Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы

Кіріспе

Тақырыптың  өзектілігі: Бүгінгі таңда қазақ елінің тәуелсіздік алып өткен-кеткенін түгендеп, тұлғалардың ғылыми салаларына қосқан үлесін зерделеу уақытында Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы еңбектерін, заманауи көзқарасына зерттемеу ұрпақ алдындағы қарызымызды өтелмеуі деуге болады. Сонымен қатар, Ж.Аймауытовтың психология әлеуметтік психология ғылымдарына қосқан үлесі, этикалық қазақ халқына тән көрсеткен ерекшелігі бүгінгі күнге дейін маңыздылығын жойған емес

Ғалымның ой тереңдігі  мен көру кеңістігін бүгінгі жас ғалымдарға үлгі, сабақ, тәжірибе болады.

Еліміздің егемендік  алуы, тарих пен тұлғаларға жаңа тұрғыдан қарап, баға беріп, өзіндік  орындарын айқындауға жағдай жасалында. Жүсіпбек Аймауытовтың ғылыми шығармаларына  тарихи әдіснамалық сараптама жасау, оның терең ғұлама, ғалым екендігін өз заманының ғылыми жетістіктерін, соның ішінде жан тану жаңалықтарын жетік игергенін көруге болады: өзіндік ғылыми көзқарасының қалыптасқанының тұжырымға келгенін көреміз.

Еңбектерінің құндылығы  жалпы психология білімі қазақтың ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып қарастыруы болады.

Қазақ халқының мінез  – құлығының тәуелді болушы факторларын  дәлелді жеткізген.

Мақсаты: Ж.Аймауытовтың психологиялық еңбектеріндегі адам қылығының әлеумет пен шаруашылыққа тәуелділігінің дәлелденгенін көрсету.

Міндеттері:

1  Ж.Аймауытовтың өмірі  мен шығармашылығын зерттеу;

2) Ж.Аймауытовтың психологиялық  көзқарасы мен психологиялық  еңбектерін сараптау;

3 Психология ғылымындағы  «Адам қылығы» туралы теорияларды  жүйелеу, Ж.Аймауытовтың ойларымен салыстыру;

4) Ж.Аймауытовтың «Адам  қылығы» туралы зерттеулерін  саралап, тарихи әлеуметтілігін  көрсету;

5) «Адам қылығын» қалыптасырушы  әдіс-тәсілдерді қолданудың әдістемесін  жасау.

Ғылыми болжамы (гипотеза): Егер, Ж. Аймауытовтың адам қылығын әлеумет және шаруашылықпен байланыстылығын дәлелдеуші тұжырымдамаларын ғылыми, заманауи тұрғыдан сарапталып, қарастырылса, отандық әлеуметтікпен тұлға психологиясы ғылыми салалары теориялық және тәжірбиелік жағы айқындалып, толыға түседі.

Зерттеу пәні: Ж. Аймауытовтың адам қылығы туралы тұжырымдары.

Зертту нысаны: Адам қылығ оның қалыптасуы мен тәуелді жағдайлары.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы: Тақырып осы аспектіде қаралмаған. Адамның қылығы тұлға психологиясында, Жүсіпбек Аймауытовтың психологиялық көзқарастары деп жалпылама не тарихи жүйесімен қарастырылып кеткен. Диплом тақырыбы мен жаңашылдығы тарихи даму үрдістерінде зерттелуі: өткен, қазіргі, болашақ уақыттарға, тарихи, саяси байланыстылығы. Сонымен қатар ғылыми аралық байланыстылығы тұлға психологиясы, әлеуметтік психология, жалпы психология, педагогикалық ғылымдар. Жұмыстың маерталдарын жоғарғы оқу орындарында дәріс және өзіндік жұмыс сабақтарында қолдануға болады. Жүсіпбек Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығын зерттейтіндерге көмекші құрал бола алады.

Дипломдық жұмысқа  ғылыми теориялық негіз болған психология, әлеуметтік психология, этнопсихология саласындағы отандас және шетел ғалымдардың еңбектері, Ж.Аймауытовтың төл шығармалары және Ж.Аймауытовты зерттеген ғалымдардың ізденіс жұмыстары, Ж.Аймауытов тұрған заманына, көзарасы мен шығармасына ықпалын тигізуші күштерді қарастырған тарихи-әлеуметтік шығармалар, адам қылығын қалыпастыратын тәжірибелік жианақтар.

