- дарындылық қасиетін
анықтайтын әдістемелерге
- таңдап алынған әдiстеменiң
нәтижесін талдау және
Зерттеу әдiстерi:
- логикалық ойлауды дамыту тапсырмалары;
- сөздік қабілетін анықтауға арналған «Жалпы ұғымды анықтау»;
- Дарындылықты дамытуға бағытталған түзету бағдарламасы.
Зерттеу базасы: Павлодар облысы Аққу ауданы Еділбай орта мектебінің 3 сынып оқушылары.
І. ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕГІ Дарындылық жӘне дарындылықты дамыту мӘселелері
- «Дарындылық» ұғымындағы қабілет және нышанға теориялық сипаттама
Белгiлi психолог Н.С.Лейтес көптеген жылдар бойы дарынды балаларды зерттей отырып, баланың басқалардан ерекшелiгi – ой еңбегiне деген бейiмдiлiгi, оның бойында жаңа хабар, жаңа бiлiмдi алуға үнемi қажеттiлiк болатындығы екендiгiн көрсеттi. Ол өз еңбектерiнде ақыл-ой қабiлетiнiң дамуына әсер етушi танымдық қажеттiлiк екендiгiн анықтады.
Дарынды балалардың жас және дербес ерекшелiктерiн есепке алып, уақытында дарындылығын айқындау, олардың қарым-қатынастарын, ойлау және логикалық қабiлеттерiн зерттеуге, практикалық әдiстемелiктер жетiспейдi. Осы кезде қазiргi заманың талабына сай, дарынды балалардың жете зерттелмегенi айқындалады. Практикалық қажеттiлiке сай ғылымның әлi де болса жетiспегенi байқалады. Соңдықтан, бiздiң қоғамда дарынды балаларды айқындау мәселесiнде қарама-қайшылық пайда болды. Осыған орай дарынды балаларды ерте жастан айқындап, дамытуға, тәрбиелеуге қажеттiлiк туып отыр.
Дарындылық – адамның ой-өрiсiнiң деңгейi мен өзiндiк iс- әрекетiнiң ерекше өрiстеуiне себепкер болатын, адамның жан-жақты дамуының қайнар көзi, арнаулы қабiлеттердiң шарықтап дамуының нәтижесi.
Өткен 50-шi 60-шы жылдарда Б.Т. Ананьев, А.Г. Ковалев, В.Л. Дранкова, В.И. Киренко, В.А. Крутецкий және басқа зерттеушiлердiң, еңбектерiнде қабiлет проблемасының ғылыми тұрғыдан түсiндiру мәселесiнде аса маңызды iстер жасалды. Бұл ғалымдар қабiлет мәселесiн ең алдымен тұлғаның iс-әрекетi мен тығыз байланысты қарастыру қажеттiлiгi. Себебi, адам өзiн субъект есебiнде iс-әрекетiнде көрсетедi, қабiлет деп аталатын оның психикасының ерекшелiктерi iс-әрекетi барысында дамиды. «Адамдардың қабiлетiнiң дамуы, - деп жазды С.Л. Рубенштейн, олардың азаматтық тарихи дамуының нәтижелерiн құру және меңгеру барысында iске асады. Бiрақ қабiлеттiң дамуы дайын өнiмдердi пайдалану емес, қабiлет адамға пайдаланған заттардан жұқпайды керiсiнше, тарихи дамуының нәтижелерi болып санала тын заттар мен құндылықтармен араласу өзара байланысу үрдiсiн де дамиды».
«Нышандар, - деп жазды Б.Т. Ананьев, - тек қана iс әрекет белгi лi бағыттағы қызмет нәтижесiнде ғана қабiлетке айналады. Сонымен бiрге ол қабiлет адамға сырттан қондыра салатын оған заттардан жұғатын нәрсе емес, ол адам бойында оның адамзаттық тарихи дамуының нәтижелерi болып табылатын заттар мен құндылықтармен араласу, соларды пайдалану барысында дамиды».
Ал Б.М. Тепловтың пiкiрiнше: «қабiлет тек даму барысында ғана көрiнедi, ол тек белгiлi бiр теориялық не тәжiрибелiк iс-әрекеттен тыс жерде пайда бола алмайды».
