Жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ……………………………………………………………
1 ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.................
1.1 Жоғарғы сынып оқушыларының
тұлғалық ерекшеліктері........
1.2 Жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік
ерекшеліктері.................
1.3 Жоғарғы сынып оқушыларының
қарым-қатынас ерекшеліктері...
1.4 Теориялық бөлім бойынша
2 ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ……………………
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы
мен міндеттері................
2.2 Таңдау тобына мінездеме.......
2.3 Әдістемелердің сипаттамасы мен
қолдану аясы ..............................
2.4 Зерттеу нәтижелерін сандық
және сапалық талдау...........
2.5 Эксперименттік бөлім
бойынша тұжырым...............
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ........................
ҚОСЫМША
Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынасының гендерлік ерекшеліктері
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саладағы алдыңғы қатарлы бағыттардың бірі болып гендерлік сұрақтардың шешімі табылады. 2005 жылы «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдары гендерлік теңдік Стратегиясын бекіту туралы» қаулы қабылданды. Бұл заң төңірегінде мемлекет өзіне гендерлік теңдікті, әйелдер мен ерлердің мінез-құлықтарының ерекшеліктерін есепке ала отырып, екі жыныс өкілдерінің тең құқықтарын бақылау қызметін жүктеді. Гендерлік психология саласындағы зерттеулер осы саладағы мәселелерді сәтті шешудің міндетті шарты болып табылады және әйелдер мен ерлер арасындағы қарым-қатынас пен түсінісушіліктің деңгейін арттыруға көмек бере алады.
Жыныс – адам идентификациясын анықтайтын алғашқы категориялардың бірі. Психология саласында гендерлік мәселелермен шетел және отандық ғалымдар айналысады, олардың қатарынан Ш. Бернді , Е. Maccoby и C. Jacklin, S. Bem, Т. Бендасты, И.С. Клёцинаны, И. С. Конды, В. Е. Каганды, Е. П. Ильинді және т.б. атап өтуге болады. Жыныстық идентификация адамның өзіндік санасының қалыптауындағы маңызды негіз болып табылады.
Гендерлік ерекшеліктерді жас шамасы тұрғысынан қарастыру қызық және өзекті мәселе екндігін анықтайды, әсіресе, жасөспірім және ерте жастық шақ кезеңдерінде (14-17 жас). Э. Шпрангердің, В. В. Зеньковскийдің, Ш. Бюлердің, Г. Гецердің, Э. Штерннің, Э. Эриксонның, Ж. Пиаженің, Л.С. Выготскийдің, Д.Б. Элькониннің, Л.И. Божовичтің, И.С. Конның, Л.С. Пилипчуктың, С.Б. Елубаеваның, С.Ж. Өмірбеканың, Ж.Ж Бейсенованың, А.У. Ескендірованың көптеген зерттеулерінде тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үшін осы жас кезеңдерінің маңыздылығы ерекше аталады.
Психологтар, жоғарғы сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу барысында тұлғаның қалыптасуы үшін қарым-қатынастың маңызды екендігін аңғарған. Жасөспірімнің макро- және микросоциуммен әрекеттесу саласында байқалатын қарым-қатынас ерекшеліктері мен қақтығыстар қарым-қатынастың тиімдігін төмендетеді және тұлғаның өзіне қолайсыз әсер етуі мүмкін. Жас жігіттер мен қыздардың қарым-қатынас ерекшеліктерінің осы зерттеулері тұлғааралық қарым-қатынастарындағы толеранттық тәрбиесі мен девиантты мінез-құлықтарының алдын алудың негізі бола алады.