Дипломдық жұмысқа тәжірибелік  негіз болған тарихи деректермен  жұмыс жасау, салыстыру адам іс-әрекеттерін қалыптастыру жолдарын қолданған практикалық, әдістемелік жұмыстар.

Жұмыста қолданған  ғылыми зерттеу әдістер: құжаттар, шығармамен жұмыс жасау, тарихи зерттеу, сараптама, анализ, синтез, тест сауалнама, диалог т.б.

Дипломдық жұмыстың маңыздылығы: Жұмыстың мазмұны оқу- тәрбие үрдістерінде қолдануға болады, тәжірибелік сабақтарда  зерттеу әдістері мен тәсілдері мысал және үлгі ретінде ұстанымға жарайды. Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармалаына қызығушылық білдіргенерге қосымша материал бола алады.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Кіріспе, төрт тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі, қосымша материалдардан тұрады.

1. Ж. Аймауытұлы  – ғалым, психолог

 

1.1 Ж.Аймауытовтың  өмір жолы мен төл туындылары

 

Аймауытов Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетің қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Жүсіпбек жастайынан арабша хат танып, оқу үйренген. 1907 жылдан бастап Баянауылдағы орысша-қазақша  екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.

1911—1914 ж.ж. ауылда мұғалім  болып істейді. 1914 жылы Семейдегі  оқытушылар семинариясына қабылданады.  Оны 1918 жылы аяқтап шығады. Мұнан  соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ.Сәтбаевпен, М.Әуезовпен танысады.

Кейін Алаш ордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919). Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы  съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады(1920). Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі(1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы қызметін атқарады [1].

Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ  жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.

1929 жылы басталған  кеңестік қуғын-сүргін кезінде  Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен  байланысы бар деген жаламен  тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін  1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған.

Ж.Аймауытов қаламынан  туған мол мұраны М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғалымдары  жинастырып, ғылыми зердеден өткізіп, 1996-1999 жылдары бес том етіп жарыққа  шығарды. Сөйтіп, қазақ оқырманы әйгілі суреткердің шығармаларымен арада 60 жылдан астам уақыт өткенде қайта табысты.

Жүсіпбек аз ғана ғұмырында  әдебиеттің әр түрлі жанрларында  өнімді еңбек етіп, қүнарлы шығармалар қалдырған. Бес томдық шығармалар жинағында  оның өлеңдері мен «Нұр күйі» поэмасы, «Рабиға», «Мансап қорлар», «Сылаң қыз», «Ел қорғаны», «Қанапия Шәрбану», «Шернияз» атты пьесалары, көптеген әңгімелері мен «Қартқожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі, балаларға арналған ертектері, сын мақалалары мен аудармалары енген.

Бұлардың сыртында «Тәрбиеге жетекші» (1924 ж.), «Психология» (1926 ж.), «Жан жүйесі және өнер таңдау» (1926 ж.), т.б. ірі ғылыми еңбектері бар.

Жүсіпбек Аймауытов  қаламынан туған мұралардың қай  қайсысы да оның кесек дарын иесі екендігінің, гуманист суреткерлігінің, жалтақсыз ұлтжандылығының жарқын айғағы. Оның шығармалары өзі ғұмыр кешкен заманның, өзі араласқан қоғамның мұқтажын өтеуге, оның ақ қарасын парықтауға арналған. Сөйте тұра көркемдік тегеуріннің қуаттылығы, идеялық ұстанымдарының сонылығы, сөз қолданудағы шеберлігі Ж.Аймауытов                 шығармаларының өміршеңдігіне кепіл болмақ.

Аймауытовтың әдебиетпен әуестенуі 1910 жылы басталады. Оның алғашқы  өлеңдері мен әңгімелері, мақалалары «Қазақ», «Сарыарқа» газеттерінде, «Абай» журналында жарияланып тұрады. 20-жылдар ішінде республикалық газет-журналдар бетінде шығармалары көп басылған. «Қартқожа» романы (1926), «Ел қорғаны» (1925), «Мансапқорлар» (1925), «Қанапия мен Шәрбану» (1926), «Шернияз» (1926) пьесалары, «Нұр күйі» поэмасы (1929) және бір топ аударма кітаптары жарық көрген. Аймауытовтың жаңа дәуірдегі қазақ прозасын, әсіресе, роман жанрын бастаушы есебіндегі орны үлкен [2].