Бұл пiкiрдi В.А. Крутецкий
«Қабiлет дегенiмiз ол белгiлi
бiр нақты iс-әрекетке
Б.М. Тепловтың анықтамасы бойынша: «қабiлет дегенiмiз - белгiлi бiр немесе бiрнеше iс-әрекеттердi орындаудың табыстылығын анықтайтын адамдардың жеке басының қасиеттерiнiң жиынтығы».
Л.А. Венгер бiрнеше эксперименттiк
зерттеулердiң нәтижесiнде
Қабiлетке Б.М. Теплов мынадай анықтама бередi: ол оның үш белгiсiн атап көрсетедi. Қабiлет дегенiмiз:
1. бiр адамды екiншi адамнан ажырататын оның жеке психикалық ерекшелiктерi;
2. белгiлi бiр
iс-әрекеттi не бiрнеше iс-
3. тұлғаның бiлiмi, дағдылары мен iскерлiгi емес, оларды тез әрi жеңiл меңгеруге жәрдемдесетiн ерекшелiктерi.
Б.М. Теплов
анықтамасында «ерекшелiк»
Қабiлет деп, әдетте тұлғаның белгiлi бiр iстi табысты орындауға қажет жеке ерекшелiктерiн атаймыз. Батыстың дәстүрлi даму концепциясының авторлары Г.Олпорт, А.Фрейд, Э. Эриксон,
Ж. Пиаже iс жүзiнде дамуды жеке адамның өмiр жағдайларына бейiмдеу үрдiстерiне әкеп тiрейдi.
Психология ғылымында қабiлет (интеллект) қалыптасуы үрдiсiн түсiнуде екi бағыт қалыптасқан. А.Н.Леонтьев концепциясы бойынша «екiншi қатардағы қабiлеттер, яғни адамдардың ерекшелiк қасиеттерi». Әрине табиғи нышандар, жоғары жүйке жүйесiнiң қызметi терiске шығарылмайды, олар басты қызмет атқарады. Себебi олар қоғамдық-тарихи тәжiрибенi меңгеру нәтижесiнде туындайды.
С.Л. Рубинштейн қабiлеттiң дамуын осылай түсiндiруге қарсы пiкiр айтады: «Адамдардың қабiлетi, олардың адамзаттың тарихи даму барысында жасалған игiлiктердi пайдалану, не өздерi жасау барысында дамиды. Бiрақ, қабiлеттiң дамуы олардың тек дайын игiлiктердi пайдалануы емес, қабiлет заттарды пайдаланудан жұқпайды, тарихи даму барысында жасалған игiлiктермен, заттармен өзара қарым-қатынасқа түскенде ғана дамиды». Әрине, қабiлеттiң дамуы адамзаттың даму тәжiрибесiн меңгеруге байланысты. Бiрақ бұл әр адамда қабiлеттерiнiң әр түрлi дамуларының негiзi жоқ деген сөз емес». Бұл жайында Н.С. Лейтес өз ойын былай қорытындылайды: «Қабiлет адамға сырттан тағыла салмайды. Олардың қалыптасуына оқытып-үйретудiң маңызы қаншалықты зор екендiгiне қарамастан, олар дамудың iшкi мүмкiншiлiктерiнiң болуын олардың жас және жеке ерекшелiктерiнiң, табиғи алғы шарттарының болуын қажет етедi».
Соңғы 30-40 жыл iшiнде психологтар мен басқа да ғалымдар арасында қабiлеттiң дамуына биологиялық фактор мен тiршiлiк ортасының, әсiресе әлеуметтiк ортаның қатынасы иен ықпалы жайында пiкiр таластар болып келгенi мәлiм. Бiреулер баланың дамуында тiршiлiк ортасы, әсiресе, оқу-тәрбие жұмысы негiзгi роль атқарады десе, ал өзгелерi бұл пiкiрге қарсы шығып, шешушi роль атқаратын – нышан, яғни биологиялық фактор деген тұжырымды қолдап келдi. Дегенмен мұндай пiкiр таластары белгiлi бiр тұрақты шешiмге келе алған жоқ.
Қабiлет – iс–әрекеттiң белгiлi бiр түрiн ойдағыдай, нәтижелi орындауда көрiнетiн адамның жеке қасиетi. Қабiлеттiлiк күнбе-күнгi тәжiрибеде жиi кездеседi.