Осы зерттеудің өзектілігі, бір жағынан, жоғары сынып оқушыларының арасындағы тұлғааралық қарым-қатынастың гендерлік зерттеулерінің қажеттілігімен, екінші жағынан, осы сұрақтың қазіргі замандағы жас жігіттер мен қыздарға қатысты жеткілікті зерттелмегендігімен шартталады. Ғылыми әдебиетте сипатталған теориялық және эмпирикалық зерттеулер негізінде 5-8 жылдан бұрын жүргізілген. Алайда, қазіргі уақытта гендерлік стереотиптердің түрленуін байқауға болады, себебі әйел адамдардың арасынан өзіне өзге жауапкершілікті жүктейтіндер саны күннен күнге көбеюде. Көптеген мәдениеттерде ұзақ мерзім бойы тек ерлерге ғана тән болып есептелетін бұл рөлдер енді әйел затына да тән болып дамуда. Өз кезегінде дәстүрлі гендерлік нормаларға сәйкес тек әйел затына жақын болып келген, эмоционалдық-экспрессиялық рөлдерді енді ерлер де игеруге тырысуда. Біздің жүргізген зерттеуіміз осы сұрақ бойынша жинақталған қорды белгілі деңгейде толықтыруға және кеңейтуге бағытталған.
Зерттеудің мақсаты – жоғары сынып оқушыларының мінез-құлықтарындағы гендерлік ерекшеліктерінің теориялық-эмпирикалық талдауын жүргізу.
Міндеттер:
- Қарастырылатын мәселе бойынша теориялық және тәжірибелік көзқарастарды зерттеу;
- Жас жігіттер мен бойжеткен қыздар арасындағы қарым-қатынастарының салыстырмалы талдауын жүргізу;
- Жоғары сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайларындағы гендердің әсерін анықтау және сипаттау.
Зерттеу объектісі болып жоғары сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері табылады (жоғары жас өспірім және ерте жастық жақ кезеңі, 14-17 жас).
Зерттеу пәні – гендерлік ерекшеліктерге байланысты қарым-қатынас ерекшеліктері.
Зерттеу болжамдары:
- Жастық шақ кезеңіндегі жігіттер мен қыздар арасындағы қарым-қатынас әдісінде конфликтілік жағдайлар мен агрессивтілік таныту ерекшеліктерінің айырмашылықтары бар.
- Гендерлік ерекшеліктер (психологиялық жыныс) мен қарым-қатынас сипаттарының (конфликтілік жағдайлардағы мінез-құлық стилі мен агрессивтілік танытуының) арасында байланыс бар.
- Конфликтілік жағдайдағы қарым-қатынас, агрессиялық таныту ерекшеліктері мен биологиялық жыныс арасында байланыс бар.
Зерттеу әдістері. Нәтижелердің растылығы сенімді және валидті әдістемелердің таңдалуымен, сонымен қатар математикалық статистика әдістерінің қолданылуымен қамтамасыз етіледі. Өңдеу Exсell бағдарламасының көмегімен жүргізілді. Алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді шешу үшін және болжамдарды тексеру үшін таңдалды:
- Л.Н. Собчиктің Жеке-типологиялық сұрақнамасы (жасөспірімдерге арналған нұсқасы);
- Агрессивтілікті зерттеуге арналған А. Басс және А. Дарки сұрақнамасы;
- Конфликтілік жағдайлардағы қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтауға арналған К. Томас және Р. Килмен сұрақнамасы;
- Психологиялық жыныс диагностикасына арналған С. Беем сұрақнамасы.
Зерттеудің жаңалығы болып жоғарғы сынып оқушыларының қарым-қатынас жағдайындағы гендерлік ерекшеліктерді қазақ тілінде зерттеу алғашқы рет жүргізіліп отырғаны табылады, сонымен қатар әдістемелер қаза тіліне аударылды және бейімделді. Бұл зерттеу қазіргі заманның жоғарғы сынып оқушыларының гендерлік ерекшеліктерін өткен он жылдық зерттеулерімен (20 ғасырдың 80-90 жылдары) салыстырмалы түрде динамикасын анықтауға мүмкіндік берді, себебі бұл жылдар аралығында қоғамда өмірдің барлық жақтарына әсер еткен елеулі өзгерістер болды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Алынған нәтижелерді тәрбиелік және психологиялық жұмыс барысында, қарым-қатынас дағдыларын, мінез-құлық толеранттығын қалыптастыру үшін және жоғарғы сынып оқушыларының арасындағы конфликтілік жағдайларды шешу және алдын алу барысында тренинг жүргізу үшін қолдануға болады.