Жүсіпбек Аймауытов  — өз дәуірінің келелі мәселелерін  көтерген көптеген мәнді мақалалардың авторы. Кезінде "Абай" журналында, басқа да басылымдарда жарияланған мақалаларында ол аласапыран өзгерістер заманының шындығын насихаттауға ұмтылды. Сонымен бірге, әдебиет мәселелері төңірегіндегі мәселелерді қозғап, бірқатар әдеби-сын мақалалар жазды. 1918 жылы М. Әуезовпен бірігіп жазған "Абайдан соңғы ақындар", 1923 жылы жазған "Мағжанның ақындығы туралы", 1925 жылы жазылған "Сұңқар жыры", "Аударма туралы" атты мақалалары арқылы ол әдебиет сыншысы ретінде танылды. Оларда Жүсіпбектің әдеби шығарманы жазушы өмір сүрген дәуірмен, тарихи кезең ерекшеліктерімен байланыстыра отырып талдау шеберлігі айқын байқалады.

Әдеби сын мақалар, публицистикалық  еңбектер, аудармаларды былай қойғанда, Жүсіпбек таза ғылым саласына, оның ішінде педагогика, психологияға арналған күрделі, маңызды, терең еңбектер берген көшпелі ғалым, білікті зерттеуші. Бұл ретте әсіресе «Психология» кітабын ерекше бөліп айтуға болды. Оны екі бөлімнен тұратын оқу құралы үлгісінде жасалған бұл зерттеу – қазақ тіліндегі осы бағыттағы алғашқы жемісті ізденістердің, олжалы табыстардың қатарына жатады.

Ғалым дін тарихына,  пәлсапа тарихына терең бойлай отырып, көптеген мысалдар деректер келтіріп, сан алуан оқымыстылар туындыларына сүйеніп, кейде келісіп, кейде келіспей, психология ғылымының пәнін, зерттеу  объектісін анықтайды, жан, дене, сана, ой, ақыл, сезім, қиял, түйсік, қайрат, серпіоіс, ынта, қабілет т.б. ұғымдардың мәнін ашады. Адамның дене мүшелері, олардың физиологиялық қызметі, жүйке жүйесі, ми –ж ұлын әрекеті жан-жақты нақты тәжірбиеден алынған мысалдар арқылы көрсетілген.

Психологияның сан алуан  түрлерін айта келе, дәлді зерттеу  үшін бақылаудың, анкетаның, сұраудың, материалдық тәсілдердің атқаратын  қызметі ашылады. Шіміркеніс, серпіліс, рефлекция ұғымдары акдемик И. П. Павлов іліміне орайлас талданады. Адам мінезін анықтауда ым, жүз  құбылысы,  көз әлпеті, бет әлпеті, қол, саусақ қимылы ерекше ескеріледі. Ой мен сөз, ұғым мен тіл, тұжырым, пайымдау түрлері, еркіндік кездейсоқтық, түс көру, гипноз, жадылау -  осы алуандас күрделі психологиялық, пәлсапалық проблемаларға озық ғылым тұрғысынан тиянақты жауаптар берілді. Жағырапиялық орта, тұлғаның әлеуметтік қалпы, таптар, ұлттар психологиясы, фольклордың, мәдениеттің адамдар санасына әсері деген мәселер көтерілді.  Платон, Аристотель, Мұхамед, Кант, Лонк, Павлов, Руссо, Ньютон, Абай – осы секілді тарихи тұлғалар, ғалымдар, зерттеушілер пікірлері үнемі ескеріліп отырды.

Екінші ғылыми еңбек  « Жан жүйесі мен өнер таңдау» ( 1926) деп аталды. Мұнда ең алдымен  адам қабілетінің табиғаты зерттеледі. « Ол (адам) туыла белгілі бір  өнерге бейім болып келеді, басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап, ыңғайлы қабілет зеректігі болады, мәселен, біреу әскерлікке, не жазушылыққа, болмаса дәрігерлікке. Яки саудаға, біреу даулы сөзге ыңғайланып жаралады» - деген оймен көптеген мысалдармен, деректермен, тұжырымдамалармен дәлелдеп береді. Барлық мамандықтың қажеттілігін айта келіп, табиғи икемділік, қабілетке, оның биологиялық, табиғи негізіне ерекше көңіл бөледі [3].