Қабiлеттердiң дамып қалыптасуы әр түрлi деңгейде жүрiп отырады.Мәселен оның алғашқы деңгейiн (жұрттың бәрiне ортақ) репродуктивтiк десе, екiншi, негiзгi деңгейiн шығармашылық қабiлет дейдi. Бiрiншi деңгейде адам бiлiм игеруге, iс- әрекеттi қажеттi дәрежеде жүзеге асыруға икемдiлiк көрсетсе, екiншi, деңгейде жаңа, соны туынды жасай алу мүмкiндiгiн байқатады.
Қабiлет бiрнеше түрге бөлiнедi. Мысалы: жалпы, арнаулы, ұйымдастырғыштық, мұғалiмдiк т.б.
«Адам тiршiлiк иесi, оған
қоса ол жаны бар нәрсе ретiнде
табиғи күшке, өмiр қуатына ие, әрекетшiл
тiршiлiк иесi. Онда бұл күштер нышан
мен қабiлет түрiнде өмiр
¤ылымда осы тұрғыдан қабiлеттердiң дамуында нышан туралы айтқанымыз жөн.
Нышан-жүйке жүйесiнiң
адамға туғаннан берiлетiн анатомиялық-
Нышан-қабiлеттiң бастапқы табиғи негiзi, оның ойдағыдай дамуына жағдай туғызатын шарттардың бiрi. Қабiлеттi дамытудағы ең негiзгi факторы – еңбек. Адам неғұрлым еңбексүйгiш болса,оның қабiлетi соғұрлым жақсы дамитын болады. Қабiлет те, нышан да iс-әрекет үстiнде байқалады.
Нышанның ықпалымен
қалыптасқан қабiлеттiң түрiн
Бейiмдiлiк – адамның белгiлi бiр әрекетпен айналысуға бет бұрып, оған көңiлiнiң аууы және оны жүзеге асырудағы икемдiлiгi.
Қабiлеттi дамытуды болжауда қоғамдағы әлеуметтiк мекемелер, мектептер және сыртқы ортадағы тұрақты белгiлер өлшем ретiнде пайдаланыла отырып, нышандардан туындайтын комбинациялар пайдаланылады.
Нышанның дамуын дақыл
дәннiң өсiп-өнуiмен
Жерге себiлген дәннiң өсiп не өспеуi жердiң құнарлылығына, ылғал мен күн шұғыласына байланысты. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның белгiлi бiр мамандықты игеру қабiлетi де сыртқы орта жағдайына (тәлiм-тәрбиесiне) байланысты.
Адам қабiлетiнiң нышандардан өркендеп дамуын дұрыс түсiну үшiн, оны былай топтастырып қарап көрейiк:
1.Жануарлар дүниесiнде тұқымнан – тұқымға берiлiп отыратын нышандар. Мұндай нышандардың өзi түрлi дәрежеде болады:
а) Жануарлар тiршiлiгiнде, яғни филогенезде тұқымнан – тұқымға берiлiп отыратын нышандар. Бұл дәрежедегi нышандарға шартсыз рефлекстер тiзбегi, жоғары нерв қызметiнiң типтерi, әркiмнiң дер кезiнде өзiн-өзi тежеуi,әдетте тез көндiгiп, одан жедел құтылуы жатады. Мұндай нышан түрлерiнiң тегi генезисi жануарлармен адамдарда бiрдей.
ә) әлеуметтiк өмiрде қалыптасып, тұқым арқылы берiлiп отыратын нышандар: iштей туа берiлетiн тiлге үйренуi мен интеллектiге «ақылдылыққа» байланысты мүмкiншiлiктерi мен қабiлеттерi. Нышанның мұндай түрлерi маймылдардың адамға айналу процесiнде (антропогенде) қалыптасқан.
2. Ұрпақтан-ұрпаққа берiлiп, бiрақ туғаннан кейiн қалыптасатын нышандар. Нышандардың бұл тобына адамның әр алуан қимыл-қозғалыстары, тiк жүруге, сыртқы дүниенi сана-сезiмi мен ақыл-ойы арқылы талдап-бiрiктiру арқылы танып бiлуге бейiмдiлi гiмен байланысты. Нышандардың бұл тобына К.Леви-Стросстың «Ойдың алғашқы табандары» дейтiн пiкiрлерi де жатады.
3. Тiршiлiкте
шартсыз рефлекстердi («бұл не?»