Бірінші тарауды аяқтай келе, біз келесі қорытындылар жасай аламыз:
- Тұлғаның және өзіндік сананың қалыптасуы үшін ерте жасөспірім кезеңі маңызды болып табылады. Жоғары сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін зерттеу олардың тәрбиесі мен оқытуы үшін негіз болып табылады;
- Қазіргі уақыттағы осы зерттеулер гендерлік мінез-құлықтың дәстүрлі стереотиптері (феминистік және маскулиндік қасиеттер) және ерлер мен әйелдердің нақты мінез құлықтары туралы көзқарастар арасында қарама-қайшылықтар туындайтынының айғағы болып табылады ;
- Әсіресе, конфликтілік жағдайлардағы қарым-қатынастың гендерлік ерекшеліктерін зерттеу маңызды болып отыр. Ерлер мен әйелдердің мінез-құлықтарының арасындағы дифференциалды айырмашылықтар саласындағы көптеген зерттеулерге қарамастан, жасөспірімдік және жастық шақ кезеңінің зерттеулері жеткіліксіз екендігі анықталып отыр.
- Конфликтілік жағдайлардағы қарым-қатынаста агрессивтілік ерекше орынға ие болады.
Осы қорытындылар біздің эмпирикалық зерттеуіміздің негізін құрайды және әдістемелер таңдауымызға әсер етті.
ЖОҒАРҒЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ГЕНДЕРЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1.1 Жоғарғы сынып оқушыларының тұлғалық ерекшеліктері
Жоғарғы сынып оқушыларын, яғни жасөспірімдерді көптеген әдебиеттерде «қиын», «өзгеру», «ауысу жасы» деп атайды. Олай деп бағалайтыны, біріншіден, бұрынғы кездегі психикасы, мінез-құлқы өзгеріп, соның негізінде жаңа қасиеттер пайда болатынынан, кейде мұндай өзгеріс аз уақыттың ішінде болуы мүмкін. Екіншіден, осындай психикалық құбылыстардың пайда болуынан бала қиналысқа ұшырайды, уайым шегеді, оның тәрбиеге келуіне бөгет жасайды. Мұндай үлкен өзгерістерді көптеген ғалымдар түрліше дәлелдейді. Жасөспірімдердің әлеуметтік жағдайда дамуы, балалық шақтан ерекшеленеді. Ол, сол отбасында, бұрынғы оқыған мектебінде және сол ортада өмір сүргеніме, жасөспірімнің саасында жаңа құндылықтар қалыптаса бастайды. Ол өзіне, отбасына және қоғамға қарқынды түрде әсер ете бастайды. Осы ғасырдың бас кезінде психолог З.Фрейд және Л.И.Божович жасөспірім үлкендердің қамқорлығына көнбейтін «өзім бәрін орындаймын» дейтінін жыныс қасиетінің салдарынан болатын санасыз әуесқойлық деп түсіндірді. Ал бұл пікірге кеңес психологтары мүлде қарсы болды. Жасөспірімдердің тәрбиеге көнгісі келмеуі - түпкілікті емес, уақытша кездесетін қасиеттің бірі. Қоғамдық ортаның жасөспірімдерді тәрбиелеуге ықпалы зор. Қоғам дамуының ерекшелігіне қарай жастарға қоятын талап үнемі өзгеріп отырады. Осы талапқа сай жасөспірім бала жасынан үлкендер жасына өтерде қоғам жағдайы оған түрліше әсер етіп, баланы әртүрлі фантастикалық іске ұмтылдырады. Мұндай уақытша келіспеушілікпен күресу мектептегі және үй – ішіндегі тәрбие жұмысының негізінде болады [14. 102 б.].
Л. Ф. Обухова психологиялық зерттеулерінде жасөспірім тұлғасының ерекшелігі психологиялық жаңа құрылымдардың түп тамыры, жеткіншек жаста қалыптасып қойған туындысы болып табылады. Өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлардың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады.