Зерттеуші адам мінездерін бірнеше топқа бөледі, олар:

1) күйгелек;

2) аяныш жанды;

3) ыстық қанды;

4) салқын қанды;

5) қызбалы;

6) құмартпалы;

7) ұйтқымалы;

8) сарыуайымшыл. Бұлардың  әрқайсысының психологиялық ерекшеліктерін  көрсетіп, қандай қызметке бейім  болатынын анықтайды.

Адам қабілеттерін айқындау үшін, кәсіптік бағдар беру мақсатымен Англия, Германия, Шотландия, Американың әйгілі университеттерінде жасалған тәжірибелер, түрлі бақылау әдістері, анкета, сұрау мүмкіндіктері көрсетіледі. Қабілеттің айқындалып ашылуына отбасы, мектеп, қоршаған әлеуметтік орта ықпалы орасан зор. Бұл орайда ғалым материалистік дүниетаным тұрғысынан тұжырым жасайды. Ғалым негізгі ойларын тұжырымдай келіп: «Алтын кездік қын түбінде жатпайды» деген мақал бар. Ол рас,  алтын кездік – озат талант, көптің бәрі талант емес. Өмірде озат адам сирек, әлеумет өзі атқарып тауып алмаса, талай күміс, талай құрыш кездік қап түбінде жатап қалуы анық», - деп адам тәрбиелеуде, маман шығаруда жетекші ролді қоғамдық факторлар атқаратынына да ден қояды.

Сонымен, еліміздің тәуелсіздік  алуының арқасында кезінде отаршыл сұрқия саясаттың құрбаны болған есір еріміз, қазақ халқының ұлы перзенттерінің бірі Аймауытұлы Жүсіпбектің «Психология» аталатын құнды туындысы өз оқырманымен қайта табысып, қазақтың жан  туралы ұғымына өз ана тілінде зор үлес қосқан еңбектің бірі.

Ж.Аймауытов – бүкіл бітім табиғатымен, бар икемділігімен, алған мамандығымен, істеген қызметімен негізінен ұстаз адамы. Ол жасынаан-ақ ескіше білім алып, молдалық еткен. 1908 – 1910 жылдары бай-манап, барларға жалданып балаоқытқан. Кейінірек Семейдегі мұғалімдер семинариясын бітірген. Оқып жүріп те, жазғы демалыс айларында елге келіп те ұстаздық еткен.

1920 жылы Жүсіпбек Қазақстанның  үкімет құрамына еніп, Орынборға  шақыртылған («Қазақ тілі» газеті, 25.10.20.). Оқу – ағарту халық комиссары   А.Байтұрсыновтың орынбасарыболып істеген.  1922 – 1923 жылдары Қарқаралы  мектептерінде үлгілі мұғалім болып танылған. 1924 жылы ол Ташкентке келіп, Қазақ институтында ұстаздық еткен. Келесі жылы Орынбордағы Қазақстан Атқару Комитеті атындағы әскери қызметкерлер даярлайтын мектепте сабақ береді. («Лениншіл жас» журналы, №7,1925).

Ұстаздық етуде, педагогика, психологиядан дәріс беруде, жоғарыда аталғандай оқу құралдарын жазу барысында  Ж.Аймауытов өз ұлтының салт –  санасын үңіле зерттеген. Ел ішіне  сіңірген әдет-дағдыларға сын тұрғыдан қараған.сонда олардың жөндісі де, жөнсізі де, естісі де, есірі де барына көз жеткізген. Жөн – жосыққа, адамгершілікке сыйымдыларын, өмір – тіршіліке тиімділерін заң ретінде, мораль ретінде, күрес құрал ретінде де айдаланған. Бұған бір ғана дәлел келтірейік. 1921 – 1922 жылдары Жүсіпбек Аймауытов аштараға жәрдем ұйымдастыру ісімен де айналысты.