рефлексi мен т.б.) бөгде тiтiркендiргiштермен
ұштастырудан пайда болып
Мысалы, адам бойынан ыждахаттылық, сабырлық, баяулық пен абыржу, жайдарылық пен ашуланшақтық, сезгiштiк пен аңқаулық, өзгелердiң сөзiне сыншылдық пен нанғыштыққа байланысты қабiлеттер жиi ұшырасады. Сондай-ақ белгiлi бiр iс-әрекеттi орындауға қабiлеттiлiктер де бар. Мысалы, есеп шығаруға қабiлеттiлiк мынадай бөлшектерден құралады: ойдың ширатылып, бұрынғы әрекеттерге ауысып отыру икемдiлiгi, ойдың ұшқырлығы немесе қажет болған кезiнде бұрынғы пiкiрден қайтқыштығы т.б. Ал, адамның күрделi iстердi менгеруi мен оларды шеше бiлу қажеттiлiгi «Құмалақтар тәрiздi» ұсақ қабiлеттiктерден құралады. Адамның сана-сезiмi мен ақыл-ойы өскен сайын (iске дарындылық), оның нышандары мен ұсақ қабiлеттiлiгi күрделi қабiлеттiлiктiң (дарындылықтың) құрамына енедi.
Дегенмен, әр түрлi
дәрежедегi нышандардың
Мысалы, XX ғасырдың II жартысында адам қоғамындағы ғылым мен өнердiң дамуына сәйкес космос техникасы дамып шықты да, бұл техниканы меңгеру үшiн космонавт мамандығына сай қабiлет қажет болды. Бiрақ осы талапқа орай космонавт мамандардың бойына iштен туа берiлген жаңа нышандар қосылған жоқ. Космонавт мамандығына лайықты қабiлет бұрынғы iс үстiнде кездесiп жүрген көне нышандар комбинациясынан құрастырылады. Мұндай комбинациялардың жасалуы өмiр тiршiлiгi үшiн аса қажеттi. Егер әрбiр жаңа қабiлетке сай, бүйректiң еттi бөлiп шығаратыны сияқты бiздiң денемiз жаңа нышандарды бөлiп шығаратын болса, адамды үнемсiз әрекеттерге ұшыратып, жер бетiнде адам ұрпағы қалмаған болар едi.
Кез келген салада қабiлеттiлiктiң пайда болуы мынадай жолмен жүзеге аспақ. Заманның мұқтаждығы манипуляторға әсер етедi. Соның нәтижесiнде, манипулятор адамға әсер етiп, оның бойындағы нышандардан жаңа комбинациялар жасауға ықпал етедi. Ал адамда сол нышандардың жеке комбинацияларынан қажеттi iстер мен мамандықтарға лайықты қабiлет дамып шығады. Осы айтылған жәйттер тиiстi салаларға қажеттi қабiлеттiлiктердiң қалайша дамып отыратындығын жете түсiну үшiн жеткiлiксiз. Себебi, нышандардан жаңа комбинацияны әлеумет ортасы тудырады дегенмен, сол ортаны жасайтын да адамның өзi. Өйткенi әлеумет ортасы, соның iшiнде тәрбие жұмысы, қаншалықты өрiстi болғанымен, сол ортада адам тек, нышандармен ғана түрлi-түстi iс-әрекеттер жасай алмайды. Нақтырақ айтсақ, нышандардан жаңа комбинация жасайтын да жеке адамдар.
Бұл жұмысты адамзат өзiнiң алдына қойған мақсатына, атқаратын iстерiнiң сипатына қарай орындайды. Мұны қабiлеттiлiктiң әрекет үстiнде дамуы дейдi. Бiздер адамның iс-әрекетiне байланысты бұрынғы бейнелердi белгiлi бiр нәрсенiң түпнұсқасымен, мысалы бейнелермен байланыстырамыз. Мұның өзi адам өмiрiнде үлкен орын алады әрi сырттан келген мағлұматтарды iшкi әрекеттерге айналдырудың жаңа бiр түрi болып саналады.