Э.Шпрангер жасөспірім жасының мәдени-психологиялық концепциясын ойлап шығарды. Шпрангер бойынша жасөспірімдік жас – мәдениентке кірігу кезеңі. «Жасөспірім психикасының дамуы, белгілі бір заманның объективті және нормативті атмосферасына кірігу» – деп жазды Шпрангер [3. 289 б.]
Ал, жасөспірімдік жас «толқын және тегеурін» кезеңі деген атауға өзі талдау жасай отырып, ересек жастың үш даму түрін атап көрсетті:
Бірінші түрі өткір, қарқынды, дағдарысты толқындармен сипатталады, яғни жастықтың екінші рет дүниеге келуі ретінде қарастырылып, нәтижесінде жаңа «Мен» пайда болады. Дамудың екінші түрінде жасөспірім ересектік өмірге өз тұлғасында ешқандай өзгеріссіз үйренісе бастайды яғни бұл кезең бар қалыпты, баяу өтеді. Ал үшінші түрі жасөспірімнің өзінің ішкі қорқыныштарын ерік-жігерімен жеңе отырып, белсенді және саналы түрде тәрбиеленуімен сипатталады. Бұл даму түрі өзін-өзі басқару және ұстай алу деңгейі жоғары адамдарға тән. Шпрангер бойынша аталмыш жастың негізгі жаңалықтары жаңа «Меннің» пайда болуы, рефлексияның қалыптасуы және жеке қасиеттердің сезінілуі. Психологияның негізгі мақсаты адамның ішкі дүниесін тану екендігін ескере отырып, Э.Шпрангер жасөспірім санасының, құндылықтар бағытының, өмірлік көзқарастарының жүйелі зерттелуіне бастау салды. Шпрангер адам өміріндегі ең басты қасіреттердің бірі махаббат және оның жасөспірім сонымен қатар ересек жаста пайда болатынын түсіндіруге тырысты. Ол махаббатқа екі жақты пікір айтты, яғни эротика және сексуалдылық деп қарастырып, екеуінің бір-біріне мүлде ұқсамайтын және әртүрлі психикаға тән екендігін атап көрсетті [3. 289-290 б.].
Пубертатты кезеңнің биологиялық мәні Ш.Бюлер еңбектерінде көрсетілген. Ш.Бюлер бойынша жасөспірім жас пубертат түсінігімен анықталады. Пубертатты кезең - адамның жыныс жағынан толық пісіп жетілуі. Алайда, бұл кезеңнен кейін физикалық даму белгілі бір уақыт көлемінде жалғасады. Ш.Бюлер бойынша пубертаттық кезеңге дейінгі уақыт балалық шақ, ал одан кейінгі кезең ересек кезең болып табылады. Адамда пісіп-жетілу фазасы ерекше психикалық құбылыстарда пайда болады және бұл феноменді Бюлер психикалық пубертаттық деп атайды. Психикалық пубертаттық физикалық жетілуге дейін жаршысы ретінде пайда болады және ұзақ уақытқа созылады.
Психикалық пубертаттық ерекше биологиялық қажеттілікпен тығыз байланысты, яғни толығу қажеттілігі. Ш.Бюлер бойынша жасөспірім жастың уайым-қайғысының негіздері адам өмірінің нақ осы кезеңінде жатыр. Ішкі және сыртқы қозулар жасөспірімді өзіне-өзі қанағаттанушылық және тыныштық жағдайынан алып шығарып, жаңа ізденістерге және басқа жыныспен жақындасуға талпындыруы керек. Жетілу кезеңінде құбылыстар адамды ізденімпаз, өзіне-өзі қанағаттанушылық күйге түсіріп, «Сенімен» кездесуге толығымен ашық болуы керек. Ш.Бюлер психикалық пубертатты денеліктен бөліп көрсетеді. Оның ойынша, мәдениеттің дамуымен психикалық пубертант ұзаққа созылуы мүмкін және нақты осы құбылыс өмірдегі қиыншылықтардың себебі болып табылады [3. 291 б.].