Совет өкіметінің алғашқы  жылдарында, жаңа мен ескі арасындағы идеология саласындағы күресте  жастар санасы, астар көзқарасы үшін талас күшті жүрді. Адам жаны үшін бұл күреске ұстаз Ж. Аймауытұлы батыл араласты. Ол ерте-ақ жастарды еңбекші елге қызмет етуге, жоқ – жұқаналарға қамқор, дос –жарандарға адал болуға шақырған [4].

Ж. Аймауытов – жастар жанашыры, балалар тәрбиешісі ғана емес, жалпы елдің дежалықпаған ұстазы. Ол қоғамдағы кесір – кесапаттан тазартып, адам рухын биіктету жолында сатира қаруында қажетіне жаратқан. Пайдалана білмесе қолды кесіп кететін, екі жағыда өткір жүзді пышақтай бл құралды қолдануда аузына жанына әрін қаратқан. «Сегіз қырлв, бір сырлы» Жүсіпбектің қызық қыры да – осы сықақшылдығы.

Әдетте өмір ауыртпалығы, тұрмыс тақсіреті, асқа түскен қиындықтар адамның жан жүйесіне әсер етеді, оның сезімін қозғайды, буырқандырады, брсандырады. Бүкіл жан-тәнімен тебірентіп, оны не адуынды ақын етеді, не шиыршық атқан, кеудесін кек кернеген, кесіп түсер сатирик етеді. Жүсіпбектің де сықақшылдық қырын қалыптастырған - өмір қиыншылығы, тұрмыс тапшылығы, езілген етікшілік, жарымаған жалшылық.

 

 

1.2 Ж. Аймауытовтың  педагогикаға қосқан үлесі

 

Ж. Аймауытов «Ұзақ жылдар бойы  ұлтшылдық» әдебиеттің өкілі деген айып тағылып, жазықсыз жапа шеккен, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің көрнекті қайраткерлерінің бірі Ж. Аймауытов жазушылығымен қоса қазақ топырағында тұңғыш педагогика, психологая, көркемөнер ғылымдары саласында қалам тартып, құнды -құнды ғылыми - зерттеу еңбектерін жазуымен бірнеше оқулықтар мен оқу құралдарының авторы болуымен дараланған ірі тұлға.

1911—1914 жылдар арасында Баянауылда бала оқытады, кейінгі жылдары әр түрлі қызмет атқарады. Осы жылдары бала оқыту арқылы қазақтың бала  тәрбиесінде оның ілімінің әлі де толық жетілмегеніне көз жеткізген қазақ ағартушы Ж.Аймауытов Абайдың еңбектері арқылы бала тәрбиесіне оқу – ағарту саласына еңбек етуді мақсат етеді.

Қазақтың  көрнекті ағартушыларының бірі Ж. Аймауытов өзінің тәлім-тәрбие саласындағы бағыт-бағдарын 1918 жылы ақпан айында Семей қаласында шыққан әдеби және ғылыми-қоғамдық «Абай» атты журналдың бас мақаласынан аңғартады. Онда Аймауытов: «...Қазақ сахарасында ммен жалғыз алынып, жапа шеккен ұлы ағартушы Абайдың көздеген мақсаты халқын өнер-білімге, оқуға, отырықшылыққа, мәдениетті ел дәрежесіне жеткізу еді»— деп жазады. Ол Абай ұстаған ағартушылдық жолды тыныс-тіршілігінің негізгі арқауы етіп алады.                                      

Осы журналдың 1918 жылғы 1 – 2  басылымдарында Аймауытовтың «Тәрбие» атты келесі мақаласында тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер ғылыми тұрғыдан терең баяндалған.                                                                   .

Мақала  «Адам мен хайуанның өмір сүруінің айырмашылықтарын көрсете келіп адамдық қасиет саналы өмір сүру, қауым болып бірлесіп, тіршілік ету» дейді. Ол сондай-ақ адамның қоғамдық еңбегінің жемісті, нәтижелі болуы тәрбиеге байланысты», деп қорытынды жасайды. Ғалым өзінің осы тұжырымын ертедегі римдіктер, афиндіктер өмірінен мысалдар келтіріп дәлелдейді.