«Әрекет» деген ұғымды бiрбеткей түсiнбей, адамның ұрпақтан берiлетiн табиғи нышандарын қабiлетке қалай айналдыруға болатынын да түсiнудi керек етедi. Зерттеушілердің пікірінше, «Қалқып тұрған» нышанды ояту үшiн оның қажеттiгiн тек әлеуметтiк ортамен ұштастыра отырып, адам тәрбиесiнiң қызметiн жандандыруға бағдарлау керек. Бұл әрине, еңбек етiп, күш жұмсауды талап етедi. Бiрақ күш жұмсап, әрекеттенудiң бәрi нышандардан комбинация жасалып, қабiлеттiлiктердi тудыруда қалаған нәтижелер бере бермейдi. Адам қабiлетiнiң дамуы- оның әрекетi бағытталған объектiлерден үздiксiз хабар алып, олардан туындаған нәтижелерге сүйенуiне байланысты. Мысалы, бала өзiнiң каллиграфиясын жақсарту үшiн жақсы жазылған әрiп үлгiлерiне сүйенедi. Оның жазуы сол үлгiлерге сай келсе, онда дұрыс болғаны, ал сай келмесе, онда ол өз кемшiлiгiн жөндеуге әрi қарай әрекеттенедi. Сол сияқты, аңшы оғының тиген-тимегенi жайында аңнан хабар алып отырса, онда ол келешекте атқан оғын қалайда аңға тигiзу айласын iздестiрiп, өз қабiлетiн дамытады. Осы жәйттер қабiлеттiң нышандардан қалайша дамып шығатынын дұрыс түсiнуге мүмкiндiк бередi.
Өйткенi, қабiлет нышандар комбинациясынан бiрден дамып шықпайды. Нышан мен қабiлет дәрежесiне жету арасында әрекет немесе ойланып-толғану қажеттiлiгi бар.
Сондықтан әйгiлi психолог С.Л. Рубинштейн қабiлеттiлiктiң шығу тегi психикалық процестерден пайда болады дегендi. Сонымен, кейбір психологтар қабiлеттiлiктiң дамуын математикадағы ықтималдық теориясымен ұштастырады. Бұл үлгiнi қазақ тайпасы сонау көне заманда-ақ жасаған. Осы ретте қабiлеттiлiктiң қалайша дамып, өрiстеуi жайында белгiлi түсiнiктерi болған. Бұл сол ертедегi адамдардың, ақыл-ойының даму ерекшелiктерi мен оның дәрежесi жайында да бiрсыпыра нақты деректердi бiлдiредi.
Әрбiр адам туғанда оның белгiлi бiр қабiлетi болады. Әдетте, қабiлет деп адамның белгiлi бiр iс-қимылға бейiм болуын айтамыз. Адам өмiрiнде қабiлеттiң дамуы да мүмкiн. Оның үстiне қабiлет жалпы, арнайы, тумыстық, яғни туа бiткен, тастанды, т.с.с. болады. Қабiлеттiң адам өмiрiнде алатын орны да үлкен. Қабiлет өз дамуы барысында бiрнеше негiзгi сатылардан өтедi. Соларға мыналар жатады: дарын, талант (туа бiткен жоғары қабiлет), ғұлама. Қазiргi кезде қабiлеттi өте көптеген жақтардан қарастыра отырып, топтастыруға болады. Қабiлет негiзiнен iс-әрекет арқылы көрiнедi. Ал ендi қабiлеттi дамыту мәселесi – психологиялық-педагогикалық мәселе болып табылады. Дарындылық бастамасы болып дарындылықтың шығармашылық түрін айтуға болады.
Шығармашылық қабiлет - бұл бүкiл тiршiлiктiң көзi. Адам бала сының сөйлей бастаған кезiнен бастап, бүгiнгi күнге дейiн жеткен жетiстiктердi шығармашылықтың нәтижесi. Баланың шығармашылық қабiлеттерiн дамытудың жолдарын, құралдарын анықтау психолгия мен педагогика ғылымдарында өте ертеден зерттелiп келедi. Шығармашлық әлемдiк мәдениеттiң барлық дәуiрiндегi ойшылдардың назарында болғандықтан «шығармашылық теориясын» жасауға деген көптеген iзденiстердiң болғандығынан байқауға болады. Бұл әрекеттер өзiнiң логикалық шегiне жеткен деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық педагогикасының негiзгi мақсаты - бүгiнгi күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа сапа, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соны шешiмдер iздестiру болып табылады. Көтерiлiп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-ақ ұлы ойшылдарымыз Жүсiп Баласағұн, Әл-Фараби, Абайды ерекше толғандырған, сондықтан олардың еңбектерiнде адамның жеке басын, қабiлеттерiн дамытуды үнемi көтерiп отырған.