Физикалық пубертаттық ер балаларда орташа есеппен 14-16 жасында қыз балаларда 13-15 жас аралықтарында өтеді. Әрине қала және ауыл әртүрлі мемлекеттер арасында айырмашылықтар болады, сонымен қатар климат та әсерін тигізеді. Пубертаттықтың ең төменгі шегі 11 жас болса, ең жоғарғысы
18 жас. Егер де пубертанттық
кезең көрсетілген жас
келмесе, Ш.Бюлер бойынша патологиялық жағдайларға тап болу деген сөз
[3. 292 б.]. Өтпелі жастың психикалық белгілері өте ерте басталады. Бөлек, жеке белгілер 11-12 жастарда пайда болады: жасөспірімдер бұл кезеңде сотқар, бетімен кеткен болады, үлкендердің ойыны олар үшін түсініксіз болса, кішкентайлардың ойыны үшін өздерін үлкен санайды. Өздерін жоғары идеал ретінде көре алмайды, бірақ балалыққа да жатқыза алмайды. Ш.Бюлердің пайымдауынша бұл құбылыс психикалық пубертаттықтың алғашқы нышаны болып табылады. Бюлер бойынша белгіленген негативті фазаның негізгі белгілері: жоғары деңгейдегі сезгіштік және қозғыштық, мазасыз және тез қозатын жағдай, сонымен қатар физикалық және рухани тынышсыздық. Жоғарыда айтылғандардың барлығын ішінен өз орнын сотқарлық пен еркеліктен табады. Яғни өз-өздеріне қанағатсыз болса, қанағаттанбаушылықтары қоршаған ортаға өтеді [3. 292 б.].
Негативті фазаның жалғасу уақыты қыздарда 11-13 жаста болса, ер балаларда 14-16 жас аралықтарында өтеді. Негативті фазаның аяқталуы физикалық жетілудің бітуімен сипатталады. Әрине жалпы мазасыздық әлі де болса, өз күшінде болады, бірақ бұл дамуда күш, рухани және физикалық энергия, ересектікке өту үстінде болады. Осы жерде екінші позитивті фаза басталады.
Позитивті кезеңде жасөспірімнің осыған дейін қабылдамаған қуаныш көздері ашыла бастайды. Ең бірінші Ш.Бюлер табиғатты қабылдауды қояды,
яғни табиғатты ерекше керемет нәрсе ретінде саналы түрде басынан кешіру.
В.Штерн жасөспірімдік жасты тұлға қалыптасуындағы негізгі кезеңдердіңң бірі ретінде қарастырады. Тұлғаның қалыптасуы адамның мазасызданатын ең басты құндылыққа байланысты. Адамның басынан кешетін құндылықтар тұлғаның қандай тип болатына себепші болады. Штерн бұндай типтердің алты түрін бөліп көрсеткен: теоретикалық тип - тұлғаның барлық талпыныстары өмірді объективті тануға бағытталған, эстетикалық тип: тұлғаға объективті тану жат нәрсе, бірлі-жарым жағдайда ғана зерттеп тануға тырысады, экономикалық тип: аз күш жұмсай отырып, үлкен нәтижелерге жету талпынысы тән: әлеуметтік тип- өмір мәнін махаббат, қарым-қатынас және басқалар үшін өмір сүру құрайды: саяси тип- бұл типтегі тұлғалар билікке, үстемдікке ұмтылады: діни тип – мұндай тұлғалар жеке құбылыстарды өмір мәнімен байланыстырып отырады. Типтерді анықтай отырып, В.Штерн адам өмірінде бір бағыт болары дегенге келіспейді, оның ойынша, құндылықтар бағыты барлық адамдарда болады, тек қайсысы басым болса, сол өмір сарынын анықтайды [3. 294-295 б.].
Жүз жылдықтың екінші жартысында зерттеушілер жасөспірім дамуындағы қоршаған ортаның рөлін жетік түсіне бастады. Жасөспірім жас адам өміріндегі ең маңызды және қиын кезең деп санаған Э.Эриксон аталмыш
жастағы тұлғаға тән психологиялық шиеленушіліктің себебі тек қана физиологиялық жетілуге ғана емес, адам өмір сүріп жатқан қоғамның идеологиясына, рухани атмосферасына да байланысты, - деп түсіндірді [3. 296 б.].