 Ж. Аймауытов «Адам мінезінің, ақыл-қайратының әр түрлі болуы тәрбиешінің түрлі-түрлі болуынан... Адам баласының ұрлық істеуі, өтірік айтуы, кісі тонауы, өлтіруі сықылды бұзақылықтарды жасауы, тәрбиенің жетіспегендігінен» дейді. Ол тәрбиенің екі түрлі болатынын: дене тәрбиесі және жан (рух) тәрбиесі болып бөлінетіндігін  атап көрсетеді.                              

Аймауытов  балаға  әсер  ететің нәрсе медрес мектеп және тәрбиеші (мұғалім) деп санайды. Кейде – деп жазды ол,— белгісіз себептермен күшті ықпал ететін, әсер туғызатын жағдайлардың да болуы мүмкін. Ол замандастары (құрбы-құрдастары), туған аулы, өскен ортасы, оның діні, тілі және басқа да нәрселер» деп, тәрбие мәселесіне ықпал ететін факторларды тізбектеп талдайды.                                                                                     Ж. Аймауытов ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының рөліне ерекше тоқталады. «Баланы бұзуға, яки түзеуге себеп болатын бір шарт жас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке-шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Ата-ананың берген тәрбиесі баланың мінезіне салған ізге байланысты. «Ұяда нені көрсе, ұшқанда соны  іледі» деп атамыз қазақ тауып айтқан. Балаға қайырымдылықты, қаталдықты, кішіпейілдікті, күйгелектікті, шыншылдықты, өтірікшілдікті беретін кім? Ол, әрине, ата-ананың тәрбиесі. Баланың бойыңа басынан сіңген мінез- құлықты қайта түзету  қиындық келтіреді «Сүтпен сіңген мінез сүйекпен кетеді деген сөз ата-ана тәрбиесінің күштілігін көрсетеді...»—деп Ж.Аймауытов бала мінезін қалыптастырудағы жанұя мүшелерінің, әсіресе әке-шешенің ықпалын айқын ашып берді. Ол бала мінезін жас шыбыққа теңейді. Жас кезінде  дұрыс тәрбие  алмаған бала  өскенде қисық ағаш сияқты  болып  өсетінін,  отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінін айтады [5].

Ж. Аймауытов өнегелі үйелменнен бұзық мінезді баланың шығуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен ортанын, замандас, жолдас-жора, құрбы-құрдастың ықпалынан, соларға еліктеуден болатынын дәлелдейді.

Тәлімгер - ғалым    бала тәрбиесіне   туған елдің әдет-ғұрпы мен салт-санасының да белгілі мөлшерде әсер ететінін ғылыми   тұрғыдан дәлелдей түскен.

Ойын-сауық, өлең-жырды естіп өскен елдің баласы өнерге бейім болады, діндар елдің баласы діншіл келеді. Жастайынан кемдік, жоқшылық, қағажу көріп өскен ауылдың баласы  жасқаншақ, бұйығы болады —деп қоғамдық салт-сана, әдет-ғұрыптың тәрбиеге тигізетін ықпалына тоқталады.

Ж. Аймауытов   «Тәрбиенің негізгі   мақсаты мінез – құлықты түзеу, адамшылыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу» деген қағиданы қуаттай келіп, баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуларын қалайды.

Себебі бала айтып ұқтырғаннан  гөрі, көргеніне көп еліктегісі келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек»—дейді.

Ж.Аймауытов сол кездері орыс оқымыстыларының тәрбие жөніндегі еңбектерімен адам тәрбиесіне қоршаған ортаның әсері жөнінде жақсы таныс болуы ықтимал. Өйткені оның жазбаларынан орыс жазушысы Л.Н.Толстойдың «Тәрбие дегеніміз бір адамның екінші адамға жасайтын ықпалы» немесе заңғар педагог А. С. Макаренконың  “Адамдарды қоршаған орта тәрбиелейді. Адамдар тұтыну заттары, табиғи құбылыс т. б. бәрі тәрбиеге белгілі әсерін тигізеді. Соның ішінде ең әсерлісі адамдардың қарым-қатынасы, әсіресе ата-аналар мен ұстаздардың ықпалы ерекше. Анағұрлым қиын тиетін қайта тәрбиелеу жұмысына оралмау үшін әуелде дұрыс тәрбие беруге тырысу керек» деген секілді таныс пікірлер жиі ұшырасады.