И.И.Павловтың жоғары жүйке жүйесiнiң типтерi туралы iлiмiн де адам қабiлетiнiң өзiндiк ерекшелiктерiне байланысты екендiгi айтылады. Ұлы физиолог сигнал жүйелерiнiң бiрiнен-бiрiнiң ара сәйкес үш түрлi типi болады деп тұжырымдайды. Олар: суретшi типi, ойшыл типi, аралас тип. Мысалы, «суретшi» өкiлдерiне бiрiншi сигнал жүйесiнiң қызметi басым болып отырады. Өйткенi суретшiлер, музыканттар iс-әрекетте есту т.б. сезiм мүшелерiнiң қызметiне сүйенедi. Ал өз тiршiлiгiнде сөздi қару ететiндердiң (математик, филолог, философ т.б.) iс-әрекеттерiнде екiншi сигнал жүйесi (сөздiң) жетекшiлiк роль атқарады. Қабiлеттiнiң дарындылық (балалық кезде ерекше байқалатын, туыстан берiлетiн нышандар жүйесi), таланттың данышпандық деп аталатын кез келген адамға берiлмейтiн жоғары түрлерi де болады. Қабiлеттiң қандай түрi болмасын өлшеусiз ерен еңбектен туындайды. Маңдайдан тер төгiлмейiнше, ешқандай қабiлет өз мәнiне ие бола алмайды. Қабiлет адамның жан қуаттарымен тығыз байланысты. Ол наным мен сенiм, күштi ерiк-жiгер, тұрақты мiнез, алғыр зейiн, еңбек сүйгiштiк, өзiне-өзi қатты талап қоя бiлу т.б. осы сияқты сапалармен ұштасып, бұлар бiрiн-бiрi ылғи да толықтырып отырады. Қабiлеттiлiкке жақын тұрған қасиет-бейiмдiлiгiнiң ертерек көзге түсуi, өзiне-өзi сенуi, өз қабiлетiн бағдарлай бiлуi. Бейiмдiлiк - адамның белгiлi бiр әрекеттен Н.В.Кузьмина оның құрамының 3 түрлi қасиеттер тобынан тұратындығын анықтап, олардың бiр-бiрiмен байланысын ашып көрсетедi. Қабiлеттер жайлы еңбектер мен зерттеулелдi талдай отырып, бұлпраблемаға деген қызығыушылықтың үнемi болып отырғандығын және олардың соншалықты қарама-қайшылықтардың жоқ екнiн байқауға болады. Аталған еңбектердiң әрқайсысы қабiлеттер мәселенiң теориалық негiздемесiн қамтамасыз етiп, әрi қарай жетiлдiру жолдарын белгiлеуге үлес қосады. Сонымен, қблеттер жайлы айтылғандарды қорыта келе, бiз төмендегiдей тұжырым жасаймыз.
Қабiлеттер
проблемасы – оқушылардың
Францияның ағарту iсiнiң өкiлi К.А. Гельвеций адамдардың барлығының бiрдей, терең дәрежеде болатындығын, сол себептi кез келген баланы талант дәрежесiне көтеруге болады дегендi уағыздап кеткен. Осы пiкiрдi қуаттайтын XIX ғасырдағы немiс ғалымы Карл Витте оны дәлелдеу үшiн өз ұлын өзi дайындаған жүйесi бойынша тәрбиелейдi. Нәтижеде әкесiнiң атымен аталған кiшкентай Карл 9 жасында Лейпциг уиеверситетiне түсiп, бiр жылда оның толық курсын бiтiрдi. 13 жасында философия докторы деген атақ алды. 18 жасында Гейдельбург университетiнiң профессоры, 23 жасында Берслау университетiнiң кафедра меңгерушiсi қызметiн атқарды. Бұл эксперимент оқыту мен тәрбиенiң адамның iшкi мүмкiндiктерiн ашудың күштi құралы екенiн көрсеткенiмен, Карлдың өзiнiң осындай таңғажайып болуы мүмкiн екенiн де жоққа шығармайды.
К.А.Гельвецийдiң көзқарастарын қолдайтындар арамызда осы кездерде де кездесiп отырады. Мысалы жаңашыл педагог И.П.Волков «егер баланың қасиеттерiн өте жас кезiнен бастап анықтап, дамытуға жағдай жасаса, талант қалыптастыру кез келген мамандық дайындау сияқты шара»-дейдi.