Ж.Пиаженің атақты, ғылыми концепциясы бойынша, 11-12 және 14-15 жас аралықтарында балада ең соңғы фундаменталды децентрация жүреді, яғни енді ол қоршаған ортаны қалай өзгертсем деген оймен қабылдай бастайды. Ж.Пиаже бойынша осы жаста тұлға қалыптасады, өмірлік бағдарлама құрылады. Өмір бағдарламасын құру үшін ресми ойлау қажет етіледі. Өз өмірінің жоспарын құру кезінде жасөспірім өзіне адамзат қорғаудағы рөлдердің бірін беріп қояды және осыған сәйкес өмір бағдарламасы құрыла береді. Осындай жоспарлармен жасөспірім үлкендердің өміріне енеді. Қоғам тарапындағы кедергілермен жолығып және солардан тәуелді бола отырып, әлеуметтену процесі жүреді. Тек кәсіби жұмыс қана бейімделу дағдарысын жеңуге өз ықпалын тигізеді және біржолата ересектік күйге өтуге жол көрсетеді [3. 297 б.].
Жасөспірімдердің проблемасын
көптеген авторлар зерттеген болатын.
Сол авторлардың ішінен бұл мәселе
жайында Л.С.Выготский көп
Тұлға – дербес іс-әрекет атқаратын жеке даралық. Психология ғылымында, тұлға категориясы іргелі ұғымдар қатарына жатады. Бүгінгі таңда тұлғаны зерттеу - ең өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені
қоғамымыздың қарқынды әлеуметтік дамуы белсенді, жасампаз тұлғаны қалыптастыруға жоғарғы талап қояды. Ал қоғамның қазіргі жағдайында, елдің саяси, мәдени, әлеуметтік-экономикалық жақтарын жаңарту кезінде - жас ұрпақтың болашақта ізгі ниетті азамат болып дамуына олардың тұлғасының дұрыс қалыптасу үрдісі үлкен ықпалын тигізетіні сөзсіз. Сондықтан да тұлғаның теориялық зерттеулеріне, жалпы ұғымына сарапталған талдауларға зер салайық.
Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлык пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды.
Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды. Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше қарастырады.
Сонымен тұлға - бұл біріншіден, әлеуметтік қатынас пен саналы әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Екіншіден, бұл индивидтің жүйелі қасиеті, оның қоғамдық қатынасқа енуімен анықталып және де біріккен әрекет пен қарым-қатынаста қалыптасып отырады.
Психологтар арасында тұлғаға байланысты бірыңғай көзқарастардың болмағандағынан 300 астам анықтамалар жүзеге асуда. Тұлғаның анықтамасы сияқты оның құрылымдарында да біртұтас көзқарастар жоқ. Л.С. Выготский алғаш рет психикалық қызметтерді жоғары - мәдени және төменгі - табиғи деп бөлінуін ұсынды. Л.С. Выготский құрылымының негізінде, тұлғаның - өзегі - оның бағыттылығы деп атады. Бұл көзқарас зерттеушілердің көпшілігіне негіз болып қаланды (С.Л. Рубинштейн. 1957, Л.И. Божович, 1968, А.Н. Леонтьев, 1971, М. 3. Неймарк, 1972 және т.б.)-Алайда, көптеген авторлар тұлға бағыттылығының мазмұнын (мотивтер мен қажеттіліктер, ұмтылу мен талаптану. бағдар және т.б.) түрліше карастырады.
Л.С.Выготский пікірі бойынша, адамның тұлғасы өзінің енген қарым-қатынастарының кешенді әсерінің нәтижесінде дамиды. Ал, П.Я. Гальпериннің айтуынша, «Тұлға, деп өзінің іс-әрекеті үшін қоғам алдында жауап бере алатын адам». [2. 242 б].
Тұлға - бұл қоғамдық-тарихи дамудың өнімі. Адамның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орны, оның орындайтын іс-әрекеті -бұл оның тұлғасының қалыптасуын анықтайтын жағдайлар. Тұлғаның қалыптасуы адамның мінездемесі үшін маңызды орын алады, яғни оның мінез-кұлық пен іс-әрекетінің жоғары саналы формаларын қамтамасыз етіп, оның ақиқатқа байланысты барлық қарым-қатынастарының бірлігін құрайды. Нәтижесінде адамның кез келген реакциялары және ішкі аффективті өмірінің құрылымы оның әлеуметтік тәжірибе барысында жинақталған тұлғаның
ерекшеліктерімен анықталады. Тұлғаның қалыптасуы биологиялық және әлеуметтік факторларға байланысты екені мәлім. Сонымен қатар тұлғаның дамуында негізгі болып - нақтылы тарихи орта саналады. Оқушылардың тұлғасының дамуы - механизмді құрастыратын көптеген ішкі және сыртқы факторларға тәуелді болып келеді.
Б.Г. Ананьев,
А.Н. Леонтьев өз еңбектерінде
объективті өмірді бейнелеу
Сонымен қатар, Б.Г.Ананьев тұлға құрылымының жан-жақты зерттелуін өз еңбектерінде сипаттаған. Ол тұлғаның үрдістерін, күйлерін, қасиеттерін психофизиологиялық функциялармен және тұлғаның бағдары мен қажеттіліктері кіретін мінез-құлықтың жалпы мотивациясымен толықтырады. Автор, адамды биологиялық түрінің көзқарасы бойынша, адамның онтегенезін индивид ретінде, адамның дамуының тұлға ретінде қарастырады.
А.Н.Леонтьевтің пікірі бойынша, тұлға - бұл адам өмірінің қоғамда туылуының ерекше түрінің психологиялық тұрғыда құрылуы. Әр түрлі іс-әрекеттің бірлесе бағынуы - онтогенезде тұлғаның қалыптасу негізін құрайды. Тұлғаның жүйелі қасиет ретінде пайда болуы - индивид басқа индивидтермен біріккен іс-әрекетінде, ақиқатты өзгертіп соның арқасында өзінде өзгертіп, тұлға дәрежесіне жетеді. [4. 22 б].
Сонымен қатар, тұлға - белсенділігімен сипатталынады, яғни субъект өз шектеуінен тыс шығу ынталығымен, өз іс-әрекеттерінің саласын кеңейтуімен талап қойылған жағдайлардың шегінен тыс әрекет жасаумен (мотивация, жетістік, қауіп-қатерге тәуекел ету) сипатталады. Индивидтің тұлғасы бағыттылықпен бейнеленеді, яғни үстем болып табылатын адамның қажетті көрініс беретін мотивтер, қызығушылықтар, сенімдер, көзқарас және т.б. жүйелермен бейнеленеді.
Н.Мясищев тұлғаның құрамына адамның психикалық үрдістерімен, қасиеттерімен, күйлерімен қатар қатынастарды да енгізді. В.Н. Мясищевтің пікірі бойынша, тұлға — тек адамға тән толық психикалық құрылымның жоғары шартталған қоғамдық-тарихи ретінде және оның психикалық іс-әрекеті мен мінез-құлықтарын саналы тұрғыда реттеуші ретінде анықталады. Л.И.Божович бойынша балалар тұғасының психологиялық зерттеу міндетінде оның қалыптасуы мен заңдылықтарын бақылау және қолайлы немесе бөгет жасайтын жағдайларды анықтауы көзделеді. Л.И.Божович және оның әріптестері түрлі жас шамасындағы балалардың тұлғасын қалыптастырудың қозғаушы күштерін қарастырады. Бірінші кезеңде оқушының оқу іс-әрекетімен тығыз байланысты мотивтері зерттелді. Олар зерттеу барысында тікелей оқу іс-әрекетінен шығатын әлеуметтік мотивтердің және мотивтердің әр түрлі жас шамасындағы ара қатынастарының ерекшеліктерін анықтады.
Л.И.Божович
теориялық талдаудың негізінде,
Ал, Қазақстанда
тұлға мәселесі Ж.И.
Ж. И. Намазбаева тұлға мәселесін зерттеуінде әр түрлі іс-әрекет (ойын, еңбек, спорт, оқу) барысындағы жас ерекшелік шамасының тұлғалық компоненттерінің механизмдері мен функцияларын белгілеуге түйінделетін кешенді көзқарастарды жетілдірді. Мұндай көзқарастардың жүзеге асуы - толығымен тұлғаны қарастыруға мүмкіндік береді. Адам психикасының аффект және интеллектінің өзара байланысы туралы Л.С.Выготскийдің ой, пікірі негізгі теориялық-әдіснамалықтың бағыты болып табылады.
Баланың алғашқы мектепке бару кезеңінде олардың әлеуметтік жағдайының дамуында үлкен өзгерістер болады. Бала оқушы бола бастаған соң, ол жаңа міндеттер, кұқықтар ала бастап, алғаш рет қоғамдық мәнді іс-әрекеттермен айналысады, яғни іс-әрекетті орындау деңгейінен олардың қоршаған орта арасындағы орны мен өзара қатынастары байланысты болады. Бұл жаңа әлеуметтік жағдай - мектеп жасындағы балалардың тұлғалық ерекшеліктерінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Жоғарғы мектеп оқушысының тұлғасының қалыптасуы, өзіндік бағалаумен тығыз байланысты. Өзіндік бағалау қандай да бір жеке даралық қасиеттердің көріну деңгейіне қатысты баға – деп түсіндіріледі. Бұл өзіндік сананың бір эталоны ретінде көрінеді. Жеке даралықтың әртүрлі жақтарының даму үлгілерінде: тұлғаға тән және өзіндік бағалауды бағдарлауда қызмет атқаратын әлеуметтік топтық эталондар жатады .
Өзіндік бағалау кейде мағынасы бойынша өзіндік сананың эмоциялық жағымен байланысады немесе өзіндік санамен өзіне эмоциялық құнды қатынас құруды өз ара әрекеттесудің нәтижесі деп есептелінеді.
Көптеген психологиялық еңбектердегі өзіндік бағалау ұғымына талдау жасай отырып, бірқатар ерекшеліктерді көрсетуге болады. Бірқатар еңбектерде өзіндік бағалаудың адекватты мәселеі баса айтылып, бұл ұғым «өзі туралы ойы» ұғымымен пара-пар келеді. Енді бірқатар еңбектерде өзіндік бағалау балаға өзіне жалпы қатынас түрінде көрсетіледі. Авторлардың мұндай бірыңғай емес ұстанымдарды өзіндік бағалау шындығында да тұлғаның әрі өзі туралы ойы, әрі өзіне қатынасы болғандықтан шындық жағдайда

- Жоғарғы сынып оқушыларының өзін-өзі бағалау әрекетінің кәсіп таңдауға әсерінің теориялық мәселелері
- Жоғары оқу орындарындағы қазақ тілі мен әдебиеті мәселелері: көркем мәтін, тіл мәдениеті, стилистика
- Жоғары оқу орынындағы физикалық экспериментті модельдеу мысалдары
- Жоғары сыныпта жаңа педагогикалық технологияларды Пайдалана отырып оқыту ерекшеліктері
- Жолдағы басқару жабдықтарына микропроцессорларды қолдану
- Жол картасы» әлеуметтік – экономикалық бағдарламасының негізгі мәселелері
- «Жоңғар Алатауы» табиғат саяжайының табиғи ортасы компоненттерінің ауыр металдармен ластануын зерттеу
- Жизнь и творчество Микеланджело Буанаротти
- Жилищное право
- Жилищно-коммунальное хозяйство
- Жилищные и жилищно-строительные корпоративы
- Жилищные помещения
- Жилое помещение как объект гражданских прав
- Жобаның негізі бойынша – Шолақ–Қорған БМАС қарастырылды