Мақаласының соңында адамның тән сырқатын емдейтін дәрігер мамандығы мен адам жанын сауыктыратын, ақыл-есін, мінез-құлқын тәрбиелеп жетілдіретін тәрбиеші - ұстаз еңбегін салыстыра отырып, бұл екі мамандықтын да, тәні сау, рухани байлығы мол, жан-жақты жетілген абзал жанды, сергек қоғам мүшелерін тәрбиелеудегі өлшеусіз мол еңбегінің маңыздылығын өте орынды атып өткен.

Ж.Аймауытов    педагогика   ғылымы   саласындағы жүйелі ой-пікірлері оның 1924 жылы Орынборда басылған «Тәрбиеші жетекші» атты еңбегінен жақсы байқалады. Бұл еңбекте Аймауытов «Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын  баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін таңдап,  білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың   негізгі   бөлімі — дидактикаға  ғылыми  анықтама берген. Ғалымның (Ж. Аймауытовтың) пікірінше:  "Мұғалімнің айналысатыны — үнемі қозғалып,   өзгеріп, өсетін,   өркендейтін тірі   адам (тұлға) болғандықтан, біркелкі әдіске табан тіреп шектеліп қалуға болмайды... Сабақ беру үйреншікті жай шеберлік емес, ол үнемі жаңадан жаңаны табатын (туындайтын) өнер» деп тұжырымдайды.

Дидактика мұғалімге жалпы жол-жоба көрсетіп, жетекшілік етеді, сыннан өткен  тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды—  деп оқыту, білім беру әдісінің қатып-семіп  қалған   догма емес,   үнемі  ізденуден   туатын іс-әрекет  екенін дұрыс атап өтеді.                                          

Ж. Аймауытовтың бұл пікірі қазіргі  қазақ педагогикасын оқытудың мазмұнын қайта құру жөнін жалпы орта білім беру тұжырымдамасында айтылған педагогикалық процестің сапасын көтерудің маңызды бағыты—сабақты өткізу тәсілдерін одан әрі жетілдіру. "Балаларды оқыту мен тәрбиелеуді жетілдіру үшін мұғалімнің ұстаздық шеберлігі жоғары болуы және оның профессионалдық еркіндікке ие болуы керек" деген идеямен астарласып жатқанын байқау қиын емес. Ғалым білім алуды күнделікті өмір тәжірибесімен ұштастыра білудің қажеттігін, мектепте алған білімнің келешек өмірдегі мамандыққа қазық болатынын жақсы айтқан.

Ж. Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгерілетінін айта келе: «Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерді түсінуі мүмкін емес Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы болып, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жүректің терең сырларын басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы мол халықтың тілі»—деп оның қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бар рухани-мәдени байлықты меңгерудің басты құралы екендігін, оны жан-жақты және терең меңгерудің кажеттігін баса көрсетеді. Бұл пікірдің ұлт тілінің абыройын көтеру жөніндегі бүгіндер жүргізіліп жатқан шаралармен үндес, өзінің актуальдылығын жоймаған, жаңара-жандана түскенін дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат.

Тәлімгер-ғалым баланың тіл байлығын арттырудың, еркін сөйлей білу мен оның ой-өрісін өрістетуге ерекше көңіл бөлудің, өзге пәндерді оқыту кезіңде де олардың тіл үйренуге деген ықыласын арттыру жағын қарастырудың тиімділігін айта келе, пәнаралық байланысты күшейтіп, ғылым-білімдердің бір-бірімен тығыз бірлікте интеграциялау арқылы оқытудың қажеттігіне тоқталады.

Адамның жан қуаттарының өсіп-жетілуіне тарих пәнінің алатын орнын былайша сыпаттайды: «Осы заманғы ғылымның көбі тарихпен тікелей байланыста жатыр. Тұрмыс жүйесі, әлеумет заңы", заң, пәлсафа, әдебиет, мәдениет, өнер — бәрі тарихтан туындайды. Әр ғылымның тарихы бар. Осы тарихтың бәрі —жалпы азамат тарихымен байланысты». «Тарихты оқып білу арқылы шәкірттерге қазіргі өмір мен өткен заманның байланыс заңдылықтарын ажырата білерлік сана туғызамыз»,— дейді.

Ж. Аймауытов   «тарихты оқытуды   қай сыныптардан бастау керек?» деген мәселесіне талдау жасап, тарихи мағұлматтар балалар әр тараудан білім алып, әзірленгенен кейін жазуға, оқуға әбден төселген соң, тарихи жеңіл әңгімелерді ұғынып айтып берерлік дәрежеге жеткен кезде, төңіректегі тұрмыс пен табиғаттан, геогрофиядан тәуір білім алғаннан кейін үйретілетін болсын дейді. Осы пәнді тарихи әңгімелер есебінде 4- сыныптан бастап оқыту дұрыс деген тұжырымды қуаттайды.

Мектепте  «қандай тарихтың түрін оқытуды  алғаш қолға алу керек?»   деген мәселені   сөз етеді де, «Бірден жалпы тарихты немесе КСРО тарихын оқытудан гөрі алдымен балалардың өздеріне күнделікті өмірден жақсы таныс   өз жұртының   тұрмыс-салты, тыныс - тіршілігмен   байланысты тарихын   оқытудан бастаған жөнг басқа жұрттың   тарихынан жергілікті тарихқа керекті, һәм қазіргі заманға   қатысы бар   жерлерін ғана алу керек»,— деп тұжырымдайды [6].

Ж. Аймауытов бөтен жұрттың   тұрмысында өзгешелік,   жаттық бар:    киімі, ойы, әдет-ғұрпы, кәсібі, өнері   балаларға жаттық етеді,   оны ұғыну бірден   қиындық   келтіреді,— деп өз пікірін дәлелдей түседі.   Ж. Аймауытов   осы еңбегінде   туған өлкені геогрофиясын   оның тарихынан   бөлек қарауға болмайтынын да айтқан.

Осы орайда қазіргі заманғы ғалымдардың  пікірінше ерте   замандағы «половец», «печенег» тәрізді көшпелі жұрттың шаруашылығы мен тұрмысын білуде геогрофия пәні үлкен рөл атқарады дей келіп, оны қазақ халқының ертедегі тарихымен байланыстыра жүргізуді меңзейді.    

Көшпеді жұрттың өткендегі салт-сана, әдет-ғұрпы, шаруашылық кәсібі және мәдени өмірінен хабардар болу үшін 4 - сыныпта әдебиетті, тарихты және геогрофияны біріктіріп яғни интеграциялап «Біздің Отан» деген атпен оқыту қажет деген пікір ұсынады.

Ж. Аймауытовтың бұдан 82 жыл бұрын айтқан осы пікірлері бүгінгі жалпы орта білім беру жүйесіне  де терең өзгерістер енгізуді ұсынып отырған ұлт мектептерінің тұжырымдамасында айтылғандай білімді әрмен қарай интеграциялап оны гуманизм идеясымен нәрлендіре берудің принципіне дәлме-дәл келіп отыр. Әрине, осы айтылғандар ұлт мектептерінде оқылатын пәндерге жаңа бағдарлама мен оқулықтар жасауда шешімін табуға тиіс.

Ж. Аймауытов адам баласының мәдениет тарихынан өнердің көрнекті орын алып келгенін   өнерсіз қоғамның дамуы, рухани байлықтың молаюы мүмкін емес екендігіне тоқталып, ұлт мектептерінде әуелі кескін эддо

әуез өнерін яғни сурет салу, ән-күй өнерін үйретуге негіз салу керектігін, әрбір баланың өнерге деген ынтасын қозғап, өнерпаздық қабілетін тәрбиелеудің қажеттін баса айтады.                                                       

«Білімге деген ынталанушылық,—  деп жазды ол,— адам бойындағы ой еңбегі күшінің қайнар көзі, сондай көздерді көбірек ашу, бөгетсіз саулатып ағызу, көркемдету өнері — мұғалімнің бойына біткен қасиеті болуы керек». Сондықтан тәжірбиелі мұғалім, сабақ беру процесінде қызықты мағлұматтармен балаларды шабыттандырып, олардың ынта-ықыласын, зейін-зердесін білімін меңгеруге бағыштау үшін төмендегі шарттдарды орындауы тиіс. Олар:

Ж. Аймауытовтың психология ғылымындағы