«Дарындылық» ұғымына берiлетiн анықтамаларға сүйенсек, «дарындылық» деген адамның (баланың) оны өз қатарындағы адамға (балаға) қарағанда жоғары ақыл-ой қызметiмен ерекшелендiретiн қасиетi.
Таланттылық арнайы iс-әрекетте жоғары нәтижеге жеткiзсе, дарындылық ақыл –ой қызметiнiң ең жоғарғы дәрежесiмен сипатталады.
Әрбiр талантты балада дарындылық бар да, ал әрбiр дарынды бала талантты болмауы мүмкiн.
Талантты, дарынды балаларды арнайы оқу орындарында оқытқанда ғана олар қоғамға пайдасын тигiзе алады.
Оқыту барысында оқушылар шығармашылығын қалыптастыру және дамыту мәселесi шығармашылық процесстiң қандай кезеңдерден тұратындығын, яғни неден басталып, немен аяқталатынын бiлудi талап етедi.
Көрнекi француз математигi адамдардағы шығармашылық деңгейді 4 кезеңге бөледi:
- дайындық кезеңi;
- инкубация кезеңi;
- интуицияның жарқ етуi- ЭВРИКА;
- тексеру кезеңi.
А.Н.Лук шығармашылық деңгейді 5 кезеңге бөледi:
- айқын және дұрыс қойылған мақсат;
- күштi жұмылдыру, қосымша мәлiметтер iздеу;
- проблемадан уақытша кету;
- интуицияның оянуы- инсайт;
- нәтиженiң дұрыстығын тексеру.
Жоғарыда келтiрiлген және басқа да шығармашылық педагогикасына арналған зерттеулер мен еңбектердi талдай отырып бастауыш сынып оқушыларына тән шығармашылық деңгейдің кезендерiн шартты түрде төмендегiше топтастыруға болады:
- жаңалықпен бетпе-бет келу;
- шығармашылық белгiсiздiк, екiұштылық;
- шешiмнiң жарық көруi;
- шығармашылық акт;
- шешiмнiң дұрыстығын дәлелдеу.
Шығармашылық деңгейдің әр кезеңiнде бала бойында әртүрлi сапалық қасиеттер қалыптасып жатады. Мысалы: алғашқы кезеңдерде жаңалықты сезiну, қайшылықтарға деген күдiк, шығармашылық елес орын алады. Белгiсiздiк кезеңiндегi «бас қатырулар» табандылық, танымдық, белсендiлiк, эрудицияны қалыптастырса, еңбектiң нәтижесi баланы жоғары көңiл-күйге бөлеп, жаңа iстерге жiгерлендiредi. Мұның барлығы бастауыш мектеп оқушыларында болуға тиiстi қасиеттер болып табылады.
Шығармашылық деңгей баланың ақыл-ойын, қабiлеттерiн дамытатын болса, келесi кезекте «дамыту» категориясының мазмұны мен мәнiне тоқталған дұрыс.
«Даму» ұғымы философиялық сөздiкте «ұғымгершiлiк өзгерiстердiң белгiлi бiр өлшем шегiнен шығып, сапалық өзгерiстерге айналуы», - деп түсiндiрiледi. Диалектика заңы бойынша кез келген құбылыс өзiнiң жеткен дәрежесiне қанағаттанып тұрып қалмай, оларды жоққа шығару арқылы жаңа сапаға көшедi. Терiстеу - белгiлi бiр зат пен құбылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкiндiк туғызу.

- Жалпы білім беретін мектептердегі бастауыш сынып оқушыларының ұлттық ойындар арқылы қимыл қозғалыс қарқындылығын арттыру
- Жалпы ұлттық өнім экономикалық категориясының теориялық аспектілері
- Жамбыл құс ЖШС-нде өндірістік тәжірибені өткені жөніндегі
- Жанажол перевод фонтанной скважины на газлифтный способ
- Жанама салык
- Жанр «История успеха» как инструмент связей с общественностью (на примере текстов ОАО Уральский банк Сбербанка России)
- Жанрова систему журналу Країна
- Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу есебі және аудиті
- Жаза
- Жаза тағайындау
- Жаза түсінігі
- Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы
- Жалған ақша мен бағалы қағаздарды жасау-сақтау-не-сатуға
- Жалдамалы кісі өлтірудің